Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Модуль 2. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері
Тақырып 9. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру(1 сағат)
Дәріс жоспары:
Өнім сапасы түсінігі
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнім сапасын бақылау және басқару
Дәріс:
1. Өнім сапасы түсінігі
Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.
Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.
Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:
Экономикалық
1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.
1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.
1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.
1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.
1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.
1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.
1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.
2.Әлеуметтік
2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.
2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.
2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.
3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.
3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.
3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.
2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:
-
мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q – өнім сапасы;
C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.
3. Өнім сапасын бақылау, басқару
Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:
1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)
2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)
3. Сапаға кешенді басқару жүйесі
4. Мемлекеттік қабылдау
Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.
1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру
Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.
Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.
Сапаны бақылау түрлері:
а) топтық — бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;
б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;
в) таңдамалы— жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;
г) жалпылама— әр өнімге жасалынады.
д) қабылдау және аралық бақылау
е) соңғы бақылау.
ж) инспекциялық
з) өзін-өзі бақылау
и) жедел
Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.
Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.
1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.
2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.
3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.
4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.
2. Өнім сапасын басқару
Сапаны басқару – өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.
Сапаға әсер ететін факторлар:
Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.
Сапаны қамтамасыз ету шарттары:
өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;
қоршаған ортаның климаттық жағдайы;
интерьер және өндірістік дизайн;
материалдық және моральдық стимулдар сипаты;
ұжымдағы моральды–психологиялық климат;
ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;
жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.
Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:
Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы);
Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау);
Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау);
Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы
Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.
Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы.
Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады.
Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.
3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.
Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).
Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.
4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.
Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.
Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады.
Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.
Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).
Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Өнім сапасы туралы түсінік беру
Өнім сапасы көрсеткіштері
Өнім сапасын бақылау әдістері
Стандарттау, сертификаттау жүйелері
Халықаралық стандарттар жүйесі
Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері
Әдебиет
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 106-134 б.
Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
Тақырып 10. Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау. (1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Жоспарлы сақтық жөндеу
2. Жөндеу – циклы
3. Жөндеу күрделілігінің тобы
Дәріс:
Жөндеу жұмыстарына күту, тексеру және машиналарға қызмет көрсету, олардың тозған бөліктерін уақтылы қалпына келтіру және ауыстыру жатады. Істен шығып қалуы апатқа әкелетін бөлшектерге ерекше назар аударылады. Оларды уақтылы ауыстыру және қалпына келтіру нәтижесінде жөндеудің күрделі шығындарынсыз машинаның қызмет мерзімі ұзарады. Осы мақсатпен кәсіпорындарда жабдықтардың және барлық технологиялық құралдардың жоспарлы сақтық жөндеуін ұйымдастырады. Жоспарлы сақтық жөндеу жабдықты жұмыс қалпында ұстауға бағытталған шаралар мен жұмыстар жиынтығы. Оны жоспар график бойынша жүргізеді, онда жұмыс көлемі, оларды жүргізудің қолайлы мерзімдері, жөндеуші жұмысшылардың еңбегі мен еңбек ақысын ұтымды ұйымдастыру қарастырылады. Запас бөлшектердің саны негізделеді.
Жоспарлы сақтық жөндеу жабдықты жөндеу аралық күтуден, алдын ала тексеруден, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден тұрады.
Жөндеу аралық күту график бойынша жүргізіледі. Машинаны жуу және тазалау, майлағыш құрылғыларды, подшипниктер жағдайын, өлшеу приборларын, ілмектерді, қорғаныш құрылғыларын тексеру.
Алдын ала тексеруді машина жоспарлы жөндеулер арасында кездейсоқ істен шығып қалмаудың алдын алу мақсатында жүргізеді. Жабдық жағдайын анықтау, ұсақ кемшіліктерді жою, жабдықты дұрыстау және реттеу, кезекті жоспарлы жөндеу жүргізуде орындалуы қажет жұмыстарды анықтау.
Тексеру жүргізгенде тез тозатын бөлшектер мен тораптардың техникалық жағдайын тексереді.Келесі жоспарлы жөндеуге дейін жұмысістей алмайтын бөлшектерді ауыстырады, майлау, суыту және жылыту жүйесін жөндейді.Бекіту бөлшектерін, подшипниктерді, қорғау және сақтау құралдарының, жөндеу аралық күту сапасының жағдайын тексереді.Кезекті жоспарлы жөндеу мерзімін және көлемін нақтылайды.
Ағымдағы жөндеуді ақауларды жою, біршама тез тозатын ұсақ бөлшектерді ауыстыру, майлау құралдарын тазалау үшін жүргізеді. Ағымдағы жөндеу цехтан тыс жүргізіледі.
Жөндеу аралық күту, алдын ала тексеру, ағымдағы жөндеу құны ағымдағы шығындар есебіне жатқызылады.Өнімнің өзіндік құнына енеді.
Орташа жөндеу машинаның тозған бөлшектері мен тораптарын қалпына келтіру үшін арналады.Орташа жөндеудің мерзімі бір жылдан аз болса, оның құны өнімнің өзіндік құнына, бір жылдан жоғары болса күрделі қаржыға енеді.
Күрделі жөндеу – машинаны толық қалпына келтіру мақсатында барлық тозған бөлшектерді ауыстыру.Күрделі жөндеуден кейін машинаның көрсеткіштері жақсарады.Күрделі жөндеу құнын негізгі өндірістік қорлар құнына енгізеді.
Барлық жөндеу түрлерін алдын ала жоспарлы нормативтер бойынша құрастырылған графиктер бойынша жүргізеді.Онда жөндеу циклында тексеру мен жөндеуді жүргізу тізімі мен жүйелілігіне сәйкес жөндеу уақыты қарастырылады.
Жөндеу - циклы машинаны алғаш пайдалану мен оны жоспарлы күрделі жөндеу арасындағы уақытты немесе екі жоспарлы күрделі жөндеу арасындағы уақытты айтады. Осы уақытта машина тозады, оның қызмет мерзімін ұзарту үшін қалпына келтіретін күрделі жұмыстар қажет. Бір жөндеу циклы ішінде ағымдағы қызмет көрсету, алдын ала тексеру, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жүзеге асады.
Жабдықты екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы уақыт жөндеу аралық кезең деп аталады.Бұл уақытта машинаны алдын ала тексеру жүргізеді, Оның саны әр машинаның конструкциясына байланысты, нұсқауда көрсетіледі.
Бір жөндеу циклы ішіндегі жабдықты жөндеу белгілі тәртіппен кезектеседі:ағымдағы жөндеу – орташа – ағымдағы. Жөндеу циклы күрделі жөндеумен аяқталады.
Жөндеу циклының құрылымы жөндеу жүргізудің тізімі мен жүйелілігін көрсетеді. Ол машинаның конструкторлық ерекшелігіне, бөлшектердің тозу мерзіміне және пайдалану жағдайына байланысты.
Жөндеу жұмыстарын жұмысшылар орындайды, олардың саны слесарлық, станоктық, дәнекерлеу және басқа жұмыстардың уақыт нормалары бойынша анықталады.
Жөндеу жұмыстарына уақыт шығындарын сипаттау үшін жөндеу күрделілігінің тобы көрсеткіші қолданылады. Жөндеу күрделілігінің тобы машинаны күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығы эталон-машинаны күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығынан қаншалықты үлкен екенін көрсететін коэффициент. Күрделі жөндеуге 35 адам-сағат жұмсалатын машина жөндеудің еңбек сыйымдылығының эталоны.
Жөндеу нормативтерін типтік ережелер бойынша бекітеді.Ол арқылы жабдықты жөндеуді жоспарлайды.Жоспар график құрады, жұмысшылардың жоспарлы санын және жөндеу жұмыстарының жоспарлы өзіндік құнын анықтайды.
Жоспар графикте жөндеу санын, түрін анықтайды, жөндеу уақыты нормативтері, жөндеу циклының құрылымы ,машинаны пайдаланудың жоспарлы уақыты негізінде оларды жүргізу мерзімі бекітіледі.
Жөндеу аралық қызмет көрсету жоспарын бас механик график түрінде құрайды. Бұл графиктер жабдық орнатылған цехтың кезекші слесарларына жіберіледі.
Машинаны жөндеуде бөлшектік, тораптық, агрегаттық әдіс қолданылады.Жөндеудің бөлшектік әдісінде машинаның тозған бөлшегін ауыстырады.Бөлшекті ауыстыру және жинау үшін машинаны бұзады. Машина өндірістік процестен ұзақ уақытқа шығады.Тораптық әдісте машинаның бір не бірнеше торабын жаңасына не алдын ала жөнделгеніне ауыстырады.Жөндеудің агрегаттық әдісінде агрегатты жөнделгеніне нежаңасына ауыстырады. Агрегаттық әдісті машинаны күрделі жөндеуде, тораптықты орташада, бөлшектікті ағымдағы жөндеуде қолданады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Жоспарлы сақтық жөндеу неліктен жүргізіледі?
Жоспарлы сақтық жөндеу неден тұрады?
Жөндеу – циклы деген не?
Жөндеу аралық кезең деген не?
Жөндеу күрделілігінің тобы нені көрсетеді?
Машинаны жөндеу әдістері ?
Әдебиет
1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998
2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000
3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Тақырып 11. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру(1 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру
2. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Дәріс:
Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы. Инстументальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы. Инструменттің шығын есебі және айналым қоры. Өндіріс инструментін ұйымдастыру. Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру. Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.
Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығы жобалау, алу, дайындау, жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін цех және бөлім жиынтығын білдіреді.
Өндірісті инструментальды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:
1. конструкторлық жұмыстарды технологиялық бақылау жүргізу;
2. бұйымның кинематикалық сызбасын қысқарту;
3. өндірісті кооперациялау және технологиялық және заттық мамандануын дамыту;
4. технологиялық процесстерді типке бөлу;
5. технологиялық қалдықтарды констуктивтік элементтерді унификациялау;
6. инстументтің әртүрлі түрлеріне және құралдарына қажеттіліктер есебін жүргізу;
7. инструменттер запасы есебін жүргізу
8. техникалық құрал, ғимарат және ұйымдастырушылық жобаларды жобалау;
Инструментальды шаруашылықтың ұйымдастырушылық құрылымына мыналар кіреді:
оснастка өндірісі бойынша бөлім бастығының орынбасары;
оснастканы эксплуатациялау бойынша бөлім бастығының орынбасары;
техникалық сектор;
экономикалық – жоспарлау секторы;
инструментальды цех;
бухгалтерлік есеп бөлімі.
2. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Жұмыс орыны түсінігі. Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орынының түрлері. Жұмыс орнын жарақтандыру. Жұмыс орынын жоспарлау. Жұмыс орнын қамтудың негізгі функциялары.
Жұмыс орны технологиялық жабдықтарды орналастырудағы өндірістік ауданының бөлігі болып табылады. Жұмыс орнын ұйымдастыруға жұмыс орнын құруға бағытталған шаралар жиынтығынан, жоғары еңбек өнімділігіне жету үшін қажетті жағдай жасау, жұмысшылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету өндіріс типіне байланысты болдаы. Орындалатын жұмыс сипатына қарай жұмыс орындары стационарлық және қозғалмалы болып екіге бөлінеді.
Жұмыс орындарының қызмет көрсетуінің негізгі функцияларына мыналар жатады:
Жөндеу;
Инструменттермен қамтамасыз ету;
Жөнге келтіру;
Материалмен қамтамасыз ету;
Көліктік;
Техникалық бақылау;
Ұйымдастырушылық;
Қызмет көрсетудің басқа функциялары.
Жұмыс орындарын жарақтандыру олапдың өндірістік профилімен, механизациялау дәрежесімен және технологиялық процессті автоматтандырумен анықталады. Жұмыс орындарын жарақтандыру типіне мыналар жатады: негізгі технологиялық жабдықтар, көмекші технологиялық жабдықтар, инвентарь, еңбекті қоғау құрылғылары, санитарлық тазалық және тұрмыстық-мәдени құрылғылары.
Негізгі технологиялық жабдықтарды таңдау кезінде қойылатын басты талаптар: жұмыс орындарын қажетті еңбек өнімділігімен қамтамасыз ету болып табылады. Көмекші жабдықтардың жұмыс орындары ыңғайлы және қауіпсіз болу керек. Станоктарды бағдарламалық басқарумен, роботпен интеграциялау көлік және қойма шаруашылығының өндірістік жүйесінің икемдігін құрайды: өндірістік модуль, икемді желі, участок. Жұмыс орнын жоспарлауды ішкі жоспарлау және сыртқы жоспарлау деп екіге бөледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы.
Инструментальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы.
Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы.
Инструменттің шығын есебі және айналым қоры.
Өндіріс инструментін ұйымдастыру.
Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру.
Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.
Жұмыс орыны түсінігі.
Жұмыс орынын ұйымдастыру.
Жұмыс орынының түрлері.
Жұмыс орнын жарақтандыру.
Жұмыс орынын жоспарлау.
Тақырып 12. Энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру және көлік шаруашылығын ұйымдастыру
(1 сағат)
Дәріс жоспары:
Энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Дәріс
1. Кәсіпорының энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеті энерго ресурстардың сапасына және тиімділігіне қойылатын талаптардың орындалуын, техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып барлық энергия түрлерімен өндірісті үнемі жабдықтау энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, қатты, сұйық және газ тәріздес отын, бу және ыстық судың жылу энергиясы, механикалық энергия.
Энергия ресурстарына энергия тоғы, натуралды отын, әр түрлі параметрдегі бу, әр түрлі қысымда қысылған ауа, табиғи газ, ыстық су, қысымы бар су. Ресурстардың әр түрлі түрлерін кәсіпорында қорғаушы күш ретінде, технологиялық процессте жылыту, жарықтандыру, желдету, шаруашылық – тұрмыстық мұқтаждыққа т.б. қолданылады.
Өндірістің барлық сатыларында энергиямен энергоресурстарын әр түрлі қолданылуы мүмкін. Ең үнемді энергоресурстарды тааңдау технологиялық отынмен энергияның шығын нормасын нормаларды төмендету бойынша шараларды жасау және енгізу шығындарын талдау жолымен, өндірісті ұйымдастыру, экономика, энергетика, технология сұрақтарын кешенді шешу негізінде жүзеге асады.
Кәсіпорындар тұтынатын энергоресурстан сырттан сатып алынуы немесе өз күшімен өндірілуі мүмкін.
Кәсіпорынды энергиямен жабдықтау ерекшелігі:
өндірілген энергияны бірден қолдану ерекшелігі
оған қажеттіліктің тәулік ішінде жыл уақытында бірдей болмауы.
Энергияның үздіксіз жабдықталуы энергетикалық жабдық қуатының резервін жасау
есебінен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың ең жетілген және үнемдісі – орталықтандырылған. Бұл жағдайда кәсіпорын электр жүйесінен (төмендетілген подстанция арқылы), буды – аудандық энергетикалық жүйенің жылу көзінен немесе заводтық жылу электр орталығынан, газды табиғи газбен жабдықтау көзінен, отынды энергохимиялық пайдалану комбинатынан алады.
Жабдықтын орталықтандырылған жүйесі кәсіпорынды энергиямен сенімді, үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді, өндіріс шығындарын энергияны алуға байланысты азайтады. Электр энергиясымен және басқа энегияны тұтынудың жоғарғы және төменгі шектері бар. Завоттың бөлек элетрстанциясы қажет кезде максималды қамтамасыз ететін қосымша қуаты болуы керек, ал төмендеу кезінде электр энергия артық қалады. Кәсіпорында энергия шаруашылығын ұтымды ұйымдастыруын негізгі – баланстық әдісті қолданып өндірісті, энергоресурстарды тұтынуды дұрыс жоспарлу. Олар өндіріс көлемін және озық нормаларды есепке алып, отын мен энергияның әр түрлі түрлеріне кәсіпорын қажеттілікті, осы қажеттілікті ұтымды жабу көздерін анықтайды. Энергиялық баланс материалдық баланс тобына кіреді. Олар міндетті бойынша:
стратегиялық
тактикалық
Есепті қарастыру деңгейі бойынша:
жиынтық ( кәсіпорын, цех бойынша )
жеке (агрегат, энергоресурс түрлері, өндеу түрі бойынша бөлінеді.
Баланс өндірістік- территориялық және мақсатты белгісі белгісі бойынша құрылады. Баланс статьялары өндіріс учаскелері және энергияны қолдану бағыты бойынша топталады. Энергияның жоғалтулары жеке қарастырылады. Баланс энергияның әр түрінің ішкі айналым көрсетеді. Балансты құрастыру кәсіпорынның энергиялық тиелу режимін және компрессорлық станцияның жұмыс режимін жобалауға байланысты. Балансты құру шығындардан тұрады:
кәсіпорынның негізгі және көмекші өндірісін энергия мен отынның барлық түріне қажеттілігін жылытуға, желдетуге, шаруашылық және өндірістік емес мұқтаждық шығынды есептеу.
Көздердегі және қайта жасау құрылғыларындағы энергияның босатылған жоғалу шамасы , кәсіпорынның ресурстар түрлері бойынша жалпы қажеттілігі анықталады. Осының негізінде энергоресурстар бойынша кәсіпорынның тиелу жылдың графигі құрастырылады.
Кіретін бөлікті жасау:
Кәсіпорының компрессорлық, котельный, генератолық станцияның өндірістік ресурстарын және сырттан алынатын отын мен энергия мүмкіндігін анықтау.
Кәсіпорынның компрессорлық, котельді – генераторылық станциясының жұмыс режимін жобалау , олардың тиелу графигін анықтау.
Өз өндірісі есебінен , сырттан алу және екінші энергоресурстарды қолдану есебінен қажеттілікті жабу көлемін анықтау
Сыртқа жіберілетін энергияны есептеу.
Компрессор, котел, генератор станциясын энергетикалық балансы жасалады, олардың жұмысының техникалық, экономикалық көрсеткіштері есептеледі. Отын балансы оның жекелеген түрлері және маркалары бойынша құрастырылады. Есепті энергобалансты құрастыру үшін отын мен энергоресурстар шығының дәл есебі қажет. Балансты құрастырудан бұрын энергоресурстардың жеке элементтері бойынша қажеттіліктерді анықтау нормалар мен шығындар негізінді жүзеге асады.
Энергетикалық шаруашылық құрылымы, мысалы: энергетикалық цехтар, қайта өндеуші және генерациялық құрылғылар, цехтық және жалпы заводтық энергия таратушы көздер, энергияны тұтынушылар.
Ірі кәсіпорындардың энергия шаруашылығын бас энергетик, кіші кәсіпорындарды бас механик жүргізеді. Бас энергетик бөлімінің құрамына: энергияны пайдалану, энергия жабдықтары, электрлік және жылу лабороториясы кіреді. Ірі заводты үздіксіз қажетті энергоресурстармен үзіліссіз қамтамасыз ету ауысым ішіндегі кезекші мәселелерге, барлық энергетикалық шаруашылықты пайдалануды басқарушыларға жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |