ПоәК-042-14 05 20. 46/03-2011 №3 басылым 05. 09. 11ж


Өзін өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 0,82 Mb.
бет4/10
Дата28.12.2019
өлшемі0,82 Mb.
#25225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Төтенше жағдай кезіндегі Апаттық құтқару ісі пәнінің міндеті мен мақсаты

  2. Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері

  3. Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу

  4. Халықты оқыту

8 дәріс. Іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қорғау. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары


Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері

  2. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары

  3. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

  4. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары



Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2007 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік шаралары туралы тағы да баска ҚР нормативтік құқықтық актілері – құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік – құқықтық базасы болып табылады.

Олар еңбек етуішлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуінің кепілін белгілейді және шаруашылық қызмет ету саласы мен ведомстволық бағыныштылығына және жеке меншік қалпына қарамастан барлық ұйымдар мен мекемелердегі, өнеркәсіптердегі жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы қарым – қатынасын реттеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар еңбек қызметінде және онымен байланысты үрдістерде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін еңбек жағдайын құруға бағытталған.



Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары.

Қызметкердің:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес санитарлы – тұрмыстық ғимараттарға, жеке және топтық қорғаныс құралдарына, арнайы киіммен, сондай – ақ жеке және топтық еңбек келісім шартымен қамтамасыз етілуге;

  • өзінің жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігі мен жағдайларға зерттеу жүргізу туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдарға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіну;

  • еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өкіл ретінде қатысуға;

  • өзінің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;

  • Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіби дайындыққа;

  • жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың жай – күйі туралы, өмірге және денсаулыққа төнетін қауіп туралы, сондай – ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;

  • ұйымның жұмыс еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

  • жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекетеріне шағым жасауға құқығы бар.

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

Қызметкер:

  • өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың (улану) белгілері туралы, сондай – ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;

  • еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби ауру белгілері пайда болғанда мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге;

  • жұмыс беруші қамтамасыз еткен арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;

  • жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда медициналық мекемелер берген кеңестерді орындауға;

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын сондай – ақ жұмыс берушінің өңдірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетгі.

Еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілердің бұзылуына кінәлі жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалар, ұжымдық келісімдермен немесе еңбек қорғау туралы келісімдермен бекітілтен міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекетік қадағалау мен бақылау органдарының, соңдай – ақ қоғамдык бақылаушының қызметіне кедергі келтіргендер ҚР заңымен сәйкес бекітілген әкімшілік, тәртіптік немесе қылмыстық жазаға тартылады.

Жұмысшылар еңбекті қорғау туралы заңдар мен басқа да нормативтік актілерде көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін ҚР заңымен сәйкес бекітілген тәртіптік, ал тиісті жағдайларда – материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Авариялық – құтқару жұмыстардың өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 27 наурызында «Авариялық – құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» (10.01.2006ж. түзетулер мен толықтырулар енгізілді) № 87-1 Заңы қабылдаңды.

Ол табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған аварияық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдасуы мен қызметі кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушының мәртебесін бекітеді.

Құтқарушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері заңмен бекітіледі, табиғи және техногенді ТЖ зардаптарын жоюға қатысатын құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы саласындағы мемлекеттік саясат негізі анықталады.

Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар авариялық – құтқару қызметінің мәселелері жөнінде аталған заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге бағынады және тек қана авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының басшыларына (өздері жұмыс істеп жүрген құрылымдардың) ғана бағынады.

Жергілікті сайланып қойылған және атқарушы органдар, жеке меншіктің барлық формасындағы ұйым басшылары мен азаматар құтқарушыларға өздерінің жұмыстарын атқару кезінде көмек көрсетуі керек. Құтқарушылардың жүмысына ешкім қандай да болмасын кедергі

жасауға құқы жоқ. ТЖ зардабын жою үшін авариялық – құтқару қызметі мен авариялық – құтқару құрылымдары тартылуы ҚР заңына сәйкес жүзеге асырылады



Барлық авариялық – құтқару қызметі мен авариялық – құтқару құрылымдары ҚР Үкіметі бекіткен кезекпен аттестациялауға жатады. Аттестациялаудан өтпеген құтқарушы құтқарушы мәребесінен айрылады.

Еңбек келісім шартында көрсетілмеген жұмыстар мен тапсырмаларды орындауға құтқарушыларды ешкім де мәжбүрлей алмайды. Құтқарушылардың құқығы мен міндетгері туралы 2 тарау 2.1. бөлімінен қараңыз.



Авариялық – құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін құтқарушыларың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті факторлардың болуымен ерекшеленеді және арнайы дайындығы мен экипировкалануын, жабдықталуын талап етеді. Құтқарушылар мәртебесінін ерекшеліктері ТЖ зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуы жөніндегі оларға жүктелген міндеттермен және осыған байланысты өмірі мен денсаулығына келетін қауіппен анықталады. Құтқарушы әр түрлі жұмыстарды, операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіз амалдарды білуі керек. Қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі кезінде көліктерді, құрылғьшарды, құрал – жабдықтарды, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білуі керек. Осылардың барлығы авариялық – құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастырудың керекті нормативтік базасын анықтайды.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары. ТЖ зардабын жою үшін кезіңдегі құтқарушылардың жұмысы жоғарғы дәрежедегі қауіптілігімен ерекшеленеді. Құтқарушының денсаулығын, кей жағдайда өмірін сақтап қалу үшін мыналар қажет:

  • еңбекті қорғау жөніндегі нормативті – техникалық құжаттардың талаптарын білу мен орындау;

  • қорғаныс құралдарымен қамтылу және оларды пайдалана білу;

  • жағдайды бағалай білу және қауіп дәрежесін анықтай білу;

  • қиын – қыстау және жарақат қауіпі төнген кезде өзін дұрыс ұстай білу;

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық -техникалық, санитарлы – гигеналық, емдеу – алдын алу, оңалту және өзге де іс – шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе.

Техника қауіпсіздігі – адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық іс – шаралардың жүйесі.

Жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілгінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері.

Кәсіби ауру – қызметкердің (кызмет) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру.

Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті еңбек қызметіндегі қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуін жою немесе азайту болып табылады. Оның шешімі ұйымдастырушылық, техникалық, гигиналық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, этикалық әдістер пен құралдар арқылы.

Еңбек қауіпсіздігін жоғарылатудың ұйымдастырушылық құралдары мыналардан тұрады:



  • кадрларды кәсіби түрде таңдау мен дайындау;

  • орындаушыларды барлық деңгейде кәсіби пайдалану мен орналастыру;

  • біліктілігін арттыру және білімі мен өндірістік дағдыларын жетілдіру;

  • өндіріс үрдістері мен әдістерінің қауіпсіздігін жоғарылату;

  • енбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру мен сапасын жетілдіру;

  • жеке орындаушылар қызметіндегі функционалдық міндеттерді нақтылау, олардың жұмысын еңбекті қорғау жөніндегі қалыптар мен ережелер бойынша регламенттеу;

  • еңбекті қорғаудың жағдайын қатаң бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;

  • еңбек процесінің қалыпты және қауіпсіз жүруі үшін әлеуметтік, материалдық және техникалық жағдайларын жетілдіру;

Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдардың зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар болса, жеке қоргану құралдары деп қызметкерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдарды айтады.

Еңбек қауіпсіздігін көтерудің техникалық құралдары өндірістік үрдістер мен операциялардың тиімділігін жоғарылатуға қызмет етеді. Олар адамның жұмсаған физикалық күшін жеңілдетуге, сондай – ақ еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен жетілдірілуіне негізделеді. Қазіргі жағдайда ерекше қажетті болып табылатын, техникалық құралдарды жетілдіру кезіндегі еңбекгі қорғаудағы негізгі ережелердің бірі – қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға ауысу міндеті болып отыр.

Еңбек қауіпсіздігін көтерудің гигиеналық құралдары адам мен еңбек процесі және қоршаған орта арасындағы жағымды қарым – қатынасты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оларға жататындар:


  • қоршаған орта мен еңбек жағдайлары факторларының адам ағзасына әсер етуін зерделеу;

  • еңбек үрдісінің зиянсыз өтуі үшін физиологиялық және гигиеналық критерилерді бекіту;

  • еңбек үрдістері үшін гигинеалық нормаларды регламенттеу мен анықтау және олардың негізіңде еңбек үрдістерін санкциялау;

  • шаршауды, кәсіби және жалпы ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын дайындау;

  • еңбек жағдайлары мен өндіріс ортасының санитарлы – гигиеналық жағдайын бақылау мен үнемі қадағалауды ұйымдастыру және іс жүзінде жүзеге асыру;

  • санитарлы техникалық қондырғылар, құрылғылар мен аспаптардың, тұрмыстық ғимараттардың, санитарлық құралдар мен ЖҚҚ – ның жағдайы мен гигиеналық тиімділігін бағалау;

  • қызметкерлер құрамын санитарлы – гигиеналық қамту, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде сапалы оқытуды ұйымдастыру;

Еңбек қауіпсіздігін көтерудің әлеуметтік құралдары еңбек ұжымының тіршілік етуімен байланысты. Қызметкерлер құрамын жоспарлау мен әлеуметтік дамуы өндірістің әлеуметтік құрылымы элементтерін ұйымдастыру мен жұмысын басқару болып табылады. Адам өмірін қорғау мен оның еңбек үрдісіндегі қызметінің тиімділігін жоғарылатуға қызмет ететін әлеуметтік орта төмендегі бөліктерден тұрады:

  • пайдаланудағы техникалардың, технологиялардың қалтықсыздық деңгейін, өндірістік жағдайды, қорғаныс құралдарының жағдайын, еңбек қарқындылығын және т.б. анықтау;

  • өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың жағдайы, жұмыс орындарының жабдықталуы, метеорологиялық жағдайлар, сапалы желдету, жылу мен жарық, шуыл деңгейі, діріл және басқа да факторлар;

  • өмірдің материалдық жағдайлары. Оларға жататындар: материалдық деңгей және оның өзгеруіне өндірістік қызмет ерекшелігінің әсері;

  • өндіріс саласынан тыс тұрмыс жағдайы және энергиялық шығынды қалпына келтіру мүмкіндігі.

Еңбек қауіпсіздігін көтерудің құқықтық құралдары еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылатын заңнамалық – нормативтік актілерден тұрады. Бұл тұста ең басты роль еңбек заңнамаларына және олардың негізінде дайындалатын нормативтік құжаттарға беріледі. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек қорғауға қатысты: ғимараттар, техникалық үрдістердегі, құрылғылардағы және т.б. еңбек қорғау талаптары заңмен белгіленген. Алдын ала бақылауды регламенттеу көзіне еңбек қауіпсіздігін стандартизациялайтын актілер, санитарлық және тағы да басқа нормалар мен ережелер жатады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралардың ішіндегі ең негізгілеріне кіретіні ­

жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне қойылатын зандық талаптары. Мерзімді медициналық бақылауды жүргізу денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді және ауру белгілерін дер кезінде анықтауға көмегін тигізеді.

Еңбек қауіпсіздігін көтерудің психологиялық құралдары ұжымдағы психологиялық климатты, ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесімділігін анықтайтын барлық факторларды жинақтайды. Енбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуде кадрларды кәсіби таңдау, оларды жұмыстың қауіпсіз тәсіліне оқыту мен дайындау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мен орналастыру, олардың өзара қарым – қатынастарының мәселелері ерекше орын алады. Толассыз өзгеріп отыратын ақпарат көлемін өңдеу және тиісті жағдайда барынша дұрыс шешім қабылдау өндірістік қызметке тән сипаттың бірі болып табылады. Осының барлығы қызмет барысындағы психологиялық үрдістердің рөлін арттырады, олар: көзқарастың шиеленісуі, жағдайды есте сақтауды, ойлауды, қабылдау мен бағалау. Еңбек психологиясының талаптарын есепке алу адамның стресстік жағдайын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл жағдайларда жарақат қауіпі және авариялық жағдайлардың туындау мүмкіндігі көбейіп кетеді.

Еңбек қауіпсіздігін көтерудің этикалық құралдары еңбек үрдісі және ұжым мүшелерінің ара қатынасын көрсетеді. Мұндай қарым – қатынастардың сипаты мен көрініс табуы еңбекті қорғаудың басты салаларының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау жөніндегі ереже және нұсқаулықтардың негізінде еңбек ұжымының арасындағы қарым -қатынасты құру – басшының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұжымдағы қарым – қатынас формалары әр түрлі болады және ең алдымен мына жайттарға байланысты болып келеді: бағыныштылық, өзара қызмет, өзара көмек және т.б.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері

  2. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары

  3. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

  4. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары

9 дәріс. Қорғаныс және іздеп табу құралдарытоптасуы. класстары. құрал – жабдықтары
Жалпы сұрақтар

  1. Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы.

  2. Класстары, құрал – жабдықтары


Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы. Класстары, құрал – жабдықтары. ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Қорғаныс құралдарының нақты түрін таңдау аталған үрдіс немесе жұмыс түріне қойылатын талаптарды есепке ала отырып жүргізілуі керек.

Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:



  • топтық қорғаныс құралдары;

  • жеке қорғаныс құралдары.

Топтық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

  • жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары (барометрлік қысымның шамадан тыс жоғары немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруінен, ауа ылғалдығының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауаның шамадан тыс жоғары немесе төмен иондалуынан, ауадағы оттегі концентрациясының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауадағы зиянды аэрозоль концентрациясының шамадан тыс болуынан);

  • жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары (жарықтың төмен болуынан, табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігінен, көру мүмкіндігінің төменденуінен, ыңғайсыз немесе көз шағылыстыратын жарықтан, жарық толқынының шамадан тыс жүруінен, жарық берудің төменгі көрсеткішінен);

  • иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары;

  • электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары;

  • лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары;

  • дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы және

жергілікті);

  • ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары;

  • электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары;

  • құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары;

  • ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары;

  • механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер;

  • өндірістік құрылғылар мен құралдардың жылжымалы бөліктері;

  • қозғалмалы құралдар мен дайын заттар, материалдар;

  • конструкция бүтіндігінің бұзылуы, құлаған тау жыныстары;

  • сусымалы материалдар; дайын заттардың, құрал – жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір – бұдырлық және жиектің өткірлігі);

  • химиялық факторлардан қорғау құралдары;

  • биологиялық факторлардан қорғау құралдары:

Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

  • оқшаулағыш сырт киім;

  • тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;

  • арнайы қорғаныс киімі;

  • аяқты, қолды қорғау құралдары;

  • басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары;

  • биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;

  • теріні қорғайтын құралдар;

  • аралас қорғаныс құралдары;

Қауіпті және зиянды факторларды іздеп табу мен әсер ету күшін анықтау, олардың әсерінен қорғаудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта арнайы құрылғылар қолданылады.
Санитарлық – гигиеналық бағалауға арналған құралдар


Зиянды фактор

Өлшеу бірлігі

Құрал







аталуы

өлшеудің ара қашықтығы

Ауа температурасы

С

(Цельси градусы)



Аспирациялық психометр

35-тен 50-ге дейін





Термоанемометр

10-нан 60-қа дейін

Ауаның салыстырмалы ылғалдығы

% (пайыз)

Аспирационды психометр

10-нан 100-ге дейін

Ауаның жылжу жылдамдығы

м/с

(метр секунды на)



Электроанемометр

0-ден 5-ке дейін






Термоанемометр

0,003-тен 5-ке дейін





Қалқанды анемометр

1-ден 10-ға дейін





Табақшалы анемометр

1-ден 30-ға дейін

Жұмыс орнының жарықтандырылуы

Лк (люкс)

Люксметр

25-тен 500-ге дейін

Діріл

Гц, дБ

(герц, дицебел)



Дірілді өлшейтін төменгі жиіліктегі аппаратура НВА - 1

1,4 ден 350-ге дейін

70-тен 130-ға дейін



Шу

Гц, дБ

(герц, дицебел)



Шу спекторынын анализаторы

60-тен 10000-ға дейін





Шумометр

30-дан 140-кадейін

Шак

мг/м3

(куб метрге миллиграмм)



Матадан жасалған сүзгішке үлгілерді бөлуге арналған кассеталар

0,5-тен 1000-ғадейін





Ластануды өлшейтІн құрал

0,5-тен 30-ға дейін

Газдар

МГ/м*

(куб метрге миллиграмм)



Индикаторлы түтікшелері бар газоанализатор





Химиялық оқшаулағыш жиынтық КИХ- 4 (КИХ-5). Газ тектес ҚӘУЗ – дердің (хлор, аммиак) жоғарғы қоспалары әсер ету жағдайында, азот және күкірт қышқылы, сондай – ақ сұйық аммиактың әсер етуі жағдайындағы жұмыстарды орындау барысында газдан құтқару бөлімшелерінің, авариялық – құтқару құрылымдарының және АҚ әскерінің жеке құрамын қорғауға арналған. Жиынтық құрамына қорғаныс костюмі, резеңке және мақта – маталы қолғаптар кіреді. Костюм герметикалық қайырмалы бас киімі бар комбенезоннан тұрады. Оның беткі бөлігіне панорамалық әйнек жапсырылған. Комбенезонның шалбары резеңке материалдан жасалған шұлықпен аяқталады, олардың сыртынан резеңке етік киіледі. Арқа бөлігінде костюмді киіп – шешуге арналған тесік бар. Ол костюм материалымен герметизацияланып, жабылады. Костюм тігістерін герметизациялау алдыңғы жағынан жүзеге асырылады. Бұл мақсатта жабыстырылатын лентаны пайдаланады.

Авариялық қорғағыш жиынтық. Құтқарушыларды ашық оттың қысқа мерзімді әсерінен, жылулық сәулеленуден және кейбір газ тектес ҚӘУЗ – ден (күкіртсутек) қорғауға арналған. Күкіртсутектің әсер еткен кездегі от ошағына жақын тұру жағдайында авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде қорғануға арналады. Газконденсатты және мұнай кен орындарындағы өрттер кезіңде тері жамылғысы мен тыныс алу органдарын қорғаныспен қамтамасыз етеді. Жиынтық құрамына екі косютм (жылу шағылыстыратын және жылудан қорғайтын), етік пен үш палды қолғап кіреді.

Жылудан қорғайтын костюм маталық емес, жылуға тұрақты материалдан (фенелон АТМФ-1) дайындалады. Астары мақта – матадан салынып, комбенезон түрінде дайындалған. Алдыңғы жағынан «сыдырма» ілгегі бар, ал артқы жағында тыныс алу аппаратына арналған құндағы бар. Қорғаныс жиынтығы мақта – матадан дайындалған арнайы киімнің сыртынан киіледі.

Костюм астынан киілетін желдеткіш кеңістігі бар Ч - 20 оқшаулағыш қорғаныс жиынтығы. Құтқарушының тыныс алу органдары мен терісін газтәрізді және сұйық ҚӘУЗ – ден қорғауға арналған. Оны авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізгенде және авариялардың зардаптарын жойған кезде киеді. Жиынтық: шешілетін жартылай етігі бар герметикалық комбенезоннан, қолғап пен шешіліп алынатын қайырмалы баскиімнен тұрады, беткі бөлігіне МГП немесе М-80 бетпердесі желімделген. Комбенезон мен қайырмалы баскиім прорезинді материалдан жасалған. Тыныс алу мен костюм астындағы кеңістікті желдетуге арналған ауаны жіберу мен тазалап отыру – комбенезон астында орналасқан ауа беру мен тазалау торабы арқылы жүзеге асырылады. Ауа беру мен тазалау торабы: қоректендіру блогынан, шағын желдеткіштен, ҚӘУЗ – ден жоғарғы дәрежеде қорғау қасиеті бар газқағар қораптан тұрады. Бұдан басқа жиынтықтың ішіне мақталы – маталы материалдан жасалған көкірекше (жилет) мен шлемнің астынан киетін қабат кіреді. Қорғаныс жиынтығы іш киімнің сыртынан киіледі. Пайдаланылып болғаннан кейін жиынтықты сыртынан су құю арқылы залалсыздандырады.

ҚӘУЗ – ден қорғайтын сүзгіш типтегі жеке қорғаныс құралына жататындар: ФЗО - МП сүзгіш қорғаныс киімі, ЗФО - 58 сүзгіш қорғаныс киімі, сілті мен кышқылға қарсы костюм және жалпы әскерге арналған қорғаныс жиынтығы. Бұл құралдардың барлығы оқшаулағыш газқағармен бірге қолданылады.



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау