Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет12/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
28 
•  Олар қайда, не істеп жүр? 
•  Бұл жылдың қай мезгілі? 
•  Күз екенін қайдан білдіңдер? 
        Осындай  қысқа  диалогтан  соң  жинамалы  альбомда  салынған  жылдың  тӛрт 
мезгілі туралы суреттерді пайдалану арқылы тағы да сұрақ-жауап әдісімен оқушыларды 
әңгімеге тартуға болады. 
•  Балалар, бүгін күннің нешесі және қай ай? 
•  Қыркүйек айы жылдың қай мезгілі? 
Балалар  жылдың  тӛрт  мезгілін,  ай  аттарын  атап  шығады.  Тӛрт  оқушы  жылдың 
тӛрт мезгілін бейнеленген суреттердің мазмұнын әңгімелеп береді. 
Осыдан кейін табиғат құбылыстарын сипаттайтын сергіту ойынын ұйымдастыру 
арқылы, оқушыларды кӛңілдендіруге болады. Ойынды бастамас бұрын күздің ӛзге жыл 
мезгілдермен  ерекшелігін  тағы  да  бір  рет  пысықтап  алу  қажет.  Содан  соң,  ойын 
басталады. Алдымен ойын тәртібі түсіндіріледі. 
• Балалар, түн болады. 
Балалар  қолдарын  парта  үстіне  айқастырып  қойып,  оған  бастарын  сүйеп, 
кӛздерін жұмады. 
• Балалар таң атты. 
Балалар  кӛздерін ашып, бастарын  кӛтеріп,  партаға дұрысталып отырады. 
• Балалар, жел тұрды, жаңбыр жауды. 
Балалар 
 
саусақтарының 
ұшымен 
партаны 
тоқылдатып, 
жаңбыр 
тамшыларының жауған  сәтін бейнелейді. 
 
• Балалар, сабақ басталды. 
Балалар  қайтадан  дұрысталып  отырып,  сабақты  одан  әрі  жалғастыруға 
дайындалады. 
Күзді  бейнелеу  ойынының  маңызы  зор  екені  күмәнсіз.  Балалар  табиғат  пен 
оның құбылыстарын ойын аркылы кӛз алдына келтіріп елестеді. 
Жыл  мезгіліне  байланысты  табиғат  туралы  білімдерін  толықтырып  табиғат 
байлығының  адамға  пайдасын,  оны  игертудегі  адам  еңбегінің  рӛлін,  осының  бәрі 
баланың  эстетикалык  сезімін,  табиғат  байлығын  кӛздің  қарашығындай  сақтап,  оның 
қорын  кӛбейтуге  қалай  жұмыстанатынын,  экологиялық  қиын  жағдайдан  құтқару 
мүмкіндігін іздестіруге болады. Неше тұрлі табиғат құбылыстарын, әсемділіктердің, 
ағаштардың  жапырақтары  тағы  баска  айырмашылықтары  белгілі  болады.  Балаларды 
білуге,  құштарлыққа,  кӛре  білуге,  ести  білуге,  айналадағы  дүниені  қабылдауға 
тәрбиелеу  олардың  ойын  да,  тілін  де  дамытудың  негізгі  жолы.  Бұл  әрине,  тәрбиешінің 
ізденісіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты деп ойлаймыз. 
Экологиялық  тәрбие  балалардың  табиғат  болмысын  терең  түсінуге  және 
мектепте  әр  пәннен  ӛтіліп  жатқан  тақырыптардың  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
екенін  түсініп,  оны  қоршаған  ортамен  сәйкестендіріп  бір  тұтас  қалыпта,  жүйелі 
қабылдауларына мұмкіндік береді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің тағы  бір жолы  - 
балаларды  тікелей  практикалық  жұмыстарға  қатыстыру  болып  табылады.  Мысалы, 
балабақша алаңын кӛгалдандыру, ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, құстарға ұя жасап 
ілу, балық шабақтарын құтқару, балабақша  орманшыларына қатыстыру. 
Туған 
жердің, 
табиғаттың 
әсем 
келбеті 
мен 
нәзік 
сырларын 
танытып,  бала    бойына  эстетикалық  сезіміне  рухани  қуат  беруде  табиғат 
кӛріністеріне 
жазылған 
пейзаждық 
шығармалардың 
да 
маңызы 
ерекше. 
Мәселен,  ―Кешкі  дӛң  басында‖  (М.Әуезов)  суреттемесінде  жаздың  жайлы 
кешін: 
―Зәрі  қайтқан  қызыл  күн  әлсізденіп  таудан  асып,  ұясына  кіріп  барады. 
Жұқалаң ұзынша кӛк бұлт қызыл сеңдей болып, батар кұнді  еңтелеп қамап тұр. Қара 
кӛк  тұңғиық  аспан  кұн  батысқа  тақаған  жерінде  қызыл  торғындай  толқынданады. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
29 
Кейбір жерлерінде ӛртің жалындай  жайнайды.  Күннің  ақырғы  сәулесі  түсіп  тұрған 
тау  бастары  кӛлеңке  басқан  қоңыр  желдің  алтын  шатырындай  нұрланып, 
қызғылттанады‖,  -дейді.  Ал,  Нұрпейісовтың  ―Кеш‖  атты  суреттемесінде:  ―Кұн 
қызара  тӛмен  жылжып  барады.  Асықпай  қараған  адамға  кұн  аспаннан  түсіп  келе 
жатқан  қызыл  доп  сияқты  кӛрінеді.  Ұясына  жақындаған    сайын  оның  бояуы 
қоюлана  түседі.  Міне,  күн  ұясына  кіріп  барады.  Енді  ол  ӛзі  ғана  қызармай,  бүкіл 
батысты да қып-қызыл түске айналдырады‖. 
Күн  батардағы  табиғаттың  қайталанбас  осы  бір  әсем  сәтін  бұдан  артық  дәл, 
кӛркем  етіп  суреттеу  қиын  да  шығар.  Кестелі  кӛркем  сӛз  аркылы  ӛрнектелген 
ғажайып  кӛріністі  бала  санасына  қалай  жеткізуге  болады?  Балаларды  шығармадағы 
табиғаттың  ғажайып  сұлулығымен  сусындатып,  рухани  дүниесіне  эстетикалық  сезім 
нәрін  қалай  сіңіруге  болады?  Тәрбиеші  бұл  тақырыптарды  ӛтуден  бұрын  балалармен 
алдын-ала  дайындық  жұмыстарын  жүргізіп,  балалармен  бірге  күннің  батар  шағын 
бақылауы  керек,  шығармада  суреттеген  нақты  үш  зат  -  күн,  аспан  және  жердің  кешкі 
кӛрінісіне назарларын аударады. 
•  Балалар, батып бара жатқан күн неге ұқсайды? 
•  Дӛңгелек допқа, шарға. 
•  Қандай шарға? 
•  Қызыл шарға. 
•  Аспан қандай? 
•  Күңгірт, кӛңілсіз. 
•  Неге кӛңілсіз? 
•  Ӛзінің сүйікті күнімен қоштасқысы келмейді. 
•  Жер, айнала, тӛңірек қандай? 
•  Қара қошқыл. Мұңлы. 
•  Неге мұңлы? 
•  Күн сәулесін қимайды. 
Балалар  күн  батар  шақты  суреттеу  арқылы:  «Күн  жерге  мегін  сүйеді», 
«Қызыл  теңізге  батып  барады»,  «Алтын  шар»,    «Кӛкше  аспан»  тағы  басқа  бейнелі 
сӛздерді  тұңғыш  рет  қолдана  бастайды.  Олар  кӛркем  сӛздің  қайнар  кӛзі  табиғат 
әлеміне жақындай түсіп, апыл- тапыл басып, бұрын жасамаған сӛз тіркестерін жасайды. 
Осындай  дайындық  жұмыстарынан  кейін  барып,  жоғарыдағы  суреттемелерден  әңгіме 
құрап үйренуге тиісті. 
Қорыта айтқанда, экологиялық тәрбие ұғымдарын бала санасына орнықтыру 
мақсатына  кұнделікті  ӛтілетін  сабақтарда  және  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында, 
ойын-жаттығуларда қоршаған ортамен қарым-қатынас жӛніндегі  іс-шаралардың  мәні 
мен мазмұны тереңдетіліп ауқымы кеңейте жүргізілуі қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  А.Нұрғызанов «Арал ӛңірінің экологиясы» 2004 ж. 
2.   Р.Сәтімбеков «Табиғат қорғау» Алматы, «Рауан» 2007 ж. 
3. Мамбетқазиев С.Ә., Сбанбеков Қ.Ж. «Табиғат қорғау» Алматы«Қайнар», 2000 ж. 
4. «Педагогика» Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Алматы 2000 ж. 
5. Мәмбетқазиев С, Сыбанбеков К. «Табиғатты қорғау» Алматы,«Қайнар» 2004 
6. Мәмбетқазиев С, Сыбанбеков К. «Табиғатты қорғау» Алматы,«Қайнар» 2004 
7.  Оспанова  Г.,  Исаев  Е.,  Бозшатаев  Г.  «Экологиялық  ойлаудықалыптастырудың 
кейбір әдістері туралы» (Қазақстан мектебі,2006ж.,№1,90бет 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау