Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года №258 «о стратегическом плане Министерства образования и науки Республики Казахстан на 2014 2018 годы»


-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту



жүктеу 0,54 Mb.
бет3/6
Дата13.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#28918
1   2   3   4   5   6

1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жандандырудың тұжырымдамалық негіздері Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген.

1-басым бағыт «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту»

Қазіргі білім беру жүйесінің даму кезеңінде мектепалды даярлық жүйесіне жаңа талаптар қою мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тиімді түрлерін әзірлеу мен ендіру қажеттілігі туындады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың заманауи және нәтижелі жүйесін қалыптастыру үшін жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және мектепалды даярлықтың үлгілік оқу бағдарламаларын, балалардың біліктері мен дағдыларын дамытудың индикаторлар жүйесін ендіру жалғастырылады.

Білім беру бағдарламалары мектепте оқуға қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға, халықтық салттар мен дәстүрлерге негізделген құндылықтар, адамгершілік бағдарлануды қалыптастыруға, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, балалардың дене дамуы, коммуникативтік, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары мен міндеттерінің бірізділігін қамтамасыз етеді. Және ең бастысы ─ даму деңгейін анықтайтын индикаторларға сәйкес балалардың білім, білік және дағдыларын бағалау және инновациялық технологиялар негізінде бала дамуының әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолдану.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі деңгей мазмұнының сапасы әр бала жетістіктерінің индикаторлар жүйесі арқылы бағаланады, мұнда әрекеттің негізгі нәтижесі баланың даму деңгейі, оның білімі, біліктері және дағдылары болып табылады.

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, проектор, экран, сенсорлық интерактивтік тақта мен құрылғылармен жабдықталған мультимедиалық кешендер, смарт-карталар, сөйлейтін қаламдар, компьютерлік дамыту ойындары; анимациялық бейне- және фотоматериалдарды қолдана отырып, инновациялық әдістер мен технологияларды ендіруді көздейтін балалардың қызығушылықтарына қарай вариативтік бағдарламаларды әзірлеу жалғасатын болады. Бұл инновациялық әдістер мен технологияларды жүйелі ендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шаралар:


  • оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде білім беру қажеттіліктері ерекше балалар үшін кемістіктің 8 түрі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және енгізу;

балалардың қызығушылығы бойынша вариативтік бағдарламаларды әзірлеу.
2-басым бағыт «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының сапасын жақсарту»

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог кадрлар құрамының сапасын жақсарту мақсатында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде жалғасын табады.

Мамандандырылған жоғары және техникалық, кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің үлесін арттыру үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық кадрларды даярлауда мемлекеттік білім беру тапсырысы артады. Нәтижесінде 2020 жылға дейін олардың үлесі 50%-ға дейін өседі деп күтілуде.

Шаралар:


- ЖОО мен колледждерде педагог кадрларды даярлауға жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру;

- мектепке дейінгі ұйым педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, соның ішінде онлайн оқыту.


3-басым бағыт «Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту»

Мектепке дейінгі ұйым желісі республикалық және жергілікті бюджет есебінен демографиялық жағдайды ескере отырып, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы саны және сапасы жағынан да дамиды.

Мектепке дейінгі ұйым желісін дамытуда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту есебінен мектепке дейінгі ұйым салу мен пайдаланудың жаңа үлгілік жобалары, сондай-ақ, тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында орналасқан мектепке дейінгі ұйымдарға ерекше назар аударылады.

Жаңа орын ашу балаларды қамту көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен аз қамтылған отбасыларын қамту.



Шаралар:

республикада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті белсенді дамыту жолымен демографиялық жағдайды ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту.

Мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту мен педагогтердің сапалы құрамын арттыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жандандыруға мүмкіндік береді.
2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау

Тегін орта білім алу құқығына еліміздің Конституциясы кепілдік береді.

1-басым бағыт «Орта білім берудің мазмұнын жаңарту»

Ұлт жоспарының 76-қадамы шеңберінде елдің жалпы білім беру мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін ескере отырып 12 жылдық білім беруге көшу бойынша міндет қойылған.

Оқушылардың оқу нәтижелері сын тұрғысынан ойлау, өз алдына ізденіс және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеру болуы тиіс.

Сонымен қатар Қазқстанның барлық мектептерінде орта мерзімді перспективаларда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тиімді тәжірибесі енгізілетін болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес оқушылардың білім деңгейін теңестіру мақсатында бірыңғай оқулық базасы енгізілетін болады.

Жаңартылған мазмұн сапалы жаңа оқулықтармен және ЦББР-мен сүйемелденетін болады.

Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады.

Оқыту «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы принципіне негізделетін болады. Бұл академиялық пәндер, элективті курстар, әлеуметтік жобалар, сыныптан тыс және қосымша жұмыс арқылы іске асатын патриоттық, саяси, құқықтық және моральдық білім беру кешені.

2018 жылдан бастап Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, базалық оқулыққа, оқулықтар сапасын көп деңгейлі сараптауға қойылатын талаптарды әзірлеуді, оқулықтар сапасын бағалау саласындағы сарапшылар біліктілігін арттыруды, орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін мониторингтеуді және бағалауды енгізуді көздейді.

ШЖМ проблемасын шешу үшін тірек мектептерін (ресурстық орталықтар) ашу жұмысы жалғасатын болады, сонымен қатар балаларды мектепке және мектептен үйге тасымалдауды ұйымдастыру. 2020 жылға дейін тірек мектептердің саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады.

Қала мен ауыл арасындағы білім беруді теңестіру шалғайдағы мектептер мен ШЖМ-да қашықтықтан оқыту тетіктерін енгізу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Осал топ оқушылары ретінде білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балаларды оқу процесіне барынша тартуға ерекше көңіл бөлінуде.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға бейімделіп өңделетін болады, сондай-ақ көзі көрмейтін балаларға арналған рельефті-нүктелік қаріпті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен (Брайль шрифтісі) және нашар көретін балалар үшін шрифтісі ірілендірілген оқулықтар әзірленеді.

2018-2019 оқу жылынан бастап ЖАО тарапынан арнайы білім беру ұйымдары мен сыныптарға нашар көретін балар үшін релефті-нүктелік шрифті (Брайль шрифтісі) оқулықтар мен ОӘҚ қамтамасыз ету басталады.

Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті ортада қолдау көрсету бөлігінде педагогтер мен педагог қызметкерлердің қызметтік лауазымы және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының типтік штаттық үлгісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралады (типтік штаттық үлгіге педагог-ассисент бірлігін қосу).

Орта білім беруді жаңғырту жобасы шеңберінде бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2020 жылға қарай:

1) білім алушылардың ұлттық емтихандары мен оқу жетістіктерін мониторингтік зерттеулердің рәсімдері жетілдіріледі;

2) оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жетілдіріледі;

3) тест стандарттары әзірленеді;

4) білім алушылардың дағдылары мен білігін, құзыреттілігінің кең спектрін тексеру үшін тест тапсырмаларының базасы құрылады.

Қазақстан TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуды жалғастырады.



Апробация нәтижесі бойынша жан басына қаржыландыру енгізілетін болады.

Шаралар:

- НЗМ тәжірбиесі бойынша 12 жылдық оқыту үлгісіне ауысу;

- білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

- апробация нәтижесі орта білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыруды енгізу;

- робототехниканы дамыту және білім берудің электронды мазмұнын енгізу.
2-басым бағыт «Үш тілде білім беруді енгізу»

Мемлекет басшысының 2008-2014 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларында берген тапсырмаларына сәйкес үш тілде білім беруге кезең-кезеңімен көшу басталатын болады.

Республикада бір мезгілдеқазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуға жоспарлы түрде көшу «100 қадам» Ұлт жоспарыны 79-қадамында және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

2019-2020 оқу жылынан бастап жоғары сыныптарда (10-11) таңдау бойынша және мектептердің мүмкіндігіне қарай 4 пәннен (информатика, биология, физика, химия) ағылшын тілінде 2 пәнді таңдау бойынша оқыту жоспарлануда.

Сонымен қатар 2019-2020 жылдардан бастап үш тілде білім беруге көшу шеңберінде оқыту тіліне қарамастан барлық мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту қазақ тілінде, «Дүниежүзілік тарих» пәнін орыс тілінде (7 сыныптан бастап) оқыту жоспарлануда.

Шаралар:


  • үш тілде білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік кешенінің жыл сайынғы негізде әзірлеу;

  • үш тілде білім беруді енгізу бойынша конференциялар, семинарлар және тренингтер өткізу;

педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу.
3-басым бағыт «Педагогикалық әлеует денгейін көтеру және басқаруды жетілдіру»

Жаңартылған мазмұнды енгізудің сәттілігі мұғалімнің педагогикалық шеберлігі денгейінің жоғарылығына байланысты.

Педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мақсатында:

1) тек мектеп педагогтарын ауқымды оқытуды өткізу емес, сонымен қоса ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамын, педагогикалық мамандықтар бойынша колледждердің оқытушыларын, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен мамандарын жаңа мазмұн бойынша тәсілдер мен әдістерге оқыту;

2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз пәндерін оқыту үшін мұғалімдерге тілдерді үйрету;

3) ЖОО педагогикалық мамандықтағы студенттері үшін бағдарламаларды жаңарту және енгізу қарастырылатын болады.

Басқару орта білім беру жүйесін жаңғырту бағытында аса үлкен рөл атқарады. Білім беру сапасының артуына дұрыс әрі жүелі ұйымдастырылған басқару әсер ететін болады, бұл қоғаммен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Мектеп басшылары басқару мәселесі бойынша біліктілік курсынан өтеді.

2017 жылдан бастап мектептің дамуына ықпал жасайтын қамқорлық кеңестер әр мектепте ашылатын болады. Қамқорлық кеңестері жұмысының шеңберінде жыл қорытындысы бойынша мектеп басшыларының жыл сайынғы есебі қарастырылатын болады, бұл мектеп сайтында жарияланатын болады.

Білім беру ұйымдары мен мектептердің деңгейінде олардың жетістіктерін жариалайтын ауқымды PR-кампаниялар өтетін болады.

Мектеп директорларының Кеңесі жұмыс істейтін болады, онда өзекті мәселелер талқыланып, оларға белгілі бір шешім қабылданатын болады.

Әрбір мектеп басқа мектептермен тиімді тәжірбиелерімен алмаса отырып және өздерінде басқа мектептердің тиімді тәжірбиесін енгізе отырып серіктестік ретінде әрекеттесетін болады.

Шаралар:

- жаңартылған мазмұн талаптарында мектептерді білікті мамандармен қамтамасыз ету;



- TALIS оқыту мен оқу халықаралық зерттеуге қатысу;

- жыл сайын «Үздік педагог» республикалық конкурсын өткізу;

- басқару саласындағы курстарда мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізу;

- метептерде қамқорлық кеңестерін ашу.
4-басым бағыт «Орта білім беруде инфрақұрылымды дамуды қамтамасыз ету»

Оқу-тәрбие процесін тиімді іске асыруна мектеп инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде нысандардың техникалық және функционалдық сипаттамалары тікелей немесе қосымша әсер етеді.

Апатты мектептердің орнына, сонымен қатар үш ауысымды мектептерді жою үшін құрылыс республикалық және жергіліті бюджеттен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік-жеке-кәсіпкерлік әріптестік арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл 2020 жылға апатты және үш ауысымды мектептерді толық жояды.

Жергілікті бюджет есебінен мектептерді пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жалғасатын болады. Мектептік білім беруде ақпараттандыру оқуға ақпараттық технологияларды одан әрі енгізу шеңберінде іске асатын болады.

Білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаға инклюзивті ортада қолдау көрсету қамтамасыз етіледі.

2017 жылдың басына психолого-педагогикалық коррекция кабинеттерінің желісі 149 бірлікті, психолого-медико-педагогикалық консультациялар - 58 құрады.

Психолого-педагогикалық коррекция кабинеттері мен психолого-медико-педагогикалық консультациялар ашу жөнінде жұмыс жалғасатын болады.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында психолого-педагогикалық консилиумдар жұмыс жасайтын болады.

Шаралар:

- орта білім берудің инфрақұрылымын одан әрі дамыту және мектептердің материалдық-техникалық жабдықтарын жақсарту, соның ішінде МЖМӘ арқылы;

- апатты мектептерге және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;

- КЖҚЖ қосылған мектептер үлесінің артуы.
5-басым бағыт «Мектеп оқушыларында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және балалар құқығын қорғау»

Балаларға қосымша білім беру бірыңғай білім беру процесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептерде үйірмелер мен секциялар санының өсуі есебінен балаларға шығармашылық және танымдық белсенділігін, жеке тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік беріледі. Осылай балаларды қосымша біліммен қамтуды 2020 жылы 70 %-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің есебінен спорт залдарын және қосымша білім беру ұйымдарын заманауи құрал-саймандармен жабдықтау бойынша жұмыс жалғасын табады.



Елімізде балалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, балалы отбасылардың, балалар үшін білім беру және медициналық көмек ке қол жетімділікті арттыру жүйесінде оң үрдістер байқалады.

Баланы отбасында тәрбиелеу, балаларды тәрбиелеудің құқықтық және экономикалық тетіктерінің мынадай нысандарын: бала асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық, патронаттық тәрбиелеуді жетілдіру; мемлекеттік басқару мен ақпараттық жүйелерді баланың құқығын қорғау саласында механизмдерді жетілдіру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік шеттетілуін еңсеруге ықпал ететін, оңалту және қоғамға толыққанды шоғырландыруға мүмкіндік беретін балалармен жұмыс түрлерін енгізу, әрбір баламен және оның отбасымен жұмыс кезінде кәсібилігін және жоғары біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы және балаларға кәсіби психологиялық көмек бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Балаларды қорғау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үнемі және сапалы даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы және балаларға жан-жақты көмек көрсетілетін болады, отбасын кризистік жағдайда қолдау және отбасылар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесі құрылатын болады.



Шаралар:

- мектептер арасында спорттық сайыстар өткізу;

- қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы және балаларға кәсіби психологиялық көмек жүйелерін және отбасылық қолайсыздықты ерте кезеңінде ескертуге мүмкіндік беретін тетік құру



- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды, девианті мінез-құлықты балаларға арналған арнайы ұйымдарды және арнайы ұстау режиміндегі ұйымдарды қайта ұйымдастыру, оңтайландыру, қазіргі балаларды интернаттық тәрбиелеу жүйесін отбасылыққа қайта бағдарлау;

- қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды қолдау орталықтарын құру.


3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру.
1-басым бағыт "Жастардың кәсіби дамуына және ТКБ-ға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау"

2020 жылға дейін 2 400 орындық 4 колледж салынып пайдалануға беріледі. Құрылыс және қайта құру есебінен 390 орындық 2 жатақхана енгізіледі.

Екі деңгейлі модульдік бағдарламаларды енгізу шеңберінде жастардың тегін бірінші жұмыс біліктілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға ЖБ есебінен мемлекеттік тапсырыс көлемін жыл сайын ұлғайту жоспарланған.

Индустриялық-инновациялық даму басым жобаларын іске асыру үшін


10 базалық колледж анықталып, техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту орталықтары ретінде келесіні қамтамасыз етеді:

- жаңа модульдік-құзыреттілік білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлаудан алынған тәжірибелерді тарату бойынша;

- өңірлердегі колледждердің жетекшілері мен инженер-педагог қызметкерлерін оқыту бойынша дәрежелік «Кәсіпқор» холдингінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша;

- өңірлердің колледждерінің инженер-педагог қызметкерлерін және студенттерін еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес заманауи құрал-жабдықтары негізінде оқыту бойынша.

Қосымша кәсіби дағдыларын алу үшін колледждер мен кәсіпорындарда кәсіптік даярлау оқу орталықтарының оқу желісі дамитын болады. Колледж студенттеріне негізгі мамандықтарын алумен қатар, кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізуін ескере отырып, қосымша ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.

Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп тұрған колледждер базасында олардың қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрған оқу-өндірістік комбинаттарын жетілдіру жолымен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беру үшін жағдайлар жасалатын болады. Бұл мектеп оқушыларының бастапқы еңбек дағдыларын меңгеруіне және кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етеді.

Жастарды кәсіпкерлік қызметпен ынталандыруға жағдай жасау үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақ алған студенттер саны ұлғаяды. «Атамекен» ҰКП-нің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері»факультативтік курсын оқыту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Колледждерде жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін жағдайлар жасалатын болады. Осы мақсатта «Информатика» пәні бойынша ағылшын тілінде оқулықтар сатып алынып, оқу бағдарламалары әзірленді. 2021 жылға дейін кадрлық әлеуетінің дайындығын ескере отырып ағылшын тілінде жүргізілетін пәндердің санын арттыру жоспарлануда.

Дуальді оқытуды белсенді дамыту арқылы колледж түлектерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуға жағдай жасалатын болады. Бұл үшін студенттердің тәжірибеден өтуі мен одан әрі жұмысқа орналастыруын көздейтін дуальді оқыту туралы шарттар мен келісімдер жасау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, дуальді оқытуды дамыту бойынша өндірістік оқуға өндірістегі тәлімгерді тарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Жұмысшы мамандығын алуға мектеп түлектерін тарту мақсатында оқушы жастар арасында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы жүйеленетін болады. «Кәсіпқор» Холдингі мансаптық тәлімгерлік және кәсіби бағыт-бағдар беру жүйесін енгізу бойынша жұмыс өткізетін болады. Кәсіби бағыт-бағдар жұмысына тәсілдер жасалатын болады.

Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу үшін Worldskills қозғалысы дамитын болады. Жыл сайын өңірлік және ұлттық чемпионаттар өткізу және конкурс құзіреттіліктерінің тізімін кеңейту жоспарлануда.

ТжКБ ұйымдарын бейіндеу бойынша жұмыс шеңберінде әр түрлі құралдардарды пайдалана отырып, кадрларды даярлау теңсіздігін теңестіруге мүмкіндік беретін ұсыныстар жасалатын болады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспарлары әзірленетін болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға мамандықтар тізімі әзірленетін болады. Колледждерде тең қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу жүргізілетін болады.

Лизинг механизмі есебінен, Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер және жергілікті бюджет есебінен ТжКБ мемлекеттік оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары, зертханалары мен арнайы білім беру кабинеттерін жарақтандыру және қайта жабдықтау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.



Шаралар:

-2021 жылға дейін жұмысшы біліктіліктері бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орта буын мамандықтарынан 80%-ға дейін қайта бөлу арқылы ұлғайту;

- жастардың одан әрі жұмысқа орналасуын қарастыратын кадрларды дуальді даярлау туралы шарттар жасау;

- колледждердің оқу бағдарламаларына кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша курс (пән) енгізу;

- жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу.
2-басым бағыт «Жұмыс берушілердің талаптарын және халықаралық тәжірибені ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту».

Маман даярлаудың жеке траекториясын жасау және оның еңбек нарығында кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары қайта қаралып, жаңартылатын болады.

Модульдік-құзыреттілік тәсілді ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралып, жаңартылатын болады.

ТжКБ ұйымдарын оқу әдебиеттерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес және өндірісте технологиялық процестердің даму перспективаларын ескере отырып, шетелдік заманауи оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын аудару және тираждау жүзеге асырылады.

Білім берудің барлық деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылады.

ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген өзгерістер оқу орындарына оқу жұмыс жоспарларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес өзгертуге, модульдік, кредиттік және дуальді оқытуды енгізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық еңбек нарығында ТКБ түлектерінің қажеттілігі мен интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтарының Білім беру жіктеуіштерінің халықаралық стандартына (бұдан әрі – БЖХС) сәйкес келтірілді. ТжКБ мамандықтарының тізбесі және оқыту мерзімдері қайта қаралатын болады.

Кадрлар даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру үшін 2020 жылдан бастап ТжКБ оқу орындарын халықаралық аккредиттеу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс орналастыру және мемлекеттік үлгіде құжат беру құқығы аккредиттеуден өтудің ынталандырушы факторы ретінде қарастырылған.

Салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін құру жұмысы жалғасатын болады.

2019 жылға дейін Дүниежүзілік банк есебінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы (бұдан әрі - Жоба) шеңберінде 5 біліктілікті тәуелсіз сертификаттау жүйесі орталығын (БТСЖО) құру жоспарланған.

Бағалаудың және біліктілікті берудің тәуелсіз жүйесінің рәсімдерін реттеу үшін салалық министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Оқыту сапасын арттыруға бағытталған пәрменді шаралар қабылдау және ТжКБ-ны халықаралық деңгейге шығару мақсатында Турин процесіне қатысу жалғасатын болады.

Шаралар:

- пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізуді ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және өзектендіру;

- оқыту мерзімімен ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін жаңарту;

- оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру;

- ТжКБ жүйесі үшін шетелдік оқу әдебиеттерін сатып алу және аудару;

- оқытудың кредиттік-модульдік технологиясына кезең-кезеңімен көшу;

- колледждердің халықаралық аккредиттеуден кезең-кезеңімен өтуі.
3-басым бағыт «ТжКБ инженер-педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру үшін жағдай жасау».

Ағымдағы кезеңдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрлық саясат қызметкерлердің беделін арттыруға және инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің барлығын жаңа мазмұн бойынша қайта оқытуға бағытталады.

Инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасын енгізу мәселесі пысықталатын болады. Ол халықаралық талаптарға сәйкес «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ арқылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасын қарастырады. Бұл модель оқытушылардың практикалық-бағдарлау деңгейінен психологиялық-педагогикалық деңгейге дейінгі білімдерін жүйелендіруді қарастырады. Әрбір деңгейдің қорытындысы бойынша «оқытушы», «оқытушы-сарапшы», «оқытушы-әдіскер» сертификаты берілетін болады.

Оқытушылар үшін «Кәсіпқор» холдингінің базасында, оның ішінде еріктілерді – «Болашақ» бағдарламасының бітірушілерін тарта отырып, ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру бойынша және арнайы пәндер бойынша оқыту семинарларын жүйелі түрде өткізу жоспарлануда.

Колледж оқытушыларының беделін арттыру мақсатында үздік оқытушылардың, жас мамандардың онкүндіктерінің озық тәжірибесін тарату, жыл сайын «Үздік педагог» конкурсын өткізу жоспарлануда. Қызметкерлердің республикалық, халықаралық семинарларды, көрмелерді ұйымдастыру және оларға қатысу, оның ішінде он-лайн тәртібінде, шетелге тағылымдамаға қатысу жұмысы жандандырылуда. Кәсіподақ, жұмыс берушілер, колледждердің жеке қаражаты есебінен үздік қызметкерлерді материалдық көтермелеу қарастырылуда.

Шаралар:

- «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ арқылы деңгейлік модель бойынша инженер-педагог қызметкерлердің, оның ішінде ТжКБ басшыларының біліктіліктерін арттыру;

- ИПҚ-ны базалық пәндер мен арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін қайта оқыту, оның ішінде тәжірибе алмасу үшін шетелдік оқытушыларды тарту арқылы қайта оқыту.
жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау