Проект на 12 июля 2015 года


) Жер қойнауын пайдалану жағдайының тұрақтылығы



жүктеу 0,88 Mb.
бет4/5
Дата26.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10739
түріКодекс
1   2   3   4   5

24) Жер қойнауын пайдалану жағдайының тұрақтылығы

Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасы өзінің барлық тарихында аса жиі және негізсіз өзгерістер объектісі болып табылды.

Сонымен, мәселен, 2006 жылғы желтоқсан мен 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде, яғни бір ай ішінде «Мұнай туралы» және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» негізгі заңдарға өзгерістер үш рет енгізілген. Қолданыстағы бес жыл ішінде Жер қойнауы туралы Заң 30 рет өзгертілген, кезекте оған өзгерістерді көздейтін шамамен бес заң жобасы тұр, бұл Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану қағидалары мен шарттарының тұрақсыздығын растайды.

Өз кезегінде, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарының тұрақтылығының негізгі кепілдіктерінен біртіндеп бас тарту инвесторлардың сенімін түбегейлі бұзды.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Кодекс жер қойнауын пайдалану талаптарының тұрақтылығы кепілдігі жөніндегі ережелерді қамтитын болады.

25) Жер қойнауын пайдалану саласынан жер асты суларын және емдік балшықты алу

Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастарды реттеу саласына тәулігіне 2000 м3 жоғары көлемдерде жер асты суларын барлау және өндіру, емдік балшықты барлау және өндіру сияқты жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың түрлері кіреді.

Бұған қоса, озық әлемдік практиканы талдау жер асты сулары тұрақты қозғалыстағы және жер үстіндегі су ресурстарымен өзара байланысқан және қатты пайдалы қазбалардың немесе көмірсутектердің кен орындарына қарағанда сызылған шекаралардағы жер қойнауының қатаң айқындалған учаскесіне жатқызыла алмайтын өмірлік маңызы бар табиғи ресурс ретінде қаралатындығын көрсетіп отыр.

Ресурстарды бөлу және жер асты суларын алуға құқық беру мәселелері жер үсті де, жер асты да суларын да су ресурстарын бөлу процесінің құрамдас бөлігі ретінде қаралады. Берілген тәсіл ОАР, Канада, Аустралия және т.б. елдерде қолданылады. Бұл елдерде жер асты суларын барлау және өндіру мәселелері су заңнамасында реттеледі. Сонымен қатар көптеген елдерде емдік балшықты өндіру мәселелері жер қойнауын пайдалану саласына жатпайды. Бұл ретте Қазақстанда тәуелсіздік алғалы беру және осы күнге дейін 6 келісімшарт қолданыста. Соңғы 10 жылда емдік балшықтарды өндіруге бірде-бір жаңа келісімшарт жасалған жоқ. Осыған байланысты Кодекс жобасында жер қойнауын пайдалану саласынан: 1) жер асты суларын осы қатынастарды су заңнамасы саласында бекіте отырып жер асты суларын барлау мен өндіру; 2) емдік балшықты барлау және өндіру алып тасталады.



26) Инвестицияларды тереңінен қайта өңдеуге ынталандыру

Қазақстан Республикасының аумағында инвестицияларды тереңінен қайта өңдеуге ынталандыру мақсатында Кодекс жобасында преференциялар, оның ішінде салықтық және кедендік преференциялар белгіленетін қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер жасау көзделеді.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жобалар үшін инвестициялардың ең төменгі көлемі Кодексте белгіленетін болады. Бұл келісімді жасау мүмкіндігі өндіруге арналған лицензия иелеріне қолжетімді болады.

27) Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

Кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты Жер қойнауы туралы Заң күшін жояды. Жер қойнауы туралы Заңның 30-бабына сәйкес келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын заңнаманың өзгерістері мен толықтырулары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылмайды. Осыған байланысты Кодексте оны қолданысқа енгізу тәртібі көзделетін болады.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңының 19-бабы 5-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты қызметін жүзеге асыруға дайындалу үшін жеке кәсіпкерлік субъектісіне қажетті мерзімдер негізге алынып белгіленуге тиіс. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Осыған байланысты Кодексті жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізу ұсынылады.

Әрекет етіп жүрген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тұрақтылық кепілдіктерін сақтау мақсатында өтпелі ережелер жер қойнауы туралы Заңның әрекет етіп жүрген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жекелеген ережелерін қолдану тәртібі мен шарттарын көздейтін болады. Бұл ретте жер қойнауы туралы Заңның жекелеген нормаларының қолданысына келісімшарттық талаптардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болатын бөлікте ғана жол берілетін болады. Бұл орайда Кодекстің әкімшілендіру мәселелерін реттейтін және жер қойнауын пайдаланушылардың тікелей келісімшарттық міндеттемелерін қозғамайтын не тұрақтылық кепілдігі саласына кірмейтін ережелері бұрын жасалған келісімшарттарға да қолданылады. Атап айтқанда, Кодекстің есеп беру рәсімдерін, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюдың тәртібін реттейтін нормалардың қолданысын қолдану болжанады.

Өтпелі ережелерде жер қойнауы туралы Заңның барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын тапқан және бағалаған жер қойнауын пайдаланушылардың айрықша құқығын көздейтін ережелерін ескере отырып, қолданыстағы барлауға арналған келісімшарттарды және өндіруге арналған келісімшарттарды, сондай-ақ қолданыстағы барлауға арналған келісімшарттар бойынша өндіруге өтудің тәртібі мен шарттарын өндіруге арналған келісімшартты жасауға ұзарту мәселелері реттелетін болады. Одан басқа, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленушілердің Кодекс бойынша жер қойнауын пайдаланудың жаңа режиміне ауысу мүмкіндігі мен талаптары айқындалатын болады.

Сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласында қызметті жүзеге асыратын қала құрушы кәсіпорындарды және моноқалалардың кәсіпорындарын минералдық-шикізаттық базамен қамтамасыз ету мақсаттары үшін осындай кәсіпорындардың тікелей маңында үшінші тұлғалардың жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша уақыттық шектеулер көзделетін болады. Бұл шара халқы осындай кәсіпорындардың қызметіне байланысты өңірлерде жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарына жол бермеу үшін қажет. Мұндай шектеулердің толық талаптары мен саласы өтпелі ережелерде көзделеді.

Кодекс жобасында көзделген келісімшарттық (лицензиялық) аумақтардың әкімшілендіру бойынша тәсілдерді ескере отырып, заң жобасында қолданыстағы геологиялық және тау жыныстарының тағдыры, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аумақтарды анықтау және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қазбаларды өндіру бойынша келісімшарттар бойынша аумақтарды кеңейту мәселелері айқындалады.

Қазақстан аумағында кеңестік кезеңде барланған өнеркәсіптік санаттағы қорлары бар қатты пайдалы қазбалардың пайдалы қазба кен орындары болғандықтан, олар үшін жер қойнауын пайдалану құқығын берудің аукциондық тәсілін көздеу болжанады. Егер көрсетілген кен орны аукционда өтпесе, ол бойынша өндіру құқығы жалпы тәртіппен ресімделетін болады. Теріс пайдалануды болдырмау мақсатында бұл тетікті қатты пайдалы қазбалар кен орнында жер қойнауын пайдалану құқығын, Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін бұрын жасалған өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған құқықтарды беру кезінде қолдану болжанады.

Кодекс жобасында берілген жер қойнауын пайдалану тұжырымдамасы мемлекеттік ТМТ-дан пайдалы қазбаларды өндіруді реттеудің және оларды пайдаланудың ерекше тәртібін болдырмайды. Осыған байланысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін түзілген мемлекеттік ТМТ-ға қатысты олардың құқықтық мәртебесі және оларды Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін пайдалану шарттары айқындалады.

Тұжырымдамада қатты пайдалы қазбаларды (ураннан басқа) барлау және өндіру саласында қызметті жүзеге асыратын ұлттық компаниялардың тікелей келіссөздер жүргізу арқылы пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға басым құқығы туралы норманы жою көзделуіне байланысты өтпелі ережелерде ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдалану құқығын Кодекс қабылданған күні ұлттық компания жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшартқа (шартқа) сәйкес жер қойнауын геологиялық зерделеуді жүзеге асырған учаскелерді басым тәртіппен алу мүмкіндігі көзделеді.

Өтпелі ережелерде Кодекстің көмірсутекті есепке алудың ақпараттық жүйесі бойынша, запастар бойынша есептіліктің халықаралық стандарттарын ендіру бойынша нормаларды және жалпы 6 ай мерзімнен асатын өтпелі кезеңді айқындауды талап ететін өзге нормаларды қолданысқа енгізудің мерзімдері айқындалатын болады. Жерасты сулар мен емдік балшық жер қойнауын пайдалану мәселелеріндегі болжалды өзгерістерге орай Кодексті қолданысқа енгізуге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жерасты сулар мен емдік балшық өндіруді реттеудің жаңа режиміне өтудің кезеңі де белгіленеді.

Одан басқа, жобалы құжаттарды әзірлеу мен бекітудің жаңа тәртібіне өтумен, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттарына және келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларына өзгерістер енгізу тәртібімен, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды реттеумен байланысты мәселелерді, сондай-ақ Кодекстің қолданысқа енгізілетініне байланысты өзге де мәселелерді реттеу көзделген.




  1. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

Заң жобасын қабылдау мақсаты жер қойнауын пайдалану және қорғау саласында заңнаманы жер қойнауын пайдалану саласын сапалы жаңа деңгейге шығару және оның инвестициялық тартымдылығын тиісті арттыру үшін оны кодтау арқылы жүйелендіру болып табылады.

Заң жобасын қабылдау мақсатпен жүретін болады және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамытуды, ондағы олқылықтар мен қайшылықтарды жоюды, шет ел тәжірибесінде сәтті іске асырылатын жаңа құқықтық институттарды қалыптастыру және енгізуді, сондай-ақ жер қойнауының Қазақстан Республикасында тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындауды білдіретін болады.





  1. Заң жобасының реттеу нысанасы

Заң жобасын реттеу нысанасы жер қойнауы мен оның ресурстарын пайдаланумен, жер қойнауын пайдалану субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.


  1. Заң жобасының құрылымы

Кодекстің құрылымы пандектілік жүйеге сәйкес келетін болады, яғни жалпы және негізгі бөлімдерге бөлінетін болады. Мұндай кодталған актілер құрылымының мысалдары біздің еліміздің заңнамасына белгілі: Азаматтық кодекс, Салық кодексі, «Кеден ісі туралы» кодекс және т.б.

Кодекстің жалпы бөлімінің болуы бір жағынан жер қойнауын пайдалану саласының жалпы біркелкі мәселелерін реттеуге және оларды тек қана жер қойнауын пайдалану жөніндегі белгілі бір қызметке немесе олармен байланысты пайдалы қазбалардың белгілі бір түрлеріне қатысты қолданылатын арнайы реттеуден шектеуге осындай мәселелерді реттеуді негізгі бөлімге жатқыза отырып мүмкіндік береді.

Кодекстің келесі алдын ала құрылымы ұсынылады:

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

I БӨЛІМ. Негізгі ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Жер қойнауы және олардың ресурстары

II БӨЛІМ. Жер қойнауын пайдалану құқығы

3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы ережелер

4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болу негіздері

5-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету, жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту

6-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы оператор

7-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы



III БӨЛІМ. Жер қойнауын қауіпсіз пайдалану

8-тарау. Жер қойнауын қауіпсіз пайдалану бойынша талаптар

9-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде жою және консервациялау

IV БӨЛІМ. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару

10-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар жүйесі

11-тарау. Жер қойнауының мемлекеттік қоры

V БӨЛІМ. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты даулар, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

12-тарау. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты дауларды шешу және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік



VI БӨЛІМ. Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

13-тарау. Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты, қағидаттары, негізгі бағыттары және түрлері



VII БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

14-тарау. Жер қойнауын геологиялық зерттеудің шарттары мен тәртібі



VIII БӨЛІМ. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

15-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және оны тоқтату ерекшеліктері

16-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру аумақтары мен учаскелері

17-тарау. Көмірсутекті барлау және өндіру кезеңдері

18-тарау. Көмірсутекті барлау және өндіру шарттары

19-тарау. Көмірсутекке қатысты жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары

20-тарау. Көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жекелеген мәселелері

21-тарау. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңының аумағында, теңізде немесе ішкі су айдындарының түбі мен жағажай аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері

22-тарау. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері

IX БӨЛІМ. ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

23-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау

24-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру

25-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскелерін ұстап тұру мәртебесі

26-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін қайта құру

27-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру шарттары туралы келісім

28-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен

X БӨЛІМІ. УРАНДЫ ӨНДІРУ

29-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату ерекшеліктері

30-тарау. Уранды өндіру учаскелері мен аумақтары

31-тарау. Уранды өндіру кезеңі

32-тарау. Уранды өндіру шарттары

33-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалық құжаттар



XI БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ

29-тарау. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар



XII БӨЛІМ. СТАРАТЕЛЬДІК

30-тарау. Старательдікті жүзеге асыру шарттары



XIII БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Жер қойнауын пайдалану туралы заңға жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

Дүниежүзілік банктің есептерін, ЭЫДҰ ұсынымдарын, қоғамдық тыңдаулар материалдарын, инвестициялық тартымдылық бойынша Қазақстанның рейтінгі бойынша деректерді, Жер қойнауы туралы заңды жер қойнауына инвестицияларды тарту жөніндегі көшбасшылар тобына кіретін елдердің (Канада, Аустралия, Чили және басқалары) заңнамасымен салыстырып талдаудың деректерін зерттеу негізінде жүргізілген Жер қойнауы туралы заңның құқықтық мониторингінің нәтижелері көрсеткендей, Жер қойнауы туралы заңда көзделген жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттеу бойынша қолданыстағы тәсілдер озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тартуды ынталандырмайды. Жер қойнауы туралы заңда қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутекті реттеудің өзгешелігін және ерекшелігін ашпайды. Қолданыстағы Жер қойнауы туралы заң жүйеге келтірілмеген және нарықтық экономиканың шындығына сай келмейді. Жоғарыда баяндалғанды есепке ала отырып, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын берудің озық әлемдік тәжірибесін енгізудің көздейтін Ұлт жоспары – 100 нақты қадам 75-тармағын басшылыққа ала отырып, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттеудің қолданыстағы тәсілдер озық әлемдік тәжірибеге сәйкес келтіруді талап етеді. Бұл ретте Кодексте қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек саласындағы қатынастарды реттеудің ерекшелігін көздеу қажет.


  1. Заң жобасын қабылдаудың болжанған құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары

Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдары: жоғары заңдық күші бар заңнамалық актімен жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастарды айқын, нақты, тұрақты реттеуді белгілеу, сәйкесінше – жер қойнауын пайдалану саласында қатынастарды реттейтін заңнамалық қарама қайшылықтарды төмендету. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекет пен инвесторлардың мүдделері теңгерімін сақтауға бағытталған жер қойнауын пайдаланудың салмақты либералды режимін белгілеу.

Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:

Кодексті қабылдау геологиялық барлауға жаңа инвестицияларды тартуға ықпал ететін болады, бұл пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашуға әкеледі. Бұл өз кезегінде келесі нәтижелерге:


  • елде өндірудің 10-13% өсімін

  • жер қойнауын пайдаланушылардың салық түсімін жылына ~300 млрд.тг. арттыруға

  • ЖІӨ 1,9-2,5% өсіміне;

  • Саладағы жұмыс орындарының артуына және сервистік және мердігер ұйымдар қызметінің өсіміне әкеледі.




  1. Әзірленіп жатқан заң жобасына басқа заңнамалық актілерді бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтірудің қажеттігі

Кодексті қабылдау 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның күшін жойылды деп тануды талап етеді. Сондай-ақ қабылданған және қазіргі қолданыстағы заңға тәуелді актілер осы Заңның қабылдануымен күшін жояды. Кодексті қабылдаумен байланысты оны іске асыру мақсаттары үшін бірқатар жаңа заңға тәуелді актілерді әзірлеу және қабылдау талап етіледі.

Кодексті қабылдау жер қойнауын пайдаланумен аралас қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Атап айтқанда «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі, Қазақстан Респуб-ликасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республика-сының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Респуб-ликасының кодексі (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы», 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы», 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы», 2011 жылғы 20 шілдедегі «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі», 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», 2004 жылғы 6 шілдедегі «Iшкi су көлiгi туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.





  1. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Қазіргі уақытта Кодексті реттеу мәніне кіретін мәселелер жиі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен, Қазақстан Республикасының Жер кодексімен, Су кодексімен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.



  1. Қарастырылып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

Шетелдік тәжірибенің болуы мәселесін екі жақты қарастырған жөн:

1) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы кодтау бойынша дүниежүзілік тәжірибенің болуы;

2) ең жақсы халықаралық тәжірибенің Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін кодталған заңнамалық актілерін әзірлеуде есепке алуы.

Заңнаманы кодтау саласындағы тәжірибе

Құқықтың қандай да бір саласын кодтау шетелде заңнама тәжірибесінде аса кең таралған.

Жер қойнауын пайдалану және тау өндірісі туралы заңнама жүйесінің нақты иерархиясы құрылған, аталған заңнама жеке салаға бөліп алынған елдерде экономиканың осы секторына инвестициялардың тұрақты өсімі байқалатынын атап өткен жөн.

Роман-герман құқықтық жүйе елдерінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы жүйелендіру ең алдымен кодекстер мен субардинацияланған институционалды заңдарды қабылдау жолымен іске асырылды. Атап айтқанда мұндай елдерге Чили, Бразилия, Аргентина, Франция, Украина және т.б. елдер жатады.

Англо-саксондық құқықтық жүйе елдері үшін кодтау заңнаманы салалық жүйелендіру нысаны ретінде АҚШ-ты қоспағанда оларға тән болып табылмайды. Алайда өндіруші саланың көтерілуін бастарынан өткеріп жатқан мұндай елдерде пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында заңнаманы құру жүйелілігі мен вертикалдығы байқалады. Ең алдымен бұндай жүйелілік мәні жағынан роман-герман құқық жүйесінде орны бар мағынада және соның рөлін атқаратын, соның негізінде және оған сәйкес субардинацияланған заңнамалық және заңға тәуелді актілер қабылданатын мәртебені немесе актіні қабылдауда көрініс табады.

Құқықтық реттеудің мұндай жүйесі Канадада, Австралияда, ОАР және Үндістанда, яғни нақты жер қойнауын пайдалану саласының тұрақты өсімі мен өндіруші салаға инвестициялардың тұрақты ағымы орын алған.

Оған қоса Қазақстанның жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын дамыту үшін нақты бағдар жүздеген жылдар бойы қалыптасқан бірқатар алыс шетелдердегі жер қойнауы туралы заңнаманы қалыптастыру тәжірибесін зерделеу болуы мүкін.

Дамыған тау өндірісімен шет елдердің көпшілігінде жер қойнауы туралы заңнама жүйесін қалыптастыру кодтау (ГФР, Франция, Италия), инкорпорация (АҚШ) немесе жүйелендіру (Англия) түрінде жүзеге асырылды.

Жүйелендіруге тиісті қарым-қатынаста заң-шығармашылық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруда шет елдердің тәжірибесін игеру Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңартылып жатқан заңнамасының сапасына оң әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай зерттеулер қажет, себебі Қазақстанның тиісті заңнамасын жетілдіруге ықпал етіп қана қоймай, Қазақстанның халықаралық қатнастар шеңберінде байланысы кезінде өзара түсіністігін жақсартуға қызмет етеді.

Мәселен, атап айтқанда, Кодексте Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласын реттеу негіздері ретінде қамтылған жаңа тәсілдердің көпшілігі шет елдердің озық тәжірибесінен алынған.



Тұжырымдамада ұсынылған жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің жаңа тәсілдері бойынша шетел тәжірибесінің болуы

Мемлекеттік биліктің қандай органдары басты түрде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне әсер етеді? Олардың рөлдері қандай?

Аустралия

КСШ барлау және өндірудің институционалдық базасы 2012 жылы қайраңдағы барлауға және өндіруге қатысты әкімшілік және басқару функциялары үшін жауаптылық бірыңғай ұлттық өкімгерлік органға, Қайраңдағы көмірсутек ресурстарына меншік құқықтарын ұлттық басқаруға (NOPTA) жүктелетіндей өзгертілді.

Бұл орган Табиғи ресурстар, энергетика мен туризм министрлігінің Табиғи ресурстар бөлімінің құрамына кіреді. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттеу Қайраңдағы көмірсутектерді өндіру кезінде қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ұлттық департаментінің (NOPSEMA) құзыреті аясына жатады. Бұл тәуелсіз заңды түрде құрылған орган.

Аустралияның Өнеркәсіп министрлігі энергетикалық нарықтың дамуына және ресурстармен байланысты саясаттың жүргізілуіне жәрдемдесетін негізгі орган болып табылады.

Өнеркәсіп министрлігінің энергетикалық нарық пен ресурстарды реттеуге саясаты Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі тұрақты әрекет ететін қеңесті (SCER), Аустралияның Энергетикалық нарығы жөніндегі комиссиясын (AEMC), Энергетикалық нарықтың аустралиялық операторын (AEMO), Қайраңдағы көмірсутек ресурстарына меншік құқықтарын ұлттық басқаруды (NOPTA), Қайраңдағы көмірсутектерді өндіру кезінде қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ұлттық департаментін (NOPSEMA) және «Геоғалым» үкіметтік ұйымын (Geoscience) қоса алғанда, түрлі мекемелердің ынтымақтастығы арқылы енгізіледі.

SCER – бұл ұлттық саяси орган және Аустралияның энергетикалық нарығын (электр және газ), сондай-ақ шикі мұнайды және қайраңдағы минералдық шикізатты барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді басқару органы.

AEMC электр және табиғи газ нарығын, сондай-ақ беруші және таратушы желілер мен бөлшектеп сатушылар нарықтарын реттеу мен дамыту үшін жауапты орган болып табылады

«Геоғылым» - «құрғақтықта, сол сияқты қайраңда бірқатар түрлі энергия көздерін ашу және әзірлеу үшін» жауапты үкіметтік орган. Ол «геотермальная энергетика, мұнай мен газдан өндірілетін энергия, уран мен торий, сондай-ақ әлеуетті энергияның басқа да аз игерілген нысандары сияқты салаларда жұмыс істейді».

Қайраңдағы аумақтарда көмірсутек ресурстарын реттеу үшін жауапты басты орган NOPSEMA болып табылады. NOPSEMA-ға сәйкес оның рөлі «қоршаған ортаның қауіпсіздігі, тұтастығы мен ластануы тәуекелдерінің барлығын тиісінше бақылауды; қайраңдағы мұнай мен газды барлаудың және өндірудің қауіпсіздігі, тұтастығы мен экологиялық бақылануы саласында заңнама арқылы тәуелсіз басқару; қайраңда мұнай мен газды барлау және өндіру саласында қоршаған ортаның қауіпсіздігі, тұтастығы мен оны қорғау сипаттамаларын тұрақты түрде жетілдіруге жәрдемдесетін нормативтік базаны қолдау, іс жүзінде жұмыс жасайтын және тиімді адамдарды, процестер мен жүйелерді дамыту мақсатында саламен, мүдделі тараптармен және басқа мекемелермен жұмыс жасау» болып табылады.


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау