Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.
Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.
1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.
Жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялар мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
| Дебет | Кредит |
1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден аударылуға жататын жолдағы ақшалай қаражаттар
|
1030
|
1210,2110
|
2. Почта бөліміне есеп беруге тиісті тұлғамен өткізілген табыс, бірақ әлі ағымдағы банктік шотқа аударылмаған
|
1030
|
1250
|
3. Кассадан жіберілген, бірақ әлі мақстаы бойынша түспеген ақшалар
|
1030
|
1010
|
4. Еншілес, ассоцирленген ұйымдардың жолдағы ақшалай қаражаттары
|
1030
|
1220, 1230
|
5. Жолдағы аванс түріндегі ақшалар
|
1030
|
3510, 4410
|
6. Жолдағы ақшаларды алу
|
1010,1030
|
1030
|
3. Ақшалай қаржылардың түгендеуі
Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.
4. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен – жойылуы көрсетіледі.
Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
Шаруашылық операциялар мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
|
Дебет
|
Кредит
|
1. Сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді
|
1210,2110
|
6010
|
2. ҚҚС есептелді
|
1210,2110
|
3130
|
3. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құны қажетсіздендірілді
|
7010
|
1320
|
4. Сатып алушылардың қарызын қамтамасыз етуде вексель алынды
|
1280, 2180
|
1210, 2110
|
5. Вексельдік процент есептелді
|
1270, 2170
|
6110
|
6. Ағымдағы банктік шотқа алынды
|
1030
|
1210, 2110,
1280, 2180
|
7. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді
|
3130
|
1030
|
1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.
Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.
Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
5. Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі
Еншілес ұйым бас компанияның бақылауындағы ұйым болып табылады.
Тәуелді ұйым инвестордың ықпалынан тәуелді болады және оның еншілес емес, бірігіп бақыланатын заңды тұлға да болмайды.
Еншілес (тәуелді) серіктестердің қарыздарын есепке алу үшін 1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары" және 1230“Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары", 2120 "Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" және 12130 “Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" шоттары арналған.
Бұл шоттарында еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі.
1220, 1230 шоттарда еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен ағымдағы есеп айырысудың барлық түрлері жөніндегі ақпараттар жинақталып қорытылады (балансаралық есеп айырысу). Бұл шоттар-негізгі, активті, күрделі; әрбір еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдар бойынша талдамалық есеп осы шоттардың көмегімен тізімдемелерде немесе машинограммада жүргізіледі. Кредиттік айналымдары №11 журнал-ордерде тіркеледі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
Шаруашылық операциялар мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
|
Дебет
|
Кредит
|
1. Сатылған негізгі құралдар үшін еншілес ұйымдарға шот көрсетілді
|
1220
|
6210
|
2. ҚҚС есептелді
|
1220
|
3130
|
3. Ағымдағы банктік шотқа еншілес ұйымдардан алынды
|
1040
|
1220
|
4. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді
|
3130
|
1040
|
6. Кәсіпорын жұмыскерлерінің дебиторлық қарыздар есебі.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің және басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздары туралы ақпараттарды бейнелеу үшін 1250 “Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары” және 2150 “Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шоттары арналған. Шоттың дебеті бойынша есеп беруге тиісті сомалар, жұмыскерлерге көрсетілген займдар, материалдық шығынды өтеу сомалары көрсетіледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалар деп іс-сапар шығындарына немесе шаруашылық шығындарға ақшалай аванстар алған кәсіпорын жұмыскерлерін айтады. Нақты ақшаны кәсіпорын жұмыскерлері алдын ала берілген аванстар және пайданылмаған сомаларды кассаға тапсыру бойынша есептерді көрсеткеннен кейін алады.
Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.
Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.
Қызмет бабымен іс-сапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іс-сапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады.
Жұмыскерлердің қарыздары есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
Шаруашылық операциялар мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
|
Дебет
|
Кредит
|
1. Кассадан есеп беруге тиісті сомалар берілді
|
1250,2150
|
1010
|
2. Іс-сапар шығындары қажетсіздендірілді:
- әкімшілік басқару персоналдарына
- өнімдерді сату сферасы жұмысшыларына
- құрылыс жұмысшыларына
- цех персоналдарына
|
7210
7110
2930
8410
|
1250,2150
1250,2150
1250,2150
1250,2150
|
3. Есепті сомалар есебінен алынды:
- материалдық емес активтер
- материалдар
- тауарлар
- негізгі құралдар
- ҚҚС сомасына
|
2730
1310
1330
2410
1420
|
1250,2150
1250,2150
1250,2150
1250,2150
1250,2150
|
4. Кассаға ақшаның қалдығы өткізілді
|
1010
|
1250,2150
|
5. Еңбек ақыдан есепті сомалар немесе зиян сомасы ұсталды
|
3350
|
1250,2150
|
1250, 2150 шоттарының кредиттік айналымдары №7 журнал-ордерге тіркеледі.
7. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі
Алдағы кезең шығындарының есебі дегеніміз есеп беру кезеңінде шығарылған бірақ келесі есеп беру кезеңінің шығындарына жатқызылатын шығындар. Оларға:
алдын-ала төленген сақтандыру сомалары,
келесі кезеңге жазылған газет-журналдар және басқа да ақпарат құралдарының құны,
жалдық төлемдер,
маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары
алдын-ала төленген телефон төлемдері,
коммуналдық төлемдер және т.б.
Алдағы кезең шығындарының есебі 1620, 2920 шоттарында жүргізіледі.
Мысалы, 15.11.2006 жылы кәсіпорын 2007 жылға басылымға 96000 теңге төледі. 96000 теңге төленгенімен, ол ағымдағы 2006 жылдың шығындары ретінде танылмайды, өйткені қызмет 1.01.07- 31.12.07 аралығында көрсетіледі.
15.11.06 жыл
Дебет шот 1620 96000
Кредит шот 1040 96000
2007 жылы ай сайын қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей мөлшермен (1/12) келесідей жазбамен жойылып отырады:
Дебет шот 7210 «Әкімшілік шығындар»
Кредит шот 1620 «Алдағы кезең шығындары».
2007 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей үлеспен (1/12 бөлігі) алдағы кезең шығындарын 1620 «Алдағы кезең шығындары» шотының кредитінен 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының дебетіне қажетсіздендіріп отырады.
Жылдың соңына дейін барлық алдағы кезең шығындары бірдей мөлшерде есепті кезеңнің шығындары ретінде танылады.
1620, 2920 «Алдағы кезең шығындары» шоттарының кредиттік айналымдары №10 журнал-ордерде тіркеледі.
Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 1610 «Қысқа мерзімді берілген аванстар» және 2910 «Ұзақ мерзімді берілген аванстар» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттарда тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізуге, тапсырыс берушілерден олардың ішінара дайын болуына қарай қабылданған өнімдер, жұмыс және қызмет бойынша төлем жасауға берілген аванстар бойынша көрсетіледі. Аванс берілген жағдайда 1610, 2910 шоттары дебеттеледі және 1040, 1050 және т.б. шоттары кредиттеледі. Пайдаланылмаған аванстарды қайтару 1010, 1040, 1050 шоттардың дебеті және берілген аванстар есебі бойынша шоттардың кредитімен бейнеленеді.
Алдын ала берілген аванстар есебінен жабдықтаушылар мен мердігерлер қарызының азаюы 3310, 4110 шоттарының дебетімен және берілген аванстар шоттарының кредитімен көрсетіледі.
8. Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі.
Күдікті қарыздар бойынша резервтер қайтарылуы сенімсіз берешек дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты болуы мүмкін шығындарды жабу үшін жасалады. Қорларды есепке алу 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер” шотында жүргізіледі.
Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар есептеледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеудің деректерінің негізінде жасалады. Ұйым күдікті қарыздар бойынша резервтерді басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалармен есеп айырысу арқылы жасайды.
Резервтерді құру келесі шоттар байланысымен бейнеленеді:
Дебет шот 7440 «Резервтерді құру және сенімсіз талаптарды жою бойынша шығындар»
Кредит шот 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер”.
Баланстан дебиторлық қарыздарды қажетсіздендіруде 1290 шот дебеттеледі және 1210, 2110, 1280, 2180 шоттар кредиттеледі. Резерв сомасын корректировкалауда ресерсивті жазба жасалады: Дебет шот 1290 Кредит шот 7440.
Салыстыру принципі күдікті дебиторлық қарыздардан зияндар стау болған кезеңде мойындалғандығын талап етеді.
Күдікті талаптарды бағалаудың екі әдісі бар:
Таза сатудан несиеге пайыз әдісі;
Төлем мерзімдері бойынша дебиторлық қарыздар есебі әдісі.
Бірінші әдісте несиеге таза сатудан және күдікті талаптардан зияндар арасындағы қатынастың орташа пайызын анықтайды, содан кейін осы пайызды күдікті талаптардың шамасын анықтау үшін есепті кезеңдегі іс жүзіндегі таза сатуға қолданады.
Мысал.
«Аяжан» компаниясында 31.12.05 ж. шоттарда келесідей қалдықтары бар.
(мың теңге)
-
Тауарларды сатудан табыс
|
900 000
|
Сатылған тауарлардың қайтарылуы
|
60 000
|
Сатулардан жеңілдіктер
|
7 000
|
Күдікті талаптар бойынша резерв
|
4 000
|
Өткен жылдарға келесідей мәліметтер бар болса:
Жылдар
|
Сатудан табыс
|
Күдікті талаптар бойынша жоғалтулар
|
%
|
2003
|
480 000
|
7 300
|
1,52
|
2004
|
495 000
|
10 700
|
2,16
|
2005
|
525 000
|
9 000
|
1,71
|
Барлығы
|
1 500 000
|
27 000
|
1,8
|
Бұдан 2006 жылға күдікті талаптар бойынша резерв сатудың таза құнынан 1,8 пайыз мөлшерінде есептеледі.
(900000 – 60000 – 7000)=149940;
Дебет 7440 149940
Кредит 1290 149940
Сонда 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер” шотында қалдық 153940 тең болады (4000+149940).
Екінші әдіс таза дебиторлық қарызға негізделген. Ол таза дебиторлық қарызды есептеу үшін 1290 шот бойынша қажетті қалдықты анықтауға мүмкіндік береді.
Алдымен алынуға тиісті барлық шоттар төлем мерзімі бойынша топтастырылады. Мысалы, «Аяжан» компаниясы алынуға тиісті шоттар бойынша келесідей мәліметтері болды.
(мың теңге)
Дебиторлар
|
Шоттар бойынша барлығы
|
Төлем мерзімді болған жоқ
|
Мерзімі өткен
|
1-30 күн
|
31-60 күн
|
61-90 күн
|
90 күннен жоғары
|
1.Нұр
|
1000
|
|
1000
|
|
|
|
2.Луч
|
300
|
|
|
300
|
|
|
3.Алия
|
2700
|
|
|
|
|
|
4.Ольга
|
4700
|
700
|
4000
|
|
|
|
5.Глория
|
1300
|
200
|
100
|
300
|
300
|
400
|
Жиыны
|
10000
|
900
|
5100
|
600
|
300
|
400
|
Төлемнің әрбір мерзімі үшін күдікті талаптардың болжанатын пайызы тағайындалады.
«Аяжан» компаниясы
Болжанған күдікті қарыздар
31.12.06
|
Сомасы, мың теңге
|
Күдікті болып табылатын қарыз пайызы
|
Күдікті талаптар бойынша резерв, мың теңге
|
1.Төлем мерзімі болған жоқ
|
900
|
2
|
18
|
2.Мерзімі өткен:
|
|
|
|
1-30 күн
|
5100
|
4
|
204
|
31-60 күн
|
600
|
9
|
54
|
61-90 күн
|
300
|
20
|
60
|
90 күннен жоғары
|
400
|
50
|
200
|
|
10000
|
|
536
|
Басқаша айтқанда, жалпы 10000 мың теңге жалпы сомадан 536 мың теңгеге қарыз төленбейді.
Егер 1290 шотта сальдо болса, проводка бермес бұрын, соны ескеруіміз керек:
а) 1290 шотта кредиттік сальдо 100 000 теңгені құрады, яғни күдікті талаптар бойынша шығындар 436 мың теңге сомасына мойындалады (536-100).
б) 1290 шотында 25 мың теңге сомасына дебеттік қалдық болды, оны болжанған күдікті қарыз сомасына қосылады және резерв 786 мың теңгені құрады (250+536).
Дебиторлық қарыздың мерзімі біткен соң баланстық шоттан «Төлем қабілеттігі емес дебиторлардың зиянына қажетсіздендірілген зиян» баланстық шотына қажетсіздендірілді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1.Ақша қаражаттарына не жатады?
2.Есеп айырысулардың қандай нысандары бар?
3.Кассадағы есеп айырысулар бойынша қандай құжаттар толтырылады?
4.Есеп айырысу шотындағы ақшалардың есебі қай шотта жүргізіледі?
5.Валюталық операциялармен есеп айырысулардың есебі туралы не айтасыз.
6.Ақша қаражаттарын түгендеу жүргізудің тәртібі қандай?
7. Дебиторлық борыштар деген не?
8. Дебиторлық қарыздардың қандай түрлері бар?
9. Күдікті дебиторлық борыштар туралы не білесіз.
10. Алдағы кезең шығындарына қандай шығындар жатады?
11. Берілген аванстардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |