ПоәК 042-18-16 28/03-2013 Баспа №1 13. 09. 13


Тақырыбы: Кәсіпті психологиялық топтастыру



жүктеу 1,16 Mb.
бет4/5
Дата01.01.2018
өлшемі1,16 Mb.
#6845
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Кәсіпті психологиялық топтастыру.

Сұрақтары:

  1. Кәсіпті топтастыруды құрастырудың психологиялық белгілері.

  2. Кәсіптің көп белгілі және көп деңгейлі психологиялық топтастырылуы

Еңбек әрекетінде түйсінудің барлық түрі – көру мен естуден дәм мен иіс сезуге дейін барлығы да қолданыста болады. Нақты адамның жүйке жүесінің типі оның барлық анализаторларының түйсінулерінің жалпы жалпы сипатына әсер етеді. Сезіну мен ажыратудың жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығы мен тепе-теңдігіне байланысты (жүйке процестері қозғалмалы адамдарда түйсіну жылдамдығы жоғарырақ, ал жүйке процестері аз қозғалмалы адамдарда дифференциациясы неғұрлым нақты және т.б.).Түйсіну деңгейінің тұрақтылығы жүйке процестері күшінің, олардың қозғалмалылығының және тепе-теңдігінің қандай болатындығына байланысты(қызба типте ол тұрақты емес,ал қызба емес типте инертті).Тітіркендіргіштердің рецепторларға ықпалы кезінде эмоционалды реактивтілік, әсіресе,жүйке процесінің күшіне тәуелді:әлсіз типте ол айқын көрінеді, инертті типте – азырақ.

Ажырату жылдамдығы, түйсіну деңгейінің тұрақтылығы және сол сияқты сапаларды қажет ететін мамандықтар үшін адамның мұндай сипаттағы тұрақтылығы мен мамандар іс-әрекетінің нәтижелілігін жоғарылататын нақты құрал – кәсіби таңдау болып табылады.

Кәсіби іс-әрекеттің көптеген түрлерінде жетістікке жету жолында сенсорлы процестердіңпроцестердің екінші сипаты – анализаторлардың сезімталдылық деңгейіүлкен маңызға ие.Адамның түйсіну түрлерінің дамуына тұрақтылық тән: нақты бір адам кеңістіктік айыру немесе сөздік есту аумағында сезімталдығы жоғары болуы мүмкін және осымен қоса түстерді ажырату немесе музыкалық ажырату сезімталдылығы төмен болуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер анализаторлардың бірінің тума ерекшеліктерімен немесе ұзақ мерзімді кәсіби тәжірибенің негізінде қалыптасатын оның жетекші рөлімен байланысты болуы мүмкін. Олар ақпаратты қабылдаудың индивидуалды ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қоса бейнелік ойлау, ес, қиялдағы қандай да бір бейнелер түрінің болуымен анықталады.

Бұл сипаттама қаншалықты тұрақты? Көптеген зерттеулер сенсорлық және перцептивтік мәселелердің шешілу нәтижелілігі арнайы дайындық немесе кәсіби тәжірибенің әсерінен сапалық жоғарылауын көрсетеді. Л.И.Селедская шлифовальшик жұмысшылардың дифференциалды көру табалдырықтарын зерттеді. Тәжірибелі шлифовальшиктердің ажырату сезімталдылығы қалыпты деңгейден 20 есе жоғары болды. В.И.Кауфман аурулардың жүрегі мен өкпесін үнемі тыңдайтын терапевт-дәрігерлерден; двигательдердің жағдайын анықтайтын авиа және авто механиктердің жоғары есту түйсінулерін анықтады. Н.К.Гусев дегустатор мамандарындағы дәм сезу анализаторларының абсолютті және көп түрлі түйсінудің жоғарылығын көрсеткен.

Тәжірибелі қорғасын балқытушылар мартенковтық пештің қабырғаларының қызуы бойынша пештің температурасын тез әрі дәл анықтай алады. Температураның жоғарылауымен отқа төзімді материалдың түсі өзгереді: қызыл реңдер алқызылға, ал содан кейін ақшылға ауысады. Қызу температурасымен сипатталатын барлық нәзік реңдердің нақты бейнесі пештің барлық түстік реңдері жасалған арнайы сызбаны құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пештің қабырға түсінің реңін бұдан да нақты көрсететін құрал жасалды. Бұл құралдың көмегімен оқушылар салыстырмалы қысқа мерзімде көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі бақылаушылар сияқты түстерді ажыратуды үйренді

Басқа анализаторлардың аумағындағы көптеген зерттеулердің осы тұстағы нәтижелерін өз монографиясында Б.Г.Ананьев келтірді. Алайда мұндай зерттеулерде түйсік табалдырықтарының өзгеруі туралы жасалатын қорытындылардың көп жағдайда нақты дәлелі жоқ. Бір жағдайда табалдырықтардың өзгеруі жайлы қорытындыларға кәсіби маман мен жас маманды салыстыру негіз болады. Басқа жағдайда сенсорлық мәселелерді шешудің нәтижелілігі арнайы жаттығу процесінде жоғарылатылды, түйсінуді өлшеу жаттығуға дейін және кейін де жүргізілмеді, сондықтан табалдырықтардың өзгеруі туралы сенсорлы дағдыларды меңгеру кезінде болатын нәтижелердің жақсаруы негізінде қорытынды жасауға болады.

Сенсорлы дағдыларды зерттеушілер олардың сенсорлы коріністер(салыстыру эталондары) мен бейнелерді жасау әдістерін меңгеруден жинақталатындығын көрсетті. Я.К.Пономарьмен көрсетілген қызықты факт: егер тәжірибелі маман таныс емес техникадағы ақауларды табуы керек болса, ол дәл сондай , бірақ ақаусыз құралға жүгінеді, олардың ерекшеліктерін (көру, есту, кинестетикалық сигналдар) салыстырады. Зерттелушілер істейтін құралдың дыбысы бойынша ондағы ақауды анықтау мүмкіндігін беретін «техникалық дыбыс» деп аталатын қабылдаудың күрделі дағдылардың тәжірибелік қалыптасуын жүргізді және жоғары сезімталдылыққа ие емес зерттелушілердегі сенсорлы және перцептивті мәселелерді шешуді жылдам жақсарту мүмкіндігін дәлелдеді.

А.В.Филипов, Ю.А.Каликинский, Я.К.Пономарь және т.б. зерттеулері автоматизацияның нәтижесінде техниканың күрделену деңгейі бойынша маманның сенсорлы және перцептивті қасиеттеріне деген талаптар төмендеп қана қоймайды, сонымен қоса жоғары сенсорлы мәдениет талаптарына айналады. Сенсорлы мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі болып ойлау мен білімге негізделген қабылдаудың полианализаторлы мақсатты іс-әрекет – бақылау мәдениеті болып табылады. Бақылауды жүргізудің кәсіби ептілігі тұлға қасиеті сияқты бақылаушылықпен тығыз байланысты: ол осы қасиетке сүйенеді және сол кезде оны дамытады.

Зейіннің кәсіби маңызды қасиеттері – оның концентрациясының белсенділігі, тұрақтылық, ауысу шапшаңдығы, зейінді аудару кеңдігі іс-әрекеттің әр түрінде әртүрлі көрінеді. Жүргізуші мамандар үшін зейін шоғырландыру мен аударудың сипаты бірінші орынға қойылады, басты мақсаттары бақылау мен реттеу (корректор, радиолокатор операторы) болатын басқа мамандар үшін зейіннің тұрақтылығы неғұрлым үлкен маңызға ие.

Зейіннің барлық қасиеттері қандай да бір деңгейде болмасын жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен анықталады және сондықтан да аз өзгереді. Зейін ауыстыру жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығына байланысты. Анық болғандай жас ұлғайған сайын олардың қозғалмалылығы біршама төмендейді және зейінді ауыстыру жылдамдығының азаюын күтуге болады, бірақ ол тек кәсіби тәжірибеге сүйенбейтін жерде ғана.

Зейін тұрақтылығы қозу процесінің күшін анықтайды. Зертханалық тәжірибеде әлсіз қозу процесіне ие адамдарда Л.Б.Ермолаева-Томина ақыл-ой жұмысының қабілеттілігінің 30-35 минуттан кейін 2 есеге төмендегенін байқады. Ол жүйке жүйесінің күші үзақ мерзімге зейінді шоғырландыру мүмкіндігін байланыстыратын негізгі фактор екендігі және әлсіз қозу процесіне ие адамдарға «күштіге» қарағанда кәсіби мәселелерді шешу қиынырақ деген қорытындыға келді. Бұнымен қоса Ермолаева-Томина эмоционалды факторлардың толықтырушы маңызын және жүйелі зейінді шоғырландыруды қажет ететін еңбекке әдеттенуді баса айтады.

Шындығында да, зейіннің тұрақтылығын сақтау ұзақтығының, ауысу жылдамдығының берілген адам үшін тән екндігі туралы айтуға болады. Алайда, еңбек шартына байланысты бір адамдағы бұл қасиеттер кең көлемде болуы мүмкін. тКәсіби маңызды қасиеттің бірі де зейін қасиеті сияқты.осындай деңгейде сыртқы факторларға тәуелді емес. Бірқалыпты жүмыс, мәселен, зейін тұрақтылығына лезде әсер етеді, ал мазмұнды жұмыс пен оған деген жауапкершілік оның тұрақтылығын жоғарылатады. Онымен қоса, кәсіби оқыту процесіндегі арнайы жаттығулардың ешқайсысы да зейіннің индивидуалды қасиетінің жедел жақсаруын қамтамасыз ете алмайды, олардың негізінде жатқан жүйке процестерінің ерекшеліктері өте баяу өзгереді.

Мамандықтардың көпшілігі зейіннің жоғары болуын қажет етпейді. Алайда техниканың дамуымен қазіргі заман мамандықтарының (негізінен жүргізуші және оператор мамандары) бірқатарында қызмет көрсетуді талап ететін обьектілер көлемі бір адамның өзінің зейінін аударуы жеткіліксіз болатындай дәрежеде көбейді және сонда олардың кейбіреулерін бақылау не басқа адамға, не арнайы автоматтарға беріледі. Өмір белсенділігінің шапшандығымен ұшақтар мен автомобильдер жылдамдығының жоғарылауы; сондай-ақ апаттық жағдайларда іс-әрекет тұлғаның аттенционды қасиетін қажет ететін уақыт тығыз жағдайда жүреді. Іс-әрекеррің мұндай түрінде зейінді жетілдіру қажет және мүмкін. Бұл мүмкіндіктер аттенционды дағдылардың қалыптасуында және берілген іс-әрекет үшін зейінді ұйымдастыруды жақсы меңгеруде болып табылады.

Үлкен практикалық маңызға ие сұрақ:берілген еңбек процесінде зейін қандай мөлшерде және қандай обьектіге шоғырландырылады? Ең алдымен бұл қабылдау процесіне қандай сезім мүшелерінің қатысатындығына байланысты қажетті ақпаратты қабылдауда неғұрлым көп сезім мүшелері қатысатын болса, зейін аумағында соғұрлым көп обьектілер болуы мүмкін. Сондықтан үйрету кезінде түрлі обьектілерді қандай сезім мүшелерінің көмегімен бақылау керектігін анықтау маңызды , өйткені бір обьект түрлі әдістермен бақылануы мүмкін.

Көп обьектілер арасында зейін аударуды қажет ететін әрекеттерді орындау кезінде оның белгілі бір обьектілерге коцентрациясының деңгейі уақыт өте келе үздіксіз өзгереді. Зейінді аударудың ыңғайлы сызбасын жасау осы мағынаның және оның динамикасын есепке алуды ұсынады.

Практикада зейінді бір обьектіден екіншісіне аударудың неғұрлым пайдалы жағы қандай және оны ауыстырудың оптималды жылдамдығы қандай деген сұрақтар пайда болады. Зейінді ауыстыру сызбасын жасағанда түрлі обьектілердің мәнін есепке алу маңызды. Зейін неғұрлым маңызды обьектілерге маңыздылығы төменге қарағанда көбірек аударылуы қажет. Зейінді ауыстырудың дұрыс жылдамдығын да орнату қажет. Тым тез жылдамдық жұмысшыны шаршатады. Тым баяу ауысуда жағдайдың маңызды өзгерістерін жіберіп алуға болады. Сондықтан зейінді аудару жылдамдығы жағдайдың өзгеру мүмкіндігі деңгейіне байланысты.

Зейінді ұйымдастыру жүйесінің негізгі элементтерін қарастыра келе , А.В.Катаев зейінді еңбекте тәрбиелеу - бұл зейіннің жоғары қысымының өндірілуі немесе оның абстрактілі дамуы емес. Еңбек әрекетіндегізейінді дұрыс тәрбиелеу оқыту процесінде осы жүйені іс жүзінде меңгеруді және еңбек шарттары мен міндеттерін, машина ерекшеліктерін(технологиялар,құралдар) ескере отырып, еңбектің әр түрінде, әр операциясы мен әрекетінде оны ұйымдастырудың неғұрлым рационалды жүйесін құрудан тұрады.

Іс-әрекеттің жаңа түрін меңгеруде немесе дәл сол іс-әрекетті жаңа жағдайда орындауда зейінді әрқашан ұйымдастыру жүйесінің қайта құрылуы жүреді. Осы көзқарас тұрғысынан қандай да бір еңбек түріне үйрету немесе жаңа техниканы қолдануды үйрену жұмысшының ол үшін зейінді ұйымдастырудың жаңа жүйесін меңгеруден тұрады.

10- Дәріс



Тақырыбы: Профессиография

Сұрақтары:

  1. Профессиография туралы түсінік.

  2. Кәсіптік бағдар беру сабақтарының жүйесі.

  3. Профессиографиялық экскурсияларды ұйымдастыру

Еңбек психология саласында психологтың іс-әрекет аспектісі нақты психологиялық іс-әрекетті зерттеу болып табылады. Профессиограмма – әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-технологиялық, санитарлы-гигиеналық, психолгиялық және басқа мамандықтардың ерекшелігін сипаттау. Психограмма – адам психикасына қатысты мінездік талаптар тізімі. Профессиографияның принциптерін алғаш көрсеткен психологтың бірі-К.К. Платонов. Көрсеткен принциптері:



  • Мақсатқа бағыттылық

  • Жеке тұлғалық

  • Сенімділік

  • Дифференциациялық

  • Типизациялық

  • Реалдылық

Принциптің жақындылық комплексіне келесілер жатыды:

  • Өндірістік мінездеме

  • Экономикалық көрсеткіш

  • Әлеуметтік және психологиялық мінездеме

  • Білім мен іскерліктің көлемдік тізімі

  • Гигиеналық мінездеме

  • Медициналық тыйым салу әрекеттің тізімі

  • Психограмма

Профессиограмма құрылымы мамандықты оқу және зерртеу, соның негізінде іс-әрекеттің қасиеттерін тану. Бұған:

  • Кәсіптік сұрыптау

  • Кәсіптік бағдар

  • Кәсіптік консультация

  • Өндірісік оқыту

  • Еңбек шарты

  • Режимнің рационализациясы–жатады.

Мамандықты психолгиялық зерттеу әдісі – бұл кәсіптік орта ерекшеліктері сұрау туралы жиналған ақпарат. Әдістер:

  • Сұрау

  • Бақылау

  • Эксперимент

Профессиографиялық әдістер

Құжатты талдау. Өндірістің технологиялық кітаптарымен, мақалалармен, лауазымдық нұсқаумен және басқа жазбалыққұжаттармен танысу жатады. Еңбектің режимі мәселелері туралы терминология маманды бақылаған кезде бақылау жаспарын құрастырады көмектеседі.

Сұрау әдісі. Ауызша сөйлесу немесе анкета формасында жүреді. Осы тәсілдің қиыншылығы толық мәлімет ала алмау, сол үшін қойылатын сұрақтар әрі қысқа, әрі нұсқа болуы шарт.

Анкета жүргізу. Қойылатын сұраққа жазба жауап алу. Анкетаны екі типте жүргізуге болады: ашық жауап және таңдаулы жауап. Бұл әдіс көбінесе қосалқы әдіс ретінде жүріп отырады.

Бақылау әдісі. Іс жүзін бақылау іс-әрекет формасын, тәсілдерін және басқа критерийлерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл әәдістің негізгі принциіпі – салыстыра қарау. Бақылау әдісінде зеттеуге қажетті құрал-жабдықтар қолданылады.

Өзіндік бақылау және өзіндік есептеу әдісі. Өзіндік бақылау профессиографиясы екі формада өтеді:

  • Маманның өзіндік есептеуі

  • Психологтың өзіндік бақылауы

Бірінші формада маман өзіндік әрекетін сыртқа дыбыстап алу мүмкіндігін алады. Екінші формада психолог сол мамандықты тереңдеп оқып, зерттейді және бұл әдіске еңбектік әдіс деген атау берілді.

Эксперименталды әдіс. Эксперимент профессиографияда құрылған психограмманы талдау және тексеру негізінде жүреді.олар анкета, арнайы құрал-жабдықтар арқылы зерттелінеді.

Эксперименттің рекшелігі ретінде қысқа мерзімде өндірістік процеске әсер етпей бір нақты максималды ақпарат жинау болып санады. Кәсіптік дайындық прооцесі кезінде болашақ маман кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір қасиеттер тренировка негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады:



  • Жеке тұлғалық қатынас

  • Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві

  • Еңбектік ұстаным

  • Өзіндік баға

  • Талаптану деңгейі

Саналық және мақсатқа бағытталған іс-әрекет негізі дағды және іскерлік. Е.А.Милерян іскерлікті келесідей классификациялайды:

  • Танымдық

  • Жалпы еңбектік политехникалық іскерлік

  • Конструктивті-техникалық

  • Ұйдастырылған-технологиялық

  • Операционды-бақылаушылық

Осы классификация арқылы әр мамандықтың іскерлік деңгейін анықтуға мүмкіндік береді. Ю.З.Гильбух «адам-машина» системаның ақпаратты өңдеу деңгейлері мен іскерлік бірлігін классификациялады. Ол барлық еңбектік іскерлікті үш үлкен топқа бөлді:

  • Ақпарат алу іскерлігі

  • Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі

  • Өңделген ақпаратты тасу іскерлігі

Ақпаратты қабылдау іскерлігі тобына : сенсорлы, перцептивті, аттенционды жатады. Сенсорлы іскерлік жекеленген заттық қасиеттерді және еңбектік процесті қабылдау ақпараты жатады. Олар бірнеше түйсіктен жасалады: көру, есту, сипап-сезу, вибрационды, дәм сезу т.б.Перцептивті іскерлік анализатор арқылы заттың және еңбектік процесінің кеңістік-уақыттық қасиеттерін тұтастай қабылдауға көмек береді. Перцептивті іскерлікпен аттенционды іскерлік байланыста. Олардың көмегімен кәсіптік керек ақпарат мақсатқа бағытталуымен қабылданады.

Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі тобына: мнемикалық, ойшылдық, имажитивті жатады. Оператордың мнемикалық іскерлігі естің екі типімен байланысты: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ес. Оперативті ес қабылданған ақпаратты қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Ойшылдық іскерлік кезінде ақпаратты өңдеу процесі жүреді және олар оперативті, ұзақ мерзімді есте сақталынады. Имажитивті іскерлік оператормен қабылданбаған заттың не құбылыстың кейіпін құрады. Сонымен ол туыстық заттардың не құбылыстың ұсынысына сүйенеді. Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі тобына: сенсомоторлы және перцептивті-моторлы іскерлік жатады. Осының көмегімен перцептивті-моторлы әрекеттерді координациялық түрде істей алады. Еңбектік оқытудың мақсаты – іс-әрекеттің өнімділігін, сапасын және жылдамдылығын қалыптастыратын дағды туғызу. Дағды қалыптасуының төрт деңгейі бар:



  • Алдын алу

  • Аналитикалық

  • Синтетикалық

  • Автоматизациялық

Алдын алу дағдысы деңгейінде барлық ақпараттан керекті ақпаратты талдап алу жатады. Аналитикалық дағдысы деңгейінде қозғалыстың күші, көлемі және ұзақтығы ажыратылады. Синтетикалық дағдысы деңгейінде әрекеттің жеке элементтері қосыла отырып, бір тұтас сенсорлы жазықтық құрайды. Автоматизациялық дағдысы деңгейінде артық қозғалыстан арылытады. Қозғалыс бақылауы көруден сипап сезуге өтеді.

11- Дәріс



Тақырыбы: Кәсіби бағдар және кеңес берудің психологиялық негіздері

Сұрақтары:

  1. Кәсіби бағдар кешенді әлеуметтік мәселе.

  2. Кәсіби бағдар формасы.

  3. Кәсіби кеңес беру әдістері.

  4. Кәсіби таңдау және кадрларды іріктеу

Республикамызда кәсіптік бағдар беру – күрделі әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол халық шаруашылығының дамуын, техника мен өнеркәсіптің өркендеуін, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуін талап етеді. Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы орналасуына, біртұтас еңбек, политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.



Әлеуметтік қызмет. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруді, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау тұрғысынан қарау керек.

Экономикалық қызмет – жұмыс күшінің сапалы құрылымын арттыру, ұл-қыздардың жұмысқа деген қанағаттануын арттыру, жұмыс өнімділігі және кәсіби ынтасын арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу болып табылады.

Психологиялық – педагогикалық қызмет. Ол ең алдымен, оқушылардың бейімділігін, ынтасын, қызығуын қалыптастырады. Жеке бастың өзіндік ерекшелігіне сәйкес мамандық тандау кезінде оларға көмек көрсету қажет. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби танымдылығын басқара білу және оның жолын анықтау жөн.

Медициналық – физиологиялық қызмет. Бұл денсаулыққа қойылатын талап пен жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға көмектесу деген сөз. Мектептерде оқушылардың денсаулығының ауытқуын дер кезінде байқап, олардың мамандық таңдауға жоспарын дұрыс таңдап, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауларына жағдай жасалуы керек.

Кәсіптік бағдар – бір-бірімен тығыз байланысты салалардын тұратын бірыңғай жүйе. Атап айтсақ, олар : кәсіптік ағарту, іс-әрекеттің саласында оқушылардыңынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту; кәсіптік ақыл-кеңес; кәсіптік таңдау; кәсіптік бейімдеу (адаптация).

А) Кәсіптік ағарту – оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, психикалық физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дұрыс таңдауға жағдай жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарас дұрыс тәрбиелеу, психикалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсіну қалыптастыру. өз кезегінде кәсіптік ағарту кәсіптік хабарламадан, кәсіптік насихат пен кәсіптік үгіттен тұрады. Мысалы, оқушыларға ауыл шаруашылығының кейбір салаларына қажетті мамандар жайында хабарлама және сол мамандықтарды оқып-үйренуге жағдай жасау, сонымен қатар ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар туралы насихат жүргізу.

Ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу. Жеке кісіге әсер ету оның психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың ой-өрісі, мақсаты, мұраты, пәндерді саналы оқытуда қалыптасады. Адамдардың белсенділігінің жоғары болуы да пәндерді оқыту арқылы іске асады. әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру – адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етеді. Пәнді, практикалық білімді игеруде, оқушылардың өмір тәжрибесінде, қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалары орнығады.

Б) Кәсіптік ақыл-кеңес (консультация) беру арқылы оқушының өзіне тән ерекшелгігіне, таңдаған кәсібінің талаптарына баса назар аударылады. Бұл төмендегідей формада өткізіледі:

- диагностикалық ақыл-кеңес оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталыған;

- анықтама ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға не жұмысқа қабылдау, түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі, дайындық мерзімі, еңбек-ақы төлеу жүйесі, кәсіптік біліктілікті арттыру жолдары хабарланады;

- қалыптастырушы кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауын басқаруды көздейді, ол ұзақ уақытқы созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіпті таңдауға қатынасының өзгеруіне байланысты болады.

- дәрігерлік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психикалық- физиологиялық құрылымының таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психикалық – физиологиялық көрсеткішін анықтайды.

Консультация оқушыларға әлеуметтік-кәсіптік жоспар жасауға көмектесумен ғана шектелмей, олармен бірігіп, жоспарды іске асыру, жаопы және кәсіптік білім алу деңгейін көтеру мәселелерін, мамандық таңдауда идеялық, ождандық негіздердің қалыптасуын, сол сияқты оқушылардың мәдени өсіп дамуын қарастырады.

Мамандық туралы консультацияны жүргізуден бұрын, бастауыш кластан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер : оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқудан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болу керек.

1-4 класс оқушылары үшін жыл cайын кәсіптік бағдар қатарлары толтырылып, кейін олар класс жетекшілеріне өткізіледі. Оның үлгісі мынандай:



  • Оқушы туралы жалпы мәліметтер.

Аты-жөні ___________________________________________

Туған жылы мектебі класы



  • Пәндер бойынша үлегрім бағалары (оқу жылдарына байланысты толтырылады) Ана тілі, Орыс тілі, Математика, Табиғаттану, Еңбек, Сурет, Дене шынықтыру, Ән

  • Қандай пәндерді ұнатады

  • Қандай пәндерді ұнатпайды

Сабақтан тыс уақытта немен айналысады (керектісінің астын сызу керек) Кітап оқиды,сурет салады, конструкциялар құрастырады, тоқиды, ән-күймен шұғылданады (қай аспата ойнайды), қандай үйірмелерге қатысады, қандай ойындарды ұнатады?

Кім болғысы келеді?

Қандай мамандықтармен таныс?

  • Қандай мінез ерекшеліктері басым (керектісінің астын сызу керек): байқампаздық, білуге талаптылық, еңбекқорлық, бауырмалдылық, айналадағы құбылыстарға әсерлілігі, жігерлік, белсенділік, тұрақтылық, жауапкерлік, ақыл-ой өрісі.

  • Денсаулығы. Бастауыш класс мұғалімі (қолы)

Мамандықтар туралы консультацияны класс жетекшісі, кәсіптік бағдар кабинетінің меңгерушісі немесе мектептегі психолог бере алады. Жиналған мәліметтер нақтылы оқушымен жұмыс істейтін барлық мұғалімдердің, үйірме жетекшілерінің назарына жеткізіледі. Бұл мәліметтердің нақтылығын педагогикалық (кеңес) тексеріп, шешім қабылдайды. Бұл жұмыста жоғарғы нәтижелерге жету үшін әр оқушыға жеке әсер ету әдісі белгіленедіжәне олардың негізінде мектеп пен класстың кәсіптік бағдар туралы жоспарыена тиісті өзгерістер енгізіледі. Жалпы және жеке оқушылармен жүргізілетін, келесі оқу жылдарына арналған жұмыстарлдың мазмұндары анықталады. Мектеп бітірушіге кәсіптік бағдар жөніндегі қабілеттері туралы өткен оқу жылдары бойынша жиналған мәліметтер ескеріліп, ұсыныс мерзімі беріледі.

Сонымен мектепте дұрыс жолға қойылған кәсіптік консультация беру жұмысы барлық педагогикалық ұжымның жаппай күш жұмылдыруын талап етеді және жасөспірімдердің мамандық баға жетпес реттеуші рөлін атқарады.

В) Кәсіптік таңдау . Ол мектептен тыс, арнайы лабороторияда және таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағджайына байланысты жүргізіледі. Кәсіптік таңдаудың мақсаиты – аданың белгілі бір еңбек түріне жарамдылығын анықтау. Егер адамның таңдаған мамандыққа негізгі бір кәсіптік сапасы сәйкес келмесе, оны жұмысқа алудан бас тартады. Осыған байланысты кәсіптік таңдауды жеке бастың әлеуметтік ерікн азайтуға бағытталған акті деп қарауға болмайды. Керісінше ,ол жеке басты кейбір қауіптен алдын-ала сақтандыру болып саналады. Кәсіптік таңдау, кәсіптік бағдардың негізгі бөлігі болып табылады.

Г) Кәсіптік бейімделу – жас адамның өндіріске, жеке әлеуметтік ортаға, еңбек жағдайына және белгілі бір мамандық ерекшелігіне белсенді араласу. Кәсіптік бейімделу дұрыс мамандық таңдаудағы негізгі жетісік болып табыларды. Кәсіптік бейімделу адамның sынтасын ары қарай жетілдіруге, оның еңбекке белсенділігін әлеуметтік таныммен бірге жүзеге асыруға бағытталған.

Кәсіптік бағдар жұмысын екпінді жүргізу үшін оныңғ ақпараттығын қамтамасыз ету керек. Бұған жататаныдар: нормативтік құжаттар, әртүрлі нұсқаулар, оқушылардың кәсіптік шешімін жүзеге асыру мәліметтер, т.б. ақпарат жұмысын мамандықтар туралы мағлұматтар болып табылатын профессиография жүргізеді. Еңбек түрінің көпжақты, жүйелі жиынтықты анықтамасын профессиограмма деп атайды. Бұл оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескперіп, мамандық таңдауда қойылатын сұрақтарға жауап береді. Кәсіптік бағдар берудегі ең күрделі және жауапты нәрсе – оқушылардың мамандыққа деген қызығуы мен икемін, қабілетін тани білу. Бірақ оқушылардың мүмкіндігі бұ жерде шектеулі.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында базалық кәсіпорының жастар ұйымы мектепке үлкен көмек көрсетеді. Қамқорлыққа алған мектеппен қарым-қатынас жасап ұру оларға болашақ жұмысшылар туралы түрлі мәлімет алуға мүмкіндік береді. Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың алға шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арсындағы қоғамдық қатынастар мен жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты женбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне – бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп өндірістік қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттарының бірі – еңбек. Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.


12-дәріс



жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау