Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Галогентуындылардың химиялық қасиеттері мен алу жолдары.
Орындаған: 109К-ТФП
Тексерген: Кипчакбаева.А
Жоспар
.Жалпы Анықтама Арай
Классификациясы Аружан
.Изомерия және Номенклатурасы Самал Ерасыл
.Алу жолдары Анель
.Физикалық қасиеттері жиен
Химиялық қасиеттері Карақат Альбина
Қолданылуы және өкілдері Жайна назгул Бакыт
Галогентуындылардың химиялық қасиеттері мен алу жолдары
Көмірсутектердің галогентуындылары
Көмірсутектердің галогентуындылары — көмірсутек молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын галоген атомдарына алмастырғанда түзілетін қосылыстар екендігімен таныссыңдар. Химиялық белсенді болғандықтан, галогеналкандар органикалық синтезде кең қолданылады. Галогенді қосылыс құрамындағы көміртек пен сутек арасындағы С — Н байланыс энергиясы көміртек пен галоген С — Гал (фтордан басқа) байланысының энергиясынан едәуір жоғары.
Органикалық қосылыстардың көмірсутектер класын қарастырып болған соң енді біз оларың функционалдық туындыларын қарастырамыз.
Белгілі бір класс қосылыстарына тән,олардың қасиеттеріне жауапты атом немесе атомдар тобын функционалдық топ деп атайды.Олардың өкілдері:
Құрамында функционалдық тобы немесе топтары бар қосылыстар функционалдық қосылыстар болып табылады. Солардың бірі-көмірсутектердің галогентуындылары.
1.Көмірсутек молекуласындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдарының орнын галоген атомдары басқан қосылыстарды көмірсутектердің галоген туындылары деп атайды. Олар көмірсутегінің құрамына қарай қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің галоген туындылары болып екіге бөлінеді. Бұл қосылыстар молекуладағы галоген атомының санына қарай моно- (құрамында бір галоген атомы), ди-(екі галоген атомы), поли-(үш және одан да көп) галоген туындылары деп бөлінеді.
Көмірсутектердің галогентуындыларының изомерлері мен атаулары
Халықаралық атаулар жүйесі бойынша галогеналкандарды атау үшін көмірсутек тізбегі галоген жақын орналасқан жағынан бастап нөмірленеді. Галоген байланысып тұрған көміртектің нөмірі, галоген және көмірсутек аталады. Рационалды атау бойынша галогеналкилдердің аты көмірсутек радикалы мен галогеннен тұрады.
Галоген туындыларын көбінесе тарихи қалыптасқан атаулармен атайды. Мысалы: СНСl3- хлороформ, СНІ3- йодоформ. Халықаралық номенклатура бойынша, галоген туындыларын атау үшін, көміртегі тізбегінің ең ұзын тізбегін алып, галогенге жақын жағынан бастап нөмірлейді. Алдымен радикалдың орны мен атын, содан кейін галоген атомының тізбектегі орны мен атын, соңынан ұзын тізбекті атайды. Мысалы:
2- хлорбутан
Галоген туындыларының изомериясы көміртегі тізбегінің құрылысына және галоген атомдарының орнына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |