Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»


-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім



жүктеу 0,54 Mb.
бет4/6
Дата13.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#28918
1   2   3   4   5   6

4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім

1-басым бағыт «Бәсекеге қабілетті кадрлардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету»

Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау мазмұны мен құрылымы өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес, сондай-ақ біліктілік және кәсіби стандарттардың ұлттық біліктілік шеңберінде анықталған құзыреттер мен дескрипторлар негізінде еңбек нарығының ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылатын және жаңартылатын болады.

Білім беру бағдарламалары жетекші шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірге әзірленетін болады.

Конкурстық негізде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістер құру үшін экономиканың басым салаларында ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады.

Әріптес-университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен кооперация іске асырылатын болады.

ЖОО-ға қабылдау ережесі жетілдірілетін болады.

Жұмыс күші тапшы өңірлердегі өндірістер мен кәсіпорындарды кардлармен қанықтыру мақсатында, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастын болады. Жыл сайын жұмыс күші көп өңірде тұратын жастар арасынан кадрлар дайындауға жұмыс күші тапшы өңірлердегі ЖОО үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы және соңынан олардың оқыған орны бойынша жұмысқа орналасуы қарастырылатын болады.

Ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау жұмыстары жалғасын табатын болады (пандустар, көтергіштер, лифтілер, сондай-ақ ақпараттық және кітапханалық ресурстармен қамтамасыз ету және т.б.).

Білім беру қызметтерін қосатын өнімділікті арттырумен жаңғырту және экспортты ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Шаралар:

- жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу мен орналастыру;


  • оқыту нәтижелеріне негізделген, оның ішінде шетелдік әріптес-жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірге және білім алушыларға жұмыс берушілердің күтілімдеріне сәйкес келетін құзыреттерді беретін білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірге бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен байланысты нығайту және кеңейту;

- бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау мәселелері бойынша ақпараттық науқандар өткізу;

- елдің жоо-ларына шетелдік студенттерді тарту.
2-басым бағыт «Әлемдік үрдістер тұрғысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнын жаңғырту »

Академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде таңдау компоненті бакалавриатта 75%-ға дейін, магистратурада – 85%-ға дейін, докторантурада – 95%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл білім беру бағдарламаларын жасауда, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер, пәндердің ықпалдастырылған модулдері мен бағдарламаларын, сондай-ақ пәнаралық білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша ЖОО академиялық дербестігін қарастырады. Студентке бағдарланған оқыту жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің негізгі трендіне айналады.

Жоғары оқу орындарының басқару сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша саясат жалғасатын болады. Жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын әзірлеуге және кадрлық жұмысты ұымдастыруға дербестік ұсынылатын болады, сонымен қатар бюджетті басқаруға.

Жоғары оқу орындарын басқаруға, академиялық, операциялық және қаржылық қызметті бақылауға, сондай-ақ университеттің басшылығының тиімділігін бағалауға белсенді қатысатын бақылау кеңестерінің рөлі күшейтілетін болады.

ЖОО білім бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде әзірленетін болады. 2019 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламаларының 45%-ы кәсіби стандарттардың біліктілік құзыреттерінен негізделетін болады.

Педагог кадрдың кәсіби стандартына сәйкес педагогикалық білім берудің мазмұны жаңартылатын болады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары алғашқы кезекте техникалық, педагогикалық және жаратылыс-ғылыми мамандықтар бойынша үш тілде жүргізілетін болады.

Оқытушылардың тілдік деңгейлерін арттыру үшін, біліктілікті арттыру курастары, жаппай онлайн-курстар, қашықтықтан оқыту технологиялары қарастырылады. Сондай-ақ оқытушыларды, студентерді, магистранттар мен докторанттарды ағылшын тіліне оқыту курстары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін жоғары оқу орындарында дайындық бөлімдеріне гранттар бөлінетін болады (жыл сайын конкурстық негізде 450 орыннан).

Оқытуға жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-дан, сондай-ақ өндірістен үздік отандық және шетелдік мамандар тартылатын болады.

Академиялық ұтқырлықты дамыту, оның ішінде қазақстан жоғары оқу орындары мен білім алушылардың Эразмус+ жобаларына қатысуы есебінен және шетелдік студенттердің қазақстан жоғары оқу орындарына білім алу үшін келу есебінен дамыту жалғастырылатын болады.

Жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге толық көшу жалғасатын болады.

Шаралар:

- жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін жетілдіру;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім бағдарламалары бойынша үш тілде оқыту;

- оқытушылар мен білім алушылардың тілдік құзыреттерін арттыру бойынша тағылымдамалар, біліктілікті арттыру курстары, жаппай онлайн-курстар, қашықтықтан оқыту технологиялары;

- аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды белгілеу, атақты аккредиттеу органдарының тізілімін жасау;

- жергілікті бюджет есебінен әлемдік үрдістер тұрғысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнын жаңғырту мәселелері бойынша ақпараттық науқандар өткізу.


3-басым бағыт «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту менеджменті мен мониторингін жетілдіру»

Азаматтық жоғары оқу орындарында академиялық және басқару дербестігі мәселелерінде Назарбаев Университеті тәжірибесін кезең-кезеңмен ендіру тәжірибесі жалғастырылады. ЖОО әкімшілігі мен оқытушылар тиісті біліктілікті арттыру курстары арқылы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен академиялық және басқару дербестігі жағдайында жұмыс істеуге үйретіледі.



Халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарына академиялық еркіндікті кезең-кезеңмен ұсыну мәселесі пысықталады.

ИИДМБ-2 үшін кадрлар дайындауды іске асыратын базалық жоғары оқу орындарына нақты даму бағдарламалары негізінде дербестік ұсынылатын болады (корпоративтік, академиялық және қаржы саясаты). Соңынан оң тәжірибе басқа жоғары оқу орындарына таратылады.

Институционалды деңгейді қоса алғанда, білім берудегі менеджментті одан әрі жетілдіруге қол жеткізеді. Бұл корпоративтік басқару қағидасына ие ЖОО санын ұлғайту (байқау кеңестері немесе қамқорлық кеңестері, директорлар кеңесі), топ-менеджмент жоо-ға шетелдік мамандарды тарту, меншік нысанына қарамай, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен барлық азаматтық жоғары оқу орындарының басшылар құрамының жоғары білім берудегі қазіргі заманғы менджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі шараларын өткізуді көздейді.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарын 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға өзгерту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Шаралар:

- азаматтық жоғары оқу орындарындағы академиялық және басқару дербестігі мәселелерінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін кезең-кезеңімен ендіру;

- азаматтық жоғары оқу орындары ректорларының қоғам алдында жыл сайын есеп беру тәжірибесін ендіру;

- жоғары оқу орындарының жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу мәселелері бойынша ақпараттық науқандар өткізу.


4-басым бағыт «Жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту»

Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау тиісті инфрақұрылымның болуын көздейді, сондықтан жоғары оқу орындарында коммерцияландыру кеңселері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқада инновациялық құрылымдар құрылады.

Грантпен қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ЖОО ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігі әзірленеді.

ИИДМБ-2 базалық жоғары оқу орындары ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісім жасау арқылы қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыруға қатысатын болады. Оқыту бағдарламаларының сапасы арттырылып, өндіріспен барынша тығыз өзара әрекеттесуі қамтамасыз етіледі.

11 базалық жоғары оқу орны жанынан ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықпен жабдықталған 48 жаңа зертхана жұмыс істейтін болады.

Шаралар:


- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымдар құруы, мониторинг және тиімділік пен қызмет атқаруды бағалау;

- ИИДМБ-2 базалық жоғары оқу орындарымен ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісімдер жасау мен іске асыру;

- педагогикалық білім мазмұнын жаңғырту бойынша Дүниежүзілік банк жобасын іске асыру.
5-стратегиялық бағыт Ғылымды дамыту
1-басым бағыт "Ғылымның ел экономикасының тұрақты дамуы салымын ұлғайту"

Жеке капитал үлесінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ынталандыруы ғылым, білім және өнеркәсіптің тығыз ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес (жоба өнімді инновацияларды ынталандыру) (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2015 жылғы 18 мамырдағы № 21 Жарлығы «Дүниежүзілік Банк Өнімді инновацияларды ынталандыру») 2016-2020 жылдар аралығында жобасын іске асыру қарастырылған.

Осы жоба шеңберінде:


  1. өндірістік сектор консорциумдарын және инновациялық инклюзивті (әлеуметтік) консорциумдарды құру;

  2. ғалымдар мен жеке сектор арасында мәмілелер ағымын акселерациялау мақсатында ерте кезеңдегі жобаларды іске асыруға қаржыландыруды қамтамасыз ететін ерте қаржыландырылатын венчерлік қор құру;

  3. «көптеген мәмілелердің», яғни дайын инновациялық жобалар бар болуын қамтамасыз ету үшін барлық кезеңдегі инкубациялауға кәсіпкерлерге көмек көрсететін брокерлік команда құру;

  4. технологиялық компаниялардың маркетингтік және технологиялық мүмкіндіктерін арттыру үшін шетелдерде 2 жылдамдатылған технологиялық офистерді құру;

  5. Ірі қазақстандық университеттерде технологияларды трансферттеу офистерінің желісін құру;

  6. инновациялық белсенділік индексін құру, яғни инновациялық және инновациялық қызмет тиімділігін бағалау жүйесі және оның нәтижелері қарастырылған.

Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, ИИДМБ мұқтаждарына ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін оның ішінде бизнес тарапынан қоса қаржыландыру арқылы коммерцияландыруға бағытталған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми бағдарламаларының жаңа тәсілдері енгізілетін болады.

Ғылыми жобалар және ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру үшін өтінімдерді дайындау бойынша конкурстық құжаттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының патенттік қабілеттілігін іске асыру барысында патенттер алу бойынша талаптар белгіленетін болады.

Бағдарламада ғылыми зерттеулерге жаңа, заманауи тәсіл іске асырылатын болады. Барлық зерттеулер эксклюзивті, жаңашыл және инновациялық жұмыстар, оларда жаңа идеялар тұжырымдалатын болады, жаңа жобалар әзірленді, Қазіргі кездегі Қазақстанның бренді негізделді.

Шаралар:

- «Өнімді инновацияландыруды ынталандыру» жобасының «Инновациялық концорциумдар» 2-компаненті шеңберінде өндірістік сектор концорциумдарын және инклюзивті инновацияларды гранттық қаржыландыру үшін конкурс өткізу;

- «Өнімді инновацияландыруды ынталандыру» жобасының «Технологияларды коммерциализациялаудың біріктіру циклі» 3-компоненті шеңберінде ерте қаржыландырудың венчерлік қорын, шетелдерде жылдамдатылған технологиялық 2 офис құру, жұмыс істейтін технологияларды коммерциализациялауды жетілдіру;

- «Өнімді инновацияландыруды ынталандыру» жобасының «Ұлттық Инновациялық жүйе координациясын нығайту» 4-компонентін іске асыру шеңберінде Инновациялық обсерватория құру;

- технологияларды трансферттеу жүйесі бірінші кезекте инвестицияны тарта отырып, іздеуге және технологияларды бейімдеуге бағытталған.
2-басым бағыт "Ғылым мен ғылыми-зерттеу институттарының оңтайландыру инфрақұрылымын жаңғырту" басым бағыты.

Елдің экономикасының дамуына ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нақты үлесі және ғылыми ұйымдардың тиімді жұмыс істеу мақсатында ғылыми ұйымдарды оңтайландыру және қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады.

«Астана бизнес кампус» іске асыру арқылы қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Шаралар:


- ғылыми ұйымдар мен ЖОО ғылыми-инновациялық құрылымды жетілдіру үшін ғылыми жобалар мен бағдарламалар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы іске асыру;

- ғылыми ұйымдарды оңтайландыруды және қайта құруды жүргізу;

- қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инновацияны генерациялау үшін қазақстандық және шетелдің компанияларды, білімді қажет ететін шағын және орта бизнесті, венчірлік қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, қаржыгерлерді және студенттерді біріктіру мақсатында ғылыми орталықтар мен зертханаларды «Астана бизнес кампус» Назарбаев Университеті базасында орналастыру;

- ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің артуы.


3-басым бағыт «Ғылыми кадрларды дайындаудың қазіргі кездегі жүйесін қалыптастыру және ғылым әлеуетін, ғалым мәртебесін нығайту»

Талантты жастарды қолдау жолымен және отандық ғылымның мобильділік деңгейін дамытумен ғалым мәртебесін арттыру.

Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласында мемлекеттік сыйақы. Атаулы сыйақылар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындау.

Басылымдар мен осы жариялымдарға сілтемелердің негізінде Хирша (һ-индексі) индексімен ғалым жұмысының тиімділігі бағаланатын болады.

Шаралар:

- ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, соның ішінде халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат базасына қол жетімділікті қамтамасыз ету;

- халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттық базаға қол жетімділікті ұсыну жолымен қазақстандық ғалымдардың импакт-факторы жоғары халықаралық журналдарына басылым белсенділігін ынталандандыру;

- әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйақыны тағайындау жолымен қазақстандық ғалымдардың қызметін ынталандандыру.


4-басым бағыт «Ғылымды дәріптеу және халықаралық интеграция».

Ғылыми ұйымдардың қоғамға деген транспоренттігі мен есептілігі ретінде ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету жолымен ғылымның ашықтығын жасау. Қазақстандық ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың қызметін қоғамға бағалау мүмкіндігін ұсыну үшін іске асырылатын жобалар бойынша ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есеп беруін енгізу, ғылыми зерттеулердің өзектілігін анықтау және қоғамға деген қажеттілігі.

Халықаралық интеграция ғылыми-техникалық ынтымақтастық және ғылым мен техника саласының негізінде халықаралық ұйымдармен екі жақты келісім бойынша Халықаралық комиссия (кіші комитеттер, қосалқы комиссиялар мен жұмыс топтары) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласы халықаралық ұйымдармен және әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдерімен ынтымақтастықты тұрақты түрде жалғастыратын болады.

Шаралар:

- ХҒТО халықаралық жобаларды, сондай-ақ қатар Ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша халықаралық комиссияның (кіші комитеттер, қосалқы комиссиялар мен жұмыс топтары) бірлескен отырыстарында мақұлданған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен ғылыми жобалар шеңберінде бірлесе іске асыру;

- шетелдік ғылыми ұйымдармен, оның ішінде АҚШ, ҚХР, Ресей Федерациясы, Жапония, Оңтүстік Корея елдермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

- рейтингті халықаралық басылымдарда қазақстандық ғылыми басылымдардың жариялануы (бірлескен авторлық);

- 2017 жылы ғылым мен технология бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу.

4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы


"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты,

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама

Мемлекеттік органдардың құрылымы алда тұрған міндеттерді шешуге сәйкес болуы және Стратегия – 2050 мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі қажет.

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу.

Білім беру саласында 2030 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейін сапалы біліммен және тәрбиемен толық қамтылатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу бағдарламалары халықаралық практикада пайдаланылатын үздік стандарттар мен әдіснамаларға сай келетін болады.


PISA, TIMSS сияқты немесе соларға ұқсас мектепте білім беру сапасын бағалау индекстері бойынша Қазақстан рейтингтері өте жоғары 30 елдің қатарына кіреді.

2050 жылға қарай қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады.

Орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.

Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Білім беру саясаты функционалды сауаттылықты түбегейлі арттыруға, заманауи құзыреттілікті қалыптастыруға, жас буынды сындарлы әлеуметтендіруге, бүкіл өмір бойы білім алудың қолжетімділігіне, сондай-ақ оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.

Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет.



Практикалық дағдыларды оқыту және практикалық біліктілікті алу бойынша бағдарламаларды қоса отырып, орта және жоғары білім берудің оқу жоспарының бағыты мен екпінін өзгерту.

2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.

Кәсіптік-техникалық беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.


2030 жылға қарай орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беретін барлық ұйымдарда корпоративтік басқару және академиялық дербестік қағидаттары енгізілетін болады.

Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.

Елдің басты университеттері әлемнің жүз жетекші ЖОО қатарына кіреді.

Педагогикалық шеберліктің және білім беру технологиясының үздік әлемдік практикалары енгізілетін болады, сондай-ақ үздік шетелдік профессорлар мен мамандар тартылатын болады.

Жоғары білім беру жүйесін дамыту еңбек нарығының бұрыннан бар және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Астана, Алматы және Шымкент агломерацияларының университеттерінде инновациялық әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Университеттерде инновациялық қызметті қаржыландыру қосылған құн тізбегінің барлық деңгейін – инновациялық әлеуетті және зерттеулерді дамытуды, технологияларды коммерцияландыруды, стартаптарды қолдауды қамтитын болады.



Экономиканың жаңа жоғарытехнологиялық салалардың құру ТЖӨ-дан 3 кем емес деңгейге дейін қаржыландырудың өсуін қажет етеді.

Технологиялық парктердің жұмысын белсендіру қажет, әсіресе ірі қалалық агломерацияларында ең біріншіден Астана және Алматы қалаларында.  

Елде инновациялық белсенділік өседі және ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне жұмсалатын шығыстар ұлғаяды. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын ішкі шығындар көлемінің ІЖӨ-ге қатынасы 0,2%-дан 3%-ға дейін өседі, бұл Қазақстанды ғылымды қажетсінетін экономикасы бар елдердің даму деңгейіне жақындатады.















Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қалалық, сондай-ақ ауылдық жерлерде толық қамту үшін мемлекетте мүмкіндіктер қамтамасыз етілген.


Жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын азаматты қалыптастыруға ықпал ететін академиялық білім беріп, дағдыларды ұсынады;
қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге жетеді.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейді;
Ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілді;
Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды. Ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілді;

Оқытушылардың біліктілігін арттыру және даярлау жүйесі жетілдірілетін болады. Оларды жұмысқа қабылдау мен карьерлік өсу тетіктері жетілдірілетін болады.



Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді;
Қазақстанның кемінде екі ЖОО әлемдік үздік университеттер рейтингіне енгізілді;

отандық жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болды;


әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істейді.

Әлемдік рейтингті ғылыми журналдардағы Қазақстан ғалымдары жарияланымдарының саны жылына кемінде 2000 құрайтын болады;
жалпы ішкі өнімнің ғылымға арналған шығыстарының үлесі кемінде 2 %-ға жетеді;

2017 жылға қарай Қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы;


ғылыми зерттеулер көлемінде ғылыми-техникалық әзірлемелер үлесі 35-40%-ды құрайтын болады.













Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық бағыттары

1. Стратегиялық бағыт Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


2. Стратегиялық бағыт Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау

3. Стратегиялық бағыт Техникалық және кәсіптік білім беру

4. Стратегиялық бағыт Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

5. Стратегиялық бағыт Ғылымды дамыту













Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақсаттары

    1. Мақсат

Балаларды  ерте дамыту  және мектепке дайындау үшін сапалы мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

2.1. Мақсат

Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Бала өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету


3.1. Мақсат

Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету




4.1. Мақсат

Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету

5.1. Мақсат

Экономиканы әртараптандыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру












Бюджеттік бағдарламалар

098 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жетімділікті қамтамасыз ету»

221 Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау


019 «Сауықтыру, оңалту және балалардың демалысын ұйымдастыру»

040 «Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы

060 «Назарбаев Зияткерлік мектеп» ДБҰ мақсатты үлес»

099 «Сапалы мектептік білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету»

222 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау



203 «Техникалық және кәсіптік білім берумен кадрларды қамтамасыз ету»

223 Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау




092 «Назарбаев Университеті» ДБҰ мақсатты үлес»

204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берумен кадрларды қамтамасыз ету»

224 Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

228 «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы


024 «Сейсмологиялық ақпараттың мониторингі»

130 «Ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметінің субъектілерін қаржыландыру»

217 «Ғылымды дамыту »

219 «Ғылыми-тарихи құндылықтарына, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікке қамтамасыз ету»



001 «Білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру»

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау