ПоәК 042-14-3-01 20. 29/03-2012 Басылым №2


Тақырып 7. Кірістер және шығыстарды тану (ҚЕХС 18)



жүктеу 2,51 Mb.
бет8/13
Дата21.05.2018
өлшемі2,51 Mb.
#15581
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тақырып 7. Кірістер және шығыстарды тану (ҚЕХС 18)
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.

2. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.

3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.

4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері

5. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.

6. Кезең шығындарының есебі.

7 . Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.



1. Табыстар мен шығындар түсінігі, танылуы.

Табыстар –бұл активтердің келуі мен өсуі жолымен немесе субъектінің қызметі нәтижесінде иіндеттемелердің азаю жолымен экономикалық ресурстардың көбеюі. Шығындар – бұл активтердің азаюы не басқа да қызметтерді жүзеге асыруда, тауарларды өндіру не жеткізу салдарынан қарыздардың пайда болуы, яғни міндеттемелердің көбеюі. Басқаша айтқанда, шығындар – бұл табыс табу мақсатында таурларды өндіруге не қызметтер көрсетуге кеткен шығындар.

Пайда - бұл кәсіпорынға қатысты негізгі және негізгі емес қызмет нәтижесінде капиталдың өсуі, бұған акционерлік капиталға жарна жатпайды.

Зияндар- бұл кәсіпорынға қатысты жағдайлардан капиталдың азаюы.

Тану – кәсіпорынның қаржылық есебінде баптарды енгізу процесі. Тану есептің жиынтық көрсеткіштеріне сомаларды бейнелеуден тұрады. Танудың төрт критерийі : анықтау, бағалау, мерзімділік, сенімділік.

Табыс - кәсіпорынның өзінің сатып алушыларына қандай да бір уақыт кезеңі ағымында берген қызметтері немесе өнімдерінің жиынтығын ақшалай бейнелеу.

Табыстар есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндететмелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтады. Мұндай табыстарға : дайын өнімдер мен тауарларды сатудан алынатын табыстар; қызмет көрсетуден алынатын табыстар; дивидендтер, роялти және процент түрінде алынатын және т.б. табыстар жатады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.


2. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі.

Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 70 бөлімшенің 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін және босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған. 7010 шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының дебетіне жазылады.

7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша талдау есебі сатылатын бұйымдардың, жұмыстардың және қызметтердің түрлері бойынша ұйымдастырылады. Талдау есебі үшін машинограммалар не ведомостар пайдаланылады, оларда бір айдағы және жыл басынан бергі өнімнің, жұмыстың және қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.

3. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сату бойынша шығындардың есебі.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шот арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған кәсіпорын қоймасындағы өнім ыдыстарына және өнімдерді орауға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Егер өнімдерді ыдысқа салу өнім қоймаға тапсырылғанға дейін өндіріс технологиясына сәйкес жүзеге асырылса, ыдыстардың құнын өнімнің өндірістік өзіндік құнына енгізеді, өнімді жөнелтетін станцияға дейін тасымалдау, оны көлік құралдарына сату бойынша жұмсалатын шығындар; комиссиялық алымдар немесе шарт бойынша өткізуші ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін шығындар; өнімді өткезген жерлерде қойманың ұсталуы;сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен аударымдар; жарнамаға және өткізуге арналған шығындар; өткізушіге және делдалдық ұйымдарға төленетін комиссиялық алымдар; өнімдерді өткізумен байланысты басқа да шығындар.

Сатылатын өнімдердің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, бұл шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың қызметі ретінде кіріске алынады.

Өнімдерді сатуға жұмсалатын шығындардың баптары бойынша талдау есебін өнімді сатуға жұмсалған шығындар есебінің тізімдемесінде немесе машинограммада кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.

Өнімдерді өткізуге қатысы бар қызметкерлерге жалақы есептелгенде: Дебет шот 7110 Кредит шот 3350.

Жарнамаға, қойманың күтілуіне, комиссиялық және басқа да шығындарды төлеуге шот-фактура қабылданғанда: Дебет шот 7110 Кредит шот 3310, шотқа енгізілген қосылған құн салығы сомасына: Дебет шот 1420 Кредит шот 3310.

Өткізу процесінде пайдаланылған материалдық емес активтер және негізгі құралдар бойынша амортизация есептелді: Дебет шот 7110 Кредит шот 2741, 2421.

Есепті кезең соңында есепке алынған шығындар табыс (зиян) шотына көшіріледі: Дебет шот 5610 Кредит шот 7110.


4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері

Сатылған тауарлардың қайтарылуы, сату және баға шегерімдері туралы ақпаратты жинақтау үшін келесі шоттар арналған: 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы», 6030 «Баға және сату шегерімдері».

6020 шотта тауарларды сатып алушылардың қайтаруы туралы ақпараттарды жинауға арналған. 6030 шотта сату шегерімдерінің есебі жүргізіледі. Нарықтық қатынастар дамыған елдердегі есеп айырысулардың қалыптасқан тәжірибесінде сату шегерімдерінің келесідей түрлерін жатқызуға болады:

-нақты төлем үшін шегерім шотты нақты ақшалай сатып алатын сатып алушыларға жасалады.

-сконто шегерімдері бағалық шегерулер шартта немесе жабдықтаушы шотында көрсетілетінмерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға жасалады.

-дилерлік шегерімдер тауарларды ұйымдастыратын агенттерге және делдалдарға жасалады.

-жабық шегерулер тұйықталған экономикалық бірлестіктерде айналыста болатын , өнімнің сатылған көлемінен шығатын тауарларды сатқанда жасалады. Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату , тасымалдау, сақтау, күзету, есепке алу қызметтеріне жасайды.

Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі керек. 6030 шот бойынша жыл басынан жасалған айналымдар жинақталған тізімдемеде немесе машинограммаларда шегерімнің түрлеріне қарай талдау жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылады, онда қалдық қалмауы керек.

Баға шегерімдерінің есебін жүргізуге 6030 арналған. Жеңілдіктер тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төмендетілуі болып табылады. Жеңілдіктер процент түрінде немесе белгілі бір сомада болады.

Шегерімдердің іс жүзінде келесідей түрлері қолданылады:

- алынатын тауарлардың санына байланысты баға жеңілдігі тауарды 1 жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар үшін жасалады;

- уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер негізінен маусымдық сипаты көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданылатын баға жеңілдіктері;

- сандық жеңілдік тапсырыстың көлеміне және саласына байланысты баға жеңілдігі;

- арнайы жеңілдік белгілі бір жабдықтаушымен көптен бері байланысы бар және басқа ерекше қатынастағы сатып алушыларға жасалатын баға жеңілдігі.

6030 шот бойынша сатып алушыларға жасалған жеңілдіктерінің түрлеріне қарай талдау жасалады. Талдау есебі үшін тізімдеме немесе машинограмма жүргізіледі, онда жыл басынан жасалған жеңілдіктердің түрлеріне дебеттік айналымдары бойынша жинақталады. Жыл аяғында 6030 шот жабылады.

Жасалған баға жеңілдіктері сатып алушылардың жазатын шот-фактурасында көрініс табуы керек және оның негізінде нақты экономикалық есептеудің есебі жасалады.


5. Көрсетілген қызметтер бойынша табысты тану. Шығындардың танылуы.

Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар:



  1. нақты орындау;

  2. пропорциональді орындау;

  3. аяқталған орындау;

  4. инкассация.

Шаруашыық субъектісінің негізгі емес қызметтен алынатын табыстары- деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден , сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010 «Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс» шотында жүргізіледі. Бұл шотта негізгі қызметтерден алынған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытынды жасайды. Бұл шот пассивті шот, сондықтан кәсіпорынның қызметтері барысында алатын табыстарына 1210, 1220, 1230, 1284, 1010, 1030 шоттарының тиістілері дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі. Субъектінің өткен кезеңде алған, бірақ есепті кезеңнің табысы болып есептелінетін сомаларына 3520 «Алдағы кезеңдердің табысы» шоты дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.

Негізгі емес қызметтен табыстар материалды емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды және т.б. өткізуден алынады. Мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыс істеуі барысында алынған табыстары 6210 «Активтерді сатудан табыстар», 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6250 «Бағамдық айырмашылықтан түскен табыс», 6280 «Басқа да табыстар» шоттарында жүргізіледі. 6210 шотта материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, инвестицияларды сатудан табыстар есепке алынады. Құнды қағаздарды, акциялар бойынша дивидендтер және проценттер түріндегі табыстар есебі 6110 шотта жүргізіледі. Бағамдық айырмашылықтан түскен табысдың есебі үшін 6250 шот арналған. Атқарушы өкімет органдарының субсидиялары 6280 шотында есептеледі. Жыл соңында табыстар және шығындар шоттары жабылуы керек.


6. Кезең шығындарының есебі.

Кәсіпорынға тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік шығындар болып табылады. Бұл шығындар есебі 7210 «Әкімшілік шығындар» шотында жүргізіледі, жалпы және әкімшілік шығындарды есепке алатын тізімдемеде немесе машинограммаларда жүргізіледі. Оған жазбаларды кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасына қарай және әзірлік кестелері мен құжаттарынан корреспонденцияланатын шоттар бойынша жазады.

Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептелгенде:

Дебет шот 7210 Кредит шот 2741

Негізгі құралдардың тозуы есептелді: Дебет шот 7210 Кредит шот 2421

Жалпы және әкімшілік шығындарға шикізат және материалдар жұмсалды:

Дебет шот 7210 Кредит шот 1310

Әкімшілік қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде: Дебет шот 7210 Кредит шот 3350

Есепті кезеңнің соңында жалпы және әкімшілік шығындардың сомасы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелеріне көшіріліп жазылады: Дебет шот 5610 Кредит шот 7210.
7 . Төтенше жағдайлардан болатын табыстар мен шығындар.

Тоқтатылған операциялардан түскен табыстар немесе зияндарды есепке алуға 7510 «Тоқтатылған операциялардан келген шығындар» шоты арналған. Бұл шотта табиғат апаттарынан түскен өтелмейтін зияндар, т оқтатылған операциялардан келген зияндар, төтенше жағдайлардан түскен басқадай зияндар есептеледі.

Табиғат апаттарынан келетін өтелмейтін зияндар (7510 шот) потенциалды сақтанушы мүлкін, кәсіпкерлік қаупін және басқаларды сақтандыруға шарт жасаған жағдайда болады.

7510 шотта сақтанушы мүлікті, кәсіпкерлік қауіпті сақтандыруға шарт жасасып, бірақ сақтандыру шартының барлық талаптарын орындамағанда пайда болған зияндар есепке алынады.

Табиғат апаты салдарынан кәсіпорын жекелеген жағдайларда табыс ала алады. Мысалы, егер сақтандырушы істен шыққан мүліктің қалдық құнының орнын толық толтырса, онда кәсіпорын оны бөлшектеуден біршама кіріс алады, бұл кірісті бухгалтерлік есепте жою құны деп атайды.

Тоқтатылған (7510 шот) операциялар пайдаланып жүрген активті сату немесе кәсіпорынның экономикалық, өндірістік не сауда қызметінде жекелеген маңызды бағыты бар операцияларды тоқтату нәтижесінде пайда болады. Мұндай операцияларға байланысты кәсіпорын қызметі, активтер, міндеттемелер, таза табыс не зиян анықталып бухгалтерлік есепте көрініс табады.

Төтенше жағдайлар дегеніміз заңды тұлғаның әдеттегі қызметінен өзгеше оқиғалары не операциялары. Төтенше жағдайлардың салдарынан келген табыстар немесе зияндар қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы берілген есепте бөлек көрстеіледі. Әрбір төтенше жағдайдың мәні мен сомасы жылдық есепке берілетін түсініктеме жазбада ашылуға тиіс.

7510 шотта есепке алынған табыстар мен зияндар жылдың аяғында 5610 шоттың дебеті мен кредитіне көшіріліп жазылады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Табыс дегеніміз не?


  1. 2. Негізгі қызметтен қандай табыстар алынады?

3. Негізгі емес қызметтен қандай табыстар мен шығындар алынады?

4. Сатудан және бағаның қандай шегерімдері бар?

5. Жалпы және әкімшілік шығындары деген не?

6. Төтенше жағдайлар нәтижесінен қандай табыстар және шығындар алынуы мүмкін?


Тақырып 8. Капитал және резервтер есебі.
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.



  1. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар.

  2. Эмиссиялық кіріс есебі.

4. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.

5. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.


1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.

Капитал – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлес.

Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:

- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;

- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;

- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;

- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;

- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;

- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.

Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.

«Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал - бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.

Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 «Жарғылық капитал»

5100 «Төленбеген капитал»

5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»

5300 «Эмиссиялық кіріс»

5400 «Резервтер»

5500 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»

5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал)»

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.

Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;

- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;

- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек. Артықшылықты акцияны шығару барлық жарияланған акциялардың жалпы санының 25% көп болмауы керек.

Акционерлік қоғам - жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

Орналастыру бағасы - алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын акция бағасы.

Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.

Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.

Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылудан түскен сомаға тең жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері, бір акцияның тұрақты құны, жай және артықшылықты акциялардың ара қатынасы, «Алтын акцияның»1 болуы акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі.

Егер бұрын жарияланған көлемін қатысушылар толығымен төлемеген болса, жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім тіркеуге ңабылданбауға тиісті. Жарғылық капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық капиталға салымдарды төлеу үшін ақша қаражаттары, интеллектуалаық меншікті қоса алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену қүқығы және басқа активтер қабылданады.

Жарғылық капиталдың нақты барын және оның қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:

5010 «Артықшылығы бар акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылығы бар акцияларының жиынтық атаулы құны көрініс табады;

5020 «Қарапайым акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым жиынтық атаулы құны көрініс табады;

5030 «Салымдар мен пайлар» - мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуларды есепке алу 5110 «Төленбеген капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөніндегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебетттік қалдығы жарғылық капиталға жарияланған, бірақ төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Ұйым өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 «Төленбеген капитал» шоты толық жабылады және онда дебеттік қалдық онда болмайды.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған және тіркелген салымдардың нақтылы құны бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

5110 «Төленбеген капитал» шот дебеті

5010 «Артықшылығы бар акциялар»

5020 «Қарапайым акциялар» шоттар кредиті

Құрылтайшылармен жарияланған және тіркелген акциялардың құнын төлеу негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар түрінде келіп түссе, келесідей жазба жасалады:

Дебет шот 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730

Кредит шот 5110

Акционерлік қоғам өзінің акцияларын бағалы қағаздар нарығында олардың нақтылы құнынан асатын баға, орналастыру бағасы бойынша сата алады. Мұндайда акцияларды орналастыру бағасы бойынша есептелген сату құнының нақтылы құнынан асқан сомаға шоттардың келесі жазбасы жасалады:

Дебет шот 1010, 1030

Кредит шот 5310 «Эмиссиялық кіріс»

Жарғылық капиталдың айналымнан алынған акциялар сомасына азайған кезде олардың түрлеріне қарай келесі жазба жасалады:

Дебет шот 5010, 5020

Кредит шот 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»

Ұйымның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталына қатысушылар ақша, ТМҚ, бағалы қағаздар түрінде салымдар мен жарналар енгізсе, бастапқы кіріс құжаттары негізінде келесідей жазбалар жүргізіледі:

Дебет шот 1010, 1030, 1310, 1320, 1330, 1350, 2410, 2730

Кредит шот 500

Жарғылық капиталдың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі. Акциялардың аналитикалық есебін жүргізу үшін мынандай мәліметтері бар акционерлер тізбесінен /реестрінен/ алынған жазба негіз болады:



  • акцияларға ие акционерлердің жалпы саны;

  • артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларға ие акционерлердің саны;

  • акциялардың 5%-інен астамына ие акционерлердің сондай-ақ жеке және занды тұлғалардың жарғылық қордағы үлесі.

Жазбаның шығу сан реті, күні, тіркеушінің атауы және оның орналасқан орны көрсетілуі керек. Жазбаға лауазымды /басшы/ адам қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.

Акциялардың қозғалысы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебіндегі жазулар тәуелсіз тіркеушінің /бағалы қағаз ұстаушылардың тізімдемесін жүзеге асыратын заңды тұлға/ операцияларды тіркеуі негізінде, төлемдемедегі тиісті жазуды өзгерту жолымен жүргізіледі.

2. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарияланған және тіркелген, бірақ жарғылық капиталға енгізілмеген салымдар бойынша берешек сомасы төленбеген капитал деп аталады. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тулғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Жарияланған /белгіленген тәртіппен тіркелген/ жарғылық қор сомасына 5110 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоты 5010,5020 /акционерлік қоғамдарда/ және 5030 «Қосқан үлестер мен жарналар» /серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде/ шоттары кредиттеледі.

Eгep 5110 «Төленбеген капитал» шоты бойынша дебеттік қалдық өтелген болса, бұл кәсіпорын өз жарғылық қорын толығымен қалыптастырды деген сөз кредиттік қалдық акционерлер /құрылтайшылар/ енгізуге тиісті қаражат сомасын, яғни акционерлердің салым бойынша қарыздарын көрсетеді.

Акционерлік қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығындары:


  • орналастырылған акцияларды акционерлердің талап етуі бойынша сатыпалған кезде - олардың жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады;

  • орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатыпалған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан аспауға тиіс.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар - бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.

Кейіннен сату мақсатында немесе еліміздің заңдарына және акционерлік қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар үшін акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар» шоты арналған. 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік құралдар» шотының дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құны, ал кредиті бойынша сатып алынған меншікті акцияларды оралымнан қайтарып алуды көрсетеді.

Акционерлерден меншікті акцияларын нарықтық құны бойынша ақшалай қаражаттар, ТМҚ, негізгі құралдар, материалдық емес активтер және басқа да мүліктер түрінде қайтып сатып алынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:

Дебет шот 5210

Кредит шот1010,1030, 1310,1320,1330,1350, 2310, 2410, 2730

Сатып алынған акциялардың нарықтық құны олардың орналастыру құнынан төмен немесе жоғары болуы мүмкін болғандықтан олардың арасындағы айырма сомасына алдыңғы бухгалтерлік тізбеге қосымша бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:

- егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан төмен болғанда: Дт шот 5210 Кт шот 5310

- егер сатып алынған меншікті акциялардың нақты құны орналастыру құнынан жоғары болғанда: Дт шот 5310 Кт шот 5210

Акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес оралымнан акцияларды шығарып алу жарғылық капиалдың сатып алынған акциялардың нақты құнының азаюына әкеледі де, ол келесі жазбамен көрсетіледі:

Дебет шот 5010, 5020

Кредит шот 5210

Мекеме өзінің жұмысшылары мен қызметкерлерінің материалдық қызығушылықтары мен ынталықтарын көтеру мақсатында сатып алынған меншікті акцияларды опцион арқылы сату бойынша олардың арасында қайта бөліп беруге құқығы бар, сонымен көрсетілген акциялар нарықтағы сатудың нақты құны мен арақатынасына байланысты келесі жазбалар беріледі:

- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнына тең болса: Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5210

- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болса: Дт шот 1010, 1030

Кт шот 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына

Кт шот 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына

Ескеру керек, егер эмиссиялық кіріс сатып алынған акциялардың нақтылы құнының оларды сатудың нақты құнынан асқан сомасы өтеуге жеткіліксіз болса, онда өтелмеген сома 5510 шотының дебеті бойынша есептен шығарылады:

- егер сатып алынған акцияларды сатудың нақты құны олардың нақты құнынан жоғары болса: Дт шот 1010, 1030

Кт шот 5310 - сатып алынған акциялардың нақты құнының оларды сатудың нақтылы құнынан асқан сомасына

Кт шот 5210 - сатып алынған акциялардың нақты құнына.


3. Эмиссиялық кіріс есебі

Эмиссиялық кіріс дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың кредиті бойынша акциялардың нақтылы құнынан оларды сатудың нақты құнының асқан артық соманың түсуіне қарай ақшалай қаражаттарды есепке алу шоттарының немесе 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебетінде көрсетіледі.

Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.

Акционерлік қоғамның кассасына және ағымдағы банктік шоттарына меншікті акцияларын сатқаннан олардың нақтылы құнынан асқан артық сома түскен кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:

Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5310

Сатылған акциялар үшін есеп айырысу құжаттарын төлеуге ұсынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:

Дт шот 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» (төлеу мерзімі 1 жылға дейін болса)

2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» (төлеу мерзімі 1 жылдан асқанда)

Кт шот 6210, 6213, 5310

Меншікті акцияларды сатумен байланысты шығындар (андеррайтерлердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, жарнама жасаушығындары, бағалы қағаздар нарығына андеррайтерлердің қатысу үшін алымдар және т.б.) 7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шотына есепкеалынады. Тек бұл шотқа қосымша 7413 «Қаржылық активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шотын ашу керек. Мұнда шоттардың байланысы келесі түрде көрсетіледі:

- андеррайтерлерге немесе акцияларды сатумен шұғылданатын тұлғаларға есептелген еңбек ақы сомасына есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес:

Дт шот 7410, 7413 Кт шот 3350

- есептелген еңбек ақы сомасынан әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына:

Дт шот 7410,7413 Кт шот3150, 3210

- жарнама жасауға төленген шығындар, әртүрлі алымдар және акцияларды сатумен байланысты басқада шығындар сомасына шығыс касса ордерлеріне, ағымдағы банктік шоттардың жазбаша үлгілеріне сәйкес:

Дт шот 7410, 7413 Кт шот 1010, 1030

Эмиссиялық кірістерді мекеменің ағымдағы мұқтаждығына пайдалауға болмайды. Олар белгіленген тәртіпте, әдеттегіндей, жарғылық капиталды ұлғайтуға және меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға, яғни меншікті акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болғанда пайдаланылады.

Мұндайда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:

- жарғылық капиталды ұлғайтуға:

Дт шот 5310 Кт шот 5010, 5020

- меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға:

Дт шот 5310 Кт шот 7410, 7413

5110 «Эмиссиялық кіріс» шоты бойынша талдаалық есеп №13 журнал-ордерде жүргізіледі.
4. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.

Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.

Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.

5400 «Резервтер» кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

5410 «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал» - онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» - онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5430 «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв» - онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5440 «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв» - онда қаржыактивтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5450 «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв» - онда монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар көрсетіледі, ол барлық жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бөлігін құрайды, меншікті капитал ретінде ұйымның қаржылық есептілігінде, таза инвестициялардың шығарылуына дейін, одан кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс;

5460 «Басқа да резервтер» - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.

ҚР заңнамасына сәйкес құрылған мекеменің резервтік капиталының нақты бары және қозғалысы туралы ақпараттарды қорыту үшін 5410 «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал» шоты арналған.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 шоттың дебетімен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3030, 3390, 3050 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)», 5520 «Өткен жылдардағы бөлінбеген пайда (залал)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Қайта бағалауға аранлған резерв – бұл инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді және басқа да активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде алынған сома.

Аталған активтерді қайта бағалаудан алынған резервтерді активтер бойынша жеке көрсетіп, бақылауды күшейту мақсатында бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарындажеке шоттар қарастырылған.

Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды қосқанда, аяқталмаған күрделі құрылыс және орнатуға арналған жабдықтарды қайта бағалауды заңдарға сәйкес мекеме өз бетімен инфляцияның нәтижесінде активтердің құнының өсуіне байланысты жүргізеді. Сондай-ақ , мекеме негізгі құралдарды индексациялау жүргізуге құқылы. Бағалар тиісті құжаттармен немесе эксперттік жолмен расталуға тиіс.

Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізіледі.


Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қайта бағалауға арналған резерв есебі

п/п


Шаруашылық операцияларының мазмұны

Корр. шот

Дебет

Кредит

1.

Негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасына

2410

5420

2.

Олардың құнының ұлғаюын ескере отырып, негізгі құралдардың тозуын көбейту

5420

2420

3.

Амортизация есептеудің қолданылатын әдісіне сәйкес есепті жылдың бөлінбейтін кірісіне негізгі құралдардың құнының ұлғаю сомасын есепке жазу

5420

5510

4.

Жарғылық капиталды толықтыруға қайта бағалауға арналған резервті пайдалану

5420

5310


5. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.

Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» болып табылады.

«Бөлінбеген пайда (залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;

5520 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.

Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларға шоттардың байланыстары төмендегі кестеде берілген.


Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша

шоттар корреспонденциялары


Операциялардың мазмұны



Шоттар корреспонденциялары

Дебет

Кредит

1.

Есепті жыл соңында жабылуы:

5520

5510

2.

Қайта бағалаудан алынған баға көбеюі:







а) негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялар оларды есептен шығарып тастағаннан кейінгі

5420, 5440

5510

б) өзге активтерді

5460

5510

3.

Акционерлерден меншікті акциялар сатып алу кезінде алынған айырма:







а) номиналдық құнынан төмен баға бойынша

5210

5510




б) номиналдық құнынан жоғары баға бойынша

5510

5210

4.

Есепті жылдың бөлінбеген кірісінен резервтік капиталға жасалған аударымдарды көрсету

5510

5410,5460

5.

Акциялар бойынша дивидендтер есептеу

5510

3510

6.

Есепті жылдың бөлінбеген кірісінің қалған сомасын өткен жылдар кірісіне апару

5510

5520

7.

Есепті жылдың жабылмаған залалын жабу:







а) резервтік капитал есебінен

5410,5460

5510

б) өткен жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен

5520

5510


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Меншікті каиталдың құрамын айтыңыз.

2. Жарғылық капитал деген не, есебінің жүргізілуі туралы не айтасыз?

3. Қосымша төленген және төленбеген капитал есебі қалай жүргізіледі?

4. Резервтік капитал есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

5. Бөлінбеген табыс (зиян) есебінің жүргізілуін айтыңыз.


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау