Нуклеофильді орын басу реакцияларын қарастырайық:
1)Гидролиздену реакциясы.Сілтілердің судағы ерітіндісімен,күміс гидроксидімен,тіпті сумен (сілті қатысында)әсер еткенде галогентуындылар гидролизденіп,спирт түзеді:
Екінші реакция қайтымды. Спирттердің шығымын арттыру үшін реакцияға судың көп мөлшерін алу керек және түзілген көмірсутекті байланыстарын сілті қатысында жүргізу керек.
Орын басу реакциясының жылдамдығы радикалдың құрылысына,галогеннің,нуклеофильдің еріткіштің табиғатына тәуелді.
Радикалдың құрылысының әсерін бағалау үшін бірнеше галогентуындының OH- қатысында гидролизденуінің салыстырмалы жылдамдықтарын салыстырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |