ПоәК-042-14 05 20. 46/03-2011 №3 басылым 05. 09. 11ж



жүктеу 0,82 Mb.
бет1/10
Дата28.12.2019
өлшемі0,82 Mb.
#25225
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПОӘК-042-14.4.05.1.20.46/03-2011

№3 басылым 05.09.11ж.

102 беттің -ші беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042-X.1.46/03-2013

ПОӘК «Апаттық құтқару ісі» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 4 басылым 04.09.2013




Пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Апаттық құтқару ісі» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің

қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығына арналған

Оқу әдістемелік материалдар

Семей


2013

1 Глоссарий
Апаттық жағдай - қауіпті жағдай, оқиғаның алдын – алу мүмкін емес жағдай.

Апаттық жиілілік - халықаралық тербеліс жиілігі, толқын ұзындығы, авариялық немесе апаттық хабарлама таратуда кемелік немесе жағалаулық радиостанция жұмыс істейді.

Авариялық - қалпына келтіру жұмыстары – жеке бүліну ошақтары мен жоғары қауіпті аймақтағы бірінші кезектегі жұмыс, коммуналды желілердегі авариялар мен бүлінулерді жою, халықтың өмір сүруге қажетті жағдай жасау, сонымен қоса аумақты санитарлық тазарту және залалсыздандыру.

Апаттық құтқару қызметі – басқару және қаржы органдарының жиынтығы, ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған, бір жүйеге функцияналды біріктірілген, негізіне авариялық құтқару құрамалар кіреді.

Апаттық - құтқару жұмыстары – адамдарды құтқаруға материалды және мәдени құндылықтарды, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны сақтауға, ТЖ жою немесе оның басқа да қауіпті факторға жалғасып кетуіне жол бермеуге бағытталған іс – шаралар.

Авариялық - құтқару жұмыстары – бұл жұмыстарды жүргізетін адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді және арнайы дайындықты, экипировка және құралдарды қажет етеді.

Апаттық – құтқару құрамалары – өздігінен немесе апаттық құтқару қызметіне кіретін құрылым, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған, негізін құтқарушылар құрайды, арнайы техникамен, құрал-жабдық, аспап және материалдармен жабдықталған құрамалар.

Авария - механизм, машина құрылғы, объектінің бүлінуі, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін, адамдардың денсаулығымен өміріне қауіп төндіреді.

Авиакатастрофа – авиациалық техниканың апатқа ұшырауы.

Аман қалу – адамның экстрималды жағдайда өмір сүру қабілеті.

Азаматтық қорғаныс – қорғаныс, инженерлік – техникалық және ұйымдастыру шаралар жүйесі, бейбіт халықты қорғау шараларын ұйымдастыру.

Апат аймағы – ТЖ салдарын жоюға арналған жедел және қосымша көмекті қажет ететін ТЖ аумағының бөлімі.

Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық ТЖ салдарынан адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау.

Басқару нүктесі – ТЖ салдарын жою құралдары және нүктелерін бақылайтын жабдықталған инженерлік немесе көліктік құрал.

Барлау – бір нәрсені арнайы мақсатта зерттеу.

Ескерту дабылы – ТЖ пайда болуы жөніндегі хабарлама.

Дезинфикация – инфекциялық аурудың қоздырғышын жою.

Дегазация – авариялық химиялық қауіпті бейтараптандыру және жою.

Дозиметрлік бақылау – радиоактивті сәулелену мөлшерін анықтау.

Зақымдау аумағы – қоршаған ортаға, адамдар өмірі мен денсаулығына әсер ететін қауіпті концентрациялы химиялық заттар әкелінген және таралған аумақ немесе акватория.

Залалсыздандыру – ластануды, аумақтың зақымдануын, нысандардың, судың, азық түліктің ластануын шекті рұқсат етілген шегіне дейін төмендету.

Газқағар – газ тәріздес заттармен шаңдардан тыныс алу органдарын қорғауға арналған құрал.

Жол көлік оқиғасы – транспорттық авария, жол жүру кезінде пайда болған оқиға, транспорттың қатысуымен адамның дене жарақатын алуы, кейде өлімге жететін оқиға. Транспорттың бүлінуі жол, ғимарат, жүк немесе басқа да материалды шығынға әкеледі.

Жерсілкінісі – жер қабатында және мантияда аяқ астынан бірігу және ажырау нәтижесінде пайда болады. Алыс қашықтықтарға серіппелі толқын түрінде таралатын жер бетінің және жер астының тербелістері мен дүмпулері.

Жаралану – ағзаның немесе тіннің абайсызда бұзылуы.

Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше составтың бүлінуі, поезд қозғалысының тоқтауы, бір немесе бірнеше адамның қайтыс болуы, адамдарға ауыр дене жарақат алуы мен сипатталатын темір жол апаты.

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта апат, катастрофа, қауіпті табиғи құбылыс, табиғи жағдай нәтижесінде болған, адам шығынына, тіршілік жағдайының бұзылуына, қоршаған ортаға шығын әкелген оқиға.

ТЖ қауіпсіздік – халықты, халықшаруашылық объектілерін, қоршаған ортаны ТЖ қаупінен қорғау

Тіршілікті қамтамасыз ету – тіршілікті қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар.

ТЖ аумағында халықты қорғау – адам шығынын шекті қысқартуға немесе болдырмауға бағытталған іс-шаралар.

ТЖ қаупі бар аумақ – ТЖ қаупі пайда болуы ықтимал аумақ немесе акватория.

ТЖ көзі – қауіпті табиғи немесе техногенді құбылыс барысында пайда болуы мүмкін

ТЖ комиссиясы – жұмысты басқару және жұмыс кординациясымен танысу, ведомстваның териториядағы ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған функционалды құрылым.

ТЖ алдын алу кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар - халыққа, ТЖ зардап шегушіге медициналық және т.б көмектер көрсетуге, адамдардың өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты апаттық-құтқару жұмыстар әрекеті.

Тікұшаққа арналған құтқару арбалары – жараланғандарды, ауырғандарды тікұшақпен тасымалдауға қолданылатын жеке құтқару құралы.

Тікұшақтың құтқару торы – суда қалғандарды тікұшақпен құтқаруға пайдаланатын жеке құтқару құралдары

ТЖ мен жұмыс істеу үшін технологиялық құралдар кешені – ТЖ аумағындағы жұмыстарға арналған негізгі және қосымша техникалық құрал.

ТЖ салдарын жою – ТЖ зонасында барлау жүргізу, кезек күттірмейтін жұмыстар, зардап шегушілермен адамдарға тіршілік қамтамасыз етуін ұйымдастыру.

ТЖ дайындау – халықты және аймақты қорғауға бағытталған шаралар кешені.

Төменгі су басу – судың ғимараттың жерастындағы бөлігіне енуі.

ТЖ көзінің зақымдаушы факторы – ТЖ көзінен қалыптасқан және физикалық, химиялық, биологиялық байқалулармен сипатталатын қауіпті құбылыс немесе процесс.

ТЖ күштері мен құралдары – ТЖ салдарын жоюға және алдын алуға арналған күштер мен құралдар.

Тұрақты дайындық күштері – ТЖ аумағындағы жұмыстарды жедел жүргізуге арналған және үнемі кезекшілікте болатын күштер.

Тәжірбие – тәжірбие жағдайында жинақталған білім, дағды, әдет.

Техногендік төтенше жағдай – адамның өндірістік іс – әрекеті себебінен пайда болатын төтенше жағдай.

Топографиялық карталар – аймақ жайлы жан – жақты карта

Токсиндер – улы заттар

Табиғи төтенше жағдай – себебі табиғи күштерден болатын ТЖ..

Табиғи апат – ірі масштабты және ауыр салдарлы, қоршаған ортаның басқа компоненттері мен ландшафтың қайтымсыз өзгеруімен қоса жүретін табиғат апаты.

Тәуекел – алдын алу әрекетінде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігінің дәрежесі.

Теңіз дауылының алдын – алу аса қауіпті гидрометерологиялық құбылыстар мүмкіндігін ұйымдарға және халыққа алдын – ала ескерту.

Катастрофа – адам шығындарымен болатын ірі авария.

Квалификация – кәсіптік дайындық деңгейі.

Клиникалық өлім – көрінетін тіршілік белгілері байқалмайтын ағзаның терминалды күйі.

Қорғаныс құрылымы – адамдарды, техникалық мүліктерді ТЖ нәтижесінде пайда болады және қауіп қатерден қорғайтын инженерлік құрылым.

Құлама – жартасты және тік таулардың бөлінуі және төмен қарай құлауы.

Қауіпті табиғи құбылыс – қарқындылығымен, көлемімен, іс-әрекет ұзақтығымен теріс әрекет көрсететін табиғи оқиға.

Қар көшкіні – ауырлық күші әсерінен қардың төмен қарай жылжуы.

Қауіптілігі мүмкін нысан – ТЖ болуы мүмкін нысан.

Құтқарушы – апатты құтқару жұмыстарын жүргізуші азамат.

Құтқару құралы – адамды құтқару үшін қолданылатын арнайы техникалық құрал.

«Қара жәшік» - әуе кемесінің күйі туралы маңызды ақпаратты автоматты жазуға арналған, ТЖ пайда болуы кезінде және апаттық жағдайларда сенімді мәліметтер алуға арналған құрылғы.

Радиация – бір заттан бөлінетін радиация.

Радиоактивті ластану – атмосферада, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы.

Радиоактивтік – белсенді радиациалық сәулеленумен бірге жүретін атом ядроларының ыдырауы.

Рация – тасымалданатын радиостанция.

Сараптау – қорытынды жасайтын сұрақтарды қарастыру.

Сәулелену – радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаға әсері.

Су басу ауданы – су басу кезінде су астында қалған аймақ.

Санитарлық тазалау – ластануға ұшыраған адамдардың сілекейлі қабықшаларымен тері жабындарын жуу және механикалық тазалау, сондай – ақ ТЖ аймағынан шыққанда киіммен аяқ киімді залалсыздандыру.

Өрт – бақылаусыз жану, бір нәрсені кең орап жанған алау.

Өрт қауіпі – өрт пайда болу мүмкіндігі.

Шығындар – адамдардың қаза болуы, жаралануы, ауруына байланысты қатардан шығу

Шлем – басты қорғауға арналған зат.

Полигон – сынақ жүргізуге арналған орын.

Профилактика – алдын – алу шараларының жиынтығы.

Химиялық апат – химиялық зиянды заттардың қалдықтары.

Цунами – жерсілкінісінің әсерінен пайда болатын теңіз толқыны.

Эвакуация – ТЖ кезіндегі қауіпті жерлерден адамдарды алып шығу.

Эпидемия – кең тараған адам ауруы

Эпицентр – жер сілкінісінің аймағында орналасқан жер бетіндегі белгіленген аймақ.

2. Дәрістер
1 дәріс. Кіріспе. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы
Жалпы сұрақтар

  1. Кіріспе

  2. Пәннің жалпы мазмұны

  3. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы

«Апаттық құтқару ісі» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық-құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады.



Пәнді оқытудың мақсаты: Пәнді оқытудағы мақсат төтенше жағдайлардан сақтандыру, оның салдарын жоюға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуын жан – жақты оқыту.

Пәнді оқытудың себептері: Төтенше жағдайлардың алдын-алу, жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын мемлекеттік жүйені; Азаматтық қорғанысқа байланысты шаралардың орындалатын түрлерін; Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиімділігін арттыру мен негізгі жқмыс бағыттарын жақсарту жолдарын; ТЖ сақтандыру, жұмыс жүргізудің мемлекеттік жүйесінің даму перспективасы туралы; ТЖ қорғанудың озық тәжірбиелері туралы оқыту.

Осыған орай әрбір студент оқу барысында өз шеберлігін, әдістермен тәсілдердің бәрін көрсете білу керек. Пәннің жалпы міндеті Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар құрылымындағы мамандықтарды дайындау.



Пәнді оқу барысында студент білу қажет: табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін; радиациалық немесе химиялық залал жағдайын есептей бағалай білуі; ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық – құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды және олардың құрамдары мен міндеттерін; төтенше жағдай уақытында апаттық құтқару отрядтарын құру; апаттар, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үшін шұғыл шараларды ұйымдастырып оны басқара білуді; ҚР ішкі істер, қорғаныс министрлігі және ТЖ агенствасының апаттардан халықты қорғауға құрылған құрылымдарының іс – қимылдарын үйлестіріп, бағыттай алулары керек; ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыра білулері қажет.

Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы.
Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

1997 ж. 27 наурыздағы № 87-I Қазақстан Республикасының Заңы

  1 тарау. Жалпы ережелер    (1 - 6 баптар)

 2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары   (7 - 15 баптар)

 3 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының (16 - 20 баптар) төтенше жағдайларды жоюға қатысуы

 4 тарау. Құтқарушылар және олардың мәртебесi  (21 - 30 баптар)

 5 тарау. Қорытынды ережелер  (31 - 33 баптар)

 

Осы Заң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi.



 

1 тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар;

авариялық-құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;

авариялық-құтқару қызметі - негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым;

құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;

құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;

құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам;

төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары



Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

 

3-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi



Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдардың өмiрiн құтқару мен олардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мiндеттерiнiң басымдығын көздейтiн iзгiлiк пен қайырымдылық;

төтенше жағдайларды жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына дара басшылық;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде өзiн-өзi ақтайтын тәуекелдiлiк және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларға жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiгi.

4-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi

1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi:

төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар;

адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар;

кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау;

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге:

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу;

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу;

халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу;

құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру;

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн.

2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.

5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн:

авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;

ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;

құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады;

халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне)  қаржы жағынан қолдау көрсетедi.

 6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi

Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар  жатады.

 

Өзін өзі тексеру сұрақтары



  1. Пәннің жалпы мазмұны

  2. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы

  3. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2 дәріс. ҚР апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер.

Жалпы сұрақтар

  1. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері.

  2. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер.


2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары 

7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру

1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:

тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер;

ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар) және аумақтық;

ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады.

3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады.

4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.

Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

9-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау



1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарында оқуға  медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады.

3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi.

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады.

Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі.

4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртібі мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi.

10-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу

1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

 

11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi



1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады.

2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады.

3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган  iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi.

4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткізу арқылы қамтамасыз етiледi.

5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.

6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi.

 12-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау

1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген аттестатталуға тиiс.

2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі.

3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

13-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру



1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiрудi  уәкілетті орган  жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру:

төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;

халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы, сондай-ақ құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға келісілген ұсыныстар жасау;

авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын бiр iзге түсiру;

авариялық-құтқару құралдарын өндiру саласында және авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiнде бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу;

авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары және басқа күштер, соның iшiнде тиiстi аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн бөлiнген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер арасындағы өзара iс-қимылды пысықтау;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларын, лауазымды адамдарын даярлау мәселелерiн шешу мақсатында жүзеге асырылады.

 

14-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының орнын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу, тарату



1. Мiндеттi түрде құрылуы қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құрамалар алдын алу және жою үшiн құрылған төтенше жағдайлардың пайда болу қаупiнiң жойылуы негiз болып табылады.

2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi:

1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкілетті органның келісімi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды.

3. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын тарту туралы шешiмдер қабылданған кезде, олар уәкілетті органға  хабарлайды.

15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау