Мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауға арналған тест сұрақтары және жауап нұсқалары 1-нұсқа №1 сұрақ



жүктеу 0,69 Mb.
бет1/6
Дата16.01.2020
өлшемі0,69 Mb.
#26930
  1   2   3   4   5   6

Мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауға арналған тест сұрақтары және жауап нұсқалары
1-нұсқа
1 сұрақ

Төменде аталғандардың қайсысы құрылыс мердігерлік шарты бойынша тапсырыс берушінің мердігерге қатысты бақылау және қадағалау саласына жатпайды?


2 сұрақ

Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн кім жауапты болады?
3 сұрақ

Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан жағдайда көзделетін жазалау шаралары.
4 сұрақ

Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы мынадай нысанда болуы мүмкін:
5 сұрақ

Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу ...
6 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың ІІ санаты ...
7 сұрақ

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындағаны, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығарғаны, қолданғаны үшін лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл
8 сұрақ

Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы
9 сұрақ

Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі үшін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан осыған жол бергендігі үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары.
10 сұрақ

Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзгені үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
11 сұрақ

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салғаны және пайдаланғаны үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
12 сұрақ

Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылағаны және жерасты суларының су тарту құрылыстарын заңсыз салғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салдынатын айыппұл.
13 сұрақ

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзгені үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
14 сұрақ

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салғаны (қайта құру, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) үшін (демек, бұзушылықты жоймағаны үшін) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
15 сұрақ

Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтағаны және қайта жоспарлағаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
16 сұрақ

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-II Заңына сәйкес «Айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi» терминіне қандай анықтама сәйкес келеді?


17 сұрақ

Тапсырыс беруші және мердiгер мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторына нені ұсынады?
18 сұрақ

Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндеттеріне не жатады?
19 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қандай қызмет түрі бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесіне енбейді?
20 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес жатахана - …


21 сұрақ

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі қай нормативтік құқыытық актімен анықталады:
22 сұрақ

Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар ... реттеледi.
23 сұрақ

«Құрылыс объектісінің өмірлік циклі» ұғымына не сәйкес келеді?
24 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша сәйкестендірілетін құрылыс объектілеріне арналған құрылыс үдерістері Қазақстан Республикасының қандай нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады?

құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентімен.


25 сұрақ

Қандай ғимараттар жеке және ұжымдық құтқару құралдарымен қамтамасыз етіледі?


26 сұрақ

Пайдаланылу тәсіліне және өрт болған жағдайда ішіндегі адамдардың қауіпсіздігі олардың жасын, дене жағдайын, ұйқыда болуы мүмкіндігін, негізгі функционалдық контингенті түрін мен оның санын ескеріп, қандай шамада қауіпте тұрғандығына байланысты функционалдық өрт қауіптілігі бойынша ғимараттар (құрылыстар, өрт бөлмелері мен ғимараттардың бөлімдері - бір-бірімен функционалдық байланыстағы үй-жайлар, үй-жайлардың топтары) қанша сыныптар мен қосалқы сыныптарға бөлінеді?
27 сұрақ

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке қандай мөлшерде тегін беріледі?

28 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - ...
29 сұрақ

Ведомство басшысы жұмысшы органның ұсынысы бойынша шығаратын бұйрықпен не бекітіледі?
30 сұрақ

Саяжай құрылысы үшiн жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке қандай мөлшерде тегін беріледі?


31 сұрақ

Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап қай мерзім (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады?


32 сұрақ

Оларға жер учаскелерi ... үшін берілгенде, жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығын жүргізу шығынын өтеуден босатылады.


33 сұрақ

Су қорғау белдеулерінің шегінде ... тыйым салынады.


34 сұрақ

Мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) ... бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
35 сұрақ

Құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбi қандай құжатпен реттеледі?


36 сұрақ

Егер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесі дайын емес алаңдарда жер пайдалану құқығында берілген жағдайларда, мұндай жер учаскесін игеру мерзімі кай кезден бастап есептеледі?
37 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс слаасындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшесі техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға берілген сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беруге өтінішті қарау мерзімін көрсетіңіз.


38 сұрақ

Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды атаңыз:


39 сұрақ

Сыртқы бақылау не болып табылады?
40 сұрақ

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны қандай құжатпен бекітіледі?


41 сұрақ

Газ өткізгіш құбырдың номиналды диаметрі 400 мм-ге дейін қоса алғандағы шамаға тең болса, шектес құбырлардың осьтері арасындағы ең аз арақашықтық қандай болуы тиіс?


42 сұрақ

Жұмыстарды орындаушының құрылыс алаңында дұрыс қатталып, сақталмаған материалдар мен бұйымдарды қолдануы ...
43 сұрақ

Пластикалық шөгу салдарынан бетінде жарықшақтар пайда болған жағдайда, бетонның беттік дірілдетуін қайта жасауға рұқсат етіле ме?
44 сұрақ

Іргетасты қалаудың шектес учаскелері арасындағы биіктіктің айырмасы ... аспауы тиіс ...
45 сұрақ

Іргетас стаканының түбіне теңдестіруші қабатты орнатқанға дейін стакандар түбінің тіректік беті белгілерінің жобалық белгілерден мүмкін болатын ауытқуы.


46 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуі туралы мәліметтерді, соның ішінде операциялық бақылау нәтижелерін күн сайын ... енгізу қажет.


47 сұрақ

Жұмыс жігін түзбестен, бетон қоспасының шектес қабаттарын төсеу арасындағы үзілістің ұзақтығы ... белгіленеді.


48 сұрақ

Қышқылға төзімді бетонның 28 тәулік ішінде қатаюы ... төмен емес температурада болуы тиіс.


49 сұрақ

Ауаның теріс таңбалы температурасында салынатын конструкциялардың қорама қалыпқа салынған бетон қоспасының температурасы ұстаудың немесе жылулық өңдеу кезіндегі термиялық өңдеу кезінде... болуы тиіс.


50 сұрақ

Қандай ауа температурасында резервуар конструкциялардың гидравликалық сынағын жүргізу қажет?


51 сұрақ

Жіксіз жабындар мен тақталардан жасалған жабындар болғанда (бетон жабындардың барлық түрлерінен басқа), еденге сұйықтықтардың әсер ету қарқындылығы орташа және жоғары болатын үй-жайлардағы едендердің еңістері ...


52 сұрақ

Едендердің астына цементті-құмды ерітіндіден жіберілетін қабаттың ең аз қалыңдығы ...


53 сұрақ

Жабында еңіс жасауға арналған тұтастырғыштар ... орындалады.

54 сұрақ

К3 үлгісіндегі крест тәрізді қосылыс кезінде арматураның ең аз қандай диаметрінде қолмен доғалық пісіруді жүргізуге болады?


55 сұрақ

Болат конструкциялар қандай сызбаларға сәйкес дайындалуы және монтаждалуы тиіс?


56 сұрақ

Жобада тығыздап қиюластыру көзделген қосылыстардағы металл бөлшектердің арасындағы саңылау қандай болуы тиіс?


57 сұрақ

Сейсмикалық емес аудандардағы тірек/күш түсетін қабырғалары кірпіштен (тастан) жасалған ғимараттардың мүмкін болатын биіктігі ...

58 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы топырағы отырғыш, қорыстары, шаймаапандары, тау-кен қазбалары бар, жыныстары физикалық-геологиялық үдерістермен қатты бұзылған алаңдарда ғимараттар салу мүмкіндігі.
59 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы биіктігі 9 қабаттан асатын ғимараттарда жоспарлау белгісіне қатысты іргетастар табанының орналасу тереңдігі.
60 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда жабын арқалықтарының тас және бетон қабырғаларға сүйену учаскелерінің ұзындығы.


61 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда күш түсетін тұтас құймалы қабырғаларды далалық шегендеу кезінде тік қаңқаларды орнату.


62 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы көлемді темір-бетон блоктардан жасалған ғимараттардағы қырлы/қабырғалы қабырғалардың параметрлері.


63 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы ғимараттардың қабырғаларындағы сейсмикаға қарсы белдеу бетонының сыныбы.


64 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы қабат биіктігінің кірпіш қабырға қалыңдығына қатынасы.


65 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы күш түсетін қабырғалары кірпіштен (тастан) жасалған ғимараттарда металл торы бойымен сыланған, ағаштан жасалған карниздердің мүмкін болатын шығарылуы.


66 сұрақ

Саңылауларды жаншып тесу кезінде алюминий бөлшектердің тойтару қосылыстарын орнату ...


67 сұрақ

Пайдалану процесіндегі ағаштарды қашан и қалай прораб немесе шебер тексеріп шығуы тиіс.
68 сұрақ

Аспалы ағаштар мен көпірлер оларды бір сағат бойы нормативтік жүктемеден .... асып кететін статикалық жүктемемен сынағаннан кейін ғана қолдануға жіберіле алады.


69 сұрақ

Ағаш және металл сатылар/баспалдақтар қаншалықты жиі пайдаланылады?


70 сұрақ

Потенциалды қауіпті өндірістік факторлар аймағына .... жатады.


71 сұрақ

... қашықтықта ашық от болған кезде май ағызуға, толтыруға және шаюға тыйым салынады?


72 сұрақ

Ауа сөндіргіштері саналатын жерден қандай жерде монтаждау жұмыстарын орындауға немесе бөгде тұлғалардың жүруіне тыйым салынады?


73 сұрақ

Жұмыстар жүргізудің тығыз орналасу жағдайларында қалыптасқан қалалық құрылыс учаскелерінде объектілер құрылысын жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайларда (жобада көрсетілген және белгіленген тәртіпте келісілген шекпен салыстырғанда, объектінің құрылысын салу кезеңіндегі жұмыстар жүргізудің шегі ұлғайған болса) жұмыстарды жүргізу жобасының құрылыстық бас жоспары ... органдармен келісіледі.


74 сұрақ

Құбырлық арматура жабық күйінде құрастырылуы тиіс. Арматураның ернемектік және дәнекерленген қосылыстары құбырларды кермей орындалуы тиіс. Құбырға пісіріп дәнекерленген фланец жазықтығының құбыр осіне қатысты перпендикулярлықтан мүмкін болатын ауытқуы ...


75 сұрақ

Бетондардың негізгі нормалаушы және бақыланатын сипаттамалары ретінде ... белгіленуі тиіс.


76 сұрақ

Желілік жиынтықтау базаларында түсірілетін тіректерді түрлері бойынша бөлу және биіктігі ... көлденең қатардан аспайтын қабаттарға қою қажет.


77 сұрақ

Темір жолдардың түйіспе желілерін монтаждау кезінде қимасы 35, 50, 70, 95, 120 мм2 мыс және болат-мыс арқандар мен қимасы 120, 150, 185 мм2 алюминий сымдарды ... түйістіру қажет.


78 сұрақ

Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктікте жасалатын жұмыстар ... қолайсыз ауа райында бұдан бұрын басталған болса, жүргізілмеуі және тоқтатылмауы тиіс.


79 сұрақ

Ішуге жарамды су қондырғысы бөлмелердегі жұмыс орындарынан ... қашықтығында орналасуы тиіс.


80 сұрақ

Ішуге жарамды су қондырғысы құрылыс алаңындағы жұмыс орындарынан ... қашықтығында орналасуы тиіс.


81 сұрақ

Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасынга қатысты нормалар мен ережелерге сәйкес жұмыс істеп тұрған (қосылған) қозғалтқышпен машиналарды қараусыз қалдыру?
82 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы көтеруші қабырға конструкцияларын қалауды көлденең арматуралауға қойылатын талаптар.


83 сұрақ

Қазаншұңқырдан немесе траншеядан алынған топырақты шұңқыр жиегінен ... арақашықтықта орналастыру қажет.


84 сұрақ

Бетонды электрмен қыздыру кезінде электр жабдығын монтаждау мен қоректендіруші желіге қосуды ... орындаулары тиіс.


85 сұрақ

Шатырдың қандай еңісінде жұмыс істеген кезде жұмысшылар сақтандыру белдіктерін қолданулары тиіс?


86 сұрақ

Өзендер мен су айдындарында қандай толқу кезінде қада қағу жұмыстарын істеуге рұқсат етілмейді?


87 сұрақ

Газ тарату жүйесі - ...


88 сұрақ

Газ қысымының шамасы өндіріс талаптарына байланысты болатын өндірістік ғимараттардағы ішкі газ құбырларындағы газдың қысымы қандай қысымға сәйкес болуы тиіс?


89 сұрақ

Жер үсті және жер бетіндегі газ құбырлары үшін құбырлардың қандай түрлерін қолданады?


90 сұрақ

Атқарушылық құжаттамаға не жатпайды?
91 сұрақ

Су ұстатқыш қабат үшін түйіршіктерінің ірілігі ... ұсақ керамзитті қиыршық тас қолдану ұсынылады.
92 сұрақ

Жаңа объектіні салуға немесе объектіні қайта құруға арналған құрылыс алаңын дайындау мақсатаныда ғимарттар мен құрылыстады жою және бұзу ... жүзеге асырылады.
93 сұрақ

Жұмсақ және жартылай қатты талшықты бұйымдарды қолдана отырып, құбырларды жылу оқшаулау кезінде нені қамтамасыз ету қажет?


94 сұрақ

Беттік тығыздығы қандай түсқағаздарды айқас желімдеу қажет?
95 сұрақ

Битумды сіңіре отырып, қиыршық тастан жасалған судан оқшаулау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қандай мемлекеттік нормативке сәйкес жүргізілуі тиіс?
96 сұрақ

Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру жүйесі қандай бақылау түрлерін қамтиды?


97 сұрақ

Конструкциялар мен инженерлік жабдықтың техникалық жай-күйін аспаптық бақылау қандай мерзімде жүргізіледі?


98 сұрақ

Ғимараттың жалпы тексеруін жүргізудің мақсаты ... болып табылады.


99 сұрақ

Ғимаратты, пәтерлерді (үй-жайларды) аспаптық қабылдау бақылауы қандай мақсатпен жүргізіледі?


100 сұрақ

Көрінетін үшбұрыштар шегінде ғимараттарды, құрылыстарды, жылжымалы объектілерді (дүңгіршектерді, фургондарды, жарнамаларды, шағын архитектуралық нысандарды және т.б.), ағаштар мен бұталарды ... асатын биіктікте орналастыруға рұқсат етілмейді.


2-нұсқа
1 сұрақ

Қандай жағдайда мердiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырыс беруші берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ?
2 сұрақ

Тапсырыс беруші қандай мерзімде орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердiң қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда, бұл туралы мердiгерге мәлiмдеуге мiндеттi?
3 сұрақ

Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргізушілердің және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс объектілерін пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуі абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда көзделетін жазалау шаралары.


4 сұрақ

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiпте бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу ...
5 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi ... мiндеттi.
6 сұрақ

Реттеу объектілеріне қарай рұқсаттар ... сыныптарға бөлінеді:


7 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес қай анықтама «тұрғын емес үй-жай» терминіне сәйкес келеді?


8 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес қай анықтама «қайта жабдықтау» терминіне сәйкес келеді?


9 сұрақ

Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
10 сұрақ

Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзғандығы үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
11 сұрақ

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындағаны, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығарғаны, қолданғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынған айыппұл.

12 сұрақ



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қоғамдық мүдделер - ...
13 сұрақ

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайтадан объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салғаны (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) үшін (демек, бұзушылықты жоймағаны үшін) лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл.
14 сұрақ

Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдаланғаны (тұрғаны, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсеткені, өнiм өндiргені) үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл.
15 сұрақ

Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтағаны және қайта жоспарлағаны үшін орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл.
16 сұрақ

Объектінің техникалық күрделілігі құрылыс объектісінің жауапкершілік деңгейімен анықталады. Құрылыстағы объектілердің барлығы қанша жауапкершілік деңгейі бар?


17 сұрақ

Мыналардың қайсысына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылмайды?
18 сұрақ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексімен не анықталмайды?


19 сұрақ

Рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар ... уәкілетті.
20 сұрақ

Хабарлама дегеніміз – ...
21 сұрақ

Мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар ...
22 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес қай анықтама «қайта жоспарлау» терминіне сәйкес келеді?


23 сұрақ

Құрылыс объектісін салу кезіндегі қандай тармақ қауіпсіздікке қойылатын маңызды талаптарға жатпайды?
24 сұрақ

Құрылыс объектісін салу ...
25 сұрақ

Өртке қарсы аймақтардың өртке қарсы қабырғалары, аражабындары, жабындары, құрастырылымдары қандай материалдардан орындалуы тиіс?
26 сұрақ

Отқа төзімділік деңгейіне қарай ғимараттар, құрылыстар мен өртке бөліктер ... бөлінеді.


27 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес қай анықтама «тұрғын үйдің табиғи тозуы» терминіне сәйкес келеді?


28 сұрақ

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы – ...
29 сұрақ

Мына құжаттардың қайсысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның кадр қызметі дайындап, аттестаттау комиссиясының жұмыс органына жіберетін құжаттардың тізіміне енбейді?


30 сұрақ

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңына сәйкес қандай мақсатта тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) құралады?


31 сұрақ

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңының нормаларына сәйкес үлескердің міндеттемелері ... орындалған болып табылады.

32 сұрақ

... объектілерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.


33 сұрақ

Салынуға тиiс құбырлар мен соған iлеспе инженерлiк құрылыстарды жобалау … қамтамасыз етiлуге тиiс.
34 сұрақ

... асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.
35 сұрақ

Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың қандай салаларында іске асырылуы мүмкін?
36 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс слаасындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшесі техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға берілген сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беруге өтінішті қарау мерзімін көрсетіңіз.


37 сұрақ

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде қандай құжаттардың негізі көрсетіледі?
38 сұрақ

Құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы – бұл …


39 сұрақ

Жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган ... мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.


40 сұрақ

Пестицидтер қоймасын жоспарлау ... функционалды бөлімшелерінің болуын қарастырады.


41 сұрақ

Газ өткізгіш құбырдың номиналды диаметрі 400 мм-ден астам және 700 мм-ге дейін қоса алғандағы шамаға тең болса, шектес құбырлардың осьтері арасындағы ең аз арақашықтық қандай болуы тиіс?


42 сұрақ

Сыртқы ауаның оң температурасы кезінде қолданылатын мастиканың температурасы болуы керек.
43 сұрақ

Бетон мен темір-бетонды механикалық өңдеу кезіндегі бетон мен темір-бетонның мүмкін болатын беріктігі?


44 сұрақ

Төбелермен немесе уақытша бекітпелермен бекітілмеген, қалыңдығы 90 мм армирленбеген тас арақабырғалардың/аралықтардың биіктігі ... аспау керек.
45 сұрақ

Іргетас блоктарының және бөлшектер осьтерінің қауіп-қатері бар іргетас стакандарының орнату нұсқауларын теңестіруден рұқсат етілген ауытқу ...


46 сұрақ

Ғимараттар мен құрылыстарды салу жұмыстарын ... жүргізу қажет:


47 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген кезде монтаждалатын элементтердің маталуын ... жүргізу қажет.


48 сұрақ

Төселген бетон қоспаның жоғарғы деңгейі қорама қалып қалқандарының жоғарғы жағынан ... төменірек болуы тиіс.


49 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде конструкцияларды қалыптан алып тастау және кейіннен бетонды өңдеу қышқылға төзімді бетон ... жеткеннен кейін мүмкін болады.


50 сұрақ

Қорама қалыпқа салынған бетон қоспаның, ауаның теріс таңбалы температурасында салынатын конструкциялардың температурасы ұстау және жылулық өңдеу барысында портландцементтен жасалған, бетон үшін мынадай болуы тиіс.


51 сұрақ

Жабындар төсемтастан, кірпіштен және бетонның барлық түрлерінен жасалған жағдайда, еденге сұйықтықтардың әсер ету қарқындылығы орташа және жоғары болатын үй-жайлардағы едендердің еңістері ...тең болуы қажет.


52 сұрақ

Едендердің астына латекс қоса отырып, цементті-құмды ерітіндіден жіберілетін қабаттың ең аз қалыңдығы ...


53 сұрақ

Құймалы полимер жабындардың астына жіберілетін тұтастырғыштар ...

54 сұрақ

С23 үлгісіндегі қосымша технологиялық элементтерсіз қолмен доғалық пісіру арқылы жасалған АІІ және АІІІ сыныпты арматураның диаметрі 10-25 мм екі өзегінің түйіскен қосылыстарындағы жіктің ең аз ұзындығы ...


55 сұрақ

КМД сызбаларын әзірлеу кезінде монтаждау жұмыстарының технологиясымен анықталатын қандай талаптар есепке алынуы тиіс?


56 сұрақ

Жоғары дәлдіктегі бұрандамалар үшін тесіктердің номиналды диаметрлері қандай болып қабылданады?


57 сұрақ

Ауыр ерітінділер ...


58 сұрақ

Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар үшін құрылыс алаңының сейсмикалығы 9 балл болғанда қабырғалары кірпіш (тас) қалаудан немесе ірі блоктардан салынған ғимараттардың биіктігі бойынша шектеу.


59 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда құрама таспалы іргетастарды орнатуға қойылатын талаптар.


60 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда күш көтеретін және күш көтермейтін конструкциялардың бөлек жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін күш көтермейтін және күш көтеретін конструкциялардың арасындағы тік саңылаулардың жалпақтығы.


61 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда күш түсетін тұтас құймалы қабырғаларды далалық шегендеу кезіндегі көлденең өзектер.


62 сұрақ

Сейсмикалық аудандарда көлемді темір-бетон блоктарды дайындауға арналған бетонның сыныбы.


63 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы ғимараттардың қабырғаларында сейсмикаға қарсы белдеуді шегендеу.


64 сұрақ

Алаңның сейсмикалығы 7 балл болғанда, кірпіш қабырғалы ғимараттардағы көлденең қабырғалар осьтерінің немесе оларды алмастыратын рамалардың арасындағы арақашықтық ... аспауы тиіс.
65 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы тірек/күш көтеретін қабырғалары кірпіштен (тастан) салынған ғимараттарда сыланбаған ағаш карниздердің мүмкін болатын шығарылымы.


66 сұрақ

Конструкция элементтерінің бойлық дәнекерленген жіктерінің (қаптаудағы, жабындық ендердегі және т.с.с.) жік маңы аймағындағы алюминийдің босаңсуына тигізетін ықпалы есепке алынады ма?


67 сұрақ

Кескіш кабель төсегіш көмегімен траншейсіз кабельді ... төсеуге тыйым салынады.


68 сұрақ

Қайта монтаждалған электр қондырғыларды әрекет етушілерге жалғау бойынша жұмыстар ... орындалуы тиіс.
69 сұрақ

Жер жұмыстарын тоқтатқан кезде, соның ішінде уақытша тоқтатқан кезде экскаваторды қазандық жиегінен қанша қашықтыққа апарып тастаған жөн?


70 сұрақ

Экскаватор қозғалысы кезінде оның стреласын тек қай бағытта ғана орнату қажет?
71 сұрақ

Экскаватор қозғалысы кезінде шөмішті жер бетінен қандай биіктікте көтеру қажет?
72 сұрақ

Желдің қандай жылдамдығы кезінде таудағы ағаштарда ағаштарды құлатуға, ағаштарды жонуға, бұтақтарын шабуға және шыбықтарын жонуға рұқсат етілмейді?
73 сұрақ

Желдің қандай жылдамдығы кезінде жазық жерлерде тек ағаштарды құлату рұқсат етілмейді?
74 сұрақ

Құрылысты тоқтату және уақытша тоқтату туралы шешімді кім қабылдайды?


75 сұрақ

Көшедегі өзағар желінің ең кіші диаметрлері қандай болуы керек?


76 сұрақ

Диаметрі 600 мм-ден астам су құбырларын салу кезінде құбырлардың қабырғаларынан технологиялық ұңғымалардың ішкі беттеріне дейінгі ең аз қашықтық.


77 сұрақ

Аралықтар мен станциялардың барлық жолдарында темір жолдардың түйіспе желілерінің түйіспе сымдарын түйістіруге болатын ең аз арақашықтық.


78 сұрақ

... қада қадаушы және бұрғылаушы машиналарды монтаждауға, демонтаждауға және жылжытуға рұқсат етілмейді.


79 сұрақ

... құрылыс алаңының аумағына енуге тыйым салынады?


80 сұрақ

Машиналардың қозғалмалы бөліктерінің және жұмыс органдарының жанындағы қауіпті аймақтардың шекаралары ... шегіндегі арақашықтықпен анықталады.


81 сұрақ

Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін негізге ала отырып, дайындаушы зауыттың жобасында немесе нұсқаулығында айрықша нұсқаулар болмаған жағдайда, мінбесатының ғимарат қабырғаларына бекітілуі ... жүзеге асырылуы тиіс.


82 сұрақ

Сейсмикалық аудандардағы темір бетон жиектердің қатты түйіндерін күшейту ....... жүргізіледі.


83 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуы үшін жақын маңда жер асты құрылыстары жоқ жерде және жер асты суларының деңгейінен жоғары тасты емес және қатпаған топырақта бекітусіз тік қабырғалы қазаншұңқырлар мен траншеяларды ... аспайтын тереңдікте қазуға болады.


84 сұрақ

Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін негізге ала отырып, монтаждау жұмыстары жүргізілетін учаскеде (алымда) басқа жұмыстарды орындауға және бөгде адамдардың болуына рұқсат беріледі ме?


85 сұрақ

Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін негізге ала отырып, шатырдың қандай еңісінде шатырда жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың өтуі үшін аяқ тіреуге арналған көлденең тақтайшалары бар, жалпақтығы кемінде 0,3 м басқыштар орнату қажет?


86 сұрақ

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталуы үшін жерді қатыру жұмыстарын орындауға арналған жабдықтар мен құбырлар ... сыналуы тиіс.


87 сұрақ

Газ тарату желісі - ...


88 сұрақ

Өндірістік ғимараттардағы ішкі газ құбырларындағы газдың қысымы қандай қысымға сәйкес болуы тиіс?


89 сұрақ

Болаттан жасалған жер асты газ құбырлары үшін дәнекерленген қосылыстардың қандай түрлері қолданылуы тиіс?


90 сұрақ

Жауапты жұмыс өндіруші қандай мерзім ішінде қолданыстағы жер асты коммуникациялары мен қондырғыларын пайдалатын ұйымдардың өкілдерін, ал олар болмаған жағдайда, жобалық құжаттаманы келіскен ұйымдардың өкілдерін шақыруға міндетті?


91 сұрақ

Қандай жағдайларда жұмыстарды жүргізу жобасы әзірленеді?
92 сұрақ

Егер осы объектіні салуға жұмыстарды жүргізу жобасы әзірленбеген болса, онда қауіпсіздік техникасы бойынша шешімдер …..
93 сұрақ

Тақталардан жасалған жылу оқшаулау кезінде жылытқыштар қалай төселуі тиіс?


94 сұрақ

Құрылыс конструкциялары мен технологиялық жабдықтың коррозияға қарсы жабындары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қандай мемлекеттік нормативтің талаптарын қанағаттандыруы тиіс?
95 сұрақ

Қандай материалдар үшін екі метрлік бақылау төрткілдеші мен еден элементінің тексерілетін беті арасындағы саңылаулар 10 мм-ден аспауы тиіс?
96 сұрақ

Ғимараттар мен имараттарды аспаптық алдын алу және қабылдау үшін бақылауды кім жүргізуі керек?


97 сұрақ

Байқаулар кезінде қажетті өлшемдерді кім орындайды?


98 сұрақ

Инженерлік жабдықтың аспаптық бақылауы қалай жүзеге асырылады?


99 сұрақ

Коррозиялық зақымдалулардың ауданы немен есептеледі?


100 сұрақ

Жаяусоқпақ құрылымын таңдау ... анықталады:


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау