Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру



жүктеу 31,43 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.05.2018
өлшемі31,43 Kb.
#14103


 

 

Қазақстан Республикасы 



Білім 

және 


ғылым  

министрінің 2017 жылғы 

7 тамыздағы   № 396 

бұйрығымен бекітілді   

 

                 



«Техникалық және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру 

ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген 

санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) 

пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер 

 

1.  «Техникалық және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім 



беру  ұйымдарындағы  тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  жекелеген 

санаттағы  азаматтарына,  сондай-ақ,  қорғаншылық  (қамқоршылықтағы)  пен 

патронаттағы  тұлғаларына  тегін  тамақтандыруды  ұсыну»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).  

2.  Мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызмет 

стандартын 



Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  (бұдан  әрі  –  Министрлік)  

әзірледі. 

3.  Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар және жоғары оқу 

орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін 

беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.  

  

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 

1)  көрсетілетін  қызметті  берушіге  құжаттар  топтамасын  тапсырған  сәттен 

бастап – 10 күнтізбелік күндер;

 

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін 



күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 

3)  көрсетілген  қызметті  алушыға  қызмет  көрсетудің  рұқсат  етілген  ең 

ұзақ уақыты – 30 минут. 

5. 


Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

 

қағаз жүзінде. 



6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тегін тамақтандыруды ұсыну 

немесе бас тарту туралы еркін нысандағы шешім.  

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде. 

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті 

алушы) тегін көрсетіледі. 



 

8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі  –  Қазақстан 



Республикасының  еңбек  заңнамасына  сәйкес  демалыс  және  мереке  күндерін 

қоспағанда,  дүйсенбіден  бастап  жұманы  қоса  алғанда,  сағат  9.00-ден  17.30-ге 

дейін,  сағат  13.00-ден  14.30-ге  дейінгі  түскі  үзіліспен  көрсетілетін  қызметті 

берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес. 

9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызметті 

көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 

1)  ата-анасының  немесе  оларды  алмастыратын  тұлғалардың  еркін 

нысандағы  көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысының  атына  жазбаша 

өтініші; 

2)  көп  балалы  отбасылардың  балалары  үшін  туу  туралы  куәлігінің 

көшірмесі; 

3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда 

тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық 

тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі

4)  мүгедектер  және  бала  кезінен  мүгедектер  үшін мүгедектігі  туралы 

анықтама  немесе  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  үшін  психологиялық-

медициналық-педагогикалық 

консультацияның 

медициналық 

қорытындысының көшірмесі; 

5)  атаулы  әлеуметтік  көмек  алуға  құқығы  бар  отбасылардан  шыққан 

балалар  үшін  өтініш  берушінің  (отбасының)  жергілікті  атқарушы  органдар 

ұсынатын  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмекті  алушыларға  жататынын 

растайтын анықтама; 

6)  мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек  алмайтын,  жан  басына 

шаққандағы  орташа  табысы  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінен  төмен 

отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс 

істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, 

кәсіпкерлік  қызметтен  және  басқа  қызмет  түрлерінен  түсетін  кірісі,  балаларға 

және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). 

 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 



стандартында  қарастырылған  тізбеге  сәйкес  құжаттар  топтамасын  толық 

ұсынбаған  жағдайда  және  (немесе)  қолданыс  мерзімі  өткен  құжаттарды 

ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады. 

10.  Көрсетілетін  қызметті  беруші  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті  алу 

үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың  және (немесе) ондағы 

деректердің  (мәліметтердің)  дұрыс  еместігі  анықталған  кезде  мемлекеттік 

қызметті көрсетуден бас тартады.  

 

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың 



лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 

бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі   

 



 

11.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  және  (немесе)  олардың  лауазымды 



адамдарының  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  шешімдеріне, 

әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:  

осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  13-тармағында 

көрсетілген мекенжай бойынша  көрсетілетін қызметті берушінің  басшысының 

не оны алмастыратын адамның атына

Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен 

аты-жөні,  берілген  шағымға  жауап  алу  мерзімі  мен  орны  көрсетіле  отырып, 

оның білім саласындағы жергілікті атқарушы органның, көрсетілетін қызметті 

берушінің  кеңсесінде  тіркелуі  (мөртаңба,  кіріс  нөмірі  және  күні  шағымның 

екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. 

Білім  саласындағы  жергілікті  атқарушы  органдарының,  көрсетілетін 

қызметті  берушінің  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 

шағымы  тіркелген  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  қарауға  жатады. 

Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға 

пошта  арқылы  жолданады  немесе  білім  саласындағы  жергілікті  атқарушы 

органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. 

Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нәтижелерімен  келіспеген  жағдайда,  

көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  бағалау 

және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.  

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  бағалау  және  бақылау  жөніндегі 

уәкілетті  органның  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 

шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде  қаралуға жатады.   

12.  Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нәтижелерімен  келіспеген  жағдайда, 

көрсетілетін  қызметті  алушы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 

 

 



4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле 

отырып қойылатын өзге де талаптар 

 

13. 


Мемлекеттік  қызмет  көрсету  орындарының  мекенжайлары 

көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. 

14.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

мәселелері  жөніндегі  анықтама  қызметтерінің  байланыс  телефондары 



көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.  

жүктеу 31,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау