Болмайды:
сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;
сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;
керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.
Жүректің қатты ауыруы
Керек:
отыру немесе жату, валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.
Болмайды:
дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге, дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.
Іштің қатты ауыруы
Керек:
жату, ішке салқын нәрсе қою.
Болмайды:
ішке жылы нәрсе қоюға, клизма жасауға, су ішуге, ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.
Бастың қатты ауыруы
Керек:
отыру немесе жату, бас аурудың таблеткасын ішу
Болмайды:
басты жылы орауға, наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.
Жара
Керек:
жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен сүрту, стерильді таңғыш қою, зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.
Болмайды:
қолмен жарақатты сүйеуге, жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті қозғауға.
Тынысты тоқтатуға:
Керек:
жарақаттанушының басын артқа шалқайту;
төменгі иектерді саусақтармен тарту;
жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару
минутына 12-14 рет терең дем шығарып тұру.
Жүрекке сырттан массаж жасау:
Керек:
жараққаттанушыны арқамен сүйеу;
жарақаттанушының кеудесіне алақаныңды айқастыра қою;
кеудеге 3-4см төменірек 3-4 ретмикалық серпіліс жасау;
әр 15-30 секунд сайын жарақаттанушының аузына дем жіберу;
массажды минутына 50-60 ритімде жалғастыру;
жарақаттанушы өз-өзіне келгенше массажды тоқтатпау.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:
Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);
Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;
Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?
Қолға қандай типті таңғыш салады?
Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?
Қан тоқтату қаншаға бөлінеді?
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №3 Сүйек сыну туралы түсінік және олардың белгілері. Сыну түрлері, олардың асқынуы. Травмалық шок, профилактика
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Cүйектің сынуы, жарақаттан уыттану,соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Шоктың пайда болу себептері жөне оның ауырлық кезеңдері
Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалық күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынық екі жарықшақты болса, онда ол:
Жабық (терінің закымдануынсыз);
толық (сүйектің бүкіл тұтастығының бөлігі бұзылуы), толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы)
болып бөлінеді.
Закымданған сүйектің өзінде едәуір өзгерістер болуымен бірге, оның айналасындағы жұмсақ тіндер де (тері, бұлшық ет, буын жүйке) өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Сынық белгілері:
сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы), аяқ-кол функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толы емес сыну кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;
аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде), аяқ-қол сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу);
зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (сипалап көру кезінде), кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады), кейде дене қызуының көтерілуі (алғашқы күндері —38°С-қа дейін);
бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек және басқаларының закымдану белгілері айқындалады.
Сынық түрлері мен олардың асқынулары
Толық сынық түрлері:
көлденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — білек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);
қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең (аяқ-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);
бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығына параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында, бұранда тәрізді сыну сызығы — бұранда тәрізді сызық түрінде (ұзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);
аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—тәрізді,Ш—тәрізді) сызығы.
шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді.
Сүйек тұтастығының бұзылуы саны бойынша жекеленген және көптеген, жарықшақты болады (сүйектің үш және одан да көп сынуы, көбінесе ок тиген жараларда).
Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы сүйек сынығына жабысып тұрған) инфекцияның дамуы (жұмсақ тіндердің іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ тиген жара остеомиелиті).
Балаларда ерекше сынықтар жиі байқалады — мертігулер сүйек дөңесі бетіндегі сынық, сүйек асты-үсті аз жылжуы, эпифизиолиздер, сүйек ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.
Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқ киім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері
Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың) киратылған ғимараттар, кұрылыстар, шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншылып калуы мүмкін.
Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдері
Шок—ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну жөне рефлекторлык тітіркендіргіштер салдарынан туындайды. Шок кезінде орталық нерв жүйесінін жұмысы тежеледі, жүрек-қан айналым және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады, артерия қысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады. Шок себептері әр алуан. Шок, көбінесе, жұмсақ тіндердің ауқымды мылжалануы, кеуде және кеуде қуысы мүшелерінің немесе ірі нерв тармақтарының зақымдануы, сүйектерінің жарықшақтанып сынуы, уатылуы, аяқ-қолдың жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқымды күю, аралас зақымдану және т.б. болған жарақаттар кезінде байкалады. Оның себептері: салқындау, едәуір көлемде қан кету, сәуле ауруы, ашыну, шөлдеу, титықтау, зардап шегушіні селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы, сынықты) нашар орау, жүйке бұзылуы болуы мүмкін.
Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) — козу: зақымданушы мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады, тамыры қарқынды соғады. Бұл фаза (кезең) өте қысқа уакытқа созылып, екінші фазаға ауысады — самарқаулык, бозару, суық тер басады, тыныс алуы тарылып, артериялық қан қысымы төмендейді,мелшиіп қалу жағдайы туады. Зардап шегуші есінен танбауы да мүмкін, бірақ еш нәрсеге назар аудармайды немесе реакциясы өте әлсіз болады.
Жарақаттық шок белгілері:
қоршаған ортаға қарым-қатынасы мүлде самарқау (есінен айырылмайды);
терінің жамылғыш қабаттарының бозару, қарашықтың үлкейіп, көздің шүдірейіп кетуі, әлсіз және жиі, кейде қылдай тамыр соғысы;
тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс
болмауы, дене температурасының (32—30°С-қа дейін) және
артериялық қан қысымының төмендеуі, аурудың бет-әлпетінің қозғалыссыз қалуы, кейде
шөлдеу, құсу немесе жүрек айну белгілерінің болуы.
Шок құбылысының даму мерзіміне сәйкес оның алғашқы немесе ерте (жарақаттан соң бірден) және екінші немесе кеш (2—6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) және аскынған (қан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға бөлуге болады: қозу (кысқа мерзімді және тұрақсыз) және сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).
Жарақаттық шок ауырлығына қарай төртке бөлінеді:
жеңіл — аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр соғысы минутына—90—110. Жоғарғы артериялық қысымы 90—100 мм сынап бағанасы;
орта — аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде
мазасызданады, теріні суық тер басады, тамыр соғысы
минутына —110—130 рет. Артериялық қысымы 70—85 мм
сынап бағанасы;
ауыр — аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр
соғысы минутына — 130—160 рет, санауға қиын, кейде әлсіз,
сезілмейді. Артериялық қысымы 60—70 мм сынап бағанасы
және одан төмен;
ақтық немесе жанталасу жағдайы — естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап бағанасынан төмен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.Сыну дегеніміз не?
2.Сынудың түрлері?
3.Соғып алу дегеніміз не?
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы № 4 Жоғарғы және төменгі сынық кезіндегі табелдік және қолда бар иммобилизациялау құралдарымен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері. Жарақаттанушыны тасымалдау түрлері.
АМЖК кезінде сынықтардың асқынып кетпеуіне (жарақатты шок, қансырау жөне т.б.) көп көңіл бөлінеді. Ең алдымен, шок немесе артериядан қан кету кезінде (аз уақытқа жгут салынады) жәрдем көрсетіледі. Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас және т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу және ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дәрілер (промедол, морфин және т.б.) енгізіледі. Морфинді қабырға, жамбас және т.б. сынуы кезінде колдануға болады.
Зақымданған қол-аяқты иммобилизациялау керек (уақытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің қозғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:
ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға;
жарақаттық бүлінудің (жұмсақ тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;
ашық сынық кезінде жарада ірің пайда болуы мен дамуының қаупін азайтуға;
сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.
Егер ашық сынық болса, онда жақтауларды салмас бұрын жараны өңдеп, стерильді таңғыш салу керек. Жараға жұқпа түспеу үшін, сүйек сынықтарын түзетуге болмайды.
Зақымданған ошақта стандартты жақтаулардан басқа жасаңды (колда бар) жақтаулар (ағаштан, шыбықтан, ағаш қабығынан,сабан байламынан, картон қағаздан, қолшатырдан, күректен, сүңгі пышақтан, мылтықтан жасалған) қолдануы мүмкін.
АМЖК қолдануындағы түрлі стандартты жақтауларды пайдалану керек: металдан жасалған (мысалы, Крамер сатылы жақтаулары) ағаштан жасалған (Дитерихс типті жақтаулар), кейде пластмастан жасалған (кол-аяқты ыстық суға түсіргеннен соң оларды реттейтін).
Жақтаулар — алдын ала мақта немесе басқа матамен оралады; жақтаудың бір бөлігін киім үстінен (соғыс немесе кыс кезінде) салады, оның астында жараға салынатын стерильді таңғыштар қалады.
Дененің ашық жерлерін де мақтамен орауға болады. Мақтамен оралған жақтау үстіңгі жағынан дәкелі бинтпен бекітіледі, оны қол-аяқ формасы мен көлемі бойынша бүгіп салу керек (ол үшін өзіне немесе басқа сау адамға салып көру қажет). Дайын жақтауды бекіту (бүгіліп, мақтамен оралған) дәкелі бинтті ал ол колда болмаған кезінде — үшкіл орамалды, орамалды, ішкі киім етегін, жіп-арқанды, бау-белдікті қолданумен жүзеге асырылады. Бұл кезде қол-аяқ физиологиялық жағдайға келтіріледі. Аяқтың сынуы кезінде жақтау (тасымалдағыш) аяқтың түзетілген жағдайында салынады.
Жақтауды салудың негізгі ережелері: сүйектің сынуы кезінде кем дегенде сынған жерге жақын жатқан екі буын оралатындай етіп жақтауды салу керек (яғни сынақтан биік және төмен).
Мысалы:
балтыр сүйектерінің сыну кезінде — тізе және аяқ басы-балтыр буындарын орап алу;
иык сүйегінің сынуы кезінде — иық, шынтақ жөне кәрі жілік білезік буындарын орап алу;
жамбас сүйегінің сынуы кезінде — жамбас, тізе және аяқ басы, балтыр буындарын орап алу.
Қол немесе аяқ басы саусақтарының ұштарын (егер олар зақымданбаса) таңғыштан бос қалдырады (қол-аяқтың қан айналымын тексеру үшін);
Қолды иммобилизациялау үшін сым темірлы сатылы жақтаулар (Крамер), фанер және картон, үшкіл орамалмен байлау және т.б. қолданылады; аяқ үшін — Дитерихс арнайы тасымалдағыш жақтауларын (ағаш) немесе бірнеше үлкен сатылы Крамер жақтауы қолданылады.
Бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері (иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдаланумен)
Бас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні зембілге жатқызып, тезірек емдеу мекемесіне жеткізуді камтамасыз ету керек. Жүрек қызметі бұзылған кезде камфора немесе кофеин, ал тыныс алу әлсізденгенде—жасанды тыныс алдыру қолданылады. Ми шайқалғанда морфин енгізуге болмайды (өйткені, тыныс алуды жауып қалуы мүмкін). Тасымалдау кезінде зардап шегушінің жағдайын (тамыр соғуы, тыныс алуы) бакылап отыру қажет, басын бір қырынаа бұрып жатқызып (құсыққа тұншығып қалмауы үшін) және оны мақта-дөкеден жасалған дөңгелек үстіне жатқызады (көрпе, киім, мақта, сабан салынған қапқа немесе үрмелі резеңке дөңгелекке).
Бұғана салғанда: сынған жерді басып көргенде, ондағы майысулардың болуы байқалады. Жәрдем көрсету кезінде қолтық астына мақта немесе дөкеден жасалған тығыз қалтқы қойылып, сосын зардап шегушінің қолын шынтақ буынынан бүгеді, иық сүйегін денеге қатты қысып тұрып, оған қолды мықтап бинтпен орайды немесе үшкіл орамалмен бекітеді.
Қабырға сынғанда: тура (жоғарыдан құлағанда, соққы тигенде) және тура емес (кеуде клеткасы қысылғанда) жарақаттар нәтижесінде пайда болады. Бір уақытта қабырғадағы өкпе қабы, қабырғааралық тамырлар мен жүйкелер, кейде өкпе, бауыр, көк бауыр да зақымдануы мүмкін. Қабырғаның өткір сынықтары өкпеге зақым келтіріп, пневмоторакс пен ішке қан кету дамуына ыктал етуі мүмкін.
Иммобилизация — барынша дем шығару кезінде кеуде клеткасына нығыздалған айналма таңғыш салу. Ауру сезімімен жөтелді азайту үшін промедол және кодеин қолданылады. Көптеген сынықтар, ішкі органдардың зақымдануы, пневмоторакс және жарақаттың тұншығу кездерінде жартылай отырған жағдайда тасымалданып, емдеу мекемесіне жіберіледі, зардап шегушінің жағдайы бақыланады.
Омыртқа сынғанда: бұл аса ауыр зақымдану; жамбас сүйектері қызметінің бұзылуына, қол-аяқтың сал болып қалуына әкеп соқтыратын жұлынның жаншылуымен коса беріледі. Сынықтар ашық, жабык, асқынған, аскынбаған, жаншылған болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезінде жұлынның жаншылып қалуын (зақымдануын) тудырмас үшін, омыртқа бүгілуін болдырмау қажет. Арнайы уақытша белгілеулер — зардап шегушіні етпетінен абайлап зембілге салады, иық асты мен бас жағына жастық немесе қалтқы қояды. Жұмсақ зембілге аркасымен жатқызғанда, оған ағаш жайма тақта, фанер, кең тактайша немесе бірнеше ұзын фанер жактаулар салынады (аурудың аркасына жөне бүйіріне төрт фанер жақтауларды бинтпен орап байлап қоюға болады).
Мойын омыртқалар сынған кезде — зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызады, ал мойын астына (кейде иық астына) жастық немесе бүктелген киім, мүмкіндік болса, мойын астына мақта жағалық салынады (мақтаның қалың қабатымен орап, дәкелі бинтпен таңу).
Жамбас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні көрпемен жабылған жайма тақтаға жатқызады (тақтай немесе фанер) жедел түрде емдеу мекемесіне жеткізеді. Сынықтар жай (жамбас сүйегі тұтастығының бұзылмауы) және күрделі (жамбас сүйегі тұтастығының бұзылуы) болып табылады; сондай-ақ ұршықтық ойықтың сынуы — сан сүйегінің шығуымен және сан сүйегінің шықпауымен де ажыра-тылады. Соңғылары жамбас сүйегінің асиметрияға ұшырауына немесе қисаюымен, ауырсынғыштық және ауыруымен ерекшеленеді. Сан сүйегінің шығуы — табиғи емес, жамбастың жағдайы серіппелі түрде бекітілген, оның басы өзгертілген жағдайда болады. Ауыр сынықтар кезінде қан кету 1,5 — 3 л дейін жетеді.
Қол сынғанда: жақтау салу кезінде келесі ережелерді сақтау керек: зақымданған колды созуға болмайды, ашық жара мен қатты қан кету кезінде, алдымен,таңғыш пен жгут салынады, сосын қолдың екі жағынан жақтау қойылады;екі жақтау да сынық орнынан төмен және жоғары орналасқан буындарды камтуы керек; жақтауды салар алдында жұмсақ мата немесе мақтамен орау қажет.Тасымалдағыш жақтауды салу кезіңде колды белгілі бір жағдайға қояды:қол иық буынында біраз алға беріледі, тік бұрыштап шынтақта бүгіледі; көп жағдайда алақан ішке қарай қысылады;
кол қоспасы біраз сыртқа қарай бүгіліп, саусақтар жартылай бүгіледі, ол үшін аурудың алақанына бинт немесе дәкеге оралған тығыз мақта түйіншегі салынады. Зардап
шегуші оны саусақтарымен қысып алады.
Стандартты сым темірлі жақтауларды (Крамер) пайдаланған дұрыс, ал олар қолда болмаған жағдайда — фанер, картон немесе басқа жақтаулар қолданылады, ең болмағанда — зақымданған қолды үшкіл орамалмен асып қою керек (қол коспасы мен білек сынуы кезінде) немесе оны денеге бинтпен орап тастайды (иық сынған кезде).
Иық сынған кезде жақтауды бүгілген колдың сырт жағына салады: саусақ түбінен бастап, козғалмайтын қолдың иық буынына дейін. Жақтаудың ұзындығы келмеген жағдайда оның ұштарына фанер тақтайшаны бинтпен орау арқылы ұзартуға болады.
Білек сүйектер сынған кезде жақтаушаны тікелей білекке салады, ал бинтпен оралған білекті үшкіл орамалмен асып кояды.
Қол қоспасы мен саусақ сүйектерінің сынуы кезінде жақтаушаны алақанының бетіне салып, мықтап бинтпен орайды, ал қолды үшкіл орамалмен асып қояды.
ЖАРАҚАТТАНУШЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ
Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |