ПОӘК 042 – 18-1.1.39/03-2014
|
Басылым № ______________
|
60 беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
042 – 18-1.1.39/03 -2014
|
ПОӘК
«Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
|
№ басылым
|
5В072700 «Ет және балық азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы студенттері үшін «Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей- 2014
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы:
3. Практикалық сабақтар мазмұны
4. Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.
Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.
Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.
Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.
Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.
Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.
Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.
Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.
Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.
Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.
Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)
Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.
Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.
Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.
Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.
Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.
Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.
Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме.
Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады.
Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы.
Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.
Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады.
Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.
Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.
Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы.
Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.
Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.
Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.
Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.
Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.
Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.
Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі.
Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.
Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.
Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.
Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.
Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.
Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.
Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы:
ДӘРІСТЕР
Тақырып 1. Өндірісті ұйымдастыру пәні ғылым ретінде. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
Дәріс:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі
Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі - өндірістің барлық элементтерінің уақытта және кеңістікте үйлесімді байланысын қамтамасыз ету. Негізгі өндірістің элемменттеріне еңбек, еңбек заттары және еңбек құралдары жатады.
Еңбек деп еңбек құралдарының көмегімен адамдар өздерінің мақсаттарына сәйкес іс - әрекеттерімен, өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек заттарын өзгерту процесін айтамыз. Еңбек өндіріс элементі ретінде үздіксіз дамиды, сапасы мен өнімділігі артады, нәтижесінде бүкіл өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады.
Еңбек заттары деп өндіріс процесінде еңбек құралдарының көмегімен өндірілетін шикізат және материалдарды айтады. Басты мақсаты тұтынуға жарайтын өнімді шығару.
Еңбек құралдары көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек құралдарының бірнеше түрі бар:
а) еңбек құралдары (аспаптар, машиналар)
б) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер)
в) жер, өндірістік үйлер, құрылыстар, темір жол және т.б.
г) электр қуаты, бу, химиялық, физикалық қосылыстар және т.б.
Олардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді.
Еңбек нәтижелілігі, тиімділігі және жұмыс сапасы кәсіпорындардың техникалық жабдықтау деңгейіне және берілген жұмыс жағдайларына байланысты.
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
Негізгі өндіріс үздіксіз қозғалыста, дамуда болады. Негізгі өндірістің даму қарқыны оның барлық элементтерінің пропорционалды жетілдірілуіне байланысты. Егер осы элемменттердің біреуі қалғандардан қалып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Ол шикізаттың, материалдардың және жұмыс уақытының босқа шығындалуына әкеледі. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті - өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін, олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу; шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеп, жоғары сапалы дайын өнімнің жоспарланған көлемін шығару; кәсіпорынның еңбек, шикізат материал ресурстары, энергияның шығындарын ең аз қылып; жабдықтарды толық пайдалану.
Өндірісті ұйымдастыру - өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы өсіру мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті біріктіру формасы мен тәртібін қамтамасыз ететін, ережелер, процестер мен әрекеттер жиынтығы.
Пәнде - кәсіпорынның өндіріс құрылымы және оны жетілдіру жолдары, өндіріс процестерін тиімді ұйымдастыру әдістері, көмекші өндірісті.шикізат пен материалдармен өндірісті қамтамасыз ететін бөлімді, өнім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру әдісттері зерттеледі.
Өндірісті ұйымдастыру әдістерін дұрыс пайдалану үшін сол кәсіпорындағы техниканы және технологияны білу қажет. Бұл пән техникалық ғылымдармен тығыз байланысты.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні
2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті
3. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі
Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 2. Өндірістік қуат. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс қуаты туралы түсінік және оның түрлері,есептеу әдісі.
2. Өндіріс қуатының шамасын анықтау.
3. Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.
4. Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.
Дәріс:
1. Өндіріс қуаты туралы түсінік
1.Кәсіпорынның өндіріс қуаты - жабдықты,өндірістік ауданды,озық технологияны және еңбекті ұйымдастыруды толық пайдаланып,берілген номенклатурамен, уақыттың белгілі кезеңінде өнім шығарудың максимальды мүмкіндігі. Өндіріс қуаты натуралды және шартты –натуралды өлшем бірліктермен анықталады.
Өндіріс қуатымен өндірістік бағдарлама арасындағы айырма кәсіпорын резервін көрсетеді,яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі мәлімметтер қолданылады:
1.Жабдық саны,құрамы және техникалық жағдайы, өндірістік аудан туралы мәлімметтер.
2.Жабдық өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімдердің еңбек сыйымдылығы.
3.Жабдық жұмысының уақыт қоры және кәсіпорын жұмысының режимі.
4.Шығарылатын өнім номенклатурасы және бағдарламадағы олардың сандық қатынасы.
Номенклатура-кәсіпорында шығарылатын өнім атауларының тізімі.
Ассортимент-бір түрдің ішіндегі өнім түрлерінің тізімі.
2. Өндіріс қуатының шамасын анықтау.
Кәсіпорынның өндіріс қуаты негізгі цех,участке қуаты бойынша анықталады.Цех,участке өндіріс қуаты негізгі болып табылатын жетекші жабдық бойынша анықталады.
Өндіріс қуатын анықтаудың 2 негізгі әдісі бар:
-негізгі жабдықты бөліп көрсетуге болатын цехтар үшін:
М = Тэ ¤ ti *q
Мұндағы Тэ-жабдықтың жұмысының тиімді уақыты
ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы
q-бір типті жабдық саны.
Жетекші жабдық жоқ цехтар үшін:
М = ( Тн * S) ¤ (ti * s)
Тн-цех уақытының номинальды қоры
ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы
S-цех ауданы
s-бір жұмыс орнының ауданы.
Сменалық қуатты есептеу жетекші жабдықтың,яғни технологиялық процесте басты операцияны орындайтын және ең қымбат жабдықтың өнімділігіне қарап жүргізіледі.Егер жетекші жабдық бірнешеу болса,олар біртекті операция орындаса,онда өндіріс қуатын табу үшін олардың жұмыс өнімділіктерін бір-біріне қосады.Ал егер олар әр түрлі операция орындаса,онда бұлардың ішінен жұмыс өнімділігі ең аз жабдыққа қарап есептейді.
Жабдықтар үзіліссіз және үзіліспен істейтін болып бөлінеді.Үзіліссіз істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = ( Тсм -Тр)*Нс.ө.*К
Тсм - сменалық қуат,сағ
Тр – тәртіппен белгіленген үзіліс уақыты,сағ
Нс.ө.-жабдықтың сағаттық өнімділігі
К-жетекжі жабдық саны.
Үзіліспен істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = (Тсм-Тр / Дц) * (Еr * К / Нr)
Дц – цикл ұзақтығы,мин
Еr –жабдықтың жұмыс сыйымдылығы;кг,м 2,т
Нr –шикізат тұтыну нормасы,егер жұмыс қуаты дайын өнім тоннасымен есептелсе қолданылады.
Конвейерлік жолдың өндіріс қуатын есептеу:
Өқ = L* H / a * b
L – аспалы жолдың жұмысты орындайтын бөлігінің ұзындығы,м
H – бір метр аспалы жолдан түсірілетін өнім нормасы
а-жолдың өнімділігін ескеретін түзету коэффициенті
в-өндірілетін малдың орташа массасын ескеретін түзету коэффициенті
Өндіріс қуатын өндіріс жер ауданы арқылы есептеу:
Өқ = S / Ho
S - өндіріс ауданы,метр кв
Ho – 1кв метр жерден шығарылатын өнімнің нормасы.
Кәсіпорынның өндіріс қуатты пайдалану деңгейі қуатты пайдалану коэффициентімен сипатталады:
Ки.м.= Офакт ¤ Мср.п.м.
Ки.м-қуатты пайдалану коэффициенті
Мср.п.м.-орта жылдық өндірістік қуат
Офакт-іс жүзіндегі өнім шығару көлемі.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты :жыл басына,енгізілген,шығарылған,жыл аяғына,орта жылдық қуат деп бөлінеді.
Мж.с = Мж.б.+Менг-Мшығ
Орта жылдық қуат:
Морт ж = Мж.б.+(Менг*п/12)-(Мшығ*п¢/12)
3. Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.
«Тар»орындарды жетекші емес жабдықтардың өнімділіктеріне қарап анықтайды.Әдістемесі:
1)технологиялық процестің схемасын құрастырады.Шығарылатын өнім ассортиментін ескереді.
2)Барлық жабдықтың оның ішінде жетекші жабдықтың сменалық өнімділігі есептеледі.
3)Өнімнің әрбір түрін шығару қуаты анықталады
4)Әрбір операцияға қажет жұмыс көлемі табылады
5)Берілген операцияға қажет жұмыс көлемін өндіріс қуатымен не шын мәнінде шығарылған өнім мөлшерімен салыстырып,«тар» орындарды табады.
4. Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.
Өндіріс қуатын экстенсивті пайдалану коэффициенті:
Кэкс = Вф(пл) / Весепті
Вф(пл) -іс жүзіндегі немесе жоспарлы жұмыс істеген уақыт
Весепті -жұмыс уақытының жоспарлы қоры
Өндіріс қуатын интенсивті пайдалану коэффициенті:
Ки = Пф(пл) / Нп
Пф(пл) -жабдықтың іс жүзіндегі немесе жоспарлы өнімділігі
Нп-өнімділік нормасы
Өндіріс қуатын интегралды пайдалану коэффициенті:
Кинт =Кэ*Ки
Өндірістік қуат шамасын анықтайтын факторлар:
1) Жабдықтар құрамы және саны
2) Жабдықтың өнімділік нормасы
3) Өндірістік ауданның көлемі
4) Өнім дайындаудың технологиялық процесі
5) Өңделетін шикізат құрамы және сапасы
6) Өнім номенклатурасы және ассортименті
7) Кәсіпорынның жұмыс тәртібі
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы түсінік.
2. Өндірістік қуат шамасына әсер ететін факторлар.
3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қуат шамасын есептеу әдістемелері.
4. Әртүрлі өндіріс процестеріндегі бастаушы жабдықтарды таңдау және санын есептеу.
5. Өндірістік қуатты пайдалану көрсеткіштері.
6. Өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту жолдары.
7. Өндіріс процесіндегі тар орын дегеніміз не?
8. Жабдықты өнімділікке қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент
9. Жабдықты уақытқа қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент
Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 3. Негізгі өндіріс түрлері. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
Жеке өндіріс
Сериялық өндіріс.
Жаппай өндіріс.
Дәріс:
Негізгі өндірістің үш түрі бар: 1)-ші жеке 2)сериялық 3)жаппай өндіріс.
1. Жеке өндіріс деп бұйымның бір данасы шығарылатын өндірісті айтамыз. Оны шығарғаннан кейін бұйымның келесі түрін шығару үшін өндіріс жаңадан құрылады. Бұндай өндіріс универсальды болады, өйткені мұнда өнімнің бірнеше түрін шығаруға болады.Сондықтан бір бұйымды шығару үшін қолданылған құрал-жабдықты басқа жабдыққа ауыстырады, немесе бұйымның жаңа түрін шығару үшін қажет жұмыс тәртібіне салады. Жеке өндірісте көбінесе өнімнің бірнеше түрін шығара алатын әмбебап жабдықтарды қолданады. Бірақ мұндай жабдықтың құны мамандандырылған жабдыққа қарағанда жоғары болады. Жеке өндірісте әр түрлі жұмыс істей алатын жоғары дәрежелі мамандығы бар жұмысшылар істейді. Олардың еңбегі әмбебап болады. Сондықтан алатын еңбек ақысы үлкен болады. Жаңа өнімді шығарғанға керекті құрал-жабдықты,материалдарды; ған сәйкес техникалық құжаттарды (нормалар; стандарттар, рецептуралар) дайындау үшін кеткен уақыттың және қаржының шығыны өте үлкен. Бұл өндірісте шығарылатын өнімнің құны сериялық және жаппай өндірістерге қарағанда әлдеқайда үлкен.
2. Сериялық өндіріс. Бұндай өндірісте өнім партиялармен шығарылады. Бір партияны шығарғаннан кейін өндіріс келесі партияны шығаруға арналады. Өнімнің сериясын шығару тапсырыс, жоспар бойынша жасалады. Егер шығарылатын партия кішкене болса, онда ондай өндірісті аз сериялы өндіріс деп атайды. Партиялар ірі болса,онда ол ірі сериялы өндіріс болады. Сериялы өндірістің жеке өндіріске қарағанда артықшылығы өнім шығаруға кеткен шығын әлдеқайда аз. Себебі өндіріске мамандандырылған жабдықтар, мамандандырылған еңбек қолданылады. Өндірісті дайындауға кеткен шығын бір бұйымға емес өнім партиясына бөлінеді.
3. Жаппай өндіріс. Бұл өндірісте үздіксіз тек қана бір ассортименттің бұйымдары жаппай көпшілік мөлшерде тұрақты шығарылады. Тек мамандандырылған машиналар, құрал-жабдықтар қолданылады. Жұмысшылардың еңбегі де мамандандырылады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі өседі. Өндірісті дайындау жұмыстың басында ғана қажет. Ал оған кеткен шығын барлық шығарылған өнім санына бөлінеді. Бұл өндірісте техниканы, өндірісті ұйымдастыруды және еңбекті жетілдіруге қолайлы жағдай туады. Нәтижесінде өнімнің сапасы және өндіріс нәтижелілігі өседі. Жаппай өндіріс басқа өндіріс түрлеріне қарағанда тиімді. Бұндай өндіріске азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары жатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Негізгі өндіріс түрлері.
Қай өндірісте әмбебап құрал-жабдықтар қолданылады?
Қай өндірісте тек мамандандырылған құрал-жабдықтар қолданылады?
Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 4. Негізгі өндіріс процесі және оның құрылымы. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы
2. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау
Дәріс:
1.Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы.
Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз.
Операция - бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі. Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында, сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін.
. Негізгі өндіріс процесі
Негізгі операциялар Көмекші операциялар
1)дайындық операциялар 1)транспорттық операциялар
2)технологиялық операциялар 2)қызмет етуші операциялар
3)тексеру операциялар
4)табиғи операциялар
5)қорытындылау операциялары
Достарыңызбен бөлісу: |