Распоряжение



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#21742
  1   2   3

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бойынша
ӨКІМ
Қарағанды қ. № 181 «29» тамыз 2018 ж.
2018-2019 оқу жылында оқу процесін

ұйымдастыру, аралық және қорытынды

аттестаттауды өткізу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылы 18 наурыздағы №125 499 Бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік ережелеріне», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелеріне», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылы 16 қазандағы №420 бұйрығымен бекітілген «Жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелеріне», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелеріне», Университет Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, университеттің Академиялық күнпарағына және оқу процесінің графигіне сәйкес 2018-2019 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың және аралық аттестаттауды өткізудің келесі тәртібі белгіленсін:

1. Жалпы ережелер

1.1. Оқу процесінің келесі графиктері бекітілді:

1-кесте - Толық және қысқартылған оқу мерзіміндегі күндізгі оқу түрінің студенттері

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1-4

Барлық мамандықтар

01.09.18ж.

15

14.12.18ж.

19.12.2018ж. -05.01.2019ж.

5

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары

01.09.18ж.

15

14.12.18ж.

19.12.2018ж. -05.01.2019ж.

Көктемгі семестр

1-3

Барлық мамандықтар

28.01.19ж.

15

11.05.19ж.

13.05.2019ж.-25.05.2019ж.

3

Қысқартылған оқу мерзімі

Дипломдық жобаны (жұмысты) жазу және қорғау

4

«Сәулет» және «Дизайннан» басқа барлық мамандықтар

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

Дипломдық жобаны (жұмысты) жазу және қорғау



4

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары

28.01.19ж.

15

11.05.19ж.

13.05.2019ж.-25.05.2019ж.

5

«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары

Дипломдық жобаны (жұмысты) жазу және қорғау


2-кесте. Толық және жеделдетілген білім бағдарламасы бойынша білім алатын сырттай оқу түрінің студенттері

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1-5

Барлық мамандықтар

17.09.18ж.

15

29.12.18ж.

03.01.2019ж. -26.01.2019ж.

4

Жеделдетілген оқу мерзімінің барлық мамандықтары

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

7-семестр пәндері. Дипломдық жобаны (жұмысты) жазу және қорғау



Көктемгі семестр

1-4

Барлық мамандықтар

11.02.19ж.

15

25.05.19ж.

27.05.2019ж.-19.06.2019ж.

5

Толық оқу мерзімінің барлық мамандықтары

Дипломалды практикасы.

Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау




3-кесте. Қысқартылған оқу мерзіміндегі (екінші жоғары білім) сырттай оқу түрі бойынша білім алатын студенттер:

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

17.09.18ж.

15

29.12.18ж.

03.01.2019ж. -26.01.2019ж.

3

Барлық мамандықтар

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

5-семестр пәндері. Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау



Көктемгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

11.02.19ж.

15

25.05.19ж.

27.05.2019ж.-19.06.2019ж.


4-кесте. Магистранттар және докторанттар

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

01.09.18ж.

15

14.12.18ж.

19.12.2018ж. -05.01.2019ж.

2 ғылыми-педагогикалық (1,5 жыл)

Барлық мамандықтар

3-семестр пәндері

Магистерлік диссертацияларды дайындау және қорғау

(2019 ж. қаңтар)


Көктемгі семестр

1

Барлық мамандықтар

28.01.19ж.

15

11.05.19ж.

13.05.2019ж.-25.05.2019ж.

2

ғылыми


(2 жыл)

Барлық мамандықтар

4-семестр пәндері

Магистерлік диссертацияларды дайындау және қорғау



(2019 ж. маусым)


1.2. Оқу процесін ұйымдастыруды оңтайландыру және оқу уақытын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында сабақтар кестесіне оқу апталарын алым (тақ) және бөлімге (жұп) бөлу енгізіледі, ал сабақтар 5-кестеге сәйкес пар бойынша ұйымдастырылады.

1.2.1. Кесте тек аудиториялық сабақтарға құрылады. Кафедралардың меңгерушілері 08.09.2018ж. дейін оқытушы жетекшілігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың (білім алушылардың) өздік жұмыс (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) кестелерін құрастырады және бекітеді. Білім алушылардың өздік жұмысы (СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша оқытушының тапсырмасы бойынша жеке жүргізіледі. Әрбір пән бойынша СОӨЖ және МОӨЖ жүргізу үшін білім алушылар саны 50 адамнан аспайтын топ ағындарынан құрылады.

1.3. Білім алушылардың оқытушының қатысуымен орындалатын өздік жұмысы оқытушылардың жұмыс кестесінде белгіленген болуы керек (консультациялар). СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ кестелері кафедра отырыстарында бекітіледі.

1.3.1. Білім алушының өздік жұмысына білім порталында немесе электронды кітапханада жарияланған, қатты көшірме (басылым) немесе электронды түрдегі оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша материалдармен жұмыс істеу енеді.

1.3.2. Білім алушылардың оқытушылардың жетекшілігімен өздік жұмысының (БОӨЖ) кестесі аудиториялық сабақтардан кейін жүргізіледі.

1.3.3. Сырттай оқу түрінде білім алу теориялық материалды өздігінен меңгеруді және оқытушылармен (тьюторлармен) кеңесуді талап етеді.

1.3.4. Сабақтар кестесінің және СОӨЖ кестесінің барлық өзгерістері академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен (АМД), ал МОӨЖ және ДОӨЖ кестелері ЖОО кейінгі білім беру басқармасымен келісілген және бекітілген болуы керек.
5-кесте - Күндізгі оқу түріндегі студенттер мен магистранттар үшін сабақ жүргізу уақыты

Пар нөмірі

Сабақ нөмірі

Сабақты өткізу уақыты

I пар

1 сабақ

сағ.900 – сағ.950

2 сабақ

сағ.955 – сағ.1045

үзіліс

10 минут

II пар

3 сабақ

сағ.1055 – сағ.1145

4 сабақ

сағ.1150сағ.1240

үзіліс

30 минут

III пар

5 сабақ

сағ.1310 – сағ.1400

6 сабақ

сағ.1405 – сағ.1455

үзіліс

10 минут

IV пар

7 сабақ

сағ.1505 – сағ.1555

8 сабақ

сағ.1600 – сағ.1650

үзіліс

10 минут

V пар

9 сабақ

сағ.1700 – сағ.1750

10 сабақ

сағ.1755 – сағ.1845

1.4. Сабаққа қатысуды бақылау сабақ жүргізетін оқытушыларға, кафедра меңгерушілеріне, факультет декандарына, АМД және ТО қызметкерлеріне жүктеледі. Факультет декандары бірінші проректорға апта сайын есеп береді, оқу пәндерін және сабаққа қатысуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.

1.5. ЖОО Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін Университет әкімшілігі білім алушыға тәртіптік жаза шараларын қолдануға, тіпті оқудан шығаруға құқылы.

1.6. Университеттен шығарылған білім алушыға академиялық анықтама беріледі.

1.7. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындысы бойынша барлық емтихандарды, сынақтарды тапсырған және курстық жобаларды (жұмыстарды) «А»; «А-»; «В+»; «В»; «В-» бағалармен қорғаған жағдайда стипендия тағайындалады. Барлық үздік және жақсы бағалар сессия кезеңінде немесе сессия мерзімін ұзартқан кезеңде, факультет декандарының өкімдері негізінде емтихандарды мерзімінен бұрын тапсырған кезеңде алынуы тиіс.

1.7.1. Жазғы практика бойынша есептерді қорғау нәтижелері көктемгі семестрге стипендияны тағайындау кезінде ескеріледі.

1.8. Білім алушылардың сабақтардың және орындалған тапсырмалардың барлық түрлері бойынша оқу жетістіктері жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес балдық-рейтингтік әріп жүйесі бойынша бағаланады, оны дәстүрлі бағалар шкаласына ауыстыру 6-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
6-кесте. Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша баға

Әріптік бағаның сандық баламалары

Меңгерілген білімнің пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



D+

D-


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлық-сыз


1.9. Емтиханды және дифференцияланған сынақтарды А, А- «үздік», В-, В, В+ «жақсы» бағалармен тапсырған және барлық оқу мерзімі ішінде орташа үлгерім балы 3,5 төмен емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырған және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «үздік» бағалармен қорғаған студентке үздік диплом (әскери дайындық бойынша бағаны ескерместен) беріледі.

Үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) – білім алушының таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша оқу жетістіктерінің орташа өлшенген бағасы (кредиттердің аралық және қорытынды аттестаттау бағасы балдарының цифрлық эквивалентіне көбейтіндісі сомасының оқу кезеңі ішінде кредиттердің жалпы санына қатынасы):

GPA = (1)
мұнда Иi – пән, курстық жобаны немесе жұмысты (аралық аттестаттау курстық жобаны немесе жұмысты қорғау түрінде жүргізілетін пәндер бойынша) қорғау, мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан, практика бойынша есепті қорғау, дипломдық жобаны немесе жұмысты қорғау бойынша қорытынды баға;

Кi – оқылған пәндердің, практикалардың және кридеттермен алынған қорытынды аттестаттау көлемдері;

n - оқылған пәндердің, практикалардың және оқу кезеңі ішінде қорытынды аттестаттау түрлерінің саны.

Дене шынықтыру бойынша дифференцияланған сынақ, әскери дайындық бойынша баға GPA есебінен енбейді.



1.10. Оқу мерзімінде қайта тапсырған сабақтары немесе қайта тапсырған емтихандары болған студент, осы Жарлықтың 1.9-тарауының талаптарына сәйкестігіне қарамастан үздік диплом алмайды.

1.11. Мамандарды даярлау траекториясы (бағыты) топтағы студенттердің саны осы траекторияда кемінде 15 адам болған кезде 2- курстан кейін қалыптасады.

1.12. Оқу процесінің графигін (сабақ, емтихан кестелерін, практика өту мерзімін) студенттердің (магистранттардың) ауырып қалған жағдайы мен құжат түрінде расталған басқа төтенше жағдайлардан басқа қандай да бір себептермен бұзуға тыйым салынады.

1.13. 3 және 4-курс студенттері оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындау үшін базалық және профильдік компонент пәндері (2 пән бойынша) бойынша кеңес беруге қатысуға және осы пәндер бойынша материалды меңгеру мониторингі үшін тестілеуге қатысуға міндетті.

1.14. Ақылы негізде оқитын студенттер (магистранттар) кезекті семестр басталғанға дейін оқу ақысын төлеуге міндетті, ал керісінше жағдайда шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін оқудан шығарылады.

2. Сабақ үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу

2.1. Білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау – оқытушының аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда академиялық кезең ішінде сабақ кестесіне және (немесе) графикке сәйкес жүргізетін оқу пәні бағдарламасына сәйкес білім алушының жеке тақырыптар, тараулар, модульдер бойынша білімін, шеберлігін және машықтарын жүйелі тексеру.

2.2. Пәнді зерделеу кезінде білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлері қарастырылуы мүмкін:

  • ауызша сұрақ – бір немесе бірнеше тақырыптар (тараулар) бойынша материалдарды оқып болғаннан кейін сұрақтарға жауап алу және жағдайларды талқылау түрінде жүргізіледі;

  • жазбаша бақылау - қойылған сұрақтармен, есептерді шығарумен, жағдайларды талдаумен, курстың жеке тақырыптары (тараулары) бойынша практикалық тапсырмаларды орындаумен жұмыс істеуді болжайды;

  • аралас сұрақ – бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша білімді бағалаудың ауызша және жазбаша түрлерін бір уақытта пайдалануды қарастырады.

  • үй тапсырмаларын қорғау және көрсету - жеке немесе топтық үй тапсырмаларын, олардың дұрыс орындалғандығын, өткен материалдарды қорытындылау және көпшілікке жеткізе білуді, курстық тақырыптар арасындағы логикалық байланысты қадағалай білуді тексеру мақсатында білімін бақылау;

  • пікірталас, тренингтер, дөңгелек үстелдер - проблемалық сипаттағы мәселелерді топ болып талқылау;

  • тестілер – білім алушылардың оқу жетістіктерін дұрыс және сапалы бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір тапсырмалар түрінің жиынтығы (ашық, жабық, аралас);

  • ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып семестрде кемінде екі рет өтілген материалдар бойынша білімді тексеру;

- курстық жұмысты жобалау және орындау практикалық міндеттерді шешу арқылы теориялық материалды сапалы меңгеру мақсатында мамандықтың типтік және/немесе оқу-жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылады, академиялық кезең барысында орындалады.

2.3. Курстық, есептеу-графикалық жұмыстар және оқу жоспарында көрсетілген басқа жұмыс түрлері кафедра отырыстарында бекітілген графикке сәйкес емтихан сессиясы басталғанға дейін міндетті түрде алдын ала антиплагиатқа тексеру бағдарламасымен, комиссияда қорғалуы тиіс. Курстық жұмысты немесе жобаны қорғау бойынша бағалау бақылаудың берілген түрі бойынша қорытынды болып табылады. Курстық жобаны, жұмысты әзірлеу барысын тексеру нәтижелерін межелік бақылау бағаларын қойған кезде оқытушы ескерген болуы керек.

2.4. Сабақ үлгерімін ағымдық бақылау барысында білім алушылардың оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін силлабусқа сәйкес (ағымдағы сабақтарда жауап беру, үй тапсырмасын тапсыру, өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), аралық бақылау) балдармен бағаланады және соңғы нәтижесі академиялық кезең бойы алынған барлық балдарының сомасын есептеу арқылы жүргізіледі.

2.5. Осыған ұқсас тәсіл білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезіндегі оқу жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.

2.6. Сырттай оқу бөлімі студенттерінің ағымдағы сабақ үлгерімін бақылау академиялық күнтізбеге сәйкес өткізілетін оқу-емтихан сессиясы басталғанға дейін және сессия барысында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, сырттай оқу бөлімінің студенті оқу-емтихан сессиясы басталғанға дейін бақылау және есептеу-графикалық жұмыстардың, курстық жұмыстардың (жобалардың), сонымен қатар үй тапсырмаларының жеке түрлерін, СӨЖ, межелік бақылауды пәннің оқыту бағдарламасына сәйкес тапсырады.



2.7. Егер оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша бақылау түрімен тек курстық жоба (жұмыс) ғана анықталған болса, онда курстық жобаны (жұмысты) қорғаған бағасы пән бойынша толық қорытынды баға болып саналады.

2.8. Қорғалмаған курстық жоба (жұмыс) тек сол пән бойынша емтиханға кіруге рұқсат етілмейтін болып табылады. Сессия аяқталғанша қорғалмаған курстық жоба (жұмыс) академиялық қарыз болып саналады және келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ақылы негізде жойылады.

2.9. Ағымдық бақылау бағалары, сонымен қатар білім алушылардың аудиториялық сабақтарға қатысуын оқытушылар Univer 2.0 бағдарламасында бекітілген пәндер мен сабақтар түрі бойынша силлабусқа сәйкес апта сайын қоюы тиіс.

3. Сабақ үлгеріміне межелік бақылауды жүргізу

3.1 Межелік бақылау (аттестация) Университеттің Ғылыми Кеңесі бекіткен Академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

3.2 Дәріс сабақтарын беретін оқытушының межелік бақылау бағасын құрастыру мерзімдері 7-кестеде келтірілген. Межелік бақылау бағасы автоматты түрде оқытушылардың білім алушыларға барлық пәндер мен сабақтардың түрлері бойынша силлабусқа сәйкес күн сайын қоятын ағымдық бақылау бағаларынан құралады. Межелік бақылау бағалары мен емтихан бағаларын қою технологияларын сақтауды бақылау тіркеу офисінің басшысына жүктеледі.
7-кесте - Күндізгі оқу түріндегі студенттер және қашықтықтан желілік технология бойынша сырттай білім алушылар үшін межелік бақылауды жүргізу және оның нәтижесін енгізу мерзімдері


Күзгі семестр

Межелік бақылау №

Аттестаттау кезеңі

Univer 2.0 АЖ межелік бақылау бағаларын енгізу мерзімі

I

01.09.18ж. – 20.10.18ж.

15.10.18ж. - 20.10.18ж.

II

22.10.18ж. – 08.12.18ж.

03.12.18ж. - 08.12.18ж.

Көктемгі семестр

Межелік бақылау №

Аттестаттау кезеңі

ҚарМТУ ААЖ деректер базасына бағаларды енгізу мерзімі

I

28.01.19ж. – 16.03.19ж.

11.03.19ж. - 16.03.19ж.

II

18.03.19ж. – 04.05.19ж.

29.04.19ж. - 04.05.19ж.


3.3. Білім алушылар келесі оқу аптасы ішінде жеке кабинеттерін пайдалана отырып, өз бағаларын тексеру керек. Факультет деканы пән оқытушылары мен кураторларды қатыстырып Факультет кеңесінде межелік бақылау нәтижелерін қарастыруды ұйымдастырады.

3.4. Оқытушы межелік бақылау бағаларын электронды журналға енгізуге, студенттердің (магистранттардың) назарына жеткізуге және апелляция мүмкіндіктері туралы хабарлауға міндетті.

3.5. Межелік бақылау бағаларының нәтижесімен келіспеген білім алушылардың апелляция жүргізу туралы шешім қабылдайтын факультет деканының немесе ЖББ жетекшісінің атына баға алғаннан кейін келесі күні берілген дәлелденген өтініші бойынша апелляцияға құқығы бар.

3.6. Апелляцияны кафедраның пәндік комиссиясы межелік бақылау бағасы қойылған соң үш күн ішінде апелляцияланатын сұрақтың мәні бойынша жүргізеді.

3.7. Білім алушының (студенттің, магистранттың, докторанттың) бірінші және екінші межелік бақылау бағалары түпкілікті болып табылады және түзетуге жатпайды.

3.8. Факультет деканы немесе ЖББ басшысы жеке жағдайларда (науқастығы, отбасы жағдайы, басқа себепті жағдарлар бойынша) жарлық негізінде білім алушыға жеке график бойынша межелік бақылау тапсырмасын тапсыруға рұқсат ете алады.

3.9. Межелік бақылау бағалары қоюға негіз болатын материалдар (жауаптар парағы, жазбаша жұмыстар, тестілеу хаттамасы және т.б.) кафедрада сессия аяқталғанға дейін сақталады.

3.10. Сырттай оқу түріндегі студенттер үшін межелік бақылау зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарды орындау, соның ішінде кафедрада міндетті түрде тіркелуге тиісті орындалған бақылау жұмыстарын қорғау нәтижелері бойынша емтихан сессиясы кезеңінде семестрде тек бір рет қана жүргізіледі.

3.11. СҚОИ студенттері үшін тиісті кафедраларда бақылау жұмысын тексеруге тапсыру уақыты сессия басталғанға дейін 10 күн ішінде болуы тиіс. Кафедра студентке бақылау жұмысын тексеруге тапсыру кезіндегі тіркеу номері мен күнін хабарлауға міндетті. Оқытушының бақылау жұмыстарын тексеру уақыты – 5 жұмыс күні.

3.12. СҚАИ студенттеріне сабақтар жүргізетін оқытушылар оқу пәндері бойынша емтиханға дейін межелік бақылау бағаларын қою керек (электрондық ведомостіде – екінші аралық бақылау).

3.13. Кафедра меңгерушілері 2018 ж. 03 қыркүйекке дейін Univer 2.0 АЖ ағымдық, межелік бақылау, аралық аттестаттау, курстық жобаны немесе жұмысты қорғағаннан кейін тобын, дайындық бағытын және пәнін нұсқаумен қатар қорытынды бағалардың нәтижелерін енгізуге жауапты оқытушылардың тізімін құрастыруы тиіс.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау