Тақырыптық кеңес:
«ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »
Педагогикалық семинар
«Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата-аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет»
Шығармашылық кештер
«Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата-аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»
Топқа ата-аналарды тартудың қажеттілігі
* Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады
* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады
* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды
* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады
* ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді
* ата – аналар балабақшадағы оқыту — тәрбие жоспарларымен танысады
Ата-анамен жүргізілетін жұмыс
Жұмыс түрлері :
топішілік ата-аналар жиналысы
балабақшаішілік ата-аналар жиналысы
ата-аналармен жеке кездесу
ата-аналар үшін ашық есік күн
мерекелік кештерге шақыру
ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру
отбасылық жарыстарға қатыстыру
Негізгі міндеттері:
* тәрбиешінің топ ата-аналармен құрамын зерттеуі
* ата-аналармен тұрақты байланыс орнату
* ата-аналар ұжымын құру
* ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру
* үштік одақ (бала, ата – ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру
Атқаратын қызметі:
* ата-аналарды топтағы оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру
* ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру
* отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру
* ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру
Ата-аналарға арналған жұмыстар
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі »
Мақсаты: ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.
Міндеттері: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі
2. балабақшада ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы ролі
3. алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар
Барысы: «Ұстаз — бағбан, бала — гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.
Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс
- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?
- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?
1 . «Мен күнмін» ойыны
Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері
- адамгершілік
- имандылық
- тәртіпті
- жақсы қасиет
- өтірік айтпайтын
- еңбексүйгіш
- қайырымды
- қарапайым
- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б
ІІ. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады
Олар өздерінің жанұясы туралы былай дейді:
- менің жанұям менің бақытым
- мен папммен, мамаммен бақыттымын
- мен мамамды өте жақсы көремін
- мен, ше папамды
- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын
«Менің жанұям » сурет көрмесін тамашалау
ІІІ біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді.
Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:
- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,
- алысқа кеткенін жақсы көремін
- маған папам көп ұрсады
- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді
ІҮ. Не себепті көңілі толмайды?
Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. Өйткені ата -ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа, мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.
Ү. Жауапкершілік дегеніміз не?
Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата – ана жауапкершілігі.
Ата – аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс-әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата-анада қандай қасиеттеп болуы керек?
Тәрбиеші:
- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар
- ата – анаға талап қойылады
- балаға да талап қойылады
Ата – ана:
- мәдениетті
- жан – жақты
- уақыт бөле білу керек
- психологиялық көңіл-күйі
- дүниетанымы
- ойлау қабілеті
- өзін-өзі тәрбиелеу
- мұғаліммен қарым – қатынаста болуы қажет
Бала ата – ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.
Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.
Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-ананыңда, тәрбиеші — ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.
Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған — туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс — тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Отбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау.
Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.
Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, М.Сейфуллаева, А.Ш.Гашимов, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.
Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Жас ұрпақ елдің ертеңі. Сондықтан, балаларға саналы білім, сапалы тәрбие беруге борыштымыз. Ол үшін баланы балабақша жасында осы әдеттерге баулу керек. Саналы, білімді баланың болашағы жарқын болады.
№10 Тұрмыстық өмір психологиясы. Жеке өмір психологиясы
Сұрақтары. Баланың жас ерекшелігі. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық процесінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық жағдайы
Мақсаты: Балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал
мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез- құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау - өзекті талапқа айналады.
Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен
іс-әрекетке кіріседі, өз іс- әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.
Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын қалыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді. Одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады.
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орынын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы - сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың сенсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қаситеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін және т. б. дәл бағалай бастайды. Әуенді қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын айыра алады. Балалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жете түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Бірішісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттер мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаның толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Заттардың қасиеттерін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз — қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар қалайда негізгі пішіндер мен түстерді атайды.
Баланың іс-әрекет үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылған сөзі эгоцентирикалық сөз деп аталады. Мектепке дейінгі жас кезінде эгоцентирикалық сөз өзгеріп отырады. Бұл айтылуға баланың не істеп жатқанын ғана емес, оның іс жүзіндегі алдын ала ескертуші және бағыттаушы сөздер пайда болады. Мұндай сөздер баланың іс жүзіндегі мінез-құлқынан озық жүретін бейнелі ойын көрсетеді. 5 – 6 жасқа жеткенде эгоцентирикалық сөз кеми түседі. Бала бұл кезде қасында ешкім болмаса, көбіне жұмысын үндемей істейді. Бұл оның сөз негізіндегі ойлауының болмайтынын көрсетпейді. Эго-жоспарлаушы қызметін атқарады. Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөзінің арасындағы баспалдақ болып табылады.
№11 Психотерапия. Психотерапия сендіруші ақпарат ретінде
Сұрақтары. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігі. Психологиялық жағдайы
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалрдың жас ерекшелігіне, психологиялық жағдайын тексеруге байланысты әдістемелерді анықтап, жинақтау.
Маманның көмегінсіз, өз бетінше баланың мектепке дайын екенін қалай білу? Әдетте, мектепке түсу кезінде психологтар, қабылдау комиссиялар қандай тест және әдістемелер пайдаланады?
Сұрақтарды бақылау және оларға жауап беру арқылы, ата-аналар «ержеткендік» деңгейін бағалай алады. Сұрақтар психолог Джеральдина Чейни әзірлеген.
Таным дамуының бағасы
Бала негізгі ұғымдарды пайдалана ма (мысалы: оң/сол, үлкен/кіші, жоғары/төмен, соған/одан және т.б.)? Бала жіктей ала ма, мысалы: домаланатын нәрселерді айтып беру, топ затты бір сөзбен айту (орындық, стол, шкаф, керует – жиһаз)? Қарапайым тарихтың аяғын бала болжай ала ма? Бала өз ойында, ең болмаса 3 нұсқауды сақтап және оны орындай ала ма (шұлықты кию, ванна бөлмесіне барып, жұын, содан кейін маған орамал алып кел)? Бала әліпбидің бас және кіші әріптердің көпшілігін айта ала ма?
Негізгі тәжірибені бағалау
Бала ересектерді поштаға, дүкенге, сберкассаға шығарып салғаны болды ма? Бөбек библиотекада болды ма? Бөбек ауылда, зоопаркта, музейде болды ма? Сізде әрдайым бөбегіңізге оқуға, тарихтерді айтуға мүмкіндігіңіз бар ма? Бала бірдемеге аса ықылас білдіре ме? Онда хобби бар ма?
Тіл дамуын бағалау
Бала оның айналасыңдағы негізгі заттарды белгілеп айта ала ма? Ересектірдің сұрақтарына жауап беру оған қиын емес пе? Бала әртүрлі заттардың қандай қызмет жасайтының түсіндіре ала ма, мысалы, шаңсорғыш, щетка, тоңазытқыш? Бала заттардың қайда орналасқанын түсіндіре ала ма, мысалы, столдың үстінде, стулдың астында және т.б.? Бала тарихтерды айту, онымен болған небір жағдайларды сипаттау жағдайында ма? Бала сөздерді ширақ айта ала ма? Оның тілі грамматика көзқарасынан алғанда дұрыс па? Бала жалпы әнгімеге қатысу, қанда да бір ситуацияны ойнау, үйдегі сауық кешіне қатысу жағдайында ма?
Эмоциялық даму деңгейін бағалау
Бала үйде және құрдастарының арасында көңілді болып көріне ме? Балада көп нәрсені жасай алатын адам ретіндегі бейне қалыптасты ма? Балаға күн тәртібіндегі өзгерістерге, жаңа қызметке өтуге «ауыстырылып кету» қиын емес па? Бала өзбетінше ойнауға (ойнауға, сабақ оқуға), басқа балалармен тапсырманы орындауға жарысуға қабілетті ме?
Араласу икемін бағалау
Басқа балалардың ойына кірісе ме, олармен бөлісе ме? Ситуация талап еткен жағдайда, ол кезекті сақтай ма? Бала басқаларды бөлмей тыңдауға қабілетті ме?
Денелік дамуын бағалау
Бала жақсы ести ме? Бала жақсы көре ме? Бір шама уақыт ішінде тыныш отыруға қабілетті ме? Моторлық имкемдер координациясы дамыған ба (доп ойнай ала ма, секіре ала ма, сүйенішті ұстамай, ересектің көмегінсіз баспалдақпен төмен түсіп және көтеріле
ала ма, ...)? Бала ширақ және әуесті болып көріне ма? Ол дені сау, тоқ, дем алған болып көріне ма (күннің негізгі бөлігінде)?
Айырманы көруді бағалау
Бала ұқсас немесе ұқсас емес нысанда теңдестіре ала ма (басқаға ұқсас емес сүретті тап)? Бала әріп және қысқа сөздерді айыра ала ма( мысық/жыл, б/п…)?
Көру есі
Егер алдымен 3 сүреті бар серияны көрсетіп, содан кейін біреуін алып тастаса, бала сүреттің жоқ екендігін байқай ма? Бала өз атын және күнделікті өмірде кездесілетін заттарды білеме?
Көру қабылдауы
Бала сүреттер сериясын жөн-жөнімен қоюға қабілетті ма? Солдан оңға қарай оқитынды ол түсіне ма? Өз бетінше, ешкімнің көмегінсіз 15 элементтен жұмбақ құра ала ма? Сүретті түсіндіріп, ол бойынша кішкене әнгіме құра алама?
Есту қабілетінің деңгейі
Бала сөздерді ұйқастыра ала ма? Әртүрлі дыбыстарға басталатын сөздерді ажырата ала ма, мысалы, орман/салмақ? Ересектерден кейін бірнеше сөз немесе цифрлар қайтала ала ма? Бала тарихтың негізгі ойын және әрекеттердің тізбегін қайталап айтып беруге қабілетті ма?
Кітаптарға қатынасты бағалау
Баланың кітаптарды өз бетінше қарауға ыңтасы туындамай ма? Оған дауыстап оқығанда, ол зейін салып және қанағаттанып тыңдай ма? Сөздер және олардың мағыналары тұралы сұрақ қоя ма? Жоғарда көрсетілген сұрақтарға жауап бергеннен, қорытындыларды талдағаннан кейін, мектепке түсетін кезде балалар психологтарының пайдаланатын, бір қатар тесттерін өткізуге болады.
№12 Әлеуметтік әсер ету. Когнитивті-бихевиориальды, атрибуционалды терапия
Сұрақтары. Тәрбиешінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері. Тәрбиеші-педагогтың педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.
Мақсаты: Студенттерге тірбиеші тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді. Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілікті, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды.
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Сонымен, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.
Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиенің жеке басы болып табылады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы;
айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
қажеттілік жүйесі;
шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).
Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының үш деңгейін көрсетеді:
1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.
2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек.
3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.
Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен қушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. “мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.
Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтіңқалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.
Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу.
Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істері мен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады.
Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа да үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.
Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.
Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |