Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 0,88 Mb.
бет5/10
Дата21.11.2018
өлшемі0,88 Mb.
#23364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиет: 1. Хлюпин В. Казахстан в геополитическом измерении / Мысль 2,1996

2. Штаух В. Казахстан в 21 веке, гипотический прогноз в контексте геополитики // Мысль 5, 1995



ОқСӨЖ: БҰҰ қазіргі жағдайы. Дүниежүзілік даму болашағы туралы. Ф. Фукусмн және С. Хантингтон тұжырымдамалары.

Әдебиет: 1. Тоқаев К. Қазақстан дипломатиясы: алғашқы қорытындылар, жаңа міндеттер // Саясат1, 1995

2. Абдулпаттаев С. Қазақстан мен Ресей қатынастары// Ақиқат 3,2003.

3. Хлюпин В. Казахстан в геополитическом измерении / Мысль 2,1996

СӨЖ мазмұны: Қазақстан геосаяси жағдайының ерекшеліктерін анықтайтын факторлар.

Әдебиет: 1. Тоқаев К. Қазақстан дипломатиясы: алғашқы қорытындылар, жаңа міндеттер // Саясат1, 1995

2. Абдулпаттаев С. Қазақстан мен Ресей қатынастары// Ақиқат 3,2003


Кредиттік сағат саны – 3

Тақырыбы: Қазіргі дүниежүзілік тәртіп, ондағы Қазақстанның ролі.

Тәжірибелік сабақ мазмұны:

1. Дүниежүзілік тәртіп туралы тұжырымдамалар.

2.Қазіргі дүниені жаҺандандыру /глобализация/ және өзекті мәселелер; экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық және т.б.

3. ҚР геосаяси жағдайы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі.



Әдебиет:1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес. // Ақиқат 7, 2001.

2. Штаух В. Казахстан в 21 веке, гипотический прогноз в контексте геополитики // Мысль 5, 1995



ОқСӨЖ мазмұны: Халықаралық қауіпсіздік мәселелері кезегіндегі қарулы қақтығыстар, саяси және діни экстремизм. Ф. Фукуяма мен С. Хантингтон тұжырымдамалары.

Әдебиет:1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес. // Ақиқат 7, 2001.

2. Штаух В. Казахстан в 21 веке, гипотический прогноз в контексте геополитики // Мысль 5, 1995



СӨЖ мазмұны: Әлемді реттеудің екі полярлы жүйесінің күйреуі. АҚШ-тың гегемониясының орнауы.

Әдебиет:1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес. // Ақиқат 7, 2001.

2. Штаух В. Казахстан в 21 веке, гипотический прогноз в контексте геополитики // Мысль 5, 1995


3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны.

Әдебиет

Орындау ұзақтығы

Баллы

Бақылау формасы

1.

ОЖСӨЖ орындау

Теориялық дайындықты тексеру

Джуносова Ж. Х. Козеленская Г. В. Булуктаева Ю. О. Политология Алматы,1998.

Апта бойына

1

Жазбаша түрде

2.

Семинарға жауап беру

Теориялық білімді тексеру

Политология/под ред. А.Н. Нысанбаева. Алматы,1998

Апта бойына

3

Конспект, пікір талас.

3.

Бақылау жұмысы

Материал бойынша білім деңгейін тексеру.

История политических и правовых учений/под ред. Нересянца В. С. М., 1995

7,14 апта

1-5

Жазбаша түрде

4.

Глоссарий

Терминдердің анықтамасын тексеру

Политическая энциклопедия. 1-2 т.т, М., 1999

7,14 Апта

2

Ауызша түрде

5

Крассворд

Логикасын дамыту

Политология/под ред. В. Н. Лавриненко, М..,1999

7.14 апта

1-5

Жазбаша түрде.


4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы.



Әдебиет атауы


Барлығы



Ескерту

кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы

Электронды түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

Джуносова Ж. Х. Козеленская Г. В. Булуктаева Ю. О. Политология Алматы,1998.

40

-

2.8

-




2

История политических и правовых учений/под ред. Нересянца В. С. М., 1995

30

-

2.1

-




3

Коваленко В. И. Политическая наука М., 1996

40

-

2.8

-




4

Основы политологии. Краткий словарь терминов и понятий.М., 1993

10

-

0.7

-




5

Политология/под ред. В. Н. Лавриненко, М..,1999

5

-

0.5

-




6

Санистебан С. Основы политической науки. М., 1990

25

-

1.7

-




7

Политология. Энциклопедический словарь. М., 1993

30

-

2.1

-




8

Политология/под ред. А.Н. Нысанбаева. Алматы,1998

40

-

2.8

-




9

Политология/под. Ред. Б. И. Краснова. М., 1995

30

-

2.1

-




10

Политическая энциклопедия. 1-2 т.т, М., 1999

40

-

2.8

-




11

Мангейм Дж. Б.,

Рич Р.К. Политология Методы исследования.М., 1999



15

-

1







12

Политология. Практикум. М., 1993

5

-

0.5

-




13

Политология для юристов. М., 1997

30

-

2.1

-




14

Технология власти: филосовско-политический анализ. М., 1992
















15

ҚР Конституцясы. Астана, 1999

40

-

2.8

-




16

Қазақстан 2030: өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Астана, 2000

10

-

0.7







17

Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында. Алматы, 1999

40

-

2.8







18

Основы политической науки/под ред. Пугачева В. П.1-2т.т. М., 1993

40

-

2.8

-




19

Очерки политической науки . М., 1996

30

-

2.1

-




20

Панарин А. С. Философия политики. М., 1996

15

-

1

-




21

ҚР Президентінің 2005ж 19 ақпандағы «Қазақстан жедел экономикалық әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты халыққа жолдауы.

30

-

2.1










  1. ДӘРІСТІК ЖҮЙЕ


Апта -1

Дәріс №1

Тақырып: Саяси ғылымға кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

Дәріс мазмұны:

1.Саясат - әлеуметтік құбылыс және оының қоғамда алатын орны.

2. Саяси ғылымның қалыптасу кезеңдері.

3.Саяси ғылымның әдіс-тәсілдері

4. Қазіргі уақыттағы саяси ғылымның қоғамдағы маңызы

Мақсаты: Студенттерге саясат термині туралы түсінік беру, саясат әлемінің қыр-сырын, атқаратын қызметін, саясатты оқып білудегі басты мақсатарды айқындау
1.Саясат - әлеуметтік құбылыс және оының қоғамда алатын орны.

Саясаттану пәнінің ең ортаңғы зерттеу категориясы саясат түсінігі болып табылады. Саясат дегеніміз мемлекеттің, саяси қайраткердің, саяси партияның және т.б. саяси күштердің мақсатты түрдегі, рационалды іс-әрекеттері. Саяси ғылымда саясат түсінігін айқындаудың негізгі үш тобы бар.



  1. Социологиялық айқындамалар тобы.

Экономикалық – саясатты экономикалық тұтыныстар, мақсаттар мен мүдделердің іске асуына бағытталған іс-әрекеттер ретінде түсіндіреді. Социологиялық – саясатты әлеуметтік топтар арасындағы өз мақсаттарын іске асыру үшін бақталастық деп бағалайды. Құқықтық айқындама саясатты мемлекеттің заңды қорғау, азаматтардың жаратылыстық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. құқықтарына кепілдік беруге бағытталған іс-әрекеттері деп түсіндіреді. Этикалық айқындама саясаттыжалпыға бірдей жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер дейді.

2. Түпкі - өзектілік (субстанция) айқындамалар тобы. Саясат дегеніміз – билікті басып алуға, ұстап тұруға және өз мақсатына жету үшін пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер, яғни билік үшін күрес деп айқындайды.

Институционалистер – саясатты мемлекет, саяси партиялар іс-әрекеттері мен өзара күресі деп анықтайды. Антропологиялық айқындама – саясатты адамдар арасындағы өркениетті қарым-қатынастар нысанын ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттер деп түсіндіреді. Егес – ымыраластық теориясы саясатты бір-бірімен қатал күрес нәтижесінде ымыраластыққа келуге мәжбүр болған екі күресуші топтың бірлесіп өмір сүруге бағытталған шаралары дейді.

3. Ғылыми – құрылымдық айқындамалар тобы саясатты бүкіл қоғам жетістігі үшін қажетті шешімдер даярлау, қабылдау және тәжірибелік іске асыру тетіктері ретінде бағалайды.

Телеологиялық айқындама саясатты саналы түрдегі, мақсатты ұжымдық іс-әрекеттер дейді. Жүйелілік айқындама саясатты қоғамның басқа салалары үстінен үстемдік құратын, басқа салаларды өзара байланыстыратын өте күрделі әлеуметтік жүйе деп түсіндіреді.

Саясат нысаны (формасы) – бұл адамдар мінез-құлқын реттеп, қоғам дамуына тұрақтылық беретін саяси институттар.

Саясат мазмұны – нақты саяси бағытқа тән мақсаттар мен құндылықтарды айқындайтын шешімдерде көрініс табады.
2. Саяси ғылымның қалыптасу кезеңдері.

Саяси зерттеулердің кең көлемді дамуына қарамастан, XIX ғасырдың ортасына дейін саяси ғылым мемлекет туралы саяси-пәлсапалық теория ретінде дамыды. Осыған байланысты, оның құрылымдалу үрдісін айқындауда теориялық қиындықтар туындап отыр. Зерттеушілердің белгілі бір тобы, негізінен еуропалықтар, саясаттанудың дербес ғылыми сала ретінде қалыптасу кезеңін XIX ғасырда Германияда пайда болған құқық мектебімен байланыстырады. Зерттеушілердің екінші бір тобы, негізіненамерикандықтар, саясаттанудың дербес ғылыми сала ретінде қалыптасу кезеңін 1857 жылы Колумбия университетінде саяси теория бойынша дәрістер курсын ұйымдастырған Френсис Лейбер есімімен байланыстырады. 1880 жылы Джон Берджес Колумбия университеті жанында саяси ғылымның жоғарғы мектебін ашты.

Осыдан кейінгі жылдары Америкада саяси оқу орындары мен ғылыми – зерттеу институттарының түгел бір желісі пайда болды. 1903 жылы Саяси ғылымдардың американдық бірлестігі құрылды. Бүгінгі таңда, оның құрамында 16 мыңнан аса мүшесі бар.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда саяси ғылым Еуропада танылды. 1896 жылы еуропалық ұлы ойшыл Г. Москаның, классикалық саяси еңбекке айналған «Саяси ғылым элементтері» атты еңбегі жарық көрді.

XX ғасырдың басында саясаттанудың дербес академиялық пәнге айналу үрдісі, жалпы түрде аяқталды. Саяси зерттеулердің қарқынды дамуына 1949 жылы ЮНЕСКО жанында құрылған Саяси ғылымдардың Халықаралық бірлестігінің аса зор ықпалы тиді.

Саясаттану пәнінің құрылымы:



  • теориялық бағыты саясаттану пәнін, саясаттың әлеуметтік негізін, саяси билік, саяси жүйе мен партиялық жүйе генезисін анықтау, саяси режимдер, сайлау құқығы, саяси мәдениет сипаттамасы және т.б. теориялық проблемаларды қарастырады;

  • саяси – экономикалық бағыты саясат пен экономиканың өзара қатынастары мәселелерін қарастырады;

  • гуманитарлық бағыты адамның саяси үрдістегі орны мен ролін, саяси құқығы мен бостандығын жүзеге асыру жолдарын, саяси қатынастарды ізгіліктендіру проблемаларын зерттейді;

  • этикалық бағыты мемлекетаралық және халықаралық қатынастар этикасы, адамгершілік және саясат проблемаларын зерттейді;

  • мәдени-логикалық бағыты саяси мәдениет пен қоғамдық – саяси пікір қалыптастыру мәселелерін қарастырады;

  • саяси-пәлсапалық бағыты саясаттың, идеологияның және әлеуметтік қызметтің өзара байланысын, саяси сананы қалыптастырудың түрлері мен әдістерін зерттейді;

  • тарихи-саяси бағыты саяси ғылымдар жүйесіндегі тарихтың орны мен ролін, саяси ілімдер, теориялар, тұжырымдар тарихын талдайды;

  • ғаламдық-саяси бағыты дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастар мәселелерін, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдылығы, дүниежүзілік саяси үрдістегі соғыс және бейбітшілік, экология және т.б. ғаламдық проблемаларды зерттейді.

Саясаттанудың теориялық және практикалық бағыттары, оның қызметтері арқылы жүзеге асырылады:

  • кез-келген саяси - әлеуметтік білім дүниетанымдық қызмет және саяси мәселелердің белгілі бір түрін шешу әдісі ретінде әдістемелік қызмет атқарады;

  • тәрбиелік, оның міндеті бұқараның және жеке адамдардың саяси үрдістерді басқаруға тікелей қатынасуы арқылы, олардың саяси мәдениетін қалыптастыру, саяси хабарлары мен білімдерін көтеру, әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге саналы қатынасына қол жеткізу;

  • реттеуші қызметі адамдардың ең алдымен басқару жұмысына, саяси үрдіске ықпалын қамтамасыз етуге бағытталады;

  • пайымдау, болжау қызметтері саяси оқиғаларды алдын-ала болжау арқылы ағымдағы саясатқа түзетулер енгізуге жағдай жасайды;

  • талдау, сараптамалық қызметтері халықтың, саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың және т.б. саяси қызметтерінің нәтижелерін талдауға, қиыншылықтарды жеңуге, жіберілген қателіктерді ашуға көмектеседі.




  1. Саясаттану пәнінің зерттеу әдістері.

Саясаттану пәніндегі жалпы зерттеу әдістері:

  • жалпы өркениеттік – факторларды есептеу жүйесінің орталығына, жеке аумақтар ерекшелігі мен дәстүрлерін ескере отырып, адамзат тұрмыс-тіршілігінің бірлігін қою;

  • социологиялық – эмпирикалық материалдар жинақтау мен жүйелеу, статистикалық таңдау, құжаттарын зерттеу,сұрау, сұхбат алу;

  • коммуникациялық (латын тілінен «хабарлау») – саяси үрдістердің өзара әрекеттесуін зерттеу;

  • жүйелілік – саяси жүелер дамуының, саяси билік тетіктері жүйесінің қызмет атқаруының ішкі логикасын түсіну;

  • бихевиористік (латын тілінен «мінез-құлық») – сұрыптаулар қорытындысында адамдардың жеке және бұқаралық саяси мінез-құлқы ерекшеліктерін айқындау.

Саясаттануда зерттеу екі деңгейде жүргізіледі: теоретикалық және қолданбалы. Саяси үрдістерді зерттеу әдіс – тәсілдерін шамамен үш топқа бөлуге болады: салыстырмалы-тарихи, эмпирикалық және жүйелілік.

Салыстымалы-тарихи әдістерге тарихи баяндау әдісі, салыстыру, кезеңдерге бөлу, хронологиялық, проблемалық-хронологиялық, ретроспективтік әдістер жатады. Саясаттану үшін бұл әдістер мәні өте зор. Мысалы, ретроспективтік сұрыптау әдісі саясаттанудың болжау – пайымдау қызметінің дамуына зор үлес қосады, себебі, саясатта өткеннен объективті қорытындылар шығармай шешім қабылдау мүмкін емес.

Саяси зерттеулердің эмпирикалық әдістері XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда жедел дами бастады. Бұл ең алдымен азаматтардың саясатқа араласуына орай қолданбалы саяси білім қажеттілігі әсерінен болды.Эмпирикалық зерттеулерде мына мәселелерге ерекше назар аударылады: саяси мінез-құлық, саяси мәдениет пен қоғамдық пікірді зерттеу, әртүрлі факторлардың саяси үрдіске ықпалын зерттеу, үлкен және кіші саяси құрылымдарды жүйелеп сұрыптау, қоғамда саяси басқаруды комплексті зерттеу, саяси институттарды құрылымдық-қызметтік сұрыптау, саяси жоспарлау.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін, мынадай эмпирикалық социология әдістері қолданылады: бақылау, тұрғындарға сауалнама жүргізу, статистикалық материалдарды сұрыптау, эксперимент, құжаттарды зерттеу, моделдеу, пікірлесу. Сол сияқты осы шеңберде контент-сұрыптау, генетикалық сұрыптау, когнитивтік карталар құру әдістері де қолданылады.

Жүйелілік зерттеу әдісі саясаттану үшін үлкен маңызға ие. Ол саясатты комплексті үрдіс ретінде зерттеуге, белгілі бір оқиғаның жалпы көрінісінен жекелеген элеметтерді айқындауға, олардың өзара байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Нақты бір зерттеу әдісін таңдау зерттелгелі жатқан объекті мінезіне және зерттеуші өз алдына қойған мақсаттарға тәуелді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Саясат дегеніміз не?

  2. Саясаттың атқартын қызметері қандай?

  3. Саясат пен мораль ара-қатынасы қандай?

  4. Саясаттану пәні қай ғасырда қалыптасты?

  5. Саясатанудың негізін қалаған ғалымдар кімдер?

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Оксфорд. Саясаттану. Қысқаша сөздік. Ред. Басқарған Йэн Меклейн. Алматы. 2001.

  2. Н. Ә. Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003.

  3. Карин Е. Қазақстан саяси ғылыми және саясаттың жаңа келбеті. // Саясат, 2003 №9


Дәріс №2

Тақырып: Дүниежүзілік және отандық саяси ақыл – ой тарихы.

Дәріс мазмұны:

1.Ежелгі дүние және орта ғасыр саяси ақыл-ойының қалыптасуы мен дамуы.

2.Жаңа дәуірдегі саяси ойлар.

3. Классикалық философиясы аясындағы әлеуметтік ойлар.

4. ҚР саясаттану ғылымының дамуы.
Мақсаты: Ежелгі дүние мен орта ғасырдағы саяси ақыл-ойға шолу жасау. Және оны жаңа заман мен қазіргі заманғы Ресей мен Қазақстандағы саяси ғылымның дамуын сараптау.
1.Ежелгі дүние және орта ғасыр саяси ақыл-ойының қалыптасуы мен дамуы.

Әдетте саясаттану ғылымының пайда болуын XIX ғ. байланыстырады. Бірақ сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды зерттеу адам баласын көптен толғандырды. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде грек философтары ерекше орын алады.

Платон. Ол адам қоғамын үш топқа бөлді: философтар, сақшылар және еңбекшілер. Платон мұндай әлеуметтік құрылымды үлгілі мемлекет деп атады. Филосафтар басқарады, сақшылар басқарушылар шешімдерінің орындалуын бақылайды, ал еңбекшілер қоғамның материалдық байлығын жасайды.

Платон ең жақсы мемлекеттік құрылыс деп аристократияны санады.

Кейбір кездерде қоғамдық келісім, ынтымақ бұзылады. Мұндай жағдай олигархия, демократия, тирания сияқты нашар мемлекеттік құрылыстардың пайда болуына әкеледі.

Аристотель. Адамдар арасындағы қарым-қатынас үстемдік пен бағынуға негізделеді. Үстемдіктің екі түрі бар – нағыз үстемдік және саяси үстемдік.

Адамдар екіге жіктеледі: еркін адамдар және құлдар. Қоғамда дамымаған, төмен адамдар болады. Құл болу олар үшін пайдалы және бұл әділетті жағдай.

Мемлекет жеке меншіктіктің арқасында пайда болды. Отбасы көбейіп елді мекенге айналды. Ал бірнеше елді мекендер мемлекет құрды. Мемлекет мақсаты қоғамдық әділеттілік пен жалпыға бірдей жеткіліктілікті қамтамасыз ету. Бұл мақсатты шешуде мемлекеттік құрылым үлкен маңызға ие.

Аристотель мемлекеттік құрылымды жақсы және нашар деген түрлерге бөлді. Жақсыға монархия, аристократия және полития жатады. Нашарға тирания, олигархия және демократия жатады. Ең жақсы мемлекеттік құрылым – полития. Политияда саяси билік пен үстемдік қоғамның орта тобының қолында болады. Орта топ байлардың әділетсіздігі мен кедейлердің ашу-ызасын тежеп, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз мемлекетіне қызмет ету адамның қасиетті борышы. Бұл адамның моралдық қасиеттерінің биік екенін білдіреді. Адамзаттың кейінгі даму барысында теологиялық-әлеуметтік тұжырымдар қалыптасты. Енді қоғамдық және мемлекеттік құрылымдар діни тұрғыдан бағалана бастады.

Аврелий Августин (354-430). Еңбегі «Құдай қаласы туралы». Құдайға сүйіспеншілік адамды басқалардан жоғары қояды. Рухани билік, яғни шіркеу билігі жер бетіндегі ең жоғарғы билік. Бұл билікке мемлекеттер де мойынұсынуы тиіс. Осындай жағдайда ғана қоғамда әділетті әлеуметтік құрылыс орнайды. Ф.Аквинский (1225-1274). Ол құқықты үшке бөлді: мәңгілік, жаратылыстық және адамзаттық. Мәңгілік құқық - бұл құдай орнатқан тәртіп және қасиетті жазуда көрініс тапқан. Жаратылыстық құқық - барлық тірі жанға, соның ішінде адамға да тән өмір сүру ережесі. Адамзаттық құқық - адамдар дұрыс өмір сүру үшін жасалынған ережелер. Бұл ережелер әрқашан өзгеріп отырады. Ф.Аквинский пікірінше, тек шіркеу ғана емес мемлекет те құдай еркімен билік етуге құқықты. Ең жақсы билік үлгісі монархия. Монарх өз билігін шіркеуден алады. Егер бұлай болмаса бағыныштылардың монархтың билігін мойындамауына болады. Ең жаман басқару нысандары тирания мен демократия.



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау