Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 0,88 Mb.
бет9/10
Дата21.11.2018
өлшемі0,88 Mb.
#23364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. ҚР Конститутциясы қашан қабылданды?

  2. Конститутция қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?

  3. Президент қанша жылға сайланады?

  4. Парламент қанша палатадан тұрады?

  5. Сенаттың өкілеттік мерзімі қанша жыл?

  6. Мәжілістің өкілеттік мерзімі қанша жыл?

  7. Конситутцияға соңғы өзгертулер қашан енгізілді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аюпова З. Особенности построния демократического правового государства // Мысль №4, 1999

  2. Давлетьяров Б. Факторы унитаризма в РК // Мысль №5, 1999

  3. Салимбаева Ж. Г. Казахстан – президентская республика. // Политика №8, 1996.

  4. Исмаганбетов Т. Гражданское общество в Казахстане: проблемы и перспективы // Саясат №9, 1998


Дәріс №10

Тақырып: Саяси сана мен саяси менталитет

Дәріс мазмұны:

1. Саяси сана түсінігі, құрылымы, деңгейлері, атқаратын қызметтері.

2. Саяси идеология; либерализм, консерватизм, социализм, ұлтшылдық.

3. Саяси менталитет.

4. Саяси менталитет типологиясы. Қазіргі қазақстандықтардың саяси менталитеті.

Мақсаты: Саяси сана мен саяси идеологияның бастр белгілерін айқындау, олардың қызметтерін, түрлерін сраптау. Және саяси идеологияның түрлеріне тоқталу.
1. Саяси сана түсінігі.

Саяси сана-саясаттың субъективті жағын қамтитын жалпылама категория. Өзінің мазмұны жағынан ол сезімдік және теоретикалық, құндылықтық және нормалық, рационалдық және түпсаналық болып бөлінеді. Саяси сана азаматтық билік институттарымен қатынасындағы, қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысуындағы қойылымдары. Ол жеке адамда саясат түсінігіне байланысты қалыптасқан рухани құндылықтар жиынтығы. Бұлар жеке адамның саяси аймақта өмір сүру мүмкіндігін, онда арнаулы қызметтер істей алуын, басқару органдарымен қатынасын, бостандығы мен құқығын іске асырудағы жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан қоғамда қалыптасқан діл (менталитет) мен субъектілердің саяси санасына қоғамдағы саяси үрдістердің мазмұны мен мінезі, басқару режимінің мақсаттары мен құралдары тікелей байланысты.

Адамның әлеуметтік қойылымдарының саяси саналылық деңгейі, ол өзінің топтық қатынасын сезінгенде, яғни өзін белгілі бір саяси позицияға (мыс., либерал, консерватор) жатқызғанда; ол өз топтық мүддесін басқа топтардың тұтыныстарымен сәйкестіргенде немесе қарсы қойғанда, сол сияқты өз мүддесінің орындалуы үшін мемлекетпен, партиялармен, элитамен қатынасқа түсу қажеттігін түсінгенде пайда болады.

Саяси сана адамның өзінің нағыз мүддесін сезініп, оны іске асыру жолында дами отырып, оның нақты қызметінің түсініктік, бағалаушылық, белгілік көрсеткіштері болып табылады. Адамның саяси санасының қалыптасуы мен дамуына, саяси билік иеленушілер өз мүдделеріне қажетті бағыт, түсініктер беруге тырысып отырады. Бұл үшін саяси билік иеленушілер саяси мифология мен манипуляцияны пайдаланады. Саяси мифология – саяси шындық турасындағы эмоциональды-сезімдік боялған, мифологиялық сана-сезім деңгейіндегі түсінік, аңыз саясаттағы ішкі мазмұнды ойдан шығарылған мазмұнмен алмастырады. Қазіргі саяси аңыз да адамзаттың ежелгі арманынан туындайды. Ұлы көсем, данышпан саясат, ұлы өзгерістер күту және т.б. Әдетте ол жағдай өзгеруіне сай жоғалады, бірақ уақыт өте келе жаңа жағдай да адам арманына сай болмай қалған уақытта аңыз қайта туындайды. Адам сана-сезімінің қалыптастыруда аңыздың ролі ерекше зор. Сондықтан әлсіз, қиянатшыл, арсыз, тек күшке сүйенген саясат әдетте саяси аңызды құрал ретінде пайдаланады. Сөйтіп қоғам санасын ойдан шығарылған бейнелермен тұмшалап, бұқараны саясаттан алыс ұстайды.

Манипуляция - қоғамдық пікір мен бұқаралық мінез-құлыққа билікке қажетті бағыт беру мақсатында әдейі әсер ету. Қазіргі заманда мұндай әсер, негізінен, теледидар арқылы іске асырылады. Оның құралдары: саяси индоктринация, әлеуметтік-психологиялық әсер ету, тіл мен мінез-құлық нысандарының жұмылдырушы құрылымдарын пайдалану, бұқаралық ақпарат құралдарын комплексті және белсенді іске қосу.

Манипуляция – жеке адамдар немесе топтар психологиясымен ойнау. Манипуляцияны анық түсіну үшін мынадай қарапайым мысал келтіруге болады. Егер бір ауру түрін ойлай берсе, адам сол ауруға ұшырауы мүмкін. Осы заңдылықты білетін, бай адамның жеке дәрігері оның психологиясымен әрқашан манипуляция жасап отырады, сөйтіп қаражатқа деген өз жеке мүддесін артығымен қанағаттандырады. Саяси манипуляция да тап осындай жолмен іске асырылады, тек оның көлемі өте ауқымды (мыс., «жау бейнесі», «соғыс қаупі» және т.б.).


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Саяси сана дегеніміз не?

  2. Саяси сананың құрамдас бөліктері қандай?

  3. Саяси идеологияның қандай түрлері бар?

  4. Либерализм идеология ретінде қашан пайда болды?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Г. Есим. Социализм және әділеттік // Ақиқат №12,1993

  2. Кішібеков Д. Қоғамдық сана көшін кім бастайды? // Ақиқат №9, 1993

  3. Жамбылов Д. Қазақ менталитетіндегі еркіндік пен тәуелсіздік идеялары// Саясат 2002, №9,10

  4. Нугманова К. Язык и национальное самосознание в гражданском обществе // Саясат №5,2003



Дәріс №11

Тақырып: Саяси мінез –құлық

Дәріс мазмұны:

1. Саяси саладағы саяси мінез-құлық мәселесі.

2.Саяси мінез-құлық типологиясы.

3.Бұқаралық саяси мінез-құлық

4. Саяси белсенділік

Мақсаты: Саяси мінез-құлық анықтамасын ашу, саяси саладағы адамдардың саяси мінез-құлықтарын, түрлерін, және бұқаралық саяси мінез-құлық пен саяси белсенділікті сараптап қарау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Әдебиет:


  1. Сиқымбаев С. Содырлық дінмен қабыспайды. // Ақиқат, 2000, 10. 24-29 бет.

  2. Карин Е. Терроризмге қарсы күрес стратегиясы: мемлекет пен қоғамның одағы. // Саясат 10, 2003

  3. Сабитов Р. Феномен массового политического сознания в контексте суверинитета // Сусупбаева Г. Правовые аспаясат 5, 2002. стр. 33-35

  4. Тусупбаева Г. Правовые аспекты борьбы с терроризмом // Саясат 5, 2002 79-80 стр.

  5. Туреханова Б. Оценка процесса становления и перспектив демократии населением Западно-Казахстанской области. // Саясат 8, 2003


Дәріс №12

Тақырып: Саяси мәдениет.

Дәріс мазмұны:

1.Саяси мәдениет түсінігі. Г. Алмонд, С.Верба және Л.Пай және т.б. саяси мәдениет құбылысы туралы.

2. Саяси мәдениеттің құрылымы, атқаратын қызметтері.

3.Саяси мәдениет түрлері

4.ҚР халқының саяси мәдениеті..

Мақсаты: Саяси мәдениет анықтамасын ашу, саяси мәдениеттің құрылымын, атқаратын қызметтерін, оның түрлерін сараптау.

1. Саяси мәдениет түсінігі.

Саяси мәдениет – субъектілердің саяси үрдістегі нақты қызметінде көрініс табатын, тарихи қалыптасқан тұрақты сенімдері, нанымдары, мінез-құлықтарының моделдері. Осының арқасында қоғамның саяси өмірінің бір-бірінен үйренушілік негіздері қалыптасады.

Саяси мәдениет – адамның саяси өзгерістер туралы құндылықты таныстықтары, оның ұрпақтар жалғастылығы арқылы алатын, тәжірибелік қалыптасқан мінез-құлқының кодексі.

Бұл түсінікті тұңғыш қолданған XVIII ғ. неміс философы Иоганн Гердер. Ал, бұл түсініктің саясаттанудың категориялық жүйесіне кіргеніне көп болған жоқ. 1950-1960 жылдары американ зерттеушілері Г. Алмонд пен С. Вербаның еңбектері шықты. Бұл еңбектер саясатқа да, мәдениетке де қатысты аймақтарды қамтыды. Бұлардың ішінен ең көп белгілісі, екеуі бірлесіп жазған «Азамат мәдениеті» атты еңбектері.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға қатынасатын құрылымдар:

1. Мемлекет және оның заң шығарушы, атқарушы, сот органдары.

2. Қоғамдық ұйымдар.

3. Діни ұйымдар мен мінәжат орындары.

4. Бұқаралық ақпарат құралдары.

5. Бизнес әлемі.

6. Академиялық қоғамдастық.

7. Әскери және қауіпсіздік құрылымдары.

8. Азаматтық саяси өмір.
2. Саяси мәдениеттің құрылымы, атқаратын қызметтері. Саяси мәдениет түрлері. Субмәдениет түсінігі.

Саяси мәдениет қоғамда мынадай қызмет түрлерін атқарады:

1. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір жүйесін қалыптастыру. Бұл қоғамдық әлеуметтендіру үрдісі арқылы жүзеге асады, яғни субъектінің белгілі бір нормалар мен құндылықтарды игеруі арқылы белгілі бір әлеуметтік қоғамдастыққа тартылуы. Өмірге жаңа қадам басқан жас адам сол елдегі саяси мәдениет арқылы саяси тәрбие алады.

2. Интеграциялық қызмет. Субъектінің берілген әлеуметтік қоғамдастыққа қатысты нормалар мен құндылықтарды игеруіне жағдай жасай отырып, саяси мәдениет осы қоғамдастықты бір арнаға жинақтауға себін тигізеді. Саяси мәдениет – қоғамның, әлеуметтік топтардың, даралықтардың саяси тұрақтылығының өте күшті, ең сенімді факторы.

3. Саяси мәдениет саяси-тарихи мұрагерлікті, саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ол әр кезеңдегі ұрпақтарды байланыстырады, олардың біртекті саяси көзқарастарын қамтамасыз етеді. Өткен тәжірибелік қызметті игеру арқылы әлеуметтік уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Саяси мәдениет дегеніміз не?

  2. Саяси мәдениеттің қандай түрлері бар?

  3. Саяси мәдениеттің атқаратын қызметтер қандай?

  4. Суб мәдениет дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Иманбаев М. О. Саяси мәдениет ұғымының әдістемелік анықтамалары. // Саясат 2, 2002. 57-58 бет.



  1. Мусатаев С. Символдар сыры. // Ақиқат 3, 2000. 8-15 бет.

  2. Бекболат Ж. Еуразиялық дәстүршілдік және ғаламдастыру талаптары саяси мәдениет ретінде. // Ақиқат 5, 2002

  3. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм. // Ақиқат 8-9, 2000.

  4. Рукавишников В. О. Политическая культура постсоветской России // Cоц. Пол. Журнал 1, 1998.

  5. Сидоров Е. Ю. Культура мира и культура России // Полис 5, 1998.


Дәріс №13

Тақырып: Саяси әлеуметтендіру.

Дәріс мазмұны:

1.Саяси әлеуметтендірудің мәні туралы тұжырымдамалар.

2.Саяси әлеуметтендірудің деңгейлері. Саяси әлеуметтендіру факторлары. Саяси әлеуметтендіру агенттері мен институттары. Саяси әлеуметтендіру механизмдері. Қказіргі заманғы Қазақстандық жастарды саяси әлеуметтендіру ерекшеліктері.

3. Саяси әлеуметтендіру институттары мен агенттері. Механизмдері.

4. Саяси әлеуметтендіру кезеңдері.
1. Саяси әлеуметтендіру.

Саяси әлеуметтендіру – жеке адамның саяси субъекті ретіндегі белгілі бір құндылықтар мен бағалаушылығын бір мезгілде алуы мен басқаларын жоғалтуы, осыған байланысты өзінің нағыз шын сапасын табуы.

Саяси әлеуметтендіру екі жақты үрдіс болып табылады. Бір жағынан, ол саяси жүйе талаптарының ішкі құрылымға енуін тіркейді. Бұл енушілік белгілі бір нормалар, құндылықтар немесе ролдік күтілістер түрінде болады.

Екінші жағынан, жеке адам осы көзқарастар мен дәстүрлерді қалай игеріп жатқанын, оларды саяси мінез-құлықтың әр түрлі қалыптары мен билікке әсер етуде бекітілгендігінен көрсетіледі. Сондықтан, жеке адамның саяси құндылықтарына қоғамның әсері, сондай-ақ саяси әлеуметтендіру үрдісін саяси жүйе тұрғысынан бақылау адамның ішкі сенімдері арқылы шектелген.

Саяси әлеуметтендіру үрдісін зерттеуде, ұзақ уақыт бойына акцент адамның әлеуметтік ақпаратты зерттеуіне қойылды. Бұл, оның биліктік қатынастарда және саяси режимге бойын үйретуінің басты жағдайы болып саналады.

Кейіннен саяси әлеуметтендіру түсінігі күрделіленді. Үлкен назар жеке адамның саяси жүйемен кері қатынасына аударылды, яғни оның алынған ақпаратты өз еркімен өңдеуі, даралық мінез-құлықта осы тәжірибені шығармашылық тұрғыдан пайдалануы. Осылайша, саяси әлеуметтендіру үшін үлкен маңызға даралықтың идеяларды қалай игеруі ғана емес, оның осы идеяларды өз мінез-құлқында қалай іске асыратындығы да ие болады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Саяси әлеуметтену дегеніміз не?

  2. Саяси әлеуметену агенттеріне кімдер жатады?

  3. Саяси әлеуметтену тетіктері дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Хасанова Г. Факторы политической социализации женщин // Саясат 10-11, 2001.

  2. Нысанбаева А. М. Влияние процесса политической трансформации на соцмальное поведение и самосознание женщин // Саясат 1, 2000

  3. Айталиев П. А. Формирование этнокультурных ориентаций студентов // Саясат 7. 1998.

  4. Ушакин С. А. Молодежь как обьект исследования // Полис 2, 1993.

  5. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беру саласын дамыту тұжырымдамасы.// «Орал өңірі» 30 желтоқсан 2003


Дәріс №14

Тақырып: Халықаралық қатынастар және олардың субьектілері.

Дәріс мазмұны:

1.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.

2. Ұлт және мемлекет халықаралық қатынастар субьектісі ретінде.

3. ҚР сыртқы саясаты

4. БҰҰ мен оның негізгі атқаратын ролі.
1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары бірінші кезекте, еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық мүддесі сипаттас ұзақ мерзімді факторлар әсерінен құрылымдалды. Ғаламдастыру үрдісі және жаңа технологиялар дамуымен, әлемдік мінездегі қауіп-қатер пайда болуымен, жаңа экономикалық архитектураның құрылуымен, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың диверсификациялануы және тереңдеуімен байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер оларға жедел назар аударуға, түйінді халықаралық мәселелерді шешуде жаңа байламдар даярлау мен іске асыруға және еліміздің сыртқы саяси курсына өзгерістер енгізіп отыруға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, сыртқы саясаттың базалық ұстанымдары өзгеріссіз болады және солай қала береді.

Еуропа мен Азияның жапсарында геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделер, өзінде бар экономикалық күш-қуат Қазақстанның өз айналасында егемендік пен территориялық тұтастықты құрметейтін тұрақтылық пен тату көршілік зонасын құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптасуының алғышарттары болды.

Екі дүниежүзілік соғыс пен көптеген локалды жанжалдардың, Ресейдегі Қазан және Ирандағы ислам төңкерістерінің, Германияда нацизм және Жапонияда милитаризм пайда болуы мен күйреуінің, колониалдық және социалистік жүйелердің күйреуіне куә болған 20 ғасыр жаңа сапалы дәуірге ұласумен аяқталды. Бұрынғы стереотиптер орнына геоэкономикалық, геосаяси және геостратегиялық жаңа өлшемдер келді.

Орталық Азия әлемдік державалар стратегиялық мүдделерінің қиылысу орнына айналды. Бұл ойлар дәлелі ретінде, АҚШ үшін осы аймақ маңызын көрсеткен, белгілі американдық саясаттанушы З. Бжезинский сөзін келтіруге болады: “Геосаясат аймақтық ойлаудан ғаламдық ойлауға айналды, осы арада, еуразиялық континент үстінен басымдық иелену ғаламдық басымдыққа жетудің орталық негізі болады. Қазіргі уақытта еуропалық емес держава Құрама Штаттар халықаралық масштабта басымдық алып отыр, осы арада оның билігі Еуразия континентінің үш шеткі аймақтарына таралған және осылар позициясынан, оның ішкі аудандарын алып отырған мемлекеттерге өте күшті әсер ете алады”

Әлемге біздің сыртқы саяси басымдықтарымызды паш еткен ядерлік амбициядан, халықаралық қауымдастықта айрықша мәртебе алу үшін өлім себетін құралды пайдаланудан бас тарту болды. Орнына Қазақстан әлемнің ядерлік мемлекеттері тарапынан өз қауіпсіздігіне сенімді кепілдік алды. Егемендік сақталуын, тәелсіздікті, территориялық біртұтастық пен шекара мызғымастығын қамтамасыз етудің стратегиялық міндеттері осылайша шешілді. Қауіпсіздік кепілдері ретінде, біздің еліміздің екі ұлы көршісі Ресей мен Қытайдың болуы, бұл шара маңыздылығын арттыра түседі.

Әлем Қазақстан тұлғасында маңызды халықаралық мәселелерге қатысты өз шешімдеріне жауапкершілікті, ғаламдық қауіпсіздік нығаюына қажетті жағдай ретіндегі тұрақтылық сақталуына мүдделі мемлекетті көрді. Біздің еліміз, егемендікті, тәуелсіздік пен территориялық біртұтастықты, адам құқығы мен заң бастылығын құрметтейтін әлемдік тәртіп құрылуына бағытталған халықаралық жігерге белсенді қатысуға әзірлігін білдірді. Қазақстанның қарусыздану саласындағы одан әрі шаралары әлемдік державалар мен халықаралық ұйымдардың жоғары бағасын алды.

3. ҚР сыртқы саясаты

1995 жылдың 8 маусымында Женевада өткен қарусыздану туралы конференцияда сөйлеген сөзінде Президент Н. Назарбаев қарусыздану үрдісінің табысы оқтықтар мен зымырандарды, танкілер мен зеңбіректерді қанша пайызға қысқартуда ғана емес қарапайым адамдар игіліктері өнімі қанша өскендігіне де байланысты екендігін баса көрсетті. Нағыз қауіпсіздік қару-жарақ саны қысқарған жерде емес, аналар өз балаларының болашағы үшін мазасызданбайтын жерде.

Қазіргі әлем даму ағымы мен халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану туралы өз көруінен шыға отырып Қазақстан халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік жүйесін құру мен қарусыздану үрдістерінің барлығына да мақсатты түрде және белсенді қатысып келеді.

Біріншіден – бұл Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған Орталық Азия мемлекеттері күш-жігерін жұмылдыру саясаты.

Екіншіден - бұл Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану аймағында ТМД-ға белсенді интеграциялану саясаты. Үшіншіден – бұл Қазақстанның Азиядағы өзара байланыс пен сенім шаралары Кеңесін шақыру бастамасы, мемлекетіміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымы қызметіне қатысуы. Төртіншіден – бұл Қазақстанның ЕЫҚҰ (ОБСЕ) жұмысына, “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық” бағдарламасына, ядерлік қаруларды таратпау жөніндегі келісім шеңберіне, СНВ-1, сол сияқты қарусыздану жөніндегі Конференцияға қатысуы.

Президент Н. Назарбаев 1995 жылыдң ақпанында сыртқы саясат мәселелері жөніндегі бірінші Кеңесте, 1996 жылдың 11 қыркүйегінде, 1998 жылдың 15 қыркүйегінде СІМ (МИД) алқа мәжілісінде сөйлеген сөздерінде дипломатия саласында қызмет істейтіндерге қатысты талаптардың толық шоғырын айқындады.

Қазақстан дипломатиясының мақсаттары мен міндеттері төмендегідей болып табылады:


  • Қазақстан экономикасына өнеркәсіпті дамыған Батыс, Азия және Таяу Шығыс елдері тарапынан ірі көлемді инвестициялар тарту;

  • Жекелеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды экономикалық міндеттерді, экологиялық мәселелерді шешуде және сол сияқты әлемдік коммуникация тораптарына шығуды қамтамасыз етуде, Қазақстанға нақты тәжірибелік қолдау көрсетуге тарту;

  • Экономика мен мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында қазақстандық мамандарды шетелде даярлауды іске асыру;

  • Ғылыми-техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық, құқықтық реформа, терроризм мен қылмыспен күрес мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттермен және халықаралық бірлестіктермен ақпарат алмасуға қатысу;

  • Халықаралық жетекші саяси және қаржы институттарымен байланыстардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

  • Шетелдерде Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының заңды мүдделерін қорғау;

Қазақстан сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастық дамуы. Екі мемлекет мүдделері көптеген параметрлер бойынша сәйкес келеді. Ресеймен бірлесе отырып Қазақстан ең алдымен көлік пен энергетика салаларына қатысты кең көлемді экономикалық мәселелерді шешуі тиіс. Сонымен қатар, елімізде орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы және басқа да стратегиялық объектілерді ғылыми-техникалық және өнеркәсіпті пайдалануда бірлесуі қажет. Қазақстан Ресеймен ортақ экономикалық, қорғаныс, әлеуметтік-ақпараттық кеңістікті нығайту мүддесіне қызмет істейді.

Біз, Ресейдің тұрақты саяси-экономикалық және демократиялық дамуына мүдделіміз. Аса маңызды дәрежеде бұл фактор Қазақстан дамуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін де қажетті жағдай болып табылады.

Мемлекетіміз екі жақты қарым-қатынастарда біздің елдеріміз арасында қалыптасқан одақтық байланыстар теңдік, тәуелсіздік пен территориялық біртұтастықты құрметтеу, өзара сенім, Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара көмек, ынтымақтастық пен достық туралы Шарт жағдаяттарын бұзатын әрекеттерге бармау ұстанымдарына негізделген бағыт ұстануда.

Қытай Халық Республикасына қатысты саясат аса маңызды болып табылады. Стратегиялық жоспарда бұл курс Қытаймен достық пен тату көршілік дәстүрлерінің нығаюы мен дамуына бағытталған. Біз, екі жақты қарым-қатынастардың саяси және экономикалық салаларда тұрақты және динамикалық байланыстар, қауіпсіздікті нығайту мәселелері мен әскери салада сенім мөлшеріне негізделген жазықтыққа ауысуына мүдделіміз. Қытаймен ынтымақтастықтағы негізгі ұстанымдар өзара пайдалы, күш қолдану мен ондай қауіптен бас тарту, шекаралардың бұзылмастығы болуы қажет. Мұндай саясат Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне сәйкес келеді. Қазақстаннан Қытайға газ-мұнай құбырларын тартуда екі жақ та мүдделі. Біздің еліміз аумағы арқылы өтетін Еуропаны Азия-Тынық мұхит аумағымен байланыстыратын коммуникациялық желілер құрылысы да перспективті болып табылады.

Орталық Азия аумағында қауіпсіздікті нығайтудың объективті қажеттілігі, экономикалық даму моделдерінің жақындығы, сонымен қатар мекендеуші халықтардың тарихи тұтастығы Қазақстанның Орталық Азиядағы саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н. Назарбаев бастамасымен құрылған Орталық Азия Экономикалық Бірлестігі тек экономикада емес, сол сияқты саяси қарым-қатынастарды қамтамасыз етуде де өз тиімділігін көрсетті. 2001 жылдың 5 қаңтарында төрт Орталық Азия елдері басшыларының қызмет істеп тұрған ұйым негізінде Орталық Азия Форумын құру туралы шешім қабылдауы кездойсоқ емес.

Қазақстан дипломатиясының Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы түпкі мақсаты Қазақстан шекарасының барлық периметрі бойынша қауіпсіздік белдеуін құру, ел егемендігін нығайту үшін сыртқы жағдайлар жасау және экономикалық өзгерістер өткізу болып табылады.



Қазақстан Азиядағы өзара қарым-қатынас пен сенім Кеңесін шақыруға, сонымен қатар қазақстан экономикасының дамуы үшін азия континенті елдерінің технология және қаржы қорларын тартуға ерекше назар аударып отыр. Сол сиқты, келесі жүзжылдықта Азия-Тынық мұхит аумағы қазіргі әлемнің экономико-технологиялық дамуында жетекші позицияға ие болатындығы ескеріліп отыр.

Қазақстан сыртқы саясатының негізгі приоритеттерінің бірі АҚШ-пен “демократиялық әріптестік” қарым-қатынастары дамуы мен нығаюы болып табылады. Бұл, біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына және алдыңғы қатарлы технологиялар мен инвестицияларға қатысуының аса маңызды хағдайларының бірі. Қазақстан өзінің АҚШ-пен қарым-қатынасында, 1994 жылдың ақпанында қол қойылған басты құжат “Демократиялық әріптестік туралы Хартия” жағдаяттарына сүйенеді.

АҚШ-пен қарым-қатынаста экономикалық ынтымақтастыққа үлкен назар аударылады. Бұл арада, американдық жеке инвестициялар тарту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара қатынаста болу, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау саласындағы ынтымақтастық, Семей ядерлік полигоны мен Арал аумағының экологиясы мен денсаулық сақтау саласындағы өткір мәселелерді шешудегі қатынастар, гуманитарлық желілер бойынша байланыстар сияқты аспектілерге маңызды орын беріледі.



Қазақстанның Жапониямен байланыстарының белсенді жолға қойылуы ірі саяси және экономикалық артықшылықтар береді. Жапония әлемдік экономикада жетекші орын алатын, ірі донор, ал болашақта еліміздің экономикасы үшін маңызды инвестор болып табылады. Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болуын Қазақстанның толық қолдауы да екі жақты қарым-қатынастар дамуына жауап береді.

Жапонияның АҚШ және басқа да елдермен бірлесе отырып АТА (АТР) елдерінің өз алдына ортақ нарығы болып табылатын Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (АТЭС) шеңберінде ұлттар достастығын құрудағы белсенділігі біз үшін ерекше қызығушылық тудырады. АТЭС арқылы Қазақстан динамикалық дамып келе жатқан Азиаттық бірлестіктің қаржы институттары мен жоғары технологияларына жол ашуға мүмкіндік алады.

Экономикалық және саяси байланыстар дамуы, Қазақстанның Азиядағы орны мен ролінің дамуы және тез дамып келе жатқан азия нарығына жол ашылуы контекстісінде, біздің еліміз үшін жаңа өнеркәсіпті елдер – Сингапурмен, Корея Республикасымен, Малайзиямен, Таиландпен, Индонезиямен Вьетнаммен қарым-қатынастар аса маңызды болып табылады. Қазақстан дипломатиясы алдында осы елдермен ұзақ мерзімді перспективада қарым-қатынастар жүйесін құру міндеті тұр. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен екі жақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру маңыздылығы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Бірлестігімен (АСЕАН) ынтымақтастық орнату қажеттілігіне сәйкес ерекше арта түседі. СВМДА үрдістерінің дамуына сай, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі АСЕАН Аумақтық форум жұмысының тәжірибесі аса құнды болып табылады.

Оңтүстік Азияда Үндістан және Пәкістанмен қарым-қатынастар үлкен маңызға ие. Бұл мемлекеттердің саяси беделі мен экономикалық қуаттары, олармен ынтымақтастыққа тәжірибелік мүдде тұрғысынан қарауға келтіреді.Аумақтық ынтымақтастық аймағындағы маңызды міндеттердің бірі болашақта Орталық Азия мен Орта Шығыс елдері қуатын біріктіретін беделді аумақтық экономикалық ұйымға айналуы мүмкін Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымындағы (ОЭС) жұмыс болып табылады.

Еліміз егемендігін нығайту, оның халықаралық істерге қатысуын кеңейту мүддесіне Ислам Конференциясы Ұйымымен (ОИК) белсенді ынтымақтастық жауап береді.



Таяу және Орта Шығыс елдерімен саяси және экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету Қазақстан сыртқы саясатын теңдестіру мақсатында қызығушылық тудырады. Осы жерде, бұл аумақ саяси, этникалық және діни мәселелердің, қазіргі әлем қайшылықтарының, әлемдік діндер қарым-қатынастарының күрделі шумағы екендігін ескеруге тура келеді.

Түрік елімен қарым-қатынас Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Қазақстан дипломатиясы алдында Анкарамен ынтымақтастықтың көлемді саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық қуатын екі жақты көлемде де, ЕҚЫҰ (ОБСЕ), ЭЫҰ (ОЭС) шеңберінде де қолдану міндеті тұр. Түркияның өз территориясы арқылы мұнай тасымалдау жобаларын іске асыруға қызығушылығы Қазақстан үшін көлік коммуникациясының альтернативті каналы мен әлемдік нарыққа шығуды қамтамасыз етуі мүмкін. Солтүстік альянсты (НАТО) қоса есептегенде, бірқатар маңызды халықаралық ұйымдар мүшесі болып табылатын Түркиямен тығыз қарым-қатынас Қазақстанның еуропалық құрылымға интеграциялануы қөзқарасы тұрғысынан қызығушылық тудырады.

Біздің ұзақ мерзімді экономикалық мүдделерімізді қамтамасыз етудің басқа бір бағыты Иранмен байланысты дамыту болып отыр. Осы жерде, бұл елдің осы аумақтағы маңызды ролін және Каспий теңізіне қатысты мәселелерді шешуде ынтымақтастық болуын талап ететін Иранның географиялық жағдайын, сонымен қатар еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуға тиімді жағдайлар ашылуы мүмкіндігін ескеру қажет. Сонымен қатар, Иран зор адам қуатына, қалыпты дамыған өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына және күшті көлік коммуникациясына ие.

Араб әлемімен қарым-қатынастарды осы аумақ күш-қуатына сай келетін параметрлерге жеткізу стратегиялық мінездегі міндет болып табылады. Араб елдерімен өзара қатынас қазақстан саясатының перманентті факторы болуда және осы аумақтағы жетекші мемлекеттермен қатынастарда сенім климатын қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан, бұл елдің араб әлеміндегі саяси салмағы мен әсерін ескере отырып Египет Араб Республикасымен жоғары дәрежеде саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ұстауға ұмтылуда.

Қазақстанның Таяу Шығыс аумағы елдерімен қарым-қатынастары нығаюының маңызды факторы зор қаржы мен инвестициялық мүмкіндіктерге ие және әлемдегі отын-энергетикалық баланста маңызды салмағы бар Сауд Аравиясы және Парсы шығанағындағы басқа да мұнай өндіруші елдермен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл сауда саласында және мұнай өндіру мен өңдеуде өзара пайдалы ынтымақтастық қалыптасуына алғышарттар болады.

Қазақстан дипломатиясы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың беделді аумақтық құрылымдары болып отырған өзге де араб елдерімен саяси және экономикалық байланыстар кеңеюіне аз назар аударып отырған жоқ.

Израилмен саяси және экономикалық ынтымақтастық Қазақстан үшін тәжірибелік құндылыққа ие. Бұл мемлекетпен қатынас дамуында біз өз қадамдарымызды араб бағытындағы әрекеттерімізбен есептеп, олардың ара салмағы болуына ұмтыламыз. Қазақстандық дипломатия Таяу Шығыстағы бейбітшілік үрдісін белсенді қолдай отырып, Израилдің қауіпсіз өмір сүруге құқығын толық мойындайды.

Әлемдік саясаттың, экономика мен мәдениеттің негізгі орталықтарының бірі болып табылатын Еуропа елдерімен қарым-қатынас Астана сыртқы саясатының стратегиялық бағыты болып қалады. Еуразиялық мемлекет болып табылатын Қазақстан еуропалық елдермен қарым-қатынастың барлық комплексін тұрақты назарында ұстайды. Ол елдермен перспективті ынтымақтастық Қазақстан дипломатиясының ажырамас компоненті ретінде қарастырылады.

Ұзақ мерзімді перспективада басқа аумақтар мемлекеттерімен қатынаста шын мәнінде бүкіл континент атынан көрінетін Еуропалық Одақ ерекше қызығушылық тудырады.

ЕО (ЕС) әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қауымдастыққа интеграциялануына қолғабыс жасайтын және Еуропаның жетекші мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық тиімділігінің артуына алғышарт болатын негізгі құжат болып табылады. Осы арада, Қазақстан үшін отандық өнімнің Еуропа нарығына шығу мүмкіндіктері және ғылым, білім мен мәдениет саласындағы ЕО бағдарламаларымен байланыс жасау мүмкіндіктері ескеріледі. Біздің еліміз үшін ЕО-тың саяси диалог кеңейтуге әзірлігі де тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Нарықтық экономиканы дамытуға бағыт алған Қазақстан үшін, осы өзгерістер жолына бұрын түскен Орталық Еуропа елдерінің тәжірибесін рационалды пайдалану аса маңызды. Өтпелі кезеңнің бізге ұқсас күрделі жағдайларынан өткен олар дағдарысты құбылыстарды жеңу мен демократиялық институттар құрудың пайдалы тәжірибесін жинақтады.

Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстарға кіруі, мемлекеттің сыртқы саясаты тұжырымдамасымен қатар шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қарым-қатынастары және халықаралық экономикалық және қаржы институттарымен өзара қарым-қатынастары дамуының стратегиялық желісі болуын талап етеді.

Қазақстандық сыртқы экономикалық дипломатияның негізгі мақсаты сыртқы факторларды, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын ел экономикасын реформалау және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттерін шешуде тиімді пайдалану болып табылады. Диверсификация мен сыртқы байланыстардың дамуы Қазақстан экономикасы осалдылығын максималды төмендету және сыртқы тараптардан болуы мүмкін экономикалық қысымдарды қақпайлауға бағытталуы тиіс.

Сыртқы экономикалық дипломатия төмендегідей міндеттерді шешуі тиіс:


  • Аграрлық және машина құрылысы секторларында бақталас қабілетті өнімдер шығара алатын салаларды мемлекеттік қолдау негізінде елдің экспорттық қуатын дамыту мен диверсификациялау және өткізу нарығын кеңейту. Каспий маңы ойпатынан әлемдік нарыққа мұнай тасымалдаумен байланысты құқықтық, қаржы, ұйымдық және өзге де мәселелердің шешілуіне маңызды орын берілуі тиіс;

  • Сыртқы сатып алудағы ауырлық орталығын ел үшін стратегиялық маңызы бар технологиялар, комплексті құрал-жабдықтар, лицензиялар, перспективті жоғары технологиялы және импорт алмастыратын өнеркәсіп дамуы үшін “ноу-хау” жақтарына қарай өзгерту арқылы импорт құрылымын рационализациялау;

  • Қазақстан және шетелдік мемлекеттер компаниялары және халықаралық ұйымдар қатысуымен халықаралық инвестициялық ынтымақтастық жобаларын іске асыруға көмектесу;

  • Стратегиялық шикізат пен өнімдер экспортын реттеу үшін валюта, несие және экспорт-импорт операцияларын бақылау негізінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Халықаралық көлік коммуникацияларының рационалды жүйесін құру, Қазақстанның байланыс және ақпараттың әлемдік жүйесіне кірігуі;

  • Сыртқы экономикалық қызметті біртіндеп либерализациялау, экономиканы реструктизациялау.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Халықаралық қатынас дегеніміз не?

  2. Халықаралық қатынас субьектісіне кімдер жатады?

  3. БҰҰ қашан құрылды?

  4. Қазақстан сыртқы саясатында қандай елдермен ынтымақтастық жасайды?

  5. Қазақстан қандай геосаяси жағдайда орналасқан?

  6. БҰҰ қашан құрылды?

  7. БҰҰна қандай елдер мүше?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Іңкәрбаев Е. Т. ТМД және еуразиялық идея интеграциялық мүмкіншіліктері // Саясат 5, 2002. 70-73 бет.

2. Азиядағы ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті. // Ақиқат 7, 2002

3. Абдулпаттаев С. Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынасы. // Ақиқат 10, 2001.

4. Штаух В. Казахстан в 21 веке. Гипотичесий прогноз в контексте геополитики. // Мысль 5, 2000

5. Іңкәрбаев Е. Еуразиялық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде. // Ақиқат 2-3, 2000


Дәріс № 15

Тақырып:Қазіргі дүниежүзілік тәртіп, ондағы Қазақстанның ролі.

Дәріс мазмұны:

1. Дүниежүзілік тәртіп түсінігі. Тұжырымдамалар.

2. Қазіргі дүниені жаҺандандыру /глобализация/ мәселелері.

3. Халықаралық қауіпсіздік мәселесі

4. ҚР геосаяси жағдайы.
1. Дүниежүзілік тәртіп түсінігі.

Кез-келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуы мен территориялық үйлестірілуіне және осы факторлардың қоғамның саяси өмірін кеңістікте ұйымдастырудағы өзара байланысымен айқындалады. Геосаясаттан дәстүрлі түрде, географиялық детерминизм ұстанымынан шыға отырып мүмкіндіктерді айқындауға көмектесетін сыртқы саясат құралын көреді. Американдық геосаясатшы Спайкмен - “География мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ең фундаменталды фактор болып табылады, себебі ол ең өзгеріссіз нәрсе. Министрлер келеді, кетеді, тіпті диктаторлар да өледі, ал тау шыңдары берік күйінде қалады” – деп жазды. Геосаясат өзінің қазіргі нұсқасында халықаралық қатынастар логикасымен және сыртқы саясатта негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету контекстісімен байланысты.

Осы арада, геосаясатты профессор Чжень Кунь Фу анықтамасы қызығушылық тудырады. “Геосаяси ойлау өркениеттер гүлденуімен қатар пайда болды және географиялық территория мен өлшеулі қорлар үстінен бақылау контекстісінде дамыды”. Оның айқындамасы, геосаясатты батыс және қытай өркениеттері қоғамдарымен салыстыруымен де қызықты. Сол сияқты, оның мына қортындысымен де келіспеуге болмайды “геосаясатты, оның методологиясы мен мақсаттарын айқындау әр елде әрқилы… Қазіргі уақытта геосаясатқа Халыаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк және БҰҰ сияқты көптеген ұлтаралық және мемлекет аралық ұйымдар тартылған”. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан үшін, өзінің геосаяси жағдайы мен экономикалық күш-қуатын адекватты бағалау аса маңызды болды. Бұл жұмыста жіберілген қателіктер болса, Қазақстанның сыртқы саяси курсына апатты әсер етуі мүмкін еді.

2. Ғаламдастыру үрдісі.

1990 жылдары экономика саласындағы негізгі ағым жаңа халықаралық экономикалық тәртіп құрылуы болды. Жаңа технологиялар дамуы мен ақпараттық төңкеріс өнеркәсіптің дәстүрлі базалық салаларының ролін өзгеріткен жаңа өнеркәсіптің құрылуына әкелді. Өткен кезде елдің әлемдік шаруашылық байланыстардағы бақталастық позициясын айқындаған табиғи қорларды бақылау біртіндеп өз маңызын жоғалта бастады. Ғылыми зерттеулердің, банк-несие саласының, сақтандыру ісінің дамуы экономикаға маңызды әсер етті. Жаңа технологиялар әлемдік нарықта ең өтімді тауар болып қана қойған жоқ, осы нарықты шапшаң өзгерту құралына да айналды. Қазіргі заманғы технологияларды игеру мен пайдалануға ден қойған “азия жолбарыстары” орта және жоғары деңгейдегі күрделі өнімдер шығаруда басты өнеркәсіпті державалар бақталастарына айналды. Кейбір мемлекеттер (мыс., Жапония) мен одақтар (мыс., ЕО) экономикалық күш-қуаттары мен саяси әсер ету қабілеттері арасындағы сәйкессіздік барған сайын өсуде. Олардың осы дисбалансты өзгертіп, халықаралық қауіпсіздік жүйесі мен БҰҰ құрылымында лайықты орын алуға ұмтылуы табиғи нәрсе. Трансұлттық корпорациялар қызметтері теңдессіз масштабтар алуда. Ол әлемдік нарықта бақталастық өршуімен ғана емес, әлемдік шаруашылық байланыстардағы мемлекет ролінің өзгеруімен де байланыстырылуда. Осы арада, қаржы нарығының мінезі ұлттық шекара сияқты кедергілерді білмейтін ғаламдық тәртіптегі факторлармен айқындалуда.

Қаржы ағымдарының, тауарлар мен қызмет көрсету мөлшері мен ауыспалылығы жылдамдығының өсуі ретінде түсінілетін ғаламдастыру мемлекеттік институттар алдына осы үрдістерден максималды пайда көру міндетін қойса, екінші жағынан, олардың ұлттық экономикаға әкелетін қатеріне қарсы тиімді алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді. Осы міндеттерді шешу қажеттілігі халықаралық экономикалық ынтымақтастық, әсіресе аймақтық деңгейде дамуының өте күшті, жаңа стимулына айналды. Ғаламдастыру халықаралық экономикалық және қаржы құрылымдарының (ХВҚ, Бүкіләлемдік банк және т.б.) экономикалық дағдарыстардың алдын алудағы өз қызметтерін тиімді атқаруы мәселесін де көтерді. Олардың дағдарысты жағдайларды талдауда ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру қабілеттеріне шәк келтірілді.

Саяси салада, халықаралық проблемаларды ғаламдастыру ағымы байқалды. “Суық соғыстың” аяқталуы және екі ядерлік держава мен екі қоғамдық-саяси жүйелер араларындағы конфронтацияның келмеске кетуі ядерлік қаруды таратпау мәселесін шешкен жоқ. Ядерлік шекке тағы да ондаған ел тақалып келді. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі жер жүзілік мінезге ие болды. Коммуникацияның дамуы қару-жарақ, есірткі мен қаржының заңсыз айналымының күшеюіне мүмкіндік берді. Ұлттық шекаралар символикалық күйде қалған жаңа ақпараттық кеңістіктер құрылды. Адамзат әзірге, осындай ғаламдық проблемаларды шешудің адекватты нысандары мен әдістерін тапқан жоқ.

3. Халықаралық қауіпсіздік мәселесі


  • Халықаралық қауіпсіздік құрылымдары мен превентивті дипломатия қызметеріне белсенді қатысу және ұжымдық қауіпсіздік пен сенім институттарына қатысушы барлық мемлекеттер заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуде олардың тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

  • Аумақтағы жанжалдардың алдын-алу және біздің еліміздің геосаяси қоршауында тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса маңызды механизмі ретінде Азиядағы өзара қарым-қатынас пен сенім шаралары Кеңесін шақыру бастамасын жылжыту және осы мақсатта Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына белсенді қатысу;

  • Стратегиялық қару-жарақ түрлерін шектеу, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, екі мақсатты технологиялар мен қару-жарақ экспортын бақылау механизмдері тиімділігін арттыруға бағытталған халықаралық қауымдастық жігерін қолдау;

  • Ядерлік қару-жарақты таратпау Шарты және ядерлік қаруды сынауға жалпыға бірдей тиым салу Шарты жағдаяттарын қатал сақтау, сонымен қатар химиялық және бактерологиялық қару туралы Конвенцияларға әмбебап мінез беруге көмектесу;

  • Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу мен қысқарту туралы Шарт және осы шартқа қатысты Лиссабон Хаттамасы міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Қазақстан АҚШ, Ресей және Жапониямен арадағы ядерлік қаруды демонтаж жасау мен ел территориясында стратегиялық ядерлік қару қызметінен келген зардаптарды жоюға қаржы-техникалық көмек беру туралы келісімнің толық көлемде іске асуына қол жеткізеді;

  • ТМД шеңберіндегі ұжымдық қауіпсіздік Шартының орындалуына және біртұтас қорғаныс кеңістігі шеңберіндегі тәжірибелік әрекеттерде өзара келісім ұстанымдарына сай шешімдер қабылдауға көмектесу;

  • Мүдделі шетелдік мемлекеттер көмегімен жаппай қырып-жою қаруларын өндіруге, оны тасымалдау құралдарына және осыларға қатысты технологиялық үрдістерге қатысы бар қазақстандық қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялауды іске асыру;

  • Аумақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа зиян келудің алдын-алуға бағытталған халықаралық стандарттар мен ережелерді және экспорттық бақылау аймағындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларын басшылыққа алу.

Қазақстан дипломатиясының акциялары әлемдік қауымдастықтың адам іс-әрекетінің техногендік факторлары нәтижесінде Арал проблемасы тәрізді, бүкіл планетарлық зардап әкелетін, қоршаған ортаға келген зияндарды жоюдағы жігерлерін қолдау мақсатында халықаралық институттармен (ЮНЕП, ЮНЕСКО, ПРООН) өзара қарым-қатынастар нығаюына бағытталған. Бұл бағыттағы қызметтер Арал мен Семей және т.б. әскери полигондардың әлеуметтік және экологиялық зардаптарын жоюда халықаралық техникалық және экономикалық көмек кеңейтілуі бағытында шоғырланған.

4. ҚР геосаяси жағдайы.

Географиялық орналасу ерекшеліктері Қазақстанға айқын геосаяси артықшылықтар берумен қатар, геоэкономикалық қөзқарастар тұрғысынан қиындықтар тудыруда. Екі ірі держава арасындағы өте кең территорияда орналасқан біздің еліміз өз ұзақ мерзімді мүдделерін жоғары деңгейлі ептілікпен табанды қамтамасыз етуде белсенді саясат іске асыруға қосымша мүмкіндіктер алады. Осы уақытта, оның жанды жерлері әлемдік теңіз коммуникацияларына тікелей шығатын орын болмауы, тұрғындардың шашыраңқы орналасуы, қазақстан экономикасының территория көлемімен салыстырғанда өте аз мөлшерде дамуы болып отыр.

Дегенмен, географиялық жағдай өзгеріссіздігі саяси және экономикалық жағдайдың қатып қалуын білдірмейді. Орталық Азия мемлекеттері территориясында күш алып келе жатқан діни экстремизм таралу ағымы Қазақстан өз көршілерімен тұрақты, достық қарым-қатынаста болғанның өзінде де біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Бір жағынан, Солтүстік және Оңтүстік Кореялар араларындағы қатынастардың бір қалыпқа түсуі Кореяның Тынық мұхиттағы порттарын Еуропамен жалғастыратын магистраль - “темір жібек жолы” жобасын даярлауға түрткі болды. Осы контексте еліміздің транзиттік күш-қуатын өз дәрежесінде бағалап, ең бастысы оны іске асыруға жігерлі қамдану қажет.

Өсіп келе жатқан әлемдік экономиканың интеграциялануы қаржы қорларына, жаңа технологиялар мен нарыққа шығуды жеңілдетеді. Қаржы нарығындағы өткір бақталастық Қазақстандағы инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуды талап етеді. Бұл, ел экономикасына ірі трансұлттық корпорациялар тартуға маңызды алғышарттар құрады. Бірақ, қазақстан экономикасының ашықтығына бағытталған жігер экономиканың барлық салаларының бірыңғай дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу шараларымен ұштасуы тиіс.

Қазіргі әлемдегі егестер көбіне-көп әртүрлі өркениеттер соқтығысуы мінезіне ие болуда. Батыс (христиан) және Шығыс (мұсылман) өркениеттерінің жоғары деңгейдегі бір-біріне сіңісуі үлгісі болып отырған және Батыс пен Шығыстың дәстүрлі құндылықтарына бірдей дәрежеде құрметпен қарайтын Қазақстанның жекелеген мемлекеттер мен аумақ және ғаламдық өлшемдерде жүйелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар ұсынуға толық құқығы бар.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Дүниежүзілік тәртіп түсінігі?

  2. Жаһандану процесі дегеніміз не?

  3. Жаһандану процесінің басты принциптері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Абдулпаттаев С. Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынасы. // Ақиқат 10, 2001.

  2. Бұлұтай М. Қазақстан – Түркия. // Ақиқат 12, 2001.

  3. Абдулпаттаев С. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. // Ақиқат 3, 2002.

  4. Абдулпаттаев С. Қазақстан –Ресей қатынастары. // Ақиқат 5, 2002

  5. Хлюпин В. Казахстан в геополитическом измерении // Мысль 2, 1996



6. Тәжірибелік сабақты жүргізу жоспары.




Тақырыбы.

Тәжірибелік сабақ мазмұны.

Апта.

Әдебиет.

1.

Саяси ғылымға кіріспе


1. Саяси ғылым пәні.

2. Саясат туралы анықтамалардың әртүрлілігі

3. Саяси ғылымның зерттеу әдіс-тәсілдері.


1

Оксфорд. Саясаттану. Қысқаша сөздік. Ред. Иэн Меклейн.Алматы, 2001

2. Н. Ә. Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003

3. Карин Е. Қазақстан саяси ғылымы және саясаттың жаңа келбеті // Саясат, 4, 2003


2.

Дүниежүзілік және отандық саяси ақыл-ой тарихы.



1.Антикалық, орта ғасырлық және жаңа заман саяси ойшылдарының саяси көзқарастары.

2.Қазақстан мен Ресей саяси ойларындағы саясат пен билік тақырыбы.





2

1. Бабақұлы Б. Платон // Ақиқат 3, 1995

2. Болат-Капал. Цицерон // Ақиқат 5, 1995

3. Бабақ ұлы Б. Гераклит // Ақиқат 6, 1995


3.

Саяси билік

.


1. Билік түсінігі, мәні, түрлері.

  1. 2.Қазақстан Республикасындағы билік жаңғыртуы: қазіргі кезең мен болашақта даму бағыттары.

3

1. Нукенов А. Н: Биліктің бөліну теориясы: Қазақстандық тәжірибе мәселесі // Саясат 6, 2001

2.Дегтяров П. А. Политическая власть как регулятивный механизм социального общения / Полис 3, 1996

3. Мухамедиева Н. Кәсіби парламент: қалыптасуы мен даму жолдары. Саясат 2002, 2.

4. Сакиева Р. Ветви власти местный уровень //Мысль 12, 1994




4

Саяси басшы.


1. Саяси басшы құбылысы және оның қазіргі заманғы әлеуметтік ғылымдағы орны. "Саяси басшы" түсінігіне берілетін анықтамалардың әртүрлілігі.

2. Саяси басшы табиғаты. Саяси басшының мәні туралы саясаттанудағы тұжырымдамалар, басшының қасиеттері, психосұрыптау , басшының ролі туралы теориялар т.б.





4

1. А. Айталы. Лидер в патоке времени. Штрихи к политическому портрету. // Мысль 7, 2000.

2. В. В. Желтов. Основы политологии. Ростов на Дону. 2004.



5

Саяси басшы топ.


1. Саяси басшы топ түсінігінің анықтамасы. Саяси басшы топ теориялары; саяси басшы топтың тұжырымдамалары В.Парето,Г.Моска, Р.Михельс, Дж.Сартори, В.Ропке, И.Шапиро; демократиялық элитизм тұжырымдамалары /Р.Даль, С.Липсет, Л.Зиглер

2. Кеңес Одағы кезіндегі саяси элитаның қалыптасуы, ерекшелігі.

3. ҚР саяси элитаның қалыптасу жолдары.




5

1. Олжабаева Л. Корни и традиций политичкской элиты Казахстана// Саясат 6, 1998.

2. Битюкова Г. Тухмарова Ш. Саяси элитан және оның қоғамдағы ролі // Ақиқат 8, 1998.

3. Тулегулов А. К. Политичкская элита Казахстана: анализ биографии //Саясат 1, 1998.

4. Кангереев Н. Т. Политическая элита Казахстана в исторической ретроспективе // Саясат 5, 2001.

5. Афанасьев М. Н. Государство и номенклатура: попытка необходимых уточнений // Полис2, 1999.


6

Саяси жүйе


1.Саяси жүйе теориясының шығуының алғышарттары. Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы. Саяси жүйе теориясының құрылуындағы Д.Истон және Г.Алмондтың ролі.

2. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Саяси жүйенің атқаратын қызметтері

3. Қазақстандағы демократиялық саяси жүйе.


6

1. Қалиев Н. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі // Ақиқат 2, 2001.

2. Қасымбеков М. Даму авторитаризмі-саяси жаңғырту құбылысы терінде. // Ақиқат 5, 2002.

3. Андерсон Р. Д. Тоталитарзм: концепция и идеология // Полис 3,1993.

4. Гаджиев К. С. Тоталитаризм как феномен 20 веке //Вопросы фил.2, 1992.




7

Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты.


1."Мемлекет" түсінігінің қазіргі заманғы анықтамалары.

2. Мемлекеттің құрылымдық элементтері, өкілеттілік /заң шығару/ органдары, атқарушы, сот,

3. ҚР құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғамды құру мәселесі.







1. Матюхин А. Гражданское общество В Казахстане // Мысль 12, 1993.

2. Кушербеков К. Е: Эволюция характера государственности современного Казахстана // Саясат 10, 1996.

3. Абенов Е. М. Оснавные принципы гос/го устройства современного Казахстана // Политка 10, 1996.

4. Салимбаева Ж. Г. Казахстан президенская республика. // Политика 8, 1996.




8

Саяси партия



1. "Партия" түсінігі және "партия" терминінің этимологиялық мәні. Саяси партиялардың пайда болуы туралы тұжырымдамалар.

2. Мүдделес топтар түсінігі

3. ҚР бәсекелес партиялық жүйені қалыптастыру ерекшеліктері.


8

1. Қалиев Н. Қазақстанның партиялық жүйесі: қазіргі ахуалы мен даму келешегі. Саясат 11, 2002

2. Дьяченко С. А. Динамика и перспективы дальнейшей институционализации партийно-политической системы РК // Саясат 7-8, 2001

3. Байтлесов Ж, Мырзабай К. О политических партиях //Саясат 5, 2002

4. Аяғанов Б. Многопартийность: исторические параллели // Мысль 3, 1991




9

Қазақстанның саяси жүйесінің даму эволюциясы


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Қазақстандағы құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғам құру, оны нығайту мәселелері.

3. ҚР саяси партиялары


9

1. Чеботарев А. Особенности партийного стройтельства в РК // Саясат 5, 7,8 2001

2. Полежаев Л. Нұрсұлтан Назарбаев // Ақиқат 2, 1998

3. Қалмырзаев А. Слово Об авторитете, или о феномене Н. Назарбаева // Мысль 7, 2000


10

Саяси сана және менталитет.


1.Саяси сана анықтамасы. Саяси сана түрлері; жеке адам, топтық, бұқаралық.

2.Саяси сананың құрылымдық үлгілері. Саяси сана деңгейлері

3.Қазақстан халқының саяси менталитеті.


10

1. Ә. Қалмырзаев. Тәуелсіздік мемлекетке төл идеология керек пе // Ақиқат 8, 1993

2. Әбсаттаров Ұлттық саяси сананың өсуі-халықтың кемелдік көрінісі // Ақиқат 4, 1994

3. Нұрмұратов с. Ұлттық менталитет және әлем образы / Ақиқат 3, 1995

4. Қалмырзаев А. Нациальный менталитет и нацианальный дух // Мысль 8-9 2000




11

Саяси мінез-құлық


1.Саяси мінез-құлық мәселесі.

2.Конвенциалдық саяси мінез-құлық мәні, түрлері, анықтаушы факторлары

3.Бұқаралық саяси мінез-құлық ерекшелігі мен табиғаты.


11

1. Блумер Г. Коллективное поведение // Американская соц/я мысль. М., 1994

2. Ешпанова Д. Д. Парламентские выборы:электоральное поведение // Саясат 7, 1999

3. Осадчая Г. И. Политические поведение женщин // Социс 12, 1991

4.Скачкова Н. П. Политические поведение в контексте модернизации общества // Соцальное –гуманитарное пространсвтво проблемы и суждения. Уральск 1998




12

Саяси мәдениет.


1.Саяси мәдениет түсінігі. Г. Алмонд, С.Верба және Л.Пай және т.б. саяси мәдениет туралы тұжырымдамалары. "Саяси мәдениет" түсінігінің ғылыми анықтамасы туралы мәселелер 2.Саяси мәдениеттің құрылымы; тұрақты саяси түсініктер, саяси құндылықтар мен ережелер, саяси мінез-құлық тәсілдері.

3. ҚР саяси мәдениеті.




12

1. Раев Д. Қазақстандықпатриотизм мен гуманизм //Ақиқат, 2000,8-9

2. Дөрбетханұлы Т. Қазақстан мәдениетін дамытудың ерекшелігі мен болашағы. Саясат 2002, 6.

3. Петро Н. О концепции политической культуры или основные ошибки советологии // Полис 6, 1999


13

Саяси әлеуметтендіру


1."Саяси әлеуметтендіру" түсінігі, агенттері мен тетіктері.

2. Саяси әлеуметтендіру механизмдері; психологиялық/еліктеу, ұқсастық, кінәлі сезіну, ұят және т.б. / әлеуметтік/оқыту, тәрбиелеу, үгіттеу, сән, күштеу т.б

3. Қазіргі кезеңдегі қазақстандық жастарды саяси әлеуметтендіру ерекшеліктері.


13

1. Пугачев А. Соловьев В. Введение в политологию / М,2004.


14

Халықаралық қатынастар және олардың субъектілері


1. Ішкі және сыртқы саясат, олардың өзара байланысы мен ерекшеліктері. Дүние жүзілік саясатты талдау деңгейлері; дүние жүзілік/шаҺандық/, аймақтық, субаймақтық.

2. Дүниежүзілк саясат- ғылыми таным объектісі ретінде.

3. Халықаралық қатынастардағы Қазақстан ролі




14

1. Іңкәрбаев Еуразиялық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде. // Ақиқат 2-3, 2000

2. Абдулпаттаев С. Шанхай ынтымақтастық ұйымы // Ақиқат 3, 2003.

3. Абдулпаттаев С. Қазақстан дипломатиялық және экономикалық қатынастарының алғашқы қадамдары //Ақиқат 2, 1998.



15

Қазіргі дүниежүзілік тәртіп, ондағы Қазақстанның ролі.


1. Дүниежүзілік тәртіп туралы тұжырымдамалар.

2.Қазіргі дүниені жаҺандандыру /глобализация/ және өзекті мәселелер; экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық және т.б.

3. ҚР геосаяси жағдайы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі.




15.

1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған зор үлес. // Ақиқат 7, 2001.

2. Штаух В. Казахстан в 21 веке, гипотический прогноз в контексте геополитики // Мысль 5, 1995





7. Пәнді оқытуға байланысты әдіснемелік нұсқаулар.
Теориялық материалды оқытуға байланысты әдіснемелік нұсқаулар.

Лабораториялық және тәжірибелік сабақ
Тәжірибелік сабақ №1

Тақырыбы: Саяси ғылымға кіріспе

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. Саяси ғылым пәні.

2. Саясат туралы анықтамалардың әртүрлілігі

3. Саяси ғылымның зерттеу әдіс-тәсілдері.


Әдіснемелік нұсқау: Семинар түрі ашық әңгіме – тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу, әртүрлі көзқарас пен концепциялардың бар екеніне назар аудару, семинарда шығармашылық талқылау жағдайын туғызу.

Мұғалім семинар барысында студенттердің жауаптарын олардың осы тақырып бойынша қаншалықты материал игергеніне байланысты бағалайды. Семинар соңында оұытушы сбақты қорытындылап, бағаларды жариялайды.


Тәжірибелік сабақ №2

Тақырыбы: Дүниежүзілік және отандық саяси ақыл-ой тарихы.

Мақсаты:

Сұрақтар:

1.Антикалық, орта ғасырлық және жаңа заман саяси ойшылдарының саяси көзқарастары.

2.Қазақстан мен Ресей саяси ойларындағы саясат пен билік тақырыбы.

Әдіснемелік нұсқау: Пікір талас түрінде. 6-7 студенттер аудитория ортасына отырып мәселені талқылайды. Ал қалған студенттер оқытушымен бірге олардың айналасына отырып, олардың жауаптарын бағалайды. Пікір талас 20 минутты қамтуы тиіс. Пікір талас арнайы жоспарға байланысты жүргізіледі. Сабақ соңында студент- бақылаушылар өз ойларын білдіріп, әр қатысушының пікіріне баға береді.
Тәжірибелік сабақ №3

Тақырыбы:Саяси билік

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. Билік түсінігі, мәні, түрлері.

2.Қазақстан Республикасындағы билік жаңғыртуы: қазіргі кезең мен болашақта даму бағыттары

Әдіснемелік нұсқау: Студенттерге нақты міндет беріледі. Әр студент осы сұраққа байланысты кез-келген өз ойын білдіреді. Айтылған ойын қағазға жазып отыру керек. Ал қалған студенттер оған қарсы өз пікірін білдіреді. Бұл әдіс студенттердің новаторлық идеяларының туына ықпал жасайды. Себебі бір адамның ойы екінші адамның ойын тудыруға ықпал жасайды.
Тәжірибелік сабақ №4

Тақырыбы:Саяси басшы

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. Саяси басшы құбылысы және оның қазіргі заманғы әлеуметтік ғылымдағы орны. "Саяси басшы" түсінігіне берілетін анықтамалардың әртүрлілігі.

2. Саяси басшы табиғаты. Саяси басшының мәні туралы саясаттанудағы тұжырымдамалар, басшының қасиеттері, психосұрыптау , басшының ролі туралы теориялар т.б.

Әдіснемелік нұсқау: Семинар анализ жасау түрінде жүргізіледі. Студенттерге арнайы тақырып бойынша алдын-ала дайындалған материал беріледі.Топ оны талқылып, күшті жақтарын, әлсіз жақтарын, ішкі қарама-қайшылықтарын көрсете білуі тиіс.
Тәжірибелік сабақ №5

Тақырыбы:Саяси басшы топ

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. Саяси басшы топ түсінігінің анықтамасы. Саяси басшы топ теориялары; саяси басшы топтың тұжырымдамалары В.Парето,Г.Моска, Р.Михельс, Дж.Сартори, В.Ропке, И.Шапиро; демократиялық элитизм тұжырымдамалары /Р.Даль, С.Липсет, Л.Зиглер

2. Кеңес Одағы кезіндегі саяси элитаның қалыптасуы, ерекшелігі.

3. ҚР саяси элитаның қалыптасу жолдары.

Әдіснемелік нұсқау: Дөнгелек үстел түрінде. Кеңейтілген әңгіме түрінде ұйымдастырып, ол дәріс материалына негізделуі керек. Нақты фактіге сүйеніп, сурет, доклад пайдалану. Өзекті мәселеге кеңінен тоқталу.
Тәжірибелік сабақ №6

Тақырыбы:Саяси жүйе

Мақсаты:

Сұрақтар:

1.Саяси жүйе теориясының шығуының алғышарттары. Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы. Саяси жүйе теориясының құрылуындағы Д.Истон және Г.Алмондтың ролі.

2. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Саяси жүйенің атқаратын қызметтері

3. Қазақстандағы демократиялық саяси жүйе.



Әдіснемелік нұсқау: Студенттерге нақты міндет беріледі. Әр студент осы сұраққа байланысты кез-келген өз ойын білдіреді. Айтылған ойын қағазға жазып отыру керек. Ал қалған студенттер оған қарсы өз пікірін білдіреді. Бұл әдіс студенттердің новаторлық идеяларының туына ықпал жасайды. Себебі бір адамның ойы екінші адамның ойын тудыруға ықпал жасайды.
Тәжірибелік сабақ №7

Тақырыбы: Мемлекет саяси жүйенің бастр институты ретінде

Мақсаты:

Сұрақтар:

1."Мемлекет" түсінігінің қазіргі заманғы анықтамалары.

2. Мемлекеттің құрылымдық элементтері, өкілеттілік /заң шығару/ органдары, атқарушы, сот,

3. ҚР құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғамды құру мәселесі.



Әдіснемелік нұсқау: кеңейтілген әңгіме түрінде. Семинар түрі ашық әңгіме – тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу, әртүрлі көзқарас пен концепциялардың бар екеніне назар аудару, семинарда шығармашылық талқылау жағдайын туғызу.
Мұғалім семинар барысында студенттердің жауаптарын олардың осы тақырып бойынша қаншалықты материал игергеніне байланысты бағалайды. Семинар соңында оұытушы сбақты қорытындылап, бағаларды жариялайды.
Тәжірибелік сабақ №8

Тақырыбы: Саяси партия

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. "Партия" түсінігі және "партия" терминінің этимологиялық мәні. Саяси партиялардың пайда болуы туралы тұжырымдамалар.

2. Мүдделес топтар түсінігі

3. ҚР бәсекелес партиялық жүйені қалыптастыру ерекшеліктері.



Әдіснемелік нұсқау: Семинар анализ жасау түрінде жүргізіледі. Студенттерге арнайы тақырып бойынша алдын-ала дайындалған материал беріледі.Топ оны талқылып, күшті жақтарын, әлсіз жақтарын, ішкі қарама-қайшылықтарын көрсете білуі тиіс.
Тәжірибелік сабақ №9

Тақырыбы:

Мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Қазақстандағы құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғам құру, оны нығайту мәселелері.

3. ҚР саяси партиялары



Әдіснемелік нұсқау: Дөнгелек үстел түрінде. Кеңейтілген әңгіме түрінде ұйымдастырып, ол дәріс материалына негізделуі керек. Нақты фактіге сүйеніп, сурет, доклад пайдалану. Өзекті мәселеге кеңінен тоқталу.
Тәжірибелік сабақ №10

Тақырыбы:

Мақсаты: Саяси сана мен идеология

Сұрақтар:

1.Саяси сана анықтамасы. Саяси сана түрлері; жеке адам, топтық, бұқаралық.

2.Саяси сананың құрылымдық үлгілері. Саяси сана деңгейлері

3.Қазақстан халқының саяси менталитеті.

Әдіснемелік нұсқау: Топтық сабақ. Сабақта басты тақырып етіліп жоғарда сұрақтар алынады. Топ екіге бөлініп, әр топтан бір студент мини-докладпен шығады. Тақырыптың мазмұнын ашу. Әр топқа өзекті мәселені шешуе байланысты сұрақ беріледі. Әр топ сол мәселені шешудің технологиялық әдісін көрсетуі тиіс.
Тәжірибелік сабақ №11

Тақырыбы:

Мақсаты: Саяси сана мен идеология

Сұрақтар:

1.Саяси мінез-құлық мәселесі.

2.Конвенциалдық саяси мінез-құлық мәні, түрлері, анықтаушы факторлары

3.Бұқаралық саяси мінез-құлық ерекшелігі мен табиғаты.



Әдіснемелік нұсқау: Топтық сабақ. Сабақта басты тақырып етіліп жоғарда сұрақтар алынады. Топ екіге бөлініп, әр топтан бір студент мини-докладпен шығады. Тақырыптың мазмұнын ашу. Әр топқа өзекті мәселені шешуе байланысты сұрақ беріледі. Әр топ сол мәселені шешудің технологиялық әдісін көрсетуі тиіс.
Тәжірибелік сабақ №12

Тақырыбы: Саяси мәдениет

Мақсаты:

Сұрақтар:

1.Саяси мәдениет түсінігі. Г. Алмонд, С.Верба және Л.Пай және т.б. саяси мәдениет туралы тұжырымдамалары. "Саяси мәдениет" түсінігінің ғылыми анықтамасы туралы мәселелер 2.Саяси мәдениеттің құрылымы; тұрақты саяси түсініктер, саяси құндылықтар мен ережелер, саяси мінез-құлық тәсілдері.

3. ҚР саяси мәдениеті

Әдіснемелік нұсқау: Пікір-сайыс түрінде. Пікір сайыс дәріс материална және студенттің өзіндік жеке семинар сұрақтарына байланысты тапқан жауаптарына байланысты өткізіледі. Топ екіге бөлініп, екі түрлі көзқарасты ұстанады. Біреулері жақтайды, екіншілері қарсы шығады. Бұл сабақта студенттер нақты фактіге сүйеніп, өз позицияларын жан-жақты талқылап, дәлейді. Және соны шешу жоодарын көрсете білуі тиіс.
Тәжірибелік сабақ №13

Тақырыбы: Саяси әлеуметтендіру

Мақсаты:

Сұрақтар:

1."Саяси әлеуметтендіру" түсінігі, агенттері мен тетіктері.

2. Саяси әлеуметтендіру механизмдері; психологиялық/еліктеу, ұқсастық, кінәлі сезіну, ұят және т.б. / әлеуметтік/оқыту, тәрбиелеу, үгіттеу, сән, күштеу т.б

3. Қазіргі кезеңдегі қазақстандық жастарды саяси әлеуметтендіру ерекшеліктері.



Әдіснемелік нұсқау: Пікір талас түрінде. 6-7 студенттер аудитория ортасына отырып мәселені талқылайды. Ал қалған студенттер оқытушымен бірге олардың айналасына отырып, олардың жауаптарын бағалайды. Пікір талас 20 минутты қамтуы тиіс. Пікір талас арнайы жоспарға байланысты жүргізіледі. Сабақ соңында студент- бақылаушылар өз ойларын білдіріп, әр қатысушының пікіріне баға береді.
Тәжірибелік сабақ №14

Тақырыбы: Халықаралық қатынастар және олардың субъектілері

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. Ішкі және сыртқы саясат, олардың өзара байланысы мен ерекшеліктері. Дүние жүзілік саясатты талдау деңгейлері; дүние жүзілік/шаҺандық/, аймақтық, субаймақтық.

2. Дүниежүзілк саясат- ғылыми таным объектісі ретінде.

3. Халықаралық қатынастардағы Қазақстан ролі



Әдіснемелік нұсқау: Пікір-сайыс түрінде. Пікір сайыс дәріс материална және студенттің өзіндік жеке семинар сұрақтарына байланысты тапқан жауаптарына байланысты өткізіледі. Топ екіге бөлініп, екі түрлі көзқарасты ұстанады. Біреулері жақтайды, екіншілері қарсы шығады. Бұл сабақта студенттер нақты фактіге сүйеніп, өз позицияларын жан-жақты талқылап, дәлейді. Және соны шешу жоодарын көрсете білуі тиіс.
Тәжірибелік сабақ №15

Тақырыбы: Халықаралық қатынастар және олардың субъектілері

Мақсаты:

Сұрақтар:

1. Дүниежүзілік тәртіп туралы тұжырымдамалар.

2.Қазіргі дүниені жаҺандандыру /глобализация/ және өзекті мәселелер; экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық және т.б.

3. ҚР геосаяси жағдайы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі.



Әдіснемелік нұсқау: Дөнгелек үстел түрінде. Кеңейтілген әңгіме түрінде ұйымдастырып, ол дәріс материалына негізделуі керек. Нақты фактіге сүйеніп, сурет, доклад пайдалану. Өзекті мәселеге кеңінен тоқталу
8. СОӨЖ жүргізу бойынша әдіснемелік нұсқаулар.

СОӨЖ екі функция атқарады. Консультативті және бақылаушы. СОӨЖ – бұл студенттің оқытушымен бірге ортақ жұмысы, себебі оқу сабағы диологтік режимде өтеді, мысалы: тренинг, дискуссия, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентация, кейстар, жеке, топтық жобаларды дайындау.

Әрбір СОӨЖге қандай бір мәселеге байланысты анализ жасау үшін материалдар дайындалуы керек.
СОӨЖ №1

Тақырыбы:

Өткізу формасы: мини-докладпен шығу.

Әдіснемелік нұсқаулар:

Берілген сұрақтар бойынша жазбаша конспект құрап, тақырыпты мазмұнын жан-жақты ашу. Тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу, әртүрлі көзқарас пен концепциялардың бар екеніне назар аудару, шығармашылық талқылау жағдайын туғызу.



Әдебиеттер:

Пугачев В.П., Соловьев А.И. Введение в политологию. М., 2003..

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996.

Политическая энциклопедия. 1-2 т.т. М., 1999.

Политология / под ред. В.Н. Лавриненко. М., 1999.

Политология. Энциклопедический словарь. М., 1993.

Политология / под ред. Б.И. Краснова. М., 1995.

Политология. Практикум. М., 1993.


СОӨЖ №2

СОӨЖ мазмұны:

Өткізу формасы:

Мақсаты: қазақ және орыс саяси ойларындағы негізгі ерекшеліктер мен бағыттарын айқындау

Өткізу формасы: ауызша сұрау, конспектісін тексеру.

Әдіснемелік нұсқаулар: сұрақ бойынша конспект құрау

Әдебиеттер:

Антология социально-политической мысли Казахстана с древнейших времен до наших дней. В 2-х т. А., 2002.

Антология мировой политической мысли. В 5-ти т. М., 1997.
СОӨЖ 3.

СОӨЖ мазмұны: Өркениеттің әр түріне сәйкес билік жүйесіне салыстыра отырып сараптама жасау.

Өткізу формасы: салыстырмалы таблицаларын тексеру.

Мақсаты: Аналитикалық және салыстырмалы қабілетін артыру.

Әдіснемелік нұсқаулар: төмендегі кестені толтыру.


Батыстық өркениет

Шығыстық өркениет.















 





















СОӨЖ 4.

СОӨЖ мазмұны: Саяси басшы туралы саясаттанудағы тұжырымдамалар. Саяси басшы қызметі.

Мақсаты:аналитикалық қабілеттерін дамыту.

Өткізу формасы: ауызша сұрау, конспектісін тексеру.

Әдіснемелік нұсқаулар: сұрақ бойынша конспект құрау

Әдебиеттер:

Введение в политологию. Словарь-справочник. / Под ред. Пугачева В. П., М., 1996.

Антология социально-политической мысли Казахстана с древнейших времен до наших дней. В 2-х т. А., 2002.

Антология мировой политической мысли. В 5-ти т. М., 1997.



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау