Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру



жүктеу 9,1 Mb.
бет33/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51

Сыбайлас жемқорлық

Қызмет алуда проблемалар болған кезде, бенефициар оны шешу жолдарын іздейді, және мұның барысында кейде заңды айналып өтеді. Атап айтқанда, байланыстар, таныстықтар, заңсыз сыйақылар қолданылады. Зерттеу көрсеткендей, 5,8% сұхбаткер қызметті таныстық бойынша алған, 13,4% сұхбаткер жауап беруден бас тартты, бірақ сонымен бірге осы фактіні жоққа шығармайды.

Қызмет алу барысында 4,5% сұхбаткер заңсыз сыйақы берген, 16,1% жауаптан бас тартты.

Сыйақы берудің орташа көлемі 98 000 теңгені, максималды сомасы 500 000 теңгені, минималды сомасы 3 000 теңгені құрайды.

Талдау көрестіп отырғандай, заңсыз сыйақы берудің әр түрлі жолдары бар,ең кең таралған сыйақылар тікелей кеден органының қызметкеріне беру (15,1%), кедендік брокерге/ өкілге беру – 14,1%, бейресми делдал арқылы беру – 12,4%, сонымен қатар таныстықты пайдалану – 9,2%. Барлық тәсілдерді шамамен тең бөлу сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік құрылмағанын және оған қарсы күресу әрекеттері жұмыс істемейтіндігін көрсетеді.

99-диаграмма. Заңсыз сыйақы беру, % сұхбаткерлер





Шағымдар

Сауалнаманың нәтижелері бойынша, 73,5% сұхбаткерлер шағым жасау рәсімімен таныс, мұны шағым беру туралы ақпаратқа қол жетімді деп көрсеткен 74% сұхбаткерлер растайды.

Қызметм алудағы проблемалардың болуына қарамастан, кеден қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданғысы келетін сұхбаткерлер саны жоғары емес, 10,8%, және олардың ішінде тек 3,3%-ы мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жазбаша шағымданды.

100-диаграмма. Шағым беру рәсімі туралы деректер, % сұхбаткерлер



Ең көп таралған шағым беруден бас тартудың себебі – бұл проблеманың оң шешіміне сенбеушілік (48,1%). Сұхбаткерлердің үштен бір бөлігі (29,6) шағымдануға қорқады, сонымен қатар мұның олар үшін кері әсерін тизізуі мүмкін деп болжайды. Мұндай жағдай шағым үшін «жазалау» тәжірибесінің болуын көрсетеді.



101-диаграмма. Келесі себептер бойынша шағым бермеген, % сұхбаткерлер:

Шағым бергендердің ішінен, шағымдар қабылдау рәсіміне қанағаттанушылық 6,4 балл, шағымды қарау нәтижелеріне қанағаттану – 6,6 балды құрады.



Түсініктер

«Шағымдану – бұл өзің үшін проблема жасау деген сөз, біз азбыз, кеденшілердің бәрі таныс, ең дұрысы және оңайы «келісу».

«Шағымның қанағаттандырылатынына сенім жоқ, өйткені кедендік органның даулы тауардың орташа құны туралы ақпараттарды"ТББЖ" бағдарламасы арқылы алуы заңмен белгіленген, яғни кеденнің әділдігі заң тұрғысынан бекітілген».

«Тауардың құны бойынша қосымша тексеріс өткізумен келіскен жоқпын, алайда тексеру рәсімінің өзі сақталды. Мерзімдерінің бұзылуына шағымдану қажет. Қосымша тексерістің нәтижелерімен келіспеу бос әурешілік».

«Шағымдар, меніңше, кеден мағлұмдаушысының өзі заңды білмегендігінен туындайтын сияқты. Содан соң айқайлау, аяғымен жер тебіну, және басшыны талап ету басталады».

«Шағымдарды мұқият қарау қажет, қызметкерлердің сыпайылығы қанағаттанарлықтай, өйткені олар шағымданушыларды ұнаитпайды».

Кедендік қызмет туралы пікір

Алынған деректерге сәйкес, Қазақстанның кедендік қызметі туралы пікір жеткілікті оң нәтиже берді, орташа алғанда кеден қызметкерлерінің жұмысына берілген баға 8 балл. Бағалау параметрлері кесігінде жағдай төмендегідей болды.

Кеден қызметкерлері ең жоғары балдарды өз біліктілік деңгейлері үшін– 8,5 балл және заманауи технологияларды пайдалану үшін – 8,4 балл алды.

Айыппұлдар бұзушылық ауырлығына өлшемдес деген сұрақ бойынша ең төмен бағалар берілді (7.4 балл), кедендік алымдардың қолданыстағы жүйесі кәсіпорын дамуына ықпалын тигізеді деген сұраққа 7,8 балл, ал кедендік органдарда сыбайлас жемқорлық жоқ деген сұраққа 8 балл берілді.



102-диаграмма. ҚР кедендік қызметі туралы осы қызметті алушылардың пікірі, 10 балдық шәкіл бойынша орташа балл

Бизнес кесігінде шағын бизнестің бағасы біршама төмен екендігін айта кету қажет, бұл шағын бизнестің кеден алдындағы әлсіздігін көрсетеді. Мұның көрнекі түрі төмендегі диаграммада берілген. Мысал ретінде «кедендік органдарда сыбайлас жемқорлық жоқ» деген пайымдауды қарау қажет, ірі бизнес 8,6 балл, орта 8,1 балл, ал шағын бизнес 7,9 балл баға берді.



103-диаграмма. ҚР кедендік қызметі туралы пікір, бизнес кесігінде, 10 балдық шәкіл бойынша орташа балл



Қызмет сапасын арттыру бойынша ұсынымдар

Сұхбаткерлердің тілектерінің негізінде қызмет сапасын арттыру бойынша ұсынымдар беріледі:

  • Серверлер мен бағдарламалар жұмысының сапасын арттыру.

  • Қызметті автоматтандыру.

  • Сыбайлас жемқорлықты жою бойынша тиімді әдістерді қолдану.

  • Баждардың көлемін азайту.

  • Кеден органдары қызметкерлерінің тарапынан кәсіпкерлерге мүдделілікпен және адамгершілікпен қарау.

  • Call-орталықардың жұмысын жақсарту.

  • Кеден қызметкерлеріне оқыту жүргізу, біліктілігін арттыру.

  • Кедендік посттардың, КРО-ның техникалық жасақталуын жетілдіру.

  • Квоталық тауарларды сақтау мерзімдерін ұлғайту, шартты бағаларды қайта қарау.

  • Брокерлерді жалдау қажеттілігі туындамау үшін, заңнаманы жетілдіру, жеңілдету.

  • Қызмет бенефициарлары үшін заңнаманы түсіндіру бойынша сабағттық, тиімді жұмыс жүргізу.

  • Тауар құнын түзету бөлігінде заңнаманы жетілдіру.

  • Тауар құнына қосымша тексеріс жүргізу мерзімін 30 күнге дейін қысқарту.

Сарапшылардың ұсынымдары

Халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес, кедендік қызмет қызметкерлері бір жағынан сапасыз тауарлардан қорғау тетіктерін пайдалануы, ал екінші жағынан артық әкімшілік тосқауылдарды шешуді қамтамасыз ете отырып, бизнес-қоғамдықтардың мүдделерін сақтауы тиіс.

Мемлекеттік органдардың (кедендік органдар, ІІМ, ҰҚК, салық инспекциясы, көлік инспекциясы және т.б.) қызметін оңтайлы үйлестіру үшін бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық базаны әзірлеу.

Қоғамдық бірлестіктер тарапынан тәуекел профилін және кеден қызметінің әр бір қызметкерін тәжірибелік қолдану бойынша шешімді жариялы әрі бақыланатын ету қажет.

Кедендік қызмет қызметкерлерінің қызығушылығын, жауапкершілігін, еңбек тәртібін және өзін-өзі жетілдіру деңгейін арттыру.



    1. жүктеу 9,1 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау