ПоәК 042-14-3-01 20. 09/03-2012 Басылым №2. 26. 09. 2012



жүктеу 0,53 Mb.
бет1/7
Дата23.11.2018
өлшемі0,53 Mb.
#24346
  1   2   3   4   5   6   7

ПОӘК 042-14-3-01.1.20.09/03-2012

Басылым №2.26.09.2012

-бет беттен






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-01.

1.20.09/03-2012


«Басқару есебі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№2- басылым



« БАСҚАРУ ЕСЕБІ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2012





Мазмұны

















1

Глоссарий

4

2

Лекциялар

4

3

Тәжірибелік сабақтар

4

4

Студенттердің өздік жұмыстары

5




3

4

52



57



  1. ГЛОССАРИЙ

Басқару есебі – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.

Калькуляция - өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындардың ақшалай бейнедегі көрінісі.

Бюджеттеу - өндірістегі қысқа мерзімді жоспарлау.

Жалпы өнім – есептік кезеңде шығарылған барлық дайын өнім құнынан өз өндірісінін жартылай фабрикаттар құнын алып тастағандағы өнімдер құны.

Товарлы өнім – есептік кезенде шығарылған, өз өндірісінің және тапсырысшының материалдарынан жасалған, техникалық бақылаудан өтіп, қоймаға тапсырылған өнімдер құны.

Дайын өнім - өндірістің барлық стадияларынан өткен, техникалық талаптар мен стандарттарға сай келетін, пайдалануға дайын қоймаға өткізілген немесе сатуға арналған өнімдер.

Жартылай фабрикаттар - өндеудің алғашқы этаптарынан ғана өткен, әлі де өндеуді қажет ететін бұйымдар.

Калькуляция -өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік кұны.

Алдын ала жасалатын калькуляция - өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды.

Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, кызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістін технологаясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағанын өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады

Бағдарланған шешімдер — алдың-ала белгіленіп, дайын процедурасы бой-ынша жүретін, дәстүрлі және стандартталған шешімдер.

Бағдарланбаған шешімдер — стандартталған емес, әлсіз құрылымдық жағдайындағы жаңа шешімдер үшін, әдеттегі мәселелерді шешуде қолданады.

Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.

Маржиналды табыс – бұл өнімді сатудан түскен түсім мен айнымалы шығындар бойынша есептелген, толық өзіндік құнның арасындағы айырма.

Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі.

Өндірістің зиянсыздығы- өндірісте не табыс, не зиян болмағанда қалыптасатын жағдай.

Шығындар – белгілі бір материалдық игілік алу үшін жұмсалатын ресурстар.

Релевантты шығындар – ұйымда басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылатын өндірістік шығындар жиыны.

Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.

Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.

Үстеме шығындар - өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.

Шартты – тұрақты шығындар - өнім шығару көлемі өзгергенде шамасы өзгермейтін шығындар.

Шартты - ауыспалы шығындар - өнім шығару көлеміне сәйкес азайып немесе көбейіп отыратын шығындар.

Көпшілік өндіріс – үздіксіз ұзақ уақыт ағымында бір түрлі өнім шығаратын өндіріс типі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.

Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.
2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1 тақырып: Басқару есебі туралы негізгі түсінік

Дәріс сұрақтары:

1.Басқару есебі мен қаржылық есептің айырмашылықтары

2.Басқару есебінің қолдану аясы және объектісі

3.Өндірісті басқарудағы басқару есебінің ролі

1.Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, талдаумен, қорытумен, ағымдағы және жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап еңгізудікөздейді. Мұнда цехтар, функцоналдық бөлімшелер, жауапты адамдар,қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштербойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығаружүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі эдементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады және түрлі жағыдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару оргондарына өзіндік құн туралы деркетер бнреді, бұл деректер осы оргондар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады.

Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік ортплығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұиыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.

Ал екінші нұсқада таза есептік функция мен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ норматив пен норманыәзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүзеге асырып, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмыстарын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Шетел кәсәпорындарында тап осындай нұсқа жиі кездеседіжәне ол басқарушы есеп деп аталады.

Сөйтіп өндірістік (басқару) есеп қаржылық есебін кеңейтеді және ол негізінен фирманың ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп есептік саясаттың аясында Халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылса, басқарушы есеп іс жүзінде ондай тәртіппен бклгіленбейді (регламенттелмейді). Халықаралық есептің тәжербиесі мынаны көрсетіп берді: кәсіпорынның әрбір саласында, сала ішіндгеі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне, көптеен кәсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркін маневр жасауына мүмкіндік беретін көп салалы профилі бар екенін ескерген жөн, демек, өндірістік есептің қатаң тәртәбін белгілеу іс жүзінде өте қиын іс болып табылады.



Салыстыру аясы

Қаржылық есебі

Басқару есебі

1

2

3

Ақпаратты пайдаланудың негізгі тұтынушылар

Шаруашылықтан тыс ұйымдармен жеке тұлғалар

Фирма ішіндегі әртүрлі деңгейдегі басқарушы тұлғалар

Бухгалтерлік есеп жүйесінің түрлері

Екі жақты жазба жүйесі

Екі жақтың жазба жүйесі мен шектелмейді, яғни нәтиже беретін кез келген жүйесі пайдаланылады.

Таңдау еркіндігі

Бухгатерлік есептің жалпы қабылданған белгіленген түрлерін міндетті түрде басшылыққа алу

Нормалар мен шектеулер жоқ: бірден-бір өлшем-жарамдылығы

Пайдаланылатын өлшемдері

Шаруашылық жағыдайының фактісі пайда болған тұсында әрекет етіп тұрған ақша бірлігінің бағамы бойынша

Кез келген лайықты (дұрыс келетін) ақшалай немесе натуралды өлшемі: адам-сағаты, машина сағаты және т.б. Егер доллармен жүзеге асырылса, онда доллардың іс жүзіндегі немесе болашақтағы құны пайдалнуы мүмкін.

Талдаудың негізгі объектісі

Шаруашылық бірлігі тұтас алындаы.

Қажет болған жағдайда, тұрақты емес негізде жасалуы да мүмкін.

Сенімділік дәрежесі

Объектілігі талап етіледі: кезендігі бойынша өткен жағдайлар мен фактілерді сипаттайды.

Жоспарлау мақсатына тікелей байланысты болып келеді; бірақ қажет кезде дәл деректерде пайдаланылады; табиғаты жағынан футуристік болып келеді (болашаққа ақпарат беруге қабілетті)

2. Бүгінгі тандағы, ұйымның өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді. Баскарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялык) кұру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды кұрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді. Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі континентальды Еуропа (Франция, Германия және т. б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанда қаржы және басқарушы есеп шоттары болып саналды. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар өздерінін қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдық өзгерістер ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.


Басқарушы есептің ролі


Басқарушы есептің екіжақты атқаратын ролі


1. Ұйымдардың барлық мүдделерін қамтитын жүйенің опеациялары



Өндірістік есеп жұйесі шеңберіндегі өзіндік қызметтер операциялары

1.1 Мәселенің қойылуы



Мәселені шешуге арналған ұйымдастыру жұмыстары

Нәтижелерін бағалау


Басты мәселелер қатарына мыналар жатады:

  • Сату (өткізу);

  • Нарық үлесі;

  • өнімнің құрылымы;

  • табыс деңгейі;

  • акциядан түскен таза табыс;

  • басқарудың тиімділігі;

  • қоршаған ортаның факторлары;

  • диверсификация және тәуелділік;

  • жалақының сапалығы

Осы фразадағылар мына мәселелерді қамтиды:

  • әрбір басқарушының нақты талаптарына жауап беретін кері байланыстың жекеленген жолдарын дайындау;

  • өңделмеген мәліметтердің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар мақсаты бағытталған хабар нысанына қарай ақпараттар мен мәліметтерді беру;

  • ауытқу мен проблемалардың жай констатациясының орынан, түзету әрекетін енгізу бойынша нұсқаулар дайындау;

  • мәліметтерді жинау мен таратудың орталықтандырылмаған жүйесін жасау;

  • бухгалтер-талдаушы өз тәжірибесін басқарушыларға олардың міндеттері мен жоспарларына тұрақты бақылау үшін көмек көрсету;




Басқарушы есептің басты басқаратын аясы және осы этапқа кіретіндер:

  • Қажет ресурстардың үздіксіз болуын қамтамасыз ету;

  • Ресурстардың пайдалануын бақылау жасау;

  • Қойылған міндеттерді шешуге байланысты жұмыстардың аралық сипатын дер кезінде және бойынша дәл өлшеу;

  • Басшылардың шешімді жасау және түзетулерді енгізу әрекеттерін орындау барысында, оларға қажет мәліметтер мен нұсқауларды беру;

  • Басқарушылар үшін нұсқауларды дайындау және істің аралық шолуы барысында оларға көмек көрсету.

Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалтерлер

ассоциациясының (Аmerican Ассоuntinq Аdsociatien) түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалтерлік есептің қаржы және басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқыңдады. Отандық экономикада басқарушы есепті жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет үкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып карағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы-талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мсн орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жрспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің, бір бөлігін беру орын алды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономикаңың пайдасына орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың рөлін дәлелсіз төмендетудің салдарынан — кесіпорынның техникалық өнеркәсіптік-каржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отаңдық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-қаржылық жоспорды жасаудың тәртібін еске салады. Қазақстандық экономистерге жақсы танымал, факторлық талдау басқарушы есепте, нақты шығындардың сметалықтан ауытқуларын талдау кезінде пайдаланады.


3. Қазақстан Республикасының жүзеге асырылып жатқан бухгалтелік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа экономикалық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Басқару іс-әрекеті тиген бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады. Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі-бухгалтерлік есептің жеке жүйешесі ретінде қадрмен қамтамасыз ету болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтер-талдаушы талап етіледі. Басқару процесінің міндетті іс-қызметтерін оқып- білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көрсететін кез келген. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және (штабтық) өндірістік қатынастар болуы мүмкін. Желілік қатынастар бағынышты адамдарға нұсқау беруді көздейді. Бас бухгалтер-талдаушы барлық бухгалтерлік қызмет, демек желілік қатынастар жұмысы үшін де жауап береді. Желілік емес өндірістік қатынастар бір бөлім екінші бір бөлімдерге (мысалы кадр, жабдықтау, жобалау, қаржымен қамтамасыз ету бөлімдеріне) қызмет көрсеткен кезде пайда болады. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметі бұл орайда да штабтық сипатқа ие болады, өйткені оған бағынышты қызмет кәсіпорының басқа бөлімшелеріне кеңес береді, қызмет етеді және үйлестіреді. Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне толығырақ тоқталайық. Басқарма іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеуден және ынталандырудан тұратыны бәрімізге белгілі.

Жоспарлау. бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі қаржы жөніндегі ұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға қатысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметтері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы керек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.

Бақылау мен реттеу. Бухгалтер-талдаушының қатысуынсыз бұл процестің де болуы мүмкін емес. Бақылау мен реттеу процестерін жүзеге асыру үшін жеткен нәтижелер туралы есептерге саясатын басқару есептерінің мәліметтері пайдаланады. Бұл есептерде нақты нәтижелерге және әрбір жауапкершілік орталықтары үшін жоспарланған көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасалады. Бухгалтер-талдаушы жоспарлы көрсеткіштерден болатын кейбір өндіріс нәтижелерінің ауытқу жағдайлары туралы менеджерді хабардар еткенде, бақылау мен реттеу процесінде үлкен рөл атқарады. Басқаша айтсақ бухгалтер-талдаушы өндірістік нәтижелерге шұғыл талдау жүргізе отырып, өндірістің осал тұстарын белгілеп, бақылау мен реттеу процестерін іске асырады. Бухгалтер-талдаушы дайындаған есептер, бір жағынан, жауапкершілік орталықтары басшыларының қызметін әділетін бағалауға мүмкіндік береді; екінші жағынан, менеджерлер мен басшыны қай учаскелерде жоспарлық көрсеткіштерге жету мүмкін болмағаны туралы хабардар етеді.

Іскерлік байланыстар (ақпарат алмасу). Басқару есебі ақпарат пен есеп алмасудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіру жолымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мысалы. Жоспарлар жүзеге асыруға жауапты менеджерлерге жеткізіледі, оның үстіне, бұл ақпарат әр түрлі бөлімшелердегі менеджерлерге өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдалы болуы мүмкін. Сметаны орындау жөніндегі бухгалтерлік есептер менеджерге маңызды ақпарат ұсынады, ол басшылықты қаншалықты табысты атқарып отырғаны және ауытқушылықтар жөнінде басқару тәсілдері көмегімен қандай сұрақтарды қарастыру қажет екендігі жайлы тұжырымдар жасайды.

Ынталандыру. Бухгалтер-талдаушы жасайтын бюджет менеджерлерге жоспарлы көрсеткіштер туралы анық түсінік-таныстыру беріп, олардыұйым жұмысты алдына қойылған мақсаттарға жету үшін ұйымдастыра алуға жетелеуге, ынталандыруға тиіс. Бюджетті атқару туралы есептер еңбек өнімділігінің орындалған көрсеткіштеріне түзету енгізуді дәлелдеуге және нақты нәтижелерді жоспарланғандармен салыстыру арқылы қандай көрсеткіштерге жетуге тиісті екендігі жайлы ақпарат беруге ынталы. Бұнда басқа, бухгалтер-талдаушы ұйым қызметкерлерінің қызметін ынталандыруға мүмкіндік жасайды және болуы ықтимал басқару проблемалары және жан-жақты қарастыруды талап ететін мәселелер аумағын анықтауға үлкен көмек көрсетеді. Кәсіпорындағы бухгалтер-талдаушының кәсіби іс-әрекеті арқасында жеке қызметтері арасындағы ақпарат пен есеп беруді алмасу мен менеджерлердің бақылау мен реттеу процестерін атқаруы үшін негіз жасалады. Осылайша, бухгалтер-талдаушы, біріншіден, басшылық алдында бөлімшелердің бухгалтерлік есептерінің шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді, екіншіден жауапкершілік орталықтары басшыларына жоспарлау мен жұмыс қорытындысын шығаруда көмек көрсетеді.

Өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есептің атқаратын ролі ең алдымен "басқарушылық шешімдерді жасау" мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу үшін, екі бапты бірден түсіну керек:

Бірінші бабы мынадай басқару элементтерінен тұрады:

а) мәселеленің қойылуы (ақпараттар жинау, басқаруды синтездеу,
жоспар құру, шешім қабылдау, яғни басқаша айтқанда бұлардың барлығы инновациялық жәрдем беруді білдіреді);

б) қойылған мәселелерді жүзеге асыруға басшылық ету (ұйымдастыру, мәліметтер алмасу, дәйектеу, шаруашылық субъектінің бағыты
бойынша кеңестер беру, яғни басқаша айтканда бұл, біріншіден, бірінші
бағыттың бастапқы екі элементін бір біртұтас бүтінге үйлестіруді,
екіншіден, қол астындағыларды оқыту және оларды даярлауды
білдіреді);

в) нәтижелерді өлшеу (бақылау, бағалау).

Екінші бабы басқарушы есептің техникалық жақтарымен байланысты, ал егер дәлірек айтсақ, күрделі (капиталдық) жұмсалымдардың сметаларын жасау және олардың өтелімін анықтау, смета-жоспарларын, (нормаларын) кұру, запастарды басқару және т. б.

Демек, басқарушы есептің ролі — бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру. Сонымен қатар, шаруашылық субъектіні тиімді басқаруда, яғни жоғарыда баяндалған мәселелерді шешу үшін, басқарушы есептің өзіндік проблемалары да жеткілікті. Сондықтан бұл параграфта басқарушы есептің роліне басты назарды аударамыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдау үшін, жалпы және жедел басшылықты жүзеге асыратын менеджерлердің қажеттіліктеріне сай келеді, ал қаржылық менеджменттегі қаржының қызметі, сондай-ақ қаржылық есепте өз бетінше дербес зерттеуді қажет етеді.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау