Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43

69 
 
өнімнің  құны  қойдың  сол  тобын  немесе  түрін  бағып-ұстауға  жұмсалынған  жалпы  шығын 
сомасынан шегеріліп тасталынады.  
Жаңадан  туылған  қозылардың  өзіндік  құны  етті-жүнді  және  жүнді-етті  бағытындағы 
негізгі  табын  шығынынан  10%,  романов  бағытындағы  негізгі  табын  шығынынан  –  12%, 
қарақөл бағытындағы негізгі табын шығынынан – 15% мөлшерімен анықталады.  
Бір  центнер  тірі  салмақ  өсімінің  өзіндік  құнын  -  тірі  салмақ  өсіміне  апарылған  тиісті 
шығын  сомасын  әрбір  қойдың  тобы  бойынша  (өлген  тірі  салмақ  өсімін  қоса)  жалпы  тірі 
салмақ өсімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Жас және үлкен топтағы қойлардың тірі 
салмақ  өсімі  -  жылдың  соңындағы  қойдың  тірі  салмағына  жыл  ішінде  шыққан  (жоғалған 
қойдың тірі салмағын қоса) қойлардың тірі салмағын қосып, одан төлдің және бордақылауға 
түскен қойдың тірі салмағы мен жылдың соңындағы қойдың тірі салмағын шегеру арқылы 
анықтайды. 
Бордақылаудағы  жас  және  үлкен  қойлардың  тірі  салмағының  өзіндік  құны  есепті 
жылда  өсіруге  және  бордақылауға  жұмсалған  шығындардан,  жыл  басындағы 
бордақылаудағы  қойлардың  құндарынан,  басқа  жақтан  және  негізгі  табыннан  түскен 
қойлардың құндарынан, сонымен қатар ағымдағы жылы алынған төлдің құнынан тұрады. Бір 
центнер  тірі  салмақтың  өзіндік  құнын  анықтау  үшін  алынған  соманы  тірі  салмақтың 
көлеміне  (жыл  соңындағы  тірі  салмақ  және  шыққан  қойдың  тірі  салмағына)  бөлу  арқылы 
анықтайды. 
Бір  центнер  тірі  салмақтың  өзіндік  құны  арқылы  шыққан  қой  басы  (сатылған,  басқа 
топтарға  ауыстырылған,  шаруашылықта  сойылғандардың,  табиғи  апат  немесе  кінәлі 
тұлғалардың  салдарынан  өлген,  жоғалғандардың)  бағаланады.  Сонымен  қатар,  қой 
шаруашылығында  тірі  салмақ  өсімі  және  тағы  басқа  да  өнімнің  өзіндік  құнын  анықтаумен 
қатар,  шыққан  малдың  (сатылған,  негізгі  табынға  ауыстырылған)  және  есепті  жылдың 
соңындағы тірі салмақтың өзіндік құнын да анықтайды. Әрбір малдың түрлері бойынша тірі 
салмақ өсімінің нақты өзіндік құнына жас және кәрі малдың өлімі бойынша (кінәлі тұлғадан 
қайтарылатын  және  эпидемиялық  аурулардан  және  төтенше  жағдайлардан  жоғалтуларды 
қоспағанда)  жоғалтулар  қосылады.  Эпидемиялық  аурулардан  және  төтенше  жағдайлардың 
салдарынан жас және кәрі малдардың жоғалтулары қаржылық нәтижеге апарылады. 
Қозыларды аналарынан айыру кезінде 1 ц тірі салмақ өсімінің өзіндік құны қозылардың 
туылған  сәтінде  жоғарыда  көрсетілген  нормалары  бойынша  шығындардан,  тірі  салмақ 
өсіміне  жұмсалған  шығындардан,  жыл  бойы  басқа  жақтан  алынған  қозылардың  құнынан 
және  аналықтан  айыру  кезіндегі  тірі  салмақтан  (өлген  қозылардың  тірі  салмақ  өсімін 
шегермей)  тұрады.  Жас  малдың  және  бордақылаудағы  қойлардың  1  ц  тірі  салмақ  өсімінің 
өзіндік  құны  жалпы  тәртіппен  анықталынады.  Қарақөл  қой  шаруашылығында  1  қарақөл 
терісінің  өзіндік  құнын  анықтау  үшін  барлық  шығындарды  (яғни,  қозының  құны,  сою 
шығындарын,  отарды  сою  пунктіне  дейін  жеткізу  шығындарын,  сою  пунктерін  ұстау 
шығындарын, теріні алғашқы өңдеу шығындарын қосып) терінің санына бөледі. 
Жүнді-етті  қой  шаруашылығынан  алынатын  өнімнің  өзіндік  құны  мынадай  тәртіппен 
анықталынады:  алдыменен  жалпы  шығын  сомасынан  жанама  өнімнің  құны  және  төлге 
апарылған  шығын  сомасы  (10  %)  шегеріліп,  қалған  шығын  сомасы  өнім  түрлері,  яғни  жүн 
мен тірі салмақ өсімі арасында сату бағасына пропорционалды түрде бөлінеді.  
Жүннің өзіндік құнын биязы, жартылай биязы, жартылай қылшықты және қылшықты 
деп  бөлу  арқылы  анықтайды.  Жүннің  осы  түрлері  арасында  шығындарды  жүнді  сату 
бағалары  бойынша  пропорционалды  жолмен  бөліп,  таратады.  Қой  шаруашылығынан 
алынған  жүн  және  тірі  салмақ  өсімінің  (еттің)  өзіндік  құнын  төмендегі  9-кесте  арқылы 
анықтап отырмыз. 
 
9 кесте - Қой шаруашылығы өнімінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау 
 
Көрсеткіштер 
Алын-
ған 
Орташа 
сату 
Сату 
бағасы 
Жалпы 
өнім 
Өнім 
түрлеріне 
Өнімнің 
бір 


70 
 
өнім 
көлемі 
бағасы, 
тг 
бойынша 
өнімнің 
жалпы 
құны, тг 
құнында-
ғы үлес 
салмақ, %
тиісті 
шығын 
сомасы, 
тг 
өлшеміні
ң өзіндік 
құны, тг 
Есепті 
жылы 
қойларды 
күтіп-
бағуға шығын, тг 
х 
х 
39645120 
х 
х 
х 
Жанама өнім құны, тг 
х 
х 
904970 
х 
х 
х 
Төлге 
апарылған 
шығын сомасы, (10%) 
тг 
х 
х 
3874015 
х 
х 
х 
Негізгі 
өнімге 
апарылған 
шығын 
сомасы, тг 
 
 
34866135 
х 
х 
х 
Алынған өнім: 
 
 
 
 
 
 
жүн, ц 
788 
13500 
10638000 
18,66 
6506021 
8256,37 
тірі  салмақ  өсімі  (ет), 
ц 
1145 
40500 
46372500 
81,34 
28360114 
24768,65 
төл, бас 
5607 
х 
х 
х 
3874015 
690,92 
Барлығы 
х 
х 
57010500 
100,0 
34866135 
х 
 
Шошқа шаруашылығы. Шошқа шаруашылығында калькуляциялау объектілері болып 
тірі  салмақ  өсімі  және  борқыланған,  өсірілген  шошқаның  тірілей  салмағы  саналады. 
Бордақыланған  және  өсірілген  шошқалар  бойынша  1  центнер  тірі  салмақ  өсімі  мен  тірілей 
салмақтың өзіндік құндары бордақылауға қойылған жас малдар мен ірі қара малдардың тірі 
салмақ өсімі мен тірілей салмақтақтарының өзіндік құндары сияқты анықталады.  
Жылқы  шаруашылығы.  Негізгі  табын  бойынша  –  алынған  төлдің,  жас  мал  бойынша 
мал  өсімінің  өзіндк  құны  және  марқайтылған  (сатылған,  негізгі  табынған  көшірілген  және 
одан  әрі  өсіруге  қалдырылған)  малдың  өзіндік  құны  анықталады.  Жама  өнімдер  –  түлеген 
жөн,  жал-құйрық  қылы,  тері  және  өлген  тай-құлынның  кәдеге  жаратылған  еті.  Туған 
кеізндегі құлын бие бағып-күтілген 60 жем-шөп күннің құнымен бағаланады. 
Атқорада ұсталған жағдайда сүт бағтында ұсталатын жылқы шаруашылығында негізгі 
өнім – қымыздың өзіндік құны биелер мен айғырларды бағып-күту жөніндегі шығындардың 
сомасы  (оның  ішінде  биені  сауу  мен  қымыз  ашыту  бойынша  шығындар)  арқылы 
анықталады.  Бұл  шығындардың  сомасынан  енесінен  айырылған  құлындардың,  биелер  мен 
айғырлар  жұмысының,  жанама  өнімдердің  құндары  шығарылып  тасталады.  Асыл  тұқымды 
емес құлындар – ет бағытындағы құлындардың бағасы бойынша, енесінен айырылған асыл 
тұқымды құлындар – тиісті тұқымдас бірінші класты екінші категориялы бір атқа белгіленіп, 
мүмкін  сатылу  бағасының  40  пайызы  мөлшерінде,  биелер  мен  айғырлар  жұмысының  құны 
жұмыс  атының  ат-күнінің  нақты  өзіндік  құны  бойынша;  жанама  өнім  мүмкін  сатылу 
бағалары бойынша бағаланады. 
Шаруашылықта  қымыз  өндірілмейтін  жағдайда  жылқыны  үйірлеп  өсірген  кезде 
биелер  мен  айғырларды  бағып-күту  бойынша  барлық  шығындар  (жанама  өнімнің  құнын 
қоспағанда) нақты алынған төлдің өзіндік құнына жатқызылады. Егер үйірлі жылқыдан төл 
мен қымыз алынса, биелер мен айғырларды бағып-күту бойынша шығындар жанама өнімнің 
құнын  шегер  отырып,  мынадай  коэффициенттерді  пайдалана  отырып  (жарамды  төлдің  1 
басы – 6; 1 центнер қымыз - 1) жарамды төл мен қымыз арасында таратылады. 
Асыл  тұқымды  жылқы  шаруашылығында  жас  малды  бағып-күтуге  жұмсалынған 
шығындар әрбір жас малға туылған жылы бойынша ашылатын талдамалық шоттар бойынша 
есепке алынады. Жыл аяғындағы нақты жұмсалынған шығындар (жанама өнім құнын шегере 
отырып)  өсірілген  әр  малдың  құнына  қосылады.  Асыл  тұқымды  жылқы  шаруашылығында 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау