ИЮПАК номенклатурасы бойынша көмірсутектердің галогентуындыларын атау үшін бастапқы көмірсутектің атының алдына галогеннің аты қосылып айтылады. Галогеннің орнын нөмір арқылы көрсетеді.Тізбекті орынбасарлар ең аз нөмірге ие болатындай етіп нөмірлейді. Егер негізгі тізбек қанықпаған болса,еселік байланыстарға басымдық беріледі:
Қарапайым галогентуындылар үшін тривиалды атаулары және радикалдардың төмендегідей атаулары рұқсат етіледі (12-кесте).
2. Алу жолдары
1) Алкандарды галогендер мен жарықтың әсерімен радикалдық орын басу реакциялары арқылы:
Орын басу ары қарай жалғасып,полигалогентуындылар түзілуі мүмкін. Галогендердің бұл реакцияға қабілеттілігі F>Cl>I қатарында төмендейді.Фтор өте шабыт әрекеттеседі-жарылыс болып,заттар көмірленіп кетеді.Сондықтан,бұл реакция қолданылмайды.Йодтуындыларды бұл әдіспен алу мүмкін емес. Себебі,түзілген HI өте күшті тотықтырсыздандырғыш болғандықтан,түзілген йодтуындыны қайтадан алканға дейін тотықсыздандырып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |