Сабақ жоспары № _
Колледж атауы
|
Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжі
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кіріспе
|
Модуль/ Пән атауы
|
Сызу
|
Пән оқытушысы
|
Амантурова А.А.
|
Сабақтың өткізілген күні
|
|
Жалпы мәліметтер
|
Мамандық, біліктілік
|
Топ
|
Сабақтың типі
|
Жаңа сабақ
|
Пәнаралық байланыс
|
Геометрия, математика
|
Сабақ мақсаты, міндеттері
Блум таксономиясы бойынша
|
Өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру. Сызбаның даму тарихымен таныстыру.
|
Оқу барысында білім
алушының игеретін кәсіби дағдылары
|
Сызбаның даму тарихымен танысады және техникалық білімдерінің қажеттілігін түсінеді
|
Сабақты жабдықтау
|
Сызудың даму тарихын біледі;
Сызбаның техникалық саладағы маңыздылығын түсінеді.Презентация, видео, плакат т.б.
|
Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер,
|
Л.С. Васильева "Сызу", Практикум, Баспа орталығы "Академия" 2010
|
Техникалық құралдар, материалдар
|
Үлестірмелі топшамалар
|
САБАҚ БАРЫСЫ
|
Сабақ кезеңдері:
|
Оқытушы іс-әрекеті
|
Сабақтың басы:
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ұйымдастыру кезеңі.
оқушылардың қатысуын қадағалау, тексеру
|
Үй жұмысын тексеру
|
Үй жұмысын тексеру.
Қандай геометриялық фигураларды білесің?
Жазықтық пен кеңістік дегеніміз не?
Дескрипторлар:
Геометрия пәнінен өткен фигураларды қайталайды;
Жазықтық пен кеңістікті ажыратады;
|
Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру
|
Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
Сыныпта тыныштық атмосферасын орнатып, оқушылармен топпен жұмыс істеу тәртіптерін түсіндіру.
Алдыңғы білім:
«Миға шабуыл» әдісімен білімі тексеріледі
Негізгі бөлім
«Сызу» пәні бойынша білетінін сұрау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сабақ жоспарын интерактивті тақтада көрсетіп қою.
1-тапсырма
Тексті оқып танысады
2-тапсырма
«Қызықты құрастыру» әдісі бойынша берілген тапсырманы орындайды
3-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
Мұғалім барлық топқа дайындалуға сұрақ береді.
Сызу нені зерттейді?
Сызба дегеніміз не?
Сызу пәні оқушыға не береді?
Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?
Өздерінің қызметтерінде сызбаларды пайдаланған қандай ғалымдар мен өнертапқыштарды білесіңдер?
Сендер өз өмірлеіңде сызбаны қажет деп ойлайсыңдар ма?
Қорытынды
Мұғалім қорытынды бағасын шығарады.
Рефлексия жасау."Екі жұлдыз, бір тілек"
Не білдім?
Не білгім келеді?
Менің ұсынысым
Оқушыларға үйге тапсырма беріледі:
|
Оқу мақсаты мен критерийлермен таныстыру
|
Оқу мақсаттары: Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру. Сызбаның даму тарихымен таныстыру.
Критерийлері:
Сызба жайлы мәліметтермен танысады.
Сызбаның адам өмірінде атқаратын қызметі және даму тарихы жайлы мәліметтерді меңгереді.
Сызбаның не үшін қажет екенін нақты дәлелдермен айтып береді.
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу (оқушы назарын сабақ барысына аудару) мұғалім оқушыларды жаңа білім алуға және белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды;
Алдыңғы білім:
«Миға шабуыл» әдісі
Қандай герметриялық фигураларды білесің?
Жазықтық пен кеңістік дегеніміз не?
Дескрипторлар:
Геометрия пәнінен өткен фигураларды қайталайды;
Жазықтық пен кеңістікті ажыратады;
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы «Бағдаршам» әдісімен қарастырылады
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың негізгі мазмұны
Мәтінмен жұмыс
(Теориялық материал)
|
Жаңа материалды түсіндіру.
Негізгі бөлім
«Сызу» пәні бойынша білетінін сұрау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сабақ жоспарын интерактивті тақтада көрсетіп қою.
1-тапсырма
Материалды оқып танысады
2-тапсырма
«Қызықты құрастыру» әдісі бойынша берілген тапсырманы орындайды
«Қызықты құрастыру»
Неше ромб, неше шаршы, неше үш бұрыш, неше 8 бұрыш бар?
«Мадақтау сэндвичі» әдісі
|
Жұмыс түрлері, (топтық, жұптық, жеке)
Әдіс тәсілдер (белсенді, саралап оқыту)
Практикалық, тәжірибелік жұмыстар
Қалыптастырушы бағалау әдістері
|
3-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
Мұғалім барлық топқа дайындалуға сұрақ береді.
Сызу нені зерттейді?
Сызба дегеніміз не?
Сызу пәні оқушыға не береді?
Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?
Өздерінің қызметтерінде сызбаларды пайдаланған қандай ғалымдар мен өнертапқыштарды білесіңдер?
Сендер өз өмірлеіңде сызбаны қажет деп ойлайсыңдар ма?
Бағалау парағы бойынша топ басшысы бағалайды
Аты-жөні:
|
балл
|
І. Білу-түсіну бекеті тапсырмасы
1. «Миға шабуыл» әдісі
|
|
ІІ. Қолдану-талдау бекеті тапсырмасы
1. «Қызықты құрастыру» әдісі бойынша берілген тапсырманы орындайды
|
|
ІІІ. Жинақтау-бағалау
1.Барлық тапсырманы өз бетімше дұрыс орындадым-3 балл
2. Тапсырмаларды орындадым, бірақ көмек алдым – 2 балл
3. Орындадым, бірақ қателерім болды – 1балл
|
|
IV. Қорытынды «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі
1.Барлығы дұрыс-3балл
2.Екеуі қате-2 балл
3.Төрт қате-1 балл
|
|
Барлық балл
|
|
11 балл-«5» , 9-10балл «4» , 8-7 балл «3»
|
Бағалау критерийі(сабақ мақсаттарына сәйкес)
|
КІМ ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙДЫ ӨЗ ЕРКІ
|
5.Сабақтың соңы
Сабақ бойынша рефлексия
|
Кері байланыс «Менің көңіл-күйім» баспалдағы
Баспалдақтар: «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» Стикерге аттарын жазып, өзі таңдаған баспалдаққа жапсырады.
|
6.Үйге тапсырма:
|
Сызу нені зерттейді?
Сызба деген не?
Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?
|
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты: Өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру. Сызбаның даму тарихымен таныстыру.
Тәжірибелік /практикалық/ сабақ: Кіріспе. Сызбаның даму тарихы, адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы, сызу құралдары, пішімдер мен негізгі жазу және масштабтар.
Сабақ мақсаты: Студенттерге сызудан жаңа білім беру, сызуға деген қызғушылықтарын артыру, сызуда қолданылатын құрал-жабдықтармен және пішімдер мен негізгі жазу және масштабтар, оқулықтармен таныстыру,
Қысқаша ақпарат.
1.1 Сызбаның даму тарихынан қысқаша мәліметтер. Адам баласы жануарлардың, өсімдіктердің, құрлыстардың және басқада заттардың суреттерін салуда өте ерте заманда басталған. Түрлі мәліметтерден кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланған.Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және Тамғалыдағы жартасқа салынған кескендер көпшілікке мәлім.Кейінрек мысыр иероглифтерін пайдаланып,маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды.Қытай,Жапон иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.Сонымен,жазу өнері иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған.Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің “Архитектура туралы 10 кітап”атты трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы айтылған. Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс өзенінің жағасында салынған, Туркстаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ руынан шыққан Әбунасыр әл-Фараби (870-950) “Музыка туралы үлкен тракатат” атты еңбегінде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен тағайындалған, өзі ойлап тапқан музыкалық аспаптардың Ахмет Иассауидің сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние жүзіндегі ең үлкен құрлыс, Маңғыстаудағы жер астына салынған Шопан-ата (12ғ), Қараман-ата (13ғ) және Бекет-ата(18ғ) мешіттерін салуда олардың жобалары мен сызбалары болғаны сөзсіз.
Адамның іс-әрекетіндегі сызбаның маңызы. Сызба деп нәрсенің кескініненжәне оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжатты айтады. Нәрсенің сызбасына қарап,оның пішінін және өлшемдерін анықтауды-оны оқу дейді. Инженерлер мен ғалымдар сызбаның көмегімен ғылым мен техниканың көптеген есептерін шешеді. Машиналармен құрлыстардың сызбаларына қарап,оларды жасағанан немесе тұрғызғанан кейін қандай болатынын алдын ала көреді. Егер болашақ машиналар немесе құрлыстар ойдағыдай жақсы болмаса онда олардың сызбаларын өзгертеді. Сөйтіп, қосымша материалдармен қаражат жұмсамай-ақ сызбалардың көмегімен бүгінгі күнің талаптарына сай машиналармен әдемі құрлыстардың жобасын жасауға болады. Күнделікті өмірде ғылым жаңалықтарын пайдаланбайтын, техниканы қолданбайтын мамандар жоқ деуге болады. Жүргізуші, сылақшы, ұста, диқаншы, дәрігер, мұғалім, ұшқыш ғарышкер мұнайшы, тағы басқа мамандар түрлі машиналарды, аспаптарды жете менгере және басқара білулері қажет.
Сызу құралдары. Сызбаларды орындау үшін көптеген аспаптар мен жабдықтар қерек. Олар: сызба қағазы,қарындаштар (M;T;,T), сызғыш (ағаштан жасалған), сызба тақтасы, бұрыштықтар, даярша (готовальня). Сызу аспаптары мен материалдарын ұқыптылықпен сақтау, таза ұстау және оларды жұмысқа дұрыс дайындау керек.
Пішімдер /формат/. Рамка және негізгі жазу. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Сызба салуға арналған қағазға пішім(формат) деп атайды.
Жиі қолданылатын пішімдер:
Пішім А1 (841x594)мм
Пішім А2 (594х420)мм
Пішім А3 (420х297)мм
Пішім А4 (297х210)мм
Сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстінгі , оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта,ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу орналасады,оның сыртқы өлшемі 185х55 мм.
1.5 Масштабтар. Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды.өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Ең жаксысы-нәрсенің өз өлшемдерін өзгертпей салу. Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда,масштаб дегеніміз-нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натуралұзындығына қатынасы(бөлшек сан).
Кішірейту масштабтары: 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20 т.б
Нақты шама: 1:1;
Үлкейту масштабтары: 2:1; 2,5:1; 1:4; 5:1; 10:1;20:1 т.б
Масштабты М әрпімен белгілейді.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары:
Жұмыс дәптеріне қысқаша конспект жазу;
А3 пішімнің бетіне рамка сызу. Оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізіледі;
Негізгі жазуды сызу. Пішімнің оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу орналасады, оның сыртқы өлшемі 185х55 мм.
Бақылау сұрақтары:
1.Сызу құралдарын анықтаңыз.
2.Оқу сызбаларында жиі қолданылатын пішімдерді атаңыз.
3.Маштаб дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |