Цицерон. Ежелгі Римде саяси қөзқарастар моралдық мінезде жалғасын таба берді, бірақ мемлекетке деген көзқарас өзгеріске ұшырады. Цицерон мемлекет тууын рухани құндылықтарға ие болумен байланыстырды, соңынан, оның пікірі бойынша бұл құндылықтарды әрбір ұлы заң шығарушы жаңа Рим бейнесінде іске асырады. Сондықтан, Цицерон көшбасшының дәстүрлі дана-заң шығарушы түріне озаттық бере отырып, қауым әміршісінің жеке көшбасшылық ролін де баса көрсетеді. Рим қаруының жеңістері тек нәтижесі, ал себептері азаматтық айбындылықта. Саясатта қауым көсемі, рухани өмірдегі ақыл ролін атқарады. Цицерон бойынша мемлекет көсемі қатал билеуші емес, қауымдағы шектен шығушылықты текшелеп отыратын модератор, оны дана да әділетті достары қаумалап отырады. Бір ұрпақ бойында ондай көсемдер біреу емес, бірнеше болуы қажет.
Плутарх. Саяси көшбасшының жеке үлгісі идеясы Плутархтың “Салыстырмалы өмірбаяндарының” да өзегі болып келеді. Плутархты жалпы мәселелер емес, өз артынан қауымды ілестірген дара азаматтың қалыптасуының нақты үрдістері мен“шынығуы” қызықтырды. Сондықтан, ол көшбасшының мансаптық өсу жолын күрделі кедергілерді жою “сызығы” ретінде қарастырды: мінез-құлық сапасын және соған сәйкесті әрекеттерді бөлді; саяси басқарушы іс-әрекеттері нәтижелерін бағалады. Плутарх бойынша саяси көшбасшы – бұл өзінде қажетті ізгіліктер өсірген және қанағатын ауыздықтай білген азамат. Антик дәстүрін сақтай отырып, Плутарх шектен шыққан істерге қарсы болды. Ол азамат сезімдерінде де, басқару нысандарында да қанағаттылықты жақтады. Сонымен қатар, ол деспоттарда да және тобыр құмарлығына жол беретін халық көсемдерін де айыптады. Плутарх адамгершілік құндылығының бейнесін көрсететін көшбасшы-билеуші үлгі болып табылатын азаматтық ізгіліктілікке табынды.
Макиавелли билеушісі. Саясаттың қазіргі заманғы түсініктері Флоренциядан шыққан ойшыл Н. Макиавеллиден бастау алады. Макиавелли шығармашылығы жеке адамды мәдени құндылық ретінде бағалайтын қайта өрлеу дәуіріне келеді. Макиавеллидің “Билеуші” трактаты (1513 жылы жазылды) оқырманды тағы да көшбасшылық мәселесі көтерілетін саясаттың жаңа әлеміне әкеледі. Макиавелли ойынша жаңа мемлекеттік құбылысты жаңа билеуші басқаруы тиіс.
Билеуші өз билігін халық пен ақсүйектердің жақтауы арқасында алады. Макиавелли тактикалық тұрғыдан халыққа сүйену пайдалы деп тапты. Себебі, ақсүйектер билеушіге өте жақын тұрғандықтан, олардың арасында қарсыластар да пайда болады және көбіне-көп билікке қастандықтар ақсүйектер арасында ұйымдастырылады. Қоғамдығы ақсүйектер тобына бөлшектеп қарау қажет. Кім адал, сенімге кірген соларды құрметтеу қажет. Ал “қосылмайтындарды” категорияларға бөлу қажет. Егер олардың арасында “толқушылар” болса, ондайларды пайдалануға болады, мысалы, кеңесшілер ретінде. Ал, басқа мансапқұмарлардан жау ретінде сақтану қажет. Өз кеңесшілерімен қарым-қатынаста билеуші жағдайды қатал бақылап отыруы тиіс, олардың бойындағы өз еркімен кеңес беру бастамаларын шектеп отыру қажет. Жалпы, Макиавелли пікірінше билеуші қандай болса, кеңесшілері де сондай болады, себебі кез-келген бастама билеушіден шығады. Оның ұсыныстары төмендегіге келіп тіреледі:
2. Көшбасшылық типтері.
Саяси көшбасшы маңызды құндылықтар құрылуы үрдісіне де, ұйым мәдениетінің өзгеруі үрдісіне де қатысады. Этикалық көшбасшының негізгі қалауы өз жақтастарын ойнауға мәжбүр ету. Біздің түсінуімізше, ойын ортасы ондай көшбасшылық мәні және құнды шығармашылық үшін қажетті орта.
К. Юнг төрт көшбасшылық архетипті бөлді: “көшбасшы-мансапқұмар”, “көшбасшы-саясаткер”, “көшбасшы-техник”, “көшбасшы-ақын”. Ходжкинский бойынша көшбасшылар ғана емес, оның жақтастары да архетип субъектілері болып табылады.
“Көшбасшы-мансапқұмар” архетипі. Архетип, соның ішінде бастылары өзін сақтау мен эгоцентризм болатын құндылықтардың үшінші типімен мінезделеді. Негізгі мотивация ләззат алу, ал саясатта бұл басқару есебінен өз жағдайын бекіту. Мұндай архетипке басқа да атаулар сәйкес келеді: гедонист және нарцис. Гедониске инфантилді “ойын” мінезі тән. Оның негізгі міндеті – ләззат алу (байлық, билік, табыс, мәртебе). Өз-өзіне сүйіспеншілік сезімдегі нарциске шындықтан гөрі қиял маңызды. Көшбасшы-мансапқұмар барлық сатыларда да әлеуметтік реттеуді жоққа шығара отырып, жалпыадамзаттық моралға емес, өз мақсатына сәйкес келетін “ойын ережелеріне” бағытталады. Шын мәнінде ол моралдық қондырғыларды ойыншыққа айналдырады, басқалар құқығын бұзып, ар-ұяттан қиналмайды. Бұл типтегі көшбасшы билікке шөліркеп тұрады, себебі тек сол ғана ләззат кілті болып табылады. Мансапқұмар өзіне келген реніштерді кешірмейді, шама келгенше кек алуға тырысады. Бұл типтегі көшбасшы нақты мақсаттарға жетуге бағытталған, иерархиялық сатымен тез жүруге ұмтылады. Белсенді мансапқұмар қатал, аяусыз билеушіге айналады. Ол адамдарды пайдаланып қана қоймайды, жеңіліске ұшырап жатса, өз жақтастарын да сатып кетеді. Қазіргі заманғы бақталастар кезеңінде бұндайлар көп болса да, шын саяси өмірде мұндай архетипті айқындау өте қиын. Сыртынан бұл, әсіресе істері жақсы жүріп тұрса, ұнамды, сөз табыса білетін адам, себебі адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу табыс кілті.
“Көшбасшы-саясаткер” архетипі. Оны қолдаушылар өз көшбасшыларының құндылықтары мен мінезіне әсер етеді. Өз жағынан көшбасшы-саясаткер топ мүдделерінің дұрыстығына сенеді және өз міндетін қарым-қатынастар тиімділігі мен үйлесімділігін сақтау деп біледі. Саясаткер ымыраластық іздейді, жанжалдасушы жақтардың мүдделері ара салмағын сақтайды. Жақсы саясаткерде адамгершілік пайдалылықпен ұштасады. Оның адамгершілігі қоғам мүдесін жеке мүддесінен жоғары қоя білуінде, ал пайдалылығы өзін - өзі үздіксіз жетілдіруінде көрініс табады. Мұндай көшбасшы өз танымалдылығының көрсеткішін қадағалап, өз үлгісіне қамқорлық жасап отырады. Себебі, оңды имидж оның беделі мен легитимділігінің негізі. Саясаткер сендіре білу өнерін терең игеруі тиіс. Көшбасшы-саясаткер ақпараттық қарықатынас жүйесінің орталығында және саяси қарым-қатынастардың эпицентрінде болады. Оның өз жақтастарымен қарым-қатынасы либералдық стилге негізделген және оларды қызметте өсіріп, сыйақылар үлестіреді. Мұның барлығы топ арасында үлкен құрметке ие болу үшін істеледі, бірақ саясаткер нағыз харизматик бола алмайды..
“Көшбасшы-техник” архетипі. Оның басқаша атауы – бюрократ. Оның құндылықтарына талдау, тиімділік, жоспарлау мен нақты міндетке бағытталушылықты қосатын интеллект мен логика жатады. Мұндай пайдалылық орталығында мақсатқа лайықтылық мен нәтижелерін есептеу тұрады. “Техник” моралдығы жалпы қоғамдық идеяға қызмет істеуінде. Жалпы қоғамдық идеяға қызмет істей отырып “техник” элитаның ерекше ролін таниды, яғни басқаруды кәсіби біліктілер іске асыруы тиіс. Өз жұмысында “техник” кесте құрады, мақсаттар мен мерзімдерді қадағалап, қатып қалған үлгілерді ұстанады. Әдетте шын өмірде, “техникте” көптеген бюрократиялық аурулар пайда болып, ол жансыз басқарушы мен тастай қатқан аппараттық қызметкерге айналады. Мұндай өзгерітің жеңіл болу себебі, әдетте “техник” өз қателерін мойындамайды. Жұмыстық техникалық жақтарына еліктеп кеткен ол, адамдар туралы ұмытып кетеді және ұйым құндылықтарын барлық қоғамға таратуға ұмтылады. Психологиялық жатсыну қателігі, кейбір кездерде милитаристік құндылықтар мен адамгершілікке жат акцияларға ұрындыруы мүмкін. Қазіргі көшбасшылық мәселесінің мазмұны, оны жақтаушылар “технократиялық рухпен” сусындап, кейбір жеке мүдделерін заңдылық пайдасына құрбандық етуінде.
“Көшбасшы-ақын” архетипі. Ол өзін құндылықтардың бірінші типіне, яғни игілікке жетуге арнайды. Халық аузында оларды батыр атаса, саяси ілімдерде ұлы адам деп атайды.Ақын веберлік харизматтық көшбасшыға сәйкес келеді. Ол өзіне екі бастама қосады: әулие болғандықтан барлық әділеттілікті өз игілігі санайды, қаһарман ретінде барлық жақсылық ол үшін әділеттілік. Ходжкинсон пікірінше, ақын жолы екі бітіспес құндылықтар арасында теңгеру. Зерттеушілер бір жағынан, ақынның оңды ролін (қоғамдық дамуды жеделдету) бағаласа, екінші жағынан одан әлеуметтік қауіпті тип ретінде сақтандырады. Қай жағынан болмасын ақын, бұқараның жойқын тұтыныстарын іске асырады және олардың энергиясын саяси сындырулар кезеңіне бағыттайды. Оның беделі моралдық әсер ету арқасында сөзсіз болады, оның құндылықтары талас тудырмайды. Сергий Радонежский, Томас Мор, Мартин Лютер, Махатма Ганди осындай көшбасшылар болды. Көбіне “ақын” ұлы шешен болады (Ленин, Мао Цзэдун). Жалпы “ақындық”, идеология және дін тығыз байланысты. “Ақынға” игіліктің ерекше көрінісі теңгеріледі және ол өмірді өзгертуші басшыға айналады. Биіктікке ұмтылыс әр адамға тән болғандықтан, “ақын” қауіпке айналуы мүмкін
Көшбасшының саяси қызметі.
Көшбасшы өмірбаянынан мәліметтер, ол басшылық қызметке ие болған соң өзін қалай ұстайтындығын болжауға мүмкіндік береді. Оның ең тұңғыш қандай саяси қызмет иеленгендігі туралы мәліметтер (осы қызмет деңгейі, қандай жолмен алынғандығы) мінез-құлқы мотивациясын түсіндіруге мүмкіндік береді. Себебі, көшбасшы қиын жағдайға тап болғанда, бұрын өзін табысқа әкелген риторика мен тәжірибеге қайта оралуға бейім болады. Оның қандай тәжірибе алғаны туралы, оның сол қызметте отырған мерзімі, сол кезде қандай әдістерді қолданғандығы туралы, ортаның қандай факторларына мән беретіндігі туралы мәліметтер көшбасшының “репертуары” жөнінде нақты қортындылар шығаруға жағдай жасайды, себебі алғашқы тәжірибе ұзақ уақыт есте қалады. Саяси психологтар көшбасшының бір қызметте алған тәжірибелері, оның басқа қызметтерінде пайдаға аса ма деген мәселе төңірегінде пікірталастар жүргізуде. Олар талқылап жатқан мәселелер: саяси науқан өткізу тәжірибесі мен басқару үрдісі, революционер тәжірибесі мен үкіметтегі қызмет, жеке сектордағы жұмыс пен мемлекеттік қызмет және т.б. көптеген нәрселер қаншалықты ара қатынаста болатындығы.
4. Билеуші бейнесі (имиджі).
Бұл жерде Макиавелли бұрын болмаған ой тастады: саясатта ізгілік ұстанғандар өзін-өзі құртып тынады. Адам өз жаратылысынан эгоист, ешкім де толық ізгілікті бола алмайды және билеуші де өз бойында тек жақсы қасиеттерді ғана жинақтай алмайды. Сондықтан билікті ұстап қалуға ұмтылатын билеуші қатал болуы тиіс. Билеуші өз бойындағы, оны биліктен айыруы мүмкін мінездерден ғана арылуы тиіс, ал қалғандарынан қорықпай-ақ қоюға болады. Осыдан кейін, ғылымда “саяси макиавеллизм” деген атпен белгілі, билеушінің жеке қасиеттері туралы атақты пікірлері беріледі (саясат пен этика арасының бөлінуі).
Макиавелли билеушіге қандай жеке қасиеттер пайдалы, ал қандайлары зиян екендігін айқындап көрсетті.
Жомарттық және сақтық. Билеушінің басы артық жомарттығы ысырапшылдыққа әкеледі және билеуші өз бағыныштыларын жыртқыштықпен тонауға мәжбүр болады. Сондықтан да жыртқыш болғаннан гөрі сараң атанған жақсы.
Қаталдық пен мейірімділік. Екеуін бір мезгілде көрсету қиын. Бағыныштыларды қорқытып ұстау қажет, бірақ оны жек көрушілікке ұластырмау қажет.
Билеуші сөзі. Бұл арада Макиавеллидің атақты арыстандар мен түлкілер, яғни күшті және қу билеушілер туралы пікірлері келтірілген. Билеушіге түлкі болған пайдалы, сондықтан ол берген сөзін де ұстауға міндетті емес. Бірақ түлкі мінезді жасырып ұстап, берген уәде бұзылған жағдайда, қолайлы сылтау таба білу керек.
Жек көру. Егер бағыныштылар өз билеушісін жек көретін болса, қастандық күтуге болады. Қастандыққа қарсы ең күшті құрал бағыныштылар құрметі мен сүйіспеншілігі.
Билеушіге деген құрмет. Мұндай сезімдер өте қажет. Бағыныштылар құрметін ұлы істер жасау, жомарттық көрсету арқылы жаулап алуға болады.
Билеуші “имиджі” түсінігі. Терминнің өзін қолданбай-ақ Макиавелли, бүгінгі таңда көшбасшының жасанды қалыптастырылған бейнесін құрайтын мәселелерге көп көңіл бөлді. Макиавелли “билеуші табысқа жету үшін шын мәнінде ізгілікті болмай, көпшілік алдында ізгіліктілік көрсетілсе жетіп жатыр”- деп санады.
Қортындылай келе, төмендегілерді көрсетуге болады:
“Билеуші” нысаны бойынша басқару өнері туралы өсиет болғанымен, мазмұны бойынша өнерді басқару техникасына айналдырған.
Макиавелли өз билеушісін мораль аймағынан шығарып, биліктің “таза технологиялық аймағын” қалыптастырады. Әрине, бұл күшті билік пен қатал басшылық түрі, сол себепті де Макиавелли еңбегі алдымен абсолютизм дәуірінде, соңынан тоталитаризмде табысқа ие бола бастады.
Макиавелли көшбасшылық идеясының дамуына сүбелі үлес қосты. Ол саяси қайраткердің жаңа түрін іздеген жоқ немесе тарихтағы жеке адам ролін айқындаған жоқ. Ол билік шегін айқындауға, саяси режим заңдылықтарын құруға, саяси басқару техникасы негіздерін салуға ұмтылды. Макиавелли саяси басқарудың жаңа нысандары және басқарудың тиімді әдістері турасындағы мәселелерді көтерді.
Макиавелли билеушілер мен бағыныштылар арасындағы айырмашылықтарды аша отырып, тек біріншілер ғана басқару ғылымын қабылдауға қабілетті деп ұғындырды. Кейін, бұл дәстүр билік элитасын, ешқандай моралдық сапаларға тәуелді емес “саяси басқарушылар” деп санайтын әлеуметтік байламда да көрініс тапты. 17-18 ғғ. саяси ойшылдар өздерінің басты міндеті ретінде ескі билік мекемелерін қайта құрып, билеушінің жеке-дара билігін шектейтін институттар табу деп білді. Жаңа үлгілі қоғамдар моделін құруда, саяси көшбасшылыққа сыпайы рол берілді. Саяси көшбасшылық тақырыбы арнайы мәселе ретінде, тек 19-20 ғғ. ғана өзектіленді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Саяси басшы дегеніміз кім?
Саяси басшының негізгі басты белгілері мен қасиеттері?
Саяси басшының атқаратын рорлдері?
Саяси басшы тұжырымдамалары?
Саяси басшы имиджі дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Калмырзаев А. Слово об авторитете или о феномене Н. Назарбаева // Мысль 7, 2000
Шакерова А. Д. К вопросу об особенности политического лидерства вРК // Саясат 5, 2001
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы 1996
Дәріс№5
Тақырып: Саяси басшы топ // Саяси элита
Дәріс мазмұны:
1.Саяси басшы топ түсінігінің анықтамасы, тұжырымдамалары.
2.Саяси басшы топтардың атқаратын қызметтері. Қоғамдағы саяси басшы топтардың әртүрлілігі. Саяси элитаны таңдаудың әр түрлі жүйелері /"гильдий", "антрепренерлік"/.
3. Саяси элитаның қоғамдағы орын алмасу механизмі.
4. КО кезіндегі саяси элита.
Мақсаты: Саяси басшы топ түсінігін ашу, табиғатын, түрлерін, орын алмасу механизмін, өзіңе тән белгілерін айқындау.
1.Саяси басшы топ түсінігінің анықтамасы, тұжырымдамалары.
Элита - қоғамның ең таңдаулы бөлігі, тәуелсіз, құбылмалы артықшылықтары бар топ. Өте көрнекі психологиялық, әлеуметтік және саяси қасиеттердің иегерлері. Мемлекеттік билікке әсер етіп, ол қабылдаған шешімдерді іске асыруға тікелей қатысушылар. Элита негізінен мына қасиеттерге ие: ұйымдастырушылық қабілеті, материалдық жақсы жағдайы, моралдық және интеллектуалдық артықшылықтары. Элита адамзат өркениеті дамуының бүгінгі кезеңінің нақты шындығы. Оның өмір сүруіне мынадай негізгі факторлар әсер етеді: 1) адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздігі, олардың қоғамдық істерге қатысу мүмкіндігі мен тілеуінің әр түрлілігі; 2) қоғамдағы еңбек бөлінісінің заңдылығы басқару еңбегімен кәсіби негізде айналысуды талап етеді; 3) басқару еңбегінің жоғары қоғамдық маңыздылығы; 4) әр түрлі әлеуметтік артықшылықтар алу үшін басқару қызметін кеңінен пайдалану; 5) басшыларды толық түрде қоғамдық бақылаудың ешқандай да мүмкін еместігі; 6) бұқараның саяси пассивтілігі, әдетте олардың күнделікті мүддесі қоғамдық-саяси істерден тысқара жатады.
Саяси элита өз ішінде үш топқа бөлінеді: 1) жоғарғы-мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдаушылар; 2) орта-қоғамдық мүддені білдірушілер, яғни саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар жетекшілері; 3) әкімшілік-нақты мемлекеттік басқару қызметін іске асырушылар, яғни жоғарғы шенеуіктер. Жоғарғы саяси элита өз кезегінде екіге бөлінеді, саяси билікті тұтас иеленген элита және мемлекеттік билікке қысым көрсетуші контрэлита. Контрэлита өте ықпалды, бай қаржы-өнеркәсіптік топтардан құрылады.
2.Саяси басшы топтардың атқаратын қызметтері. Қоғамдағы саяси басшы топтардың әртүрлілігі. Саяси элитаны таңдаудың әр түрлі жүйелері /"гильдий", "антрепренерлік"/.
Қазіргі демократиялық елдерде элитаға бақылау жасау механизмі әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық институттардан тұрады, бұлар: сайлау, өкілеттік билік, БАҚ, қоғамдық пікір туғызу, қысым жасау топтары, саяси партиялар және т.б. Элитаның әлеуметтік өкілеттілігі мен сапалық құрамына оны толықтыру жүйесі үлкен әсер етеді. Толықтыру жүйесі кімдер таңдап алынатындығын, таңдау тәртібі мен өлшемі қандай, таңдаушылар мақсаты қандай екендігін айқындайды. Қазіргі уақытта саяси элитаны толықтырып отырудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан:
Гилдий жүйесі үшін сипатты белгілер: а) жабық, жоғарғы қызметтерге талапкер адамдарды өз ішінен таңдау; б) элита мүшесі болу үшін формалды талаптар көп қойылады, мыс., жасы, білімі, лауазымы, партия мүшелігі және т.б.; в) селекторат (таңдаушылар) шағын, жабық топтан тұрады. Ол бірнеше адам болуы мүмкін.
Антрепренерлік жүйенің сипатты белгілері: а) жоғары қызметке талапкер адамдардың ашық таңдалуы; б) аздаған талаптар болуы, мыс., тек жеткілікті білімді болу сияқты адамның жеке қасиетіне қарау; в) селекторат (таңдаушылар) қоғамдық пікірмен санасады; г) таңдаудың жоғары бәсекелестігі; д) жеке қасиеттер арқасында элита құрамына өту мүмкіндіктерінің болуы.
3. Саяси элитаның қоғамдағы орын алмасу механизмі.
Көшбасшық қандай жолмен өзінің қазіргі саяси орнына жеткендігін білу де маңызды: саяси жүйенің көмегімен жетті ме, біреулердің қолдауымен жетті ме, өз көшбасшылық сапасы мен тәжірибесі арқасында жетті ме. Бұл мәліметтер көшбасшы өз жақтастарын жақсы біле ме, олардың құндылықтарымен бөлісе ме, оларға қаншама тәуелді, өзгерістер жасауға өкілеттігі мен еркі жете деген сияқты сауалдарға жауап алуға көмектеседі. Көшбасшы мінезінің әртүрлі типтері оның қалыптасу үрдісімен байланысты.
Көшбасшылар өз дәуірінің өнімі. Болашақ көшбасшы қалыптасуында жастар арасында қандай идеялар оларға әсер еткенін білу маңызды, себебі ұрпақтар тәжірибесі көшбасшының саяси әлеметтенуіне әсер етеді. Көптеген саяси жағдайларда қолдаушылар өз көшбасшыларына делдалдар немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шыға алады.Нәтижесінде, көшбасшы позициясы туралы ақпараттар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мұның өзі оның кейбір жақтастарының жаңсақтыққа ұрынуына әкеледі. Көшбасшы өз жақтастарының мотивациясын білуге міндетті. Біреулер осы арқылы өз жеке проблемаларын шешеді, біреулер өзіне назар аударғанды ұнатады, біреулер іс, идеяға табынса, біреулер көшбасшының жеке басына табынады. Басшы іс-әрекетінің шегін жақтастары ғана емес, өзімен тетелес басқа көшбасшылар да айқындайды. Осындай өзара байланыс тиімділігін бағалау, көшбасшыға деген сенім мен құрметке әсер етеді. Сонымен, көшбасшылар “өзара реттеу” үрдісіне тартылады: олар өз жақтастары күтіністері мен тұтыныстары, өз жеке мақсаттары мен мүдделері және өзі таныстыратын саяси күш мақсаттары мен мүдделері арасында теңдік болуын қамтамасыз етеді. Осы теңдікті бекітуге ұмтылған көшбасшылар төмендегі қызметтерді атқарады:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Саяси элита дегеніміз не?
Саяси элитаның басты қызметтері қандай?
Саяси элитаны рекруттеу жүйесі қандай?
Саяси элитаның орын алмасуы дегеніміз не?
Әдебиет:
1. Абуева Н. Становление властвующей элиты в либерально – демократических странах // Мысль 9, 2001
2. Кангереев Н.Т. Политическая элита Казахстана в исторической ретроспективе. // Саясат 5, 2001
3. Олжабаева Л. Корни и традиции политической элиты Казахстане // Саясат 6, 1998
Апта - 6
Дәріс - 1
Тақырып: Саяси жүйе
Дәріс мазмұны:
1.Саяси жүйе анықтамасы, тұжырымдамалары; /Т.Парсонс, Д.Истон, Г.Алмонд т.б.
2.Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметтері.
3.Саяси жүйелердің түрлері
4. Саяси тәртіптері: авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық
1.Саяси жүйе анықтамасы, тұжырымдамалары; /Т.Парсонс, Д.Истон, Г.Алмонд т.б.
Саяси режим – басқарушы топ өз үстемдігін іске асыру үшін қолданатын тәсілдер мен әдістер жүйесі. Ол саяси жүйе қызмет атқаруының нақты көрінісі мен қоғам өміріндегі барлық саяси аймақтардың нақты сипатын береді.
Саяси режим нақты қоғамда нақты уақытта болатын саяси жағдай.
Қоғамда қандай саяси режим екендігін мына белгілерге қарап айырға болады:
саяси басшылық жүйесіндегі мемлекет басшысының ролі;
халық өкілеттігі органдарын сайлаудың тәртібі мен тәсілі;
заң шығарушы және атқарушы билік араларындағы өзара қарым – қатынас нысандары;
қауіпсіздік органдары мен қоғамдық тәртіп сақтау органдарының қоғамдағы орны мен ролі;
саяси басқарушы топ құрған үкіметтік емес ұйымдардың қоғам өміріндегі орны мен ролі;
елдің саяси жүйесіндегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жағдайы.
Саяси режим түрлерін айқындаудаәр түрлі тұжырымдар бар. Соңғы кездегі, көзқарастарға сәйкес демократиялық және демократиялық емес деген түрлерге бөлінеді.
Демократиялық саяси режимдер парламенттік (Швеция), президенттік (АҚШ) және аралас (Австрия) деген түрлерге бөлінеді.
Демократиялық емес саяси режимдер автократиялық (Иран), авторитарлық (Сауд Аравиясы) және тоталитарлық (Солтүстік Корея, Куба) деген түрлерге бөлінеді.
Классикалық саяси теорияда қоғамда қалыптасатын саяси режимдерді үш түрге жіктеу қабылданған: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық саяси режимдер.
2.Саяси жүйелердің түрлері
Тоталитарлық саяси режим – мемлекеттің қоғам өміріндегі барлық аймақтарды толық бақылауына негізделген саяси – мемлекеттік құрылым.
Тоталитаризм терминін саяси лексиконға 1925 жылы өз қозғалысын сипаттау үшін Б. Муссолини енгізді. Ғалымдар арасында бұл түсінікті алғаш рет неміс ғалымы К. Шмитт пайдаланды. Бұл саладағы алғашқы теориялық еңбек Ф. Хаектің 1944 жылы шыққан «Құлдыққа бастайтын жол» еңбегі.
Одан бері, 1957 жылы Х. Арендтің «Тоталитаризм бастауы», К. Фридрих пен З. Бзежинскийдің «Тоталитарлық диктатура және автократия» еңбектері шықты.
Тоталитарлық режимде тек қоғамдық өмір ғана емес, азаматтың жеке өмірі де мемлекеттік мүддеге бағындырылады. Тоталитарлық режим ешқандай түрлерге бөлінбейді.
Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:
тек қана бір партияның саяси қызметіне ресми рұқсат етіледі және қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ соған бағындырылады;
саяси жүйедегі билік бөлінісі тек формалды түрде сақталады;
басқарушы партияның саяси көшбасшысы бүкіл ғұмыры бойына мемлекет басшысы болып табылады және кейбір елдерде бұл саяси лауазым мұрагерлік жолмен берілуі де мүмкін;
адамдардың жеке және отбасылық өмірлері мемлекет пен басқарушы саяси партияның қырағы бақылауында болады;
қарама – қайшылық пен басқаша ойлаушылық түбірімен құртылады және бірқалыптылық пен тыңдаушылық іске асырылады.
3. Авторитарлық саяси режим.
Авторитарлық саяси режим - өте күшті жеке билікке негізделген саяси – мемлекеттік құрылым.
Авторитарлық саяси режимге тән белгілер:
азаматтардың негізгі демократиялық құқықтары мен бостандықтарын шектеу;
оппозициялық партиялар мен оппозициялық баспасөз қызметін шектеу немесе материалдық қысым көрсету;
саяси басқарушы партияның мемлекеттік аппаратпен біртұтас болып кетуі;
халық өкілеттігі органдарының сайланбалылығын шектеу тетіктерін енгізу;
мемлекеттің жоғарғы билік органдары жүйесінде атқару билігінің басым болуы.
Авторитарлық саяси режимдер ең маңызды екі түрге бөлінеді: олигархиялық және конституциялық-авторитарлық саяси режимдер.
Олигархиялық режимде ресми түрде көппартиялылық рұқсат етіледі, бірақ олар қоғамның саяси жүйесінде маңызды ролге ие болмайды.
Конституциялық – авторитарлық режимдерде саяси партиялар қызметі заң жүзінде жойылады (Непал) немесе кейбір партиялар саяси қуғын-сүргінге түседі (Марокко).
Көптеген авторитарлық мемлекеттер өздерінің экономикалық тиімділігін, яғни экономикалық өрлеу мен саяси тұрақтылықты және қуатты билік пен еркін экономиканы ұштастыруды кейде шектеулі плюрализммен басқару тәсілі деп анықтайды. Ол экономикалық, әлеуметтік, мәдени ішінара идеологиялық плюрализммен қатар өмір сүреді.
Авторитарлық саяси режимнің қоғамдық дамуға әсерінің әлсіз де, әрі жағымды жақтары да бар.
Әлсіз жақтарына мыналарды жатқызуға болады: саясаттың мемлекет басшысының немесе жоғарғы басшылар тобының бағытына тәуелділігі, азаматтардың саяси арандатушылық пен жүгенсіздіктердің алдын-алу мүмкіндігінің жоқтығы, әр түрлі мүдделерді білдіру мен артикуляция институттарының болмауы және т.б.
Сонымен қатар, авторитарлық саяси режимнің төтенше ахуалдарда көрінетін жағымды жақтары да бар. Авторитарлық билікте қоғамдық тәртіпті сақтаудың жоғары қабілеті бар, консервативтік күштердің қарсылығы жағдайында қоғамдық құрылымды тез арада қайта құру мүмкіндігі бар. Белгілі бір маңызды мәселелерді шешуге барлық күштер мен мүмкіндіктерді шоғырландыра алады. Осылардың барлығы, авторитарлық билікті түбірлі реформаларды жүзеге асырудың тиімді құралы жасайды.
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында дүние жүзінің коммунистік мемлекеттеріндегі тоталитарлық режимдердің күйреуінен соң, биліктің авторитарлық нысанына деген қызығушылық өсе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |