Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» кеақ


ОҚУШЫЛАРДЫ    ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  ТӘЛІМДІК   ІЛІМДЕР



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет3/50
Дата26.05.2018
өлшемі5,03 Kb.
#17874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

ОҚУШЫЛАРДЫ    ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  ТӘЛІМДІК   ІЛІМДЕР
    
 
Қазақ этнопедагогикасындағы әлеуметтенген  тұлға тәрбиесі  
               Төл тарихымызға үңілетін болсақ, дана халқымыз тәрбие мәселесіне 
зор  жауапкершілікпен  қарап,  тәлімді  тәрбиенің  ұлт  болашағының  кепілі 
екендігіне ерекше мән берген.  
       Қазақ халқында педагогикалық ойлар Күлтегін жазбаларынан басталады. 
Күлтегін  жазбаларында  Күлтегіннің  адами  қасиеттері  жырланып,  ерлік  пен 
ездік,  тәлім-тәрбие  мәселелері  жыр  жолдарына  арқау  етіледі.  Жас 
жеткіншектерді  елін,  халқын  сүюге,  үлкенді  сыйлауға,  батылдық  пен 
тапқырлыққа баулу- Күлтегін жырларының түп негізі (1).  
       Күлтегін жазбаларымен идеялық  тұрғыдан астасып жатқан рухани мұра 
–  Қорқыт  атаның  педагогикалық  идеялары.  Ол  жас  ұрпақтың  қамын,  ата-
ананы құрметтеуді, баланы  тәрбиелеудегі  ата-ананың жауапкершілігін баса 
айтып, ата-ана атына кір келтірмейтін бала тәрбиелеуді мақсат еткен. Өзінің  
«Қорқыт  ата  кітабында»  «Атаның  атын  былғаған  ақылсыз  баланың  әке 
омыртқасынан  жаралып,  ана  құрсағында  шырланып  тумағаны    жақсы», 
«Анадан  өнеге  көрмеген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  алмаған  ұл  жаман», 
«Жібек  шатырдың  жібі  көрікті,  өнегелі  болса  бала    көрікті»,  т.б. 
адамгершілікке тәрбиелейтін философиялық ойлар айтады. Адамгершілік пен 
ерлік  отбасында  қалыптасады,  деген  Қорқыт  ата  отбасының  тұлғаны  
қалыптастырып,  оны  жан-жақты  дамытудағы  әлеуметтік  институт  ретіндегі 
маңызын жоғары бағалайды (1).   
       «Екінші  ұстаз»  атанған  ұлы  ғұлама  Әбу  Насыр  әл-Фараби  де  қазақ  
педагогикалық  ойларының  тарихында  өшпестей  із  қалдырды  .    Өзінің 
«Бақытқа  жол  сілтеу»,  «Бақытқа  жету  туралы»,  «Адамзаттық  саясат», 
«Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарасы»  атты  трактаттарында  
тұлғаны  қалыптастырып, оны  жетілдірудің  басты  құралы  ретінде  тәрбиені 
атап, «Адамды тек оқу-білім арқылы жақсартуға  болады» деген тұжырымға 
келеді.  Оқу  мен  тәрбиені  бір-бірінсіз  қарастыру  мүмкін  еместігін  көрсетіп, 
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»  деп  ой  қорытады (2).  
 Әбу    Райхан    әл  –  Бируни  «Бұрынғы  ұрпақтар  ескерткіші»  деген 
еңбегінде ақиқат пен жалғандық,  қайырымдылық пен зұлымдық, білімділік 
пен    надандық  ұғымдарының  мәнін  ашып,  адал,    әділ  азамат  тәрбиелеуге 
үндейді,    «еңбек  –  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  негізі»    деп,  тұлға 
түсінігінің әлеуметтік мәнін ашады (2).  


 Атақты  философ,  дәрігер  Әбу  Әли  ибн  Сина    «Қайырымдылық  пен 
қатыгездік»  атты  еңбегінде  халық  даналығына  сүйене  отырып,  отбасы  
тәрбиесінің  маңызын  баса  көрсетті.  «Егер    отбасы    тәрбиесі    тәсілдерін  
дұрыс қолданса, онда адам бақытты болады»  деген  тұжырымы  отбасының 
әлеуметтік    институт    ретіндегі    маңызын  көрсеткен    Қорқыт  атаның 
педагогикалық    ойларымен  ұштасып  жатыр.  Сонымен  қатар,  ибн    Сина 
тұлғаның  жан-жақты  дамуына  ерекше    мән  беріп,  музыка  мен  дене  
шынықтырудың  маңызын баса айтады (3).  
Жүсіп  Баласағұнның  да  қазақ  педагогикасында  маңызы  зор 
педагогикалық ойлары – ұлттық рухани- мәдени мұраға қосылған үлкен үлес. 
Ол өзінің « Құтадғу білік» («Құтты білік») еңбегінде:  
                            Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер,  
                                      Білім білсе, әзиз тірлік өткерер! – деп адам баласына 
 ең қажетті дүние білім  екендігін  айтумен  бірге:  
  Білім –байлық, азаймас һам жоғалмас, 
          Ұры, қары қол жеткізіп ала алмас!... 
             Ақыл, сенім анттасқан нақ жолдасың, 
        Білім, сенген мейірімді қандасың... 
   Ақыл керек, білім таңдап аларға 
                               Білім керек, іске жақсы қарарға, -  
деп ғылым мен білімнің өмірдегі пайдасына тоқталады(4). 
Ж.  Баласағұнның  дамыған  тұлға  қалыптастыру    жайлы  ойлары  да 
ерекше. Оның ойынша, дамыған тұлға дұрыс тәрбиеленген,  өзінің  бабалар 
ісін    жалғастырушы    екендігін    ұғынған,    ата  -   баба   дәстүрін   сақтап, 
құрметтейтін,  әділетті, қайырымды, өнерлі, жаны мен тәні жетілген, өмірдің  
мәнін ұғынған азамат(4).  
 «Құтты білік» еңбегінде:  Әділет- құт, құт құрығы- кішілік,  
                                             Әділеттің  заты - тұнған   кісілік,- 
 деп  жазғанындай,    Ж.  Баласағұн  адам  бойындағы    әділеттілік,    әдептілік 
секілді  ізгі  қасиеттерді  басты  орынға  қойып,    тұлғаны    дамытуға    тек 


адамның  бойына  ізгі  қасиеттерді    сіңіру    арқылы    қол  жеткізуге 
болатындығын  тұжырымдады(5).  
 
Мұсылман  әлемінің  ғұламасы,  философ    қожа  ахмет  Яссауи  де  өз 
кезегінде қазақтың  төл  педагогикасының дамуына зор үлесін қосты. Оның 
«Диуани  хикмет»  («Даналық  кітабы»)    атты  еңбегі  –  рухани-гуманистік 
бағыттағы  құнды  дүние.  Яссауидің  негізгі  идеясы  -  жан-жақты  жетілген 
тұлғаны  тәрбиелеу,  жеке  тұлғаның  бойында  шыдамдылық,  қанағатшылдық, 
ұстамдылық  секілді қасиеттерді  қалыптастыру.  
 
 Қазақ  халқының педагогикалық  ойлар  тарихындағы ерекше кезең- 
жыраулар поэзиясының дамыған кезі.  
 
 Ұлы  ойшыл  асан  Қайғының  толғаулары  адамгершілік  тәрбиесінің 
қайнар көзі болып табылады. Мәселен: 
 
Еділ бол да, жайық бол,  
                                     Ешкімменен ұрыспа,  
                                     Жолдасыңа жау тисе,  
                                     Жаныңды аяп тұрыспа... 
                                     Өлетұғын тай үшін,  
 
Көшетұғын сай үшін, 
                                     Желке терің құрысып,  
                                     Әркімменен  ұрыспа. 
                                     Ашу-дұшпан, артынан, 
                                     Түсіп  кетсең  қайтесің 
                                     Түбі  терең  қуысқа!.. -              деп ұстамдылыққа
достыққа, кешірімді болуға шақырып қана қоймай:   
                                     Арғымаққа міндім деп,  
                                     Артқы топтан адаспа. 
                                      Күнінде өзім болдым деп,  
                                      Кең пейілге таласпа....  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау