ПОӘК 042-18-16.1.28/03-2013
|
Баспа № 1 13.09.13
|
беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-18-16.1.28/03-2013
|
«ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ» пәнінің оқу-әдістемелік материалы
|
Баспа № 1 13.09.13
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В050300 «Психология» мамандықтарына
Семей
2013
Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Г.Абдуллина
“___13___” _____09_____ 2013 ж.
2. ҚАРАЛДЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
Хаттама №___1___ «_13_»___09_____ 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Т. Кунслямова
2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №___1___ «_17_»___09_____ 2013 жыл
ОӘБ төрағасы___________________ Ш.Кенесбаева
3. БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №__1____ «_18_»___09_____ 2013 жыл
ОӘК төрағасы_________________ Г.Искакова
4. Баспа № 1 13.09.13
Мазмұны:
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық және лабораториялық сабақтар
Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
Студенттің өздік жұмысы
ГЛОССАРИЙ
Еңбек - адамзат іс әрекетінің тарихи қалыпты түрі.
Профориентация - кәсіби бағдар
Адаптация - бейімделу, кәсіби бейімделу.
Консультация - кәсіби кеңес беру
Кәсіптік бағдар - білім берудің жеке сала
Әлеуметтік қызмет - қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау тұрғысынан қарау.
Экономикалық қызмет - жұмыс өнімділігі мен кәсіби ынтасын арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу
Психологиялық-педагогикалық - қызмет жеке бастың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мамандық таңдау кезінде оларға көмек көрсету
Медициналық-физиологиялық қызмет - жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы қызметті жүзеге асырудағы көмектесі.
Кәсіптік ағарту - кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын, түсінігін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру
Кәсіптік таңдаудың қызметі - адамның белгілі бір түріне жарамдылығын анықтау
Профессиографиялық зерттеу - берілген еңбек түрінің кәсіптік сипатын көрсету үшін оқушының белгілі бір кәсіпті өз бетінше әр қырынан үйренуі
Қабілет - іс -әрекетінің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін жеке адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы
Интеллектуалды қабілет – ақыл-ойдың айқындығы, логикалылығы, тереңдігі, кеңдігі, алғырлылығы, сыншылдығы.
Мотив (ниет) - белгілі бір іс-әрекетке итермелеуші күш.
Қажеттсіну - адамды белсенді іс-әрекетке келтіретін күш
Іс-әрекеттің мақсаты – іс-әрекеттің болашақ нәтижесін алдын ала санада болжау.
Интериолизация - сыртқы нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке ауысуы
Экстериолизация - сырты заттасқан әрекетті әрдайым ішкі психикалық әрекеттің тысқы көрінісі.
Саналы іс-әрекеттің бірінші формасы - қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, болжау сананың ең алғашқы көрінісі.
Эргономика - еңбек әрекетіндегі адамды зерттейтін ілім.
«Эргатикалық» дегеніміз берілен эргатикалық системаларды анықтайтын кез келген функция
Ф.Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ең алғаш ғылыми негізін жасады.
К.Моррель жылы ағылшын ғалымдар тобын ұйымдастырып «Эргономикалық қоғам» құрды.
ДӘРІСТЕР
№ 1- Дәріс
Тақырыбы: Еңбек психологиясы пәні және негізгі мәселелері
Сұрақтары:
Еңбек психологиясының пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі
Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары
Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы
Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы
Еңбек психологиясының пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі
Еңбек психологиясы – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясында адам белсенділігінің мәдени және әлеуметтік негізі ғылыми пәндер кешенінде қарастырылады. Еңбек психологиясы еңбек субьектісі-адамның дербес қасиеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына қажетті кәсіптік іскерлігі мен дағдыларын дамытып, жетілдіруді теоретикалық-методологиялық, психофизиологиялық және психологиялық тұрғыда зерттейтін кешенді пән. Еңбек психологиясының басты міндеті – маңызды еңбекті болдыру мен адамға тиімді мотивацияны қалыптастыруға көмектесу мен зерттеу. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.
Еңбек психологиясының мақсаты - әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал – аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.
Еңбек психологиясының қалыптасып даму деңгейлерін келесі мәселелерден анықтауға болады:
психология ғылымының жас шағы (1879ж Лейпцигте В.Вундтың ең алғаш эксперименттік психологиялық лабораториясының ашылуымен есептелінеді);
жалпы белгіленген білімдердің кең аумағының жетіспеушілігінен (П.Я.Гальпериннің «жестокого каркаса» білімі);
қоғамның динамикалық дамуы және ғылыммен тығыз байланысы, әлеуметтік ұсыныстардың тарихи ерекшеліктері; материя қозғалысының жоғарғы формасы психиканың обьективті қиындығы ретінде.
Теориялық білім жүйесінің эволюциясы негізінде еңбек психологиясы қалыптасты. Зерттеуші ғалымдар еңбек адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі мен ең негізгісі және еңбек психологиясы еңбектің ғылыми кешені деп бағалаған.
Е.А.Климовтың пікірі бойынша еңбектің психологиялық білім жүйесі ретінде қалыптасып дамуы, еңбек субьектісіне еңбекқорлық және іс-әрекеттік қасиеттерге итермелейтін күшінде, еңбек психологиясы өз қалыптасуындағы обьективті қиындықтарды жеңіп, ғылыми пән ретінде құрылуы керек және ол қосымша ғылым ретінде қаралмауы керек деген. Сондықтан Е.А.Климов «практикалық міндеттердің қызметтері мен ғылыми әдістердін жолдарын шешетін, еңбек шарттарын зерттейтін адамды еңбектің субьектісі әрі қалыптастырушысы» ретінде еңбек психологиясының ғылыми пәніне «ядро» ұсынды. Пәннің обьектісі - адам еңбектің субьектісі. «Субьект» түсінігінде адам сырттан берілген қатынастардың «орындаушысы» ғана емес, материалдық өмірдің, әлеуметтік орта мен қарсыласатын заттар обьектісін, қатынастарды белсенді ұйымдастырушысы ұғымы кіреді.
Е.М. Иванов еңбекті «іс-әрекет» түсінігі ретінде қарастырады. Адамның негізгі іс-әрекет түрі әлеуметтік жоспарланған, ойланып істелінген, мақсатқа бағытталған еңбегі деген пікірді ұсынған. Н.С.Пряжников бойынша: «еңбек психологиясының пәні- еңбек субьектісі, яғни өндірістік іс-әрекет шарттарына дағдылы рефлекстік түрде қолынан келетін қабілетті жұмысшы».
Еңбек феноменінің обьектісі мен пәнінің негізі ретінде XIXғ. ортасы мен - XX ғасырдағы еңбектің философиялық, экономикалық, мәдени және психологиялық анықтамасын қарастырамыз. Еңбек тұтастай алғанда психологиялық емес, әлеуметтік категория. Өзінің жалпы заңдылықтары бойынша психологиялық емес, жалпы ғылыми пән. Сондықтан еңбек әрекеті тек қана психологияның пәні бола алмайды, еңбек әрекетін тек психологиялық құрылым жағынан ғана ала алмаймыз. К.Маркс еңбекті классикалық сипаттама жағынан оның маңызды психологиялық ерекшеліктерін: «Еңбек табиғат пен адам арасындағы процесс, зат алмасуды бақылайтын, қорландыруды реттейтін, өз іс-әрекетін басқаратын процесс» деп бөліп көрсетеді. Еңбектің соңында нәтижесі болады. Адам тек табиғат берген нәрсенің формасын ғана өзгертіп қоймай, еңбек әрекетіпің сипаты мен тәсілдерін анықтайтын заң іспеттес және өз еркін соған бағындыратын саналы мақсатын іске асырады.
Еңбек психологиясының обьектісіне еңбек іс-әрекетінің субьектісі - адамның әлеуметтік белсенділігінің сапасы мен еңбектің тарихи жалпыланған формасы кіреді. Еңбек психологиясының пәні адамның еңбек іс -әрекетінде туатын психологиялық фактілер (процесстер, жағдайлар, қасиеттер) мен заңдылықтарды да қарастырады. Адам өмірінің көп уақытында еңбек іс-әрекеті доминантты бөлігін алады. Еңбектің адамның тұлғалық дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен негізгі еңбекке дайындығы, бейімделу кезеңдері, кәсіптік жетілуі мен кәсіптік карьерасының аяқталуы сияқты мәселелер де еңбек психологиясында қарастырылады. Заманауи шарттарда еңбек субьектісі жеке жұмыс күшін тасушы жұмысшы индивид, субьект және дербес тұлға ретінде адамның дамып қалыптасуы қарастырылады.
Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары. Іс-әрекетті базалық категория ретінде анықтап, кеңес психологиясы адам еңбегін негізгі іс-әрекет түрлерінің ойын мен оқытуды іс- әрекет амалдары, еңбек, ойын, оқу, оқыту- іс-әрекет субьектісі деп қарастырады. Іс-әрекет әрқашан қоғамдық қатынастар жүйесінде енгізілген. Оның мәні материалдық құралдар мен жандық қатынастар формасымен анықталады.
Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың алға шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арсындағы қоғамдық қатынастар мен жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне – бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп өндірістік қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттарының бірі – еңбек. Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.
Іс-әрекет сілтемелері бірден антропогенездің, онтогенездің, субьектогенездің шарттары бірі болып қатысады. Ол жеке адамның онтогенез процессі кезіндегі адамдардың психикасының қалыптасуы мен көрінуімен анықталады. А.Н.Леонтьевтің жалпы анықталған іс-әрекет концепциясы «іс-әрекет теориясы», ал кейіннен «іс-әрекет амалдары » болып табылады. Еңбек психологиясында іс-әрекет амалдары көп жағдайда көп сұрақтардың өңделіуінің методологиялық негізі болып қатысады. А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет жүйе ретінде қаралады (реакциялар жиынтығы емес), қоғамдық қатынастарды қосатын, процесс ретінде ондағы субьект-обьект қосындыларының алмасуы болады. Адамның өміріндегі қоғамдық шарттары оның іс-әрекетіндегі мотивтер мен мақсаттары, оның құралдары мен амалдары: жалпылай индивидтің іс-әрекетінде көрініс табады. Психологияда іс-әрекет өзінің ерекше қызметімен – «субьектінің заттық іс-әрекеті және оның субьектілік формасы айналуына қызметі» ретінде қаралады.
Іс-әрекет түсінігі «іс-әрекет пәні оның әрекет етуші мотивтері» деген мотив түсінігімен байланысты. Іс-әрекет дамуы әдетте іс-әрекет нақтылығымен анықталады, саналы түрде мақсатқа итермелеуші күш-мотив арқылы орындалады. Жалпы, психологиялық талдау жеке іс-әрекет критерилерін қозғаушы күштері бойынша белгілейді. Кейіннен саналы мақсатқа бағынатын әрекет – процесстер белгіленеді. Соңында, тікелей мақсатқа жету шарттарына байланысты операциялар. А.Н.Леонтьевтің ойынша іс-әрекеттің ішкі қатынасын, оның білімділігін, дамуын сипаттаушы берілген макроқұрылым анықталады.
С.Л.Рубинштейн концепциясы қиын байланыс схемаларның компоненттерінен тұрады: «қозғалыс- әрекет-операция-амал», субьектінің мақсаттары, мотивтері мен іс-әрекет шарттарынан құралады. Адамның арнайы әрекеті еңбек іс-әрекетінің актісі ретінде еңбекте қалыптасты. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттер жиынтығы белгілі бір еңбек іс-әрекетінің түрін құрайды. Еңбек іс-әрекеті нақты өнімді шығаруға бағытталған іс-әрекет болғандықтан, адамның әрекеті ылғи нақты нәтижеге бағытталған. Бірақ сол немесе басқа да әрекет көптеген әр түрлі нәтижелер бере алады, олардың бірқатары ырықсыз және әдейі шығарылмаған, бірақ адам іс-әрекеті еңбектік одан саналы іс-әрекет болғандыктан, осы нәтижелердің біреуі әсер ететін субьектінің тікелей саналы түрде ұғынылған мақсатты іс-әрекет саналы болып табылады. Адам әрекетінің саналы, мақсатқа бағытталған сипаты оның спецификалық бейнесі болып табылады. Бірақ мақсат қанша маңызды болса да, оның бір өзі әрекетті анықтауға жеткіліксіз. Мақсат орындалу үшін оны іске асыратын шарттарды есте сақтау қажет. Мақсаттардың шарттарымен арақатынасы міндетті анықтап, ал ол әрекетпен шешілуі тиіс. Мақсатқа бағытталған адамдық әрекет мәні бойынша міндеттерді шешу болып табылады.
Осы шарттарға қатынас мақсат қатынасына сай келіп, әрекеттің ішкі психологиялық мазмұнын құрайды. Ішкі психологиялық процесстер адамда сыртқы әрекетті көрсететіндіктен, тек ішкі емес, сыртқы әрекет туралы да айтуға негіз бар. Еңбектің психологиялық белгілерін Е.А.Климов төменде көрсетеді:
әлеуметтік маңызды нәтижеге саналы таңқалу. Себебі іс-әрекетті еңбектік деп айтуға болатындай, таңқалушы қайраткерге нәтиже ойша үлкен топ адамдарына маңызды позитивті, яғни әлеуметтік маңызды болу керек;
әлеуметтік бекітілген мақсатқа саналы міндеттермен жету. Іс-әрекет субьектке міндетті ғана емес, сонымен қатар орынды болған жағдайда ғана ол еңбекке айналады;
іс-әрекет құралын саналы таңдау, қолдану, жетілдіру немесе құралдарды құрастыру. Бұлар білім шарттарының шектелуі мен мүмкіндіктер кезінде қоғамда енгізілген ережелерге сәйкес қолдану;
өндірістіке байланысты тұлғааралық қатынастарды сезіну. Адам еңбек субьектісі ретінде қоғамдық өндірістік анықталған өнімдер мен әлеуметтік жағдайлар стадиясында қатысады. Сәйкесінше, оның маңызды еңбек белсенділігі болып әртүрлі этаптағы өндірістік тауарлар немесе жағдайлар оның әлеуметтік қатынастары ретінде көрінеді.
Сол себепті еңбек әрқашан іс-әрекет болып табылады, бірақ барлық іс-әрекет еңбек болып табылмайды. Еңбек ешқашан іс-әрекеттің кәсіптік сапасы болып көрінбейді (мысалға, қоғамға пайдалы еңбек, балаға, ауруға қарау еңбегі ), ал кәсіптік іс-әрекет әрқашан еңбек болып табылмайды (нолдік нәтижелі әлеуметтік іс-әрекет).
Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы. Е.А.Климов еңбек психологиясының аралас пәндермен байланысын сипаттай келе, психологиямен тығыз байланысты үш ғылыми категорияны көрсетеді:
еңбек экономикасы, әлеуметтік еңбек, еңбек физиологиясы, еңбек гигиенасы, медицина саласына байланысты кәсіби аурулар мен еңбек қабілеттілігінің экспертизасын зерттеу, кәсіби педагогика;
техникалық пәндер, теория пәндері болып табылатын, машиналар мен приборларды санау мен құрастыру, бір сөзбен- еңбек процесссін жабдықтыратын құралдар.
еңбек іс-әрекетінің обьектісі болып табылатын аймағы - биологиялық, техникалық, белгілік, әлеуметтік жүйелер, өнер.
Е.А.Климов ғылыми түсінік жүйесіне «психологиялық емес шындық» көрініс табатын бірнеше мысалдар келтіреді.
Философиялық және саяси экономия: еңбек субьектісі, еңбек обьектісі, еңбек құралдары, еңбек процессі, қажетті еңбек және т.б,
Әлеуметтік еңбек: еңбек адамды және қоғамды қалыптастырушы процесс ретінде, қоғамдық еңбек функциялары, кәсіп таңдаудағы әлеуметтік факторлар, еңбек техникалық прогресс шарттарында, еңбекке қатынас.
Еңбек экономикасы: еңбек ресурстары, өздірістік, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті қалыптандыру, еңбек ақысы, еңбекті жоспарлау.
Еңбек заңдылықтары: еңбек келісімі, жұмыс уақытының жалғасуы, отпуск, міндеттер, ережелер, әр категориядағы жұмысшылардың льготасы, жұмысшылар мен қызметшілердің міндеттері, кәмелетке толмағандардың құқықтары, еңбек дауларының процедуралары.
Физиология, еңбек гигиенасы, өндірістік санитария: еңбек демалысы мен режимі, жұмысқа қабілеттілік, жұмысқа қабілеттілік динамикасы, еңбекке күш салу, шаршау.
Кәсіби педагогика мен еңбекті оқыту педагогикасы: еңбекке тәрбиелеу, еңбектік оқыту, өндірістік оқыту, қатысушылардың еңбекке дайындығы.
Адам іс-әрекеттің белсенді субьектісі ретінде, нақты өзін еңбек субькетісі ретінде әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ерекшеліктерімен тек еңбек психологиясында көрсетіледі.
Адамды іс-әрекет субькетісі ретінде қарайтын психологиядағы ғылым жүйесінің орны. Б.М.Кедров пен Ж.Пиаже өздерінің классификацияларында (гуманитарлық, нақты, табиғи) «үшбұрыш ғылымдар» шеңберінде психологияны араластырады. Б.Г.Ананьев, М.Бунге, Б.Ф.Ломов, Ж.Пиаже өздерінің жүйелеулерінде психология қызметі мен статусын жүйелік ғылымда жағдайды анализдейді. Мысалға, Б.Ф.Ломов бойынша психологияның дифференцациясы басқа ғылымдармен байланысын анықтайды:
1) қоғамдық (әлеуметтік психология арқылы және онымен байланысты салалармен); 2) табиғи (салыстырмалы психология мен психофизиология, психофизика арқылы); 3) медициналық (патопсихология, медициналық психология, нейропсихология және психофармокология арқылы);
4) педагогикалық (даму психологиясы, педагогикалық психология, арнаулы психология арқылы);
5)техникалық (инженерлік психология арқылы). Жалпы психология, философия мен математикамен тығыз байланысты.
Еңбек психологиясының психологияның басқа салаларымен байланысын, көп жағдайда әлеуметтік тәжірибедегі себепті сұраныстарды хронологиялық схема түрінде, оның қалыптасу процессі кезіндегі мазмұнын көрсететін пәндерді келтіруге болады.
Ғылыми пән Пайдаланушы психологиясы
интеграциясының Әсер ету психологиясы
кеңістігі Акмеология. Мамандық психологиясы
Дамуды ұйымдастыру психологиясы
Әлеуметтік техникалық амал
Жүйелі техникалық амал
Экстремалды жағдайдағы іс-әрекет психологиясы
Авиациондық психология. Космостық психология
Эргономика. Эргодизайн. Мамандық психологиясы
Инженерлік психология
Басқару психологиясы
Әлеуметік психология
Еңбекке оқыту педагогикасы
Кәсіптік оқыту және даярлау
Әлеуметтік еңбек. Еңбек гигиенасы. Өндірістік санитария
Дифференциалдық психология.
Кәсіби кеңес беру
Психометрика. Психодиагностика
Тестология. Педология
Психотехника
Еңбек туралы заңдылық. Эксперименталды психология
1870-1910 1930 1950 1970 1990
Психотехника Еңбек психологиясы, Ұйымдастыру психологиясы
(индустриялық, инженерлік психология мен еңбек психологиясы.
өнеркәсіп психологиясы)
Пәндер атауы мен әр түрлі даму кезеңдері
Сурет: Әлеуметтік тәжірибе ұсыныстары, еңбек психологиясының басқа аралас пәндермен хронологиялық және қызметтік байланысы.
XIX ғасырдың басында Ф.Тейлор, Г.Мюнстернберг, В.Штерн, А.Бине және т.б. жұмысшылардың маңызды табыс сапалығын бағалайтын тестология, эксперименталдық әдістерді қолдануының негізін қалаған. Бұл ойлар бастауыш мектептерде кадрларды (педология ) дайындайтын бірініші кезең ретінде де тарады. Адам қасиеттерінің тұарақтылық мәселесін ғылыми зерттелуі, психометрика, психодиагностика, дифференциалды психология, ал кейінен дифференциалды психофизиканың, психогенетика сияқты пәндердің дамуын белсендірді. Кешенді амалдың қажеттілігін түсініп 1920-1930 жылдары әлеуметтік еңбек, еңбек гигиенасы, өндірістік санитарияның қалыптасуына алып келді. Осыған медициналық білімі бар (В.М.Бехтеров, Н.А.Бернштейн, А.А. Богданова) сияқты ресейлік ғалымдардың үлесі зор.
1930 жылдардағы басқарудағы дағдарыс және экономикалық депрессия өндіріс пен адамдарды басқаруға, әлеуметтік - психологиялық факторларға көңіл аударылды, сондайақ әлеуметтік - психологиялық басқарудың дамуын жеделдетті. Екінші дүниежүзілік соғыс адамдардың экстремалды жағдайдағы техниканы басқара алуындағы көп мәселесін жасырды. Біріншіден ол авиацияға байланысты, флоттарға кадрларды дайындауға қатысты ғылыми-тәжірибелік міндеттердің нақтылығы инженерлік психологияның қалыптасуына алып келді. Осы пәннің дамуы мен кешенді арнайы міндеттердің қалыптасуының арқасында 1950-1970 жылдары одан авиациялық және космостық психология бөлініп шықты.
1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революцияның арқасында адамдардың техникаға бейімделуіне, жаңа жұмыс орындарының қызметтік ерекшеліктеріне, жұмыс бригадаларының құрылуы пайда болды. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің «эргон» - жұмыс және «номос» - заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді, оның психолгиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық құрал – жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сипаты зерттеледі.
Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы. Қазіргі еңбек психологиясының бірінші атрибуты ретінде- белсенді революцияна санасақ, екіншісін- методикалық еркіндік кезеңдерінің жаңа методологиялық қабілеттіліктерін меңгеру, жаңа кеңістікке, жаңа өлшемге шығу қабілеті, жаңа міндеттер класын шеше алатын қабілеті деп есептейміз.ьПәнаралық матрицаның негізгі компоненттері болып:
-символдық обобщения- көріністер мен қатынастар ғалымдармен сенімсіз және келісімді қолданылады;
-метафизикалық парадигмалар- сапалы шешім қабылдауға көмектесетін., спецификалық моделдердегі сенім;
-құндылықтар- бірлікті қалыптастырушы.
Ғылымдағы жалпы салыстырмалы дамуды теоретикалық білімді ұйымдастырудың ғылыми пәнін қарастырамыз. Оны атақты кеңес методологының ғалымы В.С.Степинаның құрылымы арқылы қарастырамыз. Жалпы ғылыми білімнің құрылымын бірнеше иерархиалық деңгей арқылы белгілеуге болады: белгіленген бақылау- эмпирикалық фактілер, һ-теоретикалық білім. Сонымен қатар, теоретикалық білім спецификалық құрылымнан тұрады: фундаментальды және арнайы теоретикалық схемалар, арнайы және негізгі заңдылықтар, идеалды обьектілер, ғылым негізі. Идеалды обьектер екі түрлі болады: эмпирикалық обьектер өзарсында абстрактілі болып келеді. Теоретикалық обьектілер, эмпирикалық обьектілерге қарағанда идеалданған болып келеді.
Теоретикалық обьектілердің байланысы арқылы ғылыми спецификалық теорияда фундаментальды теоретикалық схемаларды анықтайды. Теоретикалық заңдылықтардың тұжырымы теоретикалық құрылым (абстартілі обьектілер) жүйесі негізінде анықталады. Заңдылықтар - шындыққа сай келетін тұрақты байланыстар, оларды анықтауға, түсіндіруге, ойластыруға келетін ашылулар. Олар анық теория аясында қалыптасады. Теориялар - заңдылықтар мен қалыптасқан қаситтердің заттық мәнін анықтауда қалыптасатын, гипотеза негізінде құралады. Гипотеза ғылыми қасиеттер мен байланыстарға қатысты сөйлемдер. В.С.Степин ғылымдар негізін бейнелейтін маңызды компоненттерді келесідей көрсеткен:
1) өмірдің ғылыми суреті (пәнаралық онтология);
2) ғылыми танымның идеалдары мен қалыптары;
3) ғылымдардың философиялық негізі.
В.С.Степинаның теоретикалық білім құрылымы концепциясына қосымша ретінде кеңес психологиясында, оның салалары шегінде ғалымдар ғылыми методологияның төрт деңгейін көрсеткен:
1) Жалпы методология – зерттелушіден қабылданатын бірнеше жалпы философиялық амалдар, жалпы түсіну тәсілдері (мысалға, диалектикалық және тарихи материалдар, жүйелі амал). Философиялық методология білімнің қалфптасуы болып табылады.
2) Жалпы ғылыми принциптер мен зерттеу формалары- қазіргі ғылыми білімның аймағын өзіндік көрсететін, методологиялық рефлексияның деңгейі. Бұл деңгейге жалпы ғылыми концепциялар мазмұны жатады (теортикалық кибернетика, ноосфера концепциялары т.б), универсалды концептуалды жүйе (А.А.Богданова тектологиясы, П.К.Анохинның функционалды жүйе теориясы), өзіндік методологиялық немесе локиго-методологиялық концепциялар (білім туралы құрылым, әлеуметтенудағы жүйелі-құрылымдық талдау, жүйелі талдау, логикалық талдау).
3) Тура ғылыми методология- берілген аймақтағы методологиялық білім мен методологиялық принциптердің обьект класстары мен міндеттерінің шектелуінің спецификалық қолдануы.
4) Зерттеу әдістері мен техникасы- ақпараттар жиынтығын қолдануын қалыптастырады, ақпараттар жиындығы процесін талап ету. Бұларға Кеттелдің 16-факторлық стандартты тесті немесе, белгісіз жануардың суретін қолдануға болады.
Еңбек психологиясына тән негізгі парадигамалардың сипатын көрсетуге болады: пәндердің заттық ерекшеліктерден тығыз байланыстылығы, адам еңбегінің құралдары мен шарттары; пәндердің тез даму қабілеттіліктері, басқалармен араласуы, әлеуметтік ұсыныстарға сәйкес нақты және қоғамдық ортадағы тәжірибеге бағытталған дамудың өзіндік амалдарының дифференциалануы; ғылыми және тәжірибе мәселелерін шешуге басқа ғылым өкілдерінің белсенді енуі (медецинаның, физиология, әлеуметтену, техниканың). Өкінішке орай, қазіргі кезде еңбек психологиясының контуры – еңбек ғылымының кешені ретінде ғана анықталады. Қазіргі еңбек психологиясның жағдайы, 1990 жылдардағы шетелдегі дамуы тез өзгерді (уақытша тоқтатылуына, дағдарсы, тәжірибе байланысының үзілуімен, жаңа методологиялық критерилердің еңгізілуімен, методикалық этолондар мен мамаман-тәжирибеші эталондарынынң өзгеруінен болды).
Барлық осы беталыстар пәннің өткені, келері, болшағына әсер етеді. Т.Кунның енгізген парадигама түсінігі бізге қазіргі еңбек психологиясының бастапқы талдау жағдайын адекватты түсінуге алып келді. Пардигма түсінігі кең мағынада – әртүрлі түрдегі шешілетін міндеттердің тарихи жинақталған көрінісі, оның мәнін анықтаудағы, методологиялық амалдардың қолданылуы, этикалық дәстүр мен тарихи практикада қолдану.
Еңбек психологиясында эмпирикалық обьектіні анықтауға болады (еңбек, субьект, мамандық, еңбек посты, жұмыс орны). Бұл типке барлық сыртқы көрсеткіштер ретіндегі, физикалық шынайылылық, барлық шындықтар мен пәндерден басталған барлық түсініктер енеді. Бірақ өзінің даму процессі кезінде бұл зерттеулер басқа типке, теоретикалық обьектіге өзгерді (кәсіби қажеттіліктер, маңызды кәсіби сапалар мен кәсіби оқыту). Теоретикалық обьектілер психологияның концептуалды схемасында өзінің табиғатына тән басқалармен байланыстырылады. Мысалға, басқа елмен байланыс, физикалық шындық (еңбекке қабілеттілік, өндірістік, травматизм, сәтсісдік) үшін, басқаша- психологиялық абстракция (қажеттілік, компетенттілік, дағды).
Еңбек психологиясының жалпы әдістері өте күрделі және олар өндірістік жаңа білімдермен герменевтикалық әдіске негізделуге ұмтылуда.
Герменевтикалық әдістің психологиялық модификациясы
Биографиялық әдіс
әрекет нәтижесін талдау
психоаналитикалық әдіс
Еңбек психологиясы әдістерінің мәселері жекелеген жағдайларда еңбек етуші адамның сана – сезіміне үстемдік етуде туындайды, еңбек етуші адамның мамандық саласында орын тауып, өзін - өзі анықтау үшін көрсетілетін психологиялық көмек бейімделу жолдары:
өндірістік – бейімделу (техникалық - бейімделу) деңгейі. Негізгі мақсат адамға өндіріс құралына қатысты салаларға тезірек бейімделуге көмектесу.
әлеуметтік – бейімделу деңгейі, мақсаты – еңбек ортасында табысқа жетуіне әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу.
мақсатты- құндылықтың деңгейі, мақсаты – жеке өмірі мен мамандық саласында өзін-өзі бағдарлай алуына, өз орнын табуына, тірлігі мен кәсібінің мәнін – мазмұнынтүсінуге көмектесу.
№ 2- Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |