ПоәК-042-18-25 55/03-2016 №2 басылым 08. 09. 2016


ТЖ ошағы – нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс. ТЖ



жүктеу 1,78 Mb.
бет2/13
Дата07.02.2020
өлшемі1,78 Mb.
#28552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТЖ ошағы – нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс.

ТЖ қауіпсіздігі – ТЖ қаупінен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.

ТЖМЖ ның күштері мен құралдары (төтенше жағдайды ескерту және жоюдың мемлекеттік жүйесі) – төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін арналған күштері мен құралдары.

ТЖ дайындық – халықты және материалдық құндылықтарды қорғау үшін алдын ала жүргізілетін шаралардың кешені.

Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.

Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар - өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері – бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторыбұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.

Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы – бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.

Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.

Тас құлау – тік тау беткейлерінен тау массасының, тау жыныстары бөліктерінің құлауы.

Тәжірбие – практикалық меңгерген білімнің, дағдылардың, іскерліктің жиынтығы.

Табиғи ТЖ – пайда болу себебі табиғат күштері болып табылатын ТЖ

Тамыр – жүрекке баратын қанның қан тамыры.

Тар ағыс – өзен арнасы учаскесінің тарылуы.

Тар шат – тар шатқал, жердегі терең жарықша.

Тайфун – ірі қиратушы күшті қара дауыл.

Такелаж – жүктерді көтеру және тасымалдауға арналған жабдықтардың жиынтығы.

Техника – жабдықтардың, құралдардың, механизмдердің, еңбек құралдарының жиынтығы.

Техногендік ТЖ – адамның өндірістік іс-әрекетінен болған ТЖ.

Тоғай - жергілікті ортадағы айрықша учаске.

Толқын су бетінің тербелісімен сипатталатын су бірлігі.

Токсикоз – ағзаның уланған кезіндегі жағдайы.

Токсин улы зат.

Топляк – батып кеткен бөрене.

Трансөзін-өзі басқара алмайтын нервтің жоғарғы қозуы

Тренажер – жаттығу, тренаж үшін арналған жабдық.

Тұнба – тұнбалы, үнемі сулы және еру қасиеті бар топырақтың құмды қабаты.

Тұншығу – тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын паталогиялық жағдай.

Тұщыландырғыш – суды тұщыландыруға арналған құрал.

Тірі қалу – шұғыл жағдайларда өмір сүру қабілеті.

Тіршілікті қамтамасыз ету – өмірді сақтау жүйесі.

Тығыз жұмыстар – ТЖ зардап шеккендерге, халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығы мен өмірін, олардың жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жағдай жасау, құтқару жұмыстарын жан – жақты қамтамасыз ету шаралары.

Уақытша паналау аймағы – қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатымен, халықты ТЖ пайда болуы қауіпі бар немесе пайда болған кезде көшіру немесе уақытша ауыстыру аумағы.

Ұтқырлық – қозғалыс, жылдам әрекет етуге қабілеттілік.

Ұшақ – тік ұшатын және қонатын ауалы ортада қозғалуға арналған ұшу аппараты.

Үгінді – ауырлық күш әсерімен тау массасы жыныстарының беткей бойымен төмен жылжуы.

Үн қату – шақыруға жауап беру, қарату.

Үнемі дайындықтағы күштер – ТЖ аймағында шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған және кезекшілікте болатын күштер.

Үңгір – сыртқа шығу жолы бар жер астындағы жартылай кеңістік.

Үрей – қорқыныш, кенет сезім.

Іздеу – біреуді немесе бір нәрсені табу.

Індет – адам ауруларының кеңінен таралуы.



Ісіну – ұлпаларда сұйықтардың жиналуынан болатын ісік.

Ықтимал қауіпті нысан төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.

Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.

Ықтимал ТЖ аймағы – ТЖ пайда болуы мүмкін аумақ немесе айдын. Фал – кендір, арқан, сым арқан.

Фарватер – кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы.

Фирн – мұздақ қар.

Флюгер – жел бағытын анықтайтын құрал.

Форшок – бастапқы соққыға жол ашар, салыстырмалы әлсіз жер асты дүмпуі.

Хабарландыру дабылы – ТЖ пайда болғаны туралы хабарландыру

Циклон – жауынмен жалғасатын атмосфераның құйынды қозғалысы. Цистерна – сұйықтықтарды тасымалдау және сақтауға арналған үлкен резервуар.

Цунами – жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары.

Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел.

Шквал – желдің бірден қатты соғатын самалы.

Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.

Шлюпка – кең корпусты қайық.

Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.

Экватор – Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.

Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.

Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.

Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.

2 Дәрістер
Дәріс №1. Кіріспе. Курстың мазмұны. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.

Жалпы сұрақтар

  1. Курстың мазмұны.

  2. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

  3. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.


Курстың мазмұны. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.



Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет. Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.



Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар

«АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар». Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі – 176 бет). Мазмұны: Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Әскери жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы» Заңы

Түсініктер және анықтамаларға тоқталсақ, Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.

Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.



Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:

- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).

Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері. Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:


  • жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;

  • төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.



  • Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

  • Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;

  • Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;

  • Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;

  • Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;

  • Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз етеді;

  • Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

  • Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;

  • Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру бағытында шаралар жүргізеді;

  • Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізеді.

жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау