Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі
аймақтық компонент – 2016»
мерейтойлық ХV аймақтық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясын өткізу туралы
АҚПАРАТ
Экологиялық білім беру мен ағарту, педагогтардың инновациялық тәжірибесін өрістету бойынша республикалық және облыстық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылдың 31-наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Өскемен қаласының білім беру бөлімі, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қолдауымен және облыстың қалалық пен аудандық білім беру мекемелері педагогтарының қатыстырылуымен «Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2016» мерейтойлық ХV аймақтық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясын өткізді.
Конференция мақсаты: экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағарту жүйесіне аймақтық компонентті енгізу негізінде педагогтардың кәсіби біліктіліктіліктерін дамыту.
Конференцияда жаратылыстану және аймақтық экология саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Секциялық отырыстармен педагогикалық іс-әрекеттің тәжірибесін жалпылау, білім беру үрдісіне аймақтық компонентті енгізу және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында аймақтық-альтернативтік білім берудің заманауи мәселелері қарастырылды.
Конференция бір күн ағымында, сағат 09.00-ден 16.00-ге өткізілді.
Қатысқандар саны 155. Педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясына қатысу үшін түскен өтінімдердің жалпы саны – 151.
Сағат 09.30-дан 12.00-ге дейін пленарлық отырыс өткізілді. Пленарлық отырыста Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» директоры, б.ғ.к., РЖА профессоры – А.П. Цыгановтың, г-м.ғ.к., доцент, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ аға ғылыми қызметкері – Л.А. Линеваның, Шығыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары – В.А. Шешуковтың, ҚР ЖҒ академигі, г.ғ.д., Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры – А.В. Егоринаның, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы – Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері – С.Е. Нуркенованың, г-м.ғ.к., ЖАК доценті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры - Н.И. Михайлованың баяндамалары тыңдалды.
Жұмыс 5 секцияда атқарылды. Секциялар бойынша жұмыстар үшін келесі мөлшерде баяндамалар ұсынылды:
секция № 1 «Мұғалімнің жұмыс тәжірибесіндегі аймақтық экологиялық мәселелер» - 10;
секция № 2 «Білім беру мен ағартудағы аймақтық компонент» -28;
- секция № 3 «Педагогтың білім беру және тәрбиелеу қызметіндегі аймақтық компонент» - 46;
- секция № 4 «Биоалуантүрлілік пен экология саласындағы аймақтық зерттеулер» - 37;
секция № 5 «Жас ғалымдар жұмыстарындағы табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу» - 22.
Барлығы конференцияға секциялар бойынша – 144, пленарлық отырыс бойынша – 6 баяндама ұсынылды.
Конференция жұмысы секцияларда тәмамдалды, мұнда қорытындылар шығарылып, барлық қатысушыларға конференцияға қатысқандарын растайтын сертификаттар, ал үздік баяндама авторларына алғыс хаттар берілді.
Конференция нәтижелері бойынша «Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2016» материалдар жинағының басылып шығарылуы жоспарлануда.
Жинақ оқытушыларға, студенттерге, оқу мекемелерінің оқушыларына, табиғат қорғау және зерттеу ұйымдарының мамандары мен ғылыми қызметкерлеріне, сонымен қатар, білім берудегі аймақтандыру мәселелерімен және ШҚО экологиялық проблемаларды шешумен айналысатын, қызығушылықтары бар барлық мамандарға арналған.
Мақала авторларының ғылыми-экологиялық және педагогикалық қызметтерінің нәтижелері білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінде арнайы сабақтарды, ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шараларды даярлау мен өткізу кезінде практикалық пайдалану келешегі бар экологиялық-аймақтық бағыттылықтағы инновациялық мәнге ие.
Ақпаратты дайындаған: Темиргалиева Г.Н.
Өскемен қаласы әкімдігінің «ОЗ Экобиоорталығы»
директорының ТЭЖ жөніндегі орынбасары
Достарыңызбен бөлісу: |