Сабақтың тақырыбы: Органикалық қосылыстардағы көміртек атомы Сілтеме



жүктеу 115,13 Kb.
Дата05.03.2018
өлшемі115,13 Kb.
#11389
түріСабақ

Мұғалімнің аты-жөні



--------- орта  мектебі

Сыныбы

11

2сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Органикалық қосылыстардағы көміртек атомы

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.

Жалпымақсаты

Көміртек атомының электрондық құрылысын, химиялық байланыс түзуін еске түсіре отырып, органикалық заттарға ковалентті байланыстың тән болатының білетін болады. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың электрондық табиғаты бір екенін түсінеді. Изомерленуді, көміртек атомының негізгі және қозған күйі, гибридтену, гибридтенген орбитальдар, молекуланың кеңістік пішіні жайлы білімі терендетіледі.

Күтілетіннәтиже

Көміртек атомының электрондық құрылысын, негізгі және қозған күйлерін, химиялық байланыс түзуін біледі.Оқушылар тақырыпты игере отырып, сыныпта топпен және жұппен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады

Негізгіидеялар

ІҮ А тобында орналасқан көміртек атомы тізбек те, тор да және кеңістік қаңқалы құрылымдар да түзе алады.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивтітақта, интерактивтіктақтаарқылыPowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, кестелер, презентециялар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, «интервью» әдісі, «Галлереяға саяхат» әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.Көміртек және сутек тобы.

ІІ Топтарға сұрақ қою: «Интервью» әдісі

1)Өте ертедегі адамдар қандай органикалық заттарды пайдаланды?

2) «Органикалық заттар» және «органикалық химия» атаулары қашан пайда болды?

3) Виталистер органикалық заттардың алынуын қалай түсіндірді?

4) Виталистік көзқарастың қателігін қандай ғалымдар эксперименттік жолмен дәлелдеді?

5) Оттынның жануы ( СН4-ті мысалға ала отырып) және фотосинтез реакцияларының мысалдарында органикалық және бейорганикалық заттардың бірлігі мен бір-біріне айналуларын көрсететін реакция теңдеулерін жазындар.

ІІІ кезең Негізгі кезең Жаңа сабақ. «Органикалық қосылыстардағы көміртек атомы»

Оқулықпен жұмыс: «Галлереяға саяхат» әдісі

«Көміртек» тобына : Көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері (10 мин)

«Сутегі» тобына : Гибридтену және гибридтенген орбитальдар жайлы түсінік (10 мин)

ІҮ кезеңҚорытынды. Жеке жұмыс



  1. ІҮ А топтағы элементтер: С, Si, Ge, Sn, Pb атомдарының құрылыстары қандай? Электрондық формулаларын жазып, электрондардың орбитальдарда қалай бөлініп орналасатындарын көрсетіңдер.

  2. Пропен мен пропин молекулаларындағы әр көмңртек атомының гибридтену түрлері қандай болатының айтып түсіндіріңдер.

Үйге тапсырма: §2.4 , 43 бет

БағалауТоптық бағалау Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар 2 топқа бөлінеді :

Көміртек тобы және сутек тобы.

Оқушылар өтілген тақырып бойынша қосымша сұрақтар қояды . Әрбір сұрақтың дұрыс жауабына бір ұпайдан беріледі.

Оқушылар оқулықпен танысып, топта талдайды, сосын бір оқушы шығып топтың жұмысын қорғайды.

Оқушылар жеке дәптерде орындайды .






Мұғалімнің аты-жөні




--------- орта  мектебі

Сыныбы

8

3 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды бөлу әдістері


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.

Жалпы мақсаты

Зат туралы ұғымды қалыптастыру арқылы оның дене ұғымынан айырмашылығы туралы түсінік алады. Заттарды бөлу әдістерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Заттардың физикалық қасиеттері туралы, таза заттар және қоспалардың анықтамасын біледі. Біртекті және әртекті қоспаларды бөлудің әдістерін түсінеді.

Біртекті және әртекті қоспалардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.



Негізгі идеялар

Таза заттар бір ғана заттың бөлшектерінен ал қоспалар екі не оданда көп заттардан тұрады. Суда ерімейтін әртекті қоспалар тұндыру арқылы бөлінеді, ал суда еритін заттардан тұратын біртекті қоспалар қайта кристалдану немесе айдау арқылы бөлінеді.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, 8 сынып электронды оқулық.



Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

«Химиялық диктант» , жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары



Мұғалімнің іс-әрекеті

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.

Кіріспе бөлім

а)Оқушылардан «химиялық диктантты» орындауға нұсқау беріледі.

1.Физика пәні денелерді қарастырса, химия сол денелерді құрайтын заттарды .... (зерттейді)

2.Заттар дегеніміз- .... құраушылар (денелерді)

3.Таныс емес заттың .... білмей тұрып .... татып көруге, ... иіскеуге, .... ұстауға болмайды. (қасиетін, дәмін, иісін, қолмен)

4...... заттарды, олардың қасиеттерін, бір заттан екінші затқа айналуын және айналу кезінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

(химия пәні)

5.Химия ғылым ретінде ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. (ХІХ-ХХ)

ә)Құмшекер, шақпақ қант, құм мен ағаш үгінділерін көрсетіп, оқушыларға ой тастау.
Негізгі бөлім

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады.

ә)Тақырып бойынша берілген термин сөздермен жұмыс жасалады.

б)Оқушылар жеке дара мәтінмен танысып шығу тапсырылады.

в)Әр топқа мәтін бөлініп беріледі. (Көрсетілім№1 (1.1))

І-топ: Заттар және олардың қасиеттері

ІІ-топ:Таза заттар және қоспалар

ІІІ-топ: Заттарды бөлу әдістері

г)Эксперименттік бөлім

Топтарға Қоспаларды бөлу әдістеріне тәжірибе көрсету.



Қорытынды бөлім

Өтілген тақырып бойынша оқушылар жұптық жұмыс жасайды. 1.Мыналардың:ауа,оттек,теңіз суы,өзен құмы,мыс қайсысы таза зат,қайсысы заттың қоспа екенін көрсетіңдер .

2.Қоспалар мен химиялық заттар арасында берілген бір артық сөзді көрсет.

а)ауа,түтін,оттек,тұман

ә)Мұнай,спирт,су,ацетон

б)Өзен құмы,қант,темір кені, цемент

3.Сүзу тәсілімен ас тұзын ерітіндіден бөліп алуға бола ма?

4.Қайта кристалдану тәсілі деп неге аталғанын мысалмен түсіндір.

5.Айдау тәсілі неге негізделген?

Сабақ рефлексиясын жасайды.

Сабақтан кейінгі көңіл күйім.

Кейінгі тапсырма: Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру (5 тест)

Үйге тапсырма беру: Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды бөлу әдістері


Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.

Оқушылар берілген тапсырманы жеке орындап шығады. Орындалған жұмысты дайын жауап арқылы тексеріп, өзін-өзі бағалайды. Толық орындаған оқушы жұмысын шапалақ ұру арқылы мадақтау.

ә)Оқушылар көрсетілген заттарға қарап өз ойларын айтады. Таза зат және қоспа ұғымары қалыптасады.

Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады.

Топ атынан баяндамашы қорғайды, топ жұмысын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Көрсетілген тәжірибе бойынша оқушылар өз ойларын білдіреді.


Оқушылар жұптық жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгеніне анализ жасайды.

Жұптық жұмысты бір-біріне ауыстыра отырып бағалайды.

ОМЖ


Р/саны

Мерзімі

Сағат саны

Оқып-үйренудің негізгі тақырыптары мен мақсаттары

Күтілетін нәтиже


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Үйрену барысын бағалау

Негізгі дерек көздер, құрал-

жабдықтар

1

2

3

4

5

6

7

8




4

8 сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау.

Мақсаты:Химияның негізгі заңдары мен олардың қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау.



А)Химия кабинетінде жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік техникасы ережелерін біледі. В) 8 сыныптағы негіізгі заңдарды ажыратады.

С)Негізгі заңдарды әртүрлі есептеулер де қолданады.



Сұрақ жауап;

Cыни ойлау: ассоциация, кластер толтыру, семантикалық кесте, «Венн» диаграммасы.

АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып визуалды оқыту; Жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту; мәртебелі сұрақтар;

Топтық, жұптық, жеке жұмыс.





Маршруттық карта; деңгейлік тапсырмалар, Мәртебесі жоғары және төмен сұрақтары бар тест жұмысы. Постер дайындау, сергіту сәті, трениингтер


Формативті бағалау: «екі жұлдыз, бір ұсыныс», өзін-өзі бағалау парағы бойынша, өзара және топта критерий бойынша бағалау;сұрақ-жауап арқылы бағалау

Н.Нурахметов, К.Джексембина Алматы «Мектеп»2013;

УсмановаМ.Б Сакариянова К.Н, Химия. 9 сынып. Алматы: «Атамұра», 2013 ж

Электрондық оқулық «Киррилл және Меффодий» Әдістемелік әдебиеттер Нұғыманов Н.Н Презентация, интернет желісі «You tube» сайты,

флипчарт,

жұмыс дәптері. Интернет ақпараттары


4.09

1

Химияның бастапқы түсініктері мен заңдары ТҚ бойынша нұсқаулықтар.

Мақсаты: Химияның бастапқы заңдары мен түсініктерін еске түсіру.


А)Химияның негізгі алты заңын біледі.. В)Негізгі заңдарды бір бірі нен ажырата алады. С) Осы заңдарды қолданып реакция таңдеулерін және сан есептерін шығара алады.

Сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары; АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып визуалды (сурет) оқыту, (сұрақ-жауап ассоциация:диалогтік оқыту; жеке және топтық жұмыс, слайд көрсетілімі;

глоссарий жасайды және дәптерге жазады; топшамамен жұмыс, Топтық, жұптық, жеке жұмыс.



Жұптық жұмыс, графикалық тест;жоғары дәрежелі сұрақ-

тар, тұжырым дамалық карта , дарынды және талантты оқушы

ларға жоғары деңгейлік есеп

тер,Постер дайындау, қорғау.





Формативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау парағы арқылы және рефлексия жазу арқылы бағалау, топта бірін-бірі

Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалауы Бір бірінің кластерлерін бағалау. Ынталандыру, қолдау көрсету, мадақтау.




Н.Нурахметов, К.Джексембина Алматы «Мектеп»2013;

УсмановаМ.Б Сакариянова К.Н, Химия. 9 сынып. Алматы: «Атамұра», 2013 ж


«Кирилл және Меффодий»

электрондық оқулық, Презентация, интернет желісі «You tube» сайты, флипчарт, әдістемелік әдебиеттер

Н.Н.Нұғманов жұмыс дәптері,


2

8.09


2

Д.И. Менделеев жаса-

ған химиялық элемент-

тер дің периодтық

жүйесін және период

тық заңын атом құры-

лысы тұрғысынан қайталау. Байланыс түрлері.



Мақсаты:.Элементтердің периодтық заңын және периодтық жүйені атом құрылысы тұрғы -сынан жүйелеу. Химиялық байланыс түрлерін еске түсіру.


А)Периодтық заңның мәнін біледі.

В)Химиялық элеме -нттердің қасиетін периодтық жүйе бойынша анықтап, сәйкес реакция теңдеуле рін жазады. С)Заттардағы химиялық байланыс түрін анықтап, қасиетін болжай алады.



Cыни ойлау стратегия

лары: АКТ мүмкіндікте-

рін пайдаланып визуал

ды оқыту; лаборатория-

лық ыдыстар көрсетілімі,

ғаламтор көздері.

Жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту; глоссарий жасау;

Топтық, жұптық, жеке жұмыс.



Жұптық жұмыс негізінде топтық ассоциация жасау;

Постер дайындау;

Дарынды, талантты оқушыларға деңгейлік тапсырмалар


Өзін-өзі, өзара бағалау, критериалды тапсырма арқылы бағалау,

«Екі жұлдыз бір ұсыны» арқылы бағалау; ынталандыру, қолдау көрсету, мадақтау;




Н.Нурахметов, К.Джексембина Алматы «Мектеп»2013;

УсмановаМ.Б Сакариянова К.Н, Химия. 9 сынып. Алматы: «Атамұра», 2013 ж


«Мектеп»баспасы 2008. «Кирилл және Меффодий» электрондық оқулық, Презентация, интернет, флипчарт, Н.Н.Нұғманов әдістемелік әдебиеттер

жұмыс дәптері



жүктеу 115,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау