СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тапсырмаларын дайындау барысында пән бойынша ұсынылған әдебиттерді байдалана отырып берілген сұрақты зерттеу қажет. Оқылған материалдар бойынша қысқаша конспект құрастырып, теориялық материалды қарастыру барысында қиындық туғызған немесе түсініксіз сұрақтарды белгілеу қажет.
СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.)білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады.
Біз студенттерге физика пәні бойынша жеке үй тапсырмасы ретінде физикалық есептер ұсынамыз. Мұнда студенттердің тапсырманы өз бетімен орындау дәрежесін арттыру мақсатында олардың әрқайсысына мүмкіндігінше әр түрлі есептерді жеке варианттар бойынша береміз.
Студенттерге есептер шығартудағы мақсаттар мыналар: жаңа білімдер алдырту, білімді өз бетімен игеру іскерлігін қалыптастыру, білімді пысықтау және анықтау, білімді практикада қолдану іскерлігін қалыптастыру, практикалық сипатты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық сипатты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Студент шығарған есепті бағалау өлшемін (критериін) анықтау үшін физика есептерін жіктеу(классификациялау) керек.
Физика есептері мына белгілер бойынша жіктеледі: мазмұн, мақсат, мәселені зерттеу тереңдігі, шешу тәсілдері , шарттың берілу тәсілдері, күрделілік дәрежелері және т.б.
Студенттер шығарған жеке үй тапсырмасын бағалау өлшемінің негізіне осы белгілердің бәрін алуға болады: физикалық құбылыстың негізгі мәселесінің мазмұнын құрайтын физикалық шамалардың, заңдардың молырақ қамтылуы; есептердің проблемалық (шығармашылық)деңгейі; мәселенің тереңірек талданып зерттелуі; шешу тәсілдерінің ең оңтайлысын таңдап алуы және т.б.
Әр студент орындайтын жеке үй тапсырмасына (бір жеке үй тапсырмасында физиканың бір бөлімі бойынша берілген 3-5 есеп болуы мүмкін) қойылатын максимал және миниамал баллдар силлабуста көрсетіледі. Әрбір жеке есептің шығарылуы бір есепке қатысты осы баллдар аралығында және айтылған өлшемдер (критерилер) бойынша бағаланады, сосын бүкіл тапсырмаға максимал және минимал баллдардың аралығында тиісті балл беріледі.
Максимал балл мысалы, «5» балл қатесіз және кемшіліксіз немесе бір ғана болымсыз кемшілікпен шығарылған есепке қойылады. Одан төменгі балл, мысалы «4» балл толық шығарылған, бірақ бірден аспайтын дөрекі емес және бір болымсыз қатемен немесе болымсыз қателер екіден аспаған жағдайда қойылады.
Одан төменгі балл мысалы «3» балл студент есептің тең жартысынан астамын дұрыс шығарғанда немесе дөрекі қатесі екіден (немесе дөрекі қатесі бірден және дөрекі емес қатесі бірден, сондай-ақ болымсыз қатесі бірден) аспаған жағдайда қойылады.
Тапсырма минимал баллдан төмен балмен бағаланған жағдайда ол студентке қайта шығару мақсатында қайтарылып беріледі.
Егер кейбір есептерді студенттің өз бетімен шығарғандығы күдік туғызса, онда одан оқытушы есепті қалай шығарғандығын түсіндіріп беруін талап ете алады. Бағаға көңілі толмаған студент оған қатысты оқытушыға тілегін білдіруіне болады.
1.Ғылыми ойлауға тән негізгі сипаттық белгілері: 1- объектінің, құбылыстардың диалектикалық қарама-қарсы қасиетерінің бір мезетте болу мүмкіндігін түсіну және диалектиканың қарама-қайшылықта алдын ала білу; 2- құбылыстардың өзара байланысын түсіну және осы өзара байланыстарды анықтай білу және сараптау; 3- объект немсе құбылысты даму барысында үнемі қозғалыста қарастыра білу; 4- белгілі жағдайларда білімнің тұрақтылығын, шыдығын түсіне білу; 5- сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланысын түсіну; 6- ғылыми білімнің дамуында жоққа шығаруды көре білу
A. 1,2,4,5 B.1-6 C. 3,6 D.2,5 E. 2,3.4
2. Ғылыми ойлау үшін мына диалектикалық формула сипатты, 1- «ол да, басқа да (қарамақайшы) бір уақытта», 2- «ол да, басқа да, бір уақытта», 3- «немесе - немесе»....
A. 1 B.2 C. 3 D. 1,2 E. 1,2,3
3. Физика сабақтарында экологиялық оқытуды іске асыру жолдары:
A. Физикалық заңдылықтарды ауқымды атмосфералық құбылыстар негізінде түсіндіру ( циклондармен анти циклондардың тууы, жердің аййййналуының оның қозғалысына әсері және т.б.)
B. Тұрған жерде экологиялық мониторингті іске асыратын құралдармен комплекстерді демонстрациялау
C Адамның өндірістік іс әрррекетінің нәтижелерін көрсету мақсатында табиғатта сабақтар өткізу
D. Адам іс әрекетінің Эко жүйеге әсерін көрсететін фильм фрагменттерін демострациялау
E A-D жауаптары дұрыс
4. Оқыту мотивін былай деп қарастыруға болады:
A. Жеке тұлғаның интегралдық қасиеттері, яғни интелектуалдық еріктік, эмоционалды қасиеттерінің жиынтығы
B. Әр түрлі мазмұндағы және сипаттағы оқу іс -әрекетін тудыратын себептер
C. оқу іс-әрекетінің дер кездегі мезеті
D. танымдық қызығушылық
E. А-С жауаптары
5. Оқудың социалдық мотивтеріне мыналарды жатқызуға болады: 1. кең қоғамға пайдалы болу үшін, білім алуға ұмтылу,2. тар яғни басқалардың арасында белгілі бір орынға ие болуға тырысу, 3. социалдық бірлестік, яғни мұғалімдермен, оқушылармен және т.б бірігуге тырысу, 4. –жалпы, яғни таным әдістеріне қызығу, жеке жұмыс түрлеріне қызығу, 5- пәндік, яғни оқушыларды пән бойынша жаңа білімге ие болуға бағыттау, 6- өздігінен білім алушылық, яғни білімін өздігінен жетілдіруге бағыттау және оқу іс әрекетін өздігінен реттеу.
A. 1,2,3,4,5,6
B. 1,2,3
C. 4,5,6
D. 3
E. 4,6
6. Оқудың таымдық монтивтеріне мыналарды жатқызуға болады: 1. кең қоғамға пайдалы болу үшін, білім алуға ұмтылу,2. тар яғни басқалардың арасында белгілі бір орынға ие болуға тырысу, 3. социалдық бірлестік, яғни мұғалімдермен, оқушылармен және т.б бірігуге тырысу, 4. –жалпы, яғни таным әдістеріне қызығу, жеке жұмыс түрлеріне қызығу, 5- пәндік, яғни оқушыларды пән бойынша жаңа білімге ие болуға бағыттау, 6- өздігінен білім алушылық, яғни білімін өздігінен жетілдіруге бағыттау және оқу іс әрекетін өздігінен реттеу.
A. 1,2,3,4,5,6
B. 1,2,3
C. 4,5,6
D. 1,4,6
E. 4,6
7. Танымдық қызығушылықты дамытудың негізгі этаптары:
A. возникновение любопытствалюбознательностьэпизодический интерес
устойчивый познавательный интереснаправленность личности
B. возникновение любопытствалюбознательностьнаправленность личности
C. любознательностьэпизодический интерес устойчивый познавательный интерес
Достарыңызбен бөлісу: |