Проект на 12 июля 2015 года



жүктеу 0,88 Mb.
бет2/5
Дата26.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10739
түріКодекс
1   2   3   4   5

7) Өндіру

Жер қойнауы туралы заң 1995 жылдан бастап қолданыстағы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламаларын қалыптастыру тұжырымдамасын өзгертті. Бұл тұжырымдама негізінде мәні жобалық құжаттарда салынған көрсеткіштер негізінде жұмыс бағдарламасын қалыптастыру болып табылатын қағидат жатыр. Аталған көрсеткіштер болжамалы өлшемдерді білдіреді, олардың бір бөлігі көбірек құбылмалылыққа (тербелуге), ал басқасы азырақ құбылмалылыққа ұшыраған.



Тәжірибе қазіргі қолданылып жатқан келісімшарттық міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі (соның ішінде жұмыс бағдарламалары) жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгісіздік тәуекелін жасайтынын көрсетті, себебі Жер қойнауы туралы заңның 72-бабына сәйкес құзыретті орган хабарламада көрсетілген мерзімде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт белгілеген екеуден артық міндеттемелердің бұзылуын жоймаған жағдайда құзыретті орган келісімшарттың қолданылуын бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Осыған байланысты Кодексте көмірсутектер мен уранды өндірудің мынадай шарттарын бекіту ұсынылады:

  1. келісімшарттарда жұмыстарда, көрсетілетін қызметтерде, кадрларда, жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығыстар бойынша міндеттемелерді және т.б. жер қойнауын пайдалану міндеттемелерін реттеу.

  2. өндіру кезеңін ұзарту Кодексте нақты реттелген жағдайларда жүргізілетін болады, атап айтқанда, келісімшарттық міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмағанда, сондай-ақ мемлекетте келісімшарттың бір тарабы ретінде өндіру мерзімін ұзарту міндеттемесі болмайтынын ұйғаратын тұжырымдамалық тәсілдемеге негізделе отырып (өндірудің базалық кезеңінің аяқталуы жер қойнауын пайдаланушымен жаңа жұмыс бағдарламасы, инвестициялық міндеттемелер, жоғары қосылған құнмен өнім шығару бойынша міндеттемелер бөлігінде келіссөздер үшін негіздеме болып табылуы мүмкін);

  3. ірі жіне бірегей қорлармен көмірсутегі кен орындарын тапқан жағдайда келісімшартта (келісімшартқа өзгерістерде) жер қойнауын пайдаланудың арнайы инвестициялық міндеттемелерін көрсету.

  4. өндіру кезеңінің ұзақтығы – жиырма бес жылға дейін немесе ірі және бірегей кен орындары бойынша қырық бес жылға дейін;

Кодексте уранды қоспағанда қатты пайдалы қазбаларды өндірудің келесі шарттарын белгілеу ұсынылады:

  1. қатты пайдалы қазбалар шегінде кез келген пайдалы қазбаның түрін өндіру мүмкіндігі, аталған қағидатқа уран ғана жатпайды;

  2. қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі мен лимиті бойынша талаптардың болмауы (кен орындарын барлаудың әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып);

  3. жергілікті кадрларды оқытуға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға Кодексте көзделген мөлшерде шығыстарға төлем төлеу;

  4. өндіру мерзімі ішінде жер қойнауын пайдалануға тіркелген (өспейтін) төлемдерді төлеу.

  5. өндіру кезеңінің ұзақтығы – жиырма бес жылға дейін немесе ірі және бірегей кен орындары бойынша бес жыл мерзіміне дейін, негізінен құрылыс материалдары ретінде пайдаланылатын пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас, малта тас және т.б.) өндіру бойынша он жылға дейін;

  6. өндіру кезеңін ұзарту орындалмаған міндеттемелер болмаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізілетін болады;

  7. өндіру бойынша жұмыстарға айлық есептік көрсеткіште көрсетілген ең төменгі жыл сайынғы шығыстарға талаптарды белгілеу;

8) Ұстап қалу мәртебесі

Барлау кезеңінде де, өндіру кезінде де жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу – бұл геологиялық құрылысқа, технологиялық мүмкідіктерге және экономикалық жағдайлаға тікелей байланысты инвестициялық болжау қиын үдеріс.

Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушылар үшін жаңа технологияларды іздеу үшін немесе өндіру барысын экономикалық тиімсіз қылатын шикізатқа бағаның едәуір төмендеуіне байланысты барлау немесе өндіру бойынша операцияларды уақытша тоқтата тұруға мүмкіндігінің болуы аса маңызды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы жер қойнауы объектілерін сақтау (тоқтата тұру) мүмкіндігін қарастырады. Атап айтқанда, Заңның 111-бабының 2-тармағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар уақытша тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органмен объектіні уақытша консервациялау (жұмыстарды тоқтата тұру) мерзімдерін келіседі және жер қойнауын пайдалану объектісін консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі делінген.

Алайда құқық қолдану тәжірибесінде аталған үдерісті жер қойнауы объектісін жоюмен салыстыруға болады, сонымен қатар уәкілетті органдар аталған үдерісті осылай деп қарастырады. Мәселен, Заңның аталған бабының 3-тармағымен Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен жобалау мен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады деп белгіленген.
Осылайша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды уақытша тоқтату мүмкіндігі тәжірибе жүзінде аса ауыр іске асырылады.

Осыған байланысты Кодексте аталған тетікті жер қойнауын пайдаланушыға қатты пайдалы қазбалардың кен орындарының (ураннан басқа) барлығына немесе бір бөлігіне барлау аяқталған соң (ресурстар контуры анықталғаннан кейін) немесе өңдеу (өндіру) кезінде қолданылатын «ұстап қалу мәртебесін» қолдануға құқықты бекіту арқылы жетілдіру ұсынылады.

Аталған институт ОАР және Австралияда қолданылады, ол жер қойнауын пайдаланушылар белгілі бір кезең ішінде өндіру бойынша операциялар жүргізбей белгілі бір учаскеге қатысты жер қойнауын пайдаланушы құқықты өзіне сақтайды.

Ұстап қалу мәртебесі экономикалық, технологиялық, экологиялық немесе басқа да объективті себептерден кен орындарын өңдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданылады. Кен орындарына қатысты (немесе оның бөлігіне) аталған мәртебені алу және пайдалану үшін жер қойнауын пайдаланушы оның қажеттілігін негіздеуі тиіс.

Аталған институт шамамен мынадай шарттарды көздейтін болады деп болжанады:

Ұстап қалу мәртебесін құзыретті органның рұқсатымен ғана қолдану мүмкіндігі;



  1. мәртебені қатты пайдалы қызбалардың түгел кен орнына (өндіру учаскесінің аумағына) немесе кен орнының бір бөлігіне (өндіру учаскесінің аумағына) қатысты қолдану;

  2. мәртебенің нәтижесі ресурстар контурын немесе кен орындарының қорларын анықтауға мүмкіндік беретін барлау жұмыстары аяқталған соң немесе кез келген өндіру кезеңінде қолдану мүмкіндігі;

  3. мәртебені қолдану үшін негіздеме: жойылмайтын объективті негізделген және берік экономикалық, технологиялық және (немесе экологиялық жағдайлар кесірінен кен орындарын (оның бөлігін) барлаудың уақытша мүмкін болмауы немесе пайдасыздығы;

  4. аталған мәртебе қолданылған кезеңде өндіру бойынша жұмыстарға ең төменгі жыл сайынғы шығыстар туралы талаптар қолдануға жатпайды;

  5. ұстап қалу мәртебесінің қолданылу мерзімі – бес жылға дейінгі ұзақтықпен келесі кезеңге ұзарту мүмкіндігімен келесі бес жылға дейін;

  6. бір кен орнына (кен орнының бөлігіне) қатысты аталған мәртебені жалпы ұзақтығы он жылдан аспайтын бірнеше мәрте қолдануға болады;

  7. жер қойнауын пайдаланғаны үшін тіркелген (өспейтін) төлемдерді төлеу.

Қолданыстағы заңнамада ұстап қалу тетігін регламенттеудің болмауы жер қойнауын пайдаланушыларға экономикалық, технологиялық және басқа да себептерден жер қойнауын пайдалану бойынша опрацияларды уақытша тоқтатуға мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде өндірілген пайдалы қазбаларды қоймалауға және жиналып қалуына әкеледі, яғни жер қойнауын пайдаланушының тарапынан қаржылай шығыннан басқа қоршаған ортаға теріс және зиянды әсерін тигізбей қоймайды.

9) Пайдалы қазбаларды старательдік өндіру:

Кодексте Қазақстан үшін мүлде жаңа қатты пайдалы қызбаларды өндіру әдісі – старательдік өндіруді енгізу ұсынылады.

Старательдіктің астарында қатты пайдалы қазбалар мен минералдарды бөліп алынған учаскелер мен аумақтарда пайдалы заттарды алып шығу мақсатында химиялық реагенттерді қолданбастан механизмдеудің рұқсат етілген құралдарының және басқа да жабдықтардың көмегімен қолмен өндіру жұмыстары түсініледі.

Австралия – әлемнің алтын өндіретін ілгері елдерінің бірі. Бұл ретте пайдалы қызбаларды өнеркәсіптік өндіру бойынша алдыңғы қатарлы орынды алатынына қарамастан бұл елде старательдік әдіспен алтын өндіруге азаматтар мен ұсақ компанияларды тарту ескерілмейді. Аталған қызмет түріне лицензияны азаматтар Интернет арқылы ала алады.

Әлемдік, атап айтқанда Австралия және Канададағы ең жақсы тәжірибеге сүйене отырып Қазақстанда старательдік өндірудің келесі шарттарын қарастыру ұсынылады:


  1. старателдік кезінде бағалы металдар мен бағалы тастарды өндіруге рұқсат беріледі;

  2. старательдік субъектілері: жеке тұлғалар;

  3. старательдікке құқытың туындауына негіздеме – лицензия беру;

  4. лицензияның қолданылу мерзімі – лицензия иесінің өтініші бойынша үш жылға бір рет ұзарту мүмкіндігімен үш жыл;

  5. лицензия бойынша құқықтарды иеліктен шығару немесе өту мүмкіндігі – қарастырылмайды;

  6. лицензиар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланыңң астананың жергілікті атқарушы органдары;

  7. лицензия беру тәртібі – өтініш бойынша;

  8. старательдік жұмыстарды жүргізу тереңдігі бойынша шектеулер;

  9. старательдік жұмыстардың салдарларын жою міндеті.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында алтын өндіру негізінен старательдермен жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Осыған байланысты өндірудің аталған әдісін құқықтық бекіту толықтай негізделген болып табылады, қызметтерін заңдастыра отырып заңсыз старательдерді «көлеңкеден шығарады» және бюджетті толықтырудың қосымша көзі болып қызмет ететін болады.

10) Жер қойнауын пайдалану шекаралары

Жер қойнауы туралы Заңға сәйкес өндіру барысы пайдалы қазбаларды шығарып алудан басқа минералды шикізатты бастапқы өңдеу және уақытша сақтауды да қамтиды.

Жер қойнауы туралы заңның 1-бабының 69-тармақшасына сәйкес минералдық шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық–фазалық жай–күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай–ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау–кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін.

Бұдан бұрын «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңмен бастапқы өңдеу пайдалы қызбаларды өндіруден бөліп алынғанын атап өткен жөн.

Оған қоса, қолданыстағы Жер қойнауы туралы заңда жер қойнауынан пайдалы қазбаларды жер бетіне шығарумен байланысты және байланысты емес минералды шикізатты бастапқы өңдеу арасында нақты шекара жоқ.

Осыған байланысты Жер қойнауы туралы заңның жоғарыда айтылған ережелері былайша түсініледі, байыту фабрикаларында концентраттарды алумен байланысты барлық үдерістер минералды шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жатады, және тиісінше жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға өз кезегінде жер қойнауын пайдаланушылар салығының мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Бұл ретте мұнайды өндіру және одан әрі қайта өңдеумен байланысты мысал есепке алынбайды. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға мұнай өндіру ғана жатады және оны қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру соларға жатқызылмайтыны сөзсіз екенін көпшілік қабылдаған.

Осыған байланысты Кодексте түбегейлі сипаттағы бірқатар сұрақтар тізбесін реттеуге жатады, шешімін таппауы тәжірибеде жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік органдар арасында көптеген проблемалар мен дауларды туындатады.

Мәселен, дауларды түпкілікті реттеп, қатты пайдалы қазбаларды «өндіру» терминін біркелкі емес түсінілуін жою қажеттілігі бар. Атап айтқанда, өндіруге уақытша сақтауды қосқанда жер қойнауынан кен шикізатын және тау жынысын оның табиғи орындарымен бірге бөліп алуға бағытталған және тікелей байланысты жұмыстар (операциялар) кешені ғана жатуы тиіс. Бұл ретте байытуды қосқанда пайдалы қызбаларды бастапқы өңдеу және өндірмені қайта өңдеу бойынша одан әрі барлық кейінгі жұмыстар бұндай болып табылмайды.

11) Жер қойнауын пайдалану құқықығының туындау негіздері

Бүгінгі күні жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы негізгі заңнама институттарынің бірі жер қойнауын пайдалануға келісімшарт болып табылады, оның негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы туындайды, өзгереді және тоқтатылады.

Бұл ретте қолданыстағы жер қойнауы туралы заң, атап айтқанда 68-бап келісімшартты жасасу мерзімі барлау бойынша он сегіз айдан, өндіру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап жиырма төрт айдан аспауы тиіс деп бекіте отырып, мүдделерді алыстатады. Яғни геологиялық барлау жұмыстарына ақша салуға ниеттене отырып, және олар әкеп соғатын нәтижені білместен инвестор бір жарымнан екі жылға дейінгі уақытын жер қойнауын пайдалану құқығын ресімдеумен бюрократиялық рәсімдерге ғана жұмсауға дайын болуы тиіс.

Бұл ретте келісімшарт келісімшарт жасауға үміткер адамның кесірінен белгіленген мерзімде келісім шарт жасалмаған жағдайда жер қойнауы туралы заңға сәйкес мұндай адам келісімшарт жасауға өз құқығынан айырылады.

Заң жер қойнауын пайдаланушының кінәсі неден болуы мүмкін екенін нақтыламайды. Осылайша, жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт жасасу кезінде құзыретті және басқа да келісуші мемлекеттік органдар тұлғасындағы мемлекеттің келісім шарт шарттарын өзі ұсыну тәуекеліне барады.

Одан басқа, Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығының туындауына негіздеме келісімшарт болып табылатынына қарамастан, ол өз кезегінде азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес келмейді, себебі жер қойнауын пайдалануға бекітілген үлгілік келісімшарт негізінде жасалады, одан ауытқу көп жағдайда жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелерін қосумен байланысты ғана туындайды.

Осыған байланысты әлемнің жетекші өндіруші елдерінде мемлекеттік жария актісі ретінде лицензия институты ең кең таралған, оның негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы туындайды.

Жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық режим Канадада, АҚШ-та, ОАР, Австралияда, Норвегияда, Ұлыбританияда, Финляндияда және дамыған өндіру секторы бар бірқатар елдерде бар және кең қолданылады.

Жария құқықтық бастамалардың айқын жетекшілік етуіне қарамастан лицензиялық жүйеде лицензия тәжірибе көрсеткендей, жер қойнауы учаскесіне құқықтарды рәсімдеудің тиімді әрі жылдам тетігі болып табылады.

Осыған байланысты Кодексте лицензия институтын қатты пайдалы қазбаларды (ураннан басқа) барлау және өндіруге, жерқойнауы кеңістігін пайдалануға құқықтың туындау негіздемесі ретінде қарау ұсынылады. Лицензиялауға жататын операцияларды жүргізуге негізгі талаптар бірдейлендіріліп, Кодексте айтылатын болады.

Келісімшарт жер қойнауын пайдалану құқығы туындауының құқықтық құралы ретінде көмірсутектері және уран үшін сақталатын болады.

Жер қойнауын пайдаланудың лицензияланған жүйесі қызмет ететін жетекші өндіруші елдердің заңнамасы инвесторлар үшін құқықтық тәуекелдерді төмендету үшін лицензиядан айыруға (кері қайтарып алу) негіздемелердің айрықша тізімін (мысалы: ренталық төлемдерді төлемеу, геологиялық барлауға шығыстар бойынша ең төменгі міндеттемелердің бұзылуы) қарастырады, ал белгілі бір міндеттемелердің болмашы бұзылуы кезінде санкциялық балама ретінде айыппұлдар кең қолданылады (мысалы: есептілікті тапсыру мерзімінің бұзылуы, экологиялық нормаларды және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын орындамау).

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін негіздеме ретінде пайдаланылатын елдерде лицензиядан айыру мемлекеттің инвесторға әсер етуінің айрықша шарасы болып табылады, салдарлары мемлекет пен қоғам үшін қағида тұрғысындағы мәнге ие болмайтын міндеттемелер бұзылған жағдайда қолданылмайды. Осыған ұқсас тәсілдеме Кодексті әзірлеу кезінде іске асырылатын болады деп көзделеді.

12) Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі

Жер қойнауы туралы заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы конкурстық рәсімдер (тендер немесе аукцион) немесе тікелей келіссөздер негізінде ұсынылатын болады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің конкурстық тәртібі әлемдік тәжірибеде әдеттегідей, көмірсутегі саласында қолданылады. Ал қатты пайдалы қазбалар саласында «бірінші келген бірінші алады» қағидаты қолданылады (Австралия, Канада, Чили және т.б.).

Осыған байланысты Кодексте қатты пайдалы қазбалар саласында (ураннан басқа) жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мынадай рәсімдерді қарастыру ұйғарылады:



  1. жер қойнауын пайдалану құқығын халықаралық тәжірибеде жалпы танымал «бірінші келген бірінші алады» (First come, first served) қағидатына негізделген конкурссыз негізде беру.

Жер қойнауы туралы заңға 2014 жылғы желтоқсанда енгізілген түзетулермен аталған қағидат ішінара іске асырылды. Алайда Кодекс аясында тиісті өтінішпен бірінші жүгінген және ұсынылған талаптарға және шарттарға сәйкес келетін адамға жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін жер қойнауын пайдалану құқығын берудің аталған қағидатын толық көлемде енгізу ұсынылады.

Аталған қағидат мыналарды:

Қатты пайдалы қазбаларды (ураннан басқа) барлау және өндіруге құқық;

жер қойнауы кеңістігін пайдалануға құқық;

старательдік өндіру учаскесіне құқық беру кезінде қолданылатын болады.

Одан басқа конкурссыз негізде (тікелей келіссөздерді жүргізу жолымен) көмірсутектер мен уран саласындағы ұлттық компаниялар үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алу мүмкіндігін сақтау ұсынылады;



  1. Кодексте жер қойнауы туралы қолданыстағы заңға 2014 жылы енгізілген аукцион негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімін сақтау ұсынылады. Аталған рәсімді көмірсутектерін барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін қолдану ұсынылады. Аукцион жеңімпазын анықтау өлшемшарттары негізінде аукцион нәтижелері бойынша белгіленген қол қойылған бонустың ең жоғарғы төлемінің мөлшері жататын болады. Аукционға қоюға жататын учаскелер мүдделі адамдардың өтініштері негізінде қалыптастырылатын болады.

  2. Әлемдік тәжірибеде қолданыстағы жер қойнауы туралы заңға сәйкес жалпы кең таралған пайдалы қазбалар (ЖПҚ) ретінде қарастырылатын құны жоғары емес және тікелей құрылыста және өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қызбаларды: құм, саз, қиыршық тас, тақта тас және т.б. барлау және өндіру ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де қатты пайдалы қазбалар үшін қарастырылған жалпы қағидалар бойынша реттеледі. Бірінші кезекте бұл қоршаған ортаға әсері және экологиялық салдарлары тұрғысынан ЖПҚ ҚПҚ өндіруден айырмашылығы жоқтығына байланысты. Батыс Австралия, ОАР, Чили және Альберта (Канада) сияқты елдерде ЖПҚ өндіру базалық құрылыс материалдары үшін кейбір ерекшеліктерді қоспағанда ҚПҚ өндіру сияқты тәртіпте реттеледі. Осыған байланысты Батыс Австралия мысалы бойынша мемлекеттік жерлерде ЖПҚ барлау және өндіруді реттеуді барлық туындайтын салдарлармен ҚПҚ барлау және өндірудің жалпы режимі бойынша жүзеге асыру ұсынылады: лицензиялау, жалдау төлемдері, ең төменгі шығыстар, мерзімділік, кенішті өндіру және жабу жоспары, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу салдарларын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Тиісінше осындай пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге лицензия беру құзыретті органмен жалпы қабылданған тәртіпте өндіру учаскесі аумағы өлшемінің және лицензияның қолданылу мерзімінің шектеулерін есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады.

Одан басқа, жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарты бақылаушы адамдар туралы, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер адам туралы ақпаратты ашу болып табылады.

13) Жобалық құжаттар

Халықаралық сарапшылардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің ортақ пікірі бойынша, қазіргі уақытта әрекет ететін жобалық құжаттарды дайындау, сараптау, келісу және бекіту тәртібі, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қоса алғанда, негізсіз ұзақ (іс жүзінде бір жылға дейін және одан да көп), күрделі және тиімсіз. Оның үстіне, бүгінгі күні жасалатын және пайдаланылатын жобалық құжаттардың сипаты мен мазмұны халықаралық практикаға сай емес.

Жер қойнауы туралы қолданыстағы заң жобалық құжатқа жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде негізгі құжаттардың бірі мәртебесін берді. Бұл ретте жобалық құжаттарда кейін әрбір жыл бойынша шығындарды сипаттай отырып міндеттемелер түрінде жұмыс бағдарламасына ауыстырылатын техникалық-экономикалық көрсеткіштерді қамтиды.

Жобалық құжаттарға және жұмыс бағдарламасында тек қана жоспарланатын, болжамды көрсеткіштер мен шығыстар келтірілетін болатынын атап өткен жөн.

Оған қоса нарықта тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ұсыныстары жоғарылау жағына да, төмендеу жағына да үнемі өзгеріп отырады. Мәселен, егер жыл басында компания бір қаржылық шығындарды жоспарласа, жыл бойы олар жоғары не төмен болып шығады, онда жер қойнауын пайдаланушы жобалық көрсеткіштерді өзгерту рәсімдеріне жедел режимде бастамашылық жасауды, және қажет болса жұмыс бағдарламасы мен келісімшартқа өзгерістерді бастайтынына қарамастан мемлекет алдында жауапкерішілік тәуекеліне жолығады.

Бұл ретте жауапкершіліктің мұндай тәуекелі жер қойнауын пайдаланушы үшін егер бұл кезеңде ол мемлекеттен жобалық құжаттардың шарттары жатқызылған келісімшарттық міндеттемелердің бұзылуы туралы хабарлама алса, айыппұлдармен ғана емес, сонымен қатар келісімшартты бұзуды туғызады.

Жер қойнауын пайдалану тәжірибесі осындай ауытқулар үнемі туындап тұратынын көрсетті. Оның үстіне жобалық құжаттарды әзірлеу үшін пайдаланылатын мәліметтердің өзі де үнемі өзгерістерге ұшырайды, бұл кейінгі өзгерістер енгізу қажеттігіне әсер етеді. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушы нарықтық жағдайлардың өзгеруіне жедел ден қою мүмкіндігінен айырылған.

Егер жобалық құжаттар мен жұмыс бағдарламаларына өзгерістер енгізу барысының тәжірибелік жағын қарастыратын болсақ, мынадай жағдай туындайды. Мәселен, жобалық құжатты жасау және оған өзгеріс енгізу (бастапқы жобаны әзірлеген жобалық компанияны тарта отырып), санитарлық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар және экология жөніндегі жергілікті органдарында сараптамадан өту, ҚОӘБ құру, пайдалы қызбаларды барлау және өндіру бойынша орталық комиссияның тәуелсіз сарапшысын тағайындау, сарапшының ескертулеріне сәйкес жобаны түзету және соңғы нұсқаны пайдалы қызбаларды барлау және өндіру жөніндегі орталық комиссияға қарастыруға жіберу кем дегенде 3 айды алады, ал Жұмыс бағдарламасы бойынша тағы 2-3 ай.

Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушыларда көп жағдайда жобалық құжат кеш бекітілетін жағдайлар туындап жатады, бұл уақытта ағымдағы экономикалық жағдайлар, сондай-ақ геологиялық және техникалық басымдықтар өзгеріп кетеді. Тиісінше жаңа ғана өзгерген жобалық құжат өзекті болмай қалады, және жер қойнауын пайдаланушылар жаңа жоба дайындап, келісудің барлық кезеңдерін қайта өту қажет болады.

Осыған байланысты Кодексте жобалық құжаттарды әзірлеу және бекітудің қолданыстағы тәртібін қайта қарастыру ұсынылады.



Кодекс жобасымен көмірсутектер мен уран саласында жобалауда мынадай тәсілдемелер болжанады:

  1. жобалық құжаттар 2 топқа бөлінеді – негізгі және техникалық жобалық құжаттар. Негізгі жобалық құжаттар көмірсутектерін барлау немесе өндіру мақсатында жүргізілетін операциялар түрлері мен мазмұнын айқындайтын құжаттарды қамтиды. Техникалық жобалық құжаттар негізгі жобалық құжаттарға сәйкес жүргізілетін операциялардың (сейсмобарлау, ұңғымалар бұрғылау және т.б.) нақты түрлерінің сипаттамаларын қамтиды.

  2. көмірсутектер саласындағы жобалық құжаттар негізінен жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне, көмірсутектерінің қорларын мемлекеттік есепке алуға сәйкес көмірсутектердің мен уран кен орындарын барлау және өңдеу кезінде жер қойнауын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мәніне мемлекеттік сараптауға жатады. Негізгі жобалық құжаттарға мемлекеттік сараптама тәуелсіз сараптама операторын және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, көмірсутектер мен уран кен орындарын барлау және өндіру жөніндегі орталық комиссиямен жүзеге асырылады.

  3. Жобалық құжаттардың орындалуы мемлекеттік бақылау мен мониторингілеуге жатады;

  1. Көмір сутектер бойынша кендердің энергетикалық ахуалына әсер ететін жобада көрсетілген жобалық құжаттардың негізгі көрсеткіштерін қатаң сақтау бойынша міндет жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелері ретінде қосуға жатады. Бұл ретте жобалық құжаттардың негізгі көрсеткіштерінің өздері келісімшартта қайталанбайды;

  2. Жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа аукцион жеңімпазы (көмірсутегі) немесе мұнай және газ саласындағы және уран саласындағы ұлттық компания қысқа мерзімде қол қояды; қажетті жобалық құжаттар – әзірленеді, сараптамадан өтеді және бекітіледі рет ретімен (келісімшартқа қол қойылғаннан кейін).

Қатты пайдалы қазбалар саласында (ураннан басқа) ең жақсы әлемдік тәжірибені есепке ала отырып жобалық құжаттарды әзірлеу және бекіту бойынша мынадай тәсілдемелер қарастырылатын болады:

  1. жобалық құжаттарды жер қойнауын пайдаланушы өз бетінше әзірлеп, бекітеді, және хабарлама тәртібінде құзыретті органға жібереді;

  2. экономикалық негізделген әдістер мен әзірлеу технологияларын таңдау өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экологиялық нормалар талаптарын есепке ала отырып жер қойнауын пайдаланушымен айқындалуы тиіс;

  3. әрбір сатыда (барлау және өндіру) өзіне тиісті жобалық құжат әзірленеді;

  4. жер қойнауы учаскесінде далалық жұмыстарды жүргізу қажетті сараптамалар мен келісімдерді жүргізгеннен кейін тиісті жобалық құжаттарды жер қойнауын пайдаланушы бекітуімен негізделетін болады.

Жобалық құжаттар саласындағы мемлекеттік реттеу саланың ең жақсы халықаралық стандарттарына сәйкес келетін кен орындарын пайдалануды жобалау саласындағы қажетті базаны құруға, кадрлық және ғылыми-техникалық базаны дамытуға бағытталған болуы тиіс. Барлық жобалық құжаттар үшін негізгі талап олардың эхкологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкескелуі болып табылады.

Жоғарыда атап өтілгендей, сәтті шетелдік тәжірибе мысалы бойынша осы Тұжырымдамада көзделген жағдайларда міндетті талаптарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жағдайлары әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылармен өз бетінше қалыптастырылатын болады.

Қатты пайдалы қызбаларды (ураннан басқа) барлау және өндіруге ең төменгі шығыстар бойынша міндеттемелер тікелей Кодексте көрсетілетін болады.


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау