КОРПОРАТИВТІК ӘДЕП КОДЕКСІ
1
Кіріспе
2
Біздің құндылықтар 4
Корпоративтік әдеп кодексінің
қолданылу аясы 5
Бұзушылықтар туралы басшылықты
хабардар ету
7
Денсаулық және қауіпсіздік
8
Біздің адамдар 9
Адам құқықтары 10
Жергілікті қауымдастық 11
Қоршаған орта 12
Салықтар
13
Корпоративтік байланыстар 14
Нормативтік талаптарға сәйкестікті
қамтамасыз ету 15
Өнімнің сапасы және қауіпсіздігі 18
Өнім активтерін қорғау және сақтау 19
Байланыс мәліметтері
20
Төлнұсқалық ағылшын тілінен аударылған
Мазмұны
2
Әлемде ең ірі өндіруші және шикізат
өнімдерінің толайым жеткізушілерінің бірі
бола отырып, біз ,халықаралық өнеркәсіп
саласын күнделікті жағдайында негізгі
материалдармен қамтамасыз етеміз.
Біздің бизнес үлгіміз бірегей. Шикізаттың
біріктірілген тікелей өндірушісі және сатушысы
ретінде, біз, өзіміздің тауарлық тізбегіміздің әрбір
сатысында пайда көреміз. Біздің қызметіміздің
қатарында шығару және қайта өңдеумен
бірге тасымалдау, логистика, технология,
қоймадағы сақтау және сатуды қарастырады.
Гленкор корпоративтік тәжірибесі (ГКТ)
Корпоративтік құндылықтары, Корпоративтік
Әдеп Кодексі, сонымен қатар , қызмет
жүргізудің корпоративті және операционды
стандарттарынан құралатын әкімшілік басқару
стандартын білдіреді. ГКТ біздің адал іскерлік
тәжірибені ұстану, күнделікті қызметімізде
Гленкор стандарттары мен қағидаттарын
қолдану,сондай- ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының
Глобалды келісімшарты және тау- кен мен
металл ісі бойынша Халықаралық кеңес
(КМХК) мүшелері талаптарын қоса алғанда,
сонымен қатар, қолданыстағы заңдар мен өзге
талаптардың максималды деңгейде сақтау
міндеттерімізді білдіреді. Ол Гленкорға қызмет
жасаған әрбір тұлға сақтауға міндетті әлеуметтік,
экологиялық және нормативті талаптарды
сақтау салаларындағы стандарттарды орындау
бойынша нақты нұсқауларды білдіреді.
Операциялық
қызмет жүргізудің
қағидаттары мен стандарттары
Корпоративтік
қағидаттар мен
стандарттар
Корпоративтік
Əдеп кодексі
(Кодекс)
Құндылықтар
Біздің құндылықтар Декларациямыз ГТТ негізін
қалаушы бөлшегі болып табылады. Біздің
құндылықтарда өз қызметімізде басшылыққа
алатын келешегіміз бен негіз қалаушы
құндылықтарымыз, мақсаттарымыз айқындалған.
Кіріспе
3
Топта кеңінен қолданылатын біздің
Құндылықтарымыздың негізгі талаптары осы
Корпоративтік Әдеп Кодексінде көрсетілген (ары
қарай - Кодекс). Гленкорға қызмет жасайтын
әрбір тұлға, өзінің жүрген жері мен лауазымына
қарамастан, осы Кодекстің мазмұнын толыққанды
түсініп, жұмыс орнында өз қызметтерін атқару
барысында басшылыққа алуға міндетті.
Біздің Құндылықтар мен осы Кодекс өз
жиынтығында ( тұрақты дамытуды қамтамасыз
етуге бағытталған негізін қалаушы стандарттар
және онымен байланысты оперативті басқарудың
әдістерін қоса алғанда) біздің жауапты іскерлік
тәжірибені ұстану міндетімізді білдіреді.
Гленкордың барлық жұмыскерлері
Кодексті сақтауға міндетті. Мен сіздердің
барлықтарыңызға жұмыс әрекеттеріңізде
оны басшылыққа алып және әріптестеріңізді
жоғарыда аталған талаптарды сақтауға
қозғау болуларыңызды қатаң талап етемін.
Айван Глазенберг (Ivan Glasenberg)
Бас директор
4
Біздің құндылықтар
Қауіпсіздік
Денсаулықты сақтау және жұмыс орындарында барлық жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету - біздің басты басымдығымыз болып табылады. Денсаулықты сақтау және еңбек
қауіпсіздігі саласында біз преверентивті тәжірибені қолданамыз және біздің мақсатымыз – кәсіби
аурулар мен жарақаттардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін үздіксіз жоғарылату.
Кәсіпкерлік
Біз өз жұмысшыларымыздың бойындағы жоғары кәсібилік, жеке жауапкершілік және кәсіпкерлік
қабілеттерін көтермелеп отырамыз, бірақ, дегенмен, олардың қауіпсізідігі және денсаулығына
келгенде ешбір тәуекелге / ымыраға бармаймыз. Бұл біздің барлық мүдделі жақтарға қамтамасыз
етуге талпынып отырған жетістіктеріміз бен жоғары табыстарымыз үшін маңызды.
Қарапайымдылық
Біз негізгі нәтижелерге қол жеткізу тиімділігін көздеудеміз, өйткені мұндай бағыттылық
саланың ең жоғары пайдалылығының кепілі болып табылады, және де біз , әрдайым,
жоғары қызмет көрсетудің нақты бағдарын, жоғары сапаны, әлеуметтік- экономикалық
жауапкершілік пен қандай да болмасын ісімізді үнемі жетілдіріп отыруды қолдаймыз
Жауапкершілік
Біздің әрекетшілдігіміз қоғам мен қоршаған ортаға әсерін тигізе алатындығын мойындаймыз.
Қоршаған орта саласын, адам құқығын, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету салаларын қорғау шараларына жауапты түрде назар аударамыз.
Ашықтық
Біз айқындық және өзара пайда табу, адал ниеттілік, ынтымақтастықпен қаланған
біздің жұмысшылар, клиенттер, біздің жеткізушілер, үкіметтер және жалпы қоғаммен
қарым – қатынас пен өзара әрекеттестікте жариялылықты бағалаймыз.
5
Осы Кодекс біз бақылау жасап отырған барлық
сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан
орындалуға міндетті. Ол барлық тұрақты
және уақытша жұмысшыларға, директорлар
мен басқарушы қызметкерлерге, сонымен
қатар осы кәсіпорындардың мердігерлеріне
(олар тиісті келісімшарт міндеттемелерімен
жүктелген жағдайда) қолданылады.
Кодексте нақты бір жағдайға арналған
нормативтік ұйғарым мен ережелер жоқ. Ол
минималды талаптарды айқындап, біздің
Құндылықтарды сақтау бойынша нұсқаулар мен
ортақ қағидаттарды ұсынады. Қолданыстағы
заңда немесе өзге қолданылатын талаптарда,
осы Кодексте немесе сәйкес базалық құжаттарда
нұсқаулар болмаған жағдайда да, әрбір
адам шешім қабылдағанда, парасатты ойды
басшылыққа алады деген сенімдеміз.
Бүкіл тұрақты және уақытша жұмысшылар,
директорлар мен басқарушы қызметкерлер
Кодекспен, корпоративтік қағидаттар және
стандарттармен, сондай- ақ, олардың жұмыс
жасау міндеттеріне таралатын қолданыстағы
заң талаптарымен танысуға тиісті. Заңның,
осы Кодекстің немесе осы стандарттың
бұзылуы жайлы орта немесе төменгі буын
басшылығы хабардар етілуі керек.
Кодекс талаптарын, Гленкордың тиісті
стандарттарын немесе заң талаптарын
сақтамау, жұмыстан босатуды қоса алғанда,
тәртіптік жазаға әкелуі мүмкін.
Бірлескен кәсіпорындар
Өзіміз жоба операторы болып табылмайтын
бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыру
кезінде , біз, мүмкіндігінше, өз серіктестерімізді
Гленкорда қолданылатын стандарттар мен
рәсімдерге ұқсас талаптарды басшылыққа
алуларына көз жеткізуге тырысамыз.
Басшылар міндеттері
Жоғарғы, орта және төменгі буын
басшыларының барлығы адал еңбектерімен
үлгі болып, өз командасының мүшесіне
төмендегідей жағдай туғызуға:
•
ынталандырылады және дұрыс
әрекетке үйретіледі;
•
өз әрекеттеріне сенімсіз болса, сәйкес нұсқаулар
•
мен ұсыныстар алуларына болады;
•
қолдану қаупінсіз және қандай да
бір абыржусыз сұрақ қоюға немесе
мазасыздығын білдіруге қысылмайды.
Төменгі, орта және жоғарғы буын
басшыларының барлығы біздің
Құндылықтарымыз бен Кодексімізді өз
командаларының мүшелеріне түсіндіріп, сәйкес
мәселелерді талқылап және бағалап, сонымен
қоса, қатерлердің салдарын жұмсарту бойынша
қажетті тәсілдерді енгізеді деген сенімдеміз.
Басшылар Кодекстің бұзұлу жағдайларын
мықты көшбасшылық қасиеттерін көрсете
отырып қайтарып отыруға, сәйкес корпоративтік
стандарттар мен рәсімдердің қажетті деңгейде
жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті.
Корпоративтік әдеп кодексінің қолдану аясы
Гленкорға қызмет жасайтын әрбір тұлға, өзінің жүрген жері мен лауазымына
қарамастан, Корпоративтік әдеп кодексі мен Гленкор корпоративтік
стандарттарын сақтауға тиісті. Кодекстің негізгі мақсаты- біздің күнделікті
әрекетіміз және шешім қабылдауда, сонымен қатар, біздің корпоративтік
мәдениетте Кодексте бекітілген ұмтылыстарымызды жүзеге асыру.
6
Сатып алу
Біз, мердігерлерімізбен қоса, біздің
жеткізушілеріміздің барлығы мыналарды
басшылыққа алуына ұмтыламыз:
•
заңды іскерлік тәжірибені;
•
сапа мен уақытында жеткізудің
келісілген стандарттарын;
•
еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты сақтау және
жұмыс орнындағы әділдік стандарттарын;
•
өз қызметкерлеріне, сондай-ақ әрекет
етіп отырған жергілікті тұрғындарға
қатысты адам құқықтарының
бұзылуына төзбеу қағидаттарын;
•
қоршаған ортаға әсер ету жағдайын
неғұрлым азайтатын іскерлік тәжірибені.
Қажет болған жағдайда, жоғарыда
аталған талаптар өзара әрекеттесу, оқыту
және / немесе келісімшарт міндеттері
арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Егер кез келген жеткізуші немесе мердігер
заң талаптарынының орындалуын,
осы Кодексті немесе Гленкордың тиісті
корпоративтік стандарттарын бұзған
болса, біз келісімшартты бұзуға (немесе
оны ұзартудан бас тартуға) құқылымыз.
7
Егер мәселені жергілікті деңгейде шешу
мүмкіндігі болмаса, ол жайлы, бұзушылықтар
туралы ақпараттандыруға арналған төменде
көрсетілген корпоративтік байланыс желілерінің
бірі арқылы хабарлауға болады. Егер Интернет
желісіне қосылған болсаңыз, онда сіз
CodeofConduct@glencore.com
электронды поштасына хабарлама жолдай аласыз
немесе
www.glencore.com/raising-concerns/
Топтың корпоративтік веб- сайты мекенжайы
бойынша «Бұзушылықтар туралы
ақпараттандыру» формасын қолдануға
болады. Веб- сайтты пайдалана отырып, мәселе
жайлы жасырын түрде хабарлауға болады.
Біз қызмет атқаратын бірқатар елдерде
тұрғындардың жартысынан азының Интернет
желісіне қолы жететіндігін түсінеміз.
Мұндай елдерде орын алған мәселелер
жайлы хабарлауға арналған ақпараттандыру
стендтерінде орналасқан телефон нөмірлері
бойынша хабарлауға болады. Бұл нөмірлерге
келген қоңыраулар тегін және нормативтік
талаптарға жауап беретін, жергілікті тілде
сөйлейтін аймақтық қызметкерге аударылады.
Мәселе жайлы жасырын хабарлай аласыз.
«Бұзушылықтар туралы ақпараттандыру»
байланыс арналары арқылы жіберілген
барлық хабарламалар жедел түрде
зерделенеді және талданады.
Барлық қатысушылардың құпиялылығына
кепілдік беріледі. Сіздің тұлғаңыздың
құпиялылығы мәселені шешуге
қажет болған жағдайда немесе заң
талаптарына сәйкес ашылады.
Мәселелер хабарлағанда тек адал ниеттерді ғана
басшылыққа алу керек. Бұл байланыс арналарын
арам пиғылда қолдануға тыйым салынады.
Бұзушылықтар туралы басшылықты хабардар ету
Осы Кодекс, оның негізіне қаланған корпоративтік стандарттар немесе заң
талаптары бұзылған болса, Сіз жедел түрде ол жайлы орта немесе кіші буын
басшысына хабарлауыңыз қажет. Одан басқа, орын алған осындай жағдайлар туралы
қызметкерлерді басқару департаменті, заң департаменті, корпоративтік әрекеттер
департаменті, тұрақты даму департаменті басшылары немесе жоғарғы буын басшысы,
немесе деректері Топтың корпоративті желілерінде «Сәйкестікті қамтамасыз ету»
бөлімінде немесе ақпараттық стендтерінде көрсетілген жергілікті деңгейде нормативтік
талаптардың қамтамасыз етілуіне жауапты тұлғалар хабардар етілуге тиіс.
8
Біз қауіпсіздік саласында көшбасшы болып, өлім
жағдайлары, кәсіби аурулар мен жарақаттар
жағдайы мүлдем болмаған жұмыс орындарын
құруға ұмтыламыз. Біздің мақсатымыз –
әрбіреуіміз Гленкормен қабылданған мақсат
пен міндеттерді белсенді түрде қолдап,
денсаулық және еңбек қауіпсіздігі қағидаттары
негізінде құрылған мәдениетті қолдау.
Біз өзіміз әрекет ететін аймақтардағы
мердігерлер мен тұрғындардың, өзіміздің
және әріптестеріміздің қауіпсіздігі үшін
жауапты екенімізді мойындаймыз. Біз
барлық қызметкерлер өз жұмыс орындарына
медициналық, орнықты көңіл-күй және
денсаулығы тұрғысынан аман-сау келетіндігіне,
қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау
талаптарын сақтайтындығына және жеке
қауіпсіздігі мен әріптестерінің қауіпсіздігі
үшін жауапкершілікті сезінетідігіне деген
сеніміміз мол. Біз басшылары-мыздың
бақылаудың тиімді механизмдерін қолдану
жолдары арқылы қауіпсіз жұмыс ортасын
құруға деген күш жігерін қолдаймыз.
Біз қауіпсіздік мәдениетін жақтаушылардың
біріміз. Ол жедел басқарудың барлық деңгейдегі
басшыларының мықты көшбасшылық
қасиеттерінің айқындалуын, қызметкерлерді,
сондай-ақ мердігерлерді қамтудың жоғарғы
деңгейі және қауіпсіздіктерді айқындауға үлкен
көңіл бөлу, қатерлерді талдау және оларды
басқару. Біздің адамдар денсаулықты сақтау
мен еңбекті қорғау саласындағы стандарттар
мен қағидаттарға сәйкес қауіпсіздік талаптарын
сақтай отырып, өз міндеттерін атқаруға
мүмкіндік беретін даярлықтан өтеді.
Біздің әрбіреуіміз, қауіпсіз емес деп санаған
кезде қызметтік әрекеттерімізді тоқтатуға
құқылы екенімізді мойындаймыз. Біз барлық
адамдарымыздың сәйкес даярлықтан өтіп,
құзіретті болып және өздерінің қызметтік
міндеттерін атқару үшін кәсіби біліктілікті
меңгерулерін талап етеміз. Қауіпсіз емес деп
санаған немесе онымен байланысты қатерді
бақылай алмайтын жағдай болса кез келген
тапсырманы орындауға ешкім міндетті емес.
Денсаулық және қауіпсіздік
Біздің адамдарымыздың қауіпсіздігі – біздің негізгі басымдығымыз. Біз барлық өлім
жағдайларының, кәсіби аурулар мен жарақаттардың бетін қайтаруға болады деп
ойлаймыз, сондықтан барлығымыз жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық
сақтау жауапкершілігін мойнымызға алуымыз керек.
Базалық құжаттар
•
Денсаулық қорғау және еңбек
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласындағы саясат
•
Апатты және өлім салдарына
соғатын қауіпті жағдайларды
басқару саласындағы саясат
•
Еңбек қорғау, қауіпсіздік
техникасы, қоршаған ортаны және
тұрғындарды қорғау саласындағы
тұжырымдамалық саясат
•
Құтқару ережелері және өмірлік қауіп
төну жағдайларындағы әрекеттер реті
•
Қатерлерді басқару қағидаттары
9
Біз жұмысшыларымыздың қауіпсіз жұмыс
орны, жиналыстар жариялылығы, ұжымдық
өкілдігі, әділ еңбек өтемақысы, жұмыспен
қамтылу кепілдігі мен даму мүмкіндігі
құқықтарын мойындаймыз және қорғаймыз.
Біз әралуандылықты бағалаймыз және барлық
жұмысшыларымыз бен мердігерлерімізге
бар ұйымдастырушылық деңгейде тең
мүмкіндікті бере отыра, бірдей әділ қарым-
қатынас ұстанамыз. Біз нәсілдік, ұлттық, діни,
гендерлік, жас ерекшелік, сексуалды бағдар,
мүгедектік, шығу тегі, әлеуметтік шығу тегі,
саяси және өзге көзқарастары немесе басқа негіз
болған белгілер бойынша кемсітушілікке жол
бермейміз. Біз нәсілдік және сексуалды тұрғыда
кез келген қудалау түрін және жұмыс орнында
алымсақтықты дер кезінде жойып отырмыз.
Балалардың, мәжбүрлі немесе міндетті еңбектің
кез келген түрін қолдануға тыйым саламыз.
Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, олардың
лауазымдарын көтеру және оларға кәсіби өсуде
мүмкіндіктер беру олардың жалпы біліктілігі
мен нақты қызметтік міндеттерін атқару
жетістігі негізінде жүзеге асырылады.Еңбек
өтемақысы тәсімі әрбір жұмысшының білімі,
тәжірибесі және қабілеттеріне негізделген;
біз жоғары нәтижелер мен өзіндік даму
бойынша ұмытылыстарын марапаттаймыз. Біз
сыйақыларды есептеу мен ынталандыру тәртібін
үнемі қайта қарастырып отырамыз. Сонымен
қатар біз талантты, тиімділік пен әлеуетті
айқындау мақсатында дағды мен біліктілікті
үнемі бағалап отырамыз және даму үшін тиісті
қолдау көрсетеміз және мүмкіндік береміз.
Біздің адамдар
Біздің адамдар жетістіктеріміздің негізін қалаушылар.
Қызметіміздің өрге жүзуінің кепілі - әртараптандырылған жұмысшылар
штаты екендігіне сенімдіміз. Біз өз адамдарымызға қатысты әділдік және
құрмет қағидаттарын ұстанамыз және олардың әлеуеттеріне сәйкес жоғарылау
мүмкіндіктерін қамтамасыз етеміз. Біз еңбек саласындағы негізін қалаушы
қағидаттары мен құқықтары туралы Халықаралық еңбек ұйымының
декларациясының сақталуын растаймыз.
Базалық құжаттар
•
Адамның құқықтарын қорғау саясаты
•
Қызмет нәтижелері мен сыйақыларға
қатысты корпоративтік саясат
10
Біз жұмыс орнындағы кез келген кемсітушілік,
алымсақтық және күш көрсетуге, сонымен
қатар балалардың, мәжбүрлі немесе міндетті
еңбектің кез келген түрін қолдануды дер
кезінде жойып отырмыз. Біз өзіміз қызмет
жасап жатқан аймақтардағы жергілікті
тұрғындардың әралуандығын жұмысшы
күші құрылымында ескеруге тырысамыз. Біз
жиналыс еркіндігі мен ұжымдық келісімшартты
қоса алғанда, өз жұмысшыларымыз бен
мердігерлеріміздің құқықтарын құрметтейміз.
Кәсіпорнымыздың барлық жұмысшылары
қай жерде жүрмесін және қызметтері
қай бағытта болмасын, адам құқықтарын
бұзуға бой алдырмауы керек және тиісті
халықаралық стандарттарды сақтауға тиіс. Бізде
барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын
шағымдарды қарастыру механизмдері бар.
Өндіруші кәсіпорындарға, активтер мен
жобаларға міндетті болып табылатын қауіпсіздік
шаралары Еркін қауіпсіздік қағидаттарына және
адам құқықтарына сәйкес келеді. Бұл шараларды
тәуекелдерді бағалау және оқиғалар туралы
ақпараттандыру механизмдері, сонымен бірге
қауіпсіздік қызметіміз бен мердігерлеріміздің
тиісті дайындығы қолдап отырады.
Біз өз аймағында тұрып жатқан халықтың
табиғатпен бірегейлігін мойындаймыз.
Біз жергілікті тұрғындармен адал келіссөз
жүргізу арқылы және олардың дәстүрлі
шешім қабылдау ретін ескере келе,
өзара әрекет жасауға ұмтыламыз.
Өндіру жүзеге асырылып жатқан өңірдегі
жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас
жасау жөніндегі қызметіміз Халықаралық
кен өндіру өнеркәсібі және металл жөніндегі
кеңесте (ХКӨМК) мақұлданған жергілікті
халықтың еркін, алдын ала және саналы
түрде келісу қағидаттарына сәйкес келеді.
Біз қызметімізідің ол жүзеге асырылып
жатқан өңірдегі тұрғындарға әлеуетті әсер
етуі мүмкін екендігін мойындаймыз. Осындай
жағдайларда біз қызметіміздің нәтижесінде
тұрғылықты жерінен орын ауыстырған жергілікті
тұрғындарға немесе жеке тұлғаларға өмір
сүруге қажетті қаражаттарын қайтарамыз
және өмір сүру деңгейін қалпына келтіреміз.
Іскер серіктестерімізбен, оның ішінде бірлескен
кәсіпорындардағы мердігерлер, жеткізушілер
және серіктестерімізді қоса алғанда, қарым-
қатынасымызда оларды адам құқығын қорғау
бағытымызды құрметтеуге және оны немесе
өзге ұқсас стандартты ұстануға шақырамыз.
Өзіміздің қызметімізді Адам құқықтарының
жалпыға бірдей декларациясына, еңбек
саласындағы негіз қалаушы қағидаттар
мен құқықтар туралы Халықаралық еңбек
ұйымының декларациясына, Біріккен
Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) адам құқықтары
аспектісіндегі кәсіпкерлік қызметтің
Экваториалдық қағидаттарға және Басқару
қағидаттарына сәйкес жүргізуге ұмтыламыз.
Адам құқықтары
Біз адам құқықтарын Жалпы адам құқықтары декларациясына сәйкес қорғаймыз
және сақтаймыз. Біз жұмысшыларымыздың, мердігерлеріміздің, өзіміз тұрып
еңбек етіп жатқан аймақтың және біздің қызметіміз тарайтын басқа жергілікті
тұрғындарының ар-намысын, адамның негізгі еркіндігі мен адам құқықтарын
құрметтейміз. Қатерлерді бағалаудың ішкі үрдістерінде адам құқықтары қажетті
деңгейде ескерілетіндігіне кепілдік береміз.
Базалық құжаттар
•
Адам құқықтарын қорғау
саласындағы саясат
11
Жергілікті тұрғындармен өзара әрекет жасау-
біздің қызметіміздің барлық сатысындағы
ажырамас бөлігі. Біз жергілікті жұртшылықпен
ашық диалог сақтауға ұмтыламыз. Біз
жергілікті тұрғындар қатарындағы мүдделі
тұлғалардың туындаған мәселелерін өзара
ынтымақтаса отырып, соның ішінде біздің
кәсіпорында шағымдарды қарастыру
механизмдерін енгізу арқылы , әсіресе,
біздің қызметіміз неғұрлым әсерін тигізетін
өңірлерде айқындаймыз және шешеміз.
Біз жергілікті жұртшылықтың қоныс аударуына
жол бермеуге тырысамыз. Егер шарасыз қоныс
аудару қажеттілігі туындаса, кең қолдауға ие болу
үшін жергілікті тұрғындармен тығыз байланысқа
түсеміз. Қоныс аударуға біздің көзқарасымыз
Халықаралық қаржы корпорациясының №
5 «Жер бөлу және шарасыз қоныс аудару
аясындағы келісім» әрекет Стандарттарына
сәйкес келеді және жергілікті тұрғындармен
тығыз байланысты, сондай- ақ қоныс аударғаннан
кейін жұртшылықтың экономикалық
өміршеңдігін қамтамасыз етуді білдіреді.
Жергілікті жұртшылықпен қарым- қатынаста
өзіміздің әсер ету саламыздың аясында адам
құқықтарын сақтаймыз және қорғаймыз.
Бұған жергілікті тұрғындардың, соның
ішінде байырғы тұрғындарының мұрасы,
салт- дәстүрі және құқықтары кіреді.
Өңірлердің даму жобаларын құру және қолдау
мақсатында үкімет, жергілікті органдар,
жұртшылық, үкіметаралық және үкіметтік
емес ұйымдар мен өзге де мүдделі жақтармен
ынтымақтастықта боламыз. Аталған жобалар
және өзге еркін жарналар бойынша жоспарлар
мен шешімдер қолданыстағы корпоративтік
стандарттар және басшылыққа алынатын
қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар, сонымен қатар біздің
тарапымыздан құрылған жұмыс орындары
біз қызмет атқаратын жергілікті жұртшылық,
сондай- ақ елдердің дамуы мен өркендеуіне
тура немесе жанама ықпал етеді.
Мүмкіндігімізше біз жергілікті тұрғындарды
жұмыспен қамтимыз және кәсіби даярлықты
ұйымдастыру мен кіші және орта бизнесті
дамыту арқылы жергілікті өндірушілердің
қызметтері және сатып алуларын қолдаймыз.
Жергілікті қауымдастық
Біз жұмыс жасап жатқан өңірлерде қызметіміз жергілікті қауымдастыққа көп
жағдайда оң әсерін тигізуде екендігіне сенімдіміз. Біз бой алған мәселелерді
айқындау және шешу мен өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар мен
бағдарламаларға қатысу арқылы өз көршілерімізбен ұзақмерзімді қарым- қатынас
орнатуға ұмтыламыз.
Базалық құжаттар
•
Жергілікті тұрғындар және
мүдделі жақтармен өзара
әрекет саласындағы саясат
12
Біздің кәсіпорындарымыз географиялық жағынан
шашыраңқы орналасқан және әралуан қызметтерді
атқарады: барлау, өндіру, жерлерді қалпына келтіру,
пайдалы қазбалар мен ауылшаруашылық өнімдерді
қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және сату. Қоршаған
ортаның әлеуетті зардаптары нақты шикізат
тауарлар тобы мен өндіру орнына байланысты.
Барлық кәсіпорындарымызда қоршаған ортаға әсер
ету деңгейін анықтау мен талдаулар жүргізіледі,
оның қорытындылары жоспарлау мен басқару
үдерістерінде және күнделікті қызметте ескеріледі.
Біз экологиялық бақылау саласындағы
барлық қолданылатын заңдарды, қаулыларды
және өзге талаптарды сақтаймыз. Олардың
қаталдығы біздің стандарттарға қарағанда
бәсеңдеу болса, біз Гленкордың неғұрлым
қатал стандарттарын қолданамыз.
Ескерту бастамаларының кең спектрін жүзеге
асыруда біз табиғи ресурстардың сақталуы мен
қорғануына көңіл аударамыз. Оған энергетикалық
және су ресурстарының тиімді қолданылуы,
қалдықтарды азайту, зиянды заттардың
шығарылуын қысқарту және өмір формаларының
әралуандығын қорғау жатады. Қызметіміздің
дұрыс жүргізілу бағыттарын қамтамасыз ету
үшін, біз, бүкіл әрекет ету кезеңімізде жергілікті
қоғамдастықтар және өзге мүдделі жақтармен
өзара әрекет жасаймыз. Жерді кейіннен де тұрақты
пайдалануға жету мақсатында, біз, жобаны жабу
жоспарына бар жауапкершілікпен қараймыз.
Біз жер ресурстары, тұщы су қорлары және
өмірдің әралуан формаларын белсенді басқаруын
көрсетеміз. Біз өз қызметімізді Дүниежүзілік
мұраға жатқызылған өңірлерде жүргізбейміз.
Біздің қызметіміз су ресурстарына әлеуетті түрде
әсер ету мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Біз
өндірістік үдерістерде пайдаланылатын судың
көлемі мен сапасына үздіксіз бақылау жасап
отырамыз және ағынды суларды құйып алу
тәжірибесіне жауапты қараймыз. Өзіміз қызмет
атқаратын өңірлерде суға қолжетімділіктің қайта
бастау және тең құқылы болу мақсатында жергілікті
қоғамдастықтармен өзара әрекеттесеміз.
Біздің қызметіміз ауаның сапасына әлеуетті түрде
әсер етуі мүмкін. Біз кәсіпорындарымыздың ауаға
шығаратын зиянды заттары мен шаңдардың
деңгейін үнемі реттеп отырамыз және қажет
болған жағдайда , ауа сапасын жауапты басқаруды
қамтамасыз ету мақсатында тазалау жүйелерін
қолданамыз. Біз қалдықтарды жинау мен жоюдың
ойға қонымды қағидаттарын ұстанамыз. Салдары
ауыр апаттар қатерін азайту мақсатында біз
нысандарымызды жүйелі түрде тексеріп отырамыз.
Климаттың өзгеруі мәселесін шешу қажеттілігі
турасында қоғам және реттеуші органдар тарапынан
көмірқішқыл газы шығарындыларын азайтуға
қатысты қысымының өсіп келе жатқандығын
түсінеміз. Біз энерготұтынуды және көмірқышқыл
газы шығарындыларының көлемін басқаруда
сақтандыру бағытын ұстанамыз және зиянды
заттарды шығаруды төмендету технологиясын
құруды қолдаймыз. Біз ғаламдық шығарындыларды
азайтудың неғұрлым шығыны аз жолын табу
үшін, және де дамушы елдерге қолжетімді
энергияны қамтамасыз етуде саясаткерлермен
және өзге тұлғалармен ынтымақтасамыз.
Қоршаған орта
Біздің атқарып жатқан қызметіміз тура немесе жанама түрде қоршаған ортаға
әсер етуі мүмкін екендігін түсінеміз. Сондықтан, істеген істеріміздің барлығында,
экологиялық сақтық қағидаттарына сәйкес қоршаған ортаға жайсыз әсер жағдайын
неғұрлым азайтуға ұмтыламыз.
Базалық құжаттар
•
Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы саясат
13
Өндіру салаларындағы айқындықтың
қозғаушысы (ӨСАҚ) бола отырып, біз, әлем
бойынша елдердің үкіметтері пайдасына
төленетін төлемдердің айқындығын арттыруды,
сонымен қатар қызметіміз жүзеге асып жатқан
өңірлердегі бұл қорлардың жұмсалу және/
немесе жергілікті тұрғындардың дамуына
пайдалану жолдарын қолдаймыз.
Гленкор компаниялары арасындағы
трансферттік бағаның құрылуы әділ нарықтық
шарттарда негізделген, осыған байланысты,
тауар, мүлік және қызметтермен алмасу
коммерциялық негізде жүргізіледі.
Біз салықтық есепке бақылауды жалғастырамыз
және заңнамадағы тиісті өзгерістерді есепке ала
отырып, талап етілетін жетілдірулерді енгіземіз.
Салықтар
Біз тиісті заңдарды, сонымен қатар, есепке қатысты сыртқы және ішкі корпоративтік
талаптарды, соның ішінде салық органдарына ақпараттарды ашу және төленген
салықтар туралы мәліметтер беру, толыққанды сақтауға ұмтыламыз.
14
Корпоративтік байланыстар
Біз мүдделі жақтармен белсенді түрде өзара әрекеттесу мен диалогтың
болуы маңызды екендігіне сенімдіміз. Біз өзіміздің жұмысшыларымызбен,
мердігерлерімізбен, клиенттерімізбен, жеткізушілерімізбен, жергілікті
қауымдастықтармен және инвесторлармен, сонымен бірге тиісті қауымдастықтармен,
үкіметтермен және өзге мүдделі тұлғалармен нақты ақпарат алмасуды тұрақты және
ашық түрде жүргізуге ұмытыламыз.
Біз көптеген мәселелер бойынша барлық
мүдделі жақтармен өзара әрекеттерді тек нақты,
уақтылы және құрылымды ақпарат негізінде
жүргізуге міндеттенеміз. Біздің қызметімізге және
операцияларымызға қатысты мәселелерді тиісті
мүдделі жақтармен талқылауға шығарамыз.
Біздің барлық мүдделі жақтармен өзара
әрекеттеріміз шешім қабылдау үрдісін нығайтады.
Біздің қызметімізге және операцияларымызға
қатысты мәселелер бойынша елдер
үкіметтерімен үнемі диалог құрып
отырамыз. Елдер үкіметтерімен ашық және
құрылымды қарым-қатынастарды қолдап
отыруға ұмтылысымыз, бізге қызметімізге
және сату операцияларымызға байланысты
мүмкіндіктеріміз, шектеулеріміз және
мәселелелріміз жайлы үнемі өзекті ақпарат
алып тұруға мүмкіндік береді.Елдер
үкіметтерімен өзара әрекеттестікке тек
жоғарғы буынның тиісті басшылары немесе
уәкілетті қызметкерлер түсе алады, ал барлық
берілетін ақпарат нақты әрі жаңылысуға
апарып соқтырмайтындай болу керек.
Өзара әрекеттестікте биржада тіркелген
компанияға ұсынылатын ақпараттарды
жария ету талаптарын ұстанамыз.
Ақпаратты жалпы қауымға жария етуге
тек ресми уәкілетті өкілдер жіберіледі.
15
Біз үшінші біреулерге заңнаманы бұзуда
ешбір көмек көрсетпейміз және қай елде
болмасын, кез келген қылмыстық, ала аяқтық
және парақорлық әрекеттерге қатыспаймыз.
Мұндай қылмыстарды біз негізінде бақылаудың
корпоративтік стандарттар, қағидаттар мен
механизмдер жатқан мықты көшбасшылық
көзқарасты және кадрларды даярлау бағдарлама-
ларын әзірлеу арқылы болдырмауға ұмтыламыз.
Мүдделер шиеленісі
Мүдделер шиеленісі — бұл өзінің кәсіби
міндеттерін әділдікпен орындауға әлеуетті түрде
әсер ету үшін жеткілікті болатын тұлғаның жеке
бас мүддесі. Гленкорда жұмыс істейтін барлық
адамдар нақты мүдделер шиеленісіне бой
алдырмай, мүдделердің болжалды немесе әлеуетті
шиеленісінен өздерін мүмкіндігінше алшақ
ұстаған жөн. Біз өзіміздің кәсіби міндеттерімізді
дұрыс орындау арқылы Гленкордың заңды
мүдделерін қорғауға міндеттіміз. Мүдделердің
нақты немесе әлеуетті шиеленісімен байланысты
кез келген мәселелер немесе түсініксіз
жағдайлар туралы жедел түрде кіші және орта
буынның тиісті басшысына немесе нормативтік
талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге
жауапты жұмыскерге хабарлау қажет.
Мердігерлер, жеткізушілер және
серіктестер ынтымақтастыққа қажет болған
жағдайда, біздің Құндылықтарымыз
бен корпоративтік стандарттарымызды
айқындайтын талаптары жазбаша сипатталған
әділ ресми рәсіммен тартылады.
Параға сатып алу
Пара — қаржылық немесе өзге артықшылық.
Ол қандай да бір тұлғаның өзінің тиісті
міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін
ұсынылады, беріледі , сұралады және
алынады немесе оны алу өздігінен тәртіп
бұзушылық болып саналатын артықшылық.
Гленкорда жұмыс істейтін барлық
адамдарға тікелей немесе делдал арқылы,
я болмаса үшінші тұлға арқылы кез келген
параны бопсалауға, қабылдауға, ұсынуға
немесе рұқсат етуге тыйым салынған.
Әлеуетті пара алуға кез келген күдіктің пайда болу
жағдайларында, кіші немесе орта буын басшысы,
әйтпесе нормативтік талаптардың орындалуын
қамтамасыз етуге жауапты қызметкер хабардар
етілуге тиіс немесе тиісті жағдайларда
«Бұзушылықтар туралы ақпараттандыру»
байланыс арналарын қолдану керек.
Мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық
міндеттеріне кіретін көмегін немесе үрдістің
аяқталуын аз мөлшердегі төлемге жылдамдатуды
ұсынуы мүмкін. Мұндай төлемдерді
«нысаншылықты жеңілдету үшін төлем» деп
жиі айтылады және оларды орындамаған
абзал. Мемлекеттік қызметшілермен
барлық қарым-қатынас айқын болу керек
және бізге мұндай тұлғаның өз лауазымдық
міндеттерін жеке бас мүддесіне пайдалануға
түрткі болады деген ой туындау жағдайынан
сақтануымыз қажет.Бұл мәселе бойынша
кез келген нұсқаулар Ғаламдық сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатта көрсетілген
немесе нормативтік талаптардың орындалуына
жауапты қызметкерден алуға болады.
Нормативтік талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету
Өз қызметімізді жүзеге асыру барысында біз қатаң әдеп қағидаттарына сәйкес болуға
ұмтыламыз. Біз Гленкорда жұмыс істейтін барлық адамдар осы қағидаттарды сақтау
жауапкершілігін жеке басына алады деген сенімдеміз.
16
Гленкорда жұмыс істейтін барлық адамдар
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын
заңды және нормативтік талаптарды немесе
Гленкордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатын бұзса, оларға тәртіптік жаза, соның
ішінде жұмыстан шығару, қолданылады.
Саяси бірлестіктердің қызметі
мен қажеттіліктері жарнасы
Біз өзіміздің қорларымыз бен ресурстарымызды
экономикалық қызметті жүргізуде іскерлік
немесе кез келген өзге артықшылыққа ие
болу мақсатында саяси партиялар, саяси
үміткерлер немесе қандай да бір ұйымдарды
қолдауға пайдалануына жол бермейміз.
Саяси мақсаттарға төлем ретінде біз
қайырымдылық тарту жасамаймыз.
Бәсекелестік
Біз монополияға қарсы заңамандада
бекітілген қағидаттар жақтаушыларымыз.
Бұзушылықтардан аулақ болып, біздің
бизнесіміз бен абыройымызға нұқсан келтіруі
мүмкін бәсекелестікке қарсы әрекетпен біздің
жеткізушілеріміз және клиенттеріміздің
айналыспайтындығына кепілдік беру үшін
Гленкорда жұмыс істейтін әр адам монополияға.
қарсы заңнамамен танысады деп күтеміз.
Қатер аумағындағы қызметкерлерге арнайы
оқыту және монополияға қарсы заңнаманы
бұзатын әрекеттерді анықтау үшін нұсқаулар
беріледі. Және нормативтік талаптарға
сәйкестікті қамтамасыз етуде қолданылатын
тәжірибелік қадамдар түсіндіріледі.
Санкциялар
Санкциялар нақты мемлекеттерге,
режімдерге, ұйымдар мен жеке тұлғаларға
қатысты мемлекеттік органдар қабылдайтын
заңнама актілерін, қаулыларды, шараларды
білдіреді. Мұндай аңнама актілері, қаулылар
және шаралар тауарларға, қызметтерге,
төлемдерге және капиталдың ауысуына,
тұлғаның қозғалысына байланысты
операцияларды тікелей немесе жанама
шектей алады, сонымен бірге лицензиялау
талаптары мен есеп беру міндеттемелері
бойынша өзге де тыйымдар сала алады.
Кез келген қолданылатын
санкцияларды сақтау қажет.
Ақша жылыстату
Ақша жылыстату нәтижесінде заңсыз
операциялар жолымен алынған қаражаттың шығу
тегі жасырылатын үдерісті білдіреді. Қаражат
заңды көзден алынды деген көзбояушылық
мақсатында экономикалық айналымға енгізіледі.
Біз ақша жылыстату операцияларында, сонымен
қатар кез келген өзге заңсыз әрекеттерге
қатыспаймыз және үшінші бір тұлғаларға көмек
көрсетпейміз. Біз Гленкорда жұмыс істейтін
барлық адамдарды ақша жылыстату бойынша
қатысушылары немесе агенттері бар кез келген
жағдайлары туралы кіші және орта буын
басшыларын немесе нормативтік талаптардың
орындалуын қамтамасыз етуге жауапты
қызметкерді хабардар етулеріңізге шақырамыз.
17
Ішкі ақпарат
Біз Гленкордың ішкі және құпия ақпаратының
қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз
ететін жүйелер мен үдерістер енгіздік.
Ішкі ақпарат:
•
оның жария болып кетуі Топтың құнды
қағаздарына байланысты операцияларды
жүргізуде инвестордың шешіміне әсер
ету көзқарасында нақты болады;
•
жалпыға бірдей қолжетімді емес;
•
Гленкорға немесе Гленкор коммерциялық
әрекет жасайтын немесе Гленкор құнды
қағаздарды сатып алуға ниеттенген басқа
компанияға тікелей не жанама қатысты;
•
Ол жалпыға бірдей қолжетімді болған
жағдайда, біздің құнды қағаздарымыздың
құнына айтарлықтай әсері тиеді.
Біздің құнды қағаздарымызбен жүргізілген
операциялар туралы шешім қабылдауда
ішкі ақпарат қолданылмауға тиіс. Гленкорға
қатысты ішкі ақпарат белгілі жұмысшыларға,
мердігерлерге біздің құнды қағаздарымызбен
қандай да бір келісім жасауға, сонымен қатар,
бұл ақпаратты отбасы мүшелерін қоса алғанда,
кімге болсын жария етуге тыйым салынады.
Гленкордан басқа биржада тіркелген
компаниялар туралы құпия ақпарат ішкі
ақпаратты білдіреді. Өзінің қызметтік міндеттерін
атқару барысында өзге компания туралы
осындай ақпарат алған Гленкордың барлық
жұмысшыларына осы компанияның құнды
қағаздарына қатысты ұқсас шектеулер жүреді.
Базалық құжаттар
•
Ғаламдық сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясат
18
Өнімнің сапасы және қауіпсіздігі
Біз өнімнің нормативтік талаптарға және сапаның ішкі стандарттарына, сонымен
қатар клиенттеріміздің талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік беретін егжей-
тегжейлі стандарттар және басқару бағдарламаларын әзірледік.
Базалық құжаттар
•
Өнім қауіпсізідігі және ресурстарды
пайдалану саласындағы саясат
Бұл шаралар жеткізу барысында бүкіл
өнімге ілеспе құжаттардың болуын
қамтамасыз етеді, бұл, тасымалдау, қолдану
және пайдалану қауіпсіздігін білдіреді.
Біздің маркетинг, логистика және өнім
қауіпсіздігі бойынша бөлімшелеріміз сапа пен
қауіпсіздікке қатысты талаптардың орындалуын
қамтамасыз ету үшін біздің серіктестеріміз
және қызмет көрсетушілерімізбен тығыз
байланыста. Біздің клиенттеріміздің барлық
сұраныстары уақытында және мұқият
қарастырылады деп кепілдік береміз.
Біздің өнімімізге байланысты барлық аспект
бойынша барлық мүдделі тараптармен
өзара әрекет жасаймыз. Біздің өнімнің
жауапкершілікпен пайдаланылғанын
және жұмсалғанын қолдаймыз.
19
Өнім активтерін қорғау және сақтау
Біз өнімнің нормативтік талаптарға және сапаның ішкі стандарттарына, сонымен
қатар клиенттеріміздің талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік беретін
егжей-тегжейлі стандарттар және басқару бағдарламаларын әзірледік.
Базалық құжаттар
•
Гленкордың ақпараттық қауіпсіздік
саласындағы саясаты
•
ИТ- жүйелерін рұқсат етілген
дәрежеде пайдалану туралы шарт
Біз активтерімізге нұқсан келтірудің, қиянат
жасаудың және оларды ұрлаудың алдын
алу үшін сақтану шараларын қолданамыз,
сонымен қатар, Гленкорда жұмыс істейтін
тұлғаларға жеке бас пайдасы үшін активтерді
пайдалануға жол бермеуге ұмтыламыз.
Ақпараттық жүйелерді қолдану
Гленкордың барлық ақпараттық жүйелері
орналасқан жеріне қарамастан, Гленкордың
меншігі болып саналады. Гленкордың
мәліметтер және ақпараттар жүйесі шешуші
ресурстар болып табылады, сондықтан
өте жауапты пайдалануды талап етеді.
Біз ИТ- ресурстарымыздың, соның ішінде,
электронды поштаны қабылдау және
жолдау, файлдарды сақтау және компьтердің
қолданылуын бақылай аламыз. Осындай
бақылау нәтижесінде корпоративтік жүйелерге
кез келген қиянат жасау, сонымен қатар нақты
бір бөлімше немесе Топтың стандарттарына
қайшы келетін немесе жергілікті заңнамалық
талаптар мен қаулылыарды бұзатын ақпарат
құру, өңдеу және сақтау тіркеліп отырады.
Гленкорға жұмыс істейтін барлық
тұлғаларға Топтың ИТ- ресурстарын
дұрыс пайдалануға қатысты ережелерімен
танысу және осы ресурстарды қолдану
туралы тиісті келісімді сақтау қажет.
Жеке мәліметтер және құпиялылық
Біз тек біздің қызметіміз жүзеге асатын
географиялық аумақтарда қолданылатын
заңнамаға сәйкес және бизнес сұранымымызды
қамтамасыз етуге қажеті негізделген жеке
мәліметтерді жинау және сақтауды іске асырамыз.
Зияткерлік меншік
Зияткерлік меншік (ЗМ) Гленкорға тиесілі
ақпаратты білдіреді. ЗМ патенттік құқықтар,
тауарлық белгілер, авторлық құқықтар, өндірістік
үлгілер құқықтары, мәліметтер базасын
пайдалану құқықтары, ноу- хау құқықтары
және ЗМ байланысты келісімге сәйкес басқа
құпия ақпарат пен құқықтар жатады.
Біз өзіміздің ЗМ активтерімізді нақты
активтеріміздей қорғаймыз. ЗМ құқықтарын
бұзу ЗМ санкцияланбаған немесе жұмысшылар,
клиенттер, жеткізушілер мен бәсекелестер
тарапынан , алдын ала келісімсіз Топтың
аты мен фирмалық белгісін пайдалануды
қоса алғанда қол сұғу деп есептеледі.
20
Егер сізде жергілікті деңгейде шешу мүмкіндігі
жоқ мәселе туындаған болса, ол туралы
осындай мәселелерді шешуге арналған
корпоративтік байланыс арналарының
біріне хабарлауыңызға болады:
•
Эл. пошта:
CodeofConduct@glencore.com
•
Веб-сайт: «Бұзушылықтар туралы ақпарат
•
беру» формасы
www.glencore.com/raising-concerns/
бетінде
•
Телефон: компанияның ақпараттық
стендтерінде көрсетілген тегін
телефон нөмірлері.
Қосымша ақпарат алу үшін осы Кодекстің
«Басшыларды бұзушылықтар туралы
хабардар ету» бөлімін қараңыз.
Үшінші тұлғалар сұранысы
Гленкордың Корпоративтік әдеп кодексі
туралы қосымша ақпаратты алу үшін
мынадайі қызметкерлерге хабарласыңыздар:
Тұрақты даму
Михаэль Фарбах (Michael Fahrbach)
+41 41 709 2571
michael.fahrbach@glencore.com
Байланыс
Чарльз Ватенфул (Charles Watenphul)
+41 41 709 2462
charles.watenphul@glencore.com
Инвестормен байланыс
Пол Смит (Paul Smith)
+41 41 709 2487
paul.smith@glencore.com
www.glencore.com
Байланыс мәліметтері
22
www.glencore.com
Corporate Practice
Достарыңызбен бөлісу: |