ПоәК-042-14 05 20. 46/03-2011 №3 басылым 05. 09. 11ж


Өзін өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 0,82 Mb.
бет7/10
Дата28.12.2019
өлшемі0,82 Mb.
#25225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы.

  2. Класстары, құрал – жабдықтары

  3. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері

12 дәріс. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы. Іздестіру – құтқару қызметі, құтқарушыларының кәсіптік деңгейін арттыру.


Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы

  2. Бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының міндетті

Үздіксіз оқыту ТЖМ құтқарушыларының кәсіби деңгейін арттыру мен қалыпта ұстаудың негізгі түрі болып табылады және төменде ұсынылған оқыту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.



Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы. Бағдарлама ТЖМ іздестіру – құтқару қызметі құтқарушыларының кәсіптік деңгейін арттыру бойынша сабақтарды жүйелі түрде жүргізуге арналған.

Бағдарламаның маңсаттары:

Құтқарушылардың кәсіби дағдысы мен шеберлігін ұйымдастыру мен жетілдіру.



Құтқарушыларға сабақты қызмет басшылары, бас мамандар жүргізеді, арнайы техника мен құралдарды пайдалануға байланысты сабақты арнайы құрылымдар мен бөлімшелердің командирлері, сондай – ақ шақырылған оқытушылар жүргізеді. Сабақ жүргізу кезінде оқытушы кино және видео материалдар, көрнекті құралдар, техникалық оқу құралдарын пайдалануы тиіс. Аталған бағдарламаны оқып шыққаннан кейін құтқарушы мыналарды білуге міндетті:

  • ІҚЖ – ның арналуын, мақсатын, міндетін және мүмкіндіктерін;

  • құтқарушылардың міндеттерін, құқықтары мен құқықтық

жауапкершіліктерін;

  • ІҚЖ қызметін белгілейтін негізгі нормативті – техникалық және құқықтық құжаттарды;

  • штаттық байланыс құралдары, хабарландыру мен басқаруды;

  • хабарландыру тәртібі, жүктелген міндеттерді орындауға құрылымдары дайындыққа келтіру мен жинауды;

  • ІҚЖ жүргізу кезіндегі құрал – саймандарды, құрылғыларды, механизмдерді, аспаптар мен жабдықтарды, олардың арналуын, техникалық анықтамаларын, пайдалану ретін;

  • ТЖ зақымдаушы факторларынан қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғанудың негізгі әдіс - тәсілдерін;

  • ТЖ жағдайында ІҚЖ жүргізудің сипаты мен тәртібін;

  • дезактивация, дегазация, дезинфекция жүргізудің тәртібін;

  • барлау жүргізудің, белгілі бір жерде бағыт табудың тәртібін;

  • төтенше жағдай кезінде тірі қалу ережесі мен тіршілікті қалыпты ұстауды;

  • зардап шеккендердің жағдайын анықтаудың тәртібі мен оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ретін;

  • ҚӘУЗ бен радиоактивті заттардың физика – химиялық және зақымдаушы қасиетін;

  • ІҚЖ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

  • көшіру жұмыстарын жүргізудің ережелерін;

  • жауапты аудандағы орын алуы ықтимал ТЖ;

  • бейімделу мен қалпына келтіру шараларының тәсілдерін;

  • үлкен топтағы адамдардың мінез – құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін

Аталған бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының қолынан төмендегілер келуі міндетті:

  • аварияның, апаттың және зілзаланың зардабын жою кезінде ІҚЖ жүргізу;

  • қорғаныс құралдарын пайдалану, сақтануды және өзін - өзі сақтауды қолдану;

  • ІҚЖ жүргізу кезінде пайдаланатын кұрылғыларды тиімді пайдалану;

  • байланыс және хабарландыру құралдарымен жұмыс істеу;

  • дезактивациялық, дегазациялық, дезинфекциялық іс – шараларды жүргізу;

  • зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету, зардап шеккендердің жағдайын анықтау, оларды тасымалдау тәсілдернін білу;

  • үйінді, жердің шамадан тыс қиылысуы жағдайында, мұз және қар басқан жерлермен, биік таулы жерлермен, сулы кедергілер жағдайында қозғалу;

  • төтенше жағдайларға тез бейімделу, тірі қалу және тіршілікті қалыпта ұстау тәсілдерін білу;

  • қиын жағдайларда бағытты жоғалтпау, ТЖ ауданында барлау жүргізу;

  • әртүрлі жұмыстар кезінде қауіп деңгейін түсіну;

  • жоғарғы физикалық және моральды – психологиялық қиындықтарды көтере білу;

  • жануарларды, азық – түлікті, өсімдіктер мен заттарды қорғау бойынша жұмыстар жүргізу;

  • өртке қарсы іс – шараларды жүргізу, өрттерді тоқтату және өшіру;

  • карантин, обсервация, әлеуметтік шиеленіс жағдайында жұмыс жүргізу.

Құтқарушылардың ТЖ шынайы жағдайына бейімделуі мақсатымен, оқу жүргізу барасыңда атқарылатын жұмыстардың төтеншелік деңгейін (биіктік, түтін, жергілікті өрт, шу мен жоғарғы қарқындылықтағы жарық, басқа да факторлар) жоғарылату керек
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы

  2. Бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының міндетті

13 дәріс. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені


Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені

  2. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдары

Полигондық – жаттығу әдісінің дәстүрлі әдістермен салыстырғанда өзіндік бір артықшылығы – оқытудың арнайы техникалық құралдарды пайдалануға негізделеді. Жаттығу құралдары оқу процесін шынайы жағдайға барынша жақын келуге көмегін тигізеді.

Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдарының тізімі олардың еңбек жағдайы мен қызметінің ерекшелігі негізінде дайындалады. Жаттығу құралдарын пайдалану тек қана құтқарушылар жұмысының біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру үшін ғана емес, сондай – ақ жарыстар мен жаттығу кезінде өздерінің шеберлігін арттыру үшін де қажет.

Оқытудың үйлесімді нәтижесіне жеке жаттығу құралдарын пайдалану кезінде емес, мамандандырылған полигондық – жаттығу кешені кезінде қол жеткізіледі.

ТЖМ құтқарушыларын тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешенінде төмендегі тапсырмаларды орыңдауға арналған арнайы оқу алаңы мен жаттығу құралдары болуы тиіс:


  • әртүрлі ТЖ кезінде адамның жұмысқа бейімделуі;

  • орын ауыстыру мен кедергілерді жеңудің дағдыларын қалыптастыру;

  • қысылу жағдайындағы және жабық кеңістіктердегі жұмыстарға оқыту;

  • газоэлектро дәнекерлеу, тиеп – түсіру жұмыстарды орындаудың дағдыларын қалыптастыру;

  • зілзала, техногенді, эпидемиологиялық, әлеуметтік ТЖ – дың зардаптарын жою жағдайындағы жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;

  • құрал – жабдықтарды, құрылғыларды, машиналарды, механизмдерді, құралдарды, қорғаныс құралдарын пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру;

  • топтық жұмыс кезіндегі қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру;

  • пиротехникалық жұмыстарды орындаудың дағдыларын қалыптастыру;

  • жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы жұмысқа оқыту;

  • су асты, су үсті, жер астындағы жұмыстарға оқыту;

  • ҚӘУЗ шығуы (төгілуі), радиоактивті сәулеленудің, зиянды заттардың әсері жағдайында жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;

  • зардап шеккендерді іздестіру, оларды қоршаудан босату, алып шығу, жағдайын, жарақат алу дәрежесін анықтау, алғашқы медициналық көмек көрсету мен тасымалдаудың дағдыларын қалыптастыру;

  • жергілікті жерде бағыт табу мен әртүрлі жағдайда тірі қалудың дағдыларын қалыптастыру;

  • өрт жағдайындағы жұмысқа оқыту;

  • өзгеретін жағдайдағы жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру (түн, күн, жел, жауын – шашын, төтенше факторлар, қайталанатын жер асты дүмпулері).


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені

  2. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдары

14 дәріс. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы

физикалық қабілеттерін дамыту
Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту

  2. Орындалатын жаттығулар

  3. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті

ТЖ зардабын жою кезіндегі құтқарушылардың еңбек қызметінің өзіндік ерекшеліктері олардың физикалық дайыңдығына қатаң талап қояды. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті (ЖФЖҚ) мен физикалық қасиеттерін (күш, ептілік, жылдамдық, сезім мүшесінің төзімділігі) жоғарғы деңгейде дамыту мен қалыпта ұстап тұру үшін, спорттық зал мен спорттық құрал – жабдықтар болмаған күннің өзінде де сабақ жүргізуді қамтамасыз ететін, арнайы әдістерді пайдаланған жөн.

Оқытудың алғашқы айларындағы жалпы физикалық дайындық (ЖФД) бойынша сабақтар жаттығуларды оқып білуге, оларды дұрыс орындауға, жаттығатын ағзаның жылдамдықты және жылдамдықты – күштік сипаттағы физикалық ауыртпалықтарға бейімделуге бағытталған.

Орындалатын жаттығулар:



  • кросстық жүгіру – бір қалыпты қарқыңдылықта, алғашқы кезеңде жағдайына қарай – бәсең қарқындылықта. Қажет болған жағдайда қашықтықтың кейбір бөлігінде жаяу жүріске көшуге болады.

  • жалпы дамыту жаттығулары – ұсынылатын бастапқы жағдайлардан. Айналма қозғалыс, барынша еңкею;

  • алдын ала 25 м жүгіріп алып, барынша қатты жылдамдықпен 20-30м жерге жүгіру;

  • төменгі старттан жүгіру – барынша жиілікпен және қадам ұзындығын біртіндеп жоғарылатумен бірге қимылдың өте жылдам басталуын қарастырады (дененің еңкеюін сақтай отырып);

  • ұзындыққа секіру – екі аяқпен бірдей түсу мен секірудің ұзақтығы;

  • салмақты лақтыру (тастар, ядролар) – қозғалыс алдын ала бүгілген аяқты белсенді түрде түзеуден басталады;

  • түрнекте жаттығу – денені теңселтпей. «Шегіне жеткенше» шамасы кезінде – үлкен ауыртпалық арқылы.

Сабақтардың жылдық жоспары ұсынылатын жаттығулардың көлемі мен қарқындылығын біртіндеп (аптадан аптаға, айдан айға) жоғарылатуды қарастырады. Әр айдың бірінші күндері дайындалған тесттер бойынша қорытынды сынақтарды өткізуге бөлінеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту

  2. Орындалатын жаттығулар

  3. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті

15 дәріс. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері



Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері
Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері

  2. Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері

Теориялық оқытудың бағасы – құтқарушылардың аталған мамаңдыққа керекті білімді меңгеру деңгейінің белгісі (көрсеткіші), соңдай – ақ оларды тәжірибеде тиімді пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Бұл бағалар ағымдағы бағалардан құралады, олар: теориялық сабақтардан және сынақтар мен емтихандарда қойылған бағалар.

Құтқарушылардың теориялық білімінің негізі дәстүрлі бес баллдық жүйеге негізделеді. Баға «5 балл» («өте жақсы») – үйренуші оқу бағдарламасының материалдарын толық игерген, тәжірибелік тапсырмаларды қатесіз орындау кезінде алған білімдерін өз еркімен және сенімді түрде қолданады, қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтайды. Баға «4 балл» («жақсы») – негізгі материалдар сенімді игерілген, жауаптар «өте жақсы» бағасына тең келетін талаптарға сай, бірақ сөйте тұрып құтқарушы бір өрескел емес қателік жібереді, нақты тақырыпты таратып айту кезінде болмашы қателіктер жібереді, алған тәжірибелерін тәжірибеде еркін қолданады. Баға «3 балл» («қанағаттанарлық») - үйренуші оқу бағдарламасының негізгі материалдарын, негізгі тақырыптарын біледі және түсінеді, алайда материалды игеруде ақаулар бар. Оны өте қарапайым, біршама қателіктермен түсіндіреді. Өндірістік тапсырмаларды есептемей кейде ақаумен орындайды. Баға «2 балл» («қанғаттанарлықсыз») – үйренуші бағдарламалық материалдың басым бөлігін нашар түсінген кезде, өрескел қателер жіберген кезде және материалды жүйесіз түсіндірген кезде қойылады. Үйренуші сабақтың негізгі бөлшектерін игерген жоқ,өзінде бар білімді тәжірибеде пайдалана алмайды. Өрескел қателіктер және ақаулар жібереді.
2.6. Құтқарушылардың арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері
Кәсіби шеберлікті бағалау белгісі құтқарушыларды аттестациялау кезінде қолданылады.

ІҚЖ жүргізу кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келеді. Бұл жұмыс түріне құтқарушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін келесі бағалау белгілерін қолдану орынды: Жеке біреуге таңғыш қапшығын ашу: Құтқарушы қапшықты ашып, бинттің орамын оң қолына, ал ұшын сол қолына алған кезде сынақ тапсыру аяқталды деп есептеледі. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер:



  • бинттің залалсыздандырылуының бұзуы;

  • қапшықтың жастықшаларының толығымен жазылмауы;

  • қолдағы бинттің орамы мен ұшының бұрыс жағдайы;

Жоғарғы деңгей 25 сек және одан аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 26 – 34 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 35 сек және одан аса – баға «қанағат.»

Басына, білегіне және шынтақ, тізе, жіліншік буындарына бастапқы таңғышты таңу.



  1. Басқа «чепец» қылып таңғыш таңу кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 2 мин 30 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 2 мин 31 сек – 3 мин 9 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 3 мин 10 сек және одан аса – баға «қанағат.»

2. Білегіне және шынтақ, тізе, жіліншік буындарына таңғышты тану кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 1 мин 50 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 1 мин 51 сек – 2 мин 9 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 2 мин 10 сек және одан аса – баға «қанағат.»

3. Иық пен қан тоқтататын бұрау қою кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 25 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 26 – 34 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 35 сек және одан аса – баға «қанағат.»

4. Иық пен санға бұрау қою кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 45 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 46 – 54 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 55 сек және одан аса – баға «қанағат.»

5. Иық сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 4 мин және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 4 мин 1 с – 4 мин 59 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 5 мин және одан аса – баға «қанағат.»

6. Білек сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 2 мин 40 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 2 мин 41 сек – 3 мин 39 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 3 мин 40 сек және одан аса – баға «қанағат.»

7. Жамбас сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 2 мин 40 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 2 мин 41 сек – 3 мин 39 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 3 мин 40 сек және одан аса – баға «қанағат.»

8. Жамбас сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 4 мин және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 4 мин 1 сек – 5 мин 59 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 6 мин және одан аса – баға «қанағат.»

Құтқарушы таңғышты таңып және бинтті байлаған кезде сынақ тапсыру аяқталды деп есептеледі. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: бинттің қолдағы бұрыс жағдайы, бинттің залалсыздандырылуының бұзуы, таңғышты басқа жерге, басқа бөлікке таңу, таңғышты бекітпеу.

Құтқарушылардың ҚӘУЗ – ден қорғау жөніндегі дайындық деңгейін бағалаудың белгілері:

1 .Сүзгіш газқағарды кию

Газқағар бастапқы жағдайда. Сынақ «Газдар!» командасы бойынша орындалады. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: газқағарды кию кезінде көзін жұмбауы және демін ішіне тартпауы, жалғастырып тұратын түтіктің артық бұралуы, дулығаның (маска) көзілдірігі көзге қарама – қарсы тұрмайтындай етіп киілуі.

Жоғарғы деңгей 7 сек – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 8 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 10 сек – баға «қанағат.»

2. Зардап шеккен адамға газқағар кигізу

Жоғарғы деңгей 15 сек – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 16сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 17 сек – баға «қанағат.»

3. Респиратор кию

Респиратор бастапқы жағдайда сөмкеде болады. Сынақ «Респираторды кию!» командасы бойынша орындалады. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: респиратодың дұрыс таңдалмауы, респиратордың бетке толығымен жабысып тұрмауы, киген кезде респиратордың зақымдануы.

Жоғарғы деңгей 10 сек – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 11 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 13 сек – баға «қанағат.»
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері

  2. Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері


3 Тәжірбиелік сабақтар
1 Тәжірбиелік сабақ. Пән мақсаты, міндеті. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.
Жоспары: «Апаттық құтқару ісі» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық-құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады.
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi: Төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар. Адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар. Кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау. Қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге, қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу, қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу, халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу, құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн..


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері

  2. Төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар.

2-3 Тәжірбиелік сабақтар. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер.


Жоспар: Осы Заң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi.
Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, жалпы ережелер, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi, Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құруАвариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау, Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi тағы сол сияқты заңның бабтарына жекелеп тоқталу, оқу.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жалпы ережелер           

  2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары    

  3.  Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы

  4. Құтқарушылар және олардың мәртебесi        

4 Тәжірбиелік сабақтар. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 1,2,3,4,11 бабтар.


Жоспары: Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 1,2,3,4,11 бабтарды талқылау, оқып меңгеру.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар;

авариялық-құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;

авариялық-құтқару қызметі - негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым;

құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;

құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;

құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам;

төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет.

 


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау