Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
27
қызығушылықпен ойнап қоймай, соған үлкен қорытынды шығаруы тиіс.
―Құтқарайық‖,―Балапанға кӛмектесу‖ деген ойындар барысында, сол әлсіз кішкентай
жануарға қамқорлық жасау баланың бойында қуаныш әкелетіндей, оған деген аянышты
сезімін бастан кешіретіндей жағдай туылуы қажет. Оның тәрбиелік жағынан баланың
ӛздері қорытынды шығара білуі, не тәрбиеші балаға кӛмекке келуі тиіс.
Балаларға табиғатты қорғау тәрбиесін берудің аса маңызды шарттарының бірі -
оның эстетикалық тәрбиесін бірлікте қарастыру болып табылады. Табиғат қандай
тамаша. Кӛз салып оған қараса, - дегендей, ондағы сол бір әсемдікті, сұлулықты
сезіндіру, қабылдата білгізу, оған қуану, мейірбандық, адамгершілік сезімдерін
дамыту оларды табиғатты аялауға құлшындырады.
Табиғаттың сырын, сұлулығын сезіне білген адам ғана табиғатты сүйе алады.
Ал, ендеше оның пәрменді қорғаушысы да бола алады.
Сондықтан да, айналамен таныстыру, яғни табиғат аясында деп балабақшадан
бастап жүргізілуінің құндылығы сонда деп білеміз, онда тәрбиелік міндеттерді
кеңінен шешуге мол мүмкіндіктер туады. Табиғат сырын сезіну, сұлулықты
қабылдау, оған қуану, адамгершілік мейірбандық сезімдерді дамытып, табиғатты
аялауға құлшындырады. Сабақтың әдістері мен тәсілдерін эстетикалық тәрбие
беруге, табиғаттағы әсемдікті түсінуге, сонымен бірге оқушыларды еңбекті сүюге, еңбек
адамдарын кұрметтеуге, оқуға адал ниетпен қарауға дағдыландыруға итермелейді.
Енді, осы міндетті сабак барысында клай шешудің кейбір жолдарына
тоқталайык.―Қазақстан-Республикам менің‖ бӛлімінде Алматы, Қазақстан туралы
шығармалар енген. Бұл орынды да, әрі қажет. ―Отан‖ деген ұғымға жоғары аталған
қасиетті атаулар мен бірге оның табиғаты да кірмей ме? М.Әлімбаевтың ―Менің
Қазақстаным‖ ӛлеңінде Отан мен табиғат ұгымын бірлікте жырлайды.
Болған жер - әкем-шешем шӛберелі
Ыстық қой ең ақыры...ебежегі. '
Аңқыған жұпар, жусан етегесі
Құлпырма қызыл-жасыл кӛбелегі.
Сайрауыш бұлбұлдары тоғайында
Саулығын бастап кетер май айында.
Табиғат жақын жерге кілем тӛсеп,
Күй гулеп, симас кӛңіл сарайына...
Отан мен табиғат бірлігін ақындай кӛркем терең етіп жеткізу киын-ақ шығар.
―Отан‖ - табиғат, табиғат -―Отан‖ деген ұғымды Дихан Әбіловтің ―Қазақстан
Республикам менің‖ ӛлеңі толықтыра түседі.
Ақын:
Әйнегі - кұн, шатыры — аспан,
Кең дала... Тӛсі толқыған егін.
Кӛлдері кӛкке кұмістер шашқан.
Қазақстан - Республикам менің, - дейді.
Осындай ӛлеңдерді оқыту кезінде отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілік екенін
балалар санасына сіңіре білу керек.
«Балбӛбек» бағдарламасы бойынша берілген шығармаларды оқыту барысында
балаларға экологиялық тәрбие берудің мумкіндіктері мол. Мысалы Қ. Баянбаевтың
«Күз бояуы» ӛлеңін алайық. Ең алдымен, балалар туған ӛлкесінің сан алуан кӛріністерін
салыстырып, олардың ұксастығы мен айырмашылығындағы негізгі және негізгі емес
белгілерін анықтайды. Окытудың түсіндірмелі, мәнерлеп оку әдістерін пайдалана
отырып, кӛптеген кӛрнекі құралдарды қолдануға болады. Алдымен ӛлеңді мәнерлеп
оқып, мағынасын түсіндіреді. Бұдан кейін балалардың назарын тақтага ілінген түрлі-
түсті суреттерге аударып, бірінші суретті сұрак-жауап арқылы оқушылардың ой-ӛрісін
байқауға болады.
• Балалар, сендер мына суреттен кімдерді кӛріп отырсыңдар?