Распоряжение



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#21742
1   2   3

7.23.3. Курстық жоба (жұмыс) бойынша академиялық қарызды жою, егер олар осы пән бойынша қорытынды болып табылатын болса, ақылы негізде жүзеге асырылады.

7.23.4. Практикадан өтпеген немесе практика бойынша есепті қорғамаған студенттердің практика бойынша академиялық қарызын жоюы ақылы негізде жүзеге асырылады. Шығарушы кафедралар студенттің курста оқу мерзімі бойынша студенттерге сабақтан бос уақытында оқу және өндірістік практикаларды ақылы негізде өтуді мүмкіндігінше ұйымдастыра алады. Нәтижелер студенттің өту балының GPA-сын есептеу кезінде есепке алынады.

7.24. Өткен оқу кезеңіндегі академиялық қарыздарды жою мақсатында пәндерді оқыту үшін ақылы қызметтерді ұсыну бойынша өтініштер мен шарттарды студенттер сабақтың басталуына 1 аптаға дейін кешіктірмей Univer 2/0 АЖ-де жасайды.

7.25. декан берілген өтінішті қарайды және оң шешім қабылданса, білім алушыны ақылы білім беру қызметі туралы шартты ресімдеу үшін ШБҚБ –ға жібереді;

7.26. берілген пәндер кредиттер саны бойынша төлеу банк бөлімшесінде жүргізіледі, төлемақы туралы түбіртекті тіркеу үшін БҚҚБ-ге тапсырылады;

7.27. Тіркеу бөлімі төлем және шарт негізінде қосымша оқу семестрін ұйымдастыру туралы Университет бойынша бұйрық негізінде шешім қабылдайды. Оны Тіркеу бөлімі құрастырады;

7.28. кафедра меңгерушілері қосымша оқу семестрінің кестесін жасайды. Кесте қосымша оқу семестріне жұмылдырылған дәріс берушілер мен тьюторлардың бос уақыты есебінен құрастырылады;

7.29. - қосымша оқу семестрін ұйымдастыру білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мамандықтың оқу жоспарынан тыс оқылатын пәндер бойынша білім алушылардың білімін қорытынды бағалауды жазғы семестр кезінде дәрістер оқитын дәріс оқушы жүзеге асырады.

7.30. Қосымша семестрдегі оқу:

- көрсетілген пәндерді игеру мақсатында қосымша немесе кезекті академиялық семестр ішінде білім алушылардың сабаққа қатысуын;

- пәндер бойынша рейтингті анықтау мақсатында барлық оқу тапсырмаларын орындауды;

- пәндер бойынша емтиханды жақсы бағаға тапсыруды көздейді.



7.31. Жазғы семестр мерзімінде меңгерілген мамандықтың оқу жоспарындағы пәндері бойынша емтихан нәтижелері GPA-ға енеді.

8. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан өткізу тәртібі

8.1. ЖОО-ның барлық баккалавриат мамандықтары бойынша білім алушылар «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні аяқталғаннан кейін, сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

8.2. Мемлекеттік емтиханды «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнін оқытатын кафедра факультет деканатымен (институт директораты) және Тіркеу офисімен бірлесіп ұйымдастырып өткізеді.

8.3. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан өткізу үшін осы пән бойынша типтік оқу бағдарламасының негізінде кафедра білім берудің барлық түрлеріне және мамандықтарға біркелкі оқу-жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

8.4. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан өткізу нысаны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде анықталады.

8.5. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан алу үшін күнтізбелік жылға факультет деканының ұсынысы бойынша мемлекеттік емтихан комиссиясы құрылады.

8.6. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен МЕК Төрағасы мен құрамы Ғылыми кеңес шешімінің негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

8.7. МЕК отырыстарының кестесін академиялық күнтізбеге сәйкес Тіркеу офисі жасайды және оны ЖОО-ның басшысы мемлекеттік емтихан басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.

8.7. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспауы керек.

8.8. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан ұйымдастыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ, МЕК отырысының рәсімі Ғылыми кеңес шешімінің негізінде анықталады.

8.9. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесінде (6-кесте).

Бұл ретте, рұқсат рейтингісінің бағасы және мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады. Пән бойынша мемлекеттік емтиханға рұқсат рейтингісінің бағасы қорытынды бағаның 60%-ын құрайды.



8.10. Білім алушы «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол ақылы негізде осы пәнге қайтадан жазылуы тиіс, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қайта қатысуы, ағымдық бақылау талаптарын орындауы, рұқсат алуға және мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруы керек.

8.11. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханның оң бағасын жоғарылату мақсатында қайта тапсыру осы Бұйрықтың 8.10-тармағында көрсетілген рәсімге ұқсас жүзеге асырылады.

8.12. Мемлекеттік емтиханның нәтижесімен келіспейтін білім алушылар МЕК өткеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей апелляция береді.

8.13. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің тәжірибелі оқытушыларының арасынан апелляциялық комиссия құралады.

8.14. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсырудың нәтижелері тапсыру жоспарланған емтихан сессиясын қорытындылағанда ескеріледі.

Мемлекеттік емтихан аяқталғанда МЕК жетекшісі МЕК жұмысына қатысты есеп береді. Ол ЖОО Ғылыми кеңесінің отырысында талқыланып мақұлданады.



9. Бакалавриат білім алушыларының қорытынды аттестациясы

9.1. ЖОО-ның бакалавриат білім алушыларын қорытынды аттестаттау МЖМБС-да белгіленген нысан бойынша жүргізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеге және мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған.

9.2. Бакалавриат білім алушыларының қорытынды аттестациясы мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмыс (жоба) қорғау түрінде өтеді немесе мамандық және екі бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде өтеді.

9.3. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылуы мен қорғау тәртібін қамтиды. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) түлектің аналитикалық және зерттеу қабілеттерін анықтауға және бағалауға бағытталған.

9.4. СУДД қызметкерлері дипломдық жұмысты (жоны) плагиатқа тексереді.

9.5. Білім алушылардың теориялық дайындық деңгейіне, оқу жетістіктеріне, аналитикалық және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктеріне сәйкес Ғылыми кеңестің шешімімен қорытынды аттестация нысаны анықталады.

9.6. Мемлекеттік емтихан тапсырылатын бейіндік пәндердің тізімі бітіруші кафедра ұсынысы негізінде факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.

9.7. Қорытынды аттестацияға МЖМБС талаптарына, оқу бағдарламасына, жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарына және оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес білім процесін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.

9.8. Оқу бағдарламасының, оқу-жұмыс бағдарламасының және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей-ақ қайта оқу курсына қалдырылады.

9.9. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін мамандықтар бойынша немесе жоғары білім мамандықтарының топтары бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (әрі қарай – МАК) құрылады.

9.10. МАК құзіреттілігіне енеді:

1) оқу бағдарламасының белгіленген талаптарына мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарының сай келу деңгейін тексеру;

2) түлекке тиісті мамандық бойынша бакалавр дәрежесін беру;

3) мамандық бойынша сәйкес келетін біліктілікті бітіруші түлекке беру;

4) маман, бакалавр дипломын беру туралы шешім қабылдау;

5) мамандар даярлау сапасын әрі қарай жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.



9.11. МАК жетекшісі мен құрамы ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен ағымдағы оқу жылының 10 қаңтарынан кешіктірмей бекітіледі және ол ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде жарамды.

9.12. МАК құрамына түлектердің профиліне сәйкес профессорлар, доценттер, жоғары білікті мамандар кіреді.

9.13. Білім алушылардың қорытынды аттестациясын ұйымдастыру мен өткізу тәртібі, мемлекеттік емтихан нысаны және МАК мәжілісінің рәсімі Ғылыми кеңес шешімімен анықталады.

9.14. МАК жұмыс кестесін ректор бекітеді және жалпы назарға МАК жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ұсынылады.

Білім алушыларды қорытынды аттестацияға қабылдау осы бұйрықтың 9.7-тармағының негізінде және факультет деканының бұйрығымен білім алушының аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), мамандығы (оқу бағдарламасы) көрсетілген тізім құрамының түрінде ресімделеді.



9.15. МАК-қа қорытынды аттестация басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады:

1) білі алушының қорытынды аттестацияға рүқсаты жөніндегі бұйрық;

2) Барлық оқу кезеңіндегі білім алушының үлгерімінің (GPA) орташа балының шамасы есептелген транскрипт.

9.16. МАК-қа диплом жұмысын (жобасын) қорғау басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынылады:

1) диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшісінің пікірі, пікірде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген тұжырым беріледі;

2) диплом жұмысына пікір, пікірде диплом жұмысын (жобасын) қорғауға ұсынылатын жан-жақты сипаттама, білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалары көрсетілген дәлелденген қорытынды, тиісті мамандық бойынша біліктілікті немесе «бакалавр» дәрежесін беру мүмкіндіктері беріледі;

3) Қорғау туралы ұсыныс бойынша шығарушы кафедраның шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді);

4) Дипломдық жұмыстың (жоба) плагиатқа тексеруден өткені жөнінде анықтама (СУДД әзірлейді).

9.17. МАК-қа орындалған диплом жұмысының ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын материалдар, бейресми пікірлер, диплом жұмысының (жобасының) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдар мен бұйымдар үлгілері ұсынылады.

9.18. МАК мәжілісінің ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы керек.

9.19. Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан пәндердің оқу бағдарламасы негізінде шығарушы кафедра әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы Ғылыми Кеңес шешімімен бекітіледі.



9.20. Білім алушы диплом жұмысын (жобасын) ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін маманның бір пікірі болғанда қорғайды.

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген теріс баға берсе, білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғай алмайды.

Білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға пікір жазушы оң қорытынды жасаса да, теріс қортынды жасаса да жіберіледі.

9.21. Диплом жұмысының (жоба) ғылыми жетекшісі, тақырыбы әр білім алушыға Ғылыми кеңес шешімінің негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Диплом жұмысына (жоба) пікір білдірушілер тиісті құрылымдық жұмыс орны, лауазымы және білімі көрсетілген (мамандық бойынша академиялық немесе ғылыми дәрежесі, жоғары білімі туралы дипломы бойынша базалық білімі) бөлімшенің басшысының ұсынысы бойынша жалпы тізім түрінде ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.



9.22. Диплом жұмысына (жобасына) пікір айту біліктілігі қорғалатын диплом жұмысының бейініне сәйкес келетін тек ұйымдардың сыртқы мамандарымен ғана жүзеге асырылады.

9.23. Мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері бойынша білім алушының білімін бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшінің және пікір айтушылардың пікірлері қабылданады.

9.24. Мемлекеттік емтиханды тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері МАК мәжілісінің хаттамаларына қол қойғаннан кейін сол күні хабарлайды.

9.25. МАК барлық мәжілістері хаттамамен рәсімделеді.

9.26. МАК мәжілісінің хаттамалары әрбір түлек үшін жеке жүргізіледі. Егер мемлекеттік емтихан тестілеу түрінде өтсе, хаттаманы тіркеу үшін емтихан ведомосі негіз болып табылады.

9.27. Хаттаманы комиссия құрамы бекіткен, дауыс беруге құқығы жоқ МАК хатшысы толтырады.

9.28. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары, сондай-ақ, академиялық дәрежені беру немесе біліктілікті беру және мемлекеттік үлгідегі (үздік, үздік емес) диплом беру туралы шешімдер МАК жабық мәжілісінде қатысқан комиссия мүшелерінің басым ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстардың саны тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

9.29. Мак мәжілісінің хаттамалары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсанындағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы» заңына сәйкес ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

9.30. Студент орынды себеп бойынша қорытынды аттестацияға келмеген жағдайда МАК төрағасының атына өтініш жазады, орынды себебін дәлелдейтін құжат ұсынады, оның рұқсат етуі бойынша МАК мәжілісінің басқа күні емтихан тапсырады немесе диплом жұмысын қорғайды.

9.31. Студент қорытынды аттестация нәтижелерімен келіспеген жағдайда аттестация болған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

9.32. Апелляцияны өткізу үшін Ректор бұйрығымен біліктілігі мамандықтардың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар арасынан апелляциялық комиссия құрылады.

9.33. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулығы туралы МАК-қа ұсынылған құжаттар қарастырылмайды.

9.34. Жақсы бағаға көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жол берілмейді.

9.35. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалардың мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын қайта қорғауға қорытынды аттестацияның берілген мерзімінде рұқсат етілмейді.

9.36. Егер диплом жұмысы (жобасы) қанағаттанарлықсыз деп танылса, МАК осы жұмысты қайта өңдеп немесе жаңа тақырыпты әзірлеп қайта ұсыну мүмкіндігін бекітеді. МАК-тың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

9.37. Қорытынды аттестацияны тапсыра алмаған тұлға ЖОО басшысына бір жыл бұрын, келесі оқу жылының қорытынды аттестациясы басталғанға дейінбір айдан кешіктірмей қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға рұқсат ету туралы өтініш жазады.

9.38. Қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға рұқсат ету ректормен ресімделеді.

9.39. Қорытынды аттестацияны қайта тапсыру алдыңғы қорытынды аттестацияда қанағаттанарлықсыз баға алған түрлері бойынша ғана жүргізіледі.

9.40. Мемлекеттік емтихандар қатарына енгізілген пәндер тізімі осы емтихандарды тапсыра алмаған тұлғалар үшін теориялық курста білім алған жылы бойынша әрекет ететін оқу жоспарымен анықталады.

9.41. Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес меңгеруін растайтын студенттерге МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі ұсынылады немесе тиісті мамандық бойынша біліктілік беріледі, академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынжы аттестация аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

9.42. Диплом қосымшасында әрбір оқу пәні бойынша білімді бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша бағалары, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері кредитте және академиялық сағатта оның көлемін көрсете отырып соңғы бағалар қойылады.

9.43. МАК жұмысы аяқталғаннан кейін оның жетекшісі бакалавриат білім алушыларының қорытынды аттестациясы бойынша есеп жазады, ол Ғылыми кеңес мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.

9.44. Қорытынды аттестация нәтижелерінің негізінде ЖОО-ның басшысының бұйрығымен ЖОО-ның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестациядан сәтті өткен білім алушыларға бакалавр дәрежесі немесе тиісті мамандық бойынша біліктілік беріледі.

9.45. Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған білім алушылар ректордың бұйрығымен оқудан шығарылады және № 289 бұйрық бойынша бекітілген түрде оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі.

9.46. Білім беру бағдарламасын аяқтаған ЖОО түлектерінің тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда), ректордың қолы қойылған берілген дипломның нөмірі және мамандығы көрсетілген тізімі бұйрық шыққаннан кейін бір ай ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

10. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестациясы

10.1. ЖОО-да магистратура мен докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестациясы МЖМБС-ға сәйкес кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертация (жоба) немесе докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

10.2. Білім алушылардың қорытынды аттестациясының өту мерзімі мен ұзақтығы мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен және академиялық күнтізбемен белгіленеді.

10.3. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының, жұмыс және жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім процесін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

10.4. Оқу-жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының, жұмыс және жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс білім алушылар жазғы семестрден өтпестен қайталап оқу курсына қалдырылады.

10.5. Магистратура мен докторантурада білім алушылардан кешенді емтихан қабылдау үшін ЖОО жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары немесе мамандықтар топтары бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын құрады.

10.6. МАК-тың Төрағасы мен құрамын ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен ағымдағы оқу жылының 10 қаңтарынан кешіктірілмей бекітіледі және сол күнтізбелік жыл ішінде жарамды.

10.7. Магистратура мен докторантура мамандықтары бойынша МАК Төрағасы болып осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылымдар докторы ғылыми атағы немесе (PhD) философия докторы дәрежесі бар тұлғалар тағайындалады.

10.8. МАК құрамына кіреді:

- магистратура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылыми атағы, немесе ғылыми дәрежесі немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар; бейінді магистратура бойынша - бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін білікті мамандар-практикалық жұмысшылар;

- докторантура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы және (PhD) философия докторы дәрежесі бар тұлғалар.

10.9. МАК-тың сандық құрамы Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

10.10. Магистратура мендокторантурада білім алушылардың қорытынды аттестацисын ұйымдастыру мен өткізу, кешенді емтиханның нысаны мен МАК мәжілісінің рәсімі Ғылыми кеңес шешімімен анықталады.

10.11. МАК жұмыс кестесін Тіркеу офисі жасайды, Ректормен бекітіліп МАК жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жарияланады.

10.12. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестацияға жіберу Ректор бұйрығымен ресімделеді және қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей бекітіледі, МАК-қа ұсынылады.

10.13. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның оқу бағдарламасының негізгі және бейінді пәндер циклінің пәндері енеді.

10.14. Кешенді емтихан бағдарламасы, оны өткізу түрі және тапсырмалар құрамы аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндер оқу бағдарламасы негізінде ЖОО өзі әзірленеді.

10.15. Кешенді емтихан қабылданады:

- магистрлік диссертацияны (жоба) қорғауға дейін 1 ай ішінде кешіктірмей;

- докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай ішінде кешіктірмей.

10.16. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура және докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын хаттамамен ресімделеді.

МАК отырысының хаттамасын МАК құрамына енетін, бірақ дауыс беруге құқығы жоқ хатшы жүргізеді.



10.17. Тестілеу түрінде кешенді емтиханды өткізу кезінде жеке хаттаманы ресімдеу негізі емтихан ведомосі болып табылады.

10.18. Жақсы бағаға көтеру мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді.

10.19. Білім алушы кешенді емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан болған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

10.20. Апелляцияны өткізу үшін Ректор бұйрығымен біліктілігі мамандықтардың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар арасынан апелляциялық комиссия құрылады.

10.21. Кешенді емтихан бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен, № 289 Бұйрықпен бекітілген нысанда білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріле отырып, ЖОО-дан шығарылады.

10.22. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға кешенді емтихандарды қайта тапсыруға магистратурада немесе докторантурада қорытынды аттестация кезеңінде рұқсат етілмейді.

10.23. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі.

10.24. Магистрлік диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға рұқсат ету МАК Төрағасының кешенді емтихан тапсырғаны жөнінде ұсынысының және магистрлік диссертация (жоба) немесе докторлық диссертацияны қорғауға ұсыну туралы шығарушы кафедра меңгерушісінің қолы қойылған кафедра отырысының шешімінің көшірмесі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

10.25. Магистрант диссертация тақырыбы бойынша ғылыми баспаларда, журналдарда немесе халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың материалдарында кем дегенде бір жариялымы бар болған жағдайда ғана қорғауға рұқсат алады.

10.26. Магистрлік диссертацияларды (жобалар) СУДД қызметкерлері плагиатқа тексереді.

10.27. Магистрлік диссертацияның (жоба) ғылыми жетекшісі, тақырыбы әр білім алушыға Ғылыми кеңес шешімінің негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Магистрлік диссертацияға (жоба) пікір білдірушілер тиісті құрылымдық жұмыс орны, лауазымы және білімі көрсетілген (мамандық бойынша академиялық немесе ғылыми дәрежесі, жоғары білімі туралы дипломы бойынша базалық білімі) бөлімшенің басшысының ұсынысы бойынша жалпы тізім түрінде ЖОО басшысының бұйрығымен.



10.28. Магистрлік диссертацияға тек біліктілігі магистрлік диссертацияның (жобаның) бейініне сәйкес келетін, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, (PhD) философия докторы академиялық атағы бар мамандар, сыртқы ұйымнан келген бейіні бойынша доктор немесе магистр пікір білдіре алады.

10.29. Магистрант диссертациясын (жобасын) ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін маманның бір пікірі болғанда қорғайды.

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген теріс баға берсе, магистрант диссертациясын (жобасын) қорғай алмайды.

Магистрант диссертациясын (жобасын) қорғауға пікір жазушы оң қоры-тынды жасаса да, теріс қортынды жасаса да жіберіледі.

10.30. Кешенді емтихан және магистрлік диссертациясын (жобасын) қорғау нәтижелері бойынша білім алушының білімін бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшінің және пікір айтушылардың пікірлері қабылданады.

10.31. Қорытынды аттестациядан өткен және тиісті білім беру бағдарламасын меңгерген магистранттарға МАК шешімімен мамандығы бойынша «магистр» дәрежесі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 28 қаңтарындағы “Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 тіркелген) № 39 бұйрығымен бекітілген нысандағы мемлекеттік үлгідегі тегін диплом академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды аттестация аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде беріледі.

10.32. Диплом қосымшасында әрбір оқу пәні бойынша білімді бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша бағалары, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-зерттеу жұмыстары, кәсіби практика түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері кредитте және академиялық сағатта оның көлемін көрсете отырып соңғы бағалар қойылады.

10.33. МАК жұмысы аяқталғаннан кейін оның жетекшісі магистранттардың қорытынды аттестациясы бойынша есеп жазады, ол МАК жұмысы аяқталғаннан кейін бір ай ішінде Ғылыми кеңес мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.

10.34. МАК Төрағасының магистранттардың қорытынды аттестациясы жөніндегі есебіне осы Ережеде 4-қосымшада келтірілген кесте мен түсіндірме жазба кіреді.

Түсіндірме жазбада көрсетіледі:

- берілген мамандық бойынша магистрлердің дайындық деңгейі;

- кешенді емтихандағы магистранттардың білімінің сипаттамасы;

- магистрлік диссертацияны (жобаны) орындау сапасы;

- магистрлік диссертация (жоба) тақырыбының заманауи ғылым, техника, мәдениет пен өндіріс сұранысына сәйкестігі;

- осы мамандық бойынша магистрлердің дайындық сапасын талдау;

- магистрлерді дайындаудағы кемшіліктер;

- кафедра қорытындысының, ғылыми жетекші мен пікір білдірушілердің пікірлерінің магистрлік диссертация (жоба) қорғау деңгейіне сәйкестігі;

- магистрлерді дайындауды жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар.



10.35. Қорытынды аттестация нәтижелерінің негізінде ЖОО-ның басшысының бұйрығымен магистратураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестациядан сәтті өткен білім алушыларға тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесі беріледі.

10.36. Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған магистрант ректордың бұйрығымен оқудан шығарылады және № 289 бұйрық бойынша бекітілген түрде оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі.

10.37. Білім беру бағдарламасын аяқтаған магистратура түлектерінің тегі, есімі, әкесінің аты (болған жағдайда), ректордың қолы қойылған берілген дипломның нөмірі және мамандығы көрсетілген тізімі бұйрық шыққаннан кейін бір ай ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға беріледі .

10.38. Докторлық диссертация қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 мамырындағы № 127 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 тіркелген) бекітілген ғылыми дәреже беру Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

11. Білім алушылар білімін бағалау критерийі

11.1. Білім алушылардың барлық бақылау түрлері бойынша білімі, дағдысы, машықтары, құзіреттілігі тікелей пропорционалды ара қатысы бар балл-рейтингтік әріптік жүйесінің бағаларымен анықталады.

11.2. «Өте жақсы» деген бағаға А бағасы сәйкес келеді, сандық баламасы - 4,0 және пайыздық құрамы - 95-100% және А-, сандық баламасы -3,67 және пайыздық құрамы 90-94%.

Аталған баға, егер білім алушы пәндердің барлық бағдарламалық материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да бір қателер, олқылық жібермеген, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында және дұрыс орындаған және солар бойынша есеп берген, осыған орай түпнұсқалы ойлау, уақытылы және қандай да бір қатесіз коллоквиумдерді тапсырған және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, пәнді зерделеу кезінде қосымша ғылыми әдебиетті өз бетінше пайдаланған, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелендіре алған жағдайда қойылады.



11.3. «Жақсы» деген баға В+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы - 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, және В бағасы, сандық баламасы 30 және пайыздық құрамы 80-84% және В- бағасы, сандық баламасы - 2,67 және пайыздық құрамы - 75-79%.

Аталған баға, егер студент пәндердің нақты тақырыптарының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар бойынша жақсы білім көрсетсе және бағдарламадағы материалдарды 75%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бұл ретте бақылау және зертханалық жұмыстарды дер кезінде орындап тапсырған, ешқандай ескертусіз үй тапсырмаларын және коллоквиумдарды дер кезінде дұрыс орындаған, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиетті пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, бағдарлама материалдарын оқытушы көмегімен жүйелі меңгерген жағдайда қойылады.



11.4. Қанағаттанарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%, С бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, С- бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%, D+ сандық балама 1,33 және пайыздық құрамы 55-59% сәйкес келеді және D- сандық баламасы 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%.

Аталған баға, егер студент бағдарламадағы материалдарды 50%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бұл ретте бақылау және зертханалывқ жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегіне сүйеніп, коллоквиум тапсырғанда нақты жауап бермей және түбегейлі қателер жіберген, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенділік танытпаған, тек қана оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде қиындықтар жиберген жағдайларда қойылады.



11.5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы "F" бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 0 және пайыздық құрамы 0-49%. "F" бағасы студентке, егер ол бағдарламада қарастырылған негізгі материалдар туралы білмінде олқылық байқалған, пән бағдарламасының жартысынан астамын меңгермеген, жауаптарында түбегейлі қателер жіберген, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерінде қарастырылған тапсырмаларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген, сабақтарға қатыспаған және оқу жоспарында қарастырылған жұмыстарды орындауға қатыспаған, ағымдағы және аралық бақылаудан өтпеген жағдайда қойылады.

12. Оқу тәртібі

12.1. Жеке оқу жоспары негізінде оқу сабақтарының кестесі жасалады, ол кестені академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн ішінде оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді.

12.2. Аудиториялық сабақ кестесі байланыс сағаттары бойынша жасалады. Сабақтың басталуы сағат 9.00-де.

12.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өз бетіндік жұмыстары (СӨДЖ) графикке сәйкес аудиториялық сабақтар және оқытушылар білім алушымен жеке, келісілген график бойынша жүргізетін сабақтар түрінде, сағатын көрсете отырып енгізіледі. Сабақ кестесіне аудиториялық сағаттар (байланыс сағаттары) және СӨДЖ графигі қойылады.

12.4. Академиялық сабақ ұзақтығы 50 минутпен анықталады. Оқытушылар мен студенттерге сабақтың басталғанын қоңырау үнімен хабарлайды. 4 сағаттық сабақтан кейін 15-20 минут түскі үзіліс болады.

12.5. Студенттердің аудиторияға сабақ басталғаннан кейін кіруіне тыйым салынған.

12.6. Сабақ басталғанға дейін (сабақтар арасындағы үзілістерде де) лаборанттар және ассистенттер қажетті оқулық құралдарын және аппаратураны дайындайды.

12.7. Сабақ топта, бірнеше топтарда, қосымша топтарда ұйымдастырылады. Топ құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.

12.8. Әрбір топқа топ старостасы және оның орынбасарын барынша сабақты жақсы оқитын және тәртіпті студенттерден тағайындайды.

12.9. Топ старостасы және оның орынбасары тікелей факультет деканына бағынады және топта деканның барлық өкімдері мен нұсқауларын жүргізеді.

12.10. Топ старостасы және ол болмаған кезде оның орынбасары:

  • топ журналына және журналда жазылған жазбалардың сақталуына жауап береді;

топ журналында әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі мен қатысуын есепке алу» туралы бірнеше бетті арнайды. Бұл ретте:

  • оқу жоспарына сәйкес осы пән бойынша сабақтар санын ескереді;

  • студенттердің сабақтың барлық түрлеріне қатысуын арнайы есепке алу жүргізіледі. Әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі және қатысуын есепке алу» туралы журнал беттерін толтырады;

  • орынсыз себептер бойынша сабаққа қатыспаған студентке тиісті бағанға «Н» әрпі, науқастану бойынша «В» қойылады;

  • сабаққа қатысқан студенттің тегіне қарсы ешқандай жазба қойылмайды;

  • топ студенттерінің арасынан күн сайын кезекші тағайындалады және ол аудиторияда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;

  • ректорат, директор, кафедра меңгерушілері, кураторлардың өкімдерін топ студенттерінің орындауын қамтамасыз етеді;

  • топ студенттерінің сабақты босатқандығы туралы деканатқа күнделікті баяндап тұрады;

  • деканатқа немесе оның орынбасарына оқытушының сабақты өткізбегені туралы тез арада хабарлайды;

  • студенттер өміріндегі мен топтағы олқылықтар туралы деканатқа тез арада хабарлайды;

  • студенттердің ҚарМТУ Жарғысында қарастырылған олардың міндеттері мен құқықтарын орындауын қамтамасыз етеді;

  • әрбір оқу аптасының соңында және айдың соңғы күнінде деканатқа журналды тексеруге тапсырады (КБД);

  • аудиториялық сабақтарда топтың оқу пәндерін, сондай-ақ оқу жабдықтарын бақылайды және қамтамасыз етеді;

  • топ студенттері арасында оқулықтар мен оқу құралдарын алуды дер кезінде ұйымдастырады;

  • сабақ кестесіне енгізілген өзгерістерді студенттерге дер кезінде хабарлайды.

12.11. Старостаның көрсетілген қызметі шегіндегі өкімі топ студенттерінің барлығы үшін міндетті.

12.12. Студент, магистрант құқылы:

  • білім гранты және шарт негізінде оқуға;

  • мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;

  • белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);

  • жеке траектория және оқыту графигі шеңберінде оқуға;

  • өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;

  • оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

  • жоғары оқу орнында немесе аталған елді мекенде профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;

  • заңмен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;

  • жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;

  • баға жариялығына;

  • академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша);

  • Университет келісім-шарт жасасқан басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін оқуға;

  • зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, институт, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;

  • оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етілуге;

  • қоғамдық ұйымдар арқылы Университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;

  • Университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;

  • ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;

  • медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;

  • оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық беру, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға (материалдық марапаттау түрлерін таңдау кафедраның ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады);

  • Университет жатақханасына тұруға құқылы.

12.13. . Студент міндетті:

  • Университет орынжайында ҚарМТУ-дың, жатаққананың ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

  • еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтауға;

  • оқу жоспарының талаптарын орындауға;

  • Университет ректоратының, факультет деканатының, кураторлардың, старосталардың тапсырмаларын орындауға;

  • таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімге және практикалық дағдыларға ие болуға;

  • оқу жетістіктерін ішкі бағалау ойынша Унивеситет және ҚР БҒМ өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;

  • қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуге;

  • оқу пәндеріне дер кезінде жазылуға және деканатқа жеке оқу жоспарын беруге;

  • оқу пәндері бойынша СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ орындауға выполнять;

  • сабаққа күн сайын қатысу, сабаққа ауырып қатыса алмаған жағдайда институт секретариатын ауырғаны жөнінде ескерту керек, сосын тиісті емдеу мекемесінің белегіленген үлгідегі анықтамасын 3 оқу күні ішінде инстиут директорына беруге;

  • оқу-әдістемелік әдебиеттерге және мүліктерге ұқыпты қарауға;

  • бірге оқитын курстастарына, оқытушыларға және т.б. мейірімді болуға;

  • сабақ кезінде ұялы телефондарын өшіруге;

  • қоғамдық орындарда этикалық нормаларды және жалпыға ортақ тәртіп ережелерін сақтауға;

  • жеке көзқарасын көрсетерде өзін-өзі ұстауға, университет қабырғасында, көшеде, қоғамдық орындарда ережені осы сақтауға.

12.14. Университетте өткізу жүйесі бар. Корпусқа кіруге студент билеті (сынақ кітапшасы) болған жағдайда рұқсат етіледі.

12.15. Студенттерге, Университеттің және студенттер жатақханасының оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қатар осы ережелердің 7-тарауының 10-тармақшасында көрсетілген студент міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін, ол жаза шаралары:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • Университеттен шығару.

12.16. Ескерту, сөгіс, Университеттен шығару сияқты тәртіптік жаза шараларын қолданғанда ақталу үшін медициналық анықтаманы ұсыну қабылданған шараларды жоюға негіз бола алмайды.

12.17. Білім алушылар тәртіпті және сүйкімді таза жүруге тиіс (спорт кешенінен басқа Университет корпустарына спорттық киіммен келуге тыйым салынады).


Бірінші проректор А.З. Исағұлов




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау