Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43

63 
 
 
Шошқа  шаруашылығы.  Шошқалардың  негізгі  табыны,  2  айдан  4  айға  дейінгі 
торайлар,  бордақылауға  қойылған  4  айдан  жоғары  торайлар  мен  ерексек  шошқалар. 
Мамандандырылған шаруашылықтарда шығындар есебі жалпы сала бойынша жүргізіледі. 
 
 Қой  шаруашылығы.  Биязы,  жартылай  биязы,  ұяң  жүнді,  жартылай  ұяң  жүнді 
бағытындағы  негізгі  табын,  өсімдегі  және  бордақылаудағы  ересек  қойлар  мен  жас  төл 
топтары  (3  айдан  жоғары  жастағы  қозылар)  және  қаракөл  бағытындағы  қой  шаруашылығы 
болып саналады. 
 
Жылқы  шаруашылығы.  Қолдағы  жылқы  шаруашылығы  –  қолда  өсірілетін 
жылқылардың  негізгі  табыны,  қолдағы  жас  төлдер  (тууылған  жылдары  бойынша). 
Пайдаланылатын  жылқы  шаруашылығы  (сүт  және  ет  бағытындағы)  –  негізгі  табын, 
анасынан  айырған  барлық  жастағы  жас  жылқылар.  Жұмыс  жылқыларын  өсіру  бойынша 
шығындар есебі 8310 «Көмекші өндіріс» шотына ашылған «Жұмыс малдарын өсіру» аралық 
шотында жүргізіледі. 
 
Түйе  шаруашылығы  мен  бұғы  шаруашылығы.  Шығындар  есебі  негізгі  табын  және 
бордақылауға қойылған барлық жастағы жас малдар мен ересек малдар бойынша жүргізіледі. 
 
Мал  шаруашығында  өсімдік  шаруашылығымен  салыстарғанда  шығындар  есебі 
объектілерінің  сан  алуан  түрлері  жоқ.    Негізінде  шығындар  есебінің  объектілері  бойынша 
талдамалық шоттар мал түрлері немесе олардың жас топтарына байланысты ашылады. Бірақ, 
кейбір  жағдайда  талдмалық  шоттарды  басқа  да  белгілер  бойынша  ашуға  тура  келеді. 
Мысалы,  өнімнің  өзіндік  құнын  дұрыс  калькуляциялау  үшін  ілеспе  өнім  түрлері  бойынша 
шығындардың  талдамалық  шоттары  ашылады.  Айт  кету  қажет:  қаракөл  шаруашылығында 
қойларды  қырқу  және  қаракөл  терілерін  алуға  байланысты  екі  талдамалық  шот  ашуға 
болады.  Қойларды  қырқу  бойынша  талдамалық  шотта  қой  қырқу  пукнтерін  күтіп-ұстау 
шығындарын,  қырықтықшылардың  еңбек  ақыларын,  жүнді  сорттау,  тасымалдау 
шығындардың есебі жүргізілсе, ал екінші талдамалық шот бойынша қаракөл қозыларын сою, 
терілерді алғашқы өңдеу, тұздау, тасымалдау шығындарының есебі жүргізіледі.  
 
Сонымен  қатар  мал  шаруашылығында  ашылған  арнайы  талдамалық  шоттарда  азық 
дайындайтын  цехтардағы  мал  азығын  дайындау  бойынша  шығындар  есебі  жүргізіледі. 
Белгіленген  уақытта  бұл  шоттардағы  жинақталған  шығындар  дайындалған  мал  азығының 
көлеміне  пропорционалды  жолмен  малдарды  күтіп-ұстау  шығындары  бойынша  есеп 
объектілеріне таратылып, есептен шығарылады. 
 
8110/2 «Мал шаруашылығы» шотына ашылған талдамалық шоты бойынша шығындар 
есебі төмендегі шығын баптарына қарай ұйымдастырылады:   
- материалдар; 
- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары; 
- еңбек ақыдан аударымдар; 
- үстеме шығындар. 
1.  «Материалдар»  бабы  бойынша  малдарды  азықтандыруға  жұмсалатын  өзіндік 
өндірісте дайындалған және сатып алынған азық түрлері, малдарды емдеуге немесе алдын-
алу  жұмыстары  бойынша  дәрі-дәрмектер  мен  дезинфекциялық  құралдардың  құндары,  мал 
астына  төселетін  пішеннің,  азық  ұнтағының  құндары,  өзі  өндірген  және  сатып  алынған 
малды,  құсты  және  басқа  жануарларды  азықтандыруға  пайданылатын  жем-шөпке 
жұмсалатын  шығындар  есепке  алынады.  Олардың  әрбір  атауы  бойынша  жұмсалатын  жем-
шөптің есебі  жем-шөп шығынын жазатын «Есеп  журналында» жүргізіледі. 
Жем-шөпті  тұрақты  сақтау  орындарына  жеткізуге  байланысты  шығындар  оларды 
шаруашылықтың қоймаларына жеткізу жөніндегі шығындар тиісті баптар бойынша малдың 
белгілі  бір  түлігіне  немесе  тобына  жатқызылады. «Жем-шөп  шығысының  ведомостісі» 
негізінде  жемшөп  шығыны  жем-шөптің  бір  өлшемімен  және  қорытылатын  протейнімен 
көрсетіледі.  
«Өндірістік  жұмысшылардың  еңбек  ақылары»  бабы  бойынша  мал  шаруашылығында 
малды 
тікелей 
күтіп-бағумен 
айналысатын 
жұмысшылардың 
(сауыншылардың, 
бақташылардың,  бригадирлердің,  ауысым  жұмысшыларының,  шопандардың,  осы  саладағы 


64 
 
машиналар  мен  механизмдерді  жүргізушілердің)  негізгі  және  қосымша  еңбек  ақылары 
есепке  алынады.  Бұл  бапта  сонымен  қатар,  тарифтік  бағалар  бойынша  еңбек  ақылар, 
малдардың  өнімділігін  жоғарылату  мен  сапалы  өнім  үшін  қосымша  төлемдер,  өнімнің 
сапасы  мен  мал  басын  аман  сақтағаны  үшін  төлем  ақылар,  жайылым  жерлерде  малдарды 
бағып-күту  және  бірнеше  мамандағы  қызметті  қатар  атқарғаны  үшін  үстеме  ақылар  есепке 
алынады. Егер жұмысшылар бір уақытта малдардың бірнеше есеп топтары бойынша жұмыс 
жасайтын  болса,  онда  оларға  есептелінген  еңбек  ақы  әртүрлі  шығын  объектілері  арасында 
бағып-күтудегі  малдардың  санына  не  болмаса  әрбір  есептік  топтағы  жұмсалынған  азық-
күніне пропорционалды жолымен таратылып отырылады. 
«Еңбек  ақыдан  аударымдар»  бабы  бойынша  ҚР-ның  Салық  Кодексіне  сәйкес  жұмыс 
берушінің  еңбек  ақы  қорынан  есептелетін  міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  мен  әлеуметтік 
салықтар есебі жүргізіледі. 
«Үстеме  шығыстар»  бабы  бойынша  тікелей  шығындарға  жатпайтын,  мал 
шаруашылығынан  алынатын  өнім  түрлеріне  кешенді  қатысы  бар  және  өнім  түрлері  немесе 
шығындар  есебінің  объектілері  арасында  арнайы  бөлу  базаларының  негізінде  таратылып 
отыратын  шығындар  есепке  алынады.  Оларға  мал  шаруашылығында  мынадай  шығын 
түрлерін жатқызуға болады:  
-  мал  шаруашылығында  пайдаланылатын  негізгі  құралдардың  (ғимараттар  мен 
құрылыс  жайлардың,  сауын  құрылғыларының,  қолдан  ұрықтандыру  құрылғылары  мен 
пукнтерінің,  көлік  құралдарының  және  т.б.  негізгі  құралдардың)  амортизациясы.  Шығын 
объектілері  арасында  есептелінген  амортизация  сомасы  әрбір  топтағы  мал  алып  отырған 
алаңға пропорционалды жолымен бөлінеді; 
-  мал  шаруашылығында  пайдаланылатын  негізгі  құралдарды  жөндеу  шығындары 
(жөндеу  шығындары  өз  алдына  бірнеше  шығын  элементтерінен  құралатын  кешенді  шығын 
болып  саналады.  Оған  жөндеушілердің  еңбек  ақылары  мен  еңбек  ақыдан  аударымдары, 
қосалқы  бөлшектер,  жөндеу  материалдары  және  т.б.  жатады).  Сондықтан,  жөндеу 
шығындарын  алдын-ала  8310  «Көмекші  өндіріс»  шотында  жинақтап,  содан  соң  мал 
шаруашылығына тиісті шығындарды арнайы бөлу базаларының негізінде шығын объектілері 
арасында таратуға болады. 
-  малдарды  қолдан  ұрықтандыру  шығындары  (малды  ұрықтандырушылардың  еңбек 
ақылары, қолдан ұрықтандыру пукнтерін ұстау шығындары); 
- өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар   бригадаларда, фермаларда, 
цехтарда және өндірістік бөлімшелерде өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі және 
жалпы  басқару  жөніндегі  шығындар,  яғни  бригадалық  (фермерлік),  цехтық  үстеме 
шығындар.  
- басқа да үстеме шығыстар тікелей өнім өндірумен байланысты, жоғарыда көрсетілген 
баптардың  ешқайсына  жатпайтын  шығындар.Бұл  бап  бойынша  фермаларды  қоршау, 
кедергісіз жабдықтар, санитарлық өткізгіштер және мал дәрігерлік-санитарлық шаралармен 
байланысты басқа да объектілерді салу жөніндегі шығындар; малдың белгілі бір түлігі мен 
тобына  төселген  төсеніштер,  күзетшілерге  және  басқа  қызмет  көрсетуші      қызметкерлерге 
берілетін  арнаулы  киім  –  кешектердің  құны,  ықтырмалар,  қоралар  және  жаппалар  және 
жануарлар  үшін  басқа  да  күрделі  емес  сипаттағы  құрылыстар  салуға  арналған  шығындар, 
мал шаруашылығы кешендерін, құс фабрикаларын игеруге байланысты алғашқы іске қосып, 
жолға  қою  жұмыстарына  арналған  шығындар,  ыдысқа  және  өнімді  буып  –  түюге  арналған 
шығындар; осы өндіріске байланысты ғылыми  зеттеу жұмысына, техникалық  насихат пен 
стандарттауға байланысты шығындар. 
  Мал  шаруашылығы  саласында  ірі  қара  мал,  шошқа,  қой  шаруашылықтары  бойынша 
есепті  жылдың  соңында  аяқталмаған  өндіріс  қалдығы  қалмайды.  Яғни,  әрбір  күнтізбелік 
жылдағы  шығындар  есепті  жылы  алынған  өнімдердің  өзіндік  құндарына  қосылуы  қажет. 
Дегенмен  де,  құс  шаруашылығы,  түйе  шаруашылығында  жылдың  соңында  аяқталмаған 
өндіріс  қалдығы  қалуы  мүмкін.  Мысалы,  құс  шаруашылығында  есепті  жылдың  желтоқсан 
айында  инкубаторға  салынған  жұмыртқалардың  құны  келесі  есепті  жылға  көшіріледі.  Сол 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау