Проект на 12 июля 2015 года



жүктеу 0,88 Mb.
бет5/5
Дата26.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10739
түріКодекс
1   2   3   4   5

Батыс Аустралия

Пайдалы қазбаларды өндіру секторын Пайдалы қазбалар мен мұнайды өндіру департаменті басқарады. Мысалы, штаттың Қорғау жөніндегі уәкілетті органы жүйесі бар. Уәкілетті орган құқықтарды басқару үшін жауап береді және Пайдалы қазбаларды өндіруге құқықтарды қоспағанда, пайдалы қазбаларға барлық құқықтар бойынша істердің ашық тыңдаулар өткізілетін сотты жинайды. Уәкілетті орган – бұл төленетін магистрат. Сот барлық сот шағымдарын, наразылықтарын, талап қоюларын және келісімшарттардың күшіне енуін; өтемақылар немесе шығындар беруді; конкурстық басқарушылар тағайындауды; наразылықтар қарауды және айқындауды; учаскелер айқындауды; пайдалы қазбаларға кез келген құқық шекараларының мөлшерін; серіктестік мәселелерін айқындауды; өндіруші сала серіктестіктерін бұзуды; өндіруші саланың кез келген мүлкін бөлуді, сатуды, кәдеге жаратуды немесе оларға қатысты жанжалдарды; сондай-ақ денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін өндіру бойынша операцияларды тоқтатуды немесе тоқтата тұруды қоса алғанда, пайдалы қазбаларға құқықтармен байланысты басқа да рәсімдерді қарай алады.

Департаменттің негізгі функцияларының бірі – бұл пайдалы қазбаларға құқықтарды уақытында бекіту процестерін қамтамасыз ету. Барлық құқықтар тіркеледі. Пайдалы қазбаларға құқықтар бөлімі пайдалы қазбаларға құқықтарды басқару және тіркеу жүйесін қолдау үшін жауап береді. Бүгінгі таңда, электрондық аударымдар арқылы барлық баждарды төлеуді қоса алғанда, пайдалы қазбаларды әзірлеу құқығына өтінімдер, сондай-ақ осындай құқықтар бойынша шешімдер он-лайн орындалуы мүмкін.

Пайдалы қазбалар мен мұнайды өндіру жөніндегі департамент пайдалы қазбаларға құқықтарды бекіту процестерінде соңғы мерзімдерге сәйкестігі үшін сапа өлшемшарттарын белгіледі. Әрбір үш айда ол алынған өтінімдерді, қаралған істердің пайызы мен жұмыс аймақтарының талдауын сипаттай отырып, бекіту процестері бойынша есептерді жариялайды. Сонымен қатар департамент жұмыс жүктемесін қадағалауы, пайда болатын беталыстарды айқындауы және барынша қажетті болатын секторлар бойынша ресурстарды бөліп таратуы мүмкін.

Батыс Аустралия үкіметі де «жетекші агенттік тұжырымдамасын» белгіледі. Пайдалы қазбалар мен мұнайды өндіру департаменті (DMP) өндіруші секторда өтінімдерді бекіту жүйесін үйлестіру жөніндегі жетекші агенттік болып табылады. Тиісінше, ол басқа Департаменттермен қажетті байланыс үшін жауап береді. Бұл процесс бекітудің тиімді процесін белгілеуді білдіреді. DMP өз мақсаттарына өтінімдерді қадағалау және өтінімдерді басқару жүйесі арқылы қол жеткізеді, одан әрі күрделі ұсыныстар үшін «істі қарауды ұйымдастыру» бойынша қызметтер көрсетеді және өзінің процесін жақсартуды жалғастырады. Істерді қарауды ұйымдастыру маңызды болып табылады, себебі ол жүйедегі күрделі істерді шешу процесін жеңілдету, бекіту мерзімдерін үкіметтік деңгейде талқылау және өтінім берілгенге дейін шарттарды толық қарау үшін лауазымды адамды тағайындауға мүмкіндік береді.

Канада

Канаданың заңнамасы бойынша жер қойнауының құқықтық режимі жерлер режимінің (lands regime) бөлігін құрайтындықтан, жер қойнауын пайдалануды басқаруды ұйымдастыруда бастапқы құзыретке екі ведомство ие:

Энергетика, шахталар мен ресурстар министрлігі (Department of Energy, Mines and Resources);

Үнділер ісі және солтүстікті дамыту жөніндегі министрлік (Department of Indian Affairs and Northern Development).

Жоғарыда көрсетілген екі министрлік 1982 жылы мамандандырылған үкіметтік институт – Канаданың Құрамында мұнай-газы бар жерлер жөніндегі әкімшілігін құрды. Оның міндеті шекара жерлеріндегі мұнай мен газдың сапалы әрі жауапты зерттеулеріне, барлауына және әзірлемелеріне қауіпсіз және экология тұрғысынан қолайлы және мұнай мен газды өндіру жөніндегі қызметке байланысты әлеуметтік-экономикалық игіліктерге канадалықтардың толық және адал қолжетімділігіне әкелетін тәсілдермен жәрдемдесу болып табылады.

Әкімшілік өзінің алты бөлімшесі арқылы жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқаруды ұйымдастырады:

-жер қойнауын пайдалануға рұқсаттар бойынша басқару;

-инженерлік басқару;

- ресурстарды бағалау бойынша басқару;

- қоршаған ортаны қорғауды басқару;

- жалпы ұлттық мүдделер бойынша басқару;

- талдамалық-үйлестірушілік басқару бөлімшелері.



ОАР

Минералдық ресурстар департаменті негізгі ведомство болып табылады және мемлекет атынан тау-кен қазу өнеркәсібін басқарады, басты кеңсесі Преторияда орналасқан. Оңтүстік Африканың тоғыз ауданының әрқайсысының тиісінше Минералдық ресурстар департаментінің өңірлік кеңселері бар. Осы департаменттің үш маңызды бөлімшесі Минералдық даму дирекциясы, Денсаулық және қауіпсіздік инспекциясы және Жер қойнауын пайдалану құқықтарын тіркеу жөніндегі кеңсе болып табылады.

Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша барлық өтініштер алдымен Минералдық ресурстар департаментінің өңірлік бөлімшелеріне, ал кейін орталық Минералдық ресурстар департаментіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы мәселені шешу үшін жолданады. Осы рәсімнен кейін құжаттар осы құқықтарды тіркеу жөніндегі Кеңсеге жіберіледі, ол жер қойнауын пайдалану құқықтарының арнайы тізілімін жүргізеді. Өз кезегінде Денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі инспекцияға жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің қауіпсіздік және денсаулықты қорғау нормаларына сәйкестігін тексеру бойынша жауапкершілік жүктелген.

Мемлекеттік биліктің қандай органдары жер қойнауын пайдалануды қадағалауды жүзеге асырады?

Батыс Аустралия

Департаменттің мыналар

- Өндіруші секторға жататын заңдардың қоршаған орта мәселелерін басқару;

- Қоршаған ортаны қорғауды, өндіруші саланың қызметтерін тексеруді және қадағалауды бағалау;

- Оқиғалар себептерін тергеу және Департаменттің құқық қолдану саясатын енгізу;

- Негізгі мүдделі тұлғалармен байланыс және жұмыс сипаттамаларын айқындау үшін жауапты Қоршаған орта бөлімшесінің бар болуының фактісі Батыс Аустралиядағы қызықты аспект болып табылады.

Қоршаған орта бойынша өтініштер он-лайн ресімделеді және жобаның бастамашысы тарапынан, сол сияқты мемлекет тарапынан бекіту процесі арқылы қадағалануы мүмкін. Сонымен бірге Департамент қауіпсіздік, денсаулық және қауіпсіздік техникасы бойынша қағидалардың қолданысы үшін жауапты болады.

Бөлімшенің Сапаны басқару жүйесі бар. Пайдалы қазбаларды өндіру туралы заңға сәйкес экологиялық қызметтердің растауы беріледі. Тазалауға рұқсаттар Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға сәйкес беріледі, оларды Қоршаған ортаны және қорықтарды қорғау мәселелері жөніндегі департамент бақылайды.

Жер құқықтарын алуды Жер иелену бөлімшесі және тұрғылықты халықтың жеріне құқық бақылайды. Тұрғылықты халықтың пікірін есепке алу және келіссөздерге құқықтар жөніндегі басшылықтар шығарылады. Аустралияда тұрғылықты халықтың жеріне құқыққа және жер құқықтарын алуға қатысты көп заң бар. Пайдалы қазбаларды әзірлеу мақсатында Пайдалы қазбаларды және мұнайды өндіру департаменті компанияларға осы мәселелерді шешуде көмектеседі.

ОАР

Осы саладағы қадағалауды Денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі инспекция жүзеге асырады. Барлауға және өндіруге негізгі лицензиялардан басқа, жер қойнауын пайдаланушылар осы операциялар қоршаған ортаның нашарлауына әкелмейтінін дәлелдеуге тиіс. Осыған орай бекіту үшін Минералдық ресурстар жөніндегі департаментке қоршаған ортаға ықпал ету мәселелері бойынша арнайы жоспар ұсынылады. Пайдалы қазбаларды өндіруге құжаттарды ұсынған кезде көрсетілген жоспардан басқа, жер қойнауын пайдаланушының Қара халықтың Экономикалық құқықтарын Кеңейту бойынша Бағдарламаның (the Black Economic Empowerment Programme) талаптарын сақтауы қажет, сондай-ақ тиісті аумақтардың әлеуметтік және еңбек жағынан даму жоспары болуға тиіс. Бұл пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілетін аумақтарда тұратын қауымның жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды аяқтағаннан кейін де дамуды жалғастыруы үшін жасалады.

Бұдан басқа, пайдалы қазбаларды өндіру тәсілдеріне байланысты Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі департаменттен қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген лицензиялар мен рұқсаттарды алу қажет: жерасты суларды қабатқа айдау үшін (Су ресурстары департаменті), бұрғылау-жарылыс жұмыстарына, қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша және басқалар.

Лицензия немесе келісімшарт алу процесі қандай?

Аустралия

Компаниялардың жер қойнауын пайдалануына арналған лицензиялардың бірнеше түрі бар.

Ең алдымен, бұл іздеу лицензиясы (Prospecting licence). Лицензия 4 жыл мерзімге беріледі, лицензия қамтуы мүмкін ең үлкен аймақ – 200 га. Бір тұлғаға арналған лицензиялар саны (жеке де, сондай-ақ заңды) шектелмеген. Лицензияның аталмыш түрі ең қарапайым жабдықты ғана пайдалану ретінде түсініледі (ауыр техниканы пайдалану көзделмеген). Лицензия бағасы:

1) лицензия алуға өтінім беру – 298, 15 аустралия доллары;

2) жыл сайынғы рента – гектар үшін 2,3 доллар, бірақ жылына 23 австралия долларынан кем емес;

3) бір жылғы жұмыстарға арналған минималды шығындар – гектарына 40 австралия доллары, бірақ жылына 2 000 аустралия долларынан кем емес.

Лицензия алу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында (газетте) өтінім жариялануы қажет және қарсылық болмаған кезде лицензия 21 күн ішінде беріледі.

Лицензия төрт жылға және тағы да төрт жылға созу мүмкіндігімен беріледі. Лицензия иесі аумаққа өндіру лицензиясын алуға арналған бірінші кезектегі құқыққа ие.

Лицензияның келесі, қарауды талап ететін түрі – геологиялық барлау лицензиясы (exploration licence). Лицензия өтінім бойынша (басқа да түрлері сияқты) ұсынылады. Ең үлкен аумақ – 70 блок (немесе егер, аумақ минералдаудың белгілі аймақ шекарасында орналасқан болса, 200 блок). Блок – бұл енділігінің 1 минуты ұзындығының 1 минуты болатын жер телімі. Батыс Австралияда блоктың орташа аумағы – 302 га. Лицензия толық масштабтағы геологиялық барлау жұмыстарын – бұрғылау, жыраларды жыру және басқа да ашық тау-кен қазбаларын жүргізуге арналған деп түсініледі. Алайда аталған рұқсат түрі пайдалы қазбаларды өндіруді көздемейді.

Бағасы:


1) лицензия алуға өтінім беру – 1 257,55 аустралия доллары, (егер өтінім тек бір ғана блокке берілсе, 313, 85 доллар);

2) жыл сайынғы рента:

1 – 3 жылдар – блок үшін 119 аустралия доллары (егер бір блок болса, 286, 25 австралия доллары);

4 – 5 жылдар – блок үшін 185,1 аустралия доллары;

6 – 7 жылдар – блок үшін 251, 1 аустралия доллары;

8 және келесі жылдар – блок үшін 475 аустралия доллары;

жұмыс бағдарламаларына арналған ең аз шығындар:

1 – 3 жылдар – блок үшін 1 000 аустралия доллары (егер блок 1 болса, ең кемі 10 000 аустралия доллары; 2 – 5 блоктар үшін – 15 000 австралия доллары; 6 – 20 блоктар үшін – 20 000 аустралия доллары);

4 – 5 жылдар – блок үшін 1 500 аустралия доллары (егер блок 1 болса, ең кемі 10 000 австралия доллары; 2 – 5 блоктар үшін – 20 000 австралия доллары; 6 – 20 блоктар үшін – 30 000 аустралия доллары);

6–7 жылдар – блок үшін 2 000 аустралия доллары (егер блок 1 болса, ең кемі 15 000 австралия доллары; 2 – 5 блоктар үшін – 30 000 австралия доллары; 6 – 25 блоктар үшін – 50 000 аустралия доллары);

8 және келесі жылдар – блок үшін 3 000 аустралия доллары (егер блок 1 болса, ең кемі 20 000 аустралия доллары; 2 – 5 блоктар үшін – 50 000 австралия доллары; 6 – 23 блоктар үшін – 70 000 австралия доллары).

Геологиялық барлау лицензиясын алу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында (газетте) өтінім жариялануы қажет және қарсылық болмаған кезде лицензия 21 күн ішінде беріледі.

Лицензия 5 жылға және тағы 5 жылға созу мүмкіндігімен беріледі, бұған қоса бұл мерзімнен кейін тағы 2 жылға беріледі. Лицензия иесінің әрекетсіздігін қоспағанда, алғашқы жылы лицензия қолдануға басқа тұлғаға берілмейді. Лицензия иесі аумаққа өндіру лицензиясын алуға арналған бірінші кезектегі құқыққа ие.

Лицензия қолданысының барлық мерзімдегі жұмыстар көлемі тау массасының 1 000 тоннасынан аспауға тиіс.

6 жыл өткен соң лицензия иесі мемлекетке блоктардың 40 % қайтаруға тиіс (егер лицензия 10 блоктан көбірек қамтитын болса). Бұл 40 % мерзімінде қайтарылған, сондай-ақ өндіру лицензиясы алынған блоктар сияқты блоктарға кіреді.

Лицензияның үшінші, яғни, біздің талдамамыз үшін маңызды түрі – өндіру лицензиясы. Бұл лицензия алу үшін ең күрделі болып табылады, өйткені, қоршаған орта үшін, жұмыскерлердің қауіпсіздігі үшін зиян келтірудің елеулі қаупі бар.

Өндіру лицензиясын алу үшін басты құжат Mining Proposal болып табылады (кен орнын өңдеу бойынша ұсыныс). Мәні бойынша құжат өңдеудің техникалық-экономикалық өлшемдерін жете зерттеуді білдіреді және Scoping, Pre-Feasibility, Feasibility әр түрлі сатыдағы ТЭО-мен тең болуы мүмкін. Ол өндірудің басталу күнін, өңдеу әдісін және байытуды, минералды ресурстар туралы есепті, қоршаған ортаға әсер туралы есепті, әлеуметтік факторларды, кен орнының рекультивациясын қамтиды. Бұл құжат бейінді департаментпен (Department of Mines and Petroleum Батыс Аустралия жағдайында) ғана емес, сонымен бірге, басқа да ведомстволармен келісімді талап етеді. Дей тұрсақ та, бұлардың барлығы қоршаған ортаны қорғау мен тыныс тіршіліктің қауіпсіздігі үшін жауапты ведомстволар. Мұндай келісім өтінім берген күннен лицензия алуға дейінгі 8 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін.

Лицензия созу мүмкіндігімен 21 жылға беріледі. Бұл лицензияда аумақ бойынша шектеу жоқ. Бағасы:

1) лицензия алуға өтінім беру – 439,65 австралия доллары;

2) жыл сайынғы рента – гектарына 15,7 австралия доллары;

3) бір жылғы жұмыстарға арналған минималды шығындар – гектарына 100 австралия доллары, бірақ жылына 5 000 австралия долларынан кем емес, егер аумақ телімі 5 га немес одан кем болса және өзге де жағдайларда 10 000 австралия долларынан кем емес.

Лицензияның өзге де түрлері:

1) арнайы іздеу лицензиясы – жеке тұлғалар үшін алтын кен орнын іздеуге арналған. Ең үлкен аумағы – 10 га;

2) жалпы лицензия – аумаққа қосымша құрылыс, жабдықтар, қоймалар және сақтау қоймаларын салу құқығын ұсынады. Көбіне өндіру лицензиясымен бірге беріледі;

3) резервті лицензия – лицензия иесі ағымдағы жағдайларда мақсатқа сай емес жұмыстарды жүргізген кезде жер телімін сақтауға арналған. Бұған пайдалы қазбалардың бағасы төмендеген кездегі перспективалы телімдерді анықтау жағдайлары мысал бола алады. Лицензия иесі телімді бергісі келмеуі мүмкін, бірақ экономикалық жағдай онда жұмыстар жүргізуге және әсіресе, өндіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Лицензияның басқа да бірнеше түрлері бар, олар әр түрлі ерекшелікті мақсаттарға арналған. Алайда бұл мақаланың мақсаты үшін олар қағидатты маңызға ие емес.

Лицензиялау қағидасына негізделген жалпы қағидаттар – іздеу мен барлауды мемлекет ынталандырады, пайда қоршаған ортаға зиян мен мекеме және қоғам персоналы үшін қатердің ең аз мөлшерін келтіруге тиіс.

Канада.

Заңнама бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттардың үш түрі берілуі мүмкін:


  • жер қойнауы телімін зерттеуге арналған рұқсат (an explaration license);

- қолданыстағы кен орнын ашуға рұқсат (a significant discovery license);

- өндіруге рұқсат (a production license).

Жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауы телімін зерттеуге арналған рұқсат мынадай құқықты:

- жер қойнауы телімін зерттеуге арналған құқық (10 жылдан көп емес мерзімге);

- барлау (іздеу) бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған айрықша құқық;

- заңнамаға сәйкес аталмыш жер қойнауы телімінде мұнай мен газ өндіруге арналған лицензияны алуға айрықша құқығын ұсынады.

Егер тоғыз жыл ішінде меңгеруші зерттеуге екі рұқсаттың біреуін де ала алмаса, аталған жер телімі Коронаның резервтегі жеріне есептеледі (Crown reserve lands).

Қолданыстағы кен орнын ашуға рұқсат. Заңнамаға сәйкес , қолданыстағы кен орнын ашу – бұл «геологиялық кеннің бірінші ұңғымасына негізделген кен орнын ашу, осы кенде көмірсутектердің бар екендігі тест арқылы расталады және елеулі геологиялық және инженерлік факторларды назарға ала отырып, мұндай көмірсутектердің бар мүмкіндігін пайымдайды, бұл олардың тұрақты өндірілуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мұндай рұқсатқа берілген бірінші өтінімді алу кезінде Министр қолданыстағы кен орнын ашу коммерциялық кен орны болуы мүмкін деп пайымдауға ақылға қонымды негіздер бар шекара жерлерінің учаскелеріне қатысты мүмкіндігі туралы жария түрде мәлімдеме жасауға міндетті,

Министрдің осындай декларациясынан кейін тұлғаның қолданыстағы кен орнын ашуға рұқсат беру өтінімі қаралады. Ол мазмұн жағынан алып қарағанда кен орнын пайдаланушыға жоғарыда сипатталған зерттеуге арналған құқықты ұсынады. Рұқсаттың екі түрі арасындағы айырмашылық ұсынылған құқық мазмұнында емес, мыналарда:

1) қолданыс мерзімінде: қолданыстағы кен орнын ашуға рұқсат 10 жылмен шектелмейді; ол Министр жария түрде мәлімдеме жасағанға дейін немесе рұқсаттың үшінші түрі – мұнайгаз өндіруге ауыстырылғанға дейін қолданыста болады;

2) қолданыстағы кен орнын ашуға рұқсат берілгеннен кейін нақты ауданда Министр аталған аудан шегінде ұңғыманы бұрғылау туралы өкім шығаруға құқылы. Бұл өкім туралы кемінде бір жыл ішінде хабарлама жасалады, кемінде бір ұңғыма бұрғылануы мүмкін; бірінші ұңғыма жабылғаннан кейін үш жыл өтпейінше басқа ұңғымаларды бұрғылау туралы өкім шығаруға болмайды.

Нақты бір жер телімінде өндіруге рұқсат, егер мұнайгаздың артық бөлшектері коммерциялық сияқты бағаланған жағдайда ғана беріледі.

Министр өндіруге рұқсат беру туралы өтінімді алғаннан кейін «коммерциялық кен орны болуы мүмкін деп пайымдауға ақылға қонымды негіздер бар шекара жерлерінің учаскелеріне қатысты» коммерциялық әзірлеме ашу мүмкіндігі туралы жария мәлімдеме жасауға міндетті.

Бірақ Министр мұндай мәлімдемені мүдделі жер қойнауын пайдаланушылардың жүгінуінсіз-ақ жеке бастамасы бойынша жасауға құқылы. Мәлімдеме жасалғаннан кейін Министр мұнай мен газды өңдеу өнеркәсібінің басталуы туралы өкім шығаруға құқылы.

Өндіруге арналған рұқсат жер қойнауын пайдаланушыға мынадай құқықтар:



  1. мұнай мен газ қорын зерттеуге құқық, қорды бағалау мақсатында бұрғылау жұмыстарына айрықша құқық;

  2. мұнай мен газды өндіру мақсатында осы учаскеде жер қойнауын игеруге айрықша құқық;

  3. осы учаскеде мұнай мен газды өндіруге айрықша құқық;

  4. өндірілген мұнай-газ өнімдеріне меншік құқығын береді.

Жердің осы учаскесінің жер қойнауында мұнай мен газды өндіруге арналған рұқсаттың қолданыс мерзімі өткен соң ол Коронаның резервтік қорларына жатады.

Егер алдыңғы екі рұқсатқа қатысты заңнамада шетелдік тұлғаларға ешқандай шектеулер белгіленбесе, онда өндіруге берілетін рұқсатқа қатысты мұндай шектеулер бар. Мұндай рұқсат: Канадада тіркелген компанияға; Канада азаматына; Канадада тұрақты тұратын тұлғаға ғана берілуі мүмкін деп көзделген. Одан басқа, рұқсат беру үшін рұқсат сұратып отырған компанияның иелігінде канадалық қатысу үлесі кемінде 50 % болуы талап етіледі. Министр жер қойнауын пайдаланушы – өндіруге арналған рұқсаттың иеленушісі ұсынатын учаскені игеру жоспарын қарау кезеңінде Министр бұл талапты (50 % қатысуды) елемеуге құқылы, бірақ кейіннен «артық» шетелдік үлесті канадалық жеке компанияларға немесе жеке тұлғаларға сатуды қамтамасыз етуге тиіс. Егер мұндай сатып алушы табылмаса, Министр мемлекеттік канадалық компанияға бұл сатып алуды рұқсатты иеленуде канадалық қатысу 50 % болуы туралы талапты сақтай отырып жүзеге асыруға рұқсат береді.

Жоғарыда көрсетілген рұқсаттардан басқа, жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде операциялық лицензиясы (an operating license) болуға тиіс. Оны алу үшін өтінім беруші Әкімшілікке қағидаларда жарияланатын нысан бойынша өтініммен, сондай-ақ алымды төлеу туралы чекпен жүгінеді. Бұл ретте өтінімнің түрлі нысандары:

1) геологиялық және геофизикалық қызмет үшін;

2) зерттеу, іздестіру қызметі үшін;

3) бұрғылау жұмыстары үшін көзделген.



ОАР

ОАР-да жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мынадай тәртіп бар.

Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша барлық өтініштер алдымен Минералды ресурстар департаментінің өңірлік бөлімшелеріне жолданады және содан кейін ғана Орталық минералды ресурстар департаментіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы мәселені шешу үшін жолданады. Осы рәсімнен кейін құжаттар осы құқықтарды Тіркеу кеңсесіне жолданады, ол жер қойнауын пайдалану құқығының арнайы тіркелімін жүргізеді. Өз кезегінде денсаулық және қауіпсіздік жөніндегі инспекцияға жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің денсаулық қауіпсіздігі мен қорғау нормаларына сәйкестігін тексеру бойынша жауапкершілік жүктелген.

Барлау


Барлау (reconnaissance) 2002 жылғы «Минералды және мұнай ресурстарын дамыту туралы» Заңда «сейсмикалық деректерді алу және өңдеуден басқа, іздестіру операцияларын жоққа шығара отырып, қашықтықтан зондтаудың кез келген әдістерін қамтитын геологиялық, геофизикалық, фото-геологиялық зерттеулер арқылы пайдалы қазбаларды не мұнайды іздестіруге байланысты немесе сол үшін жүзеге асырылатын кез келген операция» ретінде айқындалады. Барлауды жүргізу үшін өтініш беруші рұқсат алу үшін Минералды ресурстар департаментінің өңірлік кеңсесіне жүгінуге және жеткілікті қаржылай, техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ барлау жүргізу үшін жұмыс бағдарламасы бар екенін көрсетуге тиіс. Мұндай құқықтар бір жылға жарамды және ұзартылуға не иеліктен айырылуға жатпайды. Барлауға рұқсаттың болуы қандай да бір айрықша құқықтар не іздестіру жұмыстарын не пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдіктер бермейді.

Іздестіру зерттеулері (жұмыстар)

Оңтүстік Африканың заңнамасында пайдалы қазбаларды іздестіру (prospecting) мен зерттеу (exploration) арасында айырмашылық бар. Іздестіру минералдарға, ал зерттеу мұнайға жатады. Мұнай ұғымы сұйық мұнайға, қатты көмірсутектерге немесе жанғыш газға жатады, көмір мен битуминозды тақтатас жатпайды. Пайдалы қазбаларды (мұнайдан басқа) іздестіру жүргізу үшін өтініш беруші тиісті өтінімді беруге және іздестіру жүргізуге құқық алуға тиіс. Сонымен қатар экологиялық рұқсат алуға өтінім беруге, мүдделі тараптармен, оның ішінде жер иеленушілермен консультация жүргізуге тиіс. Іздестіруге құқық 5 жыл мерзімге үшжылдық кезеңге бір рет ұзарту мүмкіндігімен беріледі. Іздестіруге құқық өтініш берушіде оны жүзеге асыру үшін қаржылық, техникалық мүмкіндіктер, сондай-ақ жұмыс бағдарламасы болған жағдайда беріледі. Бұл ретте іздестіру жұмыстары қоршаған ортаның нашарлатуға және оған зиян келтіруге әкеп соқпауға тиіс. Іздестіруге құқықтың болуы өндіруге өтінім болған кезде құқықтың айрықшалығы түсініледі.

КСШ бойынша зерттеу үшін құжаттарды беру 2002 жылғы «Минералды және мұнай ресурстарын дамыту туралы» Заңдағы басқа да ережелермен реттеледі.

Өндіру

Пайдалы қазбаларды (мұнайдан басқа) өндіруге құқық алу үшін өтініш беруші экологиялық рұқсатқа өтініш беруге және жер иеленушілерін қоса алғанда, мүдделі тараптармен консультациялар жүргізуге тиіс. Министрлік пайдалы қазбаларды оңтайлы өндіру, қаржылық және техникалық мүмкіндіктер болған, қоршаған ортаға зиян келтірілмеген, сондай-ақ өндіру жөнінде жұмыс бағдарламасы, толық әлеуметтік және еңбек жоспарлары болған кезде тиісті құқық береді.



Өндіруге құқық 30 жыл мерзімге 30 жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен беріледі.

Мұнайды өндіруге құқық алу «Минералды және мұнай ресурстарын дамыту туралы» Заңдағы жекелеген ережелермен реттеледі.



Лицензия алатын жер қойнауын пайдаланушылар үшін қандай талаптар қойылады?

Аустралия

Өтініш берушілер қаржылай және техникалық мүмкіндіктер бойынша шекті стандарттарға сәйкес келуге және өздері өтінім беретін аумақты геологиялық интерпретациялау, одан әрі барлау жұмыстары бойынша өз жоспарлары арқылы техникалық дайындығын көрсетуге тиіс.

Өтініш берушінің Аустралиядағы алдыңғы тәжірибесі немесе тағы басқа жерлердегі тәжірибесі ескеріледі.

Лицензия беру үшін өлшемшарттар: ұсынылатын ең төменгі кепілдік берілген жұмыс бағдарламасына аумақтың геологиялық зерделену дәрежесін арттырудың сәйкес келуі; жұмыс бағдарламасымен ілеспе техникалық бағалаудың негізділігі; жұмыс бағдарламасын орындау мақсатында өтініш берушінің техникалық және қаржылай сәйкес келуі; өткен рұқсаттардың шарттарын сақтау туралы мәліметтер. Біріккен орган өзіне іпті ең тиімді ұсыныстар болса да, сәйкес келмейді деп есептейтін ұсыныстардан бас тарту құқығын қалдырады.

Жаңа тәсілдер туралы айта отырып, тұтастай алғанда, Кодексте ұсынылатын жер қойнауын пайдалану құқығын конкурссыз негіде беру қағидаты аустралиялық «Бірінші келдің – бірінші алдың» деген қағидат болып табылады, ол ішінара 2014 жылғы желтоқсанда енгізілген түзетулер шеңберінде қолданыстағы Жер қойнауы туралы Заңда іске асырылған және тау-кен өндіру өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде кеңінен қолданылады.

Мысалы, Финляндияның Жер қойнауы туралы Заңына сәйкес, егер учаскені ешкім алмаған болса және кейбір шектеулерге жатпаса, оған бірінші болып өтінім берген адам іздестіруге арналған лицензияны алады. 370 еуро мөлшеріндегі төлем бір блок 9 шаршы км үшін алынады. Блоктар саны шектелмеген. Аустралияда, Канадада Чилиде геологиялық барлау мақсаттары үшін келісімшарттық аумақты пайдаланғаны үшін жалдау ақысы ретінде бір гектар үшін 1,5$-дан 30$-ға дейін, расталған запастарға қарай, мөлшерлеме белгіленген.

Іздестіруге арналған лицензия алу мерзімі – екі апта. Бұл ретте өтінімді пошта арқылы жіберуге болады. Іздестіруге арналған лицензия екі жыл мерзімге беріледі және оны ұзартуға болмайды.

Оң нәтижелер алынған және егжей-тегжейлі жұмыстар (бұрғылау, траншея) белгілеу туралы шешім қабылданған жағдайда барлауға арналған лицензия алу қажет.

Бұл шаралар, бірінші кезекте, геологиялық барлау жұмыстарын жеделдетіп жүргізуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кодесксте геологиялық ақпаратқа қол жеткізу рәсімін оңайлату ұсынылады.

Қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес геологиялық ақпарат ақылы болып табылады. Бұл ретте инвестициялық шешім қабылдау үшін қажетті геологиялық деректердің бір бөлігі құпия болып табылады.

Геологиялық ақпараттың қолданыстағы базасы кеңестік кезеңде қалыптастырылған. Бірқатар жағдайларда осы мәліметтердің құпиялылығы формальдық сипатқа ие және, көбіне, көрсетілген кезеңге тән ерекшелік болып табылады.

Қазақстанда қордағы геологиялық ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бүгінгі таңда геологиялық деректердің айтарлықтай бөлігі архивтерде «тыйым салынған» болып табылатынына әкеп соқты.

Сонымен қатар Канада аумағы бойынша бүкіл геологиялық ақпарат ашық болып табылады. кез келген жер қойнауын пайдаланушы (және осы бизнесті жүргізуге ниетті қарапайым бақылаушы) кішігірім ақыға елдің бүкіл аумағындағы алдыңғы жұмыстардың барлық материалдарына толық қол жеткізе алады.

Мұндай ақпараттың болуы және оған қолжетімділік жоспарланатын іздестіру жұмыстарының тәуекелдерін төмендетеді, жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттырады, бұл геологиялық барлауға маманданатын юниорлық компаниялар (junior companies) үшін ерекше өзекті болып табылады.
10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары

Заң жобасын іске асыруға байланысты қаржы шығындары болжанбайды.

Заң жобасы шеңберінде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу құрылымын, бюджет үшін шығын келтірмей, өзгерту болжанады.

Мысалы, көмірсутек шикізаты саласындағы жер қойнауын пйдаланушылар үшін қол қойылатын бонустың күшін жою жыл сайын шамамен 6,3 млн. АҚШ доллары сомасында бюджеттен шығасыларды білдіруі мүмкін. Мұндай есептеме елде запастардың ең төменгі жыл сайынғы өсімі 23 млн. тонна мөлшеріндегі қажеттілігіне негізделеді, бұл құндық мәнде (мұнайдың әлемдік бағасы 75 АҚШ доллары/бар) шамамен 12,6 млрд. АҚШ доллар құрайды (салық салу базасы). Қолданыстағы қол қойылатын бонустың 0,05% мөлшеріндегі жалпы мөлшерлемесін пайдалану кезінде шығасы сомасы 6,3 млн. АҚШ доллары деп бағалануы мүмкін. Алайда заң жобасында көмірсутек шикізатына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион шеңберінде аукцион қатысушысының жаңа төлемін енгізу көзделеді. Бюджетті өңірлерді және оның инфрақұрылымын әлеуметтік-экономикалық дамытуға алып тасталатын шығындар, коммерциялық табу бонусының орнына толықтыру баламасы ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың жаңа төлемі – жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілген әрбір блок үшін алынатын жалдау ақысы болуға тиіс.



Одан басқа, Қазақстанның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын ырықтандырудан оң әсер оны ең озық халықаралық практикамен сәйкес келтіру және, тіиісінше, инвестициялық тартымдылықты арттыру, алдын ала деректер бойынша елде өндіруді 10-13% өсіруге және жер қойнауын пайдаланушылардың жылына шамамен 300 млрд. теңге бюджетке салық ретінде түсімдерінің ұлғаюына әкеп соғады.



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау