Курстық жұмыстың тақырыптары студенттермен таңдалған соң, оқытушы ол тақырыпты сол студентке бекітеді. Одан соң студент тақырып бойынша жоспар жасап, оқытушымен әрі қарай жұмыс жасауға келіседі. Жоспар бекітілгеннен кейін студент курстық жұмысты жазуға кіріседі. Оқытушы студентке курстық жұмыстың мазмұны мен безендірілуі бойынша кеңес береді. Тақырыпты таңдау кезінде студенттің ғылыми және тәжірибелік қызығушылығына көңіл бөлінеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы студенттердің таңдаулары арқылы анықталды. Бірақ, бір тақырыпты топта тек бір студент таңдап ала алады, қайталауға жол берілмейді.
4.3 Курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар
Курстық жұмыс жоғары теориялық деңгейде жазылуы керек. Курстық жұмыс стандартты формат беттеріне жазылуы керек. Жұмыс машиналық жазба тәсілмен орындалады.
Курстық жұмыс электронды есептеу машиналарында орындалғанда Microsoft Win Wort (версия 6.0), KZ Times New Roman шрифтымен, №14 кегльда жазылуы керек. Жұмыс машиналық тәсілде 30-35 бет көлемінде болуы керек.
Курстық жұмысты жазғанда текст мына тәртіпте болады. Беттің сол жағында- 30 мм, оң жағында- 10 мм, жоғарғы жағында- 20 мм, төменгі жағында- 20 мм орын қалуы керек.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тараудың бірнеше бөлімдері болуы мүмкін. Тараулардың араб цифрымен жазылған реттік номері болады. Бөлімдердің де сәйкес номерлері тарау номері және нүкте арқылы көрсетіледі. Мысалы:
1.тарау аты
бөлім аты
бөлім аты
Әрбір тарау жаңа беттен басталады. Ал, бөлім аяқталғаннан соң екі жол қалдырып, қайтадан жалғастырылады. Жұмыстың әрбір беті толық болуы керек. Бос кеңестікке жол берілмейді. Курстық жұмыс тиянақты, мұқият жазылуы қажет.
Курстық жұмыстың материалы мына тәртіпте орналасады:
- титульдік бет;
- мазмұны;
- кіріспе, жұмыстың тараулары, қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Текстте цитаталар тырнақшаға алынады, беттің соңында қайнар көз көрсетіледі, (автор, жұмыстың аты, тарау, параграф, бет) сілтемелер номерлермен белгіленеді.
Текстте мемлекеттік стандарт пен қазақ орфографиясында рұқсат етілген сөздерден басқа сөздер қысқартылмайды. Сандық шамаларды ондық, жүздік мөлшерде дөңгелектеп жазуға болады.
Текстегі әрбір кестенің номері мен аты жазылады. Содан кейін ғана кесте сызылады. Кесте барлық жағынан шектелген.
Курстық жұмыстың беттері номерленеді. Титульдік бет, мазмұны, кіріспенің бірінші беті есептеледі, бірақ номерленбейді.
4.4 Курстық жұмыстың мазмұны
Курстық жұмыс мазмұнына сәйкес жасалады. Әрбір тараудың сұрақтары дәйекті қарастырылады.
Кіріспеде студент курстық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, тақырыптың өзектілігін екі-үш бетте жазады.
Бірінші тарау теориялық сипатта жазылады. Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбынан тәуелсіз түрде, онда қазіргі уақыттағы кәсіпорындағы ілгерлемелі қаржылық есепті ұйымдастыру, қаржылық құралдардың есебі, бизнасті біріктірудің сұрақтары қарастырылады. Материалды статистикалық анықтама деректерімен, монография, журнал статьялары және басқа да қайнар көздер деректерімен иллюстрациялауға болады.
Екінші тарау нақты бір тақырыптың өзекті түйінін ашуға арналады. Тақырыптың маңызды сұрақтары қарастырылады.
Үшінші тарауға қаржылық есепті жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылады.
Курстық жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болуы керек. Материалдар бір ізді баяндалып, біріншісінен екіншісіне логикалық түрде ауысып отырады.
Қорытындыда бүкіл жұмыс бойынша түйіндер жасалып, нақты ұсыныстар көрсетіледі. Олар жалпы сипатта емес жекелеген әрбір түрде болғаны дұрыс. Ұсыныстар орынды болғаны жөн. Енгізілген шаралардан болатын экономикалық тиімділіктің көрсетілуі жұмыс мазмұнын аша түседі.
4.5 Курстық жұмысты қорғау және бағалау
Орындалған жұмыс кафедраға өткізіліп, арнаулы журналға тіркеледі. Оқытушы жұмысты тексереді. Дұрыс орындалмаған, өңделмеген жұмыс қайтадан студентке қайтарылады. Тексерілген жұмыстарға пікір жазылып, қорғауға жіберіледі (босатылады).
Курстық жұмысты студенттер кафедрада бекіткен арнаулы комиссия алдында қорғайды. Кафедра шешімі бойынша курстық жұмыстарды бір оқытушы қабылдауы мүмкін. Студент бүкіл жұмыс бойынша дайындалып, сұрақтарға жауап береді.
Қорғау кезінде студент өз ойын жетік баяндап, негізгі түйіндерге тоқталады, қосымша сұрақтарға жауап береді.
Курстық жұмысты бағалау мына кезде жүргізіледі, егер автор:
- зерттеу мақсатын дұрыс айқындап, өзекті мәселені айқындап білсе;
- жоспарда тақырыптың негізгі сұрақтарын ашса;
- жұмыста теориялық материалды тәжірибелік деректермен ұштастыра білсе;
- сәйкес қорытындылар мен түйіндер жасаса;
- жұмысты жақсы безендіріліп, таза, қатесіз жазса.
Курстық жұмыстың бағасын мына жағдайларда төмендетіледі:
- курстық жұмыс жоспары тақырыптың өзекті сұрақтарын ашпаса;
- жұмыста тақырыпқа сараптама жасамай, тек теориялық негізде орындаса;
- қарапайым бақылау нормалары сақталмаса.
Курстық жұмысты қорғағаннан кейін, бағасы қойылады.
4.6 Курс жұмысының тақырыптары
Кәсіпорында қаржылық есепті ұйымдастыру.
Қаржылық есептілік.
Бухгалтерлік есептің қалыптасу және даму тарихы.
Күрделі салымдардың есебі.
Қаржылық нәтижелердің есебі.
Кәсіпорынның есептік саясаты.
Табыстар мен шығындардың есебі.
Міндеттемелердің есебі .
Жалға алынған негізгі құралдардың есебі.
Айналыстан тыс активтердің есебі.
Қысқа мерзімді активтердің есебі.
Жеке құрам мен жұмыс уақытының есебі.
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі.
Дайын өнім есебі.
Негізгі қызметтен болатын табыстар мен шығындар есебі.
Материалдық емес активтер есебі.
Негізгі құралдардың есебі.
Инвестициялар есебі.
Тауарлы-материалдық қорлар есебі.
Дебиторлық қарыздар есебі.
Ақшалай қаржылардың есебі.
Жеке меншік капиталдың есебі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебі.
Кәсіпорын табыстарының есебі.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
Акционерлік капиталдың есебі.
Қаржылық инвестициялардың есебі.
Кассалық операциялардың есебі.
Еңбек ақының есебі.
IAS 34 – Аралық қаржылық есептілік
IAS 36 – Активтердің құнсыздануы
Қаржылық құралдар есебі
Қаржылық жал
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сипаттама
Есеп саясаты, есепті бағалардағы өзгерістер мен қателіктер
Табыс салығының есебі
Ақшалардың қозғалысы туралы есептілік
Қорлардың есебі
Сатылып алынған тауарлардың есебі
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттердің өздік жұмыстарын орындаудың әдістемелік нұсқауының мақсаты - «Қаржылық есеп І» пәні бойынша экономикалық мамандықтар студенттеріне - қаржылық есеп туралы білімдерін толықтырып, бекіту.
Әдістемелік нұсқаудың міндеті - студенттердің материалды меңгеруіне көмек көрсету.
«Қаржылық есеп І» курсы бойынша студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) - дидактикалық тапсырмаларды орындауға студенттердің өзіндік бағыты, оқу түрі.
Студенттердің өздік жұмысы оқытушының қатысынсыз аудиториядан тыс тапсырмаларды орындау және бекітілген график бойынша оқытушымен бірге аудиториядан тыс жұмыстар орындау.
Студенттердің өздік жұмысы аудиториядан тыс формасында студент кітапханада, компьютерлік кластарда оқу материалын игереді. Студенттердің өздік жұмысы жазбаша түрлерін (реферат, баяндама, бақылау жұмысы) виртуальді ақпаратты іздеу арқылы (интернет және локальді сеть көмегімен), теориялық ілімдерді іске асыруды (студенттердің ғылыми конференциясына қатысу арқылы) жүргізеді.
«Қаржылық есеп І» пәні бойынша студенттердің өздік жұмысына есептер шығару, белгілі сұрақтарға конспект жазу, межелік және ағымдағы бақылауға дайындалу жатады.
Студенттердің өздік жұмысы теориялық білімді, логикалық ойлауды, шығармашылық ізденістерді оқу материалын толық игеруге жұмсалады.
Өздік жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы «Қаржылық есеп І» пәні бойынша пәннің оқу- әдістемелік кешені негізінде жасалған.
5.2 Студенттердің өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі
Қаржылық инвестициялар есебі
Қаржылық есептілік экономикалық ақпарат қайнар көзі ретінде
Негізгі құралдар және олардың жіктелуі.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әдістері
Негізгі құралдардың жал есебі
Негізгі құралдарды жөндеу және оны жүргізу тәртібі
Негізгі құралдарды қайта бағалау
Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді активтердің бір түрі ретінде
Материалдық емес активтердің түрлері
Материалдық қорларды бағалаудың негізгі әдістері
Дайын өнімдер есебі
Аяқталмаған өндіріс есебі
Қорларды түгендеу және оны жүргізу тәртібі
Ақшасыз есеп айырысу нысандары
Тура әдісті қолданумен ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есепті жасау тәртібі
Жанама әдісті қолданумен ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есепті жасау тәртібі
Ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есепті жасаудың әдістері
Ақшалай эквиваленттер
Жолдағы ақшалай аударымдардың есебі
Теріс және оң бағамдық айырмашылық есебі
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Аккредитив түрлері, олардың есебі
Дебиторлық қарыздар және олардың түрлері
Күмәнді талаптар бойынша резервтер құру тәсілдері
Ағымдағы активтер және олардың жіктелуі
Жарғылық капитал есебі
Резервтік капитал есебі
Төленбеген капитал есебі
Акционерлік қоғам
Ұзақ мерзімді міндеттемелер және олардың жіктелуі
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулардың есебі
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі
Дивидендтер бойынша есеп айырысулардың есебі
Алынған аванстар бойынша есеп айырысулар есебі
Корпоративті табыс салығының есебі
Қысқа мерзімді несие (займдар) есебі
Табыстар және олардың есебі
Шығындардың негізгі түрлері және олардың есебі
Қаржылық есептіліктің негізгі нысандары
Табыстар мен шығындар туралы есептің құрылымы және маңызы
Меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі
Ұйымның есеп саясаты
Қосылған құнға салықтар есебі
Достарыңызбен бөлісу: |