Бұл әдістемелік нұсқауда курстық жобаны орындауға арналған қажетті теориялық материалдар берілген



жүктеу 1,87 Mb.
бет1/17
Дата23.11.2018
өлшемі1,87 Mb.
#23738
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

А.А. Мәкенов,

А.С. Әбеджанова


ЖОЛ ЖҮРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және

көлікті пайдалануды» мамандығы

(«Жол жүрісін ұйымдастыру» мамандандыру)

бойынша күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге курстық жобаны орындауға арналған Әдістемелік нұсқау

Өскемен

2014


ОӘЖ 656. 13. 08
Мәкенов А.А. Жол жүрісін ұйымдастыру: 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалануды» мамандығы («Жол жүрісін ұйымдастыру» мамандандыру) бойынша күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау/ А.А. Мәкенов, А.С. Әбеджанова/ ШҚМТУ. - Өскемен, 2014. – 27 бет.

Бұл әдістемелік нұсқауда курстық жобаны орындауға арналған қажетті теориялық материалдар берілген.


Машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесінде бекітілген


________2014 _______Хаттама

© Д. Серікбаев атындағы Шығыс

Қазақстан мемлекеттік техникалық

университеті, 2014


МАЗМҰНЫ
Кіріспе...........................................................................................................................4

1 Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.............................5

1.1 Тапсырма ңұсқасының нөмірін анықтау.............................................................5

1.2 Көлік ағынының келтірілген қарқындылығын есептеу.....................................5

1.3 Болашақтағы жүріс қарқындылығын есептеуді анықтау..................................5

1.4 Жол қиылысына келудегі жүріс санын (қатар) алдын-ала анықтау.................6

1.5 Даулы нүктелер саны мен мүмкін болатын даулы күйлерді анықтау..............6

1.6 Көлік құралдар және жаяу жүргінші ағыны қарқындылығының картограм-масын құру...................................................................................................................7

1.7 Бағдаршаммен реттеуді енгізудің негіздемесі....................................................7

1.8 Фазалық айырылу сұлбасының нұсқасын әзірлеу..............................................7

1.9 Жүру бөлігінің енін анықтау................................................................................8

1.10 Цикл ұзақтығын және оның элементтерін есептеу..........................................8

1.11 Бағдаршаммен реттеуді енгізгеннен кейінгі даулы нүкте саны мен мүмкін болатын даулы күйлерді анықтау.............................................................................14

1.12 Фазалық айырылудың тиімді сұлбасын таңдау..............................................14

1.13 Жол қиылысының жоспарын құру.................................................................. 14

1.14 Бағдаршамдық сигнал беру жұмысының кестесін құру............................... 15

1.15 Курстық жобаны рәсімдеу................................................................................15

әдебиеттер тізімі.......................................................................................................18

Қосымша А Жол қиылыстары сұлбасының нұсқаулары...................................... 19

Қосымша Б Көлік және жаяу жүргіншілер ағынының қарқындылық мәндер нұсқаулары................................................................................................................ 21

Қосымша В Көлік ағындары құрамы және жүктеу еселік мәндерінің нұсқау-лары.............................................................................................................................22

Қосымша Г Тапсырма бетін хаттау үлгісі.............................................................. 23

Қосымша Д Бағдаршаммен реттеуді енгізудің негіздемесі (1412-2005 ҚР СТ сәйкес) ....................................................................................................................... 24

Қосымша Е Қалалық жолдар мен көшелердің жалпы параметрлері (3.01.01 – 2002 СН және П сәйкес)...........................................................................................25

Қосымша Ж Түсініктеме хаттың сыртқы бет түрі.................................................27

КІРІСПЕ
«Жол жүрісін ұйымдастыру» пәні бойынша курстық жобаның негізгі мақсаты ол жеке жол қиылыстарында қатаң бағдарламалық басқару жағдайында инженерлік есептеулерді тәжірибе жүзінде орындау, арнаулы пәндердің теориялық негізін бекіту болып табылады.

Тапсырманың негізі жол қиылысындағы көлік құралдардың фазалық айырылу сұлбасын таңдау және бағдаршамдық сигнал беру параметрлерін есептеу – тәжірибеде жол жүрісін ұйымдастырудың типтік мәселесінің бірі болып табылады. Осы кезде көлік және жаяу жүргінші ағындарының талабын ескере отырып, альтернативті нұсқа шешімін әзірлеуге тірек жасалынған. Жүрісті ұйымдастырудың техникалық құралдарын дұрыс пайдалану және орналастыру сауалдарына аса көңіл бөлінеді.

Әдістемелік нұсқауға сәйкес кең пайдаланатын нормативтік құжаттардың негізгі қағидалары жеке практикалық есептер курстық жобаның шеңберінде қарастырылады. Сонымен қатар курстық жобаның түсініктеме хатына, графикалық бөлім қисындығының дәлдігіне, сауатты мазмұнының реттілік ісіне және қорғау кезінде баяндаманың мазмұнына көбірек назар аудару керек.

1 Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаУЛАР


1.1 Тапсырма ңұсқасының нөмірін анықтау
Курстық жобаны орындауға тапсырма ңұсқасының нөмірі, әдеттегідей, осы оқу тобындағы студенттерге жетекшілік жүргізетін мұғаліммен аңықталынады. Сонымен қатар курстық жобаның жетекшісі тапсырма ңұсқасының нөмірін келесі амалмен анықтай алады: өзінің оқу тобындағы студенттер тізімінің нөміріне (соңғы цифры) сәйкес А қосымшасынан қиылыстың сұлбасы таңдалынады; студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифрының алдындағы цифр бойынша көлік және жаяу жүргінші ағындарының қарқындылық мәні (қосымша Б), соңғы цифрға байланысты – жүріс бағыттары бойынша көлік ағынының құрамы және жүктеу еселігінің мәні (қосымша В) анықталынады.

Курстық жобаны орындау үшін таңдалған бастапқы деректер «Тапсырманың нұсқасы» бланкісіне реттелмеген жол қиылысы сұлбасы және бастапқы деректер кестесіне көшіріледі.


1.2 Көлік ағынының келтірілген қарқындылығын есептеу
Көлік құралдарының жүріс қарқындылығы Nnpi келтірілген бірлік бағыты бойынша келесі формуламен анықталады:
Nкi = , бірлік/сағат (1.1)

мұнда, Ni i-бағыты бойынша берілген жүріс қарқындылығы, авт./сағ;



і – қозғалыс бағытының нөмірі;

Рж, Ржүк, Рав - жеңіл және жүк автокөліктер, автобустардың көлік ағынындағы берілген пайыздық мәні;

Ккж, Ккжүк, Ккав – жеңіл және ауыр автокөліктер, автобустар үшін келтіру еселігі (Ккж =1,0; Ккжүк =2,0; Ккав =2,5).

Алынған сандық көрсеткіштерді Nкi үлкен мәнге қарай бүтін санға дейін доңгелектеп кесте түрінде көрсетілуі мүмкін.


1.3 Болашақтағы жүріс қарқындылығын есептеуді анықтау
Келтірілген жүріс қарқындылығы және сәйкес жүктеу еселігі туралы көрсеткіштер негізінде болашақта Nбi бағыты бойынша күтілетін ең жоғарғы қозғалыс қарқындылығы келесі формуламен есептелінеді.
Nбi=, бір./сағ. (1.2)

мұнда, Zi – тапсырма нұсқасында көрсетілгендей, берілген бағыт бойынша жүктеу еселігі (жүктеу еселік мөлшері тиімді қозғалыс тәртібіне сәйкес, белгілі бір өткізу қабілетінің барлығын ескеру шамаланған).

Алынған сандық мәні Nбi үлкен жағына қарай бүтін санға дейін доңгелектенеді.


жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау