Зерттеу объектісі болып А.Жұмаділдаевтың математика ғылымындағы жолы табылады.
Зерттеу пәні: ғалым А.Жұмаділдаевтың өмірбаяны.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі 18 бет.
А. Жұмаділдаевтің қысқаша биографиясы
Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (25.02.1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – белгілі қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990),Қазақстан ҰҒА-ның академигі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1987).
1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, [[Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 2007 жылдан бері Сүлейман Демирель атындағы университеттің құрметті профессоры.
Математика ғана емес, тарих пен әдебиетке де біршама жақындығы бар. Қазақ ұлтының шығуы, тарихи қалалар жайында көптеген мақалалар жазған. Арасында өлең жазатын әдеті де бар.
Қазақтың белгілі ақыны Тұманбай Молдағалиевтің күйеу баласы. Алғаш Тұманбай ағаның қызы Құралайға ғашық болып, үйленеді. Қатал тағдырдың жазмышы Асқар ағаны айналып өтпеді. Құралайдан да, жалғыз ұлынан да айырылып қалады. Кейіннен Сәуле есімді жарымен көңіл жарастырып, бүгінде Медет және Сағым атты ұлдарын тәрбиелеп отыр.
Академика ұялы телефон ұстамайды да, қолданбайды да. Ғалымның өзі себебін былай түсіндіреді: «Менің ең қиналатын кезім қай кез екенін білесіз бе? Сессияның кезі. Мен сессияның кезінде қашып кетемін. Мені ешкім таба алмайды. Өйткені, ол кезде менің руласым, туысқаным, жерлесім, сыныптасым, курстасым көбейіп кетеді. Әр студентті сүйреп жүрген біреу бар. Менің ұялы телефон ұстамауымның себебі де осында. Мен біреулерге жылына екі-ақ рет керек боламын. Ол сессияның уақытында. Басқа уақытта ешкімге керегім жоқ.»
Ғылыми дәрежелері:
1981 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО ғылым академиясының математика институты, Мәскеу)
1988 ж. - физика - математика ғылымдарының докторы (КСРО ғылым академиясының математика институты, Ленинград бөлімі)
1990 ж. - Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры
1995 ж. - ҚР ҰҒА-ның академигі
2004 ж. - ҚР ҰҒА-ның академигі
Шетелден алған шақыртулары:
1995-1996 жж. - Мюнхен Университеті (18 ай)
1997-1999 жж. - Бильфельд Университеті (4ай)
1997 ж. - Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай)
1998 ж. - Гамбург Университеті (2 ай)
1998, 2001-2003 жж. - Теориялық физиканың халықаралық орталығы (9 ай)
1998-1999 жж. - Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай)
1999 ж. - Киото университеті, Жапония (1 ай)
2000-2003 жж. - Стокгольм Университеті, Швеция (9 ай)
2000 ж. - Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай)
2001 ж. - Салалар институты, Торонто (1 ай)
2001-2003 жж., 2005 ж. - Франция институты (1 ай)
2002 ж. - Шредингер институты, Вена (1 ай)
2005 ж. - Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн (3 ай)
Шығармалары:
Когомологии срезанных коиндуцированных представлений алгебр Ли положительной характеристики, “Математический сборник”, 1989, №4;
Центральные расширения бесконечномерных алгебр Ли, “Функциональный анализ и его приложение”, 1992, №4;
Дифференцирования и центральные расширения алгебр Ли дифференциальных и псевдодифференцированных операторов, “Алгебра и анализ”, 1994, №1.
2. Сыр өңірінің тумасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы A.C.Жұмаділдаев Қызылорда облысының Шиелі стансасында дүниеге келген. Оның арғы атасы Шоң Сыр өңірінде атақты адам болды. Сырдария өзенінің жанындағы Көтентоғай деген жерде осы өңірде сирек кездесетін үлкен биік үйі болған екен. Ортасында төбесі жабық сегіз түйе арба беймарал сыйып кететін жері бар еді дейді. Жөлекте өтіп тұратын жәрмеңкелерге бет алған Ташкенттен шыққан саудагерлер, жергілікті мал өсірушілер Сырдарияның бойымен жағалап жүретін болған. Шамамен осы кезеңдерде Перовск (осы күнгі Қызылорда), Жаңақорған және Ташкент арқылы өтетін теміржол салынады. Кеңестік оқулықтарда бұл уақытты қара бояумен суреттегеніне қарамастан, өмір сүру салты жаман болмаған сияқты. Николай заманында салынған теміржол бекеттері әлі күнге дейін сол қалпында тұр және тағы да жүздеген жылдар бойы тұрады деуге болады. Шоң қайырымды, қолы ашық, жомарт адам болған екен. Жолаушылар, саудагерлер, жай қарапайым адамдар оның үйіне жиі келіп, тоқтайтын болған.
Бұл кісінің патша кезінде болыс болғаны оның балаларына қиындықтар алып келді. Ұжымдастыру кезінде барлық мал-мүлкі кәмпескеленіп, Шоңның балалары сүргінге ұшырайды. Ұлдарының бірі Жұмаділда тұтқындаудан бір күн бұрын үйін тастап шығып, кездейсоқ аман қалады. Екі түйемен бала-шағасын алып Өзбекстанға бет алады. Ол баяғы Мұса пайғамбар сияқты, өзбек құмдарын кезіп, басмашылар мен НКВД қызметкерлеріне кездесіп қалмас үшін бой тасалап, тығылып жүреді. Сөйтіп, олар тірі қалудың қамын жасап, мақта егістіктерінде еңбек етеді, жүк тасиды, әрі кез келген жұмысты атқарады. Оның ұлы Серқұл осы жылдар туралы тамаша естеліктер қалдырды. Заман ауыр болатын, бірақ өзбектер ақыны адал төлейтін. Асқардың әкесі Серқұл төрт кластық білім алған. Өзбекше оқыған, латын қаріптерімен жазады екен. «Мен алочи (өзбекше «үздік» деген) болдым», – деп мақтан ететін. Алайда, көшпенді өмір салты толық білім алуға мүмкіндік бермейді.
Сталин қайтыс болғаннан кейін налалы отбасы туған ауылына оралады. Жұмаділданың қуғын-сүргін кезінде дүниеге келген балалары мен немерелері көп өмір сүрмей, шетіней берген. Өз елінде дүниеге келген және тірі қалған алғашқы немересі Асқар болатын. Осы уақыттарда теміржол ауруханасы іске қосылып, басқа балалардың өмірін қиған ауру түрлері Асқарды айналып өтіпті. Қазақ салты бойынша оны атасы Жұмаділда бауырына салады.
Ал нағашы атасы Үсен 40 жыл бойы теміржолда жол қараушы болып еңбек еткен. Ол кісі тұратын 27-разъездің қатаң табиғаты өзінің байырғы Бөріойнақ деген атына сай болатын. Ол жерде мектеп болмағандықтан, анасы Күлшаттың сауаты ашылмай қалған. Сыртқы әлеммен байланыс арлы-берлі жүріп жатқан пойыздар арқылы жүзеге асатын болған. Анасы Күлшат баласының мектеп табельдері мен дәптерлерін сандыққа жинап, осы күнге дейін сақтаған.
1-сурет. Бала Асқар
Атасының алғаш көрген үлкен қаласы Ленин орденін алу үшін барған Ташкент қаласы болатын. Оған орден тапсырып, бұған қоса 10 метр сиса берген. Балалардың қайсысына көбірек қуанғаны белгісіз: орденге ме, әлде сиса матаға ма? Сол замандарды еске алғанды жақсы көретін Асқардың анасы Күлшат: «Менің анам, сендердің әжелерің Ақынқыз бәріне көйлек пен жейделер тігіп берді, бәрі соған шат болды», – дейтін.
3. А.Жұмаділдаевтың ғылымға келуі
Жол қараушының Бөріойнақтағы тұрмысы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романында тамаша суреттелген.
Асқар оншақты жыл өмірін Еуропаны аралап, саяхат жасаумен өткізді. Бір университетте бір жыл, екіншісінде жарты жыл, үшіншісінде бір ай қызмет жасап, 1995-2005 жылдардағы қиындықтарды еңсерді. Ыстамбұл, Амстердам мен Франкфурттың әуежайларында ол көптеген атақты адамдарды жолықтырды. Осындай саяхаттарының бірінде, бір рейстен екінші рейске өтіп бара жатып Шыңғыс Айтматовты кездестіреді. Сонда «Боранды бекетте» екі қате бар, – депті Асқар, – менің атам Үсенді сіз Едіге деп атапсыз, Бөріойнақ разъезін Боранды бекет деп атапсыз, ал қалғанының бәрі тура романда суреттелгендей болды». Шыңғыс Төреқұлұлы Асқарды құшақтап: «Иә, шынымен де сен айтқандай болды, әрине, мен сенің атаң Үсен туралы, Бөріойнақ разъезінің жол қараушысы жайлы жаздым» – депті. Заңғар қаламгер Едігенің осындай мыңдаған прототиптерінің болғанын айтпады. «Бұрын еуропалықтар қазақтарға ғылым үйретсе, енді ғылымды оларға қазақ үйретіп жатыр, – деп әзілдейді Шықаң. – Дүние қалай-қалай өзгереді, ә?!». Асқар әлемнің бір қиырына асықса, Шыңғыс Айтматов екінші қиырына асығып бара жатты. Бұл жазушы мен математиктің алғашқы да әрі соңғы кездесуі болыпты.
Ата-анасы білім алмаса да, отбасында білім құдіретіне бас иген. Атасы Асқардың кітапқа деген қызығушылығын қолдап отырған. Асқар поэзияға, тарихқа қызыққан және «Қазақстан пионері» газетіне мақалалар жазып тұрған. 6-сыныпта оқып жүргенде ол Қызылордаға келіп, математикадан облыстық олимпиадаға қатысады. Ол уақытта облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары бірден Бүкілодақтық олимпиадаға жолдама алатын. Шиеліден Мәскеу арқылы Киев қаласына жасаған бір апталық саяхаты Асқарға қатты әсер етеді. Мәскеуде ол көркем әдебиет қана емес, математика туралы кітаптардың да бар екенін көреді. Сондай көп кітаптарды сатып алып, үлкен қалаларға баруға және қызықты кітаптар сатып алуға мүмкіндік беретін математика тәуір ғылым екен деген қорытындыға келеді.
Орыс тілін жетік меңгермесе де, Алматыдағы физика-математика мектебінде 7 сынып оқып жүргенде сонау Ресейдің М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуға түсу үшін былай деп хат жазады:
Достарыңызбен бөлісу: |