Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет1/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#39679
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ 
 
Г.М. АДАМБАЕВА 
«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша
студенттерге арналған 
дәрістер мен тапсырмалар жинағы» 
Ақтау – 2010 



ӘОЖ 811.512.122 (075.8) 
ББК 81.2 Қаз – 5 я 73 
Қ 17 
«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша студенттерге арналған 
дәрістер мен тапсырмалар жинағы» / Құраст: Г.М.Адамбаева – Ақтау, 2010 – 
75 б. 
Пікір айтушы: ф.ғ.д., профессор Б.І.Нұрдәулетова
ISBN 978-601-7276-12-6 
«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша дәрістер мен тапсырмалар 
және ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілген. Қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандықтарына арналған. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және 
инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік кеңесі шешімімен баспаға 
ұсынылған. 
УДК 811.512.122 (075.8) 
ББК 81.2 Қаз – 5 я 73 
ISBN 978-601-7276-12-6
© Ш. Есенов атындағы КМТжИУ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 




Алғы сӛз 
 
Стилистика жоғары оқу орындарының қазақ филологиясында кӛп 
жылдардан бері пән ретінде ӛткізіліп келеді. Соңғы жылдары стилистика қазақ 
филология фаультетінің қазақ бӛлімінен басқа да бӛлімдерге енгізілді. 
Стилистика ғылым ретінде тіл білімімен тығыз байланысты, сондықтан да 
стильдерге сараланады, олардың айырым белгілері дараланып, ұқсас жақтары 
болса, оның себебі түсіндіріледі. 
Стилистика тілмен байланысты ғылым болғандықтан, сӛйлеу тілі, әдеби 
жазба тілі, оның әрбір салаларындағы стильдерін қамтиды. Әдеби жазба тіл 
стильдерінің ӛзі ресми іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, публицистика (газет-
журналдар, телевизор, радио хабарлары) стилі, кӛркем шығарма стилі болып 
бӛлінеді.
 
Стилистика, сӛйлеу тілі, жазба тілмен тығыз байланысты болғандықтан, 
қарым-қатынас, хабарлау, әсер ету құралдары болып табылатын тілдік 
элементтердің (дыбыс, сӛз, сӛз тіркестері, екпін, интонация, т.б.) сӛйлеу, жазба 
барысындағы белгілі бір әдеби нормаға сай дұрыс та әсерлі қолданылуын, 
кӛңілдегі кӛрікті ойдың тіл арқылы айқын да анық жеткізілуін, эмоционалды-
экспрессивтік мәні бар амал-тәсілдері орынды, тиімді болу жақтарын мақсат 
етеді. Сондықтан стилистика пәні сӛйлеу сӛйлеу, жазу барысындағы тілдік 
амал-тәсілдердің – сӛз жасау, сӛздерді түрлендіру, сӛйлем құрау т.б. дұрыс 
жұмсалу жағын үйрету стилистиканың негізгі міндеті саналады.
 
Стилистика – тіл білімінің негізгі салаларының бірі. Тілдік элементтердің 
дұрыс, әсерлі қолданылуын ӛзінің объектісі ретінде стилистика тіл білімінің 
барлық салаларымен тығыз байланысты. Ол сӛз ішіндегі дыбыстардың жүйелі 
жұмсалуын, орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтардың нормасын, сӛз 
мағыналарының жүйелі қолданылуын, морфологиялық сӛз тұлғалары мен 
грамматикалық формалардың жүйелілігін, сӛз тіркестері мен сӛйлемдердің әр 
түрлі констркуцияларының айтылмақ ойға сай жүйелі де әсерлі болу жағын 
үйрететіндіктен, тіл білімінің барлық салаларымен (фонетика, лексикология, 
морфология, синтаксис) тығыз байланысты, олардан кӛп жоғары тұрады. 
Стилистикалық 
мәселелерді 
қарастыруда, 
кӛркем 
шығарма 
тілігне 
лингвистикалық талдау жасаумен қарастырмайтын, онымен байланыспайтын 
тіл саласы жоқ. Пунктуациялық стилистиканың атқарар қызметі зор. Тіпті 
тілдің тарихи тұрғыдан қалыптасуында стилистика объектіден тыс қалмайды. 
Стиллистика тіл мәдениетімен де тығыз байланысты. Тіл мен әдебиет 
филология ғылымдары ретінде осы стилистика пәнінде түйіседі. Себебі 
жазушы таңдаған тақырып шығарманың бүкіл құрылымынан (конструкциясы) 
туған жағымды, жағымсыз кейіпкер, табиғат кӛрінісі, белгілі бір ортаның 
суреті, оған деген кӛзқарас бүкіл шығарманың идеясы тілден, оны әсерлі 
жеткізу мақсатындағы кӛріктеу тәсілдерінің (стилистикадан) тыс болуы мүмкін 
емес. Олай болса, болашақ білікті маман дайындауда стилистиканың мәні зор.
 
Пәнді үйретудегі міндеттер: студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, 
стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде 
қолдану заңдылықтарымен таныстыру. 




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау