14) Қорларды бағалау
Бүгінгі күні Қазақстанда 1960 жылы әзірленген және 1981 жылы қайта қаралған, пайдалы қазбалардың қорын есептеу әдістемесі мен жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында ғана және экономикасы толығымен мемлекеттің бақылауындағы социалистік елдерде (жоспарлы шаруашылық, топтық-әкімшілік жүйе) қолданылады, сол уақытта нарықтық экономикасы бар жетекші өндіруші елдерде қорларды бағалауға, оларды бекітуге және растауға икемдірек әрі нарыққа бағдарланған өзге тәсілдер қолданылады.
Мысалы, АҚШ-та, ОАР-да және Аустралияда пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалауды мемлекеттік органдар емес, былайша айтқанда, білікті сарапшылар болып табылатын, кәсіби өзін-өзі реттеуші ұйымдарда тұратын және берген қорытындысына жауапты құзыретті тұлғалар жүзеге асырады. Мұндай елдерде мемлекет жер қойнауын пайдалану процесінің белсенді қатысушысы емес, ол инвестицияларды тартуға ықпал ететін, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет қағидаларын ғана жасайды. Бұл ретте пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау мемлекет белгілеген қағидаларға сәйкес емес, салалық ұсынымдарға (best practices) сәйкес жүзеге асырылады, сондықтан «жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы» ұғымы пайдалы қазбалардың қорларын бағалаудың ағымдағы қазақстандық жүйесіндегі мағынасында мүлдем жоқ. Сол елдерде инвестициялық және сарапшылық қоғамдастық листингтік компанияларға геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары туралы жария есептілікті беру туралы тиісті талаптар (яғни, аталған қағидалар тиісті биржалық қағидалардың бөлігі болып табылады: JORC кодексі (Аустралия), SME Guide (АҚШ), CIM (Канада), SAMREC (ОАР) қабылдады. Бұл талаптар жер қойнауын пайдалану саласын қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары туралы есептіліктің ашық жүйесімен қамтамасыз етеді, мұнымен инвесторларға кен өндіруші компанияларға және олардың жобаларына инвестициялар салуға қатысты шешімдер қабылдау үшін база беріледі. Қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалауды реттеудің аталған жүйесі әлемдік практикада ең озық болып табылады.
Халықаралық практиканы және беталысты назарға ала отырып, әзірлеуші CRIRSCO қатты пайдалы қазбалардың қорлары бойынша есептілік стандартының халықаралық жүйесін ендіру арқылы жер қойнауын пайдалану саласының мөлдірлілігін арттыруды ұсынады. Дамыған кен өндіруші елдерді мысалға ала отырып, біріншіден, Қазақстан Республикасының кен өндіру индустриясына капиталдың сыртқы нарығынан инвестициялар тартуға (инвесторлар үшін түсінікті терминдерінде кен орындары туралы ақпараттың ашықтығы арқылы) мүмкіндік береді. Екіншіден, осы Тұжырымдамада жазылған қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланудың жаңа шарттарын теңгерімді әрі ойдағыдай енгізуге мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың рсеурстары мен қорларын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу үшін өзін өзі реттейтін ұйым – халықаралық жетекші тәжірибе мн стандарттарға сәйкес қатты пайдалы қызбалардың ресурстары мен қорларын бағалау жөніндегі сертификатталған сарапшылардың ұлттық институтын құру талап етіледі.
Мұнай-газ саласында қазіргі уақытта 2005 жылы бекітілген қорлар сыныптамасы қолданылады, ол, өз кезегінде, КСРО 1983 жылғы қорлар сыныптамасының қағидаттарына негізделген.
Бұл ретте аталған сыныптама әлемдік экономикалық өзгерістерді, мысалы, мұнайға бағаның түсуін ескере бермейді. Мұндай жағдайда жобалардың экономикалық рентабельділігінің өзгерістерімен геологиялық және технологиялық факторлар үйлесе бермейді.
Сондай-ақ мұнай-газ компанияларына қаржыландыру мен инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық банктер мен қор биржаларының шарттарына орай мемлекеттік есепке алудан басқа, халықаралық стандарттар бойынша қорлардың аудиті қосымша жүргізілуге тиіс.
Осыған байланысты SPE-PRMS (Petroleum Resources Management System) қорларды есепке алудың халықаралық жүйесімен және біршама дәрежеде АҚШ Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиямен (U.S. Securities and Exchange Commission) бірдейлендіру және үндестіру мақсатында қолданыстағы қорлар сыныптамасын кезең-кезеңмен (мемлекеттік органдар, сарапшылар ұйымы мен салалық компанияларға жақсылап дайындалуға қажетті өтпелі кезеңімен) қайта қарау ұсынылады.
Көмірсутектердің ресурстары мен қорларын басқару жүйесін SPE-PRMS 1997 жылы Мұнайшы инженерлер қоғамы (Society of Petroleum Engineers, SPE) Әлемдік мұнай конгресімен (World Petroleum Congress, WPC) және Америка мұнайшы геологтарының қауымдастығымен (AAPG) бірлесіп әзірлеген. Қазіргі уақытта 2011 жылы қабылданған редакция қолданылады.
Көмірсутектер бойынша қорларды халықаралық есепке алу жүйесімен үйлестіру және бірдейлендірудің жоспарланған үдерісі кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын назарға ала отырып, өту кезеңі ішінде қорлардың мемлекеттік сараптама институттарын сақтау қажет.
Қорларды бағалау мәселелерімен қатар Кодексте сонымен қатар Қазақстан Республикасының минералды-шикізат қорының жағдайын мемлекеттік есепке алу мәселелері реттеуге жатады. Бұл ретте қатты пайдалы қазбалар саласында қорлар бойынша халықаралық есептілік стандарттарына өтуіне қарай қорларды мемлекеттік есепке алу білікті адамдар есептерінің негізінде жүзеге асырылатын болады.
15) Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар
Жер қойнауы туралы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың тау-кен, мұнай-газ және уран секторларында қызметті жүзеге асыратын ұлттық компаниялар ерекше артықшылықты жағдайға ие.
Мұндай жағдайдың мәні осы ұлттық компаниялардың тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу мүмкіндігі болып табылады.
Ұлттық компаниялардың ерекше жағдайы мұнай-газ және уран секторы саласында ғана сақталуға тиісМұнай-газ секторындағы ұлттық компанияның жағдайы, біріншіден, өзге (қызығушылық танытқан) жер қойнауын падаланушы өтінішін жазбаған жер қойнауының перспективалық учаскелерінде конкурссыз негізде барлауға құқықты алу мүмкіндігімен; екіншіден, конкурссыз негізде өндіруге құқық алу және мемлекеттің стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына ғана қатысты басым құқығын іске асыру мүмкіндігімен шектелуге тиіс. Жер қойнауы учаскелері мен уран кен орындарына қатысты мемлекеттің басым құқығын іске асыруға құқыққа уран саласындағы ұлттық компания ие болатын болады.
Одан басқа, құзыретті орган аукцион жүргізу шарттарының пакетін қалдыптастыру кезінде келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығындағы көмірсутектер саласында ұлттық компанияның үлесін айқындай алады.
Кодексте стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері мен кен орындарын айқындау бойынша нормаларды жетілдіру және оларды айқындау бойынша нақты өлшемшарттарды бекіту болжанады.
Сонымен, инвесторлар үшін транспарентті және болжалды орта жасау мақсатында Кодексте белгілі бір жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар деп айқындау үшін нақты негіздемелер белгілеу ұсынылады. Мұндай негіздемелерге: кен орнының қор шамасы, пайдалы қазбаның түрі, географиялық орналасуы және мемлекетті органның, комиссияның немесе кеңестің арнайы шешімі болуға тиіс сияқты.
Тізбеленген негіздемелер бойынша стратегиялық деп айқындалған жер қойнауы учаскелері, кен орындары құзыретті органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бірлесіп бекітетін стратегиялықтардың тізбесіне енгізілуге тиіс. Аталған өлшемшарттарын айқындау кезінде әзірлеуші ЭЫДҰ өкілдерінің пайдалы қазбалар қорларының баламалы шегін белгілеу туралы түсініктемелерін назарға алатын болады, себебі тым төменгі шек жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық тартымдылығына теріс әсер етеді.
Ұлттық компанияларға барлық қалған жер қойнауы учаскелері мен кен орындарына қатысты құқық беру жалпы тәртіппен және жер қойнауын пайдаланудың өзге субъектілерімен тең бастамалармен жүргізілетін болады. Аталған шара геологиялық барлауға және өндіруге жеке инвестицияларды тартуға ықпал етуі тиіс.
16) Дауларды шешу тәртібі
Инвесторлардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі жер қойнауын пайдалану шарттарымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығынан айырумен байланысты дауларды (заңнамаға орай Қазақстан Республикасының мемлекеттік соттары ғана қарай алатын даулардан басқасын, мысалы, құзыретті органның бастамасы бойынша тоқтатылған жер қойнауын пайдалану құқығын қалпына келтіру туралы талап арыз) шешуге төрелікке беру мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекет бақыламайтын дауларды шешу институтына дауды қарауға беру мүмкіндігі инвесторлардың Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласына инвестицияларды жүзеге асыруы кезінде олардың құқықтарының сақталатынына кепілдік беруге мемлекеттің дайын екендігін айқын көрсетеді. Бүгінгі күнде көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушыларға Энергетикалық Хартияға Келісім шеңберінде аталған құқық берілген.
Ураннан басқа қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушының бастамасы бойынша төрелік (аралық) келісімді жасау мүмкіндігі Кодекстің өзінде бекітілетіні болжанады. Бұл ретте төрелік келісім шарттарын тараптар келісу қажеттігіне орай туындауы мүмкін жер қойнауын пайдалану құқығын ресімдеуге кідірістерді болдырмау үшін Кодексте, егер жер қойнауын пайдаланушы төрелік келісімнің жасалуына бастама жасаса, мемлекет үшін тиімді болатын төреліктің негізгі шарттары («Негізгі Шарттар») көзделетіні жоспарлануда.
Төрелік келісім, егер жер қойнауын пайдаланушы (ол талапкер немесе дау бойынша жауапкер болуына қарамастан) тиісті төрелікке және (немесе) мемлекетке Кодексте Негізгі Шарттарда айқындалғандай өзінің дауды төрелікте шешуге ниеті туралы хабарламаны жіберсе, жасалды деп есептеледі. Ал мемлекеттің Негізгі Шарттарда осындай төрелік келісімді жасауға еркі мен келісімі Кодекстің өзінде (2003 жылғы Инвестициялар туралы ҚР Заңымен ауыстырылғанға дейін Қазақстанда ойдағыдай қолданылып жүрген Шетелдік инвестициялар туралы ҚР Заңында бекітілген тетікке ұқсас) бекітілетін болады.
Төрелік келісімді жасаудың мұндай нысаны жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін стратегиялық маңызға ие, себебі дербес төрелік келісімді жасау туралы мәселе жер қойнауын пайдаланушы мен мемлекет арасындағы жер қойнауын пайдалану шарттары туралы келіссөз процесін белгіленбеген мерзімге созуы мүмкін немесе мұндай төрелік келісімді жасау, мысалы, жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарт негізінде емес, лицензия негізінде берілетін жағдайларда мүмкін болмайды.
Осыған байланысты Кодексте мынадай Шарттар: (1) төрелік форумы және, тиісінше, қолданылатын қағидалар; (2) төрелік орны; (3) төрешілер саны; және (4) төрелік тілі регламенттелетін болады.
Төрелік регламентін айқындауда және төрелік процесін әкімшілендіруде қиыншылықтарды болдырмау үшін жер қойнауын пайдаланушының бастамасы бойынша форумды таңдау кезінде тұрақты жұмыс істейтін төрелік институттардың біреуін ғана таңдауға рұқсат беру ұсынылады.
Төрелік орнына қатысты: төрелік орнын (және, тиісінше, қоданылатын процестік құқықты) шет елде таңдау мүмкіндігін, сондай-ақ шетелдік тұрақты жұмыс істейтін төрелік институтты таңдау мүмкіндігін келісімшарт немесе лицензияның шарттары инвестициялар көлемі бойынша белгілі бір ең төменгі шектік мәнді (мысалы, 50 және одан да көп млн. АҚШ доллары мөлшерінде) көздейтін көмірсутекті және қатты пайдалы қазбаларды барлау жобалары үшін ғана шектеу ұсынылады. Басқа барлық өзге жобалар үшін (кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды және басқаларды барлауды және өндіруді қоса алғанда) дауларды қарауды Қазақстан Республикасында әрекет ететін төрелікке немесе аралық сотқа беру мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Бұл ұсыныс ел экономикасы үшін ірі немесе жеткілікті маңызды болып табылмайтын жобалар бойынша төрелікке шығыстарды азайту қажеттігімен негізделеді.
Төрешілер санына қатысты шарт үш төреші (әрбір тарап таңдаған бір-бірден, және тараптар таңдаған екі төреші таңдаған үшінші) болады.
17) Жер қойнауын пайдалануға және онымен байланысты объектілерге кепілдік және құқық беру
Жер қойнауын пайдалану туралы Заңға сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді кепілге беру құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жүзеге асырылады.
Практикада мұндай норма қаржыландыруды тарту процесін күрделендіре түседі, өйткені:
біріншіден, қажетті құжаттарды жинау рәсімі және оларды қарау жер қойнауын пайдалану құқығы және (немесе) онымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға ұқсас (жер қойнауын пайдаланушы Жер қойнауы туралы Заңның 37-бабына сәйкес тізбе бойынша орыс және қазақ тілдерінде құжаттар пакетін ұсынуға міндетті. Бұл ретте, Жер қойнауы туралы Заңның 37-бабының 2-тармағы талаптарына кез келген формальды түрдегі сәйкессіздік рұқсат беруге кедергі болып табылады) болғандықтан ұзақ уақытты алады;
екіншіден, кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану кез келген жағдайда рұқсатты қайталап алуды талап етеді.
Осылайша, инвестициялар тарту үшін анық артық әкімшілік тосқауылдар жасалады.
Одан басқа қолданыстағы Жер қойнауы туралы заң жер қойнауы және (немесе) жер қойнауын пайдалануға құқықпен байланысты объектілерге құқықтарды кепілдікке қоя отырып алынған кредиттерді тек қана «жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыздық қатысу үлесі бар еншілес ұйым жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану не кейіннен қайта бөлісуді ұйымдастыру мақсаттарына бағыттауды көздейді». Аталған ереже жеке меншік қаражатты пайдалануды бақылау жөніндегі функцияларды мемлекеттік органдарға ақталусыз «жүктейді», ал әлемдік тәжірибеде мұндай бақылау кредитормен жүзеге асырылады.
Осыған байланысты жер қойнауын пайдалануға құқықты, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құзыретті органының немесе жергілікті атқарушы органының рұқсатын алу қажеттілігін аталған рәсімді хабарландыру тәртібімен алмастыру кепілдігімен Кодекстен алып тастау ұсынылады. Көрсетілген кепілдікте алынған кредитті мақсатты пайдалануға талап та жоюға жатқызылуы тиіс.
Бұған қоса, Кодексте жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты объектілерді берген кезде құзыретті органның рұқсатын алу қажеттігін жоятын жағдайлар тізбесін кеңейту болжанады. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге қатысты рұқсат беру тәртібі сақталып қалады. Жер қойнауы учаскелерінде және ураннан басқа қатты пайдалы қызбалардың кен орындарында жер қойнауын пайдалануға құқықпен байланысты объектілерді беру кезінде рұқсат беру тәртібі стратегиялық критериіне сәйкес келетін жер қойнауы учаскелері мен кен орындары үшін ғана сақталады. Көмірсутектері мен уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру кезінде рұқсат беру тәртібі барлық жер қойнауы учаскелері мен кен орындары үшін сақталады.Жер қойнауының және кен орындарының стратегиялық учаскелері өлшемшарттары Кодексте белгіленетін болады. Аталған шара жер қойнауын пайдаланудың айналымға қабілеттілігін, мәселен бір адамдар тобы ішінде күшейтуге мүмкіндік береді.
Жер қойнауын пайдаланушыны бақылайтын адамдар үшін, стратегиялық болып табылмайтын ураннан басқа қатты пайдалы қазбалардың кен орындарына қатысты бақылау өзгерген (сатып алынған) жағдайда хабарлау тәртібі белгіленетін болады.
18) Мемлекеттің басым құқығы
Халықаралық сарапшылардың, ЕЫДҰ баға берулері бойынша саланың инвестициялық тартымдылығына теріс әсер ететін қауіптердің бірі мемлекет тарапынан мемлекет меншігіне алу, экспроприациялау қаупі болып табылады. Мемлекеттің басым құқығын инвесторлар мемлекет меншігіне алу мен экспроприациялау түрлерінің бірі ретінде қаралады.
Аталған институттың әрекет еткен барлық уақытында жер қойнауы туралы заңнамада ол бір рет те толығымен іске асырылмаған. Әлемдік практикада мемлекеттің пікірі бойынша ұлттық мүдделерге қауіп төндіруі мүмкін компаниялардың қатысуымен мәмілелерді блоктау институты кең қолданылады. Бұл ретте берілген тетік, әдеттегідей жер қойнауын пайдалану саласында ғана емес, барлық салаларға қатысты қолданылады.
Осыған байланысты саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жобада көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауы учаскелері мен кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелерге қатысты ғана мемлекеттің басым құқығы институтын сақтап қалу ұсынылады.
Өзге стратегиялық жер қойнауы учаскелері мен кен орындарына қатысты рұқсат беру режиимі қолданылатын болады.
19) Техногендік минералдық түзілулер
Қазіргі уақытта мемлекеттік техногендік минералды түзілулерден (ҚМТ) өндіру жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың жеке бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл ретте өндіруді жүзеге асыру үшін жарамды ҚМТ өз табиғаты жағынан тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп қалдықтарын қоймалау нәтижесінде түзілген техногенді кен орындары болып табылады. Себебі ҚМТ табиғаты жағынан тау-кен өндірісінің қалдықтьары болып табылады, тиісінше оларды пайдалануды реттеудің құқықтық механизмі олардың ықтимал қайта өңделуін ескере отырыпосындай мүмкіндік болған кезде оларды жою қажеттігіне негізделуі тиіс. Осыған байланысты Кодекс аясында ҚМТ-ден жер қойнауын пайдаланудың дербес түрі ретінде өндіруді алып тастау көзделеді. ҚМТ орнына жобада тау-кен қызметінің қалдықтарын сақтау жүзеге асырылатын учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтағанға дейін мұндай қалдықтар жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі болатынын көздейтін тау-кен жұмысының қалдықтарын пайдалануды реттеудің жаңа механизмі қарастырылатын болады. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде тау-кен қызметінің қалдықтары жоюға жатады. Жою қалдықтары жер қойнауының бір бөлігіне айналады. Осындай учаскелерден одан әрі өндіру жалпы тәртіпте жүзеге асырылатын болады.
Орын алған ТМТ бойынша мәселелер өтпелі ережелерде реттелетін болады.
20) Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары
Әлемдік тәжірибеде жеке секторды білдіретін жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы (бұдан әрі – «ТЖК») мемлекеттік реттеу саласына жатқызылмайды, себебі расталған және тиімді сатып алу мәселелері жер қойнауын пайдаланушы мен оның акционерлерінің (қатысушылары) мүдделері мен төтенше құзырының саласы болып табылады. Аталған рәсімдердің заңнамалық регламентациясы сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасай отырып жеке жер қойнауын пайдаланушылардың күнделікті қызметін жөнсіз қиындата отырып кері нәтиже береді. Көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуды ерікті түрде реттеу тетіктері бар. Қатты пайдалы қазбалар саласында әдеттегідей реттеу жоқ.
ОЭСР сарапшыларының пікіріне сәйкес жергілікті ТЖК өндірушілері мен жергілікті кадрларды дамытуды ынталандырудың әлемдік тәжірибесі бір жақты тәртіпте мемлекет белгілейтін талаптарға емес, олардың жергілікті өнім берушілердің сапалы ТЖК өндіруі бойынша алғышарттар мен жағдайлар жасауға және жеке секторда талап етілетін жергілікті кадрлар дайындауға негізделеді. Сатып алу рәсімдерін біріздендіру кезінде шарасыз болатын сатып алу саласындағы артық реттеу орташа және ұзақ мерзімді перспективада жер қойнаушыларға ғана емес, сонымен қатар ТЖҚ жеткізушілеріне де теріс ықпалын тигізеді, себебі бұл келешекте ТЖҚ сатып алу кепілдіктерінің болмауына орай өндірістерді кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар тарту бойынша олардың мүмкіндіктерін шектейді.
Осыған орай Кодексте мемлекет белгілейтін қағидалармен қатар ТЖҚ сатып алуды реттеудің балама тетіктерін көздеу ұсынылады. Кодексте жер қойнауын пайдаланушылардың ерікті негізде Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен өзін-өзі реттеу ұйымы қабылдаған стандарттарға (рәсімдерге) сәйкес ТЖҚ сатып рәсімдерін қолдану мүмкіндігі көзделеді. Өзін-өзі реттейтін ұйым жер қойнауын пайдаланушылардың осы стандарттарға сәйкестігінің аудитін жүргізетін болады. ТЖҚ сатып алу стандарттарына сәйкес келмейтін жер қойнауын пайдаланушылардың оларды қолдану құқығы болмайды. Тиісінше оларға мемлекет белгілейтін ТЖҚ сатып алу рәсімдері қолданылады.
Тұтастай алғанда, қазақстандық тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің үлесіне қойылатын талаптар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлеміне, сондай-ақ Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіргенде қабылданған міндеттемелерге қайшы келмейтін қазақстандық кадрларды, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың күшіне енуіне байланысты.
21) Қазақстан үшін дәстүрлі емес пайдалы қазбаларды барлау және өндіру
Минералдық шикізатқа деген әлемдік және Қазақстандық өсіп келе жатқан сұраныстар және жаңа жоғары технологиялы өндірістерді құру минералды-шикізат базасын кешенді дамытуды талап етеді. Бұл ретте жаңа дәстүрлі кен орындарын іздестіру ғана емес, сондай-ақ Қазақстан үшін дәстүрлі емес пайдалы қазбалар түрлерін барлау мен өндіру де болашағы бар бағыттар болып табылады.
Аталған преспективалы инновациялық бағыт минералдық шикізат базасының алуантүрлілігін кеңейтумен, жаңа жоғары технологиялы таукен байыту және өңдеуші өндірістерді ұйымдастырумен байланысты. Бұл жол сонымен қатар, тозған шикізат түрлерін өндірістің қызметін және оның инновациялық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті басқалармен алмастыруды болжайды.
Қазіргі уақытта пайдалы қазбалардың дәстүрлі емес түрлерін әзірлеу заңнамалық деңгейде реттелмеген, осыған байланысты Кодексте көмір қаттарынан метан сияқты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін бекіту болжанады.
22) Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін учаскедегі мүлік
Қолданыстағы Жер қойнауы туралы Заңның 81-бабында егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және өндірістік емес мүлікті қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлауды немесе өндіруді жүргізу үшін пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлікке меншік құқықтарының ауысу мәселелері келісімшартта айқындалады деп белгіленген.
Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен кезден бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен демонтаждау не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.
Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті демонтаждауды және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
Дегенмен қолданыстағы Заңмен демонтаждалуы берілген учаскеде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жалғастыру мүмкін еместігіне алып келуі мүмкін мүліктің мәселесі реттелмеген. Заң жер қойнауын пайдаланушыны келісімшарттық аумақпен барлық мүлікті демонтаждауды тікелей міндеттейді.
Осыған байланысты, Кодексте ауыстырылуы болашақта жер қойнауын пайдалану үшін залалға әкеп соқпайтын мүлік белгіленген мерзімде жойылуға және демонтаждауға жатады деп бекіту ұсынылады. Егер мұндай мүлік көрсетілген мерзімде жойылмаған немесе демонтаждалмаған болса, ол мемлекеттік органның қалауы бойынша тиісті тарату қорының құралдарымен бірге мемлекеттің меншігіне өтеусіз негізде ауыса алады.
23) Жер қойнауын пайдалану бойына операциялар салдарын жою
Жер қойнауы туралы Заңның ережелеріне сәйкес тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа жүргізеді.
Тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырады. Практикада құзыретті орган көпшілік жағдайда тарату қорының депозиттік шотымен банктік операциялар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерінен бас тартады. Мұндай жағдай экономикалық факторлардың ықпал етуімен көбіне соңында нысаналы пайдалану қажеттігі туындаған кезде тарату қоры қаражатының құнсыздануына алып келеді.
Дүниежүзілік банктің баға берулері бойынша тарату қорының сомалары, әдеттегідей жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға қажетті шығындардың толық көлемін жаппайды. Әлемдік практикада бұл жойылмаған шахталардың, карьерлердің және т.б. көп санының болуының ауқымды проблемасына алып келді.
Осыған байланысты Кодексте жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізу ұсынылады. Жер қойнауын пайдаланушылар өндіру бойынша операциялар басталғанға дейін үнемі жаңартылып отыруға тиіс тарату жоспарын және тарату жұмыстарының құнын бағалауды жасауға міндетті. Таратуды қаржыландыру тәуекелдерін мейлінше азайту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар банктік кепілдік, банк салымының кепілі сақтандыру және т.б. түріндегі қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда мемлекет атынан жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі оператор берілген қамтамасыз етуді өндіріп алады. Бұл жағдайда жою бойынша жұмыстарды жою жөніндегі оператор жүргізеді. Жою бойынша жұмыстарды аяқтау үшін қамтамасыз ету қаражаты жеткіліксіз болған кезде жеткіліксіз сома жер қойнауын пайдаланушыдан өндіріліп алуға жатады, ал осы сомалар да жеткіліксіз болған кезде таратуды аяқтау белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Мұндай тәсіл жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды аяқтаған кезде экологиялық қауіпсіздікті және осындай операциялардың салдарын уақытылы жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |