Распоряжение


Аралық аттестаттауды өткізу



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#21742
1   2   3

4. Аралық аттестаттауды өткізу

4.1. Аралық аттестаттау (сессия) – білім алушының жеке оқу жоспарына (ЖОЖ), Академиялық күнтізбеге және пәннің оқу бағдарламасына сәйкес зерделегеннен кейін пәнді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. Емтихандар білім алушылардың алған теориялық білімін, оларды меңгеру беріктігін бағалау, шығармашылық ойын дамыту, өздік жұмыс машықтарын алу, алған білімін синтездей білу және оларды практикалық міндеттерді шешу үшін қолдану мақсатын көздейді.

4.2. Емтихандар кестесін бірінші проректор бекітеді және білім алушылар мен оқытушыларға сессия басталғанға дейін бір ай бұрын хабарланады.

4.3. Білім алушылар бекітілген бағдарламалар бойынша оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандар мен сынақтарды тапсырып, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаулары қажет.

4.4. Күндізгі оқу түріндегі білім алушыларға барлық пән бойынша емтихан, ережеге сай - жазбаша түрде, сырттай оқу түрінде компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі. Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде олар басқа түрлерде жүргізілуі мүмкін.

4.5. Емтихан өткізу үшін берілген оқу пәнінің бейініне сәйкес біліктілігі бар жетекші профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан емтихан алушылар тағайындалады.

4.6. Емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғаларға оқу-әдістемелік іс жөніндегі проректордың жазбаша түрдегі рұқсатынсыз қатысуына жол берілмейді.

4.7. Факультет деканының (ЖкББ басшысы) емтихан сессиясына жіберілу жөніндегі өкімінде білім алушының аты-жөні, тегі, курсы, мамандығы мен академиялық тобы көрсетіледі.

4.8. Емтихан сессияларына жіберу екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) бірінші кезеңде факультет деканының (ЖкББ) жалпы өкімімен оқу ақысы бойынша қарыздары, қайта реквизиттеу бойынша академиялық қарыздары жоқ, академиялық демалыста болмайтын білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу жүзеге асырылады;

Ақылы негізде білім алатын студенттер мен магистранттар оқу ақысы бойынша қарызы болған кезде сессияға жіберілмейді.



2) екінші кезеңде сабақ үлгерімінің ағымдағы және аралық бақылау қорытындысы бойынша анықталатын емтиханға жіберу рейтингінің бағасы негізінде, сонымен қатар аудиториялық сабақтарды 40% аспайтындай босатқан жағдайда, пән бойынша емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Бұл рұқсат беруді Тіркеу офисі жүзеге асырады және әрбір білім алушының тегіне қарама-қарсы тиісті белгімен электронды емтихан ведомосінде көрсетіледі.

4.9. Сессия барысында емтихандар саны алтаудан аспауы тиіс. Егер оқу жоспарына сәйкес емтихандардың артық саны белгіленген жағдайда кафедра меңгерушілері бірнеше пәндер бойынша кешенді емтихандарды қарастыруы керек, бұл ретте емтихандардың жалпы саны алтаудан аспауы қажет. Емтихандар модульдік білім бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

4.10. Кафедралар емтихан өткізу үшін емтихан материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді, оларды кафедра отырысында бекітеді және сессия басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей білім алушыларға қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда береді.

4.11. Жауаптардың парақтары, жазбаша жұмыстар және басқа емтихан материалдары сессиядан кейін семестр бойы білім алушылар мен оқытушылардың оқу қызметін талдау үшін кафедрада сақталады.

4.12. Кафедра меңгерушілері тәжірибелі оқытушының жазбаша емтиханды өткізу технологиясын және жеке жауапкершіліксіз тексерілуін және емтихан жұмыстарының объективті бағалануын қамтамасыз етулері тиіс.

4.13. Оқытушы дұрыс жауап беруге көмектесетін шпаргалкаларды, техникалық және басқа құралдарды пайдаланатын білім алушыларды берілген пән бойынша емтиханнан шығарып жіберуге міндетті. Оқытушы осы білім алушыға ведомосқа қанағаттанарлық емес баға қоюы тиіс. Емтиханнан шығарып жіберу салдарынан туындаған академиялық қарызды тек келесі академиялық кезеңде ғана немесе жазғы семестрде ақылы негізде жоюға болады.

4.14. Оқытушы білім алушыны емтиханнан шығарып жіберу фактісі бойынша қызметтік хат құрастырады және оны білім алушының құқыққа қайшы әрекетін дәлелдейтін білім алушыдан алынған материалдарды емтихан ведомосіне қосып береді.

4.15. Кешенді түрде (тестілеу, жазбаша жауаптар, әңгімелесу) емтихан өткізілетін пәндер бойынша Қазақ тілі және мәдениеті, Орыс тілі және шет тілдері кафедраларының меңгерушілері емтиханды өткізу технологиясын және кафедра меңгерушісі тағайындаған кемінде 3 адамнан тұратын комиссияның тәуелсіз бағалауын қамтамасыз ету керек (комиссия төрағасы – каф. меңгерушісі).

4.16. Білім алушының емтихан жүргізіліп жатқан аудиторияға кіруі сынақ кітапшасы немесе студенттік билеті бойынша жүргізіледі. Оқытушы емтихан тапсырып жатқан студент тұлғасының сәйкестігін тексеруге міндетті.

4.17. Күндізгі және сырттай оқу түріндегі шағын көлемді топтардағы студенттер үшін деканаттар Тіркеу офисімен бірге әрбір студент үшін тиісті деканат бақылайтын жеке оқу жоспарын және оқу сабақтарын ұйымдастыру кестесін әзірлейді. ЖОЖ бойынша оқитын студент емтиханды тиісті семестр сессиясының кестесіне сәйкес тапсырады.

4.18. Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаны осы аралық аттестаттау кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

4.19. Білім алушы «қанағаттанарлық емес» бағадан жақсы баға алу немесе оны көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыру үшін келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ақылы негізде аталған пәндер бойынша оқу-жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылған сабақтардың барлық түрлеріне қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.

4.20. Пәнді қайтадан немесе қосымша оқу үшін білім алушы Univer 2.0 АЖ оқу пәніне жазылу рәсімінен өтеді, осыдан кейін деканаттан рұқсат алуы, шарт жасасуы, оқу ақысын төлуі және өтінішті Тіркеу офисіне тіркеуі керек.

4.21. Орынды себептерсіз емтиханға қатыспаған жағдай «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріледі, ол емтиханды қайта тапсыру осы Өкімнің 4.19-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.



4.22. Курстық жобаны қорғауға және пән бойынша емтиханға межелік бақылау бойынша орташа бағасы «D-» және одан жоғары (меңгерген білімінің 50 және одан артық пайызы) алғанда, сондай-ақ жұмыс жоспарында қарастырылған курстық жобаны немесе жұмысты табысты қорғаған білім алушылар жіберіледі. Орташа баға цифрлық және әріптік бағалар жүйесінде қойылған межелік бақылаудың екі бағасының білім деңгейінің максимум пайыздық құрамы бойынша есептеледі.

4.23. Сырттай оқу түріндегі студенттерде, егер алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы болса, олар сессияға жіберілмеді.

Сырттай оқу түріндегі студенттермен академиялық қарыздарын өтеу бойынша қосымша сабақтар жүргізетін оқытушылар қосымша оқыту курсын аяқтаған соң емтихан ведомомсін Тіркеу офисіне (бас корпус, 316-ауд.) және СҚОИ қосымша пәндер бойынша емтихан тапсырғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей тапсыруы керек.



4.24. Факультет деканы (ЖкББ басшысы) жеке жағдайларда (сырқаттануы, отбасылық жағдайы, басқа объективті себептер бойынша) өкім негізінде студенттерге емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат етуі мүмкін (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе мерзімін ұзарту). Ол үшін:

- білім алушы факультет деканының (ЖКБ жетекшісі) атына емтихан сессиясын мерзімінен бұрын тапсыру туралы өтінішпен сессияны мерзімінен бұрын тапсыруға жорамалданатын мерзімнен бір апта бұрын немесе оның мерзімін ұзарту кезінде емтихан сессиясының басталуынан бір апта бұрын өтініш беру керек;

- емтихан сессиясы уақытында болған және оны ұзартуды талап ететін күтпеген жағдайларда, білім алушылар болған жағдай туралы деканатқа (ЖкББ) дереу хабарлауы керек және растаушы құжаттарды ұсынып, сессияның мерзімін ұзарту туралы өтініш беру керек;

- пәндер және есептілік түрлері көрсетілетін өтінішке емтихан сессиясын жеке тапсыру қажеттілігін негіздейтін құжаттар қоса беріледі;

- сессияны мерзімінен бұрын тапсыру үшін өтініш білім алушының ағымдағы үлгерімін есепке алып емтихандарды жеке тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін факультет деканы шығарушы кафедраға жібереді;

- декан (ЖкББ басшысы) кафедраның дұрыс шешімі негізінде сессияны мерзімінен бұрын тапсыру туралы өкім шығарады, ол сессия нәтижелерін есепке алу үшін Тіркеу бөліміне беріледі және студентке жеке емтихан ведомостілерін береді.



4.25. Білім алушы барлық емтихандарды деканат (ЖКБ) бойынша өкімге сәйкес мерзімде тапсыруға міндетті. Өкім көшірмесі Тіркеу бөліміне жіберіледі, емтиханға орынсыз себептермен келмеген жағдайда сессияны ұзарту кезеңінде Тіркеу бөлімінің кызметкерлері ведомоске деканның (ЖкББ басшысы) ұсынысына сәйкес келмегені жөнінде белгі қояды.

4.26. Егер білім алушы емтиханға орынсыз себептермен келмесе, емтихан ведомосінде «келмеді» деген белгі жасалады, бұл академиялық қарыз болып табылады, жазғы семестр кезеңінде ақылы негізде жойылады.

4.27. Оқытушы емтихан бағаларын электрондық ведомосқа тікелей емтихан тапсырған соң енгізеді, қорытынды ведомості толтырады, оны басып шығарады, бағаны сынақ кітапшасына қояды, емтиханнан кейін 2 сағат өткен соң оны тиісті факультет деканатына (ЖкББ) тапсырады.

4.28. Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар емтихан өткен күннен кейін келесі күні апелляцияға беруге құқығы бар.

4.28.1. Апелляцияны апелляцияланатын сұрақтың мәні бойынша емтихан өткізген соң келесі күні кафедраның пәндік комиссиясы жүргізеді.

4.28.2. Апелляция келесі жағдайларда жүргізіледі:

- емтихан тапсырмалары (тестілер, билеттер) дұрыс тұжырымдалмағанда немесе пәннің оқу бағдарламасына кірмегенде;

- тест түріндегі емтихан тапсырмаларында дұрыс жауап болмағанда;

- компьютерлік тестілеу кезінде актімен тіркелген, оқытушы, ЦУДД немесе Тіркеу офисінің қызметкері, білім алушы қол қойған және емтиханға бөлінген уақыттың 10 % артығы жоғалуына алып келген техникалық істен шығуға жол берілгенде, фактіні кезекші оқытушы растаған жағдайда;



- емтихан нәтижелеріне әсер еткен басқа себептер (сырқаттану, төтенше оқиғалар және т.б.).

4.28.3. Емтиханды өткізу кезінде студент денсаулығына шағымданған кезде оқытушы студентті Университеттің медпунктіне бірден жіберуі керек, мұнда емтихан күні өзін нашар сезіну фактісін жазбаша растауы тиіс. Денсаулығының нашар күйі расталған жағдайда емтихан нәтижелері жойылады, к/ж белгісі қойылады, ал декан өзінің өкімімен осы білім алушыға сессияны ұзарту құқығын береді.

4.28.4. Білім алушының емтиханды тапсырғаннан кейін, осының нәтижесіне әсер еткен өзін нашар сезіну шағымын деканат (ЖкББ) және тіркеу Офисі қабылдамайды және емтихан нәтижелері өзгермейді.

4.28.5. Апелляция нәтижелері қорытынды ведомосінің қиып алынатын талонына толтырылады, оны кейіннен сынақ кітапшасына енгізумен қатар апелляцияны есепке алып, қорытынды бағаны есептеу үшін Тіркеу бөліміне береді.

4.29. Апелляция комиссиясының төрағасы қорытынды ведомосіне апелляцияны есепке алып қол қояды. Пән оқытушысы студенттердің сынақ кітапшаларына апелляцияны ескеріп, қорытынды бағалар қою үшін тиісті деканатқа (ЖкББ) шақырылады.

4.30. Сессия мерзімін ұзартуға рұқсаты немесе сессияның жеке графигі бар студенттердің емтихандарының, курстық жобаларының, сынақтарының нәтижелері электронды жеке емтихан ведомосіне енгізіледі, ол фаультет бойынша өкім негізінде құрастырылады.

4.31. Факультет бойынша өкім номері көрсетілген жеке емтихан ведомосі қорытынды ведомостер шыққан соң байқалған аттестациялар мен емтихан деректерін енгізген кезде пайда болған қателерді түзету үшін пайдаланылуы мүмкін. Қателерді түзету негізі ретінде қате жіберген тұлғалардан алынған түсіндірме хаттарға негізделген деканның өкімі қызмет етеді. Түзетілген бағаларды енгізуді Тіркеу бөлімі қызметі жүзеге асырады.

4.32. Академиялық қарыздары, соның ішінде практикалар бойынша қарыздары, сондай-ақ оқуға қайта қабылдану, басқа ЖОО ауысу, Университеттің бір мамандығынан екінші мамандығына ауысу, академиялық демалыстан шығу нәтижесінде пайда болған академиялық айырмасы немесе қарыздары бар күндізгі оқу түріндегі студенттер сессияға жіберіледі.

4.33. Кафедра меңгерушілері емтихандарды жазбаша түрде өткізуді қамтамасыз етуі керек. Технологиялық тұрғыдан мақсатты деп танылған (бақылаудың осы түрін өткізу негіздемесімен) пәндер бойынша емтихан тестілеу түрінде, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы алынады. Кезекші оқытушылар ретінде тәуелсіз оқытушылар (сол пән бойынша сабақ жүргізбейтін) алынуы керек.

4.34. Кафедралар компьютерлік тестілеу жүргізу үшін сессия басталғанға дейін бір ай бұрын бекітілген емтихан материалдарын ЦУДД жазбаша және электронды түрде компьютерлік тесілеу жүйесінде тапсырмалар базасын құрастыру үшін тапсыруға міндетті.

4.35. Кафедралар компьютерлік тесілеу жүйесін пайдалану арқылы тесттік түрде емтихандар өткізу үшін ЦУДД талаптары бойынша тесттік тапсырмалар базасын әзірлеуге міндетті.

4.36 Пәндер бойынша тест тапсырмаларының базасы бір кредитке 100-ден кем болмауы тиіс. Емтихан кезінде студентке берілетін тест тапсырмаларының саны оларды орындау уақытымен анықталады.

4.37. Жазбаша түрде емтихан өткізетін кафедралар кафедраларда әзірленген және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректорлар бекіткен әдістемелерге сәйкес тапсырмалар нұсқаларын құрастырады. Сонымен қатар, сырттан келген тұлғаларға тапсырмалардың мазмұнын жариялауға жол бермес үшін іс-шаралар өткізілуі тиіс. Емтихан тапсырмаларын емтихан басталар алдында емтихан қабылдайтын кезекші оқытушы береді.

4.38. Емтихан қабылдайтын оқытушы емтиханға дейін топтың электрондық емтихан ведомосімен танысуға және емтиханға жіберілгені немесе жіберілмегені туралы мәліметті студенттің назарына жеткізуге міндетті.

4.39. Компьютерлік тестілеу болған жағдайда деректер базасына емтихан нәтижелерін енгізу автоматты түрде іске асырылады, ал қорытынды ведомосін құруды оқытушылар іске асырады.

4.40. Оқытушылардың емтихандардың нәтижелерін электрондық құжат айналымында кафедралар пәндері бойынша енгізуі «Оқытушы» АЖО көмегімен келесі технология бойынша жүргізілуі керек:

- оқытушы емтихан аяқталған соң емтихан бағаларын тікелей деректер базасына енгізеді, қорытынды ведомосін толтырады және басып шығарады, студенттерге қорытынды бағаларды хабарлайды және апелляция мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

- оқытушы қорытынды ведомості емтихан күні емтихан аяқталғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей немесе егер емтихан жұмыс күнінің екінші жартысында аяқталса, келесі күні таңертең тиісті деканатқа тапсырады және студенттердің сынақ кітапшаларына қорытынды бағаларын қояды, ал апелляция жүргізген жағдайда - апелляцияны есепке алып қорытынды ведомості алған соң қояды;

- студенттер емтихан нәтижелерін енгізгеннен кейін бір тәулік ішінде электрондық жеке кабинетін пайдаланып, пән бойынша қорытынды бағалармен танысуға міндетті, олай болмағанда енгізу қателері туралы шағымдар қабылданбайды.



4.41. Қорытынды бағаларды есептеу:

4.41.1. Емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула негізінде есептеледі:
, (2)
мұнда А1, А2 – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары;

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – аттестаттаудың және емтиханның салмақ коэффициенттері.

4.41.2. Студенттерге курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пән бойынша GPA есептеу үшін курстық жобаны қорғау бағасы қорытынды баға болып саналады.

Курстық жобаны (жұмыс) қорғауға рұқсат ретінде екі межелік бақылау бойынша 50-ден кем емес орташа балл алу болып табылады. Қарсы жағдайда білім алушы қорғауға жіберілмейді және келесі академиялық кезеңде немесе жаздық семестрде берілген пәнді ақылы түрде қайта оқуы тиіс.



4.41.3. Сырттай оқу түріндегі студенттердің емтиханы бар пән бойынша қорытынды бағасы формула бойынша есептеледі:
И=А2  0,6 + Э  0,4 , (3)
мұнда А2 – бірінші және екінші межелік бақылау бағасы;

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – аттестацияның және емтиханның салмақ коэффициенттері.

4.41.4. Сырттай оқу түріндегі студенттер оқитын курстық жоба (жұмыс) қарастырлған пән бойынша GPA есептеу үшін қорытынды баға курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы болып саналады.

Курстық жобаны (жұмыс) қорғауға рұқсат болып екі аралық бақылаудағы 50-ден кем емес орташа балл алу болып табылады. Қарсы жағдайда білім алушы қорғауға жіберілмейді және келесі академиялық кезеңде немесе жаздық семестрде берілген пәнді ақылы түрде қайта оқуы тиіс.



4.42. Кафедра меңгерушілері сессия нәтижелеріне және лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес туындайтын барлық проблемаларға жауапты болады.

4.43. Емтихан сессиясын өткізу кезеңінде емтиханды өзгертуге және қосымша түрін енгізуге рұқсат етілмейді.

4.44. Пәннің толық түрде талданған тақырыптары (тараулары), сұрақтар, типтік есептер және басқа да материалдар студенттерге (магистранттарға) емтихандарға дайындалу үшін беріледі және кафедра сайтында жарияланады.

4.45. Құрастырылған билеттер студенттерге (магистранттарға) берілмейді, олардың сақталуына пән оқытушысы жауапты болады.

4.46. Жазбаша емтихан тапсырмасының саны оны өткізудің максимум уақытымен анықталады 3 академиялық сағаттан артық емес.

4.47. Билеттер саны осы пән бойынша бір уақытта емтихан тапсырушылардың жалпы максимум санынан 30% артық болуы тиіс және пәннің барлық тақырыптарын қамтуы тиіс.

4.48. Емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға арналған таза парақтарға кафедра меңгерушісі қол қояды немесе КМД немесе АМД мөрі болады, олардың саны билеттегі тапсырмалар санына көбейтілген емтихан тапсырушылардың жалпы санынан 30% артық болуы тиіс.

4.49. Жазбаша емтиханды өткізу тәртібі:

4.49.1. Аудиторияға емтихан тапсыруға студенттер (магистранттар) сынақ кітапшасымен немесе студенттік билеттермен кіреді.

4.49.2. Оқытушы емтихан тапсырушыларға емтихан тапсыруға жіберілгендерді және оны өткізу тәртібін мәлімдейді, тәртіпті сақтау қажеттілігін ескертеді, денсаулық жағдайларын сұрайды.

4.49.3. Емтихан алушы емтихан тапсырушы сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін қандай да бір амалды (шпаргалка, техникалық құралдар, сыбыр сөз және т.б.) қолданса, емтиханнан шығарылатынын ескертеді, ал ведомосқа F бағасы қойылады. Бұл жағдайда емтихан алушы емтиханнан шығару фактісі туралы деканатқа қызметтік хат ұсынады.

4.49.4. Билеттер емтихан тапсырушылардың көзінше кездейсоқ түрде сырт жағы қаратылып қойылады.

4.49.5. Емтиханды өткізу үшін студент (магистрант) билет таңдайды. Билеттегі сұрақтарды жауап парағына көшіргеннен кейін емтихан тапсырушы барлық жауап парақтарына билеттің номерін немесе оқытушы берген кодты қояды. Алдын ала ведомосқа билеттің № немесе коды белгіленеді. Бұл ведомость емтихан аяқталғанға дейін кафедра меңгерушісіне тапсырылады.

4.49.6. Студент барлық тапсырмаға толық жауап береді. Жауап парақтарына студенттің (магистрант) тегін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ешқандай жазба жазылмайды. Бұл үшін емтихан алушы мен оқытушы жауап береді.

4.49.7. Емтихан тапсырушы оқытушының рұқсатымен емтихан уақытында ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, сондай-ақ силлабусты қолдануға құқылы. Емтихан уақытында байланыстың кез-келген түрін, есептегішті және басқа да техникалық құралдарды қолдануға тыйым салынады.

4.49.8. Емтихан аяқталған соң студенттер жауап парақтарын оқытушыға тапсырады, оқытушы оның бірінші бетіне толтырылған парақтардың жалпы саны көрсетілген әр параққа студенттің көзінше қол қояды.

4.49.9. Емтихан аяқталған соң 1 сағаттан кешіктірмей жауап парақтары тексеру үшін тәуелсіз оқытушыға (оқытушыларға) беріледі. Пайыздық үлестегі және әріп түріндегі баға әр сұраққа қойылады және қол қою арқылы расталады.

4.49.10. Қорытынды баға билет сұрақтарының санынан орташа арифметикалық ретінде анықталады. Қорытынды баға бірінші параққа қойылады және тексеріп отырған оқытушының қолымен расталады.

4.49.11. Тексерілген емтихан жұмыстары кафедра меңгерушісіне тапсырылады. Ол бұл жұмыстардың шифрін анықтайды.

4.49.12. Шифрді анықтау аяқталғаннан кейін 2 сағаттан кем емес уақыт ішінде емтихан қабылдаған оқытушы бағаларды емтихан ведомосіне, оның ішінде жеке паролі мен логинін пайдалана отырып, электронды ведомосқа қояды.

4.50. Кешенді түрде емтихан қабылдау бойынша комиссия қызметтері:

4.50.1. Комиссия емтиханды ұйымдастыруы және емтиханда оқу пәндері және анықтамалық әдебиеттерден басқа, рұқсат етілмеген дереккөздерден жауаптарды көшіруге жол бермеуі керек.

4.50.2. Емтихан тапсырушылардың жауабы кезінде комиссияның барлық мүшелері қатысуы керек; әрбір студенттен жауап алу барлық комиссиямен жүргізіледі, студенттердің комиссия мүшелері арасында бөлінуіне рұқсат етілмейді.

4.50.3. Емтихан аяқталғаннан кейін нәтижелер деректер базасына енгізіледі және 2 сағаттың ішінде тиісті факультет деканатына тапсырылатын қорытынды ведомость жасалады.

4.51. Компьютерлік тестілеу түрінде емтихан қабылдау бойынша кезекші оқытушының қызметтері:

4.51.1. Студенттердің аудиторияға студенттік билеттер бойынша (сынақ кітіпшаларына) және емтихан ведомосіндегі рұқсатнамаға сәйкес кіруін қадағалау;

4.51.2. Студенттердің тестілеу кезінде қосымша материалдарды қолданбауын қадағалайды; емтиханды өткізу тәртібін дөрекі бұзған жағдайда материалдарды алады, студентті емтиханнан шығарады. Емтихан аяқталған соң тиісті факультеттің деканатына (ЖкББ) қызметтік хат ұсынады және оның мазмұнын емтиханға қатысып отырған білім алушыларға хабарлайды;

4.51.3. СМЖ ҰС 5.2.03 – 2015 «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру» ұйымдастыру стандарты, «Білім алушының білімдерін бағалау» 20-бөлім талаптарына сәйкес бағалардың қойылуын қамтамасыз етеді.

4.52. Қорытынды ведомостерді жасап, бергеннен кейін бір сағат ішінде олардың көшірмелері кафедра стендіне ілінуі керек.

4.53. Емтиханды сәтті тапсырған және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаған сырттай оқу түріндегі студенттерге емтихан сессиясы аяқталған соң келесі емтихан сессиясына арналған анықтама-шақырту беріледі. Емтихан сессиясына анықтама-шақыртудың берілуі қатаң есепке алынады.

4.54. СҚОИ студенттерін ауыстыру және қайта қабылдау емтихан сессиясы басталарға дейін 1 айдан кеш қалмай жүзеге асырылуы керек.

4.55. Студенттер сессия аяқталғаннан кейін қорытынды бағаларын жеке кабинетте құрастырылған транскрипте салыстыруға міндетті.

5. Қашықтан білім беру технологиялары

5.1. ҚарМТУ-да қашықтан оқыту технологиясы (ҚОТ) бойынша сырттай оқу түріндегі студенттер қысқартылған және жеделдетілген білім бағдарламасы бойынша білім алады.

5.2. ҚОТ пайдалана отырып оқуға ауысу студент өтініші негізінде СҚОИ деканының ұсынысы бойынша ректор бұйрығымен жүзеге асырылады.

5.3. ҚОТ пайдалана отырып оқу мамандықтың оқу-жұмыс жоспарының қосымшасы, жеке оқу жоспары, шығарушы кафедраларда әзірленген сабақ үлгерімін бақылаудың жеке кестесі негізінде жүзеге асырылады.

5.4. Қашықтықтан оқытудың кейс-технологиясы кезінде пәнді оқу үшін қажетті негізгі ақпарат және осыған орай пайдаланылатын оқу әдістерінің сипаттамасы пәндердің электрондық оқу-әдістемелік кешендері (ЭОӘПК) жинағында - әрбір білім алушы қамтамасыз етілетін кейстерде болады. Кейстерді СҚОИ деканаты электрондық түрде береді.

5.5. Желілік технология, ЭОӘПК бойынша білім алушылар, барлық қажетті қосымша ақпаратты университет сайтынан ала алады: ҚОТ оқытушы Web-порталында http://www.kstu.kz.

5.6. Қашықтықтан оқыту білім алушылардың тьютор жетекшілігімен ПОҚ пен білім алушының кезеңмен өзара әрекет ету жоспарына сәйкес ЭОӘПК пайдалана отырып оқу пәндерін өздігінен зерделеуін көздейді.

5.7. ҚОТ бойынша білім алушылар пәндер бойынша аралық аттестацияға оқу-жұмыс жоспарында белгіленген барлық бақылау шараларын орындап тапсырған жағдайда ғана жіберіледі.

5.8. Аралық аттестация емтиханға студент келген кезде сессия уақыты кезінде автоматтандырылған тестілеу кешендерін қолдана отырып жүргізіледі.

5.9. КОТ бойынша білім алатын және семестрдегі барлық пәндер бойынша сабақ үлгерімін жеке бақылау кестесін орындаған студенттер үшін аралық аттестацияның жеке мерзімдері белгіленеді.

5.10. Желілік қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алатын СҚОИ студенттері үшін графикке сәйкес (7-кесте) екі межелік бақылау белгіленеді.

5.11. Кейстік қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алатын СҚОИ 1-3 курс студенттері үшін межелік бақылау міндетті түрде кафедрада тіркелуі тиіс зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарды орындау, оның ішінде орындалған бақылау жұмыстарын қорғау нәтижелері бойынша семестрде бір рет емтихан сессиясы кезеңінде жүргізіледі.

Межелік бақылау бағалары оқу пәні бойынша емтиханға дейін электрондық ведомосқа қойылады - екінші аралық бақылау.



5.12. Желілік технология бойынша білім алатын студенттер үшін пән бойынша қорытынды баға (2) формулаға сәйкес есептеледі.

5.13. Кейстік технологияны қолдану арқылы білім алатын СҚОИ 1-5 курс студенттері үшін пән бойынша қорытынды баға (3) формула бойынша есептеледі.

6. Білім алушыны келесі курсқа көшіру

6.1. Білім алушыларды курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты білім алушының Университетте белгіленген ауысу балынан төмен емес орташа үлгерім балын (GPA) алу болып табылады.

6.2. Өту балы GPA (Grade Point Average) – таңдап алынған бағдарлама бойынша студент жетістіктері деңгейінің орташа өлшенген бағасы (оқытудың ағымдық мерзімі ішінде кредиттің жалпы санына пәндер бойынша қорытынды бақылау бағасының балын сандық баламада кредитті жүргізу жиынтығына қатынасы) мына формула бойынша есептеледі:

Барлық академиялық қарыздар GPA есептеу кезінде алымында нөлмен (И=0) есепке алынады, ал бөлімінде білім алушының ЖОЖ нұсқалған барлық кредиттер міндетті түрде ескеріледі.



6.3. GPA есептеу кезінде бірнеше пән бойынша кешенді емтихан жүргізгенде әрбір пән жеке есептеледі.

6.4. Университеттің барлық мамандықтарының студенттері (магистранттары) үшін өту балының деңгейін 2018-2019 оқу жылына Ғылыми кеңес белгілейді және оқу мерзімі мен түріне қарамастан келесі студенттер үшін құрастырады: 1-курс -1,8; 2 курс – 2.0; 3 және жоғарғы курстар – 2,2; 1-курстың ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттары үшін – 2,8; 1-курстың бейінді бағыттағы магистранттары үшін – 2,4, 1-курс докторанттары үшін – 2,9, 2-курс –3,0.

Студенттер, магистранттар және докторанттар жазғы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін жеке кабинетінде Univer 2.0 АЖ пайдалана отырып GPA тексеруге міндетті.



6.5. Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең аз өту балын алмаған студентке өз үлгерімінің (GPA) орташа балын жоғарылату мақсатында жазғы семестрде жекелеген пәндерді ақылы негізде қайтадан оқу мүмкіндігі ұсынылады.

6.6. Жазғы семестр аяқталғаннан кейін Тіркеу бөлімі әр студент үшін оқу жылы ішінде өту балының есебін жүргізеді. Өту балының белгіленген деңгейін алған білім алушылар ректор бұйрығымен келесі курсқа өтеді.

6.7. Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестрді ескергенде белгіленген өту балын кем алған студент ректордың бұйрығы бойынша ақылы негізде қайта оқыту курсына қалады.

6.8. Емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі кезінде қайтадан қорытынды баға есептеледі, емтихан ведомосіне, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.

6.9. Транскрипте студенттің барлық қорытынды бағалары және емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі жазылады.

6.10. Қайта оқу курсына қалдырылған студенттің бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын толықтыруына немесе жаңа жеке жоспар құрастыруына болады.

6.11. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері, қайта оқыту курсына қалдырылған студенттер гранттан айрылады және қайта оқыту курсы кредиттерінің және зерделенетін пәндерінің саны көрсетілген төлем туралы шарт негізінде ақылы негізде оқуын жалғастырады.

6.12. Егер студент – мемлекеттік білім грантының иегері өту балын жинаса, бірақ сонымен бірге академиялық қарызы болса, ол келесі оқу курсына ауыстырылады.

6.13. Келесі оқу курсына ауыстырылған және алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар студенттер ол қарыздарын жою үшін ақылы негізде сол пәндерді қорытынды аттестацияға дейін қайталап оқуға тиіс.

6.14. Пәндерді зерделеу сол пән бойынша қарастырылған сағат көлемінде дәрістер, практикалық немесе зертханалық сабақтар жүргізу түрінде, ағымдағы, аралық бақылау (аттестация), емтихан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Егер оқу қорытындысы бойынша жақсы баға алса пәндер бойынша кредиттер есептеледі.

6.15. Практиканың барлық түрлері бойынша қарыздарды жою олардың бағдарламасына сәйкес жазғы семестр кезінде ақылы негізде немесе егер бұл технологиялық жағынан мүмкін болса оқу жылында сабақтан бос уақытта жүзеге асырылады.

6.16. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы семестр нәтижесін және алынған өту балын қоса есептегенде оқу жылының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

6.17. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру ректор бұйрығымен рәсімделеді.

7. Қосымша пәндерді зерделеу үшін оқуды ұйымдастыру және академиялық қарыздар мен академиялық айырманы жою

7.1. Алдыңғы оқу кезеңі үшін академиялық қарыздары немесе академиялық айырмалары бар, сондай-ақ қосымша пәндерді зерделеуді, пәндер бойынша бұрын алған бағаларын көтеруді қалайтын студенттер мен магистранттар, егер олар Университетте семестрлердің біреуінде, оның ішінде жазғы семестрде жүргізілсе, осы пәндер бойынша сабақтарға ақылы негізде қатыса алады және ағымдағы, аралық (аттестациялар) бақылаудан және аралық аттестациядан (емтихан) өтіп, академиялық қарыздарын жоя алады.

7.2. Студент «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол осы пәнге қайтадан жазылуы тиіс, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қайта қатысуы, ағымдық бақылау талаптарын орындауы, рұқсат алуға және мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруы керек.

7.3. Егер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген кредиттердің қажетті санын алмаған жағдайда тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқуға құқылы. Оқу жылына арналған бір кредиттің құнын Университет жыл сайын белгілейді.

7.4. Келесі курсқа GPA бойынша көшірілген грант иегері-студент, егер академиялық қарызы болса, берілген пәнді ақылы негізде қайта оқуға және академиялық қарызды жоюға құқылы.

7.5. Егер академиялық қарызы болатын пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, онда осы семестрде сабақтан бос уақытында немесе жазғы каникул кезеңінде, оқу тілдері бойынша ұйымдастырылған топтардағы студенттер саны 15-тен кем болмаған жағдайда, берілген пән бойынша ақылы негізде оқу жүргізіледі, пәндердің жақындығы мен бейінділігі негізінде біріктірілген топтар құрылуы мүмкін.

7.6. Қайта қабылданған, ауыстырылған, академиялық демалыстан келген кезде академиялық айырмашылығы бар, сонымен қатар қорытынды бағаны көтеру мақсатында пәнді қайта немесе қосымша оқуға тілек білдірген білім алушылар үшін Тіркеу офисі егер олар Университетте семестрлердің бірінде, оның ішінде жазғы семестрде болса, сол пәндер бойынша ақылы негіздегі сабақтарды және ағымдағы, межелік (аттестаттау) бақылауды және аралық аттестаттауды (емтихан) ұйымдастырады.

7.7. GPA-ның белгіленген деңгейіне жете алмаған білім алушы ақылы негізде пәндерді жазғы семестрде қайта оқуға құқылы, бұл ретте қосымша оқу пәндері кредиттерінің жалпы көлемі семестр үшін 12-ден аспауы қажет.

7.8. Деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиялары мен практикалардың нәтижелері бойынша GPA-дан өткен білім алушылар үшін оқу жылы аяқталған соң және GPA-ның белгіленген деңгейіне жеткен, сондай-ақ қосымша пәндерді меңгерген студенттер үшін жазғы семестр аяқталған соң курстан курсқа көшіру, қайта курсқа қалдыру және гранттан айыру туралы бұйрық жасайды.

7.9. Академиялық қарызы бар пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, осы семестрде сабақтан тыс уақытта немесе жазғы семестр кезеңінде оқыту тілі бойынша ұйымдастырылған топтарда студенттер саны 15 кем болмаса, осы пән бойынша ақылы негізде оқыту жүргізіледі.

7.10. Егер студенттер саны 15 кем болса және кафедрада басқа пәндер бойынша қарыздары бар студенттер болса, онда бірнеше жақын және бейінді пәндерден біріктірілген пәндер ұйымдастырылады.

7.11. Біріктірілеген курстар бойынша студенттерді оқыту, ағымдағы бақылаудан жене аралық аттестаттаудан өткізуді жетекші оқытушы кафедра әзірлеген және оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.

7.12. Біріктірілеген курстар бойынша студенттерді оқыту, ағымдағы бақылаудан жене аралық аттестаттаудан өткізуді жетекші оқытушы кафедра әзірлеген және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.

7.13. Басқа оқытушылардың біріктірілген пәндерді оқу, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін қандай да бір блоктарға бөлуі рұқсат етілмейді.

7.14. Оқытушы белгілі себептермен жоқ болған жағдайда аралық аттестаттауды кафедра меңгерушісінің қызметтік хаты негізінде бірінші проректор тағайындаған комиссия өткізеді.

7.15. Пәнді қосымша (қайта) оқыту, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін кафедра меңгерушісі пәннің жетекші оқытушысын белгілейді.

Студент саны 15 және одан артық топты жинаған кезде осы студенттерді оқытатын басқа оқытушыға жазылуға құқылы.



7.16. Оқытушы еңбекақысы, егер жүктеме оқу жылының ішінде орындалған жағдайда, сағаттық қордан төленетін жүктеменің басқа да түрлерін қоса есептегенде 225 сағаттан артық емес көлемде қосымша оқытудан түскен қаржы есебінен жүргізіледі.

7.17. Егер қосымша оқыту бойынша жүктемені оқытушы демалыс кезеңінде орындаған жағдайда, онда осы шектеу ректордың рұқсатымен алып тасталуы мүмкін.

7.18. Оқыту мерзімі академиялық күнтізбемен анықталады. Оқыту мерзімін ұзартуды факультет деканы өтініш және ұсынылған растайтын құжаттар негізінде Кредиттік технология ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

7.19. Қосымша оқытуды, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу графигін Тіркеу офисі әзірлейді, бірінші проректор бекітеді, факультет деканаттарына беріледі, кафедра стендіне ілінеді және Университет сайтында жарияланады.

7.20. Тіркеу офисі электрондық немесе қағаз ведомостер жасайды (пәннің алдыңғы бағасына байланысты) және кафедраға қосымша оқыту ведомосін графикке сәйкес береді. Ведомостер Тіркеу офисіне емтихан материалдарын тексергеннен кейін 2 сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы қажет. Емтихан материалдары кафедрада келесі академиялық кезең бойы сақталуы керек.

7.21. Білім алушылар қосымша оқытудан өту кезінде сабақтардың барлық түріне қатысуға, пән бағдарламасымен қарастырылған ағымдағы және межелік бақылаудың тапсырмаларын орындауға және қорғауға міндетті. 50%-дан төмен орташа бал жинаған жағдайда ол аралық аттестаттаудан өтуге жіберілмейді және ақшалай қаржы 3.5 және 3.6 пунктілерге сәйкес қайтарылмайды.

7.22. Студент қосымша оқытудан бас тартқан жағдайда 3.6 пунктісіне сәйкес өтініш негізінде білім беру қызметтері бағасына қайта есептеу жүргізеді.

7.23. Факультет декандары:

- студенттерге академиялық қарыздарды жою қажеттілігі туралы хабарлайды және шарттарды ресімдеген факультет студенттерін тілдер бойынша оқу пәндері жүргізілетін Университет мамандықтарының топтарына (бірнеше топтарға) жібереді;

- пән бойынша ағымдағы семестрде оқыту жүргізілмейтін кафедралардың меңгерушілерімен бірлесіп, пәнді сабақтан бос уақытта, соның ішінде каникул кезінде, сенбі күндері зерделеу үшін студенттер топтарын құрайды (тілдер бойынша оқу 15 адамнан кем емес) және бірінші проректордың бекітуі үшін сабақ кестесін жасайды.

7.23.1. Қосымша оқытуларды қанағаттандыру, академиялық қарыздарды немесе оқу жоспарларындағы айырманы жою, басқа жоғарғы оқу орындарындағы оқу пәндерін қиыстыру бойынша оқу және бітіруші түлектерден басқа білім алушылардың кредитті игеруі үшін жазғы семестр ұзақтығы 6 аптаға дейін енгізіледі.

7.23.2. Курстық жоба (жұмыс), практика бойынша академиялық қарызын жою студенттің курста оқу ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижелері білім алушының GPA есептеу кезінде ескеріледі.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау