|
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Ф6 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2011
|
Сапа менеджмент жүйесі
|
Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы,
бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
|
бет
|
Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ
ШҚМТУ им. Д. Серикбаева
БЕКІТЕМІН
ЭжМ факультет деканы
______________Е.В. Варавин
___________________2014 ж.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 2
Жұмыс бағдарламасы,
бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
ФИНАНСОВЫЙ УЧЕТ 2
Рабочая учебная программа методические указания по выполнению контрольных работ
Мамандық: 5В050800 «Есеп және аудит»
Оқу түрі: сырттай (орташа арнайы және жоғары білім негізінде )
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында дайындалып 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығындағы студенттерге арналған.
Қаржы, есеп және салық салу кафедра отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі О.В. Куур
№____ хаттама ____________________2014 ж.
Экономика және менеджмент факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
Төрайымы Г.Б. Пестунова
№____ хаттама ______________________2014 ж.
Дайындады Г.А. Байтикенова
Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова
1 ПӘННІҢ ЕҢБЕК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
семестр
|
Кредит саны
|
Оқу түрі
|
СӨЖ сағат саны
|
Жалпы сағат саны
|
Бақылау түрі
|
Жанаспалы сағат саны
|
Дәріс
|
Семинар. (тәжір.)
оқу
|
Зертханал оқу
|
СОӨЖ
|
Барлық сағат саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Сырттай қысқартылған оқу түрі (орташа арнайы білім негізінде)
|
4
|
3
|
10
|
5
|
|
15
|
30
|
105
|
135
|
Емтихан
|
Сырттай қысқартылған оқу түрі (жоғары білім негізінде)
|
2
|
3
|
10
|
5
|
|
15
|
30
|
105
|
135
|
Емтихан
|
2 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2.1 Оқылатын пән сипаттамасы
«Қаржылық есеп 2» қаржылық есептің жалғасы болып табылды және шоғырланған (біріккен) қаржылық есептіліктің мәселесімен айналысады, яғни кәсіпорындардың бірігуі, қаржылық құралдарды пайдалану, шетел валютасымен операцияларды жасауды зерттейді.
Бұл курстың негізгі мәселесі ретінде теориялық және іс-тәжірибелік білімді оқып үйрену болып табылады. Осы тәжірибе өз алдына трансұлттық компанияларда, біріккен кәсіпорындарда жұмыс істеп, олардың есептіліктерін құратын бухгалтерлерге қажет. Осы мақсатпен консолидацияланған, сегменттелген қаржылық есептілік талқыланады. Алайда, басыбайлы қызмет кәсіби бухгалтерлік ұйымдарға жүктеледі: Еуропалық экономикалық қоғамның форумы, БҰҰ-ң қарамағындағы бухгалтерлік есеп бойынша комиссиясы және т.б..
2.2 Пәнді оқытудағы мақсат
«Қаржылық есеп 2» пәні ретінде корпорациялық инвестициялардың, қаржы құралдарының, жалгерлік міндеттемелердің, консоледацияланған қаржылық есептіліктің және коммерциялық емес ұйымдастыру болып табылады. Студент курсты оқып жатып бухгалтерлік ақпаратты рәсімдеу, өңдеу және оқу ісімен танысады. Сонымен қатар бухгалтерлік қағидаттар мен тұжырымдамалардың даму себептерін де курс бойында танысып өтеді. Қаржылық есепті тереңдетіп оқу курсында бухгалтерлік есеп қағидаттары мен аралық қаржылық есептің ілімдері негізге алына отырып, бухгалтерлік есеп стандарттары, табыс салығының есебі, корпорация аралық қаржы салымы және ұйымның сыртқы экономикалық қызметінің есебі сияқты қосымша тақырыптар құрылады.
Қаржылық есептің міндеттері сыртқы пайдаланушыларға олардың потенциалды инвесторларының, акционерлерінің, кредиторларының қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында дұрыс оптималды шешімдерді қабылдаулары үшін, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салық қызметтерінің және басқа сыртқы пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін анықта сенімді ақпараттарды ұсыну болып табылады.
2.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Пәнді оқыту процесінде студенттерге келесі міндеттер қойылады:
қаржылық бухгалтерлік есеп жүйені ұйымдастыру принциптерімен, құрамымен танысу;
қаржылық бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен негізгі қағидаларымен танысу;
жұмыс тәжірибесіндегі оларды қолдану үлесін біліп алу.
2.4 Пререквизиттар
«Қаржылық есеп 2» курсты меңгеру барысындағы оқылатын пәндер тізімі: экономикалық ілім; микроэкономика; макроэкономика; экономистерге арналған экономика; статистика; менеджмент; кәсіпорын экономикасы; бухгалтерлік есеп принциптері.
2.5 Постреквизиттар
Қаржылық бақылау және аудит; бухгалтерлік есепті компьютерлендіру; кәсіпорынның қаржылық есептемесін талдау, қаржылық менеджмент.
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Оқу жұмысының жоспары
Тақырып атаулары
|
Еңбек сыйымдылығы, сағат
|
Оқу түрі
|
Сырттай қысқ.
|
1
|
2
|
Дәрістік сабақ
|
Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС 3)
|
1
|
Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік
|
1
|
Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)
|
1
|
Тақырып 4. Ақшаның бухгалтерлік есебі және уақытша құны
|
1
|
Тақырып 5. Жал есебі (ҚЕХС 17)
|
1
|
Тақырып 6. Бірлескен қызметке қатысу (ҚЕХС 31)
|
1
|
Тақырып 7. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі
|
1
|
Тақырып 8. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет
|
1
|
Тақырып 9. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)
|
2
|
Семинарлық (тәжірибелік) сабақ
|
Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС 3)
|
0,5
|
Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік
|
0,5
|
Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)
|
0,5
|
Тақырып 4. Ақшаның бухгалтерлік есебі және уақытша құны
|
0,5
|
Тақырып 5. Жал есебі (ҚЕХС 17)
|
0,5
|
Тақырып 6. Бірлескен қызметке қатысу (ҚЕХС 31)
|
0,5
|
Тақырып 7. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі
|
05
|
Тақырып 8. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет
|
0,5
|
Тақырып 9. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)
|
1
|
Студенттің өздік жұмысы
|
Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС 3)
|
12
|
Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік
|
12
|
Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)
|
12
|
Тақырып 4. Ақшаның бухгалтерлік есебі және уақытша құны
|
12
|
Тақырып 5. Жал есебі (ҚЕХС 17)
|
12
|
Тақырып 6. Бірлескен қызметке қатысу (ҚЕХС 31)
|
12
|
Тақырып 7. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі
|
12
|
Тақырып 8. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет
|
12
|
Тақырып 9. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)
|
9
|
4 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Оқу жоспары бойынша 050508 мамандығының студенттері «Қаржылық есеп 2» пәнінен бақылау жұмысты орындау керек.
4.1.2 Бақылау жұмыстың негізгі міндеті – студенттерді үйрету:
арнайы әдебиеттермен және деректер көзімен жұмыс істеуді, кесте құрастырып, көрсеткіштерді есептеуді, алынған нәтижені қорытындылауды;
курсты оқыту барысындағы маңызды деп танылатын жекелеген тақырыптарды тереңдетіп оқыту жолымен студенттердің теориялық білімін нығайту және арттыру;
кәсіпорынның қаржылық есеп жүйесі ұғымы, басқару есептің мәнін, пәнін, міндеттерін, көрсеткіштерін, әдістері мен тәсілдерімен таныстыру;
алғашқы және қорытынды басқару есеп құжаттарын жинақтап және оған талдау жүргізіп студенттердің жұмысына еңгізу;
студенттердің өз бетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын және шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есеп мәселелерін ізденіс жолымен шешуге дайындығын бақылау;
негізделген және нақты ұсынымдар жасау.
4.2 Бақылау жұмыстың құрылымы мен көлемі
4.2.1 Бақылау жұмыс кіріспеден, негіз бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бақылау жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың маңыздылығы ашылады, жұмыстың мақсаты мен зерттеу объектісі анықталады. Бұл бөлім кемінде 1 – 2 беттен тұру керек.
Теориялық зерттеу бөлімінде ірі шет ел экономистерінің еңбектерімен, Қазақстан Республикасы ғалымдарының еңбектері, арнайы әдебиеттер, заң шығару органдарының актілері мен нормативтік құжаттар, мерзімдік басылым материалдары студенттің пікірі жазылады. Бұл бөлім кемінде 10 – 12 беттен тұру керек.
Бақылау жұмысы 1 – 2 беттік көлемінде қорытындымен аяқталады. Бұл бөлімде бақылау жұмысқа қысқаша қорытынды жасалынуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде бақылау жұмысты орындау барысында пайдаланылған, қолданылған барлық материалдар мен әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс.
4.2.2 Бақылау жұмыста талдау объектісі ретінде әрбір саладағы кәсіпорындар қарастырылуы мүмкін. Аналитикалық есептер жүргізу үшін студент практика өткен кәсіпорынның қаржылық есептемесі қарастырылады.
Талдаудың ақпарттық базасы ретінде кәсіпорынның қаржылық есептесімен заң шығару органдарының актілері мен нормативтік құжаттар, статистикалық ақпараттар қарастырылуы керек.
4.3 Бақылау жұмысты орындау әдістемесі
4.3.1 Тақырыпты таңдау. Бақылау жұмыстың теориялық зерттеу бөлімшесін орындау үшін, 3.5 бөлімінде берілген тақырыптар тізімінен бір тақырыпты таңдау керек. Жұмыстың варианттың нөмірі студенттің зачет кітапшасының ақырғы екі нөміріне дәл келу керек. Егер осы сан 30, 60 немесе 90 сандарынан жоғары болса, варианттың нөмірі 30, 60 немесе 90 сандарға азайту керек.
Мысалы, егер студенттің зачет кітапшасының нөмірі 078802, жұмыстың варианттың нөмірі 2; егер зачет кітапшасының нөмірі 078825 – варианттың нөмірі 25; егер зачет кітапшасының нөмірі 998845 – варианттың нөмірі 15; егер зачет кітапшасының нөмірі 078885 – варианттың нөмірі 25.
4.3.2 Тақырып бойынша жұмыстың жоспарын құру және бекіту. Жұмыстың бұл кезеңі студенттің жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Библиографияны құру үшін келесілерді пайдалану қажет:
а) бақылау жұмыс бағдарламасында көрсетілген әдебиеттер тізімдері;
б) лекция материалдары және семинарлық сабақтарға дайындалу үшін оқытушы ұсынған әдебиеттер тізімдері;
в) кітапханалардағы техникалық және пәндік каталогтар;
г) кейінгі жылдары мерзімдік басылымда жарияланған статьялар мен материалдардың көрсеткіштері;
д) ғылыми жетекшінің кеңестері.
4.3.3 Әдебиеттермен оқу–танысуды нормативтік құжаттардан, инструкциялардан, заң актілерінен бастаған дұрыс болады. Бұл студентке үкіметінің саясатының негізгі бағыттарының нарық қатынастар заңдарымен стандартының еңгізілу саласында және олардың бухгалтерлік есеппен байланысты мәселелерін білуге мүмкінік береді.
Содан кейін тақырып бойынша монографиялық әдебиеттерді және мерзімдік басылымдардың деректерін қолдануды ұсынады. Оқыған әдебиеттерден көшірмелерді жеке парақтарға, жұмыстың қай бөліміне жататына байланысты жеке жасаған тиімді болады. Статистикалық анықтамадан алынған мәліметтер жұмыстың теоретикалық бөлімін көркейтеді. Цитаталарды нақты жұмысты шығарылу жылын, бет нөмірін көрсетіп көшіру керек.
4.3.4 Қажетті әдебиеттерді дайындап болғаннан кейін, бақылау жұмыстың негіз бөлімін жазуға кіріседі. Бұл жерде берілген сұрақтың қорытындылау мақсатын нақты ойлану керек. Теоретикалық жағдайының мазмұның бухгалтерлік есеп және статистикалық ақпараттық мәліметтерінен, Қазақстан экономикасының алдында тұрған мәселелерімен толықтыру қажет. Берілген бөлімде мынандай сұрақтардың қамтылуы дұрыс болады:
берілген тақырыпты қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде теориялық негізделуі және баяндалуы;
мәселені шешудің түрлі жолдары туралы студенттің көзқарасы.
4.3.5 Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша студент өз ойын қорытындылап жазады.
Бақылау жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер мен еңбектер тізімі келтіріледі. Онда көрсетілетіндер:
бақылау жұмысты жазу кезінде қолданылған Қазақстан Республикасының заң актілері;
нұсқаулық ережелер және нормативтік құжаттар;
беделді экономистердің еңбектері. Олардың авторларының аты – жөні, шығарылған баспасы, орны, жылы, парақ санын көрсету керек;
периодикалық басылымдар (журналдар, газетер).
4.3.6 Қосымшалар. Қосымша бетте шығарылған иллюстрациялардың саны мен сапасы студенттің тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды тереңірек үйренгендігін дәлелдейді. Сондай-ақ таңдалып алынған тақырыптың мұқият зерттелгендігін көрсетіп,ұсыныстардың және қорытындылардың негіздігін растайды. Студенттің ұсыныстары бақылау жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Осындай материалдар қолданылмаған жағдайда бақылау жұмыс талапқа сай орындалмаған болып есептелінеді.
4.4 Бақылау жұмыстың сыртын безендіру және резециялау
4.4.1 Бақылау жұмысты аяқтағаннан кейін қабылданған ретпен титулдық парақты рәсімдейді (А қосымшасы). Титулдық бет компьютерде терілген түрде немесе сызба әріптерімен жазылады және келесі реквизиттерден тұру керек:
министірліктің, жоғарғы оқу орнының және кафедраның аты;
бақылау жұмыстың тақырыбы;
бақылау жұмысты орындаған студенттің аты-жөні;
оқытушының ғылыми дәрежесі және аты-жөні;
4.4.2 Бақылау жұмыс А4 форматты ақ қағазға парақтың бір жағында жазылуы керек. Жұмыс кезінде полялардың сақталуы керек: сол жағынан 30 мм-ден кем емес, он жағынан 10 мм, жоғарғы жағынан 20 мм, төменгі жағынан 20 мм-ден кем емес.
Бақылау жұмыс таза, түсінікті, қара немесе көк түсті сиямен жазылуы керек. Әр түрлі сиялардың (қызыл, жасыл) қолдылуы тек сызбаларды, диаграмаларды, графиктерді толтырған кезде ғана рұқсат етіледі.
Титул бетінен кейін бақылау жұмыстың мазмұны, яғни бөлімдердің аттары, параграфтары бет нөмірі көрсетілген түрде беріледі.
Бақылау жұмыстың бөлімдері мен тараулары жаңа беттен басталуы керек. Әрбір бөлімге реттік нөмірі беріледі және рим цифрларымен белгіленеді.
Қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар нөмірленбейді. Параграфтар әрбір тарау немесе бөлім шектерінде араб цифрларымен нөмірленеді. Кестелер тарау шектерінде араб цифрларымен нөмірленеді.
4.4.3 Тиісті түрде дайындалған бақылау жұмыс бекітілген мерзімі кафедраға өткізілуі тиіс. Жұмысты қабылдап алушы (лаборант) оны тіркеп, кафедрада бекітілген оқытушыға тексеруге және рецензиялауға тапсырады.
4.5 Курстық жұмыстың тақырыптар тізімі
1) Қаржылық құралдарды тану және бағалау (ҚЕХС № 32).
2) Еншілес кәсіпорындардағы инвестициялар есебі (ҚЕХС № 27).
3) Қабылданған күнге консолидацияланған (шоғырландырылған) баланс.
4) Қаржылық активтер мен міндеттемелерді тану және бағалау.
5) Бизнесті біріктіру (ҚЕХС № 22).
6) Бизнесті біріктіру есебінің ерекшеліктері.
7) Консолидацияланған қаржылық есептілік (ҚЕХС № 27).
8) Ассоциаланған кәсіпорындардағы инвестициялар есебі.
9) Консолидацияланған (шоғырландырылған) бухгалтерлік баланс.
10) Табыстар мен зияндар туралы консолидацияланған баланс.
11) Топ ішіндегі операциялар бойынша кірістер мен шығыстар.
12) Ақша қозғалысының консолидацияланған есептемесі.
13) Шетелдік компаниялардың консолидацияланған (шоғырландырылған) қаржылық есебі (ҚЕХС № 21).
14) Шетел валютасындағы операциялар. Ақшалай және ақшалай емес баптар (монетарлы және сонетарлы емес баптар).
15) Бірлескен қызметке қатысу туралы есеп беру (ҚЕХС № 31).
16) Біріккен қызметке қатысушының консолидациялық қаржылық есептемесі.
17) Біріккен қызмет пен біріккен кәсіпорын қатысушысының арасындағы операциялар.
18) Облигациялық займдар есебінің ерекшеліктері.
19) Вексельдер бойынша қысқа мерзімді борыштардың есебі.
20) Форфейтингтік операциялар есебінің ерекшеліктері.
21) Қаржыландырылатын жалгерліктің есебі (ҚЕХС № 17).
22) Лизинг алушының және лизинг берушінің жал есебі.
23) Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептемесін дайындау: тікелей және жанама әдістер.
24) Табыс салығының есебі (ҚЕХС № 12) .
25) Есеп саясатының өзгеруі кезінде қаржы есептемесіне № 8 ҚЕХС сәйкес түзету жасау және жіберілген негізгі қателер.
26) Шартты оқиғалар, шартты активтер мен міндеттемелер (ҚЕХС № 37).
27) Есеп беру күнінен кейінгі болған оқиғаларды қаржылық есептілігінде көрсету (ҚЕХС № 10). Байланысты жақтар туралы ақпарат.
28) Сатуға арналған қолдағы инвестицияны бағалау және оның есебі (ҚЕХС № 39).
29) Қаржы есептемесіндегі көрсетілуі тиіс байланыстырылған тараптар туралы ақпарат (ҚЕХС № 24).
30) Активтердің құнсыздануынан есепке ала отырып (ҚЕХС № 36), есеп беру күніне орай активтердің кейінгі бағалануы.
5 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы: ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 2732 (толықтырулар мен өзгертулермен бірге).
Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 21.06.2007 ж., № 218
Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 21.06.2007 ж., № 217.
Бухгалтерлік есеп шотттарының үлгі жоспары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 23.05.2007 ж., № 185.
Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есептің теориясы және принциптері. – Алматы: Айан, 2001.
Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.
Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп. – Алматы: Экономика, 2007.
Бриттон Э., Ватерстон К. Вводный курс по бухгалтерскому учету, аудиту и анализу. – М.: Финансы и статистика, 1998.
Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). – Алматы: БИКО, 1997.
Ержанов М.С., Ержанова С.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов.: Алматы: Ержанов и К., 2003.
Глушков И.Е. Бухгалтерский учет на современном предприятии. - М.: ЮРИСТ, 2001.
Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP. – М.: Дело. – 2000.
Кеулімжаев Қ.К. Шоттар корреспонденциясы. – Алматы: БИКО, 2000.
Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. – Алматы: Экономика, 2001.
Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы: Экономика, 2003.
Комментарий к международным стандартам финансовой отчетности. / Под ред. В.Ф. Палий. – М.: Аскери, 1999.
Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2002.
Кутер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета. – М.: ИНФРА-М, 2000.
Лебедев О.Т. Основы бухгалтерии. – СПб., 1997.
Международные стандарты финансовой отчетности.– Алматы: Раритет, 2003.
Миддлтон Д. Бухгалтерский учет и принятие финансовых решений. – М.: Аудит ЮНИТИ, 1997.
Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәжірибелік әдістемелері (практикум). – Алматы: Заң әдебиеті, 2006.
Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері (практикум). – Алматы: Заң әдебиеті, 2006.
Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. – Алматы: Заң әдебиеті, 2006.
Мырзалиев Б. С. Методика составления бухгалтерских проводок: практикум. - Алматы : Юрид. лит., 2007. - 117 с.
Мырзалиев Б. С. Современная методика изучения бухгалтерского учета: практикум. - Алматы : Юрид. лит., 2006. - 88 с.
Мұханбетова, С. М. Ұлттық есептер жүйесі. – Алматы : Заң әдебиеті, 2007. - 130 б.
Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. – Алматы: Экономика, 2005.
Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. – Алматы: Экономика, 2002.
Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. – М.: Финансы и статистика, 1994.
Палий В.Ф., Палий В.В. Финансовый учет. – М.: ФБК Пресс, 1998.
Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы: Қазақстан - аудит орталығы, 2003.
Разъяснения международных стандартов финансовой отчетности / Комитет Международных стандартов финансовой отчетности. – Алматы, 2001.
Салина А.П. Принципы бухгалтерского учета. – Алматы: Экономика, 2003.
Сейдахметова Р.С. Современный бухгалтерский учет. – А.: Экономика, 2000.
Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп. – Алматы: Экономика, 2005.
Чедвик Л. Основы финансового учета. – М.: Банки и биржи, 1997.
Штиллер М.В., Сеилова М.М. Принципы бухгалтерского учета. Практикум. – Алматы: Экономика, 2004.
Энтони Р., Дж. Рис. Учет: ситуации и примеры. – М.: Финансы и статистика, 1998.
«Бухгалтер бюллетені», «Бухгалтерлік есеп, статистика және аудит», «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» «Файл бухгалтера»,
А ҚОСЫМШАСЫ
Бақылау жұмыстың титулдық бетінің үлгісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Д. Серікбаев атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ
Қаржы, есеп және салық салу кафедрасы
«Қаржылық есеп 2» пәні бойынша
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫС
Орындаған _____________
Тексерген______________
«____»_________________
_______________________
Өскемен
2014
Достарыңызбен бөлісу: |