ПоәК 042-14-3-01 20. 29/03-2012 Басылым №2


Тақырып 3. Негізгі құралдар есебі (ҚЕХС 16)



жүктеу 2,51 Mb.
бет5/13
Дата21.05.2018
өлшемі2,51 Mb.
#15581
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тақырып 3. Негізгі құралдар есебі (ҚЕХС 16)

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

2. Негізгі құралдардың түсуінің есебі және талдамалық есебін ұйымдастыру.

3. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу.

4. Негізгі құралдардың жөндеуінің есебі

5. Негізгі құралдарды қайта бағалау. Активтерді қайта бағалау бойынша резервтер.

6. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп.

7. Негізгі құралдарды түгендеу және оның нәтижелерін есепте көрсету.


1. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

Негізгі құралдар- дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.

Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.

Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:



    • салалар бойынша;

    • мақсатына қарай;

    • түрі бойынша;

    • кімге қарайтындығына қарай;

    • пайдалану сипатына қарай,

    • салық салу мақсатына қарай.

Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.

Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:



    • ғимараттар;

    • құрылыстар;

    • өткізгіш жабдықтар;

    • машиналар мен жабдықтар;

    • көлік құралдары;

    • аспаптар;

    • өндірістік инвентар және керек жарақтар;

    • шаруашылық инвентары;

    • биологиялық активтер;

    • библиотека қоры;

    • жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;

    • басқа да негізгі құралдар.

Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, олар амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:



Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуішприборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістің және шарауашылық инвентарь және басқа еңбек құралдары жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни тұтынуға арналған негізгі құралдар – тұрғын –үй коммуналдық шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.

Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:

жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;

көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту);

басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.



Бастапқы негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.

Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.

Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.

Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.

Әділ құнытәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.

Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 «жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар» стандарына сәйкес жүргізіледі.


2. Негізгі құралдардың түсуінің есебі және талдамалық есебін ұйымдастыру.

Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір шаруашылық операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан қабылдау- тапсыру актін - (Ф. №ОС-1) жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық номер берілуі керек. Ол номер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.

Автокөлік құралдарынан басқа негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі (Ф. №ОС-3) жасалады, ал автокөлік құралдары үшін - (Ф. №ОС-4) хаттайды.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.

Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда (Ф. №ОС-5) жүргізіледі. Мүліктік карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі мүліктік карточкалар (Ф. №ОС-6) тізбесінде, карточка номері, объектінің мүліктік номері, аты көрсетіле отырып тіркеледі.

Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:

2410 «Негізгі құралдар»,

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»

Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.

Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 “Жер”, 2412 "Ғимаратгар мен құрылғылар", 2413 "Машиналар мен жабдықтар", 2414 "Көлік құралдары", 2415 “Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары”, 2416 “Кеңсе жиһазы”, 2417 “Өндірістік мүлік және заттар”.

Негізгі құралдар деп танылатын түсуші матриалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.

Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 5020 “Төленбеген капитал” шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5010 «Салымдар мен жарналар» шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 «Негізгі құралдар» шоттары дебеттеліп, 6230 “Мемлекеттік субсидиялардан табыстар” шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 6200 “Басқадай табыстар” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2411-2417 дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді қарыздар» шотының кредиті бойынша кіріске алынады.



3. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу.

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып, біртіндеп тоза бастайды. Тозу- бұл негізгі құралдардың заттай және моральдық сипатын және құндарын жоғалту процесі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды пайдаланудың және сыртқы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Моральдық тозу активтердің ғылым мен техниканың дамуының нәтижесінде, оның жаңа талаптарға сәйкес келмеу процесін білдіреді.

Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект табыс әкелетін қызметін орындауға қабілетті уақыт кезеңінде, заңды түрде тағайындалған мөлшерге байланысты ай сайын амортизациялық төлемдер түрінде үлестіреді. Амортизацияланған құн амортизациялық төлемдер түрінде ұйым шығындарына пайдалы немесе нормативті қызмет мерзімі бойында жүйелі түрде үлестіріп тұрады.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын қүрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады.



Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен)—тозуына қарай негізгі құралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражаттарын-негізгі құралдарды (негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің ұзақтығы нәтижесінде олардың құны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің құнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) тәлап етеді.

Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жүмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді (жою құнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) құнына тең болуы керек.

Амортизациялық аударулар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы—амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмет мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық-қүрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардың нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдарының моралдық жағынан тозуына тікелей қатысты.

Жер өндіріс құралы ретінде, еңбектің маңызды заттай факторларының бірі— еңбек процесінің қажетті материалдық шарты ретінде, сату бағасы бола тұра және ұйым балансында есептелінгенімен тозуға жатпайды.

Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына; қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомостволық әкімшіліктерге; ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіпппен тоқтатылған қорларға; бюджеттк ұйымдардың қорларына.

Ұйымдар негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады.

Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.

Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың мөлшерін айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасынан сүйеніп, ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.

Жаңадан пайдалануға берілген негзгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің мынадай әдістері бар:

1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.

2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).

3. Азайып отыратын қалдық әдісі.

Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады. Мысалы, объектінің құны 100000 теңге , қызмет мерзімі –10 жыл. Есептік жою құны- 2000 теңге. Тозуға жыл саынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (100000-2000)/10. Ал ай сайынғы тозу сомасы 817 теңге (9800/12).



Өндірістік әдісте әрбір өнім бірлігі өзін өндірген активтің бірдей мөлшерде амортизациясын болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолданылу жиілігіне тікелей байланысты жерлерде осы әдіс қолданылады. Мысалы, жабдық техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға қабілетті. Объектінің құны 27000 теңге , жою құны- 3000 теңге. Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері: (27000-3000)/5000=5,34 теңгеге тең болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5,34*400).

Қалдықты азайту әдісі кезінде, түзу сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қосылады. Болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайды, амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелген соңғы құнды қоспағанда. Мысалы, объектінің қызмет мерзімі- 5 жыл, бастапқы құны 100000 теңге, ал жою құны 1000 теңге. Түзу сызықты тәсіл кезінде қолданылатын амортизация нормасы- 20% (100/5) тең болады. Онда жеделдетілген амортизация үшін 2 коэффициентін ескере отырып бұл норма 40% болады және қалдық құнға тағайындалған стаыкісі болып табылады. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар келесі түрде есептеледі:

Бастапқы құны Амортизация нормасы Қалдық құны

1 жыл 10000 4000=(40%*10000) 6000

2 жыл 10000 2400=(40%*6000) 3600

3 жыл 10000 1440=(40%*3600) 2160

4 жыл 10000 864=(40%*2160) 1296

5 жыл 10000 296=(40%*1296) 1000

Негізгі құралдардың тозуының синтетикалық есебі үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» тобы шоттарында жүргізіледі. Бұл шотта ұйымның негізгі құралдарының жинақталған тозуы туралы, сонымен қатар олардың құнсыздануы ткралы ақпараттар жинақталады. Жыл сайын әрбір ұйым баланс күніне құнсыздануға тест жүргізу керек.

2420 шоттарының кредиті бойынша есептелген амортизация сомасы келесі шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі: 7110 “Тауарларды және қызмет көрсетулерді сату бойынша шығындар”, 7210 “Әкімшілік шығындар”, 8410 “Үстеме шығындар” және т.б..

Жинақталған тозу сомалары негізгі құралдар шыққан кезде ғана есептен шығарылады және 2420 шоттардың дебеті бойынша 2410 кредиті бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдар құнсыздануына тестіленуі керек, негізгі құралдардың құнсыздануы 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» тобы шотында есепке алынады. Құнсыздану осы шоттың кредитінен, 7420 «Активтердің құнсыздануынан шығындар» шоты дебетімен корреспонденциясында танылады.

Құнсыздану – активтердің баланстық құндарының төмендеуі. Келесі ұзақ мерзімді активтер бойынша анықталады: негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге (соның ішінде гудвилға да) және тек қана перспективті түрде қолданылады.

Активтердің құнсыздануынан болған залалдар баланстық құнның өтелетін құннан асуына тең. Өтелетін құн активтің таза сату және дисконтталған құндарымен (оны қолдану құны) анықталады. Таза сату құны есептен шығару бойынша тікелей шығындарды, қаржылық шығындарды және табысқа салынатын салықтарды шегеріп тастағандағы нарықтық баға бойынша анықталады.

Өтелетін құнның есебі активтер топтары бойынша немесе жеке активтер бойынша іске асырылады, ал мүмкін болмаған жағдайларда оларды анықтау – табыс әкелетін минималды активтер тобының шегінде пропорционалды есеп қолданылады.

Мысалы, жабдықты сатудың таза құны 500000 теңге, ал өтелінетін құны 540000 теңге. 540 000 теңге, 500 000 теңгеден көп болғандықтан, орнын толтыру құны 540 000 теңге болады. Егер активтің баланстық құны тестілеу күніне 600 000 теңгені құраса, негізгі құралдардың құнсыздануынан зиян 60 000 теңге (600000-540000) болады. Сонымен келесідей жазбалар жасалады:

Дебет шот 7420 «Активтердің құнсыздануы бойынша шығындар»

Кредит шот 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»

Құнсызданудан болған залалдар қайта бағалау резервтері бойынша есептен шығарылады. Есептелген амортизация перспективті түрде түзетіледі – болашақ есепті кезеңдерде тиімді пайдалану мерзімі ішінде қайта есептеледі.

Активтердің құнсыздануынан болған залалдардың орнын толтыру қайта бағалау резервтеріне қосылады, осымен бірге қайта бағалаудан кейінгі баланстық құн қайта бағалауға дейінгі қалдық құнынан аспайды. Есептелген амортизация түзетіледі. Әдетте гудвилдар бойынша залалдардың орнын толытыру жүргізілмейді.

Түсініктеме жазбаларында сегменттер бойынша активтердің құнсыздануынан пайда болған залалдар ашып көрсетіледі.
4. Негізгі құралдардың жөндеуінің есебі

Негізгі құралдар пайдалану процесі кезінде табиғи және моральдық тозуға ұшырайды. Негізгі құралдардың уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін, оларды жұмыс жағдайында ұстау үшін және техникалық қасиеттерін қалпына келтіру үшін оларды жөндейді.

Негізгі құралдарды жөндеудің күрделілігіне қарай жөндеу ағымдағы және күрделі жөндеу болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың жеке бөлшектерін қалпына келтіруді айтады. Олардың тұтас объектімен салыстырғанда тозу мерзімі аз болады. Бұл жөндеу кезінде агрегат толық ажыратылады, барлық тозған бөлшектер және тораптар ауыстырылады немесе қалпына келтіріледі, базалық және басқа да бөлшектер мен тораптар жөнделіп жиналады және агрегат сынақтан өткізіледі.

Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың тозған жеке бөлшектерін жұмыс істейтін жағдайда ұстау үшін оларды ауыстырудан немесе жөндеуден тұрады. Оны негізгі құралдарды пайдалану процесінде жүргізеді.

Негізгі құралдарды жөндеуді мердігерлік және шаруашылық тәсілдермен жүргізеді. Әдетте, мердігерлік тәсілде негізгі құралдарды мамандандырылған кәсіпорындар жөндейді; шаруашылық тәсілде – шаруашылықтың өз күшімен және қаражатымен жөндейді. Негізгі құралдарды жөндеуге байланысты барлық шығындар, сол жұмыстар жүргізілген кезеңнің өнім шығаруға кеткен шығындарына қосылады.

Ұйымдар жөндеу жұмыстары бойынша шығындарды өнімнің өзіндік құнына біркелкі қосу үшін, жөндеу қорын қалыптастыруға резерв құра алады, оның есебі 3440 «Басқа да қысқа мерзімді бағалық міндеттемелер» шотында есептелінеді. Шоттың кредиті бойынша резервтің құрылуы, ал дебетінен – пайдаланылуы көрсетіледі. Жөндеуді қаржыландыру үшін бұл қорға қажетті сомалар жөндеу жұмыстарының барлық түрі үшін шығындар сметасы бойынша ай сайын аударылып тұрады және өндіріс шығындарына қосылады.
Мердігерлік тәсілмен негізгі құралдарды жөндеуге шығындардың есебі бойынша

шоттар корреспонденциясы


Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит


1.

Негізгі құралдарды жөндеуге резерв есептелді

8410, 7110, 7210

3440 «Жөндеуге резерв»

2.

Негізгі құралдардың жөндеуін жүргізгені үшін мердігерлер шоты төлемге қабылданды

3440«Жөндеуге резерв»

3310, 4110

3.

ҚҚС сомасына, 15 пайыз

1420

3310, 4110

4.

Мердігерлер шоты ағымдағы банктік шоттан төленді

3310, 4110

1030

5.

Шаруашылық тәсілмен орындалған резерв есебінен негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар қажетсіздендірілді

3440«Жөндеуге резерв»

1310, 3350 ,1250

6.

Жөндеу цехында негізгі құралдардың жөндеуі орындалды:

қосалқы бөлшектердің, материалдардың шығыны

еңбек ақы есептелді

еңбек ақыдан әлеуметтік салыққа аудырымдар жасалды

үстеме шығындардың үлесі қажетсіздендірілді


8310


8310

8310
8310




1310


3350

3150
8410



7.

Құрылған резерв есебінен жөндеу бойынша шығындар есептен шығарылды

3440«Жөндеуге резерв»

8310

Егер резерв құрылмаса, резерв бойынша шығындарды бірден сәйкес шоттардың (8410, 7110, 7210) дебетіне 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары» немесе 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздары» шоттарының кредитінен апарады. Жылдың соңында резервтелген соманың артығына реверсивті жазба жасайды.


5. Негізгі құралдарды қайта бағалау. Активтерді қайта бағалау бойынша резервтер.

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау барысында негізгі құрал-жабдықтардың

нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Және ол негізгі құрал-жабдықтарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды құрауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

Инфляция /ақшаның құнсыздануы/ жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен кәсіпорындарға негізгі құрал-жабдықтардың белгілі бір түрлеріне, олардың нарықтық құнын сараптау қорытындылары және құжаттармен дәлелденген жағдайда негізгі құралдарды индекстеуді олардың бастапқы құнын қайта бағалау жүргізілген күнгі бағаларға тікелей аудару арқылы жүргізу құқығы берілген.

Қайта бағалау сомаларының бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтау үшін 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» шоты арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнының көбею сомасы 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарымен корреспонденциясында көрсетіледі, ал дебеті бойынша 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарымен корреспонденциясында тозуды корректировкалау сомалары, сондай-ақ шыққан негізгі құралдар бойынша қызмет мерзімі кезінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген қайта бағалау сомасы 5510 шотымен корреспонденциясында көрсетіледі.

Негізгі құралдар бағасын өсіру кезінде оның тозу сомасы, Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құнынан алынып тасталады (24000-13040), ал қалған сомаға (айырмасына) 10960 теңгеге 2411-2417 шоттар (2400-бөлімдегі) дебеттеледі де, 5420 шот кредиттеледі.

Тозудың үстеме сомасына-13040 теңгеге 2411-2417 шоттар дебеттеледі де, 2421-2429 шоттар кредиттеледі. Негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы құны өсуіне сәйкес тозу сомасының да өсетінін ескерген жөн. Оны ескермеген жағдайда қалдық құны күрт өсіп, тозу проценті төмендейді /негізгі құралдардың бағасын өсіруде/ және керісінше. Негізгі құрал-жабдықтарды арзандатқан кезде қалдық құн азаяды.

Қазіргі салық заңы бойынша балансгың құнды нарықтық құнға /+/ тікелей қайта есептеу арқылы алынған қайта үстемеленген баға салық төлеушінің жалпы жылдық табысының өсуін көрсетеді

Қайта бағалау нәтижелері бойынша кәсіпорындар статистика органдарына «Негізгі қорлар /құралдар/ мен басқа материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысы туралы есеп» /ү. №11/ береді.

Негізгі құралдарды қайта бағалауды екі әдіспен жүргізуге болады:

1. амортизацияны корректировкалау әдісі;

2. амортизацияны жою әдісі.

Мысал. Негізгі құралдардың алғашқы құны 50 млн. теңге, бағалау күніне жинақталған амортизация 10 млн. теңге (5 млн.*2 жыл), активтің баланстық құны 40 млн. теңге (50-10).Активті пайдалану мерзімі 10 жыл, бағалау күніне 2 жыл өтті (50 млн. теңге/ 10 жыл = 5 млн. теңге) бағалаушы негізгі құралдардың нарықтық құнын 120 млн. теңгеге бағалады. Есептеу логикасы келесідей:

Қадам 1. Активтердің нарықтық құны баланстық құннан 3 есе көп. (120 млн. теңге/ 40 млн.теңге).

Қадам 2. 50 млн. теңге* 3 = 150 млн. теңге. Сонда, активтің алғашқы бағалауға дейінгі сомасы 150 млн. теңге – 10 млн. теңге = 100 млн. теңгені құрайды.

Қадам 3. Жинақталған амортизация 10 млн. теңге* 3 = 30 млн. теңге. Сонда, амортизацияны корректировкалау 30 млн. теңге – 10 млн. теңге = 20 млн. теңгеге тең болады.

Қадам 4. Жазба.

Дебет шот 2410 Кредит шот 5320 100 млн.теңге

Дебет шот 5320 Кредит шот 2420 20 млн.теңге

Осы операциялар нәтижесінде активтің баланстық құны нарықтық құнына тең болады, яғни 120 млн. теңге (150 млн. теңге -30 млн.теңге).

5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» шоты бойынша қалдық 80 млн. теңге сомасына қалған 8 жыл ағымына 5510 «Есепті жылдың табысы (зияны)» шотына активтер бойынша есептелген амортизация негізінде аударылады. Бұл жағдайда амортизацияны түзу сызықты есептеу әдісінде жылына 10 млн. теңге соманы құрайды (80 млн. теңге / 8 жыл).
6. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп.

Негізгі құралдар субъект балансынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылады:



  • жою;

  • сату;

  • айырбастау;

  • тегін беру;

  • сонымен қатар басқа ұйымдардың жарғылық капиталына жарна ретінде беру.

Өткізу құны мен баланстық құн, сонымен қатар өткізуге байланысты шығындар арасындағы айырма негізгі құралдарды өткізу немесе басқа да шығуынан табыс не зиян болып табылады.

Мысал. Бастапқы құны 50000 теңге жабдық жойылды. Жмнақталған амортизация сомасы 45000 теңге. Жабдықты бұзғаны үшін жұмысшыға 10000 теңге еңбек ақы есептеді. Әлеуметтік салық есептелінген еңбек ақыдан 20 пайыз мөлшерінде -2000 теңге аударылды. Металл қалдықтары алынды – 1000 теңге.

Осы операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей бейнеленеді:

1. Дебет шот 7410 Кредит шот 2410 5000

2. Дебет шот 2420 Кредит шот 2410 45000

3. Дебет шот 7410 Кредит шот 3350 10000

4. Дебет шот 7410 Кредит шот 3150 2000

5. Дебет шот 1350 Кредит шот 6210 1000

Жылдың соңында 7410 «Активтерді шығару бойынша шығындар» шотының дебеті және 6210 «Активтерді шығару бойынша табыстар» шотының кредиті бойынша есептелген барлық сомалар 5510 «Есепті жылдың табысы (зияны)» шотына есептен шығарылады.

6. Дебет шот 6210 Кредит шот 5510 1000

7. Дебет шот 5510 Кредит шот 7410 17000

Объектіні жоюдан қаржылық нәтиже 16000 теңге сомасына зиян болып табылады. Негізгі құралдарды сату қосылған құн салығын ескере отырып, өткізу бағасы бойынша есептеледі.

Мысал. Токарлық станок 43000 теңгеге (ҚҚС –сыз) сатылды, бастапқы құны – 60000 теңге, жинақталған амортизация – 20000 теңге.

Дебет шот 7410 Кредит шот 2410 40000

Дебет шот 2420 Кредит шот 2410 20000

Дебет шот 1210 Кредит шот 6210 43000

Дебет шот 1210 Кредит шот 3130 6450 (15 пайыз – 43000 теңгеден).

Негізгі құралдарды ақысыз- қайтарусыз беру зиндардың пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай объектілердің баланстық құны сәйкес 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарының кредитінен 7410 «Активтерді шығару бойынша шығындар» шотының дебетіне есептен шығарылады. Жинақталған тозу сомасы 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының дебеті және 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Жыл соңында 7410 «Активтерді шығару бойынша шығындар» шоты бойынша дебеттік айналымы табыстың азайтылуына жатқызылады, яғни 5510 «Есепті жылдың табысы (зияны)» шотының дебетіне 7410 шоттың кредитінен.

Ақысыз тегін беруде салық салынатын айналымның мөлшері ҚҚС- сыз сату бойынша келісім күніне баға деңгейінен анықталады, бірақ оның баланстық құнынан төмен болмауы керек.

Мысал. Станоктың баланстық құны 40000 теңге, жинақталған амортизация – 25000 теңге. Ол тегін басқа ұйымға беріледі. Баланстық құны 15000 теңге.

Дебет шот 7410 Кредит шот 2410 15000

Дебет шот 2420 Кредит шот 2410 25000

Дебет шот 7410 Кредит шот 3130 2250 (15 пайыз – 15000 теңгеден).
Жабдықтарды сату есебі бойынша шоттар корреспонденциясы


Шаруашылық операция мазмұны

Сомасы, теңге


Дебет

Кредит


1.

Жабдықтың баланстық құны есептен шығарылды

100000

7410

2410

2.

Жабдық бойынша амортизация есептен шығарылды

80000

2420

2410

3.

Сатып алушыға сату құнына шот көрсетілді

300000

1210

6210

4.

ҚҚС есептелді, 12 %

36000

1210

3130

5.

Сатып алушылардан ағымдағы банктік шотқа теңгемен алынды

336000

1030

1210

6.

Ағымдағы банктік шоттан ҚҚС аударылды

36000

3130

1030

7.

Жылдың соңында жабдықты сатудан қаржылық нәтиже анықталды.













Жабдықты сатудан табыс есептен шығарылды

300000

6210

5510




Жабдықты сатудан шығын есептен шығарылды

100000

5510

7410

7. Негізгі құралдарды түгендеу және оның нәтижелерін есепте көрсету.

Ұйымдар бухгалтерлік есебі және есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында әрдайым негізгі құралдарды түгендеу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Арнайы құрылған комиссиялар жүргізетін түгендеудің міндетіне қарай негізгі құралдардың нақтылы қолда бары және техникалық жағдайы жөніндегі мәліметтер негізгі құралдарды түгендеу тізіміне жазылады және оның нәтижелерін салыстыру тізімдемесінде бейнелейді.

Түгендеу жұмыстарының жиілігін және оларды өткізу мерзімдерін ұйымдар өзі анықтайды. Меншік түрінің ауысуы кезінде, материалды- жауапты тұлғаның ауысуы кезінде, ұрлық немесе бүліну фактілері анықталғанда, жою балансына құру алдында, табиғат апаттарынан кейін, жылдық есеп берудің алдында міндетті түрде өткізіледі.

Түгендеу басталмас бұрын мыналарды тексеру қажет:



  • мүліктік карточкалардың, негізгі құралдар бойынша мүліктік тізімдерінің бар болуы мен жағдайы;

  • техникалық паспорттардың немесе басқа техникалық құжаттардың бар болуы мен жағдайы;

  • жалға алынған немесе берілген, сақтаудағы негізгі құралдарға құжаттардың бар болуы мен жағдайы. Құжаттар болмаған жағдайда, оларды жасау керек.

Түгендеу кезінде анықталған есепке алынбаған негізгі құралдар табыстың көбеюіне 2410 «Негізгі құралдар» шоттарының дебеті бойынша және 6280 “Басқадай табыстар” шотының кредиті бойынша бастапқы құнымен кіріске алынуы керек. Объектінің жұмысқа пайдалануынан бастап есептелген тозу сомасына 2410 «Негізгі құралдар» шоттарының дебеті және 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі.

Негізгі құралдардың жетіспеушілігі, олардың шығуы сияқты көрсетіледі, бірақ қалдық құны кінәлінің мойнына жатқызылады. Жетіспейтін объектілердің баланстық құнына 1280 “Басқадай қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар” шоты дебеттеледі және 2410 «Негізгі құралдар» шоттары кредиттеледі. Кінәлілер мойнына жатқызылған жетіспеушіліктің баланстық құнына 1250 немесе 2150 шоттарының дебеті, 1280, 2180 шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі. Баланстық құн мен өтеліп алынатын сомалар арасындағы айырмашылық 1250 немесе 2150 шоттарының дебеті және 4420 «Алдағы кезең табыстары» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Өндіріліп алынған материалдық зиян сомасына 1010, 3350 шоттары дебеттеліп, 1250 немесе 2150 шоттары кредиттеледі және баланстық құн мен өндіріліп алынатын сомалар арасындағы айырмашылығына 3520 немесе 4420 шот дебеттеліп, 6280 «Басқадай табыстар» шоты кредиттеледі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ұзақ мерзімді активтерге не жатады?

2. Негізгі құралдар деген не, олардың қандай түрлері бар?

3.Негізгі құралдарды бағалаудың қандай түрлері бар?

4.Негізгі құралдардың есебі бойынша қандай құжаттар толтырылады?

5.Негізгі құралдарды жөндеу туралы айтыңыз.

6.Негізгі құралдардың түгендеуін жүргізудің тәртібін айтыңыз.

7 Негізгі құралдардың тозуының кандай түрлері бар?

8. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әдістерін атаңыз.

10. Негізгі құралдарды қайта бағалау туралы не айтыңыз.

11. Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв қай шотта есептеледі?

12. Негізгі құралдардың құнсыздануы деген не?

13. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың қандай әдістері бар?




жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау