Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру



жүктеу 9,1 Mb.
бет34/51
Дата22.05.2018
өлшемі9,1 Mb.
#16303
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51

Кедендік тексерістер


Кедендік тексеріс туралы сұраққа 4540 сұхбаткер жауап берді.

Талдау нәтижелері бойынша, бизнес 2014 жылдан басталған кезең ішінде көшпелі кедендік текерістерге сирек ұшырады, бұған ШОБ тексеруге қойылған мораторий әсерін тигізді. Атап айтқанда, сұхбаткерлердің 8,6%-ы оларда тексерістер болды деп көрсетті, бұл орайда тексеріске ірі бизнес (жағымды жауаптар үлесі 15,7%) жиі ұшырады, бұл оған мораторийдің қатысы болмағандығымен түсіндіріледі.



Шағын бизнесте тексерістер 7,2% сұхбаткерде болды.
104-диаграмма. Әр түрлі көшпелі кедендік тексерістер жүргізілген компаниялар үлесі, N=4540

Орташа алғанда, бір компанияға жүргізілген көшпелі кедендік текерістердің саны 1,7 есе.

Тексеріске дұрыс дайындалу, мәселелер бойынша құзыретті болу үшін кәсіпкерлер заңнама тәртібін және тексеріс рәсімін білуі тиіс.

Сауалнама көрсетіп отырғандай, сұхбаткерлер тексеріс рәсімдері туралы өз білімдерін 7 балға бағалады, бұл орташа деңгейді білдіреді. Шағын бизнес ішінде баға сәл төмен (6,9 балл), ал ірі бизнес өз хабардарлығы 7,6 балға бағалады, орташа 7,1 балл.

Көшпелі кедендік тексеріс рәсімінің сапасы туралы ақпарат алу үшін сұхбаткерлерге 2014 жылғы кезеңдегі соңғы тексерісті бағалау ұсынылды. Бағалауға көрсетілген кезеңде тексеріс жүргізілген сұхбаткерлер қатысты.

Жоғарыда көрсетілгендей, көшпелі тексерістер 8,6% сұхбаткерде (390 компанияда) болған.

Көбінесе тексерістердің ұзақтығы 1-2 күнді құрады (53% сұхбаткерлер), алайда сұхбаткерлердің 5,4%-ы тексеріс 1 айдан асты (ірі бизнес компаниялары) және 120 жұмыс күніне жетті (6 айға жуық) деп көрсетті.

105-диаграмма. Көшпелі кедендік тексеріс өткізілген орташа күндер саны



Тексерістер көбінесе жоспарлық сипатта болған (73,4%), жоспардан тыс тексерістер 26,6%. Бизнес кесігінде шағын және орта бизнес жоспардан тыс тексерістерге жиі ұшырағандығын (29% және осыған сәйкес 32%), ал ірі бизнес в 6% жағдайда ұшырағандығын айта кетеміз.

Бұл кеден қызметкерлерінің өздерінің айтуынша көбінесе ШОБ заңнама бұзуымен және ірі бизнеске қарағанда тексеріс жүргізу үшін себептерге түрткі болуымен байланысты. Өз кезегінде, ШОБ өз көзқарасын айтады, олардың пікірі бойынша ірі бизнес құқықтық тұрғыда көбірек қорғалған, өйткені штатында заңгері болады, сонымен қатар қаржылық жағдайы тұрақты болғандықтан, тексерістен пара беріп құтыла алады.

Заңнамаға сәйкес, 15 күнтізбелік күн бұрын компания кедендік органнан алдағы тексеріс туралы мілімдеме алуы тиіс. Алайда, нәтижелер басқа бейнені көрсетіп отыр, шағын бизнес тексеріс туралы мәлімдемені орташа алғанда 5 күн бұрын, орта бизнес 9 күн бұрын, ірі бизнес 13 күн бұрын алған.

Негізінде тексеріске ұшыраған барлық сұхбаткерлер кедендік тексреіс жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алған (92,9%), сонымен қатар оларға тексеріс себебі түсінікті болған (92,7%).

106-диаграмма. Кедендік органдардың тексеріс жүргізу рәсімдерін сақтауы, сұхбаткерлердің жағымды жауаптарының үлесі, N=379



Компаниялар тексеріс өткеннен кейін тексеруші орган тарапынан әр түрлі проблемаларға кез болады. Атап айтқанда, ең кең таралған проблемв «санкциялар тұрғысындағы кедендік заңнаманы түсіндірудің көп ұштылығы» (12,4%). Бұл проблема өте өзекті, өйткені ол кәсіпкердің пайдасына емес, және кез-келген жағдайда оған санкциялар қолданыла алады деген қауіп бар. Бұл проблема әсіресе шағын бизнес үшін өзекті екендігін (19,3%) және ірі бизнес үшін мүлдем өзекті еместігін айта кеткен жөн. Шағын бизнес заңнамалық тұрғыда әлсізіректігіне байланысты болуы ықтимал, бұл кеден қызметкерлеріне қатаң санкцияларды қолдануға мүмкіндік береді.

Келесі проблема тексерушілердің құзыретсіздігі болып табылады (5,8%). Осы проблеманың түсіндіурдің көпұштылығымен қабаттасуы тексеріс сапасын екі есеге қиындатады және санкциялардың заңдылығы туралы мәселені қозғайды.

107-диаграмма. Кедендік тексерістен өту кезіндегі қиындықтар, % сұхбаткерлер, N=445



Кедендік тексеріс нәтижелерін ресімдеу заңнамамен белгіленген және барлық тексерілетін компанияларға бірдей қолданылады. Зерттеу көрсетіп отырғанда, сұхбаткерлердің тек 59,2%-ы ғана тексеріс жүргізілгеннен кейін оларға акт берілді деп көрсеткен, ал қалған сұхбаткерлер қолдарына тексеріс нәтижелері туралы негізгі құжатты алмаған.

Сұхбаткерлердің 11,9%-ына тексеріс аяқталғаннан кейін қажетті мәліметтерсіз акт берілген, осылайша бұл құжат заңнаманы бұзушылықпен жасалған.

Берешекті өтеу туралы мәлімдеме, бұзушылықтарды жою туралы талап 14,5% сұхбаткерге берілген.

Тексеріс нәтижелерін ресімдеудегі бұзушылықтардың анықталғандығымен қатар, жүргізілген тексерістен кейін қандай да бір құжаттарды берудің болмауы бойынша фактілер де байқалады (4,8% сұхбаткер).

Осылайша, кедендік тексеріс рәсімі қабылданған заңнамаларды бұзушылықпен өткізіледі деп қорытынды жасауға болады.


108-диаграмма. Кедендік тексеріс нәтижелерін ресімдеу рәсімі, % сұхбаткерлер, N=430

Тексеріс рәсімдерінде бұзушылықтардың болуына қарамастан, тексеріс нәтижелеріне шағым берген сұхбаткерлер саны төмен, тек 5,9% сұхбаткер тексеріс нәтижелеріне, 3,5% сұхбаткер шағымды қарау нәтижелері бойынша кедендік органның шешіміне, 2,7 %-ы тексеріс тағайындау туралы актіге шағымданған.

Берілген шағымдар көбінесе 30 күнге дейінгі мерзімде (91%), қалғандары 30 күннен артық мерзімде қаралды.

Кедендік тексеріске жалпы қанағаттанушылық 7,5 балды құрады, кеден қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға – 7,3 балл қойылды, тексеріс рәсімі бойынша ақапаратқа қанағаттанушылық – 7,5 балл, шағым беру рәсімі бойынша ақпаратқа қанағаттанушылық – 7,4.

Бизнес кесігінде кедендік тексеріске және оның рәсімдеріне аз қанағаттанушылық шағын бизнес арасында болатыны түсінікті, өйткені бұрын айтылғанда шағын бизнес жоспардан тыс тексерістерге жиі ұшыраған, санкциялар тұрғысында заңнаманы түсіндірудің көп мағыналалығы проблемасына кез болған, және бұған қоса шағын бизнес, сұхбаткерлердің пікірі бойынша заңнамалық тұрғыда ақпараттарға мұқтаж, бұл оларды әлсіз етеді: «Жалпы біз заңнаманы оқуымыз қажет, сол кезде проблемалар да болмайды» (сұхбаткерлер түсініктерінен).

109-диаграмма. Көшпелі кедендік тексеріске және оның рәсімдеріне қанағаттанушылық, 10-ның ішіндегі орташа балл




Көшпелі кедендік тексерістер бойынша жағымды және жағымсыз пікірлер

AutoShape 10




  • Жалпы, кеден қызметкерлері барлығын қарастырды, олар көреген екен, біз тексеріс нәтижесіне қанағаттандық!

  • Бұзушылықтар жоқ, тексеріс қандай да бір қателерсіз жүргізілді.

  • Тексеріс керек, бізді тексергендері жақсы. Кедендік органдардың қатысуы қжет, өз кемшіліктерді жою мүмкінідігіміз болады.



  • Заң баптарына қайшылықтар болды. Бір бапта айыппұл көзделсе, екінші бап бойынша оны бұзушылық ретінде қабылдайды, заң екіұшты түсінідірілген.

  • Пара бермейінше, олар (кеден қызметкерлері) бізге тыныштық берген жоқ.

  • Тексеріске мораторий қою, бұл теледидар бойынша жай айтылған сөздер, ал іс жүзінде барлығын тексеріп шығады.

  • Біз әлі күнге дейін түсінбейміз, тексеріс ненің негізінде жүргізілді.

  • Егер тексеріспен келсе, міндетті түрде бір нәрсе табады.

Қорытындылар мен ұсынымдар:

Санкциялар қолдану тұрғысында түсіндірудің көп мағыналылығын болдырмау мақсатында, кедендік заңнамадан екіұштылықты жою қажет.

Ұзақ кедендік тексерістер (жарты жылға дейін) бар екендігін айта кеткен жөн. Бұл қаржылық шығындарға, табыс шығындарына алып келеді, және осыған сәйкес компанияның қаржылық тұрақтылығын ойсыратады. Кедендік тексерістің бұзылуға тиісті емес шектерін орнату қажет. Егер тексеріс уақытында аяқталмаса, бұл мерзімдерді әдейі ұзарту ретіенде бағаланады, бұл жерде сыбайлас жемқорлық бар, немесе кеден қызметкерлерінің біліксіздігі немесе заңнаманың жетілмегендігі.

Жоспардан тыс тексерістердің оның өткізілу кезеңі шектелусіз жүзеге асырылатындығы бір жағынан сапасыз, контрабандалық тауарды тасудан қорғайды, ал екінші жағынан кейде тексерісті бақылаусыз, себебін түсіндірусіз жүргізуге құқық береді. тәуекелдер жүйесін қолданудың қажеттілігі ықтимал.

Тексеріс нәтижесі айқын болуы, күн сайын сайтта көрсетілуі тиіс, кедендік инспектордың күн сайынғы жұмыс нәтижелері он-лайн қол жетімді болуы тиіс.

Кедендік қызмет қызметкерлері кеден қызметкерінің негізгі борышы жазалау емес, СЭҚ қатысушысына тауарды заңды түрде тасу бойынша заңнамалық тұрғыда көмек көрсету екендігін есте сақтаулары тиіс. Осыған сәйкес, СЭҚ қатысушыларымен жалпы кедендік заңнама, сол сияқты тексеріс рәсімдері туралы қол жетімді ақпараттық тілде сабағаттық жұмыс жүргізу қажет. Әсіресе, ШОБ-ке аса назар аудару қажет, ол тексреістерге жиі ұшырайды, және заңнамалық тұрғыда аз қорғалған, қаржылық тұрғыда тұрақсыз және әр бір тексеріс оған ауыртпалық тигізеді.



  1. жүктеу 9,1 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау