Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Академиялық комитеттері туралы
Ереже
№1 нұсқа
Тексеру күні:
КЭУК–П–95-2016
5 беттің 1-ші
беті
БЕКІТЕМІН
Академиялық мәселелер
және жаңа технологиялар
жөніндегі проректор
Р.О. Бұғыбаева №
_2_ хаттама
2016 ж. «27» қазан
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТЕРІ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелері
1.1 Білім беру бағдарламаларының академиялық комитеттері әр білім беру
бағдарлама бойынша құрылып, мамандық шеңберінде білім беру
бағдарламасының негізгі даму бағыттарын белгілейтін алқалық басқару органы
болып табылады.
1.2 Академиялық комитеттер өз қызметінде «Білім беру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің нормативтік құжаттарын, «Жоғары білім» ББМЕМСТ, «ЖОО
кейінгі білім беру» ББМЕМСТ, университеттің Жарғысын, ректордың
бұйрықтарын, университеттің Ғылыми және Оқу-әдістемелік кеңестерінің
шешімдерін, Халықаралық сапа стандарттарының Ережелері мен университеттің
ішкі нормативтік құжаттарын, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алып
отыр.
1.3 Академиялық комитеттер жұмысының бақылауы мен үйлестіруін
факультеттердің декандары жүзеге асырады.
2. Академиялық комитеттердің мақсаттары мен міндеттері
2.1
Академиялық
комитеттердің
мақсаты
–
кафедралардың,
факультеттердің және де басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмысын
оқуәдістемелік қамтамасыз етуін үйлестіру негізінде білім беру бағдарламасын
оқытудың барлық деңгейлерінде білім беру үдерісінің сапасын жоғарылату.
2.2
Академиялық комитеттердің міндеттері:
- білім беру бағдарламасының және оның құрылымдық элементтерінің
(оқу жоспарларын, оқыту нәтижелерін) алқалық әзірлеуін ұйымдастыру;
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Академиялық комитеттері туралы
Ереже
№1 нұсқа
Тексеру күні:
КЭУК–П–95-2016
5 беттің 2-ші
беті
- үздіксіз білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ету негізінде
кадрларды
даярлаудың
білім
беру
траекториясын
қалыптастыру
(бакалавриатмагистратура-докторантура);
- білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын
арттыру бойынша жұмысын ұйымдастыру;
- білім беру бағдарламалардың кадр әлеуетінің сапасын арттыру жөніндегі
саясатын қалыптастыру;
- білім беру бағдарламасының мазмұны мен жүзеге асыру технологиясына
үздік дүниежүзілік және отандық тәжірибесін енгізу және талдау;
- әлеуетті талапкерлермен жұмысты үйлестіру;
- студенттердің зерттеу, жобалау қызметі бойынша ғылыми-зерттеу
бөлімшелермен бірлесіп қызмет жасау;
- түлектердің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды нақтылау және оларды
даярлау сапасын бағалау үшін жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс жасау;
- білім беру бағдарламаларын сапасын бағалаудың әр түрлі рәсімдеріне
(аккредитацияны қоса) даярлау, бағдарламаның өзін-өзі зерттеуін ұйымдастыру.
3.
Академиялық комитеттердің міндеттері
3.1 Білім беру бағдарламасын әзірлеу және оны Ғылыми кеңесіне бекітуге
беру.
3.2 Әр жылда алынған студенттер үшін оқу жоспарларының мазмұнын
анықтау.
3.3 Бизнес-қоғамдық тарапынан кадрлардың дайындығына қойылатын
біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалардың мазмұнына
сараптаманың өткізуін ұйымдастыру.
3.4 Бизнес-құрылымдардан сарапшыларды тартуымен оқып білім
алушыларда кәсіби білімдерді, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру
тұрғысынан оқу бағдарламалары мен оқу-бағдарламалық материалдардың
сапасына сараптама мен бақылауды жүзеге асыру.
3.5 Білім берудің әр деңгейлерінде сабақтастықты қамтамасыз ету және
пәндерді қайталауды болдырмау мақсатында элективті пәндер тізбесін
қалыптастыруын бақылау.
3.6 Мамандық бойынша ПОӘК мен ОӘК оқу-әдістемелік материалының
мазмұны сапасының сараптамасы мен бақылауы бойынша үйлестіру жұмыстары.
3.7 Шығару басымдылығын анықтай отыра, мамандық пәндерін оқу
әдебиетімен қамтамасыз етуін талдау негізінде барлық білім беру деңгейлерінде
мамандық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды
шығарудың
тақырыптық
жоспары бойынша ұсыныстарды
қалыптастыру.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Академиялық комитеттері туралы
Ереже
№1 нұсқа
Тексеру күні:
КЭУК–П–95-2016
5 беттің 3-ші
беті
3.8 Мамандық пәндері бойынша оқулықтарды, оқу құралдары мен ғылыми
әдебиеттерді сатып алу бойынша жоспарды қалыптастыру.
3.9 Оқып, білім алушылардың өзіндік жұмысына профессор-оқытушылар
құрамының әдістемелік жетекшілігінің сапасын, оны жоспарлаудың тиімді
түрлерін әзірлеуін, ұйымдастыруы мен бағалау критерийлерін бақылау.
3.10 Жұмыс істеп жүрген тәжірибелі мамандарды пәннің жұмыс
бағдарламасының нақты тақырыптары бойынша дәрістерді оқуға, оқу
әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатыстыру, шеберлік-кластарды,
мамандықтың бейінді пәндері бойынша сабақтарды бірлесіп өткізу арқылы
жұмыс ұйымдастыру.
3.11 Пәндерді оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
мақсатында мамандықтың білім беру бағдарламаларында оқып білім
алушылардың үлгерушілігінің мониторинг нәтижелерін қарау.
3.12 Студенттердің оқыту сапасымен қанағаттанушылығының мониторингі
туралы есепті қарау.
4. Құқықтары мен жауапкершілігі
4.1
Академиялық комитеттер мүшелерінің құқықтары Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, университеттің Жарғысымен
кепілдендірілген.
4.2
Академиялық комитеттің мүшелері құқықты:
- білім беру бағдарламаларын, мамандықтардың оқу жоспарларын, типтік
және жұмыс бағдарламаларын, ЭПК, МОӘК, ПОӘК жетілдіру бойынша
ұсыныстарды енгізуге;
- факультеттің Оқу-әдістемелік бюросының, университеттің Оқуәдістемелік
кеңесінің және университеттің әр түрлі комиссияларының қарауына
академиялық комитеттер қызметінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асыруымен байланысты мәселелерді шығаруға;
- өз қызметін жүзеге асыру үшін бағдарлама бойынша жұмыс істейтін
профессор-оқытушылар құрамы санынан, бизнес құрамдас өкілдерінен
комиссияларды құруға;
- мамандықтың білім беру бағдарламасының шеңберінде жұмыстарын әділ
бағалау үшін кафедралардың оқытушыларынан қажетті құжаттарды талап етуге;
- жеке тапсырмаларды орындау үшін академиялық комитетінің мүшелері
болып саналмайтын оқытушыларды тартуға;
- өз қызметін жүзеге асыру үшін академиялық комитеттерімен құрылған әр
түрлі комиссиялардың жұмысына, білім беру қызметіне қатысу үшін,
оқуәдістемелік материалдардың сараптамасын өткізу үшін басқа ұйымдардың
мамандарын шақыруға;
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Академиялық комитеттері туралы
Ереже
№1 нұсқа
Тексеру күні:
КЭУК–П–95-2016
5 беттің 4-ші
беті
- өз қызметін жүзеге асыру үшін өз өкілеттіліктері шектерінде
университеттің құрылымдық бөлімшелерінен қажет ақпаратты беруін талап
етуге.
4.3 Академиялық комитеттердің жауапкершілігі:
- модульдік бағдарламалардың, ЭПК, ЖОБ, мамандық бойынша ОӘК
оқуәдістемелік материалдардың сапасы үшін;
- мамандықты дамыту бойынша қажетті оқу-әдістемелік әзірлемелерді,
материалдар мен есептерді ОӘК, Ректораттың, Ғылыми Кеңесінің,
университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстары үшін ақпаратты дер
кезінде табыс етуге;
- мамандықтың білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді оқыту сапасы
үшін.
5. Қызмет тәртібі
5.1 Академиялық комитеттердің құрамына кафедралардың меңгерушілері,
кафедралардың жетекші оқытушылары, білім беру бағдарламалары үшін
жауапты тұлғалар, бизнес-құрылымдардың өкілдері, магистранттар мен
студенттер енгізілуі мүмкін. Академиялық комитеттердің отырыстары қажет
болу жағдайларына қарай өткізіледі.
5.2
Алғашқы отырыста академиялық комитеттер өз құрамынан
жетекшілерді сайлайды. Академиялық комитеттердің жетекшілері болуы
мүмкін: кафедралардың меңгерушілері, кафедралардың жетекші оқытушылары,
кафедралар бекіткен білім беру бағдарламаларға жауапты тұлғалар.
Академиялық комитеттердің жетекшілері отырыстарда төрағалық етіп,
жұмысын жоспарлап, академиялық комитеттер жүзеге асыратын қызмет үшін
жауапты. Академиялық комитеттердің жетекшілері болмаған кездерде олардың
жұмысын орынбасарлары орындайды.
5.3 Академиялық комитеттің жетекшісі тек қана бір академиялық
комитеттің жетекшісі бола алады.
5.4 Алғашқы отырысында академиялық комитеттер өз құрамынан
хатшыларды сайлайды. Хатшылар отырыстардың хаттамаларын жүргізіп, оларға
академиялық комитетінің барлық мүшелері қол қояды. Академиялық
комитеттердің хаттамалары ашық сипатты, олармен танысу қолжетімді.
5.5 Академиялық комитеттер мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, егер
оны білдіргісі келсе, пікірін жазбаша түрде баяндап, академиялық комитеттердің
отырыстар хаттамаларына тіркелуге тиісті.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Академиялық комитеттері туралы
Ереже
№1 нұсқа
Тексеру күні:
КЭУК–П–95-2016
5 беттің 5-ші
беті
6. Академиялық комитеттер мүшелерінің міндеттері
Академиялық комитеттердің мүшелері тиісті:
1)
Академиялық комитеттердің отырыстарына қатысуға,
2)
Қаралатын мәселелер бойынша өз құзырлары шегінде шешімдерді
қабылдауға,
3)
Академиялық комитеттері мен университеттің Оқу-әдістемелік
кеңесінің шешімдеріне сәйкес тапсырмаларды орындауға.
ӘЗІРЛЕГЕНДЕР:
ОПЖҰМБД директорының
орынбасары
С.Б. Глазунова
КЕЛІСІЛГЕН:
ОПЖҰМБД директоры,
э.ғ.к., профессор М.Т. Даниярова
ОӘК оқу үдерісін нормативтік-құжаттамалық
және
ұйымдастыруын қамтамасыз ету
секциясының жетекшісі К.С. Мадиева
Достарыңызбен бөлісу: |