Цифрлық құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренесің. Өзіңнің және отбасыңның бақытты сәттерін суретке түсіру үшін қандай құрылғыны пайдаланасың? (1-сурет) Компьютерге ұқсайтын тағы қандай цифрлық құрылғыларды білесің? (2-сурет)
Цифрлық құрылғыларды дұрыс пайдаланбаудан қандай қауіп туындауы мүмкін? (3-сурет)
Ноутбук – компьютердің негізгі құрылғы- ларының ықшам түрі.
Планшет – экраннан арнайы қалам немесе саусақ арқылы басқарылатын құрылғы.
Ұялы телефон – сымсыз байланыс құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |